Тарлан әнші



жүктеу 33.77 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі33.77 Kb.

ТАРЛАН 

ӘНШІ 

Жаз ортасы жақындап 

қалған кез. Көптен бері 

көктен тамшы түспей. 

дала жүзі қуаң тартып 

тұрғанымен Қарқаралы-

ның қалың орман жапқан 

көгілдір тауының қой-

науы бәз баяғы көк бояқ 

қалпын сақтап, құлпырып 

тұр. Ағаш ішінің салқын 

саясында жайнаған жапы-

рақты жасыл желекті ая-

ғыңмен таптауға қимай-

сың. Сондай саялы сайға 

қазақтың бірнеше ақбоз 

үйлері тігіліп, қой сойы-

лып, ет асылып жатыр. 

Ауыл маңында қызылды-

жасылды киінген қыз-

бозбала, қолдарында дом-

быра, баян. Мына жақта 

бәйгеге қосуға дайын 

сәйгүліктер жер тарпиды. 

Ауылға көз салған адам 

бейне бір ұлан-асыр үлкен 

төйға әзірленіп жатқанын 

аңдағандай еді. 

Бұл шынында үлкен 

той — өлең мен жырдың 

Қарқаралы топырағында 

тұңғыш өткелі отырған 

зор мерекесі болатын. 

Әне құрметті қонақтардың 

өздері. де көрінді. Қара, 

көкшіл сырлары жалт-

жұлт ойнаған «Чайка», 

«Волга», басқа машина-

лар ағылып келе бастады. 

Бұлар Совет әдебиетінің 

Қазақстанда өтіп жатқан 

он күндігіне қатысушы-

лардың бір тобы, СССР 

Жазушылар Одағының 

секретары Вадим Кожев-

ников басқарған қадірлі 

меймандар еді. Қастарын-

да облыс, аудан басшыла-

ры бар. Әрісі Болгария-

дан, берісі өзіміздің Қара-

ғандыдан келген сөз өне-

рінің майталмандары өз 

лебіздерін естірткеннен 

кейін халықтың ұлт ойын-

дарын, ел ішіндегі талант-

тарды тамашалауға кіріс-

ті. 

Бір кезде үстіне қызыл 



жолақты көк пүліш ша-

нан, басына сол түсті 

қазақы бөрік киіп, 

белін қынай буынған, 

қолына үкілі домбыра 

ұстаған, қаршыға денелі. 

қағілез қимылды Байкең 

ортаға шықты. Көкмайса-

да алқақотан отырған 

жұрт бір қозғалақтап 

қалысты. Талай-талай 

алқалы топтың, мол жиын 

ның ортасына түсіп өнер 

көрсеткен қарт тарлан 

қысылмады. Екі иығын 

сәл қомдап, домбырасын 

әрлі-берлі безілдетіп-безіл-

детіп алды да, Жарылғап 

берлінің «Шамасын» 

шырқай жөнелді. Жетпіс-

тің желкесіне мінген Бай-

мұқаш ақсақалдың ашық 

даусы баяғы қалпында 

екен. Әлгінде тына қалған 

тау іші асқақ үнмен 

қатты жаңғырып кетті. 

Мың жасаған қара жақ-

пар тастар да, жүз жаса-

ған зәулім қарағайлар да 

қарт әншіге қосылып, кү-

ңірете жөнелгендей болды. 

Байкең болса бабына 

келген жүйріктей бауы-

рын жаза түсті. Біржан-

ның, Ақансерінің әндерін,. 

Исаңың желдірмелерін 

бірінен соң бірін ағытып 

жатыр. Сүйсінген жұрт 

үсті-үстіне қол шапалақ-

тап бис. бис!», тағы тағы»! 

десіп тақымдайды. Бай-

кең де осы жолы барын 

салғандай. Оның да жәні 

бар. Өйткені кең байтақ 

Отанымыздың әр түкпірі-

нен келген мына қонақтар 

менмандос еліміздің төрі-

не он бес Одақ  т ү г е л жи-

налғандай әсер етеді. 

Ақыры Қалабаев орны-

нан тұрды, қолын кеуде-

сіне қойып, өнеріне 

қошамет көрсеткен көпші-

лікке тәжім етті. 

— Вот настоящий пе-

вец! 

— Чудесный голос! 



—Нағыз екінші Әміре! 

- десіп жатыр жұрт. 

Одан бері де екі-үш 

айдың жүзі өтті. Соңғы 

сөз қарт әншінің құла-

ғында бүгін айтылғандай 

жаңғырып тұр. Ол жаң-

ғырған сайын көп жыл-

дардың ар жағында қал-

ған ұмытылмас күндерді 

қайта тудырып, өміріне 

өшпес із қалдырған сәт-

терді көз алдына көлбең-

детеді. Әміре дегеннен 

шығады-ау. Байкең болса 

айқайын айға асыратын 

Қашаубаевтың қасында 

талай жүрген. Тек ол ға-

на емес, революция қар-

саңында біраз жыл жа-

былып қалып, совет өкі-

метінің іргесі бекіген соң 

қайтадан дүрілдеген Қоян 

ды жәрмеңкесінде дүние-

нің төрт төңірегінен жи-

налған дүйім жұрттың 

арасында жаңағы Әміре 

Қашаубаевпен, Қали Бай-

жановпен, Ғаббас Айт-

баевпен, Жүсіпбек Еле-

бековпен, Иса Байзақов-

пен, Майра Уәли қызы-

мен, Қуан Лекеровпен, 

Рахметжан Ыбыраевпен 

бірге Байкең де ән шыр-

қаған. Есептеп көрсе оған 

да аттай елу жыл толып-

ты. Сондағы үзеңгілес 

өнерпаз достардың біразы 

о дүниелік болды. Жүсіп-

бек сияқты тірі қалғанда-

ры Алматыда. Басқалар-

ға ұсап астанаға кетсе 

Байкеңнің де атағы көп 

жерге жайылар еді. Бірақ 

аунаған топырағын қимай, 

ауылда қалды. Одан қа-

дірі кеміген жоқ. Қарқа-

ралының қай атырабына 

барса да үлкен-кіші ба-

сына көтереді. 

— Байке, шамаңыз 

келгенше мені жалғыз 

жібере көрмеңіз, «күріш 

арқасында күрмек су іше-

ді» дегендей, сізбен бірге 

жүрсем тамағым да 

тоқ, жататын орным да 

жәйлі болады»— деп қоя-

ды автоклубтың шофері 

Аксарин Анатолий ара-

тұра. Ойнап айтса да 

оның мұнысында шындық 

бар еді. Бірде жалғыз 

өзі ауыл аралап, кино 

қойған жігіт бір ауылға 

қонбақ болады. Алайда 

үй иесі жылы қабақ 

бермейді. Сырын ішіне 

бүккен жігіт тұнқатып 

қалаға қайтады. Ертеңіне 

кабинасына Байкеңді са-

лып алып, әлгі ауылға 

қайта келеді. Бұл жолы 

қай-қайсысы болса да 

шаужайларына оралып, 

құрақ ұшады. Ел жәйла-

нып отырған кезде қазақ-

шаға судай Анатолий ке-

шеден бергі оқиғаны 

майын тамызып әңгіме-

леп, жиналғандарды күл 

кіге қарық қылғаны бар. 

Екеуі төрт жылдан бе-

рі істес болып келеді. 

Байкең басшылық жасай-

ды, ауыл адамдарына 

түрлі жаңалықтардан 

әңгіме айтады, ән сала-

ды. Аксарин шофер, әрі 

кнномеханнк. Аудандық 

мәдениет бөліміне қарасты 

№4 бұл автоклуб көрші-

лес Жамбыл, Нұркен 

атындағы совхоздардың 

шалғайдағы ауылдарын 

қамтиды. Жасы жетпіске 

аяқ басқан қарт әнші 

қыс демей, жаз демей 

малшыларға, механиза-

торларға мәдени қызмет 

көрсетеді. Биылғы өткен 

алты айдың ішінде Ана-

толий екеуі 140 кино-

сеанс қойып, 40 әңгіме 

өткізіпті. Бұл үшін Бай-

кең басқаратын авто-

клуб жарты жылдық 

қорытындыда жарыс жүл-

дегері атанып, облыстық 

мәдениет басқармасы мен 

мәдениет қызметкерлер 

кәсіподағы облыстық ко-

митетінің ақшалай сый 

лығын және көшпелі жа 

лауын жеңіп алды. Тар-

лан әнші тамам жұртты 

әлі де тамсандыра бер-



мек. 

С. ТАРПАҢОВ. 



Коммунизм таңы.- 1974.- 3 сентябрь.-4 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал