Тапсырманың аты: Етсіз бір күн



жүктеу 493.34 Kb.

бет6/6
Дата11.09.2017
өлшемі493.34 Kb.
1   2   3   4   5   6

38%-ға арттырады. Қызыл ет, сонымен бірге канцероген болып саналады, оны 

тұтыну көптеген жағдайда организмнің ішінде патогенді ортаның дамуына әкеліп 

соқтырады. Рациондағы қызыл етті тауық етіне, балыққа, күркетауыққа немесе 

теңіз өнімдеріне алмастыр. 

Сенің міндетің: қызыл еттен және өңделген ет өнімдерінен бір күнге бас тарт. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Өңделген ет өнімдері бағасы бойынша қолжетімді, сондықтан 

олар біздің тоңазытқышымызға өте оңай келіп түседі. Денсаулықтың пайдасына 

таңдау жаса және тамақтан ешнәрсе аяма. 

145 


!

 

Тапсырманың аты: Күнмен кездесуге ұмтыл! 



Хаттың мазмұны: Керілу денені босаңсытуға және көңіл-күйді жақсартуға 

мүмкіндік береді. Рахаттана керіле созылып, әрбір бұлшықетіңді сезіне біл 



және қан ағысы қалай артатынын байқа. Сонымен бірге керілу ас қорытуға 

тамаша әсер етеді.  

Сенің міндетің: бірнеше рет барынша керіліп ал. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

146 

 

Тапсырманың аты: Достарыңды жина.  



Хаттың мазмұны: Үйіңде қызойнақ жаса немесе достарыңды мейрамханаға 

жина. Басты мақсат – компания үшін қызықты ойын-сауық ойлап тап және 

достарыңмен бірге уақыт өткізу өзгеше және қызықты.  

Сенің міндетің: достық кездесу ұйымдастыр. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Достарыңмен үнемі кездесу ұйымдастыр және 

мессенджерлерде қарым-қатынас жасауға уақыт өткізбе! 

147 


 

Тапсырманың аты: Жақсылық жасаймыз. 

Хаттың мазмұны: Бүгінгі күні көмекті қажет ететін қайырымдылық ұйымдары өте 

көп. Мұндай ұйымдар – заңды ұйымдар, және де сенің ақшаң алаяқтардың 

қолына түспейтіні анық. Бәрінен де бұрын кімге көмек көрсеткің келетінін таңда. 

Балаларға, жануарларға, қарттарға, ауыр науқастарға, жетімдерге – өкінішке 

орай, түрлері көп. Кез-келген көлемдегі ақша маңызды, егер де ол тұрақты түрде 

түсіп тұратын болса, онда бұл дегеніміз мықты сүйеніш! Сонымен бірге сен 



қажетсіз киімдер (міндетті түрде жақсы) бере аласың немесе зейнеткер көршіңе 

азық-түлікпен көмек көрсете аласың.  

Сенің міндетің: қайырымдылық мақсатында ақша аударымдарын жаса. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Көптеген ұйымдар мен жобаларда автотөлем теңшелімі бар. 

Егер де сен ай сайын бар-жоғы 1000 теңге аударып отыратын болсаң, онда бір 

жылда 12 000 теңге болады – әлдекімнің өмірі үшін әжептәуір салым. 

148 


!

 

Тапсырманың аты: Ішкі сұхбатыңды сабырға келтіреміз 



Хаттың мазмұны: Сенің ойыңдағы, сенің сүйікті адамыңның ойындағы тәрізді өз-

өзіңмен немесе ойыңдағы адаммен, мысалы араларыңды кикілжің туындаған 

әріптесіңмен немесе көліктегі кездейсоқ ренжіткен адаммен жасаған жағымсыз 

сұхбатың жиі сыртқа естіліп қалатын шығар. Санасыз ойлардың тамырын 

түбірімен жойып таста. Есіңде болсын, басты ішкі дауыс – сенің жеке меншік 

және саналы дауысың. 

Сенің міндетің: жағымсыз ойларды тоқтатуға машықтан. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Ойлар шуылын тоқтатуға медитация көмектеседі. Жағымсыз 

ойлардың артықтығы шаршағандықты білдіреді. Бойыңа еркіндік беретін жеңіл 

дағдылар жаса және көбірек демал – ойыңның тазаруы сені көп күттірмейді! 

149 


!

 

Тапсырманың аты: Витаминдерден қуат ал! 



Хаттың мазмұны: В6 витаминінен басқа, бізді күйзелістен магний қорғайды. 

Магний ақуыз синтезінің барлық кезеңінде қажет. Ол жүйке жүйесіне қолдау 



көрсетеді және жүрек бұлшықеттеріне қамқорлық жасайды, қан тамыры 

жолдарын кеңейтеді, ішектердің белсенділігін арттырады. Магний 

жетіспеушілігі бірден байқалады: ұйқысыздық, созылмалы шаршаңқылық, бас 

сақинасы, бұлшықеттің тартылуы, жүрек аритмиясы, іштің қатуы. Тер 

басқанда, іш жүргізетін және несеп айдайтын препараттарды, ішімдікті жиі 

ішкенде, үлкен мөлшерде психикалық және денеге ауырлық түскен кезде 

магнийдің қажеттілігі артады.  

 Сенің міндетің: магнийге бай өніммен тамақтан. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Құрамында магний бар азық-түліктер: саңырауқұлақ, күріш, 

қарабидай, бұршақ, жүгері, арпа, теңіз балығы, банан, қара өрік, 

қырыққабат, картоп, қызылша, қызанақ, топинамбур, ақжелкен, балдыркөк, 

асқабақ дәні, күнбағыс, зығыр, күнжіт тұқымдары, самырсын және грек 

жаңғақтары, какао-ұнтағы, жасымық, үрмебұршақ, бидайдың өнген тұқымы. 

Таңдау өте көп! 

150 


 

Тапсырманың аты: Иммунитетке қамқорлық көрсетеміз 

Хаттың мазмұны: Көктемде, әсіресе денсаулықты қадағалау маңызды – өлірара 

шақ және виитамн жетіспеушілік болуы мүмкін! С витаминімен иммунитетіңді 

нығайтып, серуендеуден және гүлденген табиғаттан ләззат ал. Саған тек үнемі 

апельсин жегеннен көңілсіз болмау үшін, міне С витаминіне бай бірнеше 

өнімдер: бұршақ, ақбас қырыққабат, қызылжидек, қызыл бұрыш, жасыл пияз, 

ананас, ақжелкек, шалқан, қойбүлдірген. 

Сенің міндетің: С витаминіне бай өніммен тамақтан. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін 

Қосымша ақпарат: Құрамында С витаминінің көп болуы жағынан рекорд жасаушы 

– кептірілген итмұрын. Оны ыстық суға демдеп, суық тиудің алдын алу үшін 

күнделікті ішіп жүр! 


151 

!

 



Тапсырманың аты: Мысық-әйел 

Хаттың мазмұны: Әзірленуге, омыртқаны еркінсітетін және нығайтатын йоганың 

екі қарапайым жаттығуын ал. Асан «Мысық» және «сиыр» тәсілдерін алдын ала 

дайындықсыз-ақ жасау оңай. Төрт аяқтап тұр да, қолдарыңды иықтарыңның 

тұсына қойып, саусақтарыңды алға қарай соз. Басыңды көтере отырып, арқаңды 

төмен қарай майыстыр – бұл мысық тәсілі, басыңды төмен түсіре отырып, 

арқаңды жоғары қарай майыстыр – бұл сиыр тәсілі. Сезінулеріңе ден қоя отырып, 

бірнеше рет қайтала. 

Сенің міндетің: асан «мысық» және «сиыр» кешенді тәсілдерін орында 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Йога, тіптен сен онымен тұрақты түрде айналыспайтын болсаң 

да денеге өте ұқыпты әсер береді, өзіңнің талғамыңа қарай өзіңе бір-екі асан ал 

және оларды бойыңды еркін ұстау немесе, керісінше сергу үшін пайдалан.  

152 


 

 

Тапсырманың аты: Гликемиялық күш түсуін санаймыз 



Хаттың мазмұны: Гликемиялық индекс дегеннің не екенін сен білетін шығарсың – 

ол қорытылудан кейін қанттың қанға түсетін жылдамдығын есептейді. Индекс 

қаншалықты төмен болса, көмірсу соншалықты баяу қорытылады, және біз де 

соншалықты тоқтық сезімін сақтаймыз. Алайда ГИ әрқашан да нақты бола 

бермейді. Мысалы, майға пісірілген бәліш пен қарбызда ол бірдей, ал олардың 

пайдасы әр түрлі. Біз гликемиялық күш түсуін есептеуге кеңес береміз – бұл 

көмірсулар мөлшері мен олардың қанға түсу жылдамдығының үйлесімі. 

Гликемиялық күш түсу былай есептеледі: гликемиялық индексті 100 граммдағы 

көмірсу мөлшеріне көбейтіп, 100-ге бөлу қажет.  


Сенің міндетің: өзіңнің сүйікті өнімдеріңнің қаншалықты гликемиялық күш 

түсіретінін біл. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Ғаламтордан гликемиялық индексті де, көмірсулар мөлшерін 

де оңай табуға болады. Кейбір елдерде бұл ақпаратты өнімдердің қаптамасына 

жазып қояды – өйткені пайдалы тамақтану сән емес, көптеген адамдардың өмір 

сүру дағдысына айналуда. 

155 


 

 

Тапсырманың аты: Ерлерге арналған теріге күтім жасау жөніндегі ережені 



меңгереміз 

Хаттың мазмұны: Орифлэйм сарапшылары, күтімге көп уақытын жоғалтпай-ақ, 

кез-келген еркекке тонусты және терінің балғындығын сақтауға мүмкіндік 

беретін қарапайым жүйені ұсынады. https://kz.oriflame.com/beautyedit/health-

beauty/why-he-needs-a-skin-care-routine-too 

Сенің міндетің: теріге күтім жасауға арналған жүйені пайдалан. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Егер де саған жүйені қалай пайдалануды түсіну қиынға соқса, 

қарапайым реттілікті сақта: тазарту-сарысу-ылғалдандыру. 

156 


 

Тапсырманың аты: Хош иістер психологиясын ұғынамыз 

Хаттың мазмұны: Орифлэйм сарапшылары жеке басыңның типіне қарай хош 

иістер бойынша гид құрастырды. Сән-салтанатты жөн санайсың ба немесе 

жеңілге ұмтыласың ба? Сен талғампаз әрі сүйкімдісің бе немесе фейерверк-

қызсың ба? Дәл саған лайық болатын хош иісті біздің гидпен таңда: https://

kz.oriflame.com/beautyedit/health-beauty/whats-your-perfume-personality 


Сенің міндетің: жеке басыңның типіне қарай лайықты болатын хош иісті 

таңда. 


Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Қызықты дерек: егер сенің терің салқын тері болса, 

онымен жылы хош иістер жақсы ашылады, ал егер де терің жылы болса, онда 

салқын композициялар нағыз әшекей бола алады. 

157 

 

Тапсырманың аты: нағыз үй бикесінің бицепсі  



Хаттың мазмұны: Егер сенде гантельдер жоқ болса, оны кез-келген нәрсемен 

алмастыруға болады! Әрбір қолыңа бір бөтелке су, бір пакет қант немесе ұн 

ал. Тік тұрып, аяқтарыңды иықтарыңның деңгейіне қой, қолдарыңды төмен 

түсіріп, алақандарыңды алдыға қаратып тұр. Қолдарыңды кезекпен, иық 

сүйектеріне тигізе отырып, шынтағыңнан бүк. 15 рет қайтала. 

Сенің міндетің: бицепсті шынықтыру!  

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін.  

Қосымша ақпарат: Егер де сен ас үйде көбірек уақытыңды өткізетін болсаң, 

оны дене бітімің үшін де пайдасы болатындай етіп өткіз! Күнделікті осындай 

жаттығулар жаса, көп уақыт өтпей-ақ қолдарыңда әдемі қатпар пайда болады. 

Артық шынықтырудан қорықпа – үй жағдайында олай болу тіптен мүмкін емес!  

158 


 

 

Тапсырманың аты: Кресло спорттық құрал тәрізді  



Хаттың мазмұны: Міне, қолдың, кеуде мен арқаның бұлшықеттерін 

жаттықтырудың тамаша тәсілі. Нық орныққан креслоның шетіне отырып, 

аяқтарыңды біріктір, ал табаның еденге толық тиіп тұратын болсын. Қолдарыңды 


креслоның шеттеріне тірей отырып, жамбас тұсына орналастыр. Сосын, 

қолдарыңды шынтақ тұсынан 90 градусқа бүге отырып, денеңді еденге қарай 

еңкейт. Бастапқы қалыпқа қайта орал да, қолдарыңды түзуле. 10 рет қайтала.  

Сенің міндетің: креслодан 10 рет бүгіліп-жазылу жаса.  

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін.  

Қосымша ақпарат: Спортпен айналысу үшін жиһаз бен үй әбзелдерін қалай 

қолдануға болатындығын сен, тіптен елестете де алмайсың. Аналар, 

фрилансерлер мен жай қолдары босамайтын адамдар үшін, үйден шықпай-ақ 

спортзал деуге болады. Бастысы, қашан да, жүйелілік! 

159 


 

 

Тапсырманың аты: Аяқтарыңды көтер!  



Хаттың мазмұны: Шалқаңнан жат та, денең мен жамбасың 90 градустық бұрыш 

жасайтындай, аяқтарыңды түп-түзу етіп көтер. Аздап тізеңді бүк. Денеңнің 

төменгі бөлігінің бұлшықеттерін ширата отырып, аяғыңды түсір, бірақ соңына 

дейін түсірме, аяқтарың мен еденнің арасында кішігірім арақашықтық 

болатындай болсын. Енді аяқтарыңды қайтадан көтер. Арқаңның төменгі бөлігі 

түзу орнығуын және еденге тиіп тұруын қадағала. Жаттығуды 10 рет қайтала.  

Сенің міндетің: аяғыңды 10 рет көтер. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Бұл жаттығу пресс бұлшықеттерін, әсіресе төменгі 

бұлшықеттерді тамаша жаттықтырады. Жаттығуларды орындау кезінде оқыс 

қозғалыстар жасама, бірсарынды қозғалуға және алған әсеріңді байқап отыруға 

тырыс. 


160 

 

 



Тапсырманың аты: Таңғы ас үстіндегі Barre балет  

Хаттың мазмұны: Үйде билейсің бе? Жаттығудың орнына балет ұсынамыз! 

Оянғаннан кейін, өзің ұнататын музыкаңды қос. Шәйнек қайнағанға дейін, 

жамбасыңның деңгейінде болатын тіреуішке қарама-қарсы тұр - оған ыдыс-аяқ 

жуатын шұңғылша немесе ас үй үстелі лайықты болады. Қолыңдарыңмен тірене 

тұрып, өкшең мен аяқтарыңның бастарын қосып ұста да, сосын 45 градусқа екі 

жаққа бұра отырып, аяқтарыңды алшақтат. Аяқтарыңның ұшымен тұр, сосын 

тізеңді бүге отырып, плие орында. Тізеңді түзуле және табаныңмен толықтай 

жерді бас. 10 рет қайтала. 

Сенің міндетің: 10 плие жаса.  

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін 

Қосымша ақпарат: бұл жаттығу аяқтар мен пресс үшін пайдалы, сонымен қатар 

өте тиімді болып көрінеді! Жаттығуды аяқтай отырып, бір айналып ал да, тәжім 

ет. 


161 

 

 



Тапсырманың аты: Ғаламшарға қамқорлық көрсету 

Хаттың мазмұны: Жер сағаты – бұл халықаралық акция, оның аясында WWF, 

жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіре отырып, 

ғаламшардың  болашағына алаңдаушылық білдіруге шақырады. Дәл сол уақытта 

бүкіл әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің жарықтары өшеді.  


Сенің міндетің: Жер сағатына қосыл және ертең 20.30-да бір сағатқа жарықты 

сөндір. 


Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Былтырғы жылы акцияға 150 елден екі миллиард адам 

қатысты. 

Сен де қосыл! 

162 

 

 



Тапсырманың аты: Алға бір қадам! 

Хаттың мазмұны: Бұл тапсыманы тіптен үйде, кіреберісте орындауға болады. Одан 

келетін пайданы артық бағалау мүмкін емес, ал орындау өте оңай: 

Көкірек қуысын түзуле, иегіңді көтер және ішіңді тарт; 

Сол аяғыңмен алдыға қарай ұмтылыс жаса, сол жақ жамбасың сол жақ өкшеңнің 

үстінде тұратындай, ал оң жақ жіліншігің – еденге параллель болатындай болсын; 

Сол аяғыңмен серпіле итеріп, бастапқы қалыпқа орал; 

Содан кейін циклді толықтай оң аяғыңмен қайтала. 

Сенің міндетің: әрбір аяғыңмен алға қарай 15 қозғалыс жаса. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Бұл жаттығу аяқтар, жамбас, пресс және арқа бұлшықеттері 

үшін пайдалы. 

163 

 

 



Тапсырманың аты: Табиғи антидепрессант 

Хаттың мазмұны: Көктем – өзгерістер уақыты, біздің организміміз айналамызда 

болып жатқандардың барлығына өте ілтипатпен жауап қайтарады, сондықтан 

көңіл-күйдің ауыспалылығы – әдеттегі жағдай. Тонуста және жақсы көңіл-күйде 

болу үшін өзіңнің рационыңа қуаныш гормонын түрлендіретін өнімдерді енгіз. 


Мысалы: жаңғақтар, омега-3, омега-6 қаныққан май қышқылдарына бай зығыр 

майы, ащы шоколад, 1-2 бокал қызыл шарап (қызыл шарап бөлме 

температурасында болуы қажет екендігін естен шығарма). Мұның барлығы жақсы 

көңіл-күй қалыптастыра отырып, серотиннің бөлінуін күшейтеді.  

Сенің міндетің: рационыңа ең болмаса көңіл-күй үшін пайдалы өнімді қос.  

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Қуаныш гормоны көңіл-күйді көтеру үшін ғана емес, сонымен 

бірге толығымен организм үшін де қажет, мысалы, ол соның ішінде асқазан-ішек 

жолдарының жұмыстарын реттеуге жауап береді. 

164 


 

 

Тапсырманың аты: Ұйқыдан арыламыз 



Хаттың мазмұны: Көктем келгенде далада ғана емес, сонымен бірге үйде де 

жарығырақ болады. Организм қысқы «ұйқыдан» арыла бастауы және организмнің 

барлық үдерістері қалыпқа келуі үшін айналамызда жарық көбірек болуы қажет. 

Ауа-райы мүмкіндік берсе, перделер мен терезелерді аш, ең бастысы – ауыр 

перделеулерден арыл. Пәтеріңе мүмкіндігінше табиғи күн сәулесі көбірек түссін! 

Сенің міндетің: пәтерде көбірек жарық пен күн сәулесі болуын қадағала. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Үлкен терезелері бар пәтерлерде бәрібір де жарық жетіспей 

жататыны бар. Ондай жағдайда пәтердегі қараңғы бұрыштарды белгіле және 

барлық қараңғы бұрыштарды анықтауға тырыс. Жарық жетіспейтін жерлерге 

қосымша торшер орналастыр немесе бра іліп қой. 

165 


 

 

Тапсырманың аты: Інжу-маржанды күлкі  



Хаттың мазмұны: Өзіңнің тіс щеткаңды ауыстыр! Дәрігерлер әрбір үш ай сайын 

осылай жасауға кеңес береді. Белсенді түрде қолданған жағдайда, қылшықтары 

тез ескіреді, сосын онда бактериялар белсенді түрде көбейе бастайды. 


Нәтижесінде щетка тісті нашар тазалап, оны одан ары ластауы да мүмкін. Бұл 

тістің ақтығына әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге стоматиттің туындау 

қаупін арттырады.  

Сенің міндетің: тіс щеткасын ауыстыр. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: таңертең және кешке кем дегенде үш минут тістеріңді тазала, 

тістеріңді тазалап болғаннан кейін тіс щеткаңды жақсылап жу, оны тік қалыпта 

қою қажет. 




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал