Технология және биоресурстар факультеті



жүктеу 0.68 Mb.

бет1/7
Дата30.01.2017
өлшемі0.68 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР ФАКУЛЬТЕТІ 

 

АКАДЕМИК Н.О.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ ФИЗИОЛОГИЯ, МОРФОЛОГИЯ 



ЖӘНЕ БИОХИМИЯ КАФЕДРАСЫ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ЗООЛОГИЯ 

 

пәнінің оқу-әдістемелік кешені 

(ПОӘК) 

 

5В120100– Ветеринариялық медицина

 

 

Күндізгі 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



АЛМАТЫ 2014 

 


                              Автор: Тасмағамбет А.Т., б.ғ.к., аға оқытушы 

Сағидолдина Ж.Е.  ассистент    а.ш.ғ. магистрі: 

 

 

 



 

 

 



 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу-

әдістемелік Кеңесі ұсынған (хаттама №4, 19 наурыз 2014 ж.) элективті пәндер каталогы  

негізінде құрастырылған. 

 

 

 



 

 

 



 

«Зоология»  оқу  –  әдістемелік  кешені  «Физиология,  морфология  және  биохимия» 

кафедрасының мәжілісінде талқыланды.  Хаттама № 1, «27» тамыз 2014 ж. 

 

 



 

                Кафедра меңгерушісі                                             Алданазаров С.С. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәннің  оқу  –  әдістемелік  кешені  «Технология  және  биоресурстар»  факультеті  оқу-

әдістемелік комиссиясының мәжілісінде  қаралып ұсынылды. 

Хаттама №1,  «29»  тамыз 2014 ж. 



 

 

ОӘК төрағасы/төрайымы                                                Бопебаева Л.    



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ 

МАЛ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 

КАФЕДРАСЫ 

 

 

 

 

                                                                                      «БЕКІТЕМІН» 

                                                                                             Оқу және оқу әдістемелік 

                                                                               жұмыс жөніндегі 

                                                                                        проректор, профессор 

                                                                                             ___________Самбетбаев А.А. 

                                                                                              «____»________2012 ж. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«5В120100 – Ветеринариялық медицина»  мамандығына  

арналған «Зоология» 

 

ПӘНІНІҢ 



ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

   Кредит саны 2 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2012 



«Зоология» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу-

әдістемелік  Кеңесі  ұсынған  (хаттама  №  ,      наурыз  2012  ж.)  элективті  пәндер  каталогы  

негізінде құрастырылған. 

 

 



 

 

Құрастырушы: Қайроллаев К.Қ., б.ғ.д., доцент 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Зоология» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы «Мал және балық шаруашылығы өнімдерін 

өндіру  технологиясы»  кафедрасының  отырысында  қаралды.  №  1  хаттама, 

«____»______________2012 ж. 

 

Кафедра меңгерушісі                                             Б.М.Махатов 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәннің  жұмыс  оқу  бағдарламасы  «Мал  шаруашылығы  технологиясы»  факультеті  оқу-

әдістемелік комиссиясының отырысында қаралып ұсынылды. 

 №___хаттама, «____»_______________2012 ж. 



 

 

ОӘК төрағасы/төрайымы                                                  Ж.С.Киркимбаева  



 

 

 



ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 

 

Кіріспе 



1 Клеткалы деңгейдегі жәндіктер немесе Қарапайымдылар (Protozoa) 

Зоология  пәні,  міндеттері.  Зоологияның  арнайы  пәндерге  бөлінуі.  Клеткалы 

деңгейдегі  жәндіктер  топтары,  олардың  өзара  байланысы,  құрылысы,  тіршілігі, 

экологиясы,  салыстырмалы  анатомиялық  ерекшеліктері.  Қарапайымдылардың  типтерге 

бөлінуі және шығу тегі. Қарапайымдылардың маңызы.  

1.1 Саркомастигофоралар  типі (Sarcomastigophora) 

Саркомастигофоралар типіне сипаттама және классификациясы 

Саркодалар класы  (Sarcodina). Құрылысы. Тіршілік ету тәсілі. Табиғатта еркін өмір 

сүретін және паразиттік тіршілік ететін түрлері. Саркодалардың класс тармақтарына және 

отрядтарға жіктелуі (тамыраяқтылар, сәулетәрізділер). 

Талшықтылар  класы  (Flagellata).  Тіршілік  ету  тәсілдері  мен  құрылысы, 

салыстырмалы  анатомиялық  ерекшеліктері.  Талшықтылар  класының  отрядтарға  бөлінуі 

мен негізгі өкілдері. Паразиттік талшықтылар.   

1. 2 Споралылар типі (Sporozoa) 

Споралылар типіне сипаттама. Споралылар типінің кластар мен отрядтарға жіктелуі. 

Паразиттік тіршілік етуіне байланысты құрылыс ерекшеліктері. Даму циклдары.  

1.3 Кірпікшелілер немесе инфузориялар типі (Ciliophora) 

Инфузориялар  класы  (Infusoria).  Қарапайымдылар  ішіндегі  дамудың  ең  жоғары 

сатысында  тұрған  кірпікшелілер  (инфузориялар)  өкілдерінің  тіршілік  ету  тәсілі  және 

құрылыс ерекшеліктері. Паразиттік инфузориялар, олардың маңызы. 

2 Көп клеткалы жануарлар (Metazoa) 

2.1 Ішек қуыстылар типі (Coelenterate)  

Ішек  қуыстыларға  жалпы  сипаттама.  Ішек  қуыстылардың  көбею  жолдары  және 

дамуы. Негізгі кластары: гидроидтар, сцифоидты медузалар, маржан полиптері. Құрылыс 

ерекшеліктері.  Колониальды  және  жеке  тіршілік  ететін  ішек  қуыстылар,  теңіз 

биоценозындағы маңызы. 

2.2 Жалпақ құрттар типі (Plathelminthes) 

Жалпақ    құрттар  типіне  сипаттама.  Дене  пішіні  мен  мөлшері,  тері-  ет  қапшығы,  ас 

қорыту  және  зәр  шығару  жүйесі  (протонефридиялар).  Нерв  жүйесі,  көбеюі  мен  дамуы. 

Жалпақ құрттардың класификациясы. 

Сорғыш  құрттар  класы  (Trematoda).  Паразиттік  тіршілік  етуіне  байланысты 

биологиясы  мен  құрылысындағы  ерекшеліктері.  Сорғыш  құрттардың  көбеюі  мен  даму 

жолдары,  олардың  аралық  иелері  және  ауыл  шаруашылық  малдарында  тудыратын 

аурулары. 

Таспа  құрттар  класы  (Cestoda).  Ересек  таспа  құрттардың  құрылысы  мен 

физиологиясы.  Көбеюі  мен  дамуы.  Личинка  сатысы  және  аралық  иелерінің  ауысуы. 

Лентецтер  мен  цепеньдер.  Таспа  құрттар  класының  маңызды  өкілдері,  олардың 

биологиясы және ауыл шаруашылық малдары мен адамдарда тудыратын аурулары. 

2.3 Алғашқы қуыстылар немесе жұмыр құрттар типі (Nemathelminthes) 

Жұмыр құрттар типіне сипаттама және классификациясы. Нерв, ас қорыту, бұлшық 

еттер  және  зәр  шығару  жүйелері  құрылысындағы  прогрессивтік  белгілер.  Типтің  негізгі 

кластары:  нағыз  жұмыр  құрттар  класы,  (Nematoda),  бауыр  кірпікшелі    құрттар  класы 

(Gastrotricha), коловраткалар класы (Rotatoria), тікенбас құрттар класы (Acanthocephala).  

Нағыз  жұмыр  құрттар  класы  (Nematoda).  Нағыз  жұмыр  құрттар  класы  өкілдерінің 

құрылыс  ерекшеліктері  мен  физиологиясы.  Жыныстық  диморфизм.  Жұмыр  құрттардың 

көбеюі  мен  дамуы.  Геогельминттер  мен  биогельминттер  туралы  түсінік.  Нағыз  жұмыр 

құрттардың  басты  өкілдері:  аскарида,  трихинелла,  ришта,  бидай  нематодтары.  Нағыз 

жұмыр құрттар үй малдарының, адам және ауыл шаруашылық өсімдіктерінің паразиттері. 



Гельминталогия  ғылымының  дамуына  академик  К.И.  Скрябиннің,  профессор  В.А. 

Догельдің және т.б. ғалымдардың сіңірген еңбектері. Жұмыр құрттардың филогениясы. 

2.4 Буылтық құрттар типі (Annelida) 

Дамудың жоғары сатысындағы құрттар ретінде сипаттама. Метамерия, целом қуысы, 

нерв,  қан  айналым,  зәр  шығару,  ас  қорыту  және  жыныс  жүйелерінің  құрылыс 

ерекшеліктері.  Буылтық  құрттардың  көбеюі,  дамуы.  Типтің  негізгі  кластары:  көп 

қылтанды құрттар, аз қылтанды құрттар, сүліктер. 

Көп  қылтанды  буылтық  құрттар  класы  (Polychaeta).  Олардың  құрылысындағы 

ерекшеліктері, көбеюі және тіршілік ету тәсілі. Көп қылтанды құрттардың маңызы. Теңіз 

жануарлары мен кәсіптік балықтардың қорегі ретіндегі рөлі. 

Аз  қылтанды  буылтық  құрттар  класы    (Oligochaeta).  Құрылысының  ерекшеліктері, 

көбеюі,  дамуы  және  тіршілік  ету  тәсілі.  Олардың  топырақ  құнарлылығын  арттырудағы 

және ауыл шаруашылық малдары гельминттерінің аралық иесі ретіндегі маңызы. 

Сүліктер  класы    (Hirudinea).  Тіршілік  ету  тәсіліне  қарай  құрылысындағы  көзге 

түсетін  ерекшеліктері.  Сүліктердің  медицинадағы  маңызы.  Буылтық  құрттар  тарихын 

зерттеуде  И.И.  Мечников,  А.О.  Ковалевский,  К.А.  Ливанов  еңбектерінің  маңызы. 

Буылтық құрттардың филогениясы. 

2.5 Буынаяқтылар типі (Arthropoda) 

Құрылысындағы  жалпы  ерекшеліктері,  экологиясы  және  тіршілік  ету  тәсіліне 

байланысты  дамуы.  Ветеринария  мен  ауыл  шаруашылығы  үшін  олардың  маңызы. 

Буынаяқтылардың классификациясы. 

Желбезек тыныстылар тип тармағы (Branchiata). Шаян  тәрізділер класы (Crustacea). 

Шаян  тәрізділердің  экологиясы  мен  құрылысы,  классификациясы.  Үй  малдарына 

гельминтоз  ауруларын  таратуда  шаян  тәрізділердің  рөлі,  балықтарға  қорек  ретінде  шаян 

тәрізділердің  маңызы.  Төменгі  және  жоғарғы  сатыдағы  шаян  тәрізділердің  өзара 

айырмашылығы. Шаян тәрізділердің табиғаттағы маңызы. 

Хелицералылар  тип  тармағы  (Chelicerata).  Өрмекшітәрізділер  класы    (Arachnida). 

Өрмекшітәрізділердің  құрылысындағы  ерекшеліктері,  көбеюі,  дамуы  және  экологиясы. 

Өрмекшітәрізділердің  негізгі  отрядтары  (құршаяндар,  өрмекшілер,  кенелер).  Кенелер 

жұқпалы  ауруларды  қоздырушылар  және  таратушылар.  Топырақ  кенклерінің 

гельминттерді таратудағы маңызы.  Кенелерді зерттеудегі академик Е.Н. Павловский, В.Л. 

Якимов, И.Г. Галузо еңбектерінің маңызы.  

Трахеялылар  немесе  кеңірдек  тыныстылар  тип  тармағы  (Tracheata).  Насекомдар 

класы  (Insecta).  Насекомдар  -  буынаяқтылар  ішіндегі  ең  дамыған  жоғарғы  класс.  

Насекомдардың көптүрлілігі.  Насекомдардың көбеюі мен дамуы. Шала түрленіп дамуы. 

Толық  түрленіп  дамуы.  Насекомдардың  отрядтарға  бөлінуі.  Қанатты    насекомдардың 

негізгі  өкілдері.  Насекомдардың  табиғаттағы  және  халық  шаруашылығындағы  маңызы. 

Ара  шаруашылығы.  Жібек  шаруашылығы.  Насекомдар  -  адамдар  мен  жануарлар 

ауруларының  тасымалдаушылары  және  қоздырғыштары.  Насекомдар  -  ауыл 

шаруашылығы 

дақылдары, 

шабындықтар 

мен 

жайылымдардың 



зиянкестері. 

Насекомдармен    күресудің  негізгі  әдістері  (механикалық,  химиялық,  агротехникалық, 

биологиялық шаралар). Буынаяқтылардың шығу тегі. 

2.6 Моллюскалар немесе былқылдақ денелілер типі (Mollusca) 

Типке  жалпы  сипаттама,  олардың  құрылысы,  филогениясы,  көбеюі,  дамуы, 

эколгиялық  ерекшеліктері.  Олардың  кластарға  бөлінуі  (бауыраяқтылар,  қосжақтаулылар, 

басаяқтылар). 

Бауыраяқты  моллюскалар  класы  (Gastropoda).  Бауыраяқтылардың  құрылысындағы, 

көбеюіндегі,  дамуындағы,  экологиясындағы  ерекшеліктер  және  олардың  маңызы  (өкілі  - 

ұлулар).  Моллюскалар  -  паразиттік  құрттардың  аралық  иесі.  Ауыл  шаруашылығына 

тигізетін зияны.  


Қосжақтаулы  моллюскалар  класы  (Bivalvia).  Қосжақтаулылардың  құрылысы, 

экологиялық  ерекшеліктері  (өкілі  -  айқұлақ).  Олардың  көбеюі  және  дамуы.  Негізгі 

өкілдері, олардың табиғаттағы маңызы. 

Басаяқты  моллюскалар  класы    (Cephalopoda).  Моллюскалардың  ішіндегі  ең  жоғары 

сатыда  тұратын  басаяқты  моллюскалар  туралы  түсінік  (өкілі  -  сегізаяқтылар).  Теңіздер 

мен мұхиттардағы моллюскалар – адамзаттың азық қоры.  

2.7 Хордалылар типі (Chordata) 

Жануарлар  дүниесіндегі  ең  күрделі  дәрежеге  қалай  жеткендігін  көрсететін 

хордалылардың прогрессивтік сипаты. Хордалылардың тип тармақтарына бөлінуі. 

Личинка  хордалылар  тип  тармағы    (Urochordata).  Тип  тармағына  жалпы  сипаттама. 

Өкілдері: асцидиялар, сльпылар, аппендикуляриялар. 

Бас  сүйексіздер  тип  тармағы  (Acrania).  Тип  тармағына  сипаттама.  Ланцетниктің 

құрылыс ерекшеліктері. 

Бас  сүйектілер  (Craniata)  немесе  омыртқалылар  тип  тармағы  (Vertebrata). 

Омыртқалылардың жоғарғы сатыдағы дамыған белгілері және олардың шығу тегі. Тірек – 

қимыл,  тыныс  алуы,  қан  айналу,  зәр  шығару,  көбею,  нерв  жүйесі  және  сезім  мүшелері 

эволюциясы. Анамния және амниота. Омыртқалылардың кластарға бөлінуі. 

Дөңгелек  ауыздылар  класы    (Cyclostomata).  Жақ  сүйексіздер  -  ең  төменгі  сатыдағы 

омыртқалы  жануарлар.  Миногалар,  миксиналар.  Құрылысы,  тіршілік  тәсілі. 

Омыртқалылардың эволюциясын түсінуге дөңгелек ауыздылардың маңызы.  

Шеміршекті  балықтар  класы    (Chondrichthyes).  Тақта  желбезектілердің  өкілі  акула 

мен  скатты  мысалға  ала  отырып,  олардың  дене  құрылысындағы  қарапайымдылық  және 

пргрессивтік белгілерін сипаттау. 

Сүйекті  балықтар  класы  (Osteichthyes).  Дене  құрылысындағы  көзге  түсетін  ерекше 

белгілері  және  негізгі  класс  тармақтары  (шеміршек  -  сүйектілер,  сәулелі  қанатты,  қос 

тынысты,  саусақ  қанатты  балықтар).  Класс  тармақтарының  негізгі  өкілдері  және  оларға 

сипаттма. Кәсіптік маңызы бар балықтар. Балықтардың шығу тегі.  

Қос  мекенділер  немесе  амфибиялар  класы  (Amphibia).  Қос  мекенділердің  тіршілік 

ортасының  құрлыққа  ауысуына  байланысты  дене  құрылысындағы  ерекшеліктер.    Қос 

мекенділердің  көбеюі  мен  дамуы.  Қазіргі  қос  мекенділердің  отрядтары  және  олардың 

маңызы. Қос мекенділердің шығу тегі. 

Бауырмен 

жорғалаушылар 

немесе 


рептилилер 

(Reptilia). 

Бауырмен 

жорғалаушылардың  дене  құрылыс  ерекшеліктері  мен  құрлыққа  шыққан  омыртқалы 

жануарлар 

ретінде 


олардың 

экологиясындағы 

өзгешеліктер. 

Тасбақа 


мен 

қабыршақтыларға  сипаттама,  оларды  отрядтарға  бөлу,  негізгі  өкілдері.  Қолтырауындар, 

олардың құрылысы мен биологиясындағы ерекшеліктер. Бауырмен жорғалаушылар дәрі-

дәрмек жасауда шикізат көзі (жыланның уы) және олардың биоценоздағы маңызы. Сирек 

кездесетін түрлерін қорғау. 

Құстар класы (Aves). Құстардың құрылысы және ұшуға бейімделу қабілеті. Көбеюі. 

Жыл  маусымдарына  қарай  жыл  құстарының  қоныс  аударуы.  Құстардың  класс 

тармақтарына,  отрядтарға  бөлінуі.  Құстардың  зиянкес  насекомдар  мен  кеміргіштерді 

құртудағы маңызы. Үй құстарының шығу тегі. Кәсіптік маңызы бар құстар. 

Сүт  қоректілер  класы  (Mammalia).  Омыртқалы  жануарлар  ішіндегі  жоғары  сатыда 

тұратын  топ  -  сүт  қоректілер.  Олардың  ми  құрылысындағы,  мінез-құлқындағы 

ерекшеліктер.  Көбею  және  даму  ерекшеліктері.  Сүт  қоректілердің  класс  тармақтарына 

бөлінуі.  Жұмыртқа  салушы  сүт  қоректілер  немесе  алғашқы  аңдар  класс  тармағы 

(Prototheria).  Географиалық  таралуы  мен  негізгі  ерекшеліктері.  Үйректұмсық  және 

ехидналар.  Қалталы  сүт  қоректілер  немесе  төменгі  сатыдағы  аңдар  класс  тармағы 

(Metatheria).  Олардың  негізгі  ерекшеліктері  және  географиялық  таралуы.  Кенгуру, 

қалталы  аю,  опоссум,  қалталы  қасқыр  және  т.б.  Олардың  маңызы.  Плаценталылар 

(Placentalia)  немесе  жоғары  сатыда  дамыған  аңдар  класс  тармағы  (Eutheria).  Плаценталы 

сүтқоректілер - ең жоғарғы сатыдағы  дамыған жануарлар. Олардың негізгі белгілері мен 


негізгі  отрядтары  (насеком  қоректілер,  қолқанаттылар,  кеміргіштер,  қоян  тәрізділер, 

жыртқыштар,  тақтұяқтылар,  жұптұяқтылар,  көн  табандылар,  кит  тәрізділер,  ескек 

аяқтылар,  маймылдар  немесе  приматтар).  Аңшылық-кәсіптік  сүт  қоректілер. 

Кеміргіштердің  эпидемиологиялық  және  эпизоотологиялық  маңызы.  Үй  малдарының 

шығу  тегі.  Мал  шаруашылығында  малдарды  өсіру  мен  асылдандыру  ісіне  жабайы 

аңдардың тигізетін пайдасы. Терісі бағалы аңдарды, үй қоянын және марал өсіру. Сирек 

кездесетін  жануарларды  қорғау.  Қазақстанның  Қызыл  Кітабы.  Қорықтар,  заказниктер, 

ұлттық парктер т.б. 

 

Ұсынылатын лабораториялық сабақтардың тақырыптары 



1  Биологиялық  микроскоптың  құрылысымен  танысу.  Жалған  аяқтылардың  (амеба 

протей) жүйесі мен құрылысы. 

2  Талшықтылардың  (жасыл  эвглена  және  вольвокс)  жүйесі  мен  құрылысы. 

Паразиттік түрлері. 

3  Споралылардың  (қоян  кокцидиясы  мен  безгек  плазмодиясы)  жүйесі  мен  даму 

сатысы. 


4 Инфузориялардың (инфузория - кебісше) жүйесі мен құрылысы. 

5 Ішек қуыстылардың (тұщы су гидрасы) жүйесі мен құрылысы. 

6 Сорғыш құрттардың (бауыр сорғыш) жүйесі, құрылысы, даму сатылары. 

7  таспа  құрттардың  (лентецтер,  цепеньдер)  жүйесі,  құрылысы,  даму  сатылары. 

Финналар, олардың түрлері. 

8 Жұмыр құрттардың (аскарида) жүйесі, құрылысы, даму сатылары. 

9  Насекомдардың  (бал  арасы)  жүйесі,  құрылысы,  даму  сатылары,  тіршілік 

ерекшеліктері. 

10  Моллюскалар  немесе  былқылдақ  денелілер  типі.  Айқұлақтың  сыртқы  және  ішкі 

құрылысын зерттеу. 

11 Шеміршекті балықтар класы. Өкілдерімен танысу. 

12  Қос  мекенділердің  (көл  бақа)  жүйесі,  ішкі  және  сыртқы  құрылысы,  даму 

ерекшеліктері. 

13  Бауырымен  жорғалаушылардың  (жүйрік  кесіртке)  жүйесі,  ішкі  және  сыртқы 

құрылысы, даму ерекшеліктері. 

14  Құстардың  (көк  көгершін)  жүйесі,  ішкі  және  сыртқы  құрылысы,  даму 

ерекшеліктері. 

15 Сүтқоректілердің (ақ егеуқұйрық) жүйесі, құрылысы, биологиясы. 

 

Ұсынылатын практикалық сабақтардың тақырыптары 



1 Губкалар типі. Губкалардың құрылысы мен практикалық маңызы. 

2 Жауын құртының сыртқы және ішкі құрылысын зерттеу. 

3  Буылтық  құрттардың  (сүліктер  және  нереидалар)  жүйесі,  құрылысы,  даму 

сатылары. 

4  Шаян  тәрізділердің  (өзен  шаяны)  жүйесі  мен  құрылысы.  Төменгі  және  жоғары 

сатыда дамыған шаян тәрізділер, олардың маңызы. 

5 Насекомдардың ауыз аппараттары мен мұртшаларының құрылысы және атқаратын 

қызметі. 

6  Буынаяқтылар  типі.  Насекомдар  класы.  Қоңыздар  отряды.  Зауза  қоңызының  ішкі 

және сыртқы құрылысымен танысу. 

7 Өрмекшітәрізділердің (құршаян, өрмекші, кене) жүйесі, құрылысы, даму сатылары. 

8 Моллюскалар типі. Бауыраяқты моолюскалар класы. Жүзім ұлуының сыртқы және 

ішкі құрылысын зерттеу. 

9 Ланцетниктің құрылысымен танысу. Даму ерекшеліктері. 

10 Өзен миногасының құрылысы. Дамуы мен тіршілік ерекшеліктері. 

11 Сүйекті балықтардың (өзен алабұғасы) жүйесі, ішкі және сыртқы құрылысы. 



12 Қазақстанның герпетофаунасы. 

13 Құстар қаңқасын зерттеу. 

14 Сүтқоректілерлің негізгі отрядтары және олардың көбеюі. 

15 Қазақстандағы омыртқалы жануарларды анықтау. 

 

Ұсынылатын өз бетінше орындалатын жұмыстардың тақырыптары 



1 Тірі және өлі табиғат туралы жалпы түсінік. Негізгі қасиеттері. 

2 Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының мәні. 

3  А.И.  Опариннің  «Тіршіліктің  жер  бетінде  пайда  болуы»  теориясының  негізгі 

қағидалары 

4 Қазақстан Республикасының қорықтары мен ұлттық парктері. 

5 Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабы. 

6 Жануарлар әлеміндегі симбиоздық. 

7 Тіршілік үшін күрес. 

 8 Омыртқасыз жануарларды қорғаудың негізгі проблемалары. 

9 Омыртқалы жануарларды қорғау. 

10  Құршаяндар  отряды  (Scorpiones).өкілдері.  Олардың  биологиясы  мен  құрылыс 

ерекшеліктері. 

11 Қарақұрт - улы өрмекші.  

12  Акариформды  кенелер  отряды  (Acariformes).  Олардың  ауыл  шаруашылығына 

тигізетін әсері. 

13 Паразитоформды кенелер отряды (Parasitoformes). 

14 Таракандар отряды. (Blattoidea). Олардың сипаттамасы. Күресу жолдары. 

15 Термиттер отряды (Isoptera). 

16 Биттер отряды (Anaplura). 

17 Қос қанаттылыр отряды. (Diptera). Олардың негізгі өкілдері. Зиянкестермен күресу 

жолдары. 

18 Бал арасының халық шаруашылығындағы маңызы. 

19 Ірі - қара малдың тері асты бөгелегі. 

20 Жылқылардың қарын бөгелегі. 

21 Бүргелер отряды.(Aphaniptera).  

22 Акулалар отрядүсті тармағы (Selachomorpha). Негізгі өкілдері. 

23 Бекіре тәрізділер отряды (Acipenseriformes). Негізгі өкілдері. Маңызы. 

24 Теңіз тасбақалары. 

25 Қазақстанда кездесетін улы жыландар. 

26 Теңіз жыландары  (Hydrophaidae). 

27 Хамелеондар отряды (Chamaeleonidae). Негізгі өкілдеріне сипаттама 

28 Нағыз крокодилдер  (Сrocodylidae). 

29 Жыртқыш құстар отряды. Негізгі өкілдері. 

30 Пайдалы орман құстары. 

31 Жыл құқстары. 

32 Қалталы сүтқоректілер. Негізгі өкілдері. Ерекшелік белгілері. 

33 Қолқанатты сүтқоректілер отряды. Вампир тұқымдасы.  

34    Приматтар  отрядына  сипаттама.  Олардың  басқа  сүтқоректілер  ортасынан  алатын 

орны. 

35 Кеміргіштер отряды. Олардың биологиясы мен дене құрылыс ерекшеліктері. Негізгі 



өкілдері. 

36 Қасқыр тұқымдасы. Биогеоценоздағы жыртқыштардың ролі.  

37 Мысықтар тұқымдасы. Ерекшелік белгілері.  

38  Жыртқыш  сүтқоректілердің  дене  құрылыс  ерекшеліктері  және  биологиясы. 

өкілдері.  

39 Тақтұяқты сүтқоректілердің дене құрылыс ерекшеліктері және биологиясы.  



40 Жұптұяқты сүтқоректілердің дене құрылыс ерекшеліктері және биологиясы. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 



1 Догель В.А. Зоология беспозвоночных. М., Высшая школа, 1981. 

2 Лукин Е.И. Зоология. М., Агропромиздат, 1989. 

3 Кузнецов Б.А., Чернов А.В., Катонова Л.Н. Курс зоологии. М., Агропромиздат, 1989. 

4 Наумов С.П. Зооология позвоночных. М., Просвещение, 1982. 

5  Наумов  С.П.  Омыртқалылар  зоологиясы  (қазақ  тілінде).  Аударған  Ш.Ғ.  Ибраев,  Т.Х. 

Күлтебаев. Алматы, 1970. 

6 Наумов Н.П., Карташов Н.Н. Зооология позвоночных. Часть 1,2. М., 1979. 

7. Түсіпова К.С. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-2 бөлім. Алматы, 1998-1999. 

8 Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-2 бөлім. Алматы, 2004-2005. 

9 Махмұтов С.М. Зоология. Алматы, 2006. 

10 Қазақстанның Қызыл Кітабы. 1. Омыртқалы жануарлар. Алматы, 1996. 



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал