Тарих зердесі Алматы. 2001 Қазақстан тарихы әдістемелі журналы №12. 2010 Серғали Толыбеков. Қазақ шежіресі Хамит Маданов. Кіші жүздің шежіресі



жүктеу 69.46 Kb.

Дата04.03.2017
өлшемі69.46 Kb.

“Құлсары батыр ” – мақтан тұтар лайықты тұлға 

125 


қазақтың  бір  –  бірінен  жөн  сұраса  қалса,  көбіне  –  көп  әйтеуір  бір  ағайындығы 

немесе  құда  –  жекжаттығы  бар  болып  шыға  келетіндігі  де  бағзыдан  жалғасқан 

қасиетті  дәстүрімізге,  «қара  тамыр  ел  боп  кеткен»  ардақты  салтымызға  саяды. 

Ендеше  ешкімді  сыртқа  теппейтін  бауырмал  халқымыздың  өз  тарихы  мен  тегін 

түгендеуге  деген  ұмтылысына  өлшеусіз  қолқабыс  беретін  шежіре  тарқату 

үрдісімізді халқымыздың ортақ игілігіне қайта айналдыруға үлес қосу қастерлі іс 

деп білеміз. 

 

 



 

Әдебиет: 

1.

 



М.Қ.Қозыбаев. Тарих зердесі Алматы. 2001  

2.

 



Қазақстан тарихы әдістемелі журналы  №12.2010 

3.

 



Серғали Толыбеков. Қазақ шежіресі  

4.

 



Хамит Маданов. Кіші жүздің шежіресі 

 

 

 

УДК :947.7/9 

 



ҚҰЛСАРЫ БАТЫР ” – МАҚТАН ТҰТАР ЛАЙЫҚТЫ ТҰЛҒА 

 

Тушкеева А.Е. 



(М.Козыбаев атындағы СҚМУ

 

 

 

“Қазақтың намысын қорғаған Құлсары, 

Құдайға ғана құл болған бұл сары”. 

 

Өз  заманының  ақындары  ерлігі  мен  өрлігін  осылай  жырлаған  Құлсарының 



рухына  тағзым  етуімізге  мүмкіндік  берген  Тәуелсіздігіміз.  Тәуелсіздікке  дейінгі 

сырты бүтін, іші түтін жетпіс жылдың ішінде Жалғызтаудың құбыла жағындағы бір 

жотасында  тербетусіз  қалған  бесіктей  болып  жатқан  бабамыздың  бейітінің  басы 

түнде  түнекке  айналғанын  білетіндіктен  де  еріксіз  еміренеді  екенсің.  Кеңес  одағы 

тұсында басындағы сәуегейліктің сәулесі сияқты біржарым ғасыр бойы бір сөнбеген 

шырақ тұтатылған жоқ. [ 6-6.б ] 

29  сәуір  2011  жылы  Жалғызтаудың  батыс  беткейінде,  таудың  тәрізді  үстірттің 

үстінде,  Бұлақ  ауылының  түстігінде  жерленген  Әулие-батыр  Құлсары  Бөріұлына 

арналған  ескерткіш  кесенесін  тұрғызу  қолға  алынды.  Қазақ  елінің,  қазақ  жерінің 

тарихында  мәңгілік  аты  өлмейтін  (батыр)  Құлсары  сындай  айбынды  батырды, 

ақылман ел ағасын ұрпақтары мақтан тұтады. Бүгінде дендеріне шипа іздеген жандар 

еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, әулиенің басына қонып, Алладан жандарына медет 

тілейді.  Емделіп  кетіп  жатқандары  да  баршылық.  Бұл  –  соңғы  кездері  ғана  белең 

алған  үрдіс  емес,  батырдың  басына  зиярат  етушілер  бұдан  бұрын  да  болғанын 

ақсақалдар  айтып  отыр.  «Құлсары  әулие  жерленген  жер  Бұлақ  ауылының  оңтүстік-

шығысында,  ауылдан  8-9  шақырымдай  жерде  орналасқан.  Бұлақ  Есіл  ауданындағы 

ауыл өзімен аттас ауылдық округтің әкімшілік орталығы. Аудан орталығы – Явленка 

селосынан оңтүстікке қарай 60 км жерде орналасқан. Халқы 0,8 мың адам (2004ж). 

 


Тушкеева А.Е. 

126 


Бұлақтың  маңындағы  үстіртте  әулие  Құлсары  батырдың  зираты  жатыр.  Осы  үстірт 

үстінде басқа да зираттар бар. 

Қарағай  ауылының  тұрғыны  Өтеген  Жүсіпов  Құлсары  әулиенің  бейіті  туралы 

мынадай  әңгіме  айтады:  ‘‘Бала  кезімізде  осы  үстіртке  барып,  аруақтарға  өзімізше 

дұға  оқып,  бет  сипап  қайтатынбыз.  Сондағы  байқағанымыз,  зираттардың  тастары 

арасында садақаға тасталған күміс ақшалар жататын. Үстірт маңайында жерошақтың 

орындарын,  түрлі-түсті  маталардың  қиындыларын  көретінбіз.  Үлкендерден 

сұрағанымызда, алыс-жақын жерлерден ауруға шалдыққан адамдардың әулие зираты 

басына  түнеп,  тауап  ететіндерін  айтушы  еді’’.  Құлсары  бабамыз  түрлі  шөптерден 

дәрі-дәрмектер  жасап,  ауру-сырқауларды  емдейді  екен.  Риза  болған  халық  ол  кісіні 

«әулие» деп атай бастайды. Ол қайтыс боларда: «Көзімді жұмғаннан кейін мені ана 

адырдың  басына  жерлеңдер.  Егер  үш  жылдан  кейін  қабірді  ашып  қарағанда,  денем 

бұзылмаса, сонда ғана маған «әулие» атын беріңдер», – депті. Ел-жұрты Құлсарының 

бұл  аманатын  орындап,  қабірін  ашқанда,  батырдың  бейі­тінен  бір  ғажап  жұпар  иіс 

шығады. Бұл хош иіске таңғалған халық сол жерде Құлсарыға «әулие» атын берген 

екен. Қазір бұл адыр Құлсары әулие атымен аталып кеткен. [ 2-20.б ] 

Құлсарының  әулиелігі  туралы  ел  аузында  тағы  бір  аңыз  бар.  Ол  жасы  жетіп 

қартая  келе,  өлім  сағатының  таяғанын  сезіп,  екі  ұлын  жанына  шақырып,  мынадай 

аманат айтқан екен: 

«Мен о дүниеге аттанған соң жуып, кебіндеп, ауыл сыртына киіз үй тігіңдер де, 

мәйітімді сонда қойып, күзетіңдер. Үш күннің ішінде осы үйдің алдына бір ақ түйе 

келіп шөгер, соған менің мәйітімді артасыңдар да, түйенің соңынан ересіңдер. Түйе 

жүріп  отырып  межелі  жерге  жеткенде  өзі  шөгер,  сол  жерге  мені  жерлейсіңдер»,  – 

деген екен. Айтқанындай, әу­лие қайтыс болып, балалары арулап, ауыл сыртына киіз 

үй  тігіп,  мәйітті  сонда  апарып  қойып,  өздері  күзетуге  кіріседі.  Екі-үш  күннің 

шамасында,  әулие  айтқандай,  киіз  үйдің  ал­дына  келіп  ақ  түйе  шөккен  көрінеді. 

Балалары мәйітті түйеге мұқият артып, өзіне ғана белгілі бағытқа бет алған түйенің 

соңынан ілеседі. Түйе сол жүргеннен жүріп отырып қазіргі бейіті тұрған үстірт үстіне 

келіп шөгеді. Сөйтіп, Құлсары әулие өзінің өсиетімен осы жерге жерленген екен».[ 6-

6.б ] 


Бүгінде  батырдың  ұрпағы  және  басқа  жанашыр  азаматтар  «Құлсары»  атты 

қайырым­дылық қорын құрып, батырдың басына мазар салып жатыр. Жалғызтаудың 

батыс беткейінде, таудың сілемі тәрізді үстірттің үстінде, Бұлақ ауылының түстігінде 

жерленген  Құлсары  әулиенің  мазарының  құрылысы  жақында  аяқталып  та  қалар. 

Мазар Ақтаудан әкелінген ақ тастардан өрілуде. 

Құлсары батыр (1708-1776) – Абылай  ханның серіктерінің бірі. Мемлекет және 

қоғам қайраткері. 

Ол  Қазақстанның  солтүстігінде  туып,осы  өңірде  жерленген.  Құлсары  батыр  –

Атығай  руының  Құдайберді    атасынан  тарайды.  Кезінде  аталастары    арасында  зор 

бедел иеленген адам. 

Оның  бүкіл  ғұмырнамасы  Абылай  ханмен    тығыз  байланысты.Ол  өмір  бойы  

Абылайдың  сенімді  серігі,кеңесшісі  ретінде  орыс  үкіметімен    қарым-қатынастарда 

ханның  тапсырмаларын  орындап келген. ХVIIIғасырдағы  құжаттарда  Құлсарының  

есімі ықпалды старшын және мемлекет қайраткері ретінде аталды. 

Құлсары  шекаралас    мемлекеттермен    арадағы    тату-көршілік    қарым-

қатынастарды  барынша  жақтаған.Осы    ретте    оның  есімі  алдымен  1739  жылғы 

Құжаттарда  ұшырасады.Ол сол жылы Әбілмәмбеттің ақ  киізге отырып,хан сайлану  

салтанатына    қатысқан.1742  жылдың  тамыз  айының    басында    Құлсары  Орынбор  

қаласында    Орта  жүздің  бір  топ  сұлтандары,батырлары  және  билерімен  бірге  орыс 

патшасына адалдығы жөнінде ант береді. Онда: «Осыдан кейін  Орынбор  генерал-

 


“Құлсары батыр ” – мақтан тұтар лайықты тұлға 

127 


поручигі  И.И.Неплюев      мырзаның  құзырында  болып,  мен  және  менімен  бірге 

Абылай сұлтан, біз білетін түрлі  жағдайлар туралы  Ресей жағының  басшыларына  

жеткізіп  тұруға  Орынбор  қаласында  ант  бердік.Осыдан  соң    ақырында  маған  

қызметіме  орай  менің  старшын    болып  жазылғандығым  және  тархан  атанғандығым 

туралы хаттама берілді»деп жазылған. 

Бұдан  кейінгі  жылдары  Құлсары  Құлеке(1710-1771)батырмен  бірге  Абылай 

сұлтанның    елшілері  ретінде    мемлекеттер  арасындағы    мәселелерді    шешу  үшін   

Ресей  қалаларына    бірнеше  дүркін  барып  тұрған.  Абылай  сонымен  бірге  осы  

көмекшілерін  шекара әкімдерімен өзінің және   Орта жүздің  Атығай руының  атынан  

келіссөздер  жүргізуге жолдап отырған. 

Елдің  шығыс  өңірінде  бұдан  әлдеқайда  күрделі  жағдай  қалыптасқан  еді.  1756 

жылы  қытайлардың  тарапынан  олар  жоңғарларды  түбегейлі  жойып  жібергенінен 

кейін айрықша күшті қауіп төне бастады. Осылайша қытайдың қисапсыз әскері қазақ  

даласына басып кіруге   оқталды. 

Көптеген    сұлтандар    мен  қазақ  руларының    старшындары    өз    ұлыстарымен  

солтүстік  беткейге  көшіп  кетсе,  Абылай  бастаған    Қожаберген,  Құлсары,  Құлеке 

батырлар  жасақ  құрып,  жаудың  шабуылына    тойтарыс    беру  қамына 

қатысты.Тынымсыз,  шаршап-шалдығуды  білмейтін.  Құлсары  ел    жасағын 

құрушылардың басында болды. Нақ осы Құлсарының  және Құлекенің арқасында аз 

ғана уақыттың  ішінде алты мың жауынгер тоғысқан қол бас құрады. 

Сөйтіп,  көреген  де  сұңғыла  саясаткер    Құлсары    батыр  отыз  жылдан  аса  уақыт 

бойы  Қазақ хандығын нығайту, оның сыртқы  және ішкі  саясатын  қалыптастыру  

ісіне  белсене қатысып келді. 

Ол сондай-ақ  қазақ  руларының  арасында бірлік пен бейбітшілік орнатуға бар 

жанын  салып,өзінің  беделімен  және  шешендік    өнерімен    ауызбіршілікке  

тартып,қантөгістерге  жол бермеді. 

Құлсарының  тұрақты  қоныс  тепкен  жері    Қазақстанның    солтүстік  өңірі 

болды.Оның біздің жерлесіміз  екендігін мына құжат айғақтайды. 

«Абылай  сұлтан  Петропавл  бекінісіне  250  шақырым  жерде  Көкшетау  маңын 

жайласа, Құлсары батыр  Есіл өзенінің бойымен Петропавл  бекінісінен он шақырым  

жерде  қоныстанған». 

Құлсарының қонысы  айтарлықтай аумақты алып жатты. 

«Старшын    Құлсары  мен  Құлекенің  қазіргі    отырған  қоныстары  Есіл    өзенінің  

сыртында,  Ресей  мекендерінен  оншалықты  қашық  емес  жерде.Мәселен,  салт 

жүргенде  он күннен аспайды. Қырғыздар өз ұлыстарымен Тобылдың  бойында биыл 

қыстап шықпақ ойлары бар». 

Орыс әкімдері қазақтардың алыс көшіп  кетпеуі үшін шаралар қолданып,сонымен 

бірге  қазақ-цин  қарым-қатынастарының  анық  деректерін    біліп  отыруға  тырысты. 

Осы ретте Абылайды үнемі көз алдарында ұстап, оның Цин жағына шығып кетпеуі 

үшін   қолдан  келгеннің бәрін жасады. Осы мақсатпен  олар Абылайға және оның  

серіктеріне,  әсіресе,  старшындар  Құлсары  мен  Құлекеге  бағалы  сыйлықтар  беріп 

тұрды. 


Қазақ  ақсүйектерінің  жекелеген  өкілдері  жылдық  жалақы  алып  отырды. 

1759жылдан  бастап  Абылай  жылына  300  сом  алып  отырса,Құлсарыға  100  сом 

тағайындалды. Кейін 1764 жылдан бастап қазақ  ақсүйектеріне  жылына 1000 сомнан 

блінді. 


Осындай    құжаттардан      Құлсарының  «өзіне  үй  салып,орыстарша  тұруды 

қалайтыны»белгілі болды. 

1762  жылы,басқаша  айтқанда,әулие  Петр  бекінісінің(қазіргі  Петропавлдың 

)құрылысы  басталғаннан  кейін он жыл өткен соң Құлсарының жайлауына 15 адамы 

 


Тушкеева А.Е. 

128 


бар  балташылар  келеді.Есіл  өзенінің  бойында,бүгінгі  Қызылжар  ауданындағы  

Архангельское  селосының маңында  «Солтүстік  Қазақстан   өңіріндегі  қазақтардың 

орыс үлгісіндегі  тұңғыш ағаш үйі» деген атаумен тарихқа енгізілген  үй салынды. 

Халықаралық  қатынастардағы  саясаткер    болғандықтан,  Құлсары  өзі    мен 

Құлекені  қытай  боданды    еткені  үшін  (мүмкін,  саясаттағы  құйтырқылық  амалы 

болар) Абылайдың өзіне «реніш білдірген» екен. 

Құлсары,  сондай-ақ    жергілікті  орыс  басшылығымен    ашық  хат-хабар  алмасып, 

оларға өзінің  Ресейге деген  құрметін білдіріп  отырған. Мәселен, 1758 жылдың 29 

тамызында  генерал-майор  Тевкелевке    жазған  хатында  «Ұлы  Император 

патшайымның  құзырындағы    біз,Құлсары  батыр  үлкен    тағзыммен    мен  және 

бауырым  Байназар  һәм    ұлым    Құлыбек  аса  мейірімді  патшайымға  адалдық 

танытып,оны  өле-өлгенше    ардақтап  өтетінімді  білдіргім  келеді.Тыныш  та  бейбіт 

тірлік кешіп,ешқандай  қақтығыс жасамайтыныма сендіремін... »  деп жазады. 

Тегінде,осылай  бола  тұра,орыс  әкімдері  тарапынан  озбырлықпен  әділетсіздікке 

жол беріліп тұрған.Өйтпеген күнде Құлсары батыр мынадай мазмұндағы ренішті хат 

жазбаған  болар  еді  ғой:  «...  Менің  бауырларым  Байқашы  мен  Есбердінің  екі  мың 

жылқысын  айдап  әкетті.Біздің  адамдарымыз  оларды  қуып  барып,бір  мың  бес  жүз 

жылқыны қайтарып алды,ал қалған бес жүзін Петропавл бекінісіне айдап әкетті.Аса  

мейірімді  патшайым,әлгі  айдап  әкеткен  жылқымызды  қайтарып  беру,біз  сияқты 

құлдарыңыздың    жанын  жай  таптыру  үшін  Петропавл  бекінісіне    Жарлық 

жіберіңізші. 

Осы анық хатымда мен,Құлсары батыр,  қара сиямен екі мөрімді  бастым». [ 7- 

607б. ] 

Петропавл  бекінісінде  сауда-саттықтың    басталуы    Абылайханның  есімімен  

байланысты.  Сауда-саттықты  ұйымдастыруда    Құлсары  батыр    да  белсенділік  

танытты. Бұл ретте ол әулие  Петр бекінісінде бірнеше  мәрте болып, осы жайында  

келіссөздер  жүргізді.  Полковник  Пестоның  1760  жылдың    1  сәуірінде  өлке 

басшыларына жазған ақпарында былай делінді: «... Осы таяудағы  күндері басқа  да 

жақсы  старшындарымен  бірге  Құлсары  батыр  мұнда  өздерінде    өндірілетін    түрлі 

тауарлардың сауда-саттығын ұйымдастыру үшін  келісім жасауға келді». [ 2-20.б ] 

Егер  Құлсарының    мәмлегер    және  мемлекет  қайраткері  ретіндегі  рөлі  бірнеше 

мәрте  құжаттармен    дәлелденсе,оның    әскери  істердегі    еңбегі    жеткілікті  

айтылмайды. 

Соған қарамастан , халық аңыздары мен ескі  сөздерінде  Құлсарының  дарынды  

қолбасшы  әрі  қаһарман  батыр  болғандығы  баяндалады.Мәселен,оның 

басшылығымен  Қазақстанның    шептерін  қорғау  үшін    он  мың    адамдық    жасақ 

құрылғаны  белгілі.  Ол  соғыс  ісінде  алғыр,  айлалы  адам  болған.  Әсіресе,  барлау 

мәселесіне  айрықша  көңіл  бөліп,  жау  күштерінің    саны,  орналасқан  жері  жайлы 

қажетті  мәліметтерді күні бұрын біліп отырған. Майдан үстінде батыл да, қажырлы  

қимылдаған. Бір өзі талай дұшпанның  көзін жойған. 

Осының бәрі Құлсарыны ел ішінде «Әулие»атандырған. 

Расында  да,  Құлсарыны    Абылай  да,  өзге  адамдар  да  аса  құрмет  тұтқан.  Оның 

көріпкелдігі болған, төнген  қауіп-қатерді күні бұрын болжай білген. Олардың алдын 

алып отырған және сырқаттарды індеттен айықтыра алған. 

Бүгінгі  Есіл  ауданындағы  Бұлақ ауылының  Бұлақ ауылынан  жеті шақырым  

жерде      Құлсары  әулиенің    қорымы  бар.  1958  жылы  батырдың    алтыншы    ұрпағы 

Қалиасқар  Рақымов   осында  құлыптас қойып, темір қоршау орнатқан. 

Кейінгі  жылдары    Құлсары  әулиенің    қорымына    тәу  етіп,ауру-сырқатынан  

емделуге  жер-жерден  келушілер  көп-ақ.Қашанда  көне  тарихымыз  туралы  айтылған 

оқиғаны  мұрағат  деректерімен  шындығын  анықтап,  мұражай  деректерін  куәлік  етіп 

 


“Құлсары батыр ” – мақтан тұтар лайықты тұлға 

129 


отырамыз. Расын айту керек, егер де орыс мемлекетінің мұрағаттары болмаса, қазақ 

тарихының біраз беттері жазылмай қалар еді. Оған дәлел, Құлсары бабамыз туралы 

қолда бар барлық деректер орыс мұрағаттарынан алынды. Орыс мұрағаты құжаттары 

бойынша  жазылған  кітабында  Құлсары  бабамыздың  есімі  отыз  шақты  құжатта 

кездеседі.  Осы  құжаттардағы  Құлсары  есімінің  алдындағы анықтауыш  сөздерге кей 

жерлерде “батыр”, “старшин” деген сөздермен қатар, “ясновидец”, “предсказатель”, 

“лекарь” деп жазылған. [ 7-607б. ] 

Бұған қарағанда Құлсары бабамыздың көріпкел-әулие екендігін қазақ халқы ғана 

емес, көрші орыстардың өзі мойындағанын байқауға болады. Орыс мұрағаты осылай 

деп жатса, мұрағаты жоқ қазақтар да Құлсарының әулиелігі ауыздан-ауызға айтылып, 

сондағы  аңыз-әңгімелер  бізге  жетті.    Құлсары  батыр  сынды  айбынды,  ақылман  ел 

ағысын ұрпақтары мақтан тұтады. 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Тарих  толқынында»  атты  еңбегінде  «Тәуелсіздік  үшін 

күрескен тарихи тұлғалардың өміріне тағзым болашақ үшін қажет» - деп атап өткен. 

Сөзіәмді  қорыта  келе  айтарым,  болашақта  Құлсары  Бөріұлы  сынды  ұлы  бабамыз 

жайлы  мағлұматтар    мектеп  бағдарламасына  еніп,  бізден  кейінгі  буынға  жету  үшін 

атсалысуды  патриоттық  парызым  деп  санаймын.  Абылай  хан,  Құлсары  бабамыз 

сынды  батырлар  болмаса    қазіргі  таңда  осындай  егемен  ел  болар  ма  едік?  Кім 

біледі?...  Сондықтан  алдағы  уақыттарда  Құлсары  Бөріұлы  жайлы  мағлұматтар  тек 

ақсақалдардың  ауызынан  ғана  емес,  сонымен  қатар  батыр-бабамыз  жайлы  тың 

деректер    мектеп  бағдарламасына  еніп,  бізден  кейінгі  буынға  да  жетуі  үшін 

атсалысуды әрі  патриоттық, әрі азаматтық парызым деп түсінемін! 

 

 

 



Әдебиет: 

1.

 



Солтүстік Қазақстан газеті – №151, 2008 жыл 16 желтоқсан-5 бет 

2.

 



Солтүстік Қазақстан газеті – №72-74, 2009 жыл 17 маусым-20 бет 

3.

 



Солтүстік Қазақстан газеті – №39, 2011 жыл 31 наурыз-9 бет  

4.

 



Солтүстік Қазақстан газеті –№112, 2011 жыл 15 қыркүйек-7 бет  

5.

 



Солтүстік Қазақстан газеті – №155, 2012 жыл 27 желтоқсан-7 бет  

6.

 



Солтүстік Қазақстан газеті – № 114, 2011 жыл 20қыркүйек-6 бет 

7.

 



“ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары”-Алматы. 1961 жыл – 607 бет 

8.

 



www.rps.kz/severo-kazahstanskaya-oblast/arhivnyie-skafyi

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал