Таяуда Алматыда Теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ 30 елдің сауда министрлерінің төртінші кездесуі бол- ды. Шараға БҰҰ-ға мүше мемлекеттер, халықаралық



жүктеу 250.93 Kb.

бет1/3
Дата09.09.2017
өлшемі250.93 Kb.
  1   2   3

№10(115), қазан 2012

www.nap.kz



Таяуда  Алматыда  Теңізге  шығуға  мүмкіндігі  жоқ 

30  елдің  сауда  министрлерінің  төртінші  кездесуі  бол-

ды.  Шараға  БҰҰ-ға  мүше  мемлекеттер,  халықаралық 

ұйым мүшелері қатысты. Жиында әлемдік экономика-

да географиялық қолайсыз жағдайдағы елдердің толық 

бірігуіне  қол  жеткізу  мақсатында  халықаралық  сауда 

келіссөздерінде  негізгі  ұстанымды  айқындап,  теңізге 

шығуға мүмкіндігі жоқ елдердің сауда әлеуетін нығайту 

жайы талқыланды. 

және  көлік  кеңестерін  күшейту 

қажет.  Экономикалық  даму 

және  сауда  министрлігінің 

мамандарының 

айтуынша, 

бұл  кездесуі  әлемдік  саудада 

теңізге  шығуға  мүмкіндігі  жоқ 

елдердің  рөлін  арттырып,  бұл 

елдердің сауда-саттық, транзит, 

көліктік-логистикалық  әлеуетін 

арттыруға  мүмкіндік  береді. 

«Теңізге  шыға  алмайтын,  эко-

номикасы артта қалған елдердің 

дамуына  ықпалдастық  жасау 

үшін  БҰҰ  олардың  өз  өнімін 

теңіз  арқылы  өзге  елдердің 

нарығына  шығаруына  көмек 

көрсетуде.  Мұндай  кездесулер, 

конференциялар  бұл  елдерге 

инфрақұрылымдық  өзгерістер 

енгізіп,  кедендік,  әкімшілік 

кедергілерді жоюға әрекет жасау-

да», – деген болатын экс-министр 

Б.Сағынтаев.  Сонымен  бірге 

ол  ДСҰ-ға  кіру  Қазақстанның 

басым 

бағыттарының 



бірі 

екенін  атап  өтті.  «Алма-

ты  іс-қимыл  бағдарламасы 

қабылданғалы  бері  Қазақстан 

көлік 

және 


логистикалық 

инфрақұрылымды 

дамыту, 

жетілдіру  бағытында,  сондай-

ақ  халықаралық  сауданың  да-

муында  көптеген  кедергіні  ең-

серіп, айтарлықтай жұмыстарды 

атқарды. 

Қазақстан 

өзінің 


географиялық 

орны 


мен 

экономикалық  әлеуетіне,  та-

рихи  дәстүрлеріне  сай  әлемдік 

халық  шаруашылығы  жүйесі 

мен  ғаламдық  экономикалық 

процестердің 

халықаралық 

интеграциялауының  белсенді 

жақтаушысы болып табылады», 

– деді Б.Сағынтаев. 

Бүкіл әлемде теңізге шығуға 

мүмкіндігі  шектеулі  40  шақты 

елдің мәселесі бүгінде өзекті бо-

лып отыр. Оның ең көбі Африка, 

Еуропа мен Азияда орналасқан. 

Ал екеуі – Латын Америкасын-

да.  ТМД  елдері  ішінде  Арме-

ния, Әзірбайжан, Түрікменстан, 

Өзбекстан,  Қырғызстан  мен 

Тәжікстанның  теңізге  шығатын 

мүмкіндігі 

жоқ. 


Дегенмен 

Еуропадағы  теңізге  шыға  ал-

майтын 

елдердің 



дамушы 

емес,  дамыған  елдер.  БҰҰ-

ның  тақырыптық  жоспарына 

сәйкес,  бұл  кездесу  2014  жылы 

өткізілетін  теңізге  шығуға 

мүмкіндігі  жоқ  елдердің  Ал-

маты  іс-қимыл  бағдарламасын 

қарастыру  бойынша  10-ыншы 

жазғы конференцияға дайындық 

болғанын айтуға болады. 

Бағдарламаның 

басым 


бағыттары  –  ДСҰ-ға  даму-

шы  және  транзитті  елдердің 

шұғыл  кіру  бағдарламасында 

қарастырылған 

халықаралық 

сауданың 

дамуына 

ықпал 


ету,  дамушы  және  транзитті 

елдер  экспортының  барлық 

нарыққа енуін оңайлату, ДСҰ-да 

келіссөздер мен сауда процедура-

ларын  оңтайландыруға  жәрдем 

беру,  шекара  бекеттерінде  сау-

даны  жақсарту,  халықаралық 

келісімдер  мен  конвенциялар-

ды  тиімді  жүзеге  асыру,  жеке 

секторды  қосқанда  ірі  стейк-

холдерлер  (акционерлер)  үшін 

комитеттер  мен  ұлттық  сауда 



Нам ВИЯКЕТ, Лаос Өнеркәсіп және сауда министрі, Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдер 

тобының төрағасы:

 – Теңізге шыға алмайтын елдердің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі тауар айналымын өсіріп, 

әлеуетін арттырады. Қазір біз өз әлеуетімізді толық пайдалана алмай отырмыз. Көліктік тасымалда 

зор шығындарға ұрынып отырмыз. Сондықтан бұл шығынды азайтып, ғаламдық нарықтарға шығу 

үшін атқаратын жұмыстар әлі өте көп. Біз теңізге шыға алмай  тын елдерге өз мақсатымызға қол жеткізу 

үшін нақты әрекеттер жасауды ұсынамыз. Біздің дамушы елдер үшін зерттеу орталығын құруды жо-

спарлап отырмыз. Одан кейін барлық елді келісімді ратификациялауға шақыруды көздеудеміз.



Мануэл КАСЕРЕС, Парагвай Сыртқы істер министрлігінің экономикалық мәселелер жөніндегі 

вице-министрі: 

 – Осыдан 10 жыл бұрын Алматы іс-қимыл бағдарламасын қабылдаған болатынбыз. Бұл бағдарлама 

теңізге шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдердің алдағы өмірінде маңызды рөл атқарады деп ойлаймын. 

Бүгінгі тақырыптар біздің Парагвайда да кеңінен талқыланады және бізге жауапкершілік жүктейді. 

Біз әлі күнге дейін дағдарыс тың салқынын сезініп отырмыз, экономика саласында шектеулер мен 

қиындықтар  өте  көп.  Сол  себепті  де  әлемдік  нарыққа  еркін  қол  жеткізіп,  жан-жақты  сауда-сат-

тықты дамытуға мүдделіміз. Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер БҰҰ аясында бірлесіп, өздерінің 

экономикалық дамуы үшін қиындықтарды еңсеріп, кемшіліктермен күресуі тиіс. 

Гьян Чандра АЧАРЬЯ, БҰҰ бас хатшысының орынбасары:

 – Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер тасымал мәселесін шешіп, инфрақұрылымды жақсартуы, 

инвестициялауды  ынталандыруы  керек.  Бұл  арада  экспорттың  әркелкі  болмауы  әлемдік  нарыққа 

шығуға  қиындық  келтіріп  отыр.  Сондықтан  бізге  халықаралық  қауымдастықтың  қолдауы  керек. 

Халықаралық комитеттер теңізге шыға алмайтын елдердің әлеуетін қолдауға бағытталған белгілі 

бір бағдарлама қа былдауы қажет деп санаймын. Осының нәтижесінде ғана өз мақсатымызға жете 

аламыз. 

Оңтүсті  Қазақстан  облысындағы  индустриялды-инновациялық 

бағдарламаның  қалай  іске  асып  жатқанын  халыққа  жеткізу  үшін 

Асқар  Мырзахметовтің  бастамасымен  бір  топ  республикалық  газет-

тер мен телеарналардың журналистеріне пресс-тур ұйымдастырылды. 

Осы ретте журналистер облыс әкімі аппарат басшысының орынбаса-

ры – баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлидің өзі бастап жүрді.

Біздер  алдымен  Сайрам  ауданының 

«Тассай» ауылының  аумағында орналасқан 

«Эко-фарм интернейшнл» серіктестігіне ат 

басын бұрдық. Тассай ауылы – Шымкенттен 

«таяқ  тастам»  жерде  екен.  Кәсіпорынның 

басшылары  журналистер  қауымын  құшақ 

жая қарыс алды.  Медициналық жабдықтар 

шығаратын 

кәсіпорын 

болғандықтан 

мұнда тазалыққа аса мұқият қарайды екен. 

Аяққаптан бастап, шашымызға дейін сало-

фан  киіп,  жамылғымен  қымталып  барып, 

ішке ендік.

–  Біздің  кәсіпорынымызбен  бәсекеге 

түсе алатындай зауыт ТМД елдерінде жоқ.  

Инфузиялық ерітінділерді құюға арналған 

бір  рет  қолданылатын  жүйенің  жылына 

20 млн. данасын  шығарамыз. 5 млн. дана 

қан құюға арналған бір рет қолданылатын 

жүйе  дайындалады.  Бұдан  өзге  куско  ай-

насын,  фологей  катеторын,  тілге  арналған 

терапиялық  шпатель,  фольман  қасығын 

шығарамыз,  зәр  қабылдағыш  та  жасай-

мыз,  –  деді  кәсіпорынның  атқарушы  ди-

ректоры  Ғалымжан  Таласов.  Таяуда  ғана 

пайдалануға  берілген  зауыт  аталған 

өнімдерімен  Қазақстанды  қазірдің  өзінде 

толық  қамтамасыз  етіп  отыр.  Бұрын 

түгелдей  шет  елдерден  сатып  алынатын 

медициналық жабдықтар енді Шымкентте 

шығып жатыр. Кәсіпорынды іске қосқанға 

дейін  1  млрд  130  млн.  теңге  инвестиция 

құйылған.  Қазір  180  адам  жұмыс  істеуде. 

Өз  кезегінде  кәсіпорын  басшысы  медици-

на саласына қажетті дәрі-дәрмек шығаруға 

қажетті  шикізаттың  басым  бөлігін  сырт 

елдерден  экспорттайтынын  алға  тартты. 

Осы  ретте  біздер  сырттан  тасымлданадыт 

шикізат өнімдеріне Кедендік одақтың қалай 

әсер еткенін сұрадық. 

 – Шынын айту керек, біздің кәсіпорынға 

қажетті шикізат өнімінің көпшілігін біздер 

Кедендік  одақтан  тысқары  жатқан  елдер-

ден  тасымалдаймыз.  Сондықтан  үштік 

одақ  біздің  жұмысымызға  біршама  кері 

әсері  болғанын  жасырудың  жөні  жоқ. 

Бірақ біздер о баста осы кәсіпті бастағанда 

мұндай қиындықтардың болатынын біліп, 

оны  еспке  алдық.  Сондықтан  Кедендік 

одаққа  байланысты  туындағын  жайттар 

кәсіпорынның  ырғақты  жұмыс  істеуіне 

кесірін тигізген жоқ. Әңгіме басында біздің 

кәсіпорынның ТМД аумағында теңдесі жоқ 

екенін  айттық  қой.  Біз  осы  мүмкіндікті 

пайдалана  отырып,  өндірген  өнімімізді 

Кедендік одаққа мүше елдерге еркін сауда-

лап жатырмыз, – деді кәсіпорын басшысы. 

Бұдан  кейін  біздер  шыны,  құбыр,  ішімдік 

пен  сусындағы  түрлі  қақпақ  шығаратын 

және  көлік  двигетельдеріне  қажетті  май 

шығаратын  кәсіпорындардың  жұмысымен 

таныстық. Осы ретте біздер құбыр, қақпақ 

шығаратын кәсіпорындар өздеріне қажетті 

полителен  шикізатының  бәрін  Оңтүстік 

Кореядан 

тасымалдайтынын 

білдік. 

Шағын  зауыттағы  мамандар  Атыраудағы 

мұнай-химия  өндірісі  аяққа  тұрмайынша 

шикізатты  сырт  елдерден  тасымалдауға 

мәжбүр  екендерін  тілге  тиек  етті.  Қазіргі 

таңда  Маңғыстау  облысында  шығып 

жатқан полителен заттарының сапасы сын 

көтермейді.  Кәсіпкерлер  болашақта  бұл 

мәселенің оң шешемін табатына сенімді  


№10(115), қазан 2012

www.nap.kz



Таяуда Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының белсенді мүшесі «Алтын зерде» ательесінің иесі Пернегүл 

Абдуллаевамен тілдескенімізде, кәсіпкер бізге қазір сән әлемі мен жеңіл өнеркәсіп төңірегіндегі ойын ортаға 

салған болатын. Осы ретте қолы шебер бизнес-ледидің оралымды ойларын газетімізге жариялап, оқырман 

назарына ұсынып отырмыз. 

барысында  сахананы  қалай  безендіретінін 

сұрап,  біліп  алған  соң  ғана  іске  кірісеміз. 

Саханалық  киімді  тігу  ісі  осындай  үлкен 

қажырлы  еңбекті  қажет  етеді.  Өзім  бұл 

салада  ұзақ  жылдардан  бері  жұмыс  істеп 

келе  жатқандықтан  өнер  адамдарының 

киімін  тігуді  зор  тәжірибе  жинадым  деп 

нық сеніммен айта аламын. Қазір елімізде 

саханалық  киім  тігуге  маманданған 

саусақпен  санап  алатын  ателье  бар.  Олар 

«Сымбат»,  «Мақпал»,  «Ерке-Нұр»  және 

«Алтын  зерде»  десек  қателеспеймін. 

Осы  аталған  сән  ательелерінің  өзіндік 

қолтаңбасы  қалыптасқан.  Бір  ательенің 

тіккен  киімін  келесі  ательенің  дүниесіне 

мүлде ұқсамайды. Қажет болған жағдайда 

біздер  бір-бірімізбен  пікірлесіп,  ой  бөлсіп 

тұрамыз.  Осы  ретте  «НГ»  газеті  арқылы 

сән саласында жүрген кәсіпкерлердің мына 

бір  мәселесін  жоғары  жаққа  жеткізгенді 

жөн  санып  отырмын.  Қазір  елімізде 

мемлекеттік  сатып  алу  ісі  электронды 

негізде  жүзеге  асып  жатқаны  белгілі. 

Өнер  ұжымдарының  көпшілігі  мемлекет-

ке қараған соң, өздеріне қажетті киімдерін 

тіктіру  үшін  мемсатудың  веб-порталына 

хабарлама  береді.  Бұдан  кейін  ортан  жол-

дан  қосылған  кәсіпкерсымақтар  тендерді 

ұтып,  өнер  ұжымдарына  арзан,  ешқандай 

талғамға  сай  келмейтін  киімдерді  беріп, 

мемлекет  қаржысын  босқа  рәсуа  етіп 

жатқаны  жасырын  емес.  Ия,  мемсатудың 

ашық,  мөлдір  болғанын  қалаймыз.  Бірақ 

оны  ұйымдастырушылар  сатып  алатын 

заттың сапасын ескеріп, лайықты бағасын 

белгілеуі  тиіс.  Егер  әңгіменің  ашығын 

айтсақ,  өнер  ұжымдарына  қажетті  киімді 

сатып алу үшін мемсатудың қажеті шама-

лы. Олар нарықта танымал бірнеше ательені 

шақырып,  өздеріне  қандай  киім  қажет 

екенін айтуы тиіс. Сол кезде біздер олармен 

кең  отырып,  киімінің  бағасы  мен  сапасы 

турасында келісіп аламыз. Өнер ұжымдары 

жай ғана мекеме емес. Олар үнемі халық ал-

дында  жүретіндіктен,  саханаға  жарқырап 

шығуы  тиіс.  Сондықтан  мемлекеттік  са-

тып алу ісін өнер ұжымдарына қолданудың 

қажеті  шамалы.  Қазір  түрлі  концерттерде 

ансамбль мүшелерінің киіміне көз салсаңыз, 

сапасы  сын  көтермейтінін  байқайсыз. 

Шығармашылық  бірлестіктер  тек  елімізде 

ғана өнер көрсетпейді ғой. Олар сырт елдер-

ге  шығып,  ұлттық  өнерімізді  паш  ететіні 

белгілі.  Сол  кезде  олардың  сахна  төрінде 

сапасыз  киіммен  тұрса,  шетелдіктер 

«қазақтарда  киім  кию  мәдениеті  болмаған 

екен  ғой»  деп  күлмей  ме?  Еліміздің 

мәдениет  саласын  басқарып  жүрген  аза-

маттар  осы  мәселені  ойлануы  тиіс.  Өнер 

ұжымына  арналған  киім  базарларда  са-

тылмайды.  Әр  ұжымның  ажарын  ашатын 

киім  болуы  шарт.  Бұл  үшін  ансамбльдің 

режиссері мен суретшісі сәнді киім тігетін 

мамандармен  тізе  қосып,  жұмыс  істейді. 

Мемсатудың  порталына  хабарлама  беру-

мен  мәселе  шешілмейді.  Шығармашылық 

ұжымға  киім  тігуде  суретші  мен  режи-

сермен  бірлесіп  жұмыс  істейтіні  белгілі. 

Режиссердің  ойындағы  киімін  дайындау 

үшін  суретшімен  жұмыс  істеу  қажет.  Ке-

рек  десеңіз,  ансамбльдің  әрбір  мүшесімен 

сөйлесіп,  ойын  білудің  де  маңызы  зор. 

Сол  себепті  өнер  ұжымдарын  мәжбүрлеп 

мемсатуға  қатыстырудың  жөні  жоқ.  Егер 

жағдай  осылайша  жалғаса  беретін  болса, 

әртістеріміз  талғамсыздыққа  ұшырауы 

мүмкін.  Өкінішке  орай,  сапасыз  жұмыс 

істейтін кәсіпкерлер мемсатуға сүйеніп, ай-

ласын асырып жүр. Ия, қарапайым қалам, 

қағаз, түрлі құрал жабдық сатып алуда элек-

тронды мемсатудың қажет екенін түсінеміз. 

Бірақ өнер ұжымдарына қажетті киім, түрлі 

аспаптар жасатуда екі жақ бірлесіп жұмыс 

істеуі керек деп есептеймін. Еліміздегі белді 

ансамбльдердің басшылар электронды мем-

сату  өздерінің  оң  жамбасына  келмейтінін 

үнемі айтады. Қазіргі таңда біздер «Сазген 

сазы», «Құлан сазы» және ҚазҰУ, ҚазЭТУ 

сынды  белді  оқу  орындардың  саханалық 

киімдерін тігіп, тығыз байланыс орнаттық. 

Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық 

университетінің  75  жылдық  мерейтойы 

болғанда  «Студенттер  сарайына»  қажетті 

жасау-жабдықтардың бәрін тігіп оқу орын 

басшыларының  алғысына  ие  болғанымды 

мақтанышпен  айта  аламын.  Бұдан  басқа 

«Қазақ  әуендері»  және  «Жетісу  әуендері» 

шығармашылық ұжымдары да «Алтын зер-

де» ательесінің тұрақты клиенті десек бо-

лады.  Бір  кездері  «Гүлдердің»  бишілеріне 

де  көздің  жауын  алатын  сәнді  киімдер 

тігіп бердім. Соңғы уақыттары Астанадағы 

«Шалқыма»  би  тобымен  бірлесіп  жұмыс 

істеп  жатқан  жайым  бар.  Бұдан  басқа 

жұрттың көз алдында жүрген, елге беделді 

көптеген әншілердің кимін тігуге де белсе-

не қатысып отырамын.   



Бүгінде  табиғи  ресурстар  мен  қаржылай 

шығындарды үнемдеу үшін дүниежүзі елдері «жасыл» 

экономикаға көшуге бастағына белгілі. Қазақстанның 

экологиялық  тұрғыдан  таза  экономикаға  көшу 

мәселесі  жақында  «Жасыл»  экономикаға  көшудегі 

ынтмақтастық тетіктері: стратегиядан – стратегияға» 

деген халықаралық конференцияда кеңінен сөз болды. 

Жиын  барысында  білікті  мамандар  баяндама  жасап, 

көкейде жүрген ойларын ортаға салды. 

Сән салондарының жұмысы көпшілікке, 

әсіресе  нәзік  жандыларға  қызықты  болып 

көрінетіні  белгілі.  Өзімнің  бұл  жұмыспен 

кәсіби  тұрғыда  айналысып,  Қазақстанның 

сән  әлеміне  өз  үлесімді  қосып  жүргеніме 

бақытты сезінемін. Бүгінде еліміздегі киім 

тігуге  машықтанған  ательелерді  бірнеше 

бағытқа  бөліп  қарастыруға  болады. 

Айталық, бір ательелер өндіріс ошақтарына 

арнайы  киімдер  тігуге  бағытталса,  енді 

біреулері  мектеп  оқушыларына  арнап 

киім тіккенді жөн санайды. Ал мен сияқты 

біраз  ісімерлер  әнші-күйшілер  мен  өнер 

ұжымдарының  киімдерін  тігеді.  Қазіргі 

таңда  әр  ательенің  өзінің  клиенті  мен 

бағыты қалыптасқан. Сондықтан біздердің 

арамызда  анау  айтқандай  бәсекелестік, 

көреалмаушылық  жоқ  деп  нық  сеніммен 

айта аламын. Қазір елімізде жеңіл өнеркәсіп 

саласының отын өшірмей тұрған осы шағын 

тігін  цехтар  мен  ательелер.  Сол  себепті 

біздердің  арамызда  қызу  бәсекелестік 

бжоқ. Өнер адамдары мен ұжымдарына ар-

нап, саханалық киім тігуге «Алтын зерде» 

ательесі барынша маманданған. Саханалық 

киім  үлгілерін  жасау  оңай  емес.  Ол  үшін 

үнемі  шығармашылық  ізденісте  болуың 

керек.  Бұл  бағытта  шебер  тігінші  болу 

аздық етеді. Айталық, ательемізге бір әнші 

келіп,  алдағы  болатын  шығармашылық 

концертіне арнап киім тіктіргісі келді дейік. 

Бұл ретте біздер саханалық киімнің ән мен 

әншіге, саханаға үйлесіп тұруына баса мән 

береміз. Бұл үшін әншімен кеңесіп, концерт 

Қазақстанның  тұрақты  да-

муын қамтамасыз ету және «жа-

сыл»  экономика  принциптерін 

енгізу  мәселесіне  Қоршаған 

ортаны  қорғау  министрлігіне 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 

нақты тапсырма берген болатын. 

Бұл  бағытта  біздер  дүниежүзі 

елдерінің  озық  тәжірибелерін 

пайдаланамыз  керек.  Қазіргі 

таңда бұл бағытта Германия мен 

Оңтүстік  Корея  дүниежүзіне 

үлгі  болып  отырғаны  белгілі. 

Бұл мәселеге қатысты Қоршаған 

ортаны  қорғау  министрі  Нұрлан 

Қаппаров стратегиялық құжатты 

әзірлеу  кезінде  министрлік  «жа-

сыл»  экономиканы  дамытуға 

үлес 


қосқан 

кәсіпкерлерге 

салықтық  жеңілдіктер  енгізудің 

маңызы  зор  екеніне  тоқталған 

болатын.  Ол:  «Көптеген  елдер-

де  «жасыл»  экономикаға  өту 

кезінде  салықтық  ынталанды-

ру  қарастырылған.  «Жасыл» 

экономикаға  өту  бойынша  стра-

тегиялар  әзірлеу  кезінде  және 

аталған  салаға  инвестициялық 

ағынды  көптеп  тарту  үшін 

салықтық 

ынталандыруды 

қолдану  жағы  ескерілетін  бола-

ды»,  – дегені есімізде. Болашақта 

елімізде испан технологиясы бой-

ынша  жылыны  400  мың  тонна 

қоқыс  өңдейтін  зауыт  салынбақ. 

Ал алдағы 2 жылда елімізде дәл 

осындай 9 зауыт бой көтермекші. 

Жалпы,  таяу  10-15  жылдың 

ішінде  Қазақстанда  41  қоқыс 

өңдейтін  зауыт  салынып  бітеді 

деп жоспарланып отыр. 


№10(115), қазан 2012

www.nap.kz



Тәуелсіз  кәсіпкерлер  қауымдастығына  мүше  кәсіпкерлерайналасында  болып  жатқан  жайттарға  бей-

жай қарамайтынын «НГ» газетінің оқырмандары жақсы біледі. Қоғамдық өмірімізде орын алып жатқан 

оқиғаларға дер кезінде үн қатып, көкейде жүрген ойын ортаға салудан қашпайтын белсенді кәсіпкердің бірі 

Нұржан Қалиев десек қателеспейміз. Еліміз нарықтық қатынастарға құлаш ұрған тұста мемлекеттің арқа 

сүйер бірден-бір тіреуіші кәсіпкер екені көп айтылады. Сондықтан қоғамдық жағдайларға кәсіпкерлердің дер 

кезінде өз ойын білдіріп отыруы қашанда маңызды. Сондай абзал азаматтардың бірі Нұржан Сайлаубекұлы. 

Ол  бұған  дейін  де  «НГ»  газетінің  сұрақтарына  тұщымды  жауап  беріп,  оқырманның  ыстық  ықыласына 

бөленген-ді. 

Бизнестің алды құз, арты тұман

– 

Нұржан 



Сайлаубекұлы, 

соңғы 


уақыттары  еліміздегі  шағын  кәсіпкерлер 

көптеген қиын жағдайды бастарынан өткерді. 

Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері шағын және 

орта бизнесті серік еткен өздеріңіздей азамат-

тар  құзырлы  орындардың  жөнсіз  тексеруін, 

қаржылық ресурстардың тапшылығына, тіпті 

Кедендік  одақтық  тиімсіз  тұстарына  төтеп 

беріп, кәсібіне адалдық танытқанын білеміз. 

Қазір кәсіпкерлікпен айналысуға ден қойған 

адамдар осындай қиыншылықтарды еңсеруге 

қаншалықты мүмкіндігі бар?

–  Дұрыс  айтасыз,  біздер  қолға  алған 

кәсібімізді  көркейту  жолында  көптеген 

қиындықтарды  жеңдік.  Біздің  кезімізде 

кәсіпкерлік  нысанды  тіркеуден  бастап, 

кәсіпкерлік 

қатынастарды 

реттейтін 

заңнамалар  да  дұрыс  қалыптаспаған  бо-

латын.  Бірақ  біздер  бұл  қиыншылықтың 

бәрін  еңсердік.  Ал  қазір  кәсіпкерлікті  ба-

стау  өте  қиын.  Тәуелсіздік  жылдары  шағын 

және  орта  бизнес  саласында  айтарлықтай 

бәсекелестік қалыптасты. Бұдан басқа билік 

орындарының  қоятын  талабы  да  күрделене 

түсті. Өзіңіз айтақанда қазір елімізде шағын 

кәсіпкерлікті  дамытатын  қаржылық  ре-

сурстар  да  қолжетімді  болмай  тұрғаны  жа-

сырын  емес.  Күні  кеше  ғана  еліміз  мүше 

болған  Кедендік  одақ  та  отандық  бизнесті 

есеңгіретіп  тастағаны  мен  айтпасамда 

халық  жақсы  біледі.  Отандық  шағын  және 

орта  бизнес  толықтай  аяғынан  тұрмай  жа-

тып,  биліктің  Кедендік  одаққа  мүше  болуы 

кәсіпкерлерге ауыр соққы болып тигені сөзсіз. 

Қазір  Ресейдің  кәсіпорындары  Қазақстан 

нарығына  кіріп,  өзінің  мүмкіндігін  кеңейту 

үстінде.  Ал  отандық  бизнестің  олармен 

бәсекеге түсетіндей қауқары болмай тұрғаны 

бүйірімізге  шаншудай  қадалады.  Өйткені 

олардың  айналымдағы  қаржысы  бізбен 

салыстырғанда  төрт-бес  есе  жоғары.  Ресей 

кәсіпкерлерінің  адами  және  қаржы  ресурсы 

жағынан  бізден  әлдеқайда  мығым  екенін 

мойындауымыз  керек.  Мұндай  жағдайда 

біз  олардың  алдында  амалсыз  тізе  бүгеміз. 

Қазір  көптеген  адамдар  маған  «Кедендік 

одақты  пайдаланып,  Ресей  нарығына  неге 

шықпайсыңдар» дейді. Ия, үштік одақ біздің 

Ресей нарығына шығуымызға толықтай жол 

ашып отыр. Бірақ өндірісіміз дамымаса, Ресей 

нарығына  шығып,  не  табамыз?  Қарапайым 

адамдар осыны түсінбейді. Айталық, біздер 

кеңсе  тауарларын  Ресей  мен  Қытайдан 

әкеліп  саудалаймыз.  Біздер  Ресейдің 

нарығында  олардың  тауарын  өздеріне  сау-

далап,  бәсекелесе  алмаймыз  ғой.  Осыдан-

ақ,  Ресей  нарығына  шығудың  тиімсіздігін 

байқауға болады. Отандық өндірісті дамыт-

пайынша  үштік  одаққа  мүше  болмай  тұра 

тұруымыз  керек  еді.  Бірақ  билік  орындары 

мұны  күтіп  жатпады.  Бұл  ретте  Кедендік 

одақтың  еліміз  үшін  түкке  қажеті  жоқ  деп 

айтуға боламас. Ресей территориясы арқылы 

мұнай  мен  түрлі  шикізаттарды  тасымалдап 

отырған  ірі  компаниялар  үшін  Кедендік 

одақ пайдалы. Үкімет Кедендік одаққа мүше 

болғанда  осыған  баса  мән  бергені  анық. 

Бірақ  біздің  елімізде  ірі  кәсіпорындарынан 

басқа    шағын  кәсіпкерлердің  де  бар  екенін 

естен  шығармауымыз  керек  қой.  Жаңадан 

ашылған  кәсіпкерлерді  былай  қойып, 

дағдарысты  кезең  әлі  біразға  дейін  созыла-

тындай...  Айталық,  осыдан  4-5  жыл  бұрын 

бизнесті  кеңейту  қазіргіден  қарағанда 

әлдеқайда жеңіл еді. Ал қазір кәсіпті кеңейтуді 

емес, сақтап қалуды ойлайтын болдық. Қазір 

билік  орындары  кәсіпкерлікпен  айналысуға 

қажетті  құжаттар  санын  қысқартып,  жаңа 

бизнес бастауға түбегейлі өзгерістер енгізді. 

Бұл  бағытта  ілгерілеушіліктер  орын  алып 

жатқанын мойындаймыз. Бірақ Үкімет шағын 

бизнеске  деген  қамқорлығы  кәсіпкерлік 

нысанды  тіркеумен  шектелмеуі  керек.  Дәл 

қазір  шағын  кәсіпкерлікке  мемлекет  тара-

пынан  кешенді  қолдау  қажет.  Ол  қаржылай, 

салықтық  тұрғыдан  болуы  керек  деп  ойлай-

зат  қайдан  болсын.  Осыған  дейін  жұмыс 

істеп  келе  жатқан  кәсіпкерлер,  сол  баяғыша 

жұмыстарын жалғастыруда. Олар несие алып, 

кәсібін кеңейтейін десе, нарық тым шектеулі 

екенін  түсінеді.  Сондықтан  олар  несиеге 

анау  айтқандай  мұқтаж  емес.  Тағы  бір  айта 

кететін  жайт,  қазір  билік  орындары  қызмет 

көрсету және сауда-саттық саласында жұмыс 

істеп  жатқан  кәсіпкерлерге  жеңілдетілген 

несие  қарастырмаған.  Ал  ішкі  нарыққа  көз 

салсаңыз шағын және орта бизнестің 80 пай-

ыздан астамын осы сауда-саттық пен қызмет 

көрсету саласы құрап отырғанын байқайсыз. 

Бірақ оларға мемлекет тарапынан қолдау жоқ. 

Осыдан-ақ мемлекеттің шағын кәсіпкерлерге 

нарықта  бұрыннан  жұмыс  істеп  келе 

жатқан  кәсіпорындардың  өздері  көптеген 

қиындықтармен  бетпе-бет  келгенін  жасыр-

май айтуымыз керек. Қазақстанда адам саны 

анау  айтқандай  көп  емес.  Сондықтан  біздің 

нарық  шектеулі.  Осы  жайттар  бизнесімізді 

кеңейтуге  мүмкіндік  берер  емес.  Өзі 

шектеулі нарыққа енді Ресейдің кәсіпкерлері 

балға үймелеген арадай қаптап жатыр. Бұдан 

басқа  қаржылық  ресурстардың  тапшылығы 

да  кәсіпкерлерді  жіпсіз  байлап  отыр. 

Қазіргі  таңда  еліміздегі  шағын  бизнестің 

алды  құз,  арты  тұман  болып  тұр.  Ал  бұл 

қиыншылықтан  қашан  құтылатынымзды 

айту қиын. 

–  Сонда  шағын  бизнес  дағдарыстың 

батпағынан әлі де малтығып отыр ғой?

–  Қазіргі  таңда  көптеген  адамдар 

дағдарысты  артқа  тастадық  деп  желпініп 

жүр  ғой.  Ия,  қазір  дүниежүзілік  нарықта 

Қазақстанның 

шикізат 


экспорттайтын 

компанияларының өніміне сұраныс қайтадан 

пайда  болды.  Ал  шағын  кәсіпкерлік  үшін 

мын. Сол кезде кәсіпкерлер ісін дамытып, ел 

экономикасын өркендетеді. Ал осы айтылған 

істерді  қолға  алмасақ,  шағын  кәсіпкерлік 

үнемі дағдарыстың қыспағында қала беретін 

болады. 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал