ТӘжірибеге бағытталған оқытудың Өзектілігі және мәселелері



жүктеу 78.97 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі78.97 Kb.

ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУДЫҢ  

ӨЗЕКТІЛІГІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

                                                                О.Х. Мұхатова – тарих ғылымдарының  



                                                                докторы, дүние жүзі тарихы, тарихнама  

                                                                                             және деректану кафедрасының                                                                         

                                                                                             профессоры 

 

     Заманауи  қоғамдық  пікір  кеңестік  кезеңдегі  білім  беру  деңгейінің  жоғары  және 



мамандардың сапалы болғандығын айтады, өйткені оның тұғыры мықты,  ғылымилығы өзіне 

сәйкес  болатын.  Ал  қазіргі  білім  беру  жүйесі  одан  мүлде  басқа,  оның  талаптары  әлемдік 

өлшемдерге пара-пар. Сонымен қатар білім берудің кредиттік технологиясы іргелі білімнен 

жаңашыл  бағыттарға  өтуге,  кәсіби  қызметін  дербес  жүргізе  алу  қабілетін  қалыптастыру 

мақсатын қойған. Себебі бұл білім беру жүйесі оқыту емес үйретуді көздейді. Жоғары білім 

беру үдерісі білім-машық-дағды деп аталатын дедуктивті үшемге негізделген. Республикада 

мамандықтар  бойынша  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттары  мен  білім  беру 

бағдарламаларында құзыреттілік жалпы білімділік, әлеуметтік-тұлғалық, экономикалық және 

ұйымдастыру-басқару,  кәсіптік  деп  бөлініп  көрсетілген.  Даярланып  отырған  болашақ 

маманның  толыққанды  жоғары  білікті,  өз  ісінің  білгірі  болып  қалыптасуы  осы 

құзыреттілікке  тікелей  байланысты.  Сондықтан  да  аталмыш  мәселе  қазіргі  уақытта 

мемлекеттік  маңызға  ие  түйіткіл  болып  отыр.  Құзыреттілік  дегеннің  өзі  белгілі  бір 

нәрселерді  үйреніп,  өз  бетінше  жасау,  жүзеге  асыру.  Қазақстанда  мамандықтар  бойынша 

жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттары  мен  білім  беру  бағдарламаларында  құзыреттілік 

жалпы  білімділік,  әлеуметтік-тұлғалық,  экономикалық  және  ұйымдастыру-басқару,  кәсіптік 

деп бөлініп көрсетілген. Дегенмен оқытушы білім беруде құзыреттілікті ескере бермейді, ал 

білім  алушы  тек  белгіленген  мөлшерде  балл  жинақтаумен  ғана  айналысады.  Оның  үстіне 

құзыреттілікке сәйкес білім берудің механизмдері толық іске қосылмаған. Үйрену үшін білім 

алушыға  теорияны  тәжірибемен  ұштастыру  қажеттілігі  туындайды.  Ұзақ  жылдар  бойы 

жастарға  білім  берсе  болғаны,  білімді    маман    қызмет  орнында  жетіліп,  өседі  деген  қағида 

орныққан.  Осындай  түсініктің  нәтижесінде  елде  дипломды  азаматтар  көбейді,  алайда 

экономика мен әлеуметтік қызмет көрсету салалары іргелі білімді тәжірибемен ұштастырған 

мамандарға  зәру  болып  қалды.Қазіргі  уақытта  қоғамның  көптеген  салаларында  жұмыс 

берушілер білімді әрі тәжірибеге бағытталған жоғары білікті мамандарды жұмыспен қамтуға 

мүдделі.  Елдің  үдемелі  инновациялық  индустрияландыруын,  жаңа  технологияларын,  сәтті 

шағын және орта бизнесін өркендету үшін бір ғана білім деңгейі жеткіліксіз. Жұмыс беруші 

жас маманды қызметке қабылдағаннан соң, біраз уақыт өткенде оған жасайтын ескертпелері 

көбееді.  Маманның  білімі  бар  да,  машығы  жоқ,  дағдысы  қалыптаспаған.  Оның дәлелі  2014 

жылы  Әлемдік  банк  посткеңестік    және  Батыстың  посиндустриалды  елдерінің  және  АҚШ-

тың жоғары оқу орнын бітірушілері арасында салыстырмалы зерттеу жүргізді. Нәтижесінде 

посткеңестік елдердің студенттері  «білу» және  «түсіну» критерийлері бойынша өте жоғары 

білім  деңгейін  көрсетті.  Керісінше  «білімді  тәжірибеде  қолдану»,  «талдау»,  «синтездеу», 

«бағалау» критерийлері бойынша өте төмен деңгейдегі білім деңгейіне қол жеткізді. Мұның 

өзі  өте  жоғары  емес  білім  деңгейін  пайдалана  отырып,  талдау,  жүйелеу,  шешім  қабылдау 

сияқты машықтары мен дағдыларын қолдануға болатындығын дәлелдеп берді. Айта кетерлік 

жайт,  қытай  халқында  «мен  естимін  және  ұмытып  қаламын,  көремін  де  есте  сақтаймын, 

жасаймын да түсінемін» деген мақал бар екен. Жоғары білімі бар студенттердің тәжірибеге 

келгенде  төмен  нәтиже  көрсетулері  қарама-қайшы  үдеріс  болып  шығуының  бірқатар 

себептері  бар:  біріншіден,  білімді,  қызыл,    дипломды  бакалавр  мамандығы  бойынша  біраз 

мәселені меңгерген, дегенмен тәжірибеге бағытталған құзыреттілігі жеткіліксіз, кейде тіптен 

жоқ,  өйткені  білім  беру  барысында  құзыреттіліктер  назардан  тыс  қалған;    екіншіден,  білім 

берудің кредиттік технологиясына сәйкес студент өз бетінше көп ізденіп, өздік жұмыстарды 

дербес  атқаруға  тиіс,  алайда  ол  оны  формалды  түрде  орындайды.  Болашақ  маманды  


құзыреттіліктерінен  гөрі,  жинақтайтын  баллдары  қызықтырады;  үшіншіден,  оқу  үдерісіне 

және  оқытуға  жұмыс  берушінің  көзқарасы  да  формалды.  Тіпті  кейбір  жағдайларда  оқу 

жұмыс  бағдарламалары  жұмыспен  қамтушының  сын  пікірінен  өткізілмейді,  екеуінің 

арасында алшақтық орнаған. Сондықтан да жас маман оның талаптарына жауап бере алмай 

жататын  жағдай  туындайды.  Жас  маман  қызмет  пен  жұмысқа  өзінің  қалауы  мен 

мүмкіндіктері  бойынша  қабылданатын  болғандықтан,  ол  тек  өзінің  білім  мен  білігіне  ғана 

сене алады. Алайда аталғандардан өзге оның тәжірибеге бағытталған білімі қоса болуы шарт. 

Себебі нарықтық экономиканың талаптары қатал, бәсекеге қабілетті еместер сәтті қызметкер 

болу үмітінен айрылады; төртіншіден, білім алу барысында дәріскердің бергені жеткіліксіз, 

өйткені  ол  тек  бағыт  береді,  ал  оны  тереңдету    білімгердің  өз  міндеті.  Ал  тәжірибеге 

бағытталған  білімді  ол  семинар,  практикалық  сабақтарда,  өзіндік  жұмыстарды  орындауда 

қалыптастыруы  қажет.  Студент  аталғандарды  дер  кезінде  орындай  бермейді,  оның  үстіне 

ағымдағы  және  қорытынды  білімді  бақылау  жазбаша  түрде  өткізілетіндіктен 

құзыреттіліктерді көрсететін мүмкіндіктері шектеулі; бесіншіден, ғаламда ақпараттар ағымы 

өте  қарқынды,  барлық  қажеттісін  алу  мүмкін  емес.Осыған  орай  Елбасы  «қазіргі  білім  беру 

жүйесінің алқалы міндеттерінің бірі сыни ойлау және ақпараттар ағымында бағыт таба білу 

қабілеті бар жастарды дайындауды күн тәртібіне» шығарып қойған. Бұл мәселеледе  әлі  де 

болса жетілдіретін тұстары жетерлік. 

     Жоғары білім беру жүйесінде тәжірибенің бірнеше түрлері бар, олар: оқу, өндірістік және 

диплом  алды.  Оқу  тәжірибесі  кезінде  студенттер  академиялық  типтегі  оқу-танымдық 

қызметті  меңгеріп,  маман  ретіндегі  әрекеттері  қалыптасып,    теориялық  мәселелер 

талқыланады. Өндірістік білім практикада алушы маман ретінде кәсіби қызмет  тәжірибесін 

жинақтайды. Ал диплом алды тәжірибеде белгілі бір ұйымның қызметі туралы көзқарастар 

қалыптасып,  бітіруші    оның  тиімділігін  арттыруға  байланысты  ұсыныстар  жасайды. 

Дегенмен  тәжірибенің  осындай  түрлері  бір  ұйымда  немесе  өндірісте  өткізілсе,  оның 

үзілмелігі  жойылып,  сапасы  жақсара  түседі.  Сондықтан  да  тәжірибені  өткізетін  орында 

таңдау  әрі  тауып  алу  аса  маңызды.  Кредиттік  технология  бойынша  оқытуда  ондай  орын 

жұмыс  берушінің  ұйымы  болуы  тиіс.  Сонда  ғана  теориялық  білім  тереңдейді  әрі  жұмыс 

беруші  практикантқа  өзінің  болашақ  маманы  немесе  маманның  резерві  ретінде  қарайтын 

болады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес және білімді дамытудың 

2005-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламсы бойынша жоғары білім беруде білім 

алушының тәжірибеден өтуіне қатаң талаптар қойылған. Тәжірибенің маңыздылығы жоғары 

білім  беру  стандарттарында  да  жіті  қадағаланған.  Осыған  орай  «пассивті»  және  «белсенді» 

тәжірибе  деген  ұғымдар  енгізілген.  Мұндай  ұғымдар  кеңестік  білім  беруде  де  орын  алған, 

дегенмен қазіргі уақытта ол жаңа мазмұнға ие. Осыған орай ҚазҰУ-да дайындалатын негізгі 

оқу  жоспарларында  мамандықтар  бойынша  тәжірибелерге  8-10  кредит  бөлінген.  Шет  елдік 

университеттердің  осы  бағыттағы  тәжірибесін  көрсететін  болсақ,  оларда  практикалық 

сабақтарға елу пайыз көлемінде сағаттар бөлінеді. Бұдан өзге креативті деп аталатын оқыту 

әдістері,  мәселен,  проблемалық,  проблемалық-бағыт  беру,  жобалар  дайындау    жиі 

қолданылады.  Семинар  сабақтарында  топпен  жұмыс  істеуге  баса  назар  аударылады. 

Оқытушыларының  көпшігі  тәжірибелі,  практик  мамандар  болып  келеді.  Алайда  мұндай 

ахуал  барлық  шет  елдік  жоғары  оқу  орындарына  тән  деп  айту  қиын.Қазақстанда,  соның 

ішінде  ҚазҰУ-да  да  тәжірибесі  мол  оқытушылар  жеткілікті,  дегенмен  тәжіибелерді 

ұйымдастыру мен өткізуде айтарлықтай кемшіліктер мен олқылықтар жоқ емес. Кезінде осы 

мәселеге  назар  аударылып,  көпшіліктің,  яғни  қатардағы  оқытушылардың  пікірлері 

тыңдалып, ұсыныстар  айтылған  еді, алайда  олар сөз жүзінде қалып қойды. Тәжірибелердің 

сапасы  мен  мазмұнының  діттеген  мақсатына  қол  жеткізе  алмай  отыруының  бір  себебі 

олардың көпшілігіне университет тарапынан қаржы бөлінбейтіндігінен. Тәжірибе өткізілетін 

орын, яғни өндіріс, мекеме, ұйым оған формалды түрде  қарайды. Жалпы нарық жағдайында 

ақы  төленбейтін  қызметтің  барлығына  дерлік  көзқарас  осындай.  Тағы  бір  себебі  оқу 

үдерісінде  оқытылатын  пәндер  тәжірибелік  сипатқа  ие  бола  бермейді.  Осы  орайда  көрші 

Ресей  Федерациясындағы  алдыңғы  қатарлы  оқу  орындарының  тәжірибесіне  көз  жүгіртсек, 



олар  білім  берудің  тәжірибелік    мүмкіндіктерін  кеңейткен.  Мысалы,  академиялық    және 

тәжірибеге  бағытталған  оқыту  әдістері  бір-бірімен  тығыз  байланыстырылған,  тәжірибелік 

сипаты  мен  мазмұны  бар  пәндер  көбейтілген.  Тарих,  археология  және  этнология 

факультетіндегі  «Мұрағаттану,  құжаттар  жүргізу  және  құжаттамалық  қамтамасыз  ету» 

мамандығы  бойынша  дайындалған  негізгі  оқу  жоспарында  сондай  пәндер  баршылық, 

дегемен оларды оқытуда әлі болса теориялық мәселелерге баса назар аударылған. Мәселен, 

«Құжаттармен  жұмыс  істеудің  әдістемесі  мен  технологиясы»,  «Мұрағаттануға  және 

құжаттануға  кіріспе»,  «Құжаттамалық  қамтамасыз  етуді  басқаруды  ұйымдастыру  және 

технологиясы»  деген  базалық  және  кәсіби,  «Референт-хатшының  жұмысын  ұйымдастыру», 

«Сирек қорлар құжаттарымен жұмыс істеу әдістемесі» таңдау пәндерді оқытуда практикалық 

сабақтар  басымдылық  танытулары  тиіс.  Осыған  орай  дәстүрлі  сабақ  беретін  оқытушының 

орнына  жұмыс  берушінің  мекемесінен  немесе  өндіріс  орнындағы  практик-маманның  сабақ 

өткені  ұтымды  болар  еді.  Осы  турасында  айта  кетерлік  жайт,  аталған  мамандық  бойынша 

тәжірибелер  көбінесе  архивтерде  немесе  мекемелер  мен  ұйымдарда  (соңғы  жылдары 

төтенше  жағдайлар  департаменттерінде)  өткізіліп  жүр.  Негізінен  оқу,  өндірістік,  диплом 

алды  практикаларын  Қазақстан  Республикасы  Орталық  мемлекеттік  архивінде,  Қазақстан 

Республикасының Президенті архивінде өткізу дәстүрге айналған. Бұл архивтермен келісім-

шарттар  да  жасалған.  Дегенмен  тәжірибелердің  ұйымдастырылуы  мен  өткізілуі  әлі  болса 

кредиттік  технология  талаптарына  толық  жауап  бере  алмайды.  Басты  себеп  жоғарыда 

айтылғандай,  тәжірибе  өткізілетін  орынға  қаржының  бөлінбеуі.  Осы  орайда  практиканы 

ҚазҰУ-дың  архивінде  өткізу  мәселесі  шешілген.  Бұл  архив  ведомстволық  болғандықтан, 

оның  қызметі  мен  құрылымында,  қорларының  мазмұнында  айтарлықтай  айырмашылықтар 

бар.  Болашақ  маманның  ведомстволық  архивтен  өзге  мемлекеттік  архивтердің  қызметімен, 

құрылымымен  таныс  болғаны  абзал.  Студент  архивке  өзбетімен  бара  алады,  алайда  ол  тек 

оқу  залынан  ғана  қайтады,  оның  «өмірін»  толық    тануға  мүмкіндік  шектеулі.  Мұндай 

мүмкіндік  практика  кезінде  немесе  оқу  үдерісінде  ғана  туылады.  Сондықтан  да  тәжірибені 

ұйымдастыру  мен  өткізуге  мемлекеттік  архивтер  қызметкерлері  тартылса,  оларға  сол  үшін 

оқытушыға бөлінетіндей кредиттер берілсе (мысалы, 0,25 жүктеме), еңбегіне ақы төленетін 

болса, практикалар формалды емес, шынайы әрі жоғары білікті маман дайындау бағытында 

жүзеге  асырылар  еді.  Себебі  «Мұрағаттану,  құжаттар  жүргізу  және  құжаттамамен 

қамтамасыз  ету»  мамандығы  бойынша  білім  беру  бағдарламасы  білім  беру,  мемлекеттік, 

мемлекеттік емес ұйымдарда, мәдени-әлеуметтік салаларда, мемлекеттік және ведомстволық 

мұрағаттарда,  сондай-ақ  ғылыми-зерттеу  және  жоғарғы  оқу  орындарында  құжаттамамен 

қамтамасыз  етуді  басқару  қызметіне  қажетті  жоғары  білікті  мамандарды  дайындауға 

бағытталған.  Бағдарламаның  мақсаты  -  мұрағаттану,  құжаттану  және  археография 

салаларына  қажетті  мұрағаттанудың,  құжаттанудың  және  құжаттаманы  басқарудың 

теориялық  мәселелерін  талдау  және  тарихи  деректерді  жариялау,  теориялық, 

методологиялық, тәжірибелік деңгейлерде зерттеу жүргізе алатын, кәсіби қызмет саласында 

отандық,  шет  елдік  озық  тәжірибені  меңгерген,  құжаттармен  жұмысты  реттеуді 

ұйымдастыратын жергілікті нормативтік актілерді, құжаттық ақпарттың жіктемесін, мұрағат 

құжаттарын  жинақ  ретінде  жарияланымға  дайындауға  қатысу  қабілеті  бар  мамандарды 

даярлау болып табылады. Осыған орай жоғарыда аталған пәндерді жүргізуге жұмыс беруші 

мекемелердің  жоғары  білікті  мамандарын,  яғни  практиктерін  шақырса,  білім  беру  мен 

тәжірибеден өтудің арасында интеграция орнатылып, сапа ғана емес, кәсіби қызметке даяр, 

бәсекеге  қабілетті  бітірушілер  қалыптасар  еді.  Сонымен  қатар  тәжірибеге  бағытталған 

оқытуға  жағдай  жасау  үшін  ұйымдық-педагогикалық  шарттар  қажет.  Оны  мынадай  кесте 

арқылы көрсетуге болады: 

 

тәжірибеге  бағытталған 



білім  беру  ортасының 

параметрлері 

Тәжірибеге  бағытталған  білім  беру  ортасын  дамытуға  арналған  

параметрлерді көтеру шарттары  

білім  беру  ортасының  әлеуметтік жұптасудың механизмдері:  


кеңдігі 

- кәсіби бағытталған өндіріс орындарына саяхат;  

-  білім  алушылар  мен  оқытушылар  үшін  тағлымдама  алаңын 

қалыптастыру;   

-  білім  алушылар  мен  оқытушылардың  екі  жақты  алмасу 

бағдарламаларын дамыту;  

-  жұмыс  берушілермен  қарым-қатынастарды  ұйымдастыру, 

әңгіме,  дөңгелек  үстел,  пікір-талас,  конференция,  семинар, 

шеберлік кластарын өткізу;  

кәсіби  қызмет  пен  соған  бағытталған  дағдыларды 



қалыптастыратын клубкар ұйымдастыру

-  тәжірибе  сабақтарын  өткізетін  заманауи  зертханалар  мен 

кабинеттерді жабдықтау  

білім  беру  ортасының 

интенсивтілігі  

оқытушылардың  тәжірибеге  бағытталған  білімінің  түрлері  мен 

әдістері; 

-  жоғары  білікті  мамандардың  оқытушылармен  оқу-әдістемелік 

жұмыстарын жүргізуі  

білім  беру  ортасының 

шешімі  

профессор-оқытушылар 



құрамының 

білім 


беру 

стратегиясының  және  бағдарламаларының,  тұжырымдама- 

ларының  мәні мен маңызын түсінуі және қолдауы 

білім  беру  ортасының 

келісілуі (когеренттілігі)

 

 



-  бітірушінің  ары  қарай  оқуын  жалғастыруына  немесе  жұмысқа 

тұруына көмектесуді ұйымдастыру;  

-  жұмыспен  қамтушының  талаптарына  сәйкес  мамандарды 

дайындау;  

-  білім  алушының  бойында  өз  бетінше  кәсіби  қызметін  жүргізе 

алу қасиеттері мен қабілетін қалыптастыру   

білім  беру  ортасының 

белсенділігі  

-  білім  беру  және  алу  жетістіктерін  бақылау,  бағалауды 

ұйымдастыру; 

- бітірушілердің бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету 

білім  беру  ортасының 

ұтқырлығы  

-  жұмыс  берушінің  талаптарына  орай  оқу  жұмыс  жоспарларын 

өзгерту;  

-  оқытушылардың  тәжірибеге  бағытталған  оқытудың  заманауи 

технологиялары бойынша оқытуын ұйымдастыру;  

-  оқытушылардың  біліктерін  арттыруы  және  кәсіптік  бағдарын 

өзгертуі;    

-  оқу  үдерісінің  заманауи  көрнекі  құралдармен  қамтамасыз 

етілуі.  

 

       Кестеден  көрініп  тұрғандай,  айтылғандарды  жүзеге  асыру  үшін  тиімді  факторларды 



пайдаланып, тиімсізін болдырмауға тырысу қажет.  Тиімді факторлар ҚазҰУ-да орын алған, 

сонымен  қатар  тәжірибеге  бағытталған  оқытуға  кері  әсерін  тигізетіндері  де  бар.  Тиімсіз 

факторларға  жататындар:  білім  беру  орнының  әлеуметтік  жұптармен  нашар  байланыс 

орнатуы;  оқытушылардың  жаңа  технологияларды  елемеуі;    білім  беру  орнының  қаржылық 

мүмкіндіктері, яғни тәжірибелерді нашар қаржыландыруы немесе мүлде қаржыландырмауы; 

кафедраларда  оқытушылар  жүктемесінің,  яғни  сағаттардың  дұрыс  бөлінбеуі;    жұмыс 

берушілерді  түрлі  жобалар  мен  ғылыми  ізденістерге  араластырмау.  Аталған  мамандық 

бойынша да осындай кемшіліктер белең алады. 

     Айтылғандарды  түйіндей  келе,  тәжірибеге  бағытталған  білім  беруді  жолға  қойып,  оны 

тереңдетуге  мына  төмендегі  мәселелерді  көмегімен    жетілдіруге  болады  деп  есептейміз: 

біріншіден,  міндетті  жалпы  білімдік    пәндер  мамандықтың  кәсіби  бағытына  сәйкес 

белгіленуі  тиіс;  екіншіден,  міндетті  базалық  пәндер  мамандықтың  тұғырнамасына 

байланысты анықталып, болашақ маманның маман ретінде қалыптасуына ықпал етуі қажет; 

үшіншіден, міндетті кәсіби пәндер бітіруші түлектің кәсіби қызметті өз бетімен жүргізе алу 



қабілетін  қалыптастырып,  шыңдауға  арналуы  керек;  төртіншіден,  пәндерді  оқытуда 

тәжірибеге бағытталған әдістеме, соның ішінде әдістер жиі қолданылғаны абзал; бесіншіден, 

айтылғандарға байланысты білім беру стандарттарын құрастыруда осы циклдердің пәндерін 

және оларға бөлінетін кредит сандарын  анықтауда жұмыс берушілердің пікірлерін ескеріп, 

солардың өздерін маман даярлауға тартқан жөн; алтыншыдан, білім беру бағдарламасы мен 

оқу  жұмыс  жоспарында  тәжірибелерге  бөлінетін  кредит  сандарының  көбейтілгені  дұрыс 

және  олардың  өткізілуі    ұтымды  ұйымдастырылып,  негізінен  жұмыс  беруші  мен  оқу 

орнының  арасында  жасалған  келісім  шарттарға  сәйкес  болғаны  абзал.  Сонда  тәжірибеден 

өтушінің де, келешекте жұмысқа қабылдаушының да жауапкершілігі артары сөзсіз. 

     Осылайша,  қазіргі  уақытта  жоғары  оқу  орындарында  тәжірибеге  бағытталған  оқыту 

шындығында  да  өзекті  болып  тұр.  Заманауи  білім  беру  оның  нәтижесімен  тікелей 

байланысты, өйткені  бітіруші  алған білім бойынша мамандығына сәйкес қызметпен немесе 

жұмыспен  қамтылуы  тиіс.  Ол  үшін  дәстүрлі  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  жеткіліксіз. 

Тәжірибеге  бағытталған  оқытуды  іске  асыру  үшін  тек  оқу  бағдарламалары  ғана  емес 

оқулықтар, оқу, оқу-әдістемелік құралдары, оқытудың әдістемесі де  өзгертілуі тиіс.  

 

Әдебиеттер тізімі 

1  5В051500  –  Мұрағаттану,  құжатты  жүргізу  және  құжаттаманы  қамтамасыз  ету 

мамандығының  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарты 6.08.024-2009. 

2 5В051500 – Мұрағаттану, құжатты жүргізу және құжаттаманы қамтамасыз ету мамандығы 

бойынша бакалавриаттың негізгі оқу жоспары. – А: Қазақ университеті, 2015. 

3    ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы//  Егемен  Қазақстан  2014 

жыл 17 қаңтар. 

4  Морозова  Т.И.  Практико-ориентированные  технологии,  как  необходимое  условие 

творческого  развития  студентов//  Материалы  конференции-выставки  «Информационные 

технологии в образовании». – Ростов, 2013. – С.30-33. 

5

 

Аджимуллаева Р.А. Становление практико-ориентированных методов обучения в высшей 



школе [электронный ресурс]

  // 


http://cyberleninka.ru/article/n/stanovlenie-praktiko-orientirovannyh-

metodov-obucheniya-v-vysshey-shkole

 

 

РЕЗЮМЕ 



       В статье рассматриваются актуальность, сущность и значение практикоорентированного 

обучения.  Автор  излагает  историю  и  опыт  стран  применения  практикоорентированных 

компетенций.  Для  примера  берется  специальность  5В051500  –  Архивоведение, 

документоведение  и  документационное  обеспечение,    приводится  примеры  для  улучшения 

проведения  учебной,  производственной  и  преддипломной  практики.  Определяются 

некоторые  недостатки  при  организации  и  проведения  практик.  Автором  высказаны  своя 

точка  зрения  совершенствования  практикоорентированного  обучения  и  организации, 

проведения практик. 

     

                                                                      SUMMARY 



     The article discusses  the relevance of the essence and significance of practice-oriented 

training. 

The  author  describes  the  history  and  experience  of  the  application  praktikoorentirovannyh 

competencies.  For  example,  it  takes  a  special  5V051500  -  Аrchival,  records  management  and 

documentation  software,  provides  examples  for  improving  the  educational,  industrial  and  pre-

diploma  practice.  Identifies  some  shortcomings  in  the  organization  and  carrying  out  of  practices. 

The author made a point of view of improving praktikoorentirovannogo education and organization 

of practices. 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал