Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



жүктеу 5.06 Kb.

бет1/26
Дата04.02.2017
өлшемі5.06 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


 
ТАРАЗ 
МЕМЛЕКЕТТІК 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ИНСТИТУТЫНЫҢ 
ХАБАРШЫСЫ 
 
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ЖУРНАЛ 
 
 
ВЕСТНИК 
ТАРАЗСКОГО 
ГОСУДАРСТВЕННОГО 
ПЕДАГОГИЧЕСКОГО 
ИНСТИТУТА 
 
НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ 
ЖУРНАЛ 
 
 
№22 
2015 
 
 


 
Тараз 
мемлекеттік 
педагогикалық 
институтының 
ХАБАРШЫСЫ 
ВЕСТНИК 
Таразского 
государственного 
педагогического 
института 
 
 
 
 
2015 
№22 
 
(cәуір - мамыр - маусым) 
 
 
 
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ 
 
Д.П. Қожамжарова                    
тарих ғылымдарының докторы, профессор (бас редактор) 
Р.С. Амандосова                    
педагогика ғылымдарының докторы 
А.Ә. Байтелиев                      
филология ғылымдарының докторы, профессор 
К.Ж. Бұзаубақова                  
педагогика ғылымдарының докторы 
И.О. Мүлдеков                       
техника ғылымдарының докторы, профессор 
М. Мұратбеков                      
физика-математика ғылымдарының докторы, профессор 
Ж.С. Төлеубаев                    
ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор 
Т.Р. Абдыкадырова  педагогика ғылымдарының докторы 
А.Н. Тұрарова 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
А.Г. Шуканов 
филология ғылымдарының кандидаты, профессор 
К.Б. Турдалин 
экономика ғылымдарының кандидаты, доцент 
                                                                                                                           
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ, АҚПАРАТ ЖӘНЕ СПОРТ 
МИНИСТРЛІГІ 
 
Ақпарат және мұрағат комитеті 
Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы 
 
КУӘЛІК 
№5763-Ж 
 
 
 
Астана қаласы                                       «23» 02  2005 ж. 


 
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР 
 
ТАРИХ (ОТАН, ЖАЛПЫ), ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ,  ӘЛЕУМЕТТАНУ, 
ДІНТАНУ, МӘДЕНИЕТТАНУ, ЭТНОМӘДЕНИЕТТАНУ, ҚҰҚЫҚТАНУ, 
ЭКОНОМИКА 
 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР 
 
ӘОЖ 37.01 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДУАЛДЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ 
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ 
 
Қожамжарова Д.П., Бұзаубақова К.Ж., Сарыбекова Ж.Т. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Дуалды  оқыту  жүйесінің тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама)   педагогикалық білім 
беру  саласындағы    мемлекеттік  саясаттың  мақсатын,  жалпы  стратегиясын,  негізгі  бағыттарын, 
басымдықтарын анықтайды. 
Тұжырымдама  еліміздің    индустриялық-  инновациялық    дамуы  мен  мемлекеттіміздің  
тәуелсіздігін нығайтуда ЭЫДҰ  елдерінің стандарттарына негізделген адами капиталдың сапасын 
арттыру,  12-жылдық  білім  беруді  кезең-кезеңмен  енгізу,  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығын  дамыту  мен  оларды  жүзеге  асыру  тетіктерін    қарастыратындай  мектептің 
стандартын жаңартуда комплексті бағдарлама болып табылады. 
Тұжырымдама  бағдарлы-  заңнамалық  құжаттарда  анықталған  Қазақстанның  білім  беру 
саясатының    негізгі    принциптерін    дамытады:  Қазақстан    Республикасының  Конституциясы, 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» 
Заңы,  Қазақстан  Республикасы  жоғары  педагогикалық  білім    беру  Тұжырымдамасы,    Қазақстан 
Республикасында  бейінді  оқытуды  дамыту  Тұжырымдамасы,  «Қазақстан-2050»  стратегиясы, 
«Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  индустриялық-инновациялық  даму 
Стратегиясы», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
Мемлекеттік бағдарламасы, Болон Декларациясы, жоғары білім беру бойынша  Еуропа аймағында 
біліктілікті танудағы  Лиссабон Конвенциясы және т.б. 
Тұжырымдама  білімді  жалпыұлттық  басымдылық ретінде  анықтайды,  мемлекеттің  Қазақстан 
Республикасының  білім беру саясатын алдағы ұзақ мерзімге дамыту үшін, қаржыландыру жүйесі, 
білім  берудің  мазмұны,  білім  беру  жүйесінің  құрылымы,  білім  беру  жүйесін  басқару,  кадр  және 
әлеуметтік  саясат  бойынша    заңнамаға  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  үшін  негіз  болып 
табылады.  Осы  тұжырымдамаға  сәйкес  оны  жүзеге  асыру  бойынша  іс-шаралар  Жоспары 
әзірленуде. 
Қазақстанның    әлемнің    бәсекеге    қабілетті  30  елдің    қатарына    кіру  стратегиясымен  
қазақстандық  қоғамның    жаңаруы    жағдайында    және  жаһандық  еңбек  нарығының  жоғары 
талаптарына  сай  креативті,  кәсіби-  ұтқыр,  құзыретті  мамандар  даярлау  өзекті  проблема  болып 
отыр.  
Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету- қазіргі қоғамдағы білім беру саласының басты 
талабы.  
 Осы  бағытта  білім  беру  ХХІ  ғасырдағы  Қазақстанның  даму  стратегиясының        кілті  ретінде 
анықталады. 
 Мемлекеттің  даму  жоспарына,    сондай-ақ  тұтастай  білім  беру  жүйесіне,  жекеленген    ЖОО 
өмір ұдайы өзгерістер енгізеді. 
 Осыған  байланысты  әрбір  білім  беру мекемелері қоршаған орта (еңбек нарығы, серіктестік 
және т.б.)  мен өзгермелі жағдайға  қатысты үздіксіз білім платформасын толықтырып  отырады. 
 
 
 
 


 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІҢ 
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
 
Қазақстан қазіргі  уақытта нарықтық экономикасы дамыған ел ретінде әлемдік қоғамдастыққа 
танылады. Қазақстан тәуелсіздігін алған  қысқа  тарихи мерзімде  көп нәрселерге қол жеткізді. 
 Саяси  тұрақтылықты  нығайту,  тиімді  экономикалық  реформаларды  жүргізу,  білім  беру 
жүйесін  жаңарту,  білімнің  әлемдік  аренада  танылуы,    азаматтардың  тұрмыс-жағдайларының  
жақсаруы сияқты біздің республикамыздың бүгінгі қол жеткізген жетістіктері  -  бұлар  қоғамның   
бірлескен  және  біртұтас  жасампаз  еңбегінің  куәсі,  яғни    ұлттың    стратегиялық 
басымдылықтарының өмірде жүзеге асуы.   
Қазақстан    әлемдік  өркениетке  кіруде    инновациялық    озық    технологияларды    пайдалана  
отырып,  еліміздің    индустриялық-  инновациялық  дамуы  бойынша    комплекстік  бағдарламаны   
жүзеге асыруда. 
Осы  бағытта  еліміздің  экономикалық  қуаты    мен  ұлттық  қауіпсіздігі,    қоғамда  өмір  сүрудің 
жаңа  деңгейінің    құрамдас  бөлігі  ретінде  маңызды  фактор  болып  табылатын  адами  капиталды 
дамыту бойынша жоғары педагогикалық білімнің рөлі мен маңызы артуда. 
Өз  кезегінде  қоғамдық  қатынастар  жүйесіндегі  өзгерістер  білім  беруге    әсерін  тигізеді,  одан 
жалпы алғанда  экономиканың  дамуының қажеттіліктеріне сәйкес келетін ұтқырлықты және жаңа 
тарихи кезеңнің шындығына  адекватты жауап қатуды талап етеді.  
Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне біртіндеп кірігуіне  жеткіліксіз 
болатын  білім  берудің  құрылымы  мен  мазмұны    жағынан  ішінара  ескірген  әдіснамалық  базасы  
негізінде дамуда.  
 Бірақ,  бүгінде  жоғары  педагогикалық  білім  беру    жүйесіне  дуалды  білім  беруді  енгізудің 
алғашқы қадамдары жасалып жатыр.  
Қазіргі  уақытта      бірде  бір    жоғары    білім    беру    мекемесі  Назарбаев  Зияткерлік  Мектептері 
(НЗМ)  үшін    арнайы  кадрларды  даярлап  жатқан  жоқ.  Жалпы  орта  білім  беретін  мектептердің 
дарынды  мұғалімдері  НЗМ-не    жұмыс  істеуге  ауысуда,  ал  бұл  өз  кезегінде    жалпы  орта  білім 
беретін мектептердің білім сапасының төмендеуіне әкелуде. 
Бәсекеге  қабілетті    педагогикалық  кадрларды    дайындау  үшін  жоғары  педагогикалық  оқу 
орындарының оқу-тәрбие процесіне дуалды оқытуды енгізу қажеттілігі туындауда. 
Дуалды оқытуды енгізу қажеттіліктері төмендегілер болып табылады:  
1. Жоғары  оқу  орындарында  барлық  мамандықтар  бойынша  көптілді  мамандар  дайындау 
қажет. 
2. Болашақ  педагогтардың  білім  сапасын  жақсарту  үшін    ЖОО-да  болашақ  педагогтардың 
теориялық  білімді    алу  және  инновациялық  технологияларды  меңгерумен  қатар,  міндетті  түрде 
НЗМ базасында кәсіби  дайындықтан өтіп,  практиканың соңында  біліктілік емтиханын  тапсыруы 
қажет. 
 Ұлттық  білім  беру  аймағында    педагогикалық  ЖОО-ы  ерекше  орын  алады.  Дәл  сонда  білім 
беру  саласындағы  үздік  халықаралық  тәжірибеге  сәйкес    келетін  жеке  тұлғаның  және  еліміздің 
индустриялық-  инновациялық  дамуын  қамтамасыз  етуге  даяр  жаңа  формацияның    болашақ 
мұғалімдері қалыптасады. 
 Дуалды оқытуды ендірудің мақсаты: 
-  педагогикалық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; еліміздің үздіксіз білім беру 
жүйесіндегі  озық  әлемдік  тәжірибеге  сай  келетін    жеке  тұлғаның    креативті  сапалары,  еңбек 
нарығының  қажеттіліктерін  қанағаттандыратындай  индустриялық-  инновациялық  даму,  сапалы 
білім беруге қол жетімділікті қамтамасыз ететіндей адами капиталды дамыту;  
-  қоғам  мен  экономиканың  индустриялық-  инновациялық  даму  сұраныстарына  сәйкес 
жоғары педагогикалық білімді жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануы; 
- педагогикалық  ЖОО мен НЗМ жүйесінде  дуалды оқытудың  қазақстандық моделін жасау. 
Міндеттері: 
1.   Жоғары педагогикалық білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен  қамтамасыз ету. 
2.  12-жылдық мектеп жағдайында табысты  жұмыс жасай алатын жоғары  білікті кадрларды 
дайындайтын  жоғары педагогикалық білім беру жүйесін  жаңғырту; 
3.  Жоғары  білімнің  еуропалық  аймағына  кірігуді  қамтамасыз  ету;  білім,  ғылым  және 
өндірістің  интеграциясын  қамтамасыз  ету,  технологиялар  мен  зияткерлік  меншік  өнімдерін 
коммерцияландыру үшін жағдай жасау. 
4.  Білім беруде мемлекеттік- жекеменшік серіктестік жүйесін қалыптастыру;  


 
5.  Қазақстанда    және  шетелде  дуалдық  оқытуды  ендірудегі    инновациялық  тәжірибені 
үйрену. 
6.  Педагогикалық  ЖОО-ның  Назарбаев  Университеті  мен  Назарбаев  Зияткерлік 
Мектептерімен  инновациялық  өзара  ынтымақтастық  интегративтік  жүйесін    жүзеге  асыру 
тетіктерін анықтау . 
7.  ЖОО-н    дуалды  оқыту  жүйесіне  көшіру  жағдайында  Назарбаев  Университеті  мен 
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық педагогикалық тәжірибесін трансляциялауда МЕКТЕП-
НЗМ-ЖОО-НАЗАРБАЕВ УНИВЕРИСТЕТІ  өзара желілік  байланыс орнату.  
8.  Қазақстан  Республикасы    жоғары  білім  беру  жүйесінде    дуалдық  оқытуды    ендіру    және 
оны жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу.  
9.   Дуалдық оқытуды  ендіруде эксперименталды алаң құру. 
10.   Мамандықтар шеңберінде дуалды оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау.  
11.   ҚР педагогикалық ЖОО-на дуалдық оқытуды  ендіруде ұсыныстар дайындау.  
12.  Жұмыс  берушілердің  сұранысын    жеткілікті  қанағаттандыратындай    жоғары  білікті 
кадрлар дайындау.  
 
ШЕТЕЛДЕРДЕ ДУАЛДЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА 
САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ 
 
       Дуалды  білім  беру  жүйесі    -        оқу    орындарындағы  оқытуды  өндірістік  іс-  әрекетпен 
ұштастырып  қарастыратын білім беру жүйесі.  
Дуалды сөзі  «қос бірлік,  екі жақтылық»,   «бірыңғай ұйымдасқан тұтастық»  дегенді білдіреді.  
Кәсіптік білім берудің аталмыш формасы еңбек нарығының сұраныстарын қанағаттандыратын 
жоғары білікті мамандарды  дайындау    мақсатында мемлекет, жұмыс беруші,  кәсіподақтар және 
түрлі    қоғамдық  бірлестіктердің    тығыз  ынтымақтастық  байланысы  негізіндегі  әлеуметтік 
серіктестіктің өнімі ретінде   өмірге келді. 
Білім берудің дуалдық жүйесі деп  білім алушылар таңдаған мамандықтары бойынша білімді 
екі  білім беру мекемесінде алатын, яғни білім беруге екі  мекеме  ат салысатын жүйені атайды. Бір 
жағынан  ол кәсіби мектеп, ал екінші жағынан оқытатындай өндіріс  орны. Екі мекеме  бір-біріне 
тәуелсіз серіктестер  болып табылады. 
Шын  мәнінде  өндіріс  орындарындағы    кәсіптік  оқыту  (кәсіптік  білім  беруді  жалпылама 
негіздерін мемлекет анықтайды) кәсіпкерлердің  бақылауы негізінде жүзеге асырылады. 
Бұл  кәсіптік  оқытудың    дуалды  формасында    оқу  уақытының  басым  бөлігі    тікелей  жұмыс 
орнында өтетіндігімен ерекшеленеді. 
Оқу  процесі  төмендегідей  ұйымдастырылады:  жоғары  оқу  орындарында,  колледжде  немесе 
басқа  кәсіби  білім  беру  мекемелерінде    (жалпыбілімдік  дайындық)  студенттер  күнделікті  
сабақтармен  қатар  нақты  кәсіпорынға  немесе  фирмаларға  барады,  практикалық  тәжірибе  
жинақтайды (кәсіби дайындық). 
Ең  маңыздысы,  білімді  өндірістік  қызметпен  ұштастырған  студенттер    сол    оқытушы  өндіріс 
орнында  жұмыс  істеуге  қалады.  Білім  беру  мекемелері  жұмыс  берушілермен  міндетті  түрде 
ынтымақтастық  орнатуы қажет. 
Дуалды білім беру  алғаш  рет Германияда енгізілді. Сондықтан, бүгінгі таңда Германия осы 
салада  танымал  көшбасшы  болып  саналады.  Германияның  дуалды  білім  беру  жүйесі  өмірде 
дәлелденген және бүкіл Еуропалық Одақ үшін үлгі болып табылады. 
Практикалық  (өндірістік)  бөлігі  шамамен    оқу  уақытының  үштен  екі  бөлігін,  ал  мектеп 
(кәсіптік-теориялық)  бөлігі  шамамен  оқу  уақытының  үштен  бір  бөлігін  құрайды.  Бұл  жүйе 
Германияда ғана емес, сондай-ақ Австрия мен Швейцарияда  тәжірибеге енген. 
Жұмыс  күшінің  сапа  мониторингі  Халықаралық    институтының    (Швейцария)    бағалауы 
бойынша  Германияның  кәсіптік  білім  беру  жүйесі    кадрлардың  біліктілік  деңгейі  бойынша 
көшбасшылардың бірі болып табылады. 
Оқу  бағдарламасы    жұмыс  берушілердің  тапсырысымен  және  қатысуымен  жасалады,  бір 
мамандық шеңберінде оқылатын пәндері бойынша оқу материалының көлемін  бөлуге мүмкіндігі 
бар.Теориялық және практикалық бөлімдерге шамамен  бірдей сағат бөлінеді. Дуалды оқытудың 
германиялық бағдарламасына есептелген  мерзім екі жылдан үш жарым жыл аралығында  ауысып 
отырады. 
Германияның    дуалды  білім  беру  жүйесі  өнеркәсіптік  және  технологиялық  секторға 
негізделген,  гуманитарлық  мамандықтар үшін  мүлде қолданылмайды. 


 
 Осыған  қарамастан,  тигізген  әсері  айтарлықтай  болды:  Еуропалық  елдердің  ішінде 
Германияның  Федаралды  Республикасында    жастар  арасындағы  жұмыссыздық  арасында  ең 
төменгі  көрсеткішке  ие  (басқа  Еуроодақтың  басқа  мемлекеттерінен  бірнеше  есе  төмен)  және 
экономикасы жақсы дамыған.  
Францияда  кәсіптік  оқыту  мемлекеттік  басқару  қағидаттарының  негізінде  реттеледі,  ал 
Ұлыбританияда  нарықтық экономиканың қатаң принциптері негізінде реттеледі. 
Мамандарды  кәсіби  даярлауда  оқытудың  дуалдық  жүйесін  енгізуде  жетекші  еуропалық 
мемлекеттердің (Германия, Австрия, Франция, Швейцария және т.б.) әлемдік тәжірибесін  ендіру  
оң нәтижесін берді. Сондықтан шетелдің ғалымдары- W.Greinert,  F.Kuebert,  A.Lipsmeier,  H.Puetz, 
A.Schelten, H.Schmidt, K.  Stratmann өндірістегі кәсіптік оқытудың экономикалық рентабельділігін 
және  кәсіптік мектеп пен өндірістің   өзара ынтымақтастығының  тиімділігін зерттеді. 
Дуалды  білім  беру  жүйесі  ТМД  елдерінде  де  зерттелінді,  осының  нәтижесінде  кәсіптік-
техникалық білім  беру енгізілді, бұл жөнінде  ғылыми-өндірістік қауымдастықты жетекші ғалым- 
педагогтар    (Л.И.  Корнеева,  Г.Б.  Корнетов, Е.В.  Корягина, М.С.  Савина, Е.Е.  Федотова,  О.Д.  
Федотова  және т.б.)  хабардар етті.  
2014 жылы Ресейде  орта кәсіптік білім беру жүйесінде  дуалдың моделін  ендіруге дайындық 
басталды.  Пилоттық  жобалар  Калуга,  Ульянов  және  Ярославль    облыстарында,  Пермь  және 
Красноярск  аймақтарында  жүзеге  асырылуда.    Бұлар    Стратегиялық  бастамалар  агенттігі  (СБА) 
өткізетін конкурс үшін таңдалған қатысушы аймақтар. 
Қазақстанда  2013  жылдан  бастап  дуалды  оқыту  жүйесі  енгізіле  бастады.  Кадрларға  мұқтаж 
өнеркәсіп  салалары  (ауыл  шаруашылығы,  көлік,  металлургия,  машина  жасау,  мұнай-газ  және 
химия өнеркәсібі ) және оларды  дайындайтын оқу орындары анықталды . 
2014-2015  жылдары  Қазақстанда көптеген кәсіптік- техникалық оқу орындары дуалды оқыту 
жүйесіне  көшті.  Бірақ  Қазақстанда  дуалды  оқыту  жүйесін  толықтай  ендірген  бірде-  бір  
педагогикалық     жоғары оқу орын жоқ. 
Педагогикалық  жоғары  оқу  орына    дуалды  оқыту  жүйесін  ендірудің  алғашқы  қадамдары 
жасалуда.  Қазіргі  уақытта Қазақстанда 20 Назарбаев Зияткерлік мектептері ашылғанмен, оларға  
арнайы    кадрлар    дайындалмай  отыр.  Осы  себепті,  жалпы  орта  білім  беретін  мектептердегі    ең 
талантты    мұғалімдер  Назарбаев  Зияткерлік  мектебіне    жұмысқа      ауысуда,    ал  бұл    белгілі  бір 
дәрежеде  орта білім беретін мектептердің білім сапасының төмендеуіне алып келуі мүмкін. 
Осы  тұжырымдаманың  ерекшелігі  -  ең  алдымен,  педагогикалық  мамандықтар  
қарастырылатын  гуманитарлық бағыттағы дуалды оқыту жүйесі болып табылады. 
Дуалды  оқытудың  мақсаты  –  студенттердің  теориялық  және  практикалық  құзыреттілігін 
қалыптастыру,  оған  танымдық  және  кәсіби  іс-әрекетте  оны    белсенді  қолдана  алатындай  етіп  
көмектесу.  
Осы  қабілетті  игере  отыра,  болашақ  мұғалім  білуі  керек  :1)  теориялық  білім,  білік  және 
дағдыларын    тәжірибе  аясында  қолдана  алуы;  2)  болашақ  мамандардың  жеке  мүдделері  мен 
қабілеттерін  қалыптастыру;  3)  екі  оқу    мекемесінде  жүзеге  асырылатын    оқытуда  бәсекеге 
қабілетті тұлға ретінде  өзін көрсете алуы. 
Ең маңыздысы, оқытуды өндірістік  іс-әрекетпен  ұштастыратын студенттер оқыту өндірісінде  
жұмысқа қалуда. 
 
3.  ҚАЗАҚСТАНДА ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ 
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 
 
2014  жылдан    бастап    Қазақстанда    дуалды    білім  беру  жүйесін  енгізу  басталды.  3225 
кәсіпорындар  базасында  800  колледждің  280-іне  эксперименттік  ретінде  осы  жүйені  енгізді.  
Дуалды оқытудың  Жол  картасы  бекітілген  және  жүзеге асырылуда. Оқытумен 21 мыңнан астам 
студенттер қамтылған. 
2014 жылы  шамамен 26 мың «кәсіпорын - колледж»  екіжақты  келісім-шарттар  жасалды, ал 
студенттер тәжірибеден қайдан  өтеміз деп бастарын қатырған жоқ. 
 Педагогтар    ҚР    «Білім  туралы»    Заңына  «Дуалды    білім  беру»    ұғымын  ендіру  қажет  деп 
санайды,  себебі    дуалды  оқыту    студенттердің    практикадан  өтуін  жеңілдетеді,  сондай-ақ 
студенттер теориялық білімдерін  практикада  қолдана  алуға  машықтанады. Болашақ маман оқу 
уақытының 1/3  бөлігін практикалық  дағдыларды  ала отыра кәсіпорында өткізеді. 
2014  жылы  Қазақстан  Республикасының  10  жоғары  оқу  орны  QS  әлемнің  үздік 
университеттері рейтингісінде  аталып  өтілді. ТОП 400-дің қатарына әл- Фараби атындағы Қазақ 


 
Ұлттық Университеті, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ; ТОП 601-650-дің қатарына  К.Сәтбаев атындағы 
ҚазҰТУ,  Т.Рысқұлов  атындағы  ҚазЭУ;  Топ 651-700-дің  қатарына М.Әуезов атындағы  ОҚМУ, 
Абай  атындағы  ҚазҰПУ;  Топ  701-дің  құрамына  Е.  Бөкетов  атындағы  ҚарМУ,    С.Сейфуллин 
атындағы ҚазАТУ,  Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ  сияқты жетекші ЖОО кірді. 
Қазақстанда  колледждер  бойынша  дуалды  жүйе 2008 жылдан  бастап  ендірілді, жыл сайын 
кем  дегенде  50-60    колледж  осы    жүйе    бойынша  мамандар  даярлауы    қажет  еді.  Статистикаға 
сәйкес  2015 жылы  қазірдің  өзінде 280 біздің  колледждер  дуалды білім  беру жүйесі бойынша 
жұмыс істейді, бірақ нәтижелері көңіл толтырарлықтай емес. 
Елімізде кәсіптік- техникалық  колледж студенттерінің тек 8% дуалды оқыту жүйесі бойынша 
білім алуда. 
С.Торайғыров    атындағы    Павлодар  мемлекеттік  университеті    2013  жылдан  бастап  дуалдық 
оқыту  жүйесін енгізді.  2015 жылы Павлодар облысында қазіргі уақытта 50 ТжКБ мекемелердің 
ішінде  44  дуалды  білім  беру  енгізілген.  Кәсіптік-техникалық  колледждердегі    24  мыңнан  астам 
студенттердің    жартысы    мемлекеттік    тапсырыс    бойынша  білім  алуда.  Бүгінде  түлектердің 
шамамен 72% оқуды бітірген жылы жұмыс таба алады. 
ҚР  білім  беруді  дамытудың    2011-2020  жылдарға    арналған    мемлекеттік  бағдарламасына 
сәйкес  ТарМПИ-де орта арнаулы білім беру базасында  оқу мерзімі үш жыл  болатын студенттер 
үшін дуалды оқыту моделін енгізді. 
Бұндағы    негізгі  мақсат-  еңбек  нарығында  сұранысқа  қажетті  мамандықтар  анықтау.  Дуалды 
оқыту  жүйесі  мен  жоғары  мектептегі  дәстүрлі  оқыту    жүйесінің    арасындағы    айырмашылық  
практика және теорияның  интеграциясы болып табылады. 
Қазіргі  кезеңде  ТарМПИ  -да  дуалды  оқыту  жүйесі  эксперименттік  режим  тұрғысынан  
төмендегідей    мамандықтарда    енгізілді:    5В010100-  Мектепке  дейінгі  оқыту  мен  тәрбиелеу;  
5В010800-  Дене  шынықтыру  және  спорт;    5В010500-Дефектология;  5В012000-Кәсіптік 
оқыту.Студенттерді  дайындаудың  практикалық  бөлігі  «Тараз  -Арена»  жаңа    спорт  сарайында, 
«Аспара»  колледжінде,    «Асыл  Дизайн»    сән  үйінде,    балалардың    шығармашылық    даму  
орталығында  және  инновациялық типтегі балабақшаларда  өтеді. 
Алайда  жекеменшік  серіктестік  бағдарламасының  элементтері  дуалдық  білім  беруде  толық 
пайдаланылмайды. 
Дуалды  оқыту  жүйесін  ендіру  үшін  ҚР Білім және  ғылым  министрлігі,  Денсаулық сақтау 
және  әлеуметтік  даму,    Ұлттық  Кәсіпкерлер  Палатасы    арасында    үшжақты  меморандумға  қол 
қойылады. Осыған байланысты  бүгінде   еліміздің  барлық  өңірлерінде   жүзеге   асырылып жол 
картасы  қабылданды.  Дуалды  жүйе  жұмыс  орында  оқыту  болып  табылады,  сондықтан  басынан 
бастап  жұмыс  берушілердің    осы  процеске  қатысуын  қамтамасыз  ету  қажет.  Қазіргі  уақытта  
өндіріс  орындарының   бәрі  де  бірдей  студенттерді  кәсіби  оқытуға  дайын  емес  екенін  атап  өткен 
жөн.  Еліміздегі  мектептер  мен  колледждердің  материалдық-  техникалық  базасын  жаңарту 
белсенді  түрде  жүзеге  асырылуда.    Соңғы  3  жылда    техникалық    және    кәсіптік    білім  беруді  
дамыту саласына 14 млрд. тенге,  соның ішінде материалдық - техникалық базасын жаңғыртуға 1,8 
млрд. теңге бөлінді. 
Дуалды  оқытуды  енгізуде  бәсекеге  қабілетті  мамандарды  дайындау  ушін  инновациялық 
технологиялар  кеңінен  пайдалануда.  «Е-learning»  автоматтандырылған  басқару  жүйесін енгізу 
білім    беру  процесінің  әр  қатысушысына    ақпараттық  және  білім  беру  қызметтерін  жеткізуге  
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беруде   25%  мемлекеттік білім 
беру мекемелерінде  оқыту технологиялары пайдаланылады.  
 Бүгінде  Қазақстанда  кадрларды  дайындауда  дуалды  оқытудың  элементтерін  100-ден  астам 
техникалық  және  кәсіптік  білім беру  ұйымдары  белсенді ендіруде. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал