Тарихи драмалық шығарма Басты кейіпкерлер



жүктеу 0.67 Mb.

бет1/6
Дата10.09.2017
өлшемі0.67 Mb.
  1   2   3   4   5   6

 

 

 



 

ЕҢ   АСЫЛ   МҰРА

 

 

 

 

 

 

(қияли

-

тарихи драмалық шығарма)

 

 

 



 

 

 

 

 

 

     



Басты кейіпкерлер:

 

 

1.  Томирис ұрпағы 

 

Біздің дәуірімізге дейінгі 529 жылы сақ елін 



бағындырмақ  болған  парсы    патшасы  Кирді  талқандаған  Томирис 

патша


-

айым ұрпағы. Түркістан қаласынан келген.

 

 

2.    Құлтегін  ұрпағы



 

 



Біздің  дәуіріміздің  732  жылы  ӛмірден 

ӛткен,  Түрік  қағанатының  қағаны  Құлтегін  ұрпағы.  Маңғұлдар  елінен 

келген ер адам, 30 жаста.

 

 



3. Баязит ұрпағы

 



 

1396 жылы, Кіші Азияға Европа елдерінің    

 

рыцарлары  ұйымдастырған  крест  жорығын  күйрете  жеңген 

(рыцарлар  осыдан  кейін  крест  жорығын  армандауды  қойған 

болатын)  түркілік  қолбасшының  ұрпағы,  35  жаста.  “Бұл 

жұдырықтай Әлемге екі жұлдыз жараспайды” деген сӛзі үшін 1402 

жыла Ақсақ Темір Анкара түбінде Баязит әскерін талқандаған. Сол 

соғыста Баязит ӛлген. Баязит сұлтан Еуропаның бірнеше елдерін 

(Болгария, Македония) бағындырған. 

 

 



4. Едіге

 

ұрпағы

 



 



Шыңғыс ханнан Маңғыстауға қашып тығылып, 

қайыршылықта  ӛлген  Хорезмшах  Мұхамметтің  ұлы  Джалаладдинді 

1231  жылы  қапыда  жазым  еткен  жалдамалы  курд  батырын  іздеп 

тауып,  1240  жылы  жекпе

-

жекте  жеңіп  шыққан,  ұзақ  жылдар  бойы 



Алтын Орда мемлекетінің әскери қолбасшысы болған, әрі ел ноқтасын 

ұстаған Ер Едіге тұқымы. Астарханнан келген. Ер адам, 40 жаста. 

 

 

5.  Қазтуған  жырау  ұрпағы  –ӛз  заманындағы  ұлы  мемлекет 



Алтын  Орданың  ыдырап  бара  жатқанын  кӛзімен  кӛріп  зар  жылаған 

(1420  жылы  қайтыс  болған),    адам  Ер  адам,  45  жаста.  Сарайшықтан 

келген.

 

 



 

 

 



6. Бұхар жырау

 

ұрпағы –



  

Арқа қазағы. Ер кісі, 50 жаста.



  

 

7. Қазақбай –



 

Осы заман адамы, парасатты кісі, 60 жаста. Алматыдан 

бұл араға дәрі шӛп жинауға келген.

 


 

8. Ақын. 

 

Суырып салма ақын. Ер кісі, 30 жаста. Ұлытауда

 

тұрады.  Үйленбеген,  Томирис  ұрпағына  ғашық  болып  қалады. 



Бұл араға кездейсоқ келген.

 

9. Бейбарыс ұрпағы –



 

Ақынның жолдасы. Ер кісі, Мысырдан 

 

келген. 30 жаста. Бұл араға кездейсоқ келген.



 

 

10. Ақсақ Темір ұрпағы. Самарханнан келген. 

 

 

 



 

 

 



 

 

Мазмұны

 

 

1 бӛлім. Қазығұрт басындағы кездесу

 

 

 

 

 4  

2 бӛлім. Бабалары мен балалары

   

 

 

 9

 

3 бӛлім. Ӛсиет



 

 

 

 

 

 

 

 

23  

4 бӛлім. Талқы

 

 

 

 

 

 

 

 

36

 

5 бӛлім. Бірлік



 

 

 

 

 

 

 

 

45 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

1 бӛлім. Қазығұрт басындағы кездесу



 

 

  

Барлық  уақиға  Қазықұрт  тауының  басында  2001  жылы    Наурыз 

айының 22

-

де, Ұлыстың Ұлы күні, таңсәріде ӛтеді



 

 

Бұл бӛлімде ежелгі заманнан жеткен бабалар аңызын  мың жыл 

бойы  ауыздан  ауызға  ауыстырып,  кӛңілден  кӛңілге  кӛшіріп,  ӛздеріне 

рухани  азық  еткен,  сол  мұраны  бұ  күндерге  жеткізген  адамдар 

ұрпағының,  ғажап  жандардың  Қазығұрт  тауының  басындағы  кездесуі 

туралы баяндалады.

 

 

      



Тау  басы.  Таң  атып  келе  жатады.Сахнада  тау  басында  дәрілік

 

шӛп  жинап 

жүрген,  жасы  алпыстардағы    бір  адам  (Қазақбай)  ұзақ,  телміре  шӛп  гүлдерін 

бақылап, тас үстінде отырады. Тау басына бір қыз (Томирис ұрпағы) кӛтеріледі. 

Қолында ӛрнекті киіз қапты жиналмалы домбырасы болады.   

 

 

Томирис ұрпағы.

 

Сәлем бердік!



 

 

Отырған адам шошып қалады. 



 

 

Қазақбай.

 

Уағалайкум



-

ас

-



салам!..

 

 

Томирис  ұрпағы.

 

Кешірерсіз,  ағасы!  Шошытып  алдым



-

ау 


деймін!..  Жолым  болғыш  жан  екенмін  ғой,  мен  деген!  Мына  тау 

басында Сізді кездестіргеніме қандай қуанып тұрмын десеңізші!.

 

 

Қазақбай.



 

Мына  сары

-

ала


-

таңда…  есіз  тауда…  кенеттен… 

шошып қалғаным рас... Жарқыным

-

ау! Қыз баламысың! Неғып жалғыз 



жүрген жансың?

 

 



Томирис  ұрпағы.  Әкемнің  айтқаны  шындық  болса  жалғыз  бола 

қоймаспын деп келе жатыр едім. Неге жаңғыз боламын, Сіз менен де 

бұрын келіп үлгеріпсіз

 

ғой.



 

 

         



Бұлардың қасына жақын келген  тағы бір кісі әңгімеге араласады.

 

     

Құлтегін ұрпағы.

 

Таңдарың қайырлы болғай!.. Есіз тау демеңіз, 



ағасы. Неге есіз болсын! Таң атып үлгермей жатып тӛбесінде арыстай

-

арыстай боп, үш бірдей ұл



-

қызы   тұрған тау есіз болушы ма еді?.. Ал 

біздер,  шет  елде  жүрген  қазақтар,    ӛмір  бойы  бұл  жерді,  осы 

Қазығұрттың  топырағын  аяғымызбен  баспасақ  та,  осы  таудың  тасы 

мен  шӛбін  кӛзімізбен  кӛрмесек  те  ӛзімізді  осы  таудың  бауыройында 

туғандай сезінеміз. Сағынамыз.

 

 

  



Қазақбай

. 

Жолың  болсын, шырағым!..  Бірің  кенеттен  абайсызда 

шошытып, енді бірің қапияда сӛзбен матап, ағаларыңды іске алғысыз 

еттіңдер


-

ау, іні


-

қарындастарым!.. Мен “есіз” деген сӛзді бұ тау басында 

адамдар  тұрмайды  деген  мағынада  айтып  едім.  Әйтпесе  қазақ  халқы 

жер бетінде  тірі тұрғанда қасиетті Қазығұрт есіз болушы ма еді, егесіз 

болушы ма еді!.. Шет ел болғанда қай жақтан келдің, шырағым?

 

 



 

Құлтегін  ұрпағы.  Мұңғұл  жеріненмін.  Баян  ӛлкесіненмін.  Ӛзіңіз 

қай елден келдіңіз?

 

 

Қазақбай.



 

Мен  кӛктем  мен  күздің  кӛп  күндерін  Алматыдан  келіп 

осы тау басында ӛткізетін адаммын. Дәрі шӛп жинаймын. 

 

 



 

Кӛкжиектен  күн  шапағы  қылаңданып,  аспанды  арайландыра түседі.    Ұзақ 

жолдан  шаршап  келе  жатқандары  байқалғанымен,      жүздерінде  таңырқау  мен 

қуаныш  сезімдері    басымырақ  адамдар  тау

 

басына  жинала  бастайды.    Тау 

басына

 

тағы  екі  кісі  кӛтеріледі  (Баязит  және  Қазтуған  ұрпақтары  қосарлана 



сәлем береді).

 

Тұрғандар жамырай сәлем алады.

 

 

  



Қазақбай.

 

Астафралла! Кӛктен нұр боп жауып жатырсыздар ма? 



Әлде жерден кӛктеп  шығып жатырсыздар ма? Күн нұрымен қосылып 

Қазығұрт басын гүл жайнатып жібердіңдер ғой, айналайындарым

-

ай!.. 


Қай  жаққа  бет  түзесеңдер  де,  не  мақсатпен  жүрсеңдер  де  жолдарың 

болғай, іні

-

қарындастарым!.. 



 

 

     



Баязит  ұрпағы.

 

Ағасы,  Нұх  пайғамбардың  кемесі  қалған  қасиетті 



Қазығұрт тауының басы дейтін жер осы ма екен?..

 

 



Қазтуған  ұрпағы.

 

Осы,  осы!..  Аға,  мына  кісі  алыстан,  Түріктер 



жерінен, келе жатқан, тегі түркі ағайын екен. Жолға бірге шығып едік. 

Осы  сұрағымен  менің  есімді  тандырып  жіберді.  Қазығұрт  тауы  осы 

деңізші, жаны тынышталсын.

 

 



  

Қазақбай.

 

Осы, шырағым, осы. Япырым



-

ай, анау жақтан 

 

 

да кісілер кӛріне бастады… Бұ не ғажап?.. Асылы бұл тегін болмас… 



Жүрегімнің  әлденеге  ӛрекпіп  бара  жатқаны,  бір  жақындап  қалған 

қуанышты сезгендей ме, ӛзі!?. Жақсылыққа кӛрінгей дағы...

 

 

Томирис



 

ұрпағы.

 

Тегін емес, аға! Тегін емес!



 

 

 



Баязит  ұрпағы.

 

Шет  елден,  шет  жерден  мен  секілділер  келіп 



жатқанда,  қалың  қазақтың  қақ  ортасындағы  бұ  тау  басы  бүгін  қалың 

қазаққа толар

-

ау!.


 

 

 



 

Бұларға Едіге ұрпағы келіп қосылады.

 

 

      



Едіге ұрпағы.

 

Қайырлы таң болғай! Жынды адамдай тау басында 



жаңғыз тұрар ма екенмін деп, Орынбордан осында жеткенше ӛзімнен

-

ӛзім ұялып келе жатыр едім. Бұл тіршілікте мен секілді Қожанасырлар 



әлі де бар екен. Құдайға шүкір!… Мені осында жетектеп әкелген  аңыз 

ӛмір  бойы  күдікті  боп  кӛрініп  келіп  еді,  енді  ғана  шындық  екеніне  кӛз 

жете бастағандай.

 


 

     


Тұрған топқа тағы бір кісі қосылады (Бұхар жырау ұрпағы).

 

 



     

Бұхар  жырау  ұрпағы.

 

Ассалаумағалайком,  бауырлыр!..  Үлгердім



-

ау!  Кешігіп  қаламын

-

ау  деп  қатты  қауіптеніп  едім,  Құдайға  шүкір, 



үлгердім

-

ау!..



 

 

 



Тағы бір кісі, Ақсақ Темір ұрпағы, келіп  қосылады.

 

 

Ақсақ  Темір  ұрпағы.  Ассалаумағалайкум!  Мына  тұрған 

Ташкеннен ең бірінші болып тау басына кӛтерілемін ғой десем, халық 

жиналып қалыпты ғой.

 

 

 



Қазақбай.

 

Ал,  сіздердің  де  жолдарың  болғай,  қарақтарым!..  Таң 



атпай    бұ  тау  басына  қалай  жинала  қалдыңдар?..  Қатты  таңырқап 

тұрмын… Жӛндеріңді айтыңдаршы, жарқындарым!..

 

 

     



Кӛкжиектен  күн кӛтеріле бастайды.  Бар әлем нұрлана түседі.  Барлығының 

назары сонда.

 

 

 

Томирис  ұрпағы.

 

Кәзір,  аға.  Алдымен



 

аталар  тапсырмасын 

орындап алалық. 

  

Сосын бәрін айтып беремін, бірінші келген мен ғой, 

ӛзім  айтып  беремін!  Күн  шығып  қалды!..  Содан  соң  бұдан  мың  жыл 

бұрын болған уақиғаны күні кеше ғана болғандай етіп,  ӛзім кӛргендей 

ғып қатырып әңгімелеп беремін.

 

 



Құлтегін ұрпағы. Күнді қарсы алайық! 

 

 



Баязит ұрпағы. Күнге сәлем берелік!

 

 



Барлығының  назары  күнде.  Күн  толық  дӛңгеленіп  кӛрінеді.  Адамдар  жол 

дорбаларынан,  қалталарынан  саз  аспаптарын  (жиналмалы  домбыра,  саз 

сырнай,  шаңқобыз,  қобыз,  сыбызғы  секілді  жолға  алып  жүруге  ыңғайлы  саз 

аспаптары) шығарып күйге келтіріп дайындала бастайды.

 

 

Бұхар жырау ұрпағы.

 

Жарықтық мына күннің соншалықты әдемі 



кӛтерілуін

-

ай!  Бүкіл  жер



-

жа¿ан  нұрланып  сала  берді  ғой!..  Ой,  шіркін

-

ай!  Біздің  бала  кезімізде тек    жас  келіндер  емес, тіпті  қарт  әжелердің 



ӛздері  жаңа  кӛтерілген  күнге,  жаңа  кӛрінген  айға    басын  иіп,  тізесін 

бүгіп  құрмет  кӛрсетіп  жатушы  еді...  Бұ  күнде  бұл  жер  үстінде  адам 

баласы  табынатындай  қадір

-

қасиет  қалмауға  айналды  ғой...  Бәрі 



қараланған, бәрі жараланған... Бәрі бір

-

бірінен ажыратылған...  



 

 

 

Томирис  ұрпағы. 

(Күнге  қарап  екі  қолын  кӛтереді)

 

 

Аллатағала 



қасиетті  етіп  жаратқан  Күн  Тәңірім!..  Бүгін

 

біздер,  осы

 

қасиетті 



Қазығұрт  басына  жиналған  адамдар,  бір  кездегі  ӛз  бабаларымыз  бен

 


аталарымыздай,  әжелеріміз  бен  аналарымыздай    саған  сәлем  етуге 

келдік!.. 



 

 

Құлтегін ұрпағы. Сәлем саған, Жаңа Жыл!

 

 

Баязит ұрпағы.   Сәлем саған, Жаңа Ғасыр!



 

 

Едіге ұрпағы. Сәлем саған, Жаңа Мың Жыл басы!

 

 

Қазтуған ұрпағы. Сәлем саған, қасиетті Күн Тәңірім!



 

 

Ақсақ Темір ұрпағы.

 

Ассалаумағалайкум арайлы таң!



 

 

Бұхар жырау ұрпағы. Сәлем саған, туған күн! Сәлем саған

 

 

қасиетті қазағымның байтақ даласы!



 

 

    



 

Күн  нұры  дӛңгеленіп  толысқан  кезде  барлығы  да  оң  қолдарын  жүректеріне 

қойып,

 

,  ерлер  басын  иіп  қыз  тізесін  иіп  күнге  сәлем  етеді.

 

Қазақбай 

таңданып тұрады.

 

 

Құлтегін ұрпағы.

 

Бүгін –


 

Түркі ұлысының Ұлы күні!.. Біз 

 

естіп  жүрген  аңыздарда  бұдан  мың  жарым  жыл  бұрын  менің  Құлтегін 



бабам  билеген  Түркі  Қағанатының    ең  ұлы  мейрамы  да  Наурыз  күні 

болған екен...

 

 

Бұл  күн  тек  қана  түркі  қандастар  емес  бүкіл  адамзат  

балаларының тойлауға тиісті күні емес пе. Бүгін тек қана биылғы жаңа 

жылдың  басы  емес,  жаңа  ғасырдың  және  жаңа  мың  жылдықтың  да 

алғашқы күні! Бұл күнді біздің елде Ұлыстың Ұлы күні деп атайды.

 

 



Томирис  ұрпағы.

 

Біздің  дәуірімізге  дейін  ӛмір  сүрен  Томирис 



елі де бұл күнді Ұлыстың Ұлы Күні атаған екен.

 

 



Едіге  ұрпағы.

 

Қасиетті  күн  ғой  бұл!  Ызғардың  жылыға, 



қараңғының  жарыққа  жол  берер  күні!  Жаратылыстың  теңдікке  жетер 

күні!


 

 

Қазтуған ұрпағы.

 

Жаңа жылдан, Жаңа ғасыр басынан тілек 



 

тілеңіздер! Алла тағала қабыл етер, біздердің бүгінгі тілегімізді.

 

 

Баязит ұрпағы.



 

Бүгін –


 

Түркі әлемінің Жаңа жылы! 

 

 

Бұхар  жырау  ұрпағы.



 

Ағайындар!  Жаңа  жылдарың  құтты 

болғай!  2001

-

ші  жыл!  Наурыз  айының  22



-

ші  жұлдызы!  Құтты  болғай 

бәрімізге!

 

 



Қазақбай.

 

Бүгін Наурыз мейрамы



 

екен ғой!.. Мен шӛпті қызықтап 

жүріп, Наурызды да ұмытып кетіппін

-

ау!.. Құтты болсын, Наурыздарың! 



Жаңа Жыл бәрімізге бақыт әкелгей!

 

 



     

Дауыстар.

 

(Бір



-

бірін құттықтайды, қол алысып, құшақтасып жатады).

 



 

Құтты болсын! 

 



 



Құттықтаймын!

 



 

Жаңа күн шатты болғай

!  



 



Жаңа Жыл бақытты болғай!

 



 

Жаңа ғасыр тыныштық әкелгей!

 



 



Мың жылдық бәрімізге де бірлік пен береке әкелгей!

 

 



 

Жоғарыдан  бір  құдіретті  дауыс:  “Тілектерің  қабал  болғай!”  –

 

дейді.Тұрғандар шошынып кӛкке қарап қалады. 

 

Шымылдық жабылады.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



2 бӛлім.

 

Бабалары мен балалары

 

 

 

Бұл  бӛлімде  жолаушылар  мен  олардың  бабалары  туралы 



баяндалады.

 

 



 

Барлығы  да  Кӛктен  естілген  құдіретті  дауыстан  шошынып  қалғанымен 

жақсылыққа жорып жатады.

 

 

Дауыстар:

 

-

 



Қасиетті бабалар біздерді ұмытпаған екен!

 

-

 



Бұл Кӛк Тәңірінің даусы

 

болар!

 

-

 



Алла тағала бізді қолдап жатырғаны ғой, шамасы!

 

 

Баязит  ұрпағы.  Ағайындар!  Біздің  бұл  бас  қосуымызға  Алла 

тағаланың  ӛзі  риза  болып  жатыр  ма  деп  қалдым.  Әйтпесе,  Кӛктен 

жеткен құдіретті дауыс Алланың құдіреті болмай, кімдікі болушы еді.

 

 



Қазақбай.

 

Япырым



-

ай! Кӛз кӛрмесе адам сенетін нәрсе ме бұл? 

Айтсаңдаршы,  қарақтарым,  не  сыр  бар?  Кім  жинады  сіздерді  бұл 

жерге?


 

 


Томирис  ұрпағы.

 

(Сезімдене  сӛйлейді).

 

Онда тыңдаңдаршы  мені!. 



Мен  сан  ғасырлар  бойы  біздердің  бабаларымыздан  әкеден  балаға 

ӛсиет


-

мұра боп 

 

келе жатқан, маған әкемнің соншама жаттатқан бір



-

екі 


ауыз сӛзін айтып берейін... Әкем дауыстап айт, бүкіл елге естіртіп айт, 

мақтанып айт, қуанып айт дейтін еді...

 

 

 



Қазақбай.

 

Қызым!  Әкең  не  тапсырып  еді?..  Әй,  бәсе!  Осы 



жиынның бір сыры бар екенін жүрегім сезіп тұр  еді!.. Айтшы қалқам, 

ол не сӛз, қандай сӛз?..

 

 

Томирис  ұрпағы.  …Адамдарының  есінде  қалмастай  ескі 



заманда  кәзіргі түркі  тектес  әр  түрлі  елдер  бір  кісінің балалары  екен. 

Солар заманынан бір аңыз

-

ӛсиет қалыпты... Дәл осы жерде, Қазығұрт 



тауының  басында  Аллатағаланың  бұйрығымен  топан  су  тартылғанда 

Нұх пайғамбар кемесі тоқтаған екен. Нұх пайғамбардан  тараған түркі 

нәсілді пенделер бір кезде осы ен далаға сыймастай болып кӛбейіпті. 

Заманнан  заман  ӛткенде  жапырағы  жайылған,  тамыры  тереңдеген 

түркі тұқымдас қарындастарға Қаратау маңы тарлық етіпті. Содан жан

-

жаққа  тарап,  жаңа  қоныс  іздемек  болып,  бір



-

біріне    ӛсиет

-

ант 


берісіпті...

 

 



Қазақбай.

 

Естімеген елде кӛп деген, міне ғажап!..



 

 

Дауыстар:



 

 



Дәл айтады.

 



 

Дұрыс айтып тұр.

 



 



Солай, маған менің атам да дәл

 

осылай айтқан.



 

 



Біздердің де айтарымыз сол.

 

 



 

Томирис ұрпағы. Бір замандарда түркі тұқымдас тайпалар әр 

мың жыл сайын  жаңа мыңжылдықтың алғашқы күнін, Наурыз күнін, 

Нұх пайғамбардың ізі түскен, исі сіңген  қасиетті Қазығұрт тауының 

басында, бірге қарсы  алатын болып келісіпті.

 

Кездесуге келгендер:



 

 

Біріншіден –



 

ӛзінің тегі бастау алатын атақты бабасының атынан 

сӛйлеп,  сол  баба  ұрпақтарының  соңғы  мың  жылдан  бері  ӛз  елі  мен 

түркі тектес елдер игілігі үшін тындырған ісімен,  еткен жақсылығымен 

мақтансын депті

...   


 

Екіншіден  –

 

бұдан  мың  жыл  бұрын  айтып  кеткен  бабаларының 



ӛкінішімен кӛкірегін жара күрсінуге тиіс екен...  

 

Үшіншіден  –



 

осы  Қазығұрт  басында  тірі  ұрпқтың  болашақ  

ұрпақтарға  деген    ӛз    арман

-

тілектерін  айтып,  соларға  үміт  артуы 



қажет екен...

 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал