Театр жобасы дайын



жүктеу 7.08 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі7.08 Kb.

ТЕАТР ЖОБАСЫ ДАЙЫН 

Өткен аптада талайдан бері әңгіме бо-

лып келе жатқан С.Сейфуллин атындағы 

қазақ драма театрдың жобасы мақұлда-

нып, мәселе оң шешілуге бет алды. 

Таңдауға ұсынылған 12 жобаның ішінен 

бағы жанғаны — қарағандылық сәулетші 

Қанат Мұсаевтың жобасы. 

Алайда, жоба мақұлданғанымен театр 

құрылысы бүгін-ертең басталып кетеді деп 

үміттенуге ерте сияқты. Себебі қазақ теат-

ры салынуға тиісті бұрынғы Жазға театр-

дың орны туралы дау әлі шешілген жоқ. 

Анығырақ айтқанда, қаланың ортысында, 

қандай нысан тұрғызсаң да оңтайлы бұл 

жерді осыдан екі жыл бұрын қалалық 

әкімдік алматылық «Алтын-Тараз» фирма-

сына сатып жіберген. Жақында экономика-

лық сот бұл келісімді заңсыз деп тапқан-ды. 

Бірақ, аталмыш фирма бұл шешіммен оп-

оңай келісе салғысы келіп отырған жоқ. Әлі 

де тиісті орындарға шағымдану, іздену 

үстінде. Қысқаша айтқанда бұл мәселе әлі 

мәреге жеткен жоқ. Сондықтан да әзірше 

бұл жерде ешқандай құрылыстың бастала-

тын түрі жоқ. 

Дау-дамай аяқталғанша сәулетші өз жо-

басының кем-кетігін оңдаумен айналысып 

жатыр. Атап айтқанда ол таңдаудан өткен 

жобаның сыртқы пішінін сол қалпында қал-

дырып, тек ішкі жобаларына өзгерістер ен-

гізбек көрнеді. Соның бірі, ғимарат сахна-

сының тек театрлық қана емес, балет қойы-

лымына да оңтайлы болуын қамтамасыз ету. 

Өз тілшімізден. 

Балқантау.-2006.-8 шілде.-2 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал