Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті



жүктеу 280.09 Kb.

бет1/3
Дата10.09.2017
өлшемі280.09 Kb.
  1   2   3

Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті

 

 *   



Газет 1936 жылдан бастап шығады

  *  


ekpin_1936@mail.ru

 

                    



  №22

(8599)


Жұма

2 маусым        

2017 жыл

«ЕкпінгЕ»

 

жазылу жүрудЕ!



80 жылдық тарихы бар 

Тасқала аудандық «Екпін» 



қоғамдық-саяси газетіне 

2017 жылдың екінші 

жартыжылдығына жазылу 

басталды. Қымбатты оқырман, 

өздеріңіздің төл газеттеріңіз 

- «Екпінге» жазылуды ұмыт 

қалдырмаңыздар.

Жазылу бағасы:

“Қазпошта” АҚ арқылы 

6 айға  жеке тұлғалар үшін 

1121 теңге, мекемелер үшін 

2121 теңге.

Сәбидің бәрі 

бақытты

«Балаларды  қорғау»  күніне 



орай  ұйымдастырылған  кездесу 

оқушылардың  қоғамдық  өмірге 

деген 

көзқарасын 



арттыру 

мақсатында өтті.

Аталмыш  шара  Ақтау  ауылдық 

округінде жалғасын тапты. Шаттық 

күнде шырқата ән салып өнерлерін 

көрсеткен  бүлдіршіндерге  «Нұр 

Отан» партиясы аудандық филиалы 

мен  округ  әкімдігінің  атынан 

әдемі  ойыншықтар  табысталып, 

балмұздақ үйлестірілді. 

Сондай-ақ, 

ата-әжесінің 

қамқорлығындағы 

мүмкіндігі 

шектеулі  К.Қазыбекованың  үйіне 

арнайы 


барып 

құттықтады. 

Үй  иесімен  тілдескен  Д.Ғазез 

Кәусардың  ем-домы  жайында 

сұрап,  қолдан  келгенше  көмек 

көрсетілетінін айтты. 



Берекелі 

балалық

«Бақытты отбасы-

бақытты балалық шақ» 

партиялық жобасы 

аясында «Нұр Отан» 

партиясы аудандық 

филиалы төрағасының 

бірінші орынбасары Думан 

Ғазез мектеп өмірінде 

белсенділік танытып, 

топ жарып жүрген 

балдырғандармен кездесті.

1 маусым - 

Халықаралық 

балаларды қорғау 

күніне орай Абай 

алаңында мерекелік 

шара өтті. Ертемен 

алаңға жиналған 

балалар жерге 

сурет салып,  

кітап көрмесін 

тамашалады. 

Одан  әрі  шара  аудан 

орталығындағы 

бастауыш 

мектеп 

пен 


балабақша 

түлектерінің 

шеруімен 

жалғасты. 

Бүлдіршіндерді 

айтулы 


мерекемен 

құттықтаған 

аудан  әкімінің  орынбасары 

Л.Жұбанышқалиева 

бала 

өмірдің 


басты 

байлығы, 

бақыты 

екенін, 


оларға 

әрқашанда дұрыс көңіл бөліп, 

мейіріммен 

сүйсіпеншілкке 

бөлеу  қажеттігін  жеткізді. 

Жыл  сайын  кең  көлемде 

тойланып  келе  жатқан  бұл 

мейрамда мүмкіндігі шектеулі 

балалардың  да  назардан 

тыс  қалмайтындығын  тілге 

тиек  етті.  Әрбір  ата-ананың 

көз  қуанышы  балаларының 

ауырмай  сырқамай,  өсіп 

кетулеріне игі тілегін білдірді.

Шарада аудандық мәдени-

демалыс 


орталығының 

көркемөнерпаздары 

түрлі 

ертегі  кейіпкерлеріне  еніп, 



бүлдіршіндерге 

керемет 


көңіл  күй  сыйлады.  Сондай-

ақ,    аудан  орталығындағы 

Қ.Сәтбаев, 

Ы.Алтынсарин, 

С.Жақсығұлов 

атындағы 

жалпы  орта  білім  беретін 

мектеп 


оқушылары 

ән 


шырқап, би биледі. Осылайша 

бүлдіршіндер 

мерекелік 

шараның шырайын кіргізді. 

Шара  соңында  аудандық 

жастармен  жұмыс  жөніндегі 

ресурстық  орталығы  мен 

«Намыс»  жастар  қоғамдық 

бірлестігі  балаларға  тәттілер 

үйлестірді.



2

02.06.2017 жыл



Апта тынысы

Мереке 


округінде 

тұрғындар 

өздерін 

толғандырып  жүрген  ауылдағы   бөгетті жөндеу 

мен жер телімінің шекарасын анықтау, сондай-

ақ  баланың  жеке    құжаттарын  қайта  рәсімдеу, 

дәрігерлік  көмек  бойынша  мәселелер  көтерді. 

Тіпті,  осы  жердің    тұрғыны  К.Альбетияров  

ақсақал    ауыл  дәрігерлерінің    жұмыстарына  

ризашылығын білдіру  үшін қабылдауға арнайы 

келген.

Бұл  шара  түс  ауа  Атамекен  ауылында 



жалғасын тапты.

Мұнда  да  тұрғындар  жол  мәселесі  мен    мал 

басын көбейтуге  және  жеке кәсіпкерлігін ашу 

бағытында несие алу, сонымен қатар учаскелік 

полицияға көліктің қажет екенін тілге тиек етті.

Екі  ауылдың  тұрғындары  да  аудан 

орталығынан шалғай жатқан халық  үшін осын-

дай  маңызды  қабылдаулардың  жиі  болғанын 

дұрыс деп есептейді.

Өз тілшіміз

Шараны    кеңес  төрағасы  Сансызбай  Рахимов 

ашып,  жүргізді.  Басқосуға  «Нұр  Отан»  партиясы 

аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбаса-

ры Думан Ғазез және комиссия мүшелері  қатысты. 

Кездесу  барысында  Сансызбай  Бақтығалиұлы 

мекеме  қызметкерлеріне      Елбасы  Н.Назарбаевтың 

«Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық 

бәсекеге  қабілеттілік»  атты  жолдауын  түсіндірсе, 

комиссия  мүшесі,  аудандық  мәслихат  депутаты  

Ж.Бисенғалиева мен аудандық орталықтандырылған 

кітапханалар  жүйесінің  директоры  А.Нұрмақов 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  туралы 

атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, халық ара-

сында жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік көзқарасын 

қалыптастырудың жолдарын жеткізді. 

Кездесу соңында  «Нұр Отан» партиясы аудандық 

филиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары  Д.Ғазез 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  бүгінгі  күннің 

басты  мәселесі  екенін  тілге  тиек  етіп,  оған  жол 

бермеу  үшін  жүйелі  түрде  жұмыла  жұмыс  жасау 

қажеттігін алға тартты.



Ә.БЕКЕШЕВА

Тасқала аудандық 

ішкі істер бөлімі 

ғимаратында Қазақстан 

полициясының 25 

жылдығына орай 

ұйымдастырылған «Мен 

және полиция» байқауы 

қорытындыланды. 

Ел 


тыныштығы 

мен 


қауіпсіздігі жолында абырой-

лы еңбек етіп келе жатқан ішкі 

істер  саласы  қызметкерлері  

ұйымдастырған    аталмыш 

сайыс  мектеп  оқушылары 

арасында  өтті.  Үміткерлер 

«Шығарма»  байқауы  мен 

«Үздік  сурет»  аталымда-

ры  бойынша  бақ  сына-

ды.  Нәтижесінде  Шежін 

орта  мектебінің  оқушысы 

А.Жалмұхамбетова  үшінші  

орын, 

 

Ы.Алтынсарин 



атындағы  орта    мектептің 

оқушысы    Д.Тілепбергенова 

екінші    орын  иеленсе, 

Амангелді    орта  мектебінің 

оқушысы  К.Шарипованың 

шығармасы  жүлделі  1  орын-

ды  жеңіп  алды.  Ал  «Үздік 

сурет»  аталымы  бойынша  

Ы.Алтынсарин 

атындағы 

орта    мектептің  оқушысы 

А.Болатовтың  еңбегі  үздік 

деп 

танылды. 



Семигла-

вый  Мар  және  Қ.Сәтбаев 

атындағы  орта    мектеп 

оқушылары Р.Арыстанов пен 

М.Бекболатов  жүлделі  екін-

ші  және  үшінші  орындарды 

бөлісті. 

Тасқала  аудандық  ішкі 

істер  бөлімінің  бастығы,  по-

лиция  майоры  А.Сары  сай-

ыскерлерді    диплом  және 

естелік  сыйлықтарымен  ма-

рапаттап, алғысын білдірді.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА

Ауылда өткен қабылдау

Жуырда  аудан әкімдігі мен аудандық прокуратураның  ұйымдастыруымен Мереке 

ауылдық мәдениет үйінде бірыңғай қабылдау  күні өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары 

Л.Жұбанышқалиева мен аудан прокуроры М.Изимов, «Нұр Отан» партиясы аудандық 

филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез  және мекеме басшылары қатысты.

Оған  ауылдық  округ  әкімдері  мен  мемлекеттік  қызмет 

көрсетуге жауапты мамандар, халыққа қызмет көрсету орталығы 

департаментінің  Тасқала  ауданы  бойынша  бөлім  басшысының 

м.а. С.Мәмбетова қатысты.

Күн  тәртібінде  тұрғындардың  «электрондық  үкімет»  порта-

лы  арқылы  көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтерді  алу  мәселесі 

бойынша  С.Мәмбетова  жиналғандарға  түсіндіріп,  қойылған 

сұрақтарға нақты және толық жауап берді. 

Тұрғындарға  көрсетілетін  қызмет  сапасының  жақсарғанын 

және оны қалай алуға болатыны туралы тілге тиек етті.

Өз тілшіміз

Пилоттық жоба 

қолданыста

Жуырда  аудан 

әкімдігінің мәжіліс 

залында аудан әкімі 

аппаратының басшысы 

М.Мырзаштың 

төрағалығымен 

«Электрондық үкімет» 

порталы арқылы 

көрсетілетін мемлекеттік 

қызметтерді алу 

бойынша пилоттық 

жобаны қолданысқа 

енгізу жөнінде жиын 

өтті.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жақында аудандық аумақтық инспекциясы мекемесінде  «Нұр Отан» партиясы аудандық 

филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесі көшпелі отырыс 

жасап, ауыл шаруашылығына жауапты мемлекеттік қызметкерлермен кездесті.

Полиция қызметі бала көзімен

Ұлттық құндылықтарды 

дәріптеу, салт-дәстүрімізді 

сақтау, берекелі де тату отбасын 

құру қоғам үшін қашан да 

маңызды. Алайда үй ішінде 

кикілжің туса, қызметіңізде 

қолайсыз жағдайлар пайда болса 

бірінші кезекте кімге жүгінесіз? 

Осындай іс-әрекеттердің алдын 

алу мақсатында ауылдық 

округтерде кәсіби емес 

медиаторлар жұмыс атқаруда.

Сәрсенбі 

күні 

Тасқала 


аудандық 

сотының 


төрағасы 

А.Дүйсенғалиевтің 

қатысуымен 

«Сотқа дейінгі дауларды медиация 

тәртібімен  реттеу»  тақырыбында  

дөңгелек 

үстел 

өтті. 


Онда 

ауылдық  жерлердегі  кәсіби  емес 

медиаторлардың  негізгі  міндеті 

мен  мақсаты  айтылып,  жұмысты 

жақсартуға негіз болатын ұсыныс-

пікірлер тыңдалды. 

Аудан  әкімінің  орынбасары 

Л.Жұбанышқалиева  медиацияның 

қоғамдық өмірдегі рөліне тоқталып, 

мысалдармен  дәлелдеп  берді.  Лю-

ция Әсетқызының сөзіне қарағанда, 

медиатор ауылдық жерлерде туған 

кез-келген  істерді  сотқа  жеткізбей 

бітімгерлікпен  шешуге  тиіс.  Ме-

диатор  сөзі  жерде  қалмайтын    ор-

тасына сыйлы жан болуы шарт. Ол 

ажырасу бойынша түскен арыздар-

ды  мұқият  қарап  барып,  отбасын 

сақтап  қалудың  жағдайларын  жа-

сау керек. Қылмыстық істердің ал-

дын  алу  шараларын  күшейту  мін-

деті де қойылды. 

Сонымен қатар кеңсе меңгерушісі 

Ә.Қарекенов аудандық сотта 2013-

2017 жылдар аралығында медиация 

тәртібімен  аяқталған  істер  бойын-

ша баяндама жасады

Әсемгүл СЕріКҚАЛИҚызы

Медиация – дауды шешудің жаңа түрі


3

02.06.2017 жыл



Әлеумет

Саяси-қуғын сүргін 

құрбандарын еске алу күніне 

орай атағынан ат үріккен 

арғы атамыз Жүсібәлі 

туралы өз естелігіммен 

бөлісуді жөн көрдім. 

Жүсібәлі 

 

атамыз 


Абай 

Құнанбаевтың  замандасы,  шамамен 

1850  жылдары  туған.  Әкесі  Сүгірден 

қалған жалғыз тұяқ. Жастайынан діни 

тәрбие  алған,  өз  заманының  сауатты 

адамы.    Ауқатты  ортада  өскенмен 

иман  жүзді  жан  болған.  Ораза, 

намазын  тастамаған.  Естуімше,  өте 

қайырымды, 

айналасындағыларға 

көмектесуге  әзір  тұратын  қарапайым 

болыпты. Қора толы қой мен мыңнан 

астам  жылқыларын  мұқтаж  жандарға 

жұмсаған.    

Қазіргі  күннің  сөзімен    айтсақ, 

сол  кездің  өзінде  көптеген  қоғамдық 

жұмыстарға  қатысып,  демеушілік 

танытқан,  кемтар,  кедей  шаруаларға 

көмектескен, 

талай 


жетім-жесір 

сол  кісінің  үйін  паналап,  күндерін  

көрген.

Сол  кездің  өзінде  ол  мешіт 



ашып  молда  ұстап,    ауыл  балаларын 

оқытуға  атсалысқан.  Меккеге    барам 

деп  жүргенде,  баласы  дүниеге  келіп, 

оған    Қажмұхамбет  деп    ат  қояды. 

Бірақ  ол  бала  жастайынан  өмірден 

өтеді. Кейін арманы орындалып, 1902 

жылы қажылыққа аттанады. Араға 11 

ай  салып  аман-есен  елге  оралған  соң    

дүниеге  келген  ұлына  Қажығали  деп 

ат  қояды.  Ол  менің  әкем  болатын. 

Қажығали    Жүсібәлі  атамыздың  ең 

кенже баласы.

Қажылыққа  аттанарда  атам  өз 

қаражатына  бір  топ  адамды  бірге 

ала  барыпты.  Сол  кезде  атамызбен  

Меккеге  бірге  барған  Мұстафиндер 

мен  Ғұбашевтардың    ұрпақтары  осы 

күнде арамызда жүр.  

Жүсібәлі  атамыздан    Сатыбалды, 

Сатқали,  Досқали,  Досмағамбет, 

Бекмағамбет, Нұрмұхамбет, Қажығали  

атты  жеті бала тарайды. 

Араға  жылдар  салып,  елдің 

берекесі  мен  бірлігі  бұзылып,    қазан 

төңкерілісі мен тап күресі басталады. 

Бейқам  жатқан  халықты  ақтар  келіп 

шауып,  мал-мүлкін  талан-таражға 

салады.  Соның  ішінде  атамыздың 

да  малы  бірге  кетеді.  Сөйтіп,  азамат 

соғысы  1921  жылғы  аштықпен 

жалғасады.    Халық  аштан  қырыла 

бастағанда Жүсібәлі атамыз тонаудан 

қалған  аз  ғана  малын,  халыққа  бөліп 

беріп,  өзінің  ауыл  арасында  мінетін 

аты  болмай,  жаяулап  қалады.  Сол 

кезде елде «Қажы ата жұтап қалыпты» 

деген  хабар  тарайды.  Мұны  естіген  

ауылдастары  өз  еріктерімен  уақытша 

пайдалануға  (саууға,  мінуге,  жегуге) 

алған  жылқыларын  атамызға  кері 

қайтарыпты. Содан  47 бие жиналып, 

ол    1-2  жылда  жүзден  асып,  көбейіп, 

көзге  түсетіндей  жағдайға  жеткен. 

Сол  жылдары  атамыз  дүниеден 

өтеді.  Оның    малы  мен    мұрасы  

балаларына  қалады.  Сөйтіп  үлкен 

баласы  Сатыбалды «бай, кулак» деген  

атпен  жала  жабылып,  сотталып  жер 

аударылады.    Мал-мүлігін  тәркілеп, 

өзін    Алматы  жаққа  айдап  жібереді. 

Бұл 1928 жылы болған оқиға.

Жер  аударылған    Сатыбалды 

атамыздың отбасында  10 жан болған.  

Жұмысқа 


жарамды 

дегендерін 

Түрксиб құрлысына жібереді. Жұмыс 

ауыр,  амал  жоқ  топырақ    тасып  арба 

сүйреп,  жер  қазады.  Бір  үйден  4-5 

адам    жұмыс  істегендіктен  табыста 

бір  жерге  түседі.  Сөйтіп  олардың 

тұрмыстары 

қайтадан 

жақсара 


бастайды. Елдің алдына шығып көзге 

түседі.  «Мыналар  тағы  байып  кетті» 

деп  екінші  рет  конфискацияға  ілігіп, 

сотталып  1932  жылы  қайтадан  елге, 

Оралға жер аударылады.

Атамыздың екінші баласы  Сатқали 

да қудалауға түседі. Оған  «молдасын, 

қажының  баласысың»  деген  айып 

тағылады.  Сотталу,  тіпті  атылу 

қаупі  болғандықтан  Сатқали  ата 

інілерін  жинап  алып  Ресейге  көшіп 

кетеді.  Артынан  келген  іздеушілер 

қолға  түскендерін  атып,  ит  жеккенге 

айдап,  түрмеге  қамайды.  Аман-есен 

құтылғандары босқын болып сай-сала 

мен өзенді  жағалап, орман арасында, 

Еділден  әрі-бері  өтіп,  Саратов, 

Куйбышев,  Ульяновск  облысында  

күндерін көрген. Олардың ұрпақтары 

әлі  күнге дейін сол жақта.

Ия,  атамыз  Совет  үкіметін 

қолдамаған,  заңдарына  бас  имеген, 

бірақ қарсы күреспеген, қашып жүріп 

күнелткен.

Ата-баба  салтымен,  дінін  ұстап, 

ділін  сақтаған,  дәстүрін  заңымыз 

деп  танып,  ұлттық    құндылықтарын 

дәріптеген.  Тілін  қадірлеп,  қазақ 

қалпында  қалған.  Бір  өкініштісі 

Жүсібәлі  атамыздың  балалары  халық 

жауы,  бай,  кулак,  банды  деген  аттан 

қашып,  атамыздың  атын  өзгертіп  

басқа  атаққа  көшіп  күн  көрген. 

Соның  салдарынан  бүгінде  Жүсібәлі 

атамыздың есімі атаусыз қалды. Оның 

атын асқақтатып, мақтанышпен ұстап 

жүре алмағаным өкінішті. Сондықтан 

оның аруағы алдында  басымды иемін. 

Жүсібәлі атамыз 75 жасқа дейін өмір 

сүрген,  мәиіті  Казталовка  ауданына 

қарасты 

Құрманғазы 

ауылында. 

Сатыбалды  атамыз  шамамен  52-54 

жасында  қайтқан,  зираты  өзі  еңбек 

еткен Түрксиб құрлысында қалды.

Сатқали  ата  80  жасында  өмірден 

өтіп, мәңгілік мекені Самара облысы, 

Хворостянка  ауданы,  Масленникова 

совхозынан бұйырды.

Басқа аталарым да  қуғында жүріп, 

сүйектері Ресей жерінде қалды.

Қажы 

Жүсібәліден 



қалған, 

немеренің  үлкені  мен.    Сондықтан 

қуғын-сүргіннің  зардабын  тартып, 

қиындықпен өмір сүрген аталарымды 

еске  ала  отырып,  кейінгі  ұрпаққа 

естелік  болсын  деген  ниетпен  осы 

мақаланы жазуға тура келді.

Арон ЖҰБАНыШЕВ,

еңбек ардагері

Тағдыр тауқыметін 

тартқан жан

Шараға  аудан  әкімінің  орынбасары 

Л.Жұбанышқалиева, «Нұр Отан» партиясы 

аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары Д.Ғазез, ішкі саясат бөлімінің 

басшысы 


А.Дүйсенова, 

өлкетанушы 

Ғ.Хисаметдинов, 

еңбек 


ардагерлері 

А.Жұбанышев,  М.Залиев,  С.Айтжанова, 

А.Хисаметдинова 

және 


Тасқала 

колледжінің студенттері қатысты.

Жиында    аудандық  мешіттің  бас  има-

мы А.Ибрашев құран оқып, ұрпақ пен ұлт 

қамы үшін өздерін құрбан еткен ата-баба 

рухына арнап дұға тіледі. 

Мұнан  соң  Л.Жұбанышқалиева  мен 

Ғ.Хисаметдинов  сөз  алып,  сяси  қуғын-

сүргін  құрбандары  жөнінде  әңгіме 

өрбітіп, бүгінгі өсіп келе жатқан өскелең 

ұрпақтың  ата-баба  ерлігін  ешқашан  ес-

терінен  шығармау  қажеттігін  тілге  тиек 

етті.

Сондай-ақ  еңбек  ардагерлері  Арон 



Қажығалиұлы  мен  Сара  Ермекқалиқызы 

сол бір зобалаң заманның ешқашан естен 

шықпайтынын айтты.

 

Е.ЕЛЕКЕНОВ

    «Өткенді ескерген -

            өскендіктің белгісі»



Сәрсенбі күні дәл осындай тақырыппен  аудандық балалармен 

мектептен тыс жұмыс орталығында 31 мамыр саяси қуғын-сүргін 

құрбандарын еске алуға арналған салтанатты кеш  өтті. Аталмыш 

шараны ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, аудандық жастармен жұмыс 

жөніндегі ресурстық орталығы және «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі  

ұйымдастырды.  

4

02.06.2017 жыл



Туған жерім - тұғырым

Жыл  өткен  сайын  соңғы 

қоңырау  салтанатында  осы-

дан  он,  жиырма,  тіпті  елу 

жыл  бұрын  мектеп  бітір-

ген  түлектердің  бас  қосуы 

дәстүрге  айналып  келеді.  

Республикамыздың  түкпір-

түкпірінде еңбек етіп жүрген, 

қала  берді  шет  елде  тұратын 

түлектеріміз  дәл  осы  күні 

алыстан  ат  арытып  мектепке 

жиналады.

Аталмыш  шара  биыл  да 

жалғасын 

тапты. 


Шежін 

және  Оян  ауылдарында  мек-

теп  бітірген  түлектер  бәйге  

мен 


спорттық 

ойындар 


ұйымдастырды.  Әрине,  бұл 

құптарлық  жағдай.    Алай-

да  әрі  кетсе    екі-үш  сағаттан 

аспайтын  дала  қызықтарына 

қаншама қаражат шығатынын 

бір  сәт  ойланайықшы.  Ол  аз 

десеңіз,  тұлпарының  орын 

алмағанына 

өкпелейтіндер 

тағы бар. Сондықтан туған жер-

ге  деген  сүйіспеншілігімізді 

тек  той  тойлап,  қыруар 

қаржыны  далаға  шашу  емес, 

қайта  туған  жерге  пайдасы 

тиетіндей,  өсіп  келе  жатқан 

ұрпаққа  үлгі  болып,  ауыл 

айта  жүретіндей  істерге  неге 

арнамасқа  деген  сұрақ  туын-

дайды. 

  Жиналған  қаржыны    елді 



мекендерді 

абаттандыруға, 

мәдени  нысандарды  қалпына 

келтіруге  жұмсасақ,  нұр 

үстіне нұр болар еді. 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 

«Болашаққа  бағдар:  рухани 

жаңғыру»  атты  мақаласында 

басқа аймақтарға көшіп кетсе 

де,  туған  жерлерін  ұмытпай, 

оған  қамқорлық  жасағысы 

келетін  кәсіпкерлер  мен  ше-

неуніктерді,  зиялы  қауым 

өкілдері мен жастарды қолдау 

керектігін  айтқан  болатын. 

Мұндай жаны жомарт жандар 

біздің ауданда да көптеп кез-

деседі. Солардың бірі  Шежін 

мектебін  осыдан  20  жыл 

бұрын бітірген  «Laige» ЖШС 

директоры Н.Жұмашев соңғы 

қоңырауға  арналған  салта-

натты жиында  мектептің акт 

залына  жұмсақ  орындықтар 

сыйласа,    Шипов  орта  мек-

тебін 30 жыл бұрын аяқтаған 

А.Шалқаров  аталмыш  білім 

ордасына  спорттық  кілемдер 

тарту  етті.  Ол  бір  жағынан 

мектепке естелік болып қалса, 

енді бір жағынан оқушыларға 

пайдасы тиетін дүниелер.

Дана  халқымыздың  «аулы-

на  қарап  азаматын  таны» 

деген  нақыл  сөзі  дәл  осы 

жандарға арналғандай.

Соңғы  кезде  әлеуметтік 

желіде  мектеп  түлектерінің 

туған  жерге  тартуы  деген 

шағын  мақалалар  көптеп 

жарық  көруде.  Мысалы  Каз-

талов  ауданында  ауылға 

кірер  күре  жолға  түлектер 

елді  мекеннің  аты  жазылған 

белгі  орнатса,  ОҚО-да    мек-

теп  бітіргендеріне  10  жыл 

толған түлектер  қарт әжейдің 

үйін  жөндеуден  өткізген. 

«Көп  түкірсе  -  көл»  деген. 

Бұл  барлығына    үлгі  бола-

тын игілікті іс. Нағыз тәрбие 

ұшқыны міне,  осы емес пе? 

Сонымен не айтқымыз кел-

ді? Біз әркімнің тиын-тебенін 

санаудан аулақпыз. Қайта осы 

мақала  арқылы    қолға  алған 

жұмыстың  тәрбиелік  мәні, 

қоғамдық  маңызы  болса  дей-

міз.  Туған  жерге  деген  пер-

зенттік  парызымызды  ауылға 

деген  әдемі  тартулармен,  ел 

мерейін  еселеп,  жұртшылық 

көңіліне  серпіліс  сыйлайтын 

игі  істер  мен  тың  жобалар-

ды  қолға  алып,  ауылымызды 

абаттандыруға  үлес  қосу 

арқылы өтесек қандай ғажап.

Әрине, 


біздің 

мақсат  


қалың  оқырманға  ой  тастау. 

Сондықтан  осы  мақаланы 

оқыған 

келер 


жылғы 

түлектердің  құлағына  алтын 

сырға. 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал