Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті



жүктеу 280.09 Kb.

бет2/3
Дата10.09.2017
өлшемі280.09 Kb.
1   2   3

Әсемгүл 

СЕріКҚАЛИҚызы

Ақкүшік  –  Ақтау  ауылы 

маңындағы  қорғандар  тобы. 

Оларды  шартты  түрде  «1-

Аққұдық»  (төрт  қорғаннан 

тұрады)  және  «2-Аққұдық» 

қорғандары  (3  қорғаннан 

тұрады) 

деп 


бөледі. 

Ақкүшіктің  ұзындығы  12-

40  метр,  биіктігі  0,8-3  метр 

топырақ 


үйінділерінен 

құралған.  Ең  үлкен  үйіндіге 

тригонометриялық 

мұнара 


орнатылған. 

Қорғанды 

Б.Райымқұлов 

басшылық 

жасайтын  Батыс  Қазақстан 

облыстық 

мұражайдың 

археологиялық 

экспедиция 

тобы  ашқан.  Ғалымдардың 

болжауынша  қорған  ежелгі 

темір дәуіріне жатады.



Бадысай 

– 

ауданның 



Амангелді ауылдық округінің 

аумағына 

орналасқан 

қорғандар  тобы.  Ол  бес 

қорғаннан  тұрады,  диаметрі 

25-33  метр,  биіктігі  0,4-2,2 

метр. Топырақ үйіндісі түрінде 

кездесетін  ежелгі  мекенді 

облыстық 

мұражайдың 

археологиялық  экспедициясы 

ашқан.


Балхия  –  Шежін  ауылдық 

округінің 

аумағына 

орналасқан  қорғандар  тобы. 

Ол  6  қорғаннан  тұрады. 

Диаметрі 16-36, биіктігі 0,3-1 

метр. Топырақ үйіндісі түрінде 

кездесетін 

қорғандарды 

облыстық 

мұражайдың 

археологиялық  экспедициясы 

(жетекшісі 

Б.Райымқұлов) 

ашқан. 

Ғалымдардың 



болжауынша    қорған  ерте 

темір дәуіріне жатқызылады. 



Дүмбек – Мереке ауылдық 

округі  аумағындағы  оба. 

Ол  шартты  түрде  екі  топқа 

бөлінген. А тобы 20, Б тобы 14 

қорғаннан тұрады. Екі топтың 

арасы  300  метр.  Қорғандар 

топырақ  үйіндісі  түрінде. 

Үйіндінің  ұзындығы  8-23 

метр,  биіктігі  0,2-1,5  метр. 

Обаны облыстық мұражайдың 

археологиялық  экспедициясы 

ашқан. Бір қорғаны қазылды. 

Одан пышақ, қорамсақ ілмегі, 

тағы  басқалары  табылған. 

Ғалымдардың  болжауынша 

Дүмбек  те  ертедегі  темір 

дәуіріне жатады.

Қайыңжар  оры  Беленький 

елді  мекенінен  10  шақырым 

қашықтықта.  Ордың  көлемі 

екі шақырымға жетеді, қайың 

өскен  бұл  жер  туристер 

мен 


ауыл 

адамдарына 

таптырмайтын 

демалыс 


орны. Бүлдірген, жабайы шие 

көмкерген  орда  бұлақ  суы 

ағып жатыр.

Еменжар 

оры 


Ресей 

шекарасынан  бастау  алады. 

Нариман 

елді 


мекенінен 

3,  Амангелді  ауылынан  20 

шақырым  қашықтықта,  бір 

шақырымдай  алаңды  алып 

жатыр.  Ор  қайың,  емен  тағы 

басқа да теректерге толы. Бұл 

облыс  бойынша  емен  өсетін 

бірден-бір  далалық.  Еменжар 

туристер  мен  демалушылар 

үшін таптырмайтын орын. 

Амангелді 

ауылынан 

6-7 

шақырым 


жерде 

құлпытасындағы 

жазуы 

сақталған XV-XVIII ғасырлар 



аралығындағы  ескі  қорым 

бар. 


Бұлардың 

жанында 


бұл  рудың  көсемі,  басқа  да 

белгілі  адамдары  жерленген 

жеті  бейіт  жатыр.  Өкінішке 

орай  осынау  қорымдардың 

алтауы  кейін  сындырылып, 

талан  таражға  түскен.  Бүтін 

тұрған 

біреуі 


мемлекет 

қорғауына алынып, Қазақстан 

Республикасы 

археология 

институты  реестрінің  есебіне 

кіргізілген. 

Көшпелі халқымыздың сол 

кездегі салт-дәстүрінен, әдет-

ғұрпынан  мағлұмат  беретін 

мұндай  тарихи  ескерткіштер 

мемлекет тарапынан қорғауға 

алынып,  зерттеліп,  қалыпқа 

келтіруді қажет етеді.

Аудан аумағындағы сіз біле бермейтін 

қорғандар

Ауылына қарап азаматын таны



Жас буынның жұлдызын 

жағып, тағылымын 

қалыптастыратын да, 

мәртебесін көтеретін де 

білім  мен тәлім-тәрбие. 

Өйткені, еліміздің кемел 

келешегі қоғамымыздағы 

білім деңгейіне тікелей 

тәуелді.  Ал сол білімнің 

қайнар көзі – мектеп екені 

айтпаса да белгілі. 

5

02.06.2017 жыл



Дін және қоғам

Тұжырымдаманың  негізгі  мақсаты 

–  дін  саласын  реттейтін  заңнамалық 

және  өзге  де  нормативтік-құқықтық 

актілер  ережелерін  жүзеге  асыру, 

дін  саласындағы  мемлекеттік  сая-

сатты  жүзеге  асыруға  қатысатын 

мамандардың  біліктілігін  арттыру 

жұмыстарын  жетілдіру,  Қазақстан 

халқының дәстүрлі рухани мәдениетін 

елімізде  және  шетелдерде  әрі  қарай 

ілгерілету,  мемлекетіміздің  рухани 

тірегі болған асыл дініміздің жалпыға 

ортақ  адамгершілік  қағидаларын  на-

сихаттау. 

Тұжырымдама  негізінде  діни  экс-

тремизм  идеологиясының  қоғамда, 

әсіресе  жастар  арасында  таралуы, 

шетелде  діни  білім  алу,  миссионер-

лік  қызметті  реттеу,  жасөспірімдерді 

заңсыз  діни  қызметке  тарту  және 

өзге  де  маңызды  мәселелер  кеңінен 

қарастырылған.  Сондай-ақ,  еліміздің 

тыныштығын  бұзатын  дәстүрлі  емес 

діни  ағымдарға  қарсы  қоғам  имму-

нитетін  қалыптастыру  шаралары  да 

жан-жақты қамтылған. Тұжырымдама 

мазмұны  ағымдағы  ахуалдың  тал-

дауы,  діни  ахуалдың  дамуының  не-

гізгі  үдерістері,  дін  саласындағы 

мемлекеттік  саясатты  дамытудың  не-

гізгі қағидалары мен басым бағыттары 

секілді мәселелерді қамтиды.

Тұжырымдаманы 

осы 

тарихи 


кезеңде қабылдаудың да өзіндік себеп-

тері бар.  Бір ғана мысалға тоқталсақ, 

бүгінгі таңда қаншама қаракөз жаста-

рымыз өзгенің қаңсығын таңсық көріп, 

өз бойындағы ұлттық құндылықтарды 

аяқасты  етіп  жүр.  Мысалы,  діни 

білім  алу  мақсатымен  шетел  асқан 

жастарымыз  дін  атын  жамылған  жат 

ағымдардың  идеологиясына  арба-

лып,  шетін  көзқарас  жетегінде  кетіп 

жатқанына  куә  болып  отырмыз.  Сол 

себепті,  тұжырымдама  бойынша  дін 

саласындағы  мамандардың  кадрлық 

әлеуеті,  яғни  азаматтарымыздың 

шетелдік  діни  оқу  орындарын-

да  теологиялық  білім  алу  тәртібі 

құқықтық  реттеуді  қажет  ететіні 

назарға  алынған.  Қазіргі  уақытта  ше-

телдік  оқу  орнына  ҚМДБ  (Қазақстан 

мұсылмандар 

діни 

басқармасы) 



рұқсатнамасы  негізінде  қабылдау  ту-

ралы  келісімдер  жүргізіліп  жатыр. 

Сондықтан  алдағы  тұжырымдама  не-

гізінде  тиісті  заңнамаға  енгізілетін 

өзгертулер  мен  толықтырулар  жаста-

рымызды  барынша  сақтандырудың 

кепілі болатынына сенімдіміз. 

Елбасы 


Н.Назарбаев 

өзінің 


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 

атты  бағдарламалық  мақаласында: 

«Біз  жат  идеологиялардың  әсері 

туралы  айтқанда,  олардың  артын-

да  басқа  халықтардың  белгілі  бір 

құндылықтары  мен  мәдени  символ-

дары тұрғанын есте ұстауымыз керек. 

Тиісінше,  оларға  өзіміздің  ұлттық 

құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп 

бере  аламыз»  деп  атап  өткен  бола-

тын.    Сол  сияқты  тұжырымдамада 

рухани  құндылықтарды  жаңғырту 

және  халықтың  ұлттық  санасын  ояту 

арқылы теріс пиғылды діни ағымдарға 

қарсы күресуді көздейді. 

«Біз  фанатизмге,  діни  консерва-

тизм  мен  догмаларға  көзсіз  ілесу-

ден  алшақ  болатын  өз  өмірімізді 

құрамыз.  Қазақстан  халқы  бөтен 

мүдделерді  насихаттайтын  фанатик 

«кеңесшілерге» алаңдамай, мемлекет-

тік-конфессиялық  қарым-қатынастың 

өзіндік 

қазақстандық 

моделін 

қалыптастыратындай  толық  құқыққа 

ие.  Біздің  өзіндік  моделіміз  бүгінгі 

күннің  шынайылығын  ескеруге  және 

ұлттық  дәстүрге  негізделеді.  Бұл  мо-

дель дінді соқыр буквалистік тұрғыдан 

қабылдамауға және бейбіт қатар өмір 

сүруге негізделуі қажет», - деп ҚР Дін 

істері  және  азаматтық  қоғам  минист-

рі     Н.Ермекбаев қоғамның санасын 

жаңғырту саласындағы министрліктің 

басым бағыттарының бірі мемлекет пен 

дін  арасындағы  ынтымақтастықтың 

өзіндік  моделін  қалыптастыру  екенін 

атап көрсеткен.

Мемлекет  дамуының  зайырлылық 

қағидаттарын 

сақтау 


мен 

насихаттаудың 

маңыздылығы, 

дін  саласындағы  мемлекеттік  са-

ясатты  жүзеге  асырудың  негізгі 

қағидалары  мен  басым  бағыттары 

тұжырымдамада  айқын  көрсетілген. 

Қазақстан  –  зайырлы  мемлекет,  ал 

зайырлылық – құқықтық ұстаным. Дін 

мен мемлекет қатынасының жаңа мо-

делін    қалыптастыру  мемлекетіміздің 

зайырлылық  үлгісін  басты  назарға 

алады. 

Себебі, 


зайырлылық 

ұстанымы  жат  ағымдардың    идеоло-

гиясымен  күресудің  басты  қалқаны 

болмақ.  Дін  мемлекеттің  негізін 

құраушы  ең  маңызды  фактордың  бірі 

болғандықтан,  ішкі  тұрақтылықтың 

да  кепілі.  Сондықтан,  дін  –  дұрыс 

түсінген  адам  үшін  рухани  кемелде-

нуге жетелейтін, ал қате түсінген адам 

үшін қиындыққа бастайтын жолға ай-

налуы мүмкін. 

Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаевтың: 

«Біз  кез  келген  қиындықты  бейбіт-

шілік,  келісім  және  тұрақтылық  не-

гізінде  жеңіп  шығамыз.  Дінаралық 

және  ұлтаралық  келісім  –  біздің  бас-

ты  байлығымыз»  деген  сөзі  әрбір 

Қазақстан  азаматының  күнделікті 

ұстанымына  айналуы  тиіс.  Дiн  мен 

мемлекеттiк  мүдденің  түйiсер  жерi 

-  елдiң  тұтастығы  және  қоғамның 

ауызбіршілігі мен тұрақтылығы. 

Бұл тұжырымдама – мемлекетіміздің 

дін  саласындағы  саясатының  даму 

бағытын  айқындайтын  құжат.  Оның 

басты  мақсаты  әрбір  Қазақстан 

азаматының 

рухани 

санасын 


жаңғырту, салт-дәстүр, мәдениетімізді 

көздің  қарашығындай  сақтай  білу 

және  тағылымы  мол  тарихымызды 

қастерлеу.  Бұл  консерватизм  емес, 

керісінше,  ұлттық  кодымызды  сақтай 

отырып, заман талабына сай икемделу, 

сан ғасырлар бойы сақталып келген ру-

хани  құндылықтарымызды  жаңғырту. 

Қорыта  айтқанда,  осындай  рухани 

жаңғыру  кезеңінде  ұсынылған  дін 

саласындағы тұжырымдама болашақта 

жемісті  де  өнімді  нәтижелер  береді 

деп сенеміз.

Т.ТАШМАКОВА, 

Қр Дін істері және азаматтық 

қоғам министрлігі, Дін істері ко-

митеті Дін мәселелері жөніндегі 

ғылыми-зерттеу және талдау 

орталығының ғылыми қызметкері

тҰжырыМдаМа руХани 

жаңҒыруМЕн үндЕСЕді

Қазақстан жаңа тарихи кезеңге аяқ 

басты: қазір рухани жаңғырудың, 

бағыт-бағдарын айқындап, Елбасымыз 

айтқандай, революциялық емес, 

эволюциялық дамитын кезең. 

Мемлекетіміз жаңғыру кезеңінде мемлекет 

пен дін қатынасының қазақстандық 

үлгісін жасақтап – жаңа белестерге жол 

ашып, көпконфессиялы қоғамымыздың 

тұрақтылығын сақтаудағы маңызды 

қадам. Сондықтан Қр Дін істері және 

азаматтық қоғам министрлігі ұсынып 

отырған «Қазақстанның дін саласындағы 

мемлекеттік саясатының 2017-2020 

жылдарға арналған тұжырымдамасы» 

бүгінгі күні дін аясында орын алып жатқан 

көкейкесті мәселелердің шешімін табуға 

үлкен негіз болмақ.

Жұма күні «Жастар» стадионында аудан тұрғындарының атсалысуымен садақа 

берілді.

Сауабы мол шарада аудандық мешіттің бас имамы А.Ибрашев құран оқып, қашанда еліміздің 

аман, жеріміздің тыныш, халқымыздың бірлікте болуына және дүниеден өткен ата-баба рухы-

на арнап дұға тіледі.

Сондай-ақ Айдын Бақытұлы жиылған қауымға садақаның сауабы туралы, дүниеге құмартпай 

жиған тергеніңді осындай игілікті іске жұмсау жайында әсерлі уағыз айтты.

Садақада  ауыл  ақсақалдары  сөз  сөйлеп,  мұндай  игі  шараның  өсіп  келе  жатқан  өскелең 

ұрпаққа берері мол екендігін тілге тиек етті. 

Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі  шараға үлкен қолдау білдірген аудан әкімшілігіне тұрғындар  

ризашылықтарын жеткізді.



Өз тілшіміз

Садақаны сауыңда бер!



6

02.06.2017 жыл



Маман мінбері

Кез 


келген 

өркениетті  қоғам 

үшін 

сыбайлас 



ж е м қ о р л ы қ п е н 

күрес  ең  өзекті 

мәселенің  бірі  бо-

лып табылады. 

Осыған  орай, 

Батыс  Қазақстан 

облыстық 

про-


к у р а т у р а с ы м е н 

Қазақстан 

Рес-

публикасы 



Бас 

П р о к у р о р ы н ы ң 

тапсырмасы 

не-


гізінде 

құқық 


қорғау 

және 


мемлекеттік  органдар  бірлесе  отырып,  «Батыс 

Қазақстан  облысында  2017  жылға  арналған  сы-

байлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  жоспарын» 

жүзеге асыруда.  

Соның бірі «Таза қол» жобасы. Оның мақсаты сы-

байлас жемқорлық тәуекелінің пайда болу себептерін 

және жағдайларын жою, мем-

лекеттік  қызметшілер  және 

азаматтар  арасында  сыбай-

лас  жемқорлық  көріністеріне 

«мүлдем  төзбеушілік»  ахуа-

лын қалыптастыру.

Сондай-ақ, жемқорлықпен 

пәрменді 

күресуде 

тұрғындардың 

құқықтық 

санасының 

деңгейін 

жоғарлатудың маңызы зор.

Мемлекет 

пен 


қоғам 

біртұтас 

майдан 

құрып, 


жемқорлыққа  қарсы  шығуы 

тиіс. 


Жемқорлық 

жай 


құқық  бұзушылық  емес.  Ол 

мемлекеттің  тиімділігіне  де-

ген  сенімді  сетінетеді  және  ұлттық  қауіпсіздікке 

төнген тікелей қатер болып табылады.



Н.СИТКАЛИЕВ,

Тасқала ауданының прокуратурасының 

прокуроры

Адамның  және  адамзаттың 

құқықтары 

мен 


бас 

бостандықтарын қамтамасыз ету 

және  қорғау  –  конституциялық 

заңдылықтың басты талабы.

Қазақстанда 

салауатты 

өмір  салтына  қол  жеткізу-

де,  денсаулықты  сақтау  мен 

нығайтудағы  басты  міндеттің 

бірі  –  бала  құқығын  қорғау, 

зорлық-зомбылыққа қарсы күрес 

жүргізу. 

Отбасындағы 

зорлық-


зомбылық  мәселесі  әлемнің 

әр  елінде  ертеден  орын  алған. 

Зорлық балалардың денелік және 

психологиялық  денсаулықтары 

және  жан-жақты  дамулары  үшін 

ауыр машақат болып табылады. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық 

– отбасы мүшесінің басқа адамға, 

немесе  пәтерде  бірге  тұрып 

жатқан,  сондай-ақ  бұрынғы 

күйеуі  не  әйеліне  көрсетілетін 

зорлық-зомбылық.

«Тұрмыстық 

зорлық-


зомбылықтың  алдын-алу  тура-

лы» Заңына сәйкес ол физикалық, 

психологиялық, жыныстық және 

экономикалық болып бөлінеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық 

–  мемлекеттің  даму  деңгейі  мен 

мәдени хал-ахуалына қарамастан, 

әлемнің  барлық  елдерінде  кез-

десетін  мәселе.  Қазақстанда  да 

бұл  мәселе  өзекті  болып  келеді. 

Жыл  сайын  елімізде  тұрмыстық 

зорлық-зомбылыққа қатысты, тіп-

ті  өлтіру  бойынша  он  мыңдаған 

оқиғалар тіркеледі.

Жанұядағы 

тұрмыстық 

зорлық-зомбылық  баланың  пси-

хологиясы  мен    тәрбиесіне  кері 

әсерін  тигізеді.  Сондықтан, 

бала  тәрбесінде  ата-ананың 

ақыл-кеңесімен  қоса,  мектептегі 

ұстаздар мен  қоғамның  тәрбиесі 

ауадай қажет.

Қазір  қоғамда  қатыгездіктің, 

зорлық-зомбылықтың  күшейіп, 

жағдайдың 

ушығып 

бара 


жатқанын  көз  көріп,  құлақ 

естіп  отыр.  Отбасылық  ұрыс-

керіс,  әйел  мен  бала  саудасы, 

адамдардың  бір-бірін  өлтіруі 

бәрі де өмірде шешімі табылмай 

жүрген мәселе. 

Статистикалық 

мәліметке 

сүйенсек  аудан  бойынша  соңғы 

5  жылда  4  қылмыс    пен  439  

құқықбұзушылық  тіркелген.  

Сондықтан  осындай  істердің 

алдын-алу  мақсатында  ауданда 

түрлі  шаралар  өткізіліп  отыра-

ды. 

Егер  сіз  тұрмыстық  зорлық-



зомбылықтың құрбаны болсаңыз, 

немесе  басыңызға  қауіп  төніп 

тұрғанын  сезсеңіз,  онда  құқық 

қорғау  органдарының  көмегіне 

жүгініңіз.

Нұрлан ЕрЖАНҰЛы,

аудандық прокуратураның 

прокуроры

Бұлдырмақ ісік 

өте жұқпалы

Мүйізді  ірі  қарада  кездесетін  бұлдырмақ  ісік 

деп  аталатын  (нодулярлы  дерматит)  өте  жұқпалы  

ауру.  Вирус  басталған  кезде  малдың  көзінен  сулы 

бөлінділер ағады, дене температурасы 40°С-ге дейін 

жоғарылайды,  азықтан  бас  тартады,  жүдейді  және 

жата береді. Кейін тері ішінде ісініп, түйнектер пайда 

болады.  Ауру  алдымен    үш  күннен  бастап    он  үш 

күнге дейін  созылады.  Төрт апта анық  байқалады. 

Ал, асқынған кезде одан да көп мерзімге созылады. 

Ауырып шыққан малдар 8-12 ай бойы вирусты қайта 

жұқтыруға қарсы иммунитетке ие болады. Бұлдырмақ 

ісікке  (нодулярлы  дерматитке)  қарсы  вакцина  бар. 

Ауру  шыққан  шаруашылық  субъектісіне  карантин 

қойылады  және    күдікті  жануарлар  оқшауланып, 

лабораториялық тәсілдермен диагнозы анықталады. 

Күдікті малды сауу, сою және етін, сүтін пайдалануға 

рұқсат  етілмейді.  Аталмыш  аурудан  өлген 

жануарлардың өлекселері терісімен жойылады. 

Аурудың    алдын  алуда  мал  иелері  ауыл 

шаруашылық  жануарларын  бірдейлендіруді  және 

оларға  ветеринариялық  төлқұжаттарды  рәсімдеуді 

қамтамасыз  етуге,  мемлекеттік  ветеринариялық 

қадағалау  органдарына  жаңадан  сатып  алынған 

жануарлар,  туған  төлдер,  олардың  сойылғаны  мен 

сатылғаны  туралы  хабарлауға,  ветеринариялық 

мамандарға 

олардың 


талап 

етуі 


бойынша 

диагностикалық  зерттеулер  мен  вакцина  егуді 

жүзеге  асыру  үшін  жануарларды  беруге,  бірнеше  

жануар    кенеттен    өлген  немесе  ауырған  жағдайда 

ветеринариялық  мамандарға  хабарлауға    және 

мамандар  келгенге  дейін  ауру  жануарларды  оқшау 

ұстауға міндетті. 

Ірі қара малдың экзотикалық вирусты ауруының 

алғашқы  белгілері  өткен  жылы  көршілес  Атырау 

облысының 

Құрманғазы, 

Исатай 


аудандары  

мен  Атырау  қаласының  аумағында  және  Ресей 

Федерациясының  Астрахань  облысы,  Краснодар 

өлкесі,  Ставрополь  өлкесі,  Қалмақ,  Ингуш  және 

Дағыстан  Республикаларының  аумағында  тіркеліп, 

мал  шығындары  болды.  Бұрын-соңды  еліміздің 

ветеринария  саласының  мамандары  бұл  қатерлі 

вируспен кездесіп көрмеген. Жалпы, бұл ауру маса, 

сона,  шыбын-шіркей  секілді  қансорғыш  жәндіктер 

арқылы таралады.

Мүйізді  ірі  қара  малының  нодулярлы  дерматит 

ауруы тіркелуіне байланысты, қазіргі уақытта Ресей 

Федерациясына  экспортқа  мал  шығару  немесе 

импортқа мал кіргізу кезінде ірі қара малдарын аталған 

ауру  бойынша  диагностикалық  тексерістен  өткізу 

туралы талап қойылды. 2015 жылғы 30 қарашадағы  

Қазақстан  Республикасы  Ауыл  шаруашылығы 

министрінің №7-1/1041 «Ветеринариялық құжаттарды 

беру  қағидаларын  және  олардың  бланкілеріне 

қойылатын  талаптарды  бекіту  туралы»  бұйрығына 

сәйкес,  жергілікті  атқарушы  орган  бөлімшелерінің 

ветеринар  дәрігерлері  Қазақстан  Республикасы 

аумағында тасымалданатын мал мен оның өнімдеріне 

анықтама бере алады. 

Тасқала 

аудандық 

аумақтық 

испекциясы 

ветеринариялық 

сертификаттарды 

Қазақстан 

Республикасы аумағынан Еуразиялық экономикалық 

одаққа  мүше  мемлекеттерге  шығарылатын  орны 

ауыстырылатын 

(тасымалданатын) 

объектіге  

Кедендік  Одақ  Комиссиясының  2010  жылғы 

18  маусымдағы  №317  шешімімен  бекітілген 

ветеринариялық 

(ветеринариялық-санитариялық) 

ережесіндегі  талаптарға  сай  рәсімдейді.  Кедендік 

Одаққа  мүше  елдердің  талабы  бойынша  Қазақстан 

Республикасына  кіргізілетін  немесе  шығарылатын 

асыл  тұқымды  және  қолданыстағы  жануарлар 

карантиндік  бақылауға  қойылып,  осы  мерзім 

ішінде  сынамалары  алынып,  ветеринариялық 

зертханада тексерілуі тиіс. Ол үшін  Кедендік Одақ 

реестріне  тіркелген  шаруа  қожалықтары    облыстық 

ветеринариялық зертханамен келісім-шарт жасасып, 

ережедегі    талаптарға  сәйкес  жұқпалы    ауруларға  

диагностикалық  тексеру  және жоспарлы аса қауіпті 

аурулардың  алдын  алу,  вакцинациялау  іс-шаралар 

жасалуы қажет. 

Т.НҰрҒАЛИЕВ,

Қр АШМ ВБжҚК Тасқала аудандық  

аумақтық инспекциясының мемлекеттік 

ветеринариялық -санитариялық инспекторы

Жемқорлыққа қарсы қүрес 

баршамызға ортақ іс

Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  – 

өркениет өрісіне тұсау

Шара 


 

балабақша 

бүлдіршіндерінің    сазды 

сәлемдемесімен  басталып, 

ортаңғы 

топ 


тәрбиешісі 

Д.Джанаеваның 

ұйымдастырған    «Ақ  бидай»  тақырыбындағы  оқу 

қызметімен  жалғасты.  Одан  әрі    екінші  кіші  топ 

тәрбиешілері  Г.Тастемирова  мен  осы  жолдардың 

авторы   «Әтеш пен тауық» ертегісін сомдады. 

Семинар барысында тәрбиеші А.Аюпова келген 

қонақтармен  бірге    «Театрланған  қойылым»  атты 

шебер-сыныбын ұйымдастырды. 

Шараға  жиналғандар      семинардан  алған 

әсерлерімен  бөлісіп,  ұсыныс  -  пікірлерін  ортаға 

салып,  ойларымен бөлісті.



Г.НуппАЕВА,

«Айгөлек» балабақша тәрбиешісі

Экологиялық тәрбиенің маңызы зор 

Жуырда «Айгөлек» 

балабақшасында 

«Мектепке дейінгі 


1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал