Тарихи тұлғалар шортанбай қанайұлы 1818 қазіргі



жүктеу 115.75 Kb.

Дата15.01.2017
өлшемі115.75 Kb.

Тарихи тұлғалар 

ШОРТАНБАЙ  Қанайұлы (1818  қазіргі 

Шымкент облысының Түркістан ауда-

ны — 1881,  қазіргі  Қарағанды облысы. 

Шет ауданының Ақсу-Аюлы селосы) — 

қ

азақ ақыны. Әрі жазып, әрі суырып 



салып айтатын сауатты ақын болған. 

1870 жылдарға дейін Шортанбай шы-

ғармалары ел ішіне ауызша тарап кел-

се, кейін баспа беттері арқылы да та-

нылды. Шортанбай шығармаларында 

қ

азақ даласындағы әлеуметтік өмір 



бірсыдырғы шындықпен бейнеленген. 

Ол бір топ шығармаларында («Бір тә-

ңірге аянды», «Бір насихат айтайын», 

«Қалықтаған сұңқар ем», т. б.) еңбекші 

бұқараның азапты ауыр тұрмысын, би-

болыс,  ұлықтардың зұлымдығы мен па-

рақорлығын әшкереледі. «Кедейге са-

лып шығынды. Негізі байың тоймай-

ды» деп байлардың ашкөздігін бетіне 

басты. Ел билеушілерді аяусыз түйреп, 

олардың жиынтық бейнесін жасаса да, 

әлеуметтік өзгерісті көре алмаған 

Шортанбай торығуға салынды («Мы-

нау заман  қай заман, Азулыға бар за-

ман, Азусызға тар заман»). Сондықтан 

Шортанбай шығармаларының көпшілігі 

ескіні аңсап, жаңалықтан үркуден ту-

ған. 


Мысалы. «Зар заман» поэмасы — 

күні өткен заманды аңсаған кертартпа 

толғау. Мұнда заман азды, заң тозды, 

бұрынғы зорлар  қор болып,  қорлар 

зор болды, ата-ананы бала тыңдаудан 

қ

алды деп торығады. Әлеуметтік мә-



селені сөз етіп, ел билеушілердің 

парақорлық, тағы басқа мін-қылықта-

рын сынағанда да оларды ескі салт-

жора, шариғат жолымен кінәлап, бұ-

рын өткен билердің іс-әрекетін аңсай-

ды. Жаңалық біткенді танығысы кел-

мейді, оған үрке қарайды («Мініп түсер 

күші жоқ, Сауып ішер сүті жоқ, Ақша 

деген мал шықты"). Шортанбай — фе-

одалдық  қоғамның жоғын жоқтаушы 

кертартпа ақын болды. Оның бірсыпы-

ра шығармалары «ХVIII-ІХ ғасырлар-

дағы  қазақ ақындарының шығармала-

ры» (1962), «Айтыс» (1965) атты жинақ-

тарда жарияланған. 

(Қазақ совет энциклопедиясы. XII 

том, 270-бет, А., 1978-жыл). 

Қарқаралы 



Арқалы ақындарымыздың бірі және 

бірегейі, Арқа бойындағы аса белгілі, кү-

ні бүгінге дейін ел аузында жүрген аса 

ардақты алаш азаматтарының бірінен 

саналатын Шортанбай  Қанайұлының өр-

шіл де өлмес өлеңдері былай тұрсын 

оның өзінің де есімін аузымызға ала ал-

майтын керенау заман бүгінде келмеске 

кетті емес пе?! Ол жайлы басқаны былай 

қойғанда 1965 жылы Алматыда өзіміз-

дің «Жазушы» баспасы шығарған «Үш 

ғасыр жырлайды», тағы сол баспа арқы-

лы 1984-1985 жарық көрген «Бес ғасыр 

жырлайды» атты академиялық жинақтар-

да да бір де бір жол кездестіре алмай-

сыз. Сол соңғы үш-бес ғасырлардың 

ішінде Шортанбай атты жырау өмір сүр-

меген», дауысы алысқа кеткен» өлең-

жырларын жырламаған, «хан көтерген» 

тыңдаушысы-халқы жырау атандырма-

ған сияқты. Алайда «таң атпаймын десе 

де күн  қоймайды» деген бар емес пе, 

поэзия көгіндегі нұрлы күннің, жарық 

жұлдыздардың бірі Шортанбай аты 

аталмай  қалмақ емес, оның дархан да-

рыны тудырған ғажайып жырлар оның 

өз кезіндегіден де асқақ естілетін бо-

лады. Бұған бүгінде еш күмән жоқ... 

Бір кездердегі «жеке адамға табын-

ған» зарлы заманның зәрлі жемісі бол-

ған кейбір «ұрда жық — бас алар»  қаулы-

шешімдерді, жаттанды заңға айналған 

дарақы  қағидаларды бүгінгі күн, заман 

талабына орай  қайыра  қарап, көпшілігі-

нің дерлік күштерін жоқ етіп, келмеске 

кетірген соңғы жылдардағы кейбір  қор-

тынды-шешімдердің, 

қаулы-қарарлар-

дың бұл жолдағы мән-маңызын айтып 

жеткізудің өзі  қиын. Міне, осындай ше-

шім-қортындылардың бір тобын Әдеби-

ет пен өнер мәселелері бойынша оты-

зыншы-қырқыншы жылдар кезеңі мен 

елуінші жылдар басында  қабылданған 

солақай  қаулыларды зерттеу жөнінде 

құрылған мәртебелі де білікті комис-

сияның  қорытынды-тұжырымдары бой-

ынша  қабылданған болатын. Сол  құжат-

тардың бірінде: «Шортанбай, Дулат, 

Бұқар жырау, Мұрат ақындардың твор-

честволық мұрасы тереңдеп зерттеуді 

қажет етеді», — делінген тұжырым жол-

дар жазылған еді. Міне, осыдан кейін-

ақ, аталған  құжат  қабылданғаннан кейнгі 

өткен жыл мен үстіміздегі жылда  қазақ 

халқының аттары аталған дарынды 

жыраулары мен арқалы ақындары жай-

лы, олардың өміршең, өлмейтін өнер-

лері туралы біраз келелі әңгімелер  қоз-

ғалып, олардың ғажап туындыларын хал-

қына жеткізу, өлеңдерін жариялау жай-

ында біраз жұмыстар тындырылды. Со-

ның ішіндегі аса маңыздь», іргелі еңбек-

тердің бірі 1989 жылы шұғыл түрде шы-

ғарылған «Бес ғасыр жырлайды» атты 

жинақтың екітомдық жаңа нұсқасы бол-

ды. Осыдан кейін ғана Шортанбай жай-

лы пікір айтып, оның өлеңдерін айту, 

баспасөз беттерінде жариялау мүмкін 

болды... Нақ осыдан кейін ғана республи-

калық, облыстық баспасөз органдарының 

беттерінде Шортанбай өлеңдері жари-

ялана бастады. «Жұлдыз» журналы мен 

облыстық «Орталық  Қазақстан» газетте-

рінің беттерінде бір осы жылдың өзін-

де ғана бірнеше реттен Шортанбай өлең-

дерінің топтамалары берілді. 

Бұл ретте өзінің әріптес ағаларынан 

біздің «Қарқаралы» журналы да  қалыс-

пай келеді. Журналдың екінші санында 

Шортанбай жыраудың отаршылдық-

тың  қазақ жеріндегі салдарларын мей-

лінше  қаталдықпен әшкерелеген, бұрын 

еш  ж е р д е жарияланбаған өткір толғауы 

жарық көрді. Осы жолдардың авторы 

журналдың арнайы командировкасымен 

Санкт-Петербург (Ленинград)  қаласына 

барып, кезінде осы  қалада және  Қазан-

да жарық көрген алты кітапшасының ксе-

рокөшірмесін алып  қайтты. Сол кітаптар-

да жарияланған Шортанбай жырау өлең-

дерінің бүгінгі әрпімізге түсірілген толық 

нұсқасын  қалпына келтіріп, оларды кей-

іннен табылған өлеңдерімен толықты-

рып, жырау шығармаларының толық жи-

нағын журнал атынан жарыққа шығарып, 

қалың оқырмандарына табыс ету бүгін-

дегі ой-жоспарымыздан бірінші кезекте 

орын алып отырғанын ортаға сала кет-

кенді жөн көрдік. Ал соның бір жемісі 

ретінде журналымыздың бүгінгі төртін-

ші санында Шортанбай жыраудың әзір-

ге  қолда бар біршама толық түрдегі нұс-

қалары жарияланып отыр. Олармен та-

нысқан оқырмандарымыздан бұл топ-

тамаға ілінбей  қалған жырау өлеңдері-

нің басқалай нұсқаларын жіберер, келіп 

түсер деген ойымыз да жоқ емес. Ондай 

көзі ашық, зиялы азаматтар табыла  қал-

са, алдын-ала мың мәртебе алғыстан 

басқа айтарымыз бола  қоймас. Ал келіп 

түскен нұсқаларды сол мың мәртебе 

алғысымызды айта отырып,  қолма-қол 

журналдың кезекті санында жариялған 

болар едік... 

Шортанбай жыраудың өмірбаяны ту-

ралы ғылми нақтыланған деректер өте 

аз, тіпті, жоққа тән десе де болғандай. 

Содан келіп шамалы деректердің өзі 

әрқилы айтылып та жүр.  Қазақ ССР Ғы-

лым академиясы 1961 жылы шығарған 

«Қазақ әдебиеті тарихының» екінші то-

мының ХVIII-ХІХ ғасырлардағы  қазақ 

әдебиетіне арналған бірінші кітабы мен 

жоғарыда аталған «Бес ғасыр жырлайды» 

(1989 жыл) атты жинақта Шортанбай 



ақын 1818 жылы осы күнгі Оңтүстік  Қа-

зақстан облысының Түркістан ауданын-

да  Қаратау баурайында туған делінсе, 

«Қазақ әдебиеті» газетінде сол 1989 жы-

лы жырау өмірін зерттеуші Кәмел Жү-

нісов бұрынғы  Қарқаралы уезіне,  қазір-

гі Жезқазған облысына  қарасты Шет ау-

данында дүниеге келді деп жазды. Ал 

ер жете келе өмір сүрген ортасы, ақын-

дық  құрған жері  Қарқаралы уезіндегі 

Бесата деген ел іші. Бұл жайды ақын өз 

өлеңінде былай деп жырға  қосады; 

«...Қаратауда  қалушы ем, 

Көк есекті мінуші ем, 

Масақ теріп жүруші ем... 

Сарыарқаның наны үшін, 

Шалқып жатқан малы үшін, 

Бері таман ауып ем .. 

Арқаға шығып нан жедім, 

Нан жеген соң дәндедім., 

Қазақтың жүйрігін мінсем деп, 

Сұлу болса сүйсем деп 

Күннен күнге сәндендім». 

Шортанбай жырау келген кезде Арқа 

бойының тұрғындары ауыл-ауылға бө-

лініп, әркім өз руларының намысын жыр-

тып, көшіп-қонумен жүрген-ді. Былайша 

айтқанда, ескі ауылдың әлі де «қаймағы 

бұзылмаған», әр ауылды ақсақалдары 

билейтін, ру басы-ауқатты бай билейтін, 

ал кең аймақгы хан билейтін мезгіл. Хан-

ды  қолпаштап, ру бірлігін дәріптеген, ке-

дей мен байдың ынтымағын көздейтін 

кез. Шортанбай, еліне, Сарыарқаға дәл 

осындай шақта, сауда-саттық ісі әзірге 

араласпаған, мұсылман діні де мықтап 

орын теппеген шақта, он тоғызыншы ға-

сырдың бірінші жартысында, хандық дә-

уірінде, Кенесарының дәуірлеп тұрған 

кезінде келді. Келді де,  Қарқаралы өңі-

рінде билік жүргізіп тұрған Жамантай, 

Құсбек төрелерді сағалап, солардың 

жыршысы болды. Басқаша айтқанда, 

Шортанбай феодализм заманында туып, 

сол дәуірдің ыстығына күйіп, суығына 

тоңған адам. Арқа бойына не себеппен, 

қалай келгені белгісіз болса да, мұнда 

келгеннен кейінгі кеп тұрақтаған мекені 

Бөкейханның нәсілдерінің, оның ішінде 

әсіресе кезінде аға сұлтан болған  қазір-

гі Жамбыл, Нұркен атындағы совхоздар 

жеріндегі Жамантай төренің ауылы бол-

ғаны анық. Міне, Шортанбайдың дін жо-

лын үгіттеумен  қатар феодалдық үстем 

тап өкілдерін дәріптеп өтуінің бірден-бір 

себебін осы паналаған төңірегінен, ор-

тасынан іздеген жөн сияқты. 

Кейіннен Жамантай аға сұлтандықтан 

түсіп, оның орнына немере інісі  Құсбек 

төре сайланған кезде Шортанбай біраз 

уақыт сол  Құсбектің  қолында тұрып, со-

ның дәріптеушісі, жыршысы болған. Ал, 

кейінірек  Құсбек те орнынан түсіп, оның 

орнына аға сұлтан болған Жамантайдың 

ұлы Саржан төре «кезінде әкесін тастап, 

Құсбек жағына шығып кеткені үшін» 

Шортанбайды жазаламақшы болғанда, 

жырау жаңа аға сұлтанның алдына өзі 

келіп: 

«Біліп келдім мінімді, 



Кессең, міне, тілімді. 

Кетсем жатқа кеткем жоқ, 

Паналадым, уа тақсыр, 

Өзіңнің бірге туған ініңді...», —деп 

ашулы төренің алдынан өтіп, кешірім сұ-

райды. Осы сөзге жалғастыра көп жайды 

жыр етіп айта келіп, Шортанбай: 

«Билік айтсын әркімге патша-құдай, 

Әрбір ханның тұсында бір сұрқылтай. 

Кешегі хан  Құсбектің заманында 

Мен түгіл өзің  қайттің, хан Жаман-

тай?!» — деп, Жамантайдың баласы Сар-

жан төрені сөзден тосылтып, өз басын кі-

нәлаудан ақтап алады. Осылайша  қайыра 

келген бойында Шортанбай Жамантай 

хан ауылында тұрақтап  қалады. Содан 

шамасы елулерден асқан кезінде сырқа-

ты ауырлап, ел арасындағы істерге ара-

ласудан  қалған Шортанбай біржола дін 

жолына берілген сияқты. Осыдан келіп 

өмірінің соңғы шағын өзіндей дін жолын 

қуған адамның төңірегінде өткізбек бо-

лып, Жамантайдан рұқсат алады да, осы 

Қарқаралы дуанындағы Арғын тайпасы-

нан тараған  Қара Үсен, Керней Сарым 

ішінде өмірінің соңғы шағын өткізген. 

Жоғарыда аталған «Бес ғасыр жырлай-

ды» жинағының бірінші томында беріл-

ген Шортанбай жырларының ықшамдал-

ған нұсқаларында жыраудың әл үстінде 

жатып айтқан  қоштасу толғаулары бар. 

Сондағы: 

«...Тағы да сәлем айтайын, 

Қалың жатқан Сарымға... 

Келе кер, Жәке,  қасыма-ай... 

Есендікте бол, Жәке, 

Қияметтік досым-ай!.., 

Жан жарға таяды, 

Қоя көр, Жәке, жастықты... 

Жантәсілімге таянды, 

Айта бер, Жәке, иманды!» — деген 

сияқты жолдар сол өзін паналатқан Са-

рым еліне, оның ішіндегі өзінің рухтас, 

пікірлес, ниеттес досы, басын сүйер се-

рігі болған Жанқұтты биге арналған сияқ-

ты. 


III 

Шортанбай жырлары баспа бетін сон-

шалықты көп көрген емес. Революция-

дан бұрын атақты тюрколог В. В. Радлов 

Петербургте 1870 жылы басып шығарған 

жинақта,  Қазан  қаласында «Қисса Шор-

танбай», «Шортанбайдың бала зары», 

«Бала зары» деген атпен 1888, 1890, 1894, 

1911, 1916 жылдары жарық көрген. Ал 


революциядан кейін Шортанбайдың ба-

ғы жанбады. Соғысқа дейінгі кезеңде 

орта мектепке арналған  қазақ әдебиеті-

нің хрестоматияларында жыр үзінділері 

беріліп жүрген еді. Кейінде ол да тоқтап 

қалды. Орыс тіліндегі жайы да осы тұр-

ғыда. Бір ғана өлеңі Москвада басылған 

«Песни степей» атты жинақта 1940 жылы, 

одан кейін бір топ өлеңдері 1978 жылы 

Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» 

атты жинақта жарық көрді. Жыраудың 

шығармашылық өнеріне деген бұл тәріз-

ді салқындықтың сырын жоғарыда айт-

тық. 


Шортанбай жырларын сынға алатын-

дардың, ең алдымен, тілге тиек ететінде-

рі  ұлы Абайдың: 

«Шортанбай, Дулат, пенен Бұқар 

жырау, 

Өлеңі бірі жамау, бірі  құрау, 



Әттең дүние-ай, сөз таныр кісі болса, 

Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау!» 

— деген өлең жолдары. Ал бұл ретте ол 

сыншылар мына бір жайды ескере бер-

мейді. Шортанбайлар поэзиясы ескінің, 

ауыз әдебиетінің соңы еді, осы ескінің, 

ауыз әдебиетінің жаңаға, жазба әдебиет-

ке  ұласар, жалғасар тұсы еді. Ал, Абай 

болса, сол жаңа поэзияның, жазба әде-

биеттің басы болатын. Осы биіктен, жаңа 

поэзия биігінен  қараған Абай сыны дұрыс 

та орынды болатын. Ал енді сол Абай-

дан бұрынғы және Абаймен тұстас шық-

қан жыршылар мен жыраулар, кітаби 

ақындар көп еді ғой. Солардың ішінен 

Абайдың осы үшеуін ғана айырықша бө-

ліп алып сынағанының өзі тегін емес  қой. 

Мұның астарында ескі  қазақ поэзиясын 

жасаушылардың ішіндегі ең таңдаулыла-

ры, сынауға тұрарлық мықтылары осы-

лар — Бұқар, Дулат, Шортанбайлар де-

ген мән-мағына жатыр. Абай ауызға алу-

ға жарағанның өзі, Абай сынауға татитын 

болудың өзі осал еместікті көрсетпей 

ме?! Абайдың жілігі татымайтын ақын-

дарды сынап несі бар, татымсыздарды 

Абай ауызға да алмас еді ғой. «Абайға 

сынатам, сол арқылы ел аузына іліне-

мін», — деген не бір мықтылар болған 

ғой кезінде, Абай соларды аузына да 

алмаған ғой, ақын еді деп атап, сынап 

өлең шығармаған ғой. Шынында да Абай-

дың әділ сынына  ұшыраған осы үш ақын 

— жілігі татитын ақындар екені ешқан-

дай дау тудырмайды ғой бүгінде. 

Шортанбай творчествосының келер 

ұрпақтар үшін бағалы, таптырмас жақ-

тары баршылық. Ең алдымен, ол өз ке-

зіндегі әлеуметтік мәселені тұңғыш рет 

дерлік тиісті дәрежеге көтере білді. Со-

ныман  қатар бұл мәселені шешуге, өзі-

нің шама-шарқынша жауап беруге  ұм-

тылған әдебиет  қайраткерлерінің бірі 

болды. Ол бір жағынан халықтың бай 

ауыз әдебиетінен, оның тамаша дәстүр-

лерінен  қол үзіп кеткен жоқ. Екінші жа-

ғынан, өз тұсында жаңа туа бастаған  қа-

зақ жазба әдебиетінің іргесін  қалау ісі-

не атсалысты. Шортанбай өз өлеңдері-

нің жинағын көзі тірісінде баспадан шы-

ғарып, В. В. Радлов сынды түркі әдебие-

тінің озық білгір білімпазының назары-

на ілігіп, 1870 жылы-ақ соның басқаруы-

мен Петербургте шығарылған жинаққа 

ілінген ақын. 

Шортанбай жырау осылар арқылы 

фольклор дәстүрінен едәуір ілгерілеп 

кетті. Осыдан келіп Шортанбай өлеңде-

рінің ауыз әдебиеті туындылары сияқты 

көп нұсқасы жоқ деуге болады, оның 

өлеңдерінің бізге келіп жеткен нұсқасы 

көбіне-көп біреу-ақ болып келеді. Ол 

Абай айтқандай, өлең сөзді «бөтен сөз-

бен» былғаған «білімсіз, бейшара» ақын 

емес.  Қашанда өз сөзін ескі ақындарша 

бастамай, айтар ойын нақты айтады, бір-

ден бастайды. Айтар ойына тікелей  қаты-

сы жоқ, басы артық сөздерді көп  қыс-

тырмай, пікірін тура айтады. «Бәленше 

сонда сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді», 

«Асу да асу бел дейді, аса бір соққан жел 

дейді» сияқты кіріспе,  ұйқас үшін алын-

ған басы артық жолдарды Шортанбай 

өлеңдерінен кездестірмейсіз. 

Біз білетін Шортанбай жырау ауыз 

әдебиеті мен  қазақтың жазба әдебиеті-

нің арасында жатқан көпір іспеттес. Ай-

татын сөзін сұйылтпай дәл айтқан, ойын 

бірсыдырғы көркем бере білген ақын. 

Шортанбай шығармалары оқуға мей-

лінше жеңіл, түсінігі оңай. Әдебиет та-

рихынан бұрыннан жақсы мәлім жырау-

лар стилін жалғастырады. Кей-кейде же-

ті-сегіз буынды өлеңмен термелеп тол-

ғай жөнелсе, кейде он бір буынды  қара 

өлең формасында өміршең өлеңдерін 

тебірене өрнектейді. Шортанбай шығар-

машылығын тұтастай алғанда туған хал-

қының тамаша поэзиялық дәстүрін берік 

ұстанып, оның мазмұны мен өнін барын-

ша жетілдіріп, үстемелеп, шебер де көр-

кем тілін барынша  ұстарта білген. Ақын-

ның дарын күшімен туған барша терме-

лері мен толғаулары, айтыс, арнау, ақыл-

нақыл, өсиет өлең өрімдері бұл айтқан-

дарымызды барынша айқын айғақтап 

бере алады деп ойлаймыз. 

Шортанбай жырау айтайын деген ойын 

табиғат  құбылыстары арқылы, ақындық 

тіл: афоризм,  ұластырылған эпитет, ме-

тафора, параллелизм арқылы оңай да 

шебер жеткізеді. Бұған ақын өлеңдері-

нің кез келген жерінен алынған шумақ-

тардың  қай-қайсысын-ақ мысал етіп алу-

ға болады. Мәселен: 

«Белгісі деген бейіштің 

Жазғы бір салқын самал-ды, 


Тарлығы деген тамұқтың 

Қысқы суық амал-ды... 

Шынарға біткен мақтадай, 

Шырайлы болса алғаның... 

Көпке тентек — аз  қисық, 

Қамшыменен ій болар. . 

Жан жоламас жатқанға, 

Жүргенге жөргем ілінер... 

Қалықтаған сұңқар ем. 

Қанатым сынды  ұша алмай, 

Қиядан  құзға түсе алмай...» 

Адамды заман билейді деген  қағида 

бар. Шортанбайды да заман билегей: 

ол  құдайға сенеді, «құдай бір, пайғам-

бар хақ»,— деп біледі. Бұл жолдағы 

сенімі берік оның, бұл жолдан ешқан-

дай күш тайдыра алмақ емес оны. Олай 

болса оның бұл сеніміне шек  қою, сол 

үшін оны кіналау  қателік. Бұған бүгінгі 

таңда көзіміз әбден-ақ анық жеткенге 

ұқсайды. Шортанбай — мұсылман ді-

нінің, дүние жүзінде дерлік салтанат 

құрып, мың-миллион адамдарды ң басын 

біріктіріп отырған аздаған діннің бі-

рінен саналатын діннің озық ойлы мол-

дасы. Әйткенмен тек  қана молдалық жо-

лын  қуып  қана  қоймай, өз заманында 

сан айтыстарға да түскен, оларда же-

ңіп те шыққан суырып салма арқалы 

ақын атанған адам. 

Ұлы 

ұстазымыз Владимир Ильич 



Ленин орыстың кемеңгер жазушысы 

Л. Н. Толстойды «орыс революциясы-

ның айнасы» атандырғанда, оны рево-

люционер деп отырған жоқ  қой, оны 

өз заманын объективті негізде дәл көр-

сеткен шын мағнасындағы суреткер еді 

деп бағалаған ғой. Плеханов та «С.Тол-

стым жить страшно, без Толстого скуч-

но»,— деп, бекерден бекерге айтпаған 

ғой. Толстойдың діншілдігін, «жаманшы-

лыққа  қарсы шықпа, тағдырға мойын-

сұну керек» деп, інжіл (евангелия) жо-

лын  қуаттап айтқан пікірін Плеханов 

жақтырмайды да  қостамайды, әрине. 

Ал оны өмірді шебер суреттеп, өз за-

манында болған әлеуметтік жараның 

аузын ашқандығы үшін, оны айқын көр-

сетіп суреттеп бергендігі үшін жақсы 

көрген ғой. Әрине, бұл арада Шортан-

байды Толстоймен  қатар  қою ойынан 

аулақпыз. Дегенмен, Шортанбайдың  қа-

сиеті, артықшылығы өз заманының шын-

дығын дәл айтып көрсетуінде деген ой-

ымызды дәлелдеу үшін жүгініп отыр-

ғанымыз рас. Капитализм дәуірін су-

реттегенде, соның ішінде болған өз  қай-

шылықтарын ашып айтқанда, байлар 

мен кедейлердің жігі ашылғанын, олар-

дың өштесіп, біріне-бірінің рақымсыз 

бола бастағанын жырлағанда жырау 

ақиқатка ғана жүгінеді, сол бір өз тұ-

сындағы өмірдің әділ айнасы бола бі-

леді. Шортанбай өлеңдерінде араб сөз-

дері, діни  ұғымдар жиі  ұшырасады, алай-

да атақты жырау тек жалпы елге сол тұс-

та жақсы таныс сөздерді ғана алып отыр-

ған. Демек, Шортанбайдың өлеңдегі 

діндарлығы ескі шағатай тілінде жазы-

лып, ел арасына ертеректе-ақ кең тарап 

кеткен көлемнен аспайтын, тыңдаушы-

сына жақын сыңайдағы мағынада сияқ-

ты. 


Феодализм мен капитализм форма-

циялары тоғысқан дәуірде өмір сүр-

ген Шортанбайда, оның шығармашы-

лық  қызметінде  қайшылықтар болуы 

заңды. Жаңа келген капитализм фор-

мациясының жекелеген элементтерін, 

сауданың, ақшаның күшін, халықты  қа-

наудың жаңа түрін Шортанбай өзінше 

түсінді, ақын оның кескінін, отарлау сая-

сатының өкілдерін, парақор чиновниктер 

мен жебір болыстардың кескін-кей-

пін, кедейлердің көрген  қорлық-зор-

лығын, капитализм дәуірінде күшейіп, 

айқындала түскен дүмбілез молдалар-

дың іс-әрекетін айқын етіп әшкерелей 

көрсетті. Сөйтіп, өз заманындағы өмір 

шындығын суреттегенде тайға таңба 

басқандай етіп, бадырайтып-ақ көрсетіп 

береді: 

«Жүгірісіп  қалаға, 

Қаныққан соң жалаға, 

Көшеде жүрген көп тілмаш, 

Көп  қағазды көрген соң, 

Мініп шабар шанаға. 

Дұшпаным менің осы деп, 

Алып кетер аулына, 

Өзінің туған баурына, 

Келген соң ол кімді аяр, 

Жығып салар дүрені. 

Көшіп кетер жерің жоқ, 

Айырып алар кісің жоқ, 

Сөйтіп  қалмай не  қылдық, 

Құтылмастай пәлеге?!» 

Кедейлердің ауыр тұрмысын, екі 

жақты  қанаудың астында олардың ора-

сан күйзеліске  ұшырағанын ақын бы-

лайша суреттейді: 

«Байды  құдай атқаны, 

Жабағы жүнін сатқаны. 

Кедей  қайтіп күн көрер, 

Жаз жатақта жатқаны, 

Жаздай арық  қазғаны, 

Күздей пішен шапқаны, 

Ішіп-жемдік болмайды, 

Оны-мұны тапқаны. 

Аш-жалаңаш бейнетпен, 

Жүдеп, арып, талады. 

Бір ешкісі бар болса, 

Шығын деп тілмаш алады. 

Ол шығынын бермесе, 

Төбесін  ұлық ояды, 

Жалғыз сиырын сояды...» 

Шортанбай өз кезіндегі көзіне түскен 

кемшіліктерді өлтіре сынайды да, бұл 

құбылыстарға баға беруге келгенде Шо-


Ақсу-Аюлы селосындағы Шортанбай жы-

раудың басына  ұрпақтар күшімен орнатыл-

ған ескерткіш тақта. 

қан, Ыбырай, Абайларша биікке көте-

ріле алмайды. Капитализм феодализм-

нен анағұрлым жоғары формация еке-

нін түсіне алмайды, «кері тартады».  Қа-

зақ мәдениетіне сол кездегі орыс  қауы-

мының алдыңғы  қатарлылары арқылы 

ене бастаған азкем жаңалықтарға  қар-

сы тұрған сыңай танытады. Шоқан Уә-

лиханов айтқандай, «Біздің орыстармен 

тарихи байланысымыз, керек десеңіз, 

туысқандық  қаны бірлігіміз бар»,— деп 

ойламайды, орыс-қазақ 

қарым-қаты-

насына жатырқай  қарайды. Патша өкі-

метінің айғайлай келген отаршылық 

саясаты бұл жатырқаушылықтың бірден-

бір себепшісі де болған еді. Олай болса, 

Шортанбайдың бұл көзқарасын оның, 

кінәсі дегеннен гөрі трагедиясы, өз за-

манының улы жемісі деген жөн болар. 

Шортанбай жырау: 

«Заман кетті  қырымға, 

Бұрынғы, шіркін, заманның 

Исі де келмес мұрынға. 

Биттей нәрсе  қалсайшы 

Бұрынғыдан ырымға»,— деп, ескіні 

үлгі етіп  ұсынып, феодализмді аңсауы 

— оның  қайраткерлік өміріндегі үлкен 

қайшылығы, бұны біздің  қолдауымыз 

мүмкін емес. Тек  қана бұл  қайшылық-

тың,  қателіктің сол заманғы өмір  қай-

шылығының ақын санасындағы көрінісі, 

суреті екенін ешқашан  ұмытпаған, ақын-

ның шығармашылық өмірі жайлы сөз 

болғанда әрдайым есте  ұстаған жөн. 

IV. 

Сөзімізді  қорытындылай келіп айта-



рымыз: Шортанбай — Арқа бойында, 

оның ішіндегі  Қарқаралы дуаны сияқ-

ты әсем де өнерлі,  қай жағынан болса 

да  құнарлы өлкесінде жасаған аса ардақ-

ты адамдарымыздың бірі, өз заманы-

ның аса елеулі, кезінде жырау атағын 

алған (ал бұл атақ белгілі, небір ерен 

ақындардың өздеріне де беріле берме-

ген) арқалы ақыны. Кезінде сол ерте-

дегі  қазақ ақындарының ішіндегі шоқ-

тығы жоғары, өресі биік бірлі-жарым 

оза шауып бәйге алғандарымен бірге 

атын атауға, шығармашылық өнерін үл-

гі-өнеге етіп  ұсынуға тиым салынған 

Шортанбай жырауды оқитын, насихат-

тайтын күн туды бүгінде! Оқумен, на-

сихаттаумен ғана шектелмей, жырау 

жазған, өсиет еткен насихатына ой жү-

гіртуіміз, үңіле зер салып, зерделі ой 

тереңіне тереңдете  ұялатып, тоқи білуі-

міз керек дейміз. 

Шортанбай жырауға Абайға дейінгі 

әдебиетіміздің аса көрнекті өкілі ре-

тінде  қарап, бұрынғы жеке басқа та-

быну және тоқырау заманының зардап-

тарын шындап көрген ақынның шы-

ғармашылық өнердегі нәрлі жемістерін 

ел игілігіне айналдыруымыз шарт. Бұл 

жолда осы өңірдің өнерлі  қауымы-

ның балғын  қамқоршыларының бірі 

«Қарқаралының» бүгінгі игі  қадамы ал-

дағы болашақта келелі әңгіме, бағалы 

зерттеулерге жол салар бастау болса 

ізгі ниетіміздің жүзеге асқаны деп бі-

лер едік. 

Шортанбай жырау  Қанайұлы Түркіс-

танда туып, бүгінгі Шет ауданының ор-

талығы Ақсу-Аюлы жерінде  қайтыс бол-

ғанмен, оның саналы өмірі өткен,  қо-

ғамдық өмірге батыл араласқан, ақын-

дық-жыраулық белсенді 

қызмет жа-

саған өлкесі — бүгінгі  Қарқаралы ау-

данының жері. Олай болса, ақын-жы-

рау есімін  құрмет тұтар бүгінгі  ұрпақ 

оның зерделі, үлгілі өмірін танып-бі-

луге, жеріне жеткізе зерттеу ісіне ша-

ма-шарқынша үлес  қосуға тиіс.  Қарқа-

ралының бүгінгі және болашақ  ұрпақ-

тарын өз өлкеміздің мәуесі мол бәй-

терегін  құрметтеп, марапаттап өсуге 

баули беруіміз керек. Бұл үшін өлке-

мізде ертеректе өнегелі өмір кешкен 

Жанақ, Шөже, Әсеттер сияқты Шор-

танбай жыраудың есімін  ұрпақтармен 

бірге мәңгі жасарлық ететіндей ескерт-

кіш-белгілер жасасақ дейміз, 

Сонымен Шортанбай жыраудың жұл-

дызы  қайыра жанды. Онымен, оның 

өміршең өлеңімен  қайыра,  қуанышпен 

табысқан елі мен жері, өнер мен өлең 

сүйер  қауымы-халқы өзінің азаматынан, 

молда ақынынан, дара жырауынан ен-

ді  қайтадан көз жазбақ емес, айрылып 

қалып, аһ  ұрар емес. Шортанбайдың 

аты мен аруағын  қадірлеп,  құрметтей 

беретін болады бүгінгі және болашақ 

ұрпақтар. 

Рамазан САҒЫМБЕКОВ, 

ғылым кандидаты, доцент, 

Қазақстан Журналистер одағы 

сыйлығының лауреаты, 



Қарқаралы. - 1991. - №4. - 11-15 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал