Тапсырманың аты: Етсіз бір күн



жүктеу 493.34 Kb.

бет5/6
Дата11.09.2017
өлшемі493.34 Kb.
1   2   3   4   5   6
115 

 

 



Тапсырманың аты: Макияждың кәсіби тәсілдері 

Хаттың мазмұны: Базалық макияждың көптеген қулықтары бар! Орифлэйм 

сарапшылары, бет-әлпетің балғын, ал терің – дені сау әрі күтім жасалған болып 

көрінуі үшін консилерді қалай жағу керектігін айтып береді. 

https://kz.oriflame.com/beautyedit/how-to/step-by-step-3-ways-to-use-a-concealer 

Сенің міндетің: консилер жағуды үйрен. 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Консилермен жасалатын жеңіл контурингті хайлайтермен 

айқындауға болады, осылайша терінің жарқырауы айқынырақ байқалатын 

болады.  

117 

!

 



Тапсырманың аты: Ом! 

Хаттың мазмұны: Медитация жаса. Жай ғана тыныс алуыңды қадағалай отырып, 

санаңды тыныштандыр. Көздеріңді жұмып, тынысыңды қалыпқа келтіруге немесе 

өзгертуге тырыспай-ақ ойыңды тыныс алуға шоғырландыр. Дем тартуың мен 

шығаруыңды сана, онға дейін санағаннан кейін, қайтадан басынан бастап сана. 

Осындай тәжірибенің бар-жоғы 10 минуты саған күш пен үйлесім береді. 

Медитациядан алған әсерің бірнеше сағат бойы сақталуы үшін бұл ең аз уақыт. 

Сенің міндетің: 10 минут медитация жаса. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 


Қосымша ақпарат: Медитацияның сананы тыныштандырудың, күйзеліс 

гормондарын азайтып, тынығудың тамаша тәсілі екендігін ғалымдар әлдеқашан 

мойындаған. 

118 


 

Тапсырманың аты: Жалқаулықпен күресеміз 

Хаттың мазмұны: Сенде кейінге қалдырып жүргеніңе міне бір апта, немесе тіптен 

бір ай болған жұмыстар бар шығар. Лайықты уақыт әлі келмей жатыр ма? Бізде 

шешім бар – жай ғана соны орындай сал. Кейде жай ғана бастап кету жеткілікті, 

ал сен үрдіске араласып кетесің. Тапсырма орындалғаннан кейінгі жеңілдеу 

орындалған жұмыс үшін саған берілетін тамаша сыйлық болады.  

Сенің міндетің: Бұрыннан кейінге қалдырып келе жатқаныңды орында. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Кейінге қалдырылған мұндай істер әрбір адамда бар. Бірақ 

жасалуын күтіп тұрған істердің «ашып» кетуіне жол бермеу табысты адамды 

селсоқ адамнан ажыратады. 

119 

 

Тапсырманың аты: Әуесқойлықты таңдаймыз 



Хаттың мазмұны: Кейде бір жұмысты бастауға, маңызды бір қоңырау шалуға 

немесе жай ғана кешкі ас әзірлеуге өзіңді мәжбүрлеу өте қиын. Өзіңнің сүйікті 

ісіңе деген қызығушылығыңды оят – осылайша дағдыланған жұмыстарың жаңа 

түрінен көрініс береді. Жұмыстағы жалықтырған істерді өзің үшін жаңа қырынан 



ашуға тырыс: шешудің жаңа тәсілін тап, сенің қолыңнан келетініне біз 

сенімдіміз! Жаңа көзқарас жұмыстан көбірек сүйсіну сезімін алуға көмектесіп 

қана қоймай, сенің мамандығың бойынша жетілуіңе де мүмкіндік туғызады.  

Сенің міндетің: дағдыланған ісіңді жаңа тәсілмен орында. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Қызығушылықтың болмауы қатты шаршаудың себебі болуы да 

мүмкін. Егер шынымен де ешнәрсе жасағың келмесе, өзіңді мәжбүрлеме және 

сені не қызықтыратынын, қандай тәсілмен күшіңді толықтыруға болатынын 

ойлан. 

120 


!

 

Тапсырманың аты: Ынталандыру жүйесін ойлап табамыз 



Хаттың мазмұны: Өзіңді марапатта! Бар ынтаңмен беріле бір сағат жұмыс 

істегенің үшін өзіңе әлеуметтік желілерді тексеруге немесе сүйікті әніңді 

тыңдауға мүмкіндік бер. Қулыққа баспа және де өзіңе шынымен де ұнайтын 

марапаттарды таңда. Бұл кез-келген нәрсе болуы мүмкін – мүмкін сен өзің 

ұнататын моншағыңды тағып көргің немесе какао ішкің келген болар? Мүмкін, 

сен бетке арналған нәрлендіргіш маска жасарсың немесе хош иісті таяқшаны 

жағарсың?  

Сенің міндетің: жұмыс істеген әрбір сағатың үшін өзіңді көтермеле. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Өз күшіңе сен қаншалықты күтіммен қарасаң, жұмыс пен 

тынығуды да соншалықты сауатты кезектестіріп отырасың, маңызды жұмыстарға 

сенің күшің соншалықты көбірек болады! 



121 

 

Тапсырманың аты: Жетістікке қарай аттаған қадамдар  



Хаттың мазмұны: Жүрісіңнің сенімді болуын қадағала (мысалы, сен подиумда 

тұрсың деп ойла). Жүріс мүсінге, дене бітіміңе қарай, бұлшықеттердің босаңсу 

деңгейіне және сенің көңіл-күйіңе байланысты қалыптасады. Сенің жүрісің, 

айналаңдағы адамдардың сені қалай қабылдайтындығына да өте қатты әсер 

етеді. Айна алдында немесе ғаламтордағы үйретуші роликтердің көмегімен 

жаттығып көр. 

Сенің міндетің: Жүрісіңді бақыла. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Кейде жүрісіңе аяқ киімің де қатты әсер етеді. Егер де сен 

аяқ киімге байланысты қиындық туындағанын сезсең, жаңа аяқ киім алу үшін 

нағыз дүкенге баратын уақыт келді! 

122 


 

 

Тапсырманың аты: Ханшайым мүсін 



Хаттың мазмұны: Мүсініңді қадағала. Қабырғаға жабысып тұр да, омыртқаларың 

қалай түзуленіп жатқанын сезін. Иықтарыңды артқа қарай созба, оның орнына 

омыртқаларыңды түзуірек ұста. Күні бойы осы жағдайда қайта оралуға тырыс. 

Барлығын да еркін жаса, бұлшықеттердің жиырылуын байқа. Егер де қиындық 

туа бастағанын байқасаң, ойыңды тыныс алуыңа шоғырландыр да, бойыңды еркін 

ұста.  


Сенің міндетің: мүсініңді қадағала. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Суға жүзу саған қиналмай арқаңды түзу ұстауға көмектеседі – 

ол арқа бұлшықеттерін нығайтады. 



123 

 

 



Тапсырманың аты: Өзіңді дұрыс мақта 

Хаттың мазмұны: Сенің жақсы жақтарың мен мақсаттарыңды көрсететін шағын 

сөз жаз. Сөздің ұзындығы 30-60 секунд болуы тиіс (көбірек болғанын 

қалайтыныңды түсінеміз, бірақ бұл тиімді мөлшер). Оны жаттап ал және өз-өзіңе 

сенім білдіруіңе сәтсіздік кедергі келтіретінін сезінген кезіңде өзіңе қайталап 

айт.  


Сенің міндетің: мақтау сөздеріңді жаз және жаттап ал. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Қиындықтарға өзіңе деген сеніміңді жоғалтуға мүмкіндік 

берме. Бұл сөздер сәтсіздіктерден әмбебап қорғаныс бола алады, бастысы – сен 

шынымен де өте жақсы екендігіңе толықтай сенімді болғанша ол сөздерді 

қайталай бер! 

124 

 

 



Тапсырманың аты: Ризашылық  

Хаттың мазмұны: Әрбір күні өзіңе, әлемге және айналаңдағыларға 

ризашылығыңды білдіруге тырыс. Ризашылық сезімі бізге жайлылық сезімін және 

айналаңдағы әлеммен қарым-қатынасты сыйлайды. Ал ең бастысы – бұл 

қолжетімді және жеңіл жаттығулар. Кез-келген бір нәрсе үшін жай ғана өзіңе 

немесе әлемге «рахмет» айт! 

Сенің міндетің: Күні бойы өзіңе, адамдарға немесе әлемге не үшін риза екеніңді 

біл. 


Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Сен өзіңнен, өмірге деген қызығушылығыңнан және 

қорғалғандығыңды сезінуден алған сүйсінушіліктен өзіңе деген сенімділік 


қалыптасады. Күшің мен уақытыңды осы аталған өмірдің үш аспектісіне жұмсай 

отырып, сен айналаңдағы адамдармен жылы әрі жайбарақат қарым-қатынас 

жасайтын боласың. 

125 


!

 

Тапсырманың аты: Адамдарды өзімізге тартамыз 



Хаттың мазмұны: Айналаңдағы адамдарға қошемет сөздер айтуға ұялма, бірақ 

оларды әрқашан шынайы жаса. Тапсырманы орындай отырып, адамдардың 

бойындағы өзіңе шынымен де ұнайтын нәрсені тап. Бұл бір үлкен нәрсе болуы 

міндетті емес, сенің мақтауың кез-келген нәрсеге қатысты бола алады. Мысалы, 

«Сенің жазуың қандай әдемі!» – бұл да қошемет сөз. 

Сенің міндетің: түрлі адамдарға бес қошемет сөз айт. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Тапсырманы орындау оңайырақ болуы үшін, алдымен өзіңнен 

сұра: «Мына адамның бойындағы не нәрсе маған ұнайды? Маған бұл адаммен 

қарым-қатынаста болу/жұмыс істеу несімен қызықты? Дәл қазір менің назарыма 

не ілікті?». 

126 


 

Тапсырманың аты: Кәсіби мамандарға арналған психология  

Хаттың мазмұны: Бизнесте көп сөйлемейтін, сыпайы адамдарды жақтырмайды. 

Белсенді адамның әсерін қалдыруға тырыс: кездесулерде ыңғайлы орындарға 

отыр, көбірек сөйле (жұмыс бойынша!), жаңа идеялар ұсын, әріптестеріңмен 

қарым-қатынаста бол және қашан да өзің үшін даму болашағын ізде. 

Сенің міндетің: әріптестеріңмен және басшыңмен байланысқа барынша көбірек 

түс. 


Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Ойлан, мүмкін бұрынғы ескі жұмыс мәселесін дәл бүгін шешу 

қажет болар немесе жаңа идея туралы айту қажет болар? 

127 


 

Тапсырманың аты: Өзіңді жаттықтыру әдісін таңда 

Хаттың мазмұны: Сенің тұрақты түрде айналысып жүрген сүйікті спорт түрің бар 

ма? Тіптен, аздаған жаттығудың басты бонусы – тұрақты психика және бақыт 

гормондарын шығару.  

Сенің міндетің: өзің тұрақты айналыса алатын спорт түрін таңда. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Егер де сен әртүрлілікті ұнатсаң, қозғалыс бар спорт түрін 

(кросс-фит, би) таңдауға тырыс, сонымен қатар саған қайсысы көбірек 

ұнайтынына көңіл бөл – спорттың белсенді түрлері немесе өзіңді барынша 

аялайтын түрі. 

128 


!

 

Тапсырманың аты: Бойыңды еркін ұстаудың ең жеңіл тәсілі 



Хаттың мазмұны: Он минут бойы тыныштықтан рахаттан. Сені қаншалықты көп 

дыбыстар қоршап тұрғанын тез байқайсың. Терезе сыртындағы жолдың жеңіл 

шуылы, жапырақтардағы жел, алаңқайдағы балалардың күлкісі. Көзіңді жұмып, 

дауыстардан ләззат ал. 

Сенің міндетің: он минут тыныштықты тыңда. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 



Қосымша ақпарат: Мұндай жаттығу тек бойыңды босаңсытып қана қоймай, 

сонымен бірге шашыраңқы назар аударуды да дамытады – сен бәрін де естисің, 

сонымен бірге күш түскенін сезінбейсің. 

129 


!

 

Тапсырманың аты: Күнді қарсы ал 



Хаттың мазмұны: Бұл тапсырма ұйықтамайтындарға айрықша ұнайды. Сонымен, 

сен ертең таңсәріні қарсы алуың қажет. Соған дайындал: ұйқыға ертерек жат, ал 

таңертең табиғаттың бүкіл әдемілігі алақандағыдай болып көрінетін жерге бар. 

Сенің міндетің: таңсәріден ләззат ал. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: бәрінен де таңсәріні жағалауда немесе таудың үстінде тұрып 

қарсы алған жақсы. Ал сен күтпеген жерден теңіз жағалауында болсаң, онда бұл 

ең тамаша тәсіл! 

130 

!

 



Тапсырманың аты: Қарбалас сәт 

Хаттың мазмұны: Жоспар қарапайым: үйден ертерек шық, кептеліс саған сөз 

емес! Қаланың көп машина жоқ, бос көшелерінен, күннен ләззат ал, асықпай 

кездесуге немесе кеңсеге кел, ал кешке ертерек қарбалас сәт басталғанға дейін 

үйіңе қайт. 

Сенің міндетің: күнді кептелісте тұрмайтындай етіп жоспарла. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Егер сенің көлігің жоқ болса, онда да бұл кеңес өзектілігін 

сақтайды, өйткені қоғамдық көліктегі қарбалас сәт аса қуанарлық нәрсе емес! 


131 

 

 



Тапсырманың аты: Крем-көже әзірлейміз 

Хаттың мазмұны: Ертең сені тамаша тағам күтіп тұр – крем-көже. Біз саған жеңіл 

көкөністі сорпа әзірлеуді ұсынамыз. Көкөністерді суға салып қайнатуға қой, 

сарымсақ пен пиязды аздап қуыр, сүйікті дәмдеуіштеріңді қос, сосын барлығын 

кәстрөлге салып араластыр да, блендермен біркелкі болғанша араластыр. Егер де 

блендердің шамасы келмесе, қосымша елек арқылы үгітуге болады. Берер 

алдында бетіне көк шөптен сеуіп, араластыру үшін табиғи йогуртты пайдалан. 

Құрамы: картоп, кәді, қырыққабат, сәбіз, пияз, брокколи, бұрыш, қызанақ. 

Сенің міндетің: көже-езбе әзірле. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Бұл көже іс жүзінде әмбебап – құрамындағы қосылатындардың 

санын әр түрлі қыл, дәмдеуіштерді алмастыр, және сенде әрқашан да дәмді әрі 

тез әзірленетін түскі ас болады. 

132 


 

Тапсырманың аты: кускус әзірлейміз 

Хаттың мазмұны: Саған энергия беретін жеңіл көктемгі ас! Бәрі оңай: кускусқа 

ыстық су құйып, бетін жауып қой, жалбызды, балғын бұрышты, қызанақты 

ұсақтап тура және салат жапырақтарын қолдарыңмен үз. Бәрін бір тәрелкеге 

салып араластыр да, зәйтүн майын құйып, тұз бен бальзамик қос.  

Сенің міндетің: түскі асқа кускус әзірле. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Кускус – дәстүрлі араб тағамы, ол жақта оны көбінесе қой 

етімен, кептірілген жемістермен және балмен бірге береді. 



133 

!

 



Тапсырманың аты: Үйде әзірленген қызанақ тұздығы  

Хаттың мазмұны: Қызанақтарды айқыш-ұйқыштап бөл де, үстіне ыстық су құйып 

бес минутқа қойып қой. Табадағы зәйтүн майына ұсақтап туралған сарымсақты, 

пиязды, ірі үгіткіштен өткізілген сәбізді қуырып, бұқтырып қой. Қызанақтардың 

қабығын алып таста да, ұсақ бөліктерге бөліп, табадағы қуырылып жатқан 

көкөністерге қос. Қызанақ және лимон шырынын құй, сосын тұз бен қант қос та, 

қайта-қайта араластыра отырып бір сағаттай бұқтыр. Бұқтыру аяқталуға жақын 

қалғанда ұсақтап туралған базилик қос, блендермен көкөніс қоспасын ұсақта. 

Мұндай тұздық кез-келген тұздық түрімен, күрішпен немесе басқа суға пісірілген 

кез-келген жармамен тамаша үйлеседі.  

Ингредиенты: қызанақ 1 кг, пияз 1 дана, сәбіз 1 дана, сарымсақ 2 дана, тұз 1 

шымшым, зәйтүн майы 50 мл, қызанақ шырыны 200 мл, базилик 1 бума, лимон 

шырыны 1 ас қасық, қант 1 шәй қасық. 

Сенің міндетің: үйде қызанақ тұздығын әзірле 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: осы тұздықпен баялды пісіріп көр – дәмі тіл үйірерліктей!  

134 

 

Тапсырманың аты: Пайдалы снеки әзірлейміз 



Хаттың мазмұны: Көкөніс қытырлақтары – мүсініңе ешқандай зияны жоқ тамаша 

жеңіл-желпі тағам. Қызылша мен сәбізді жуып, тазала да, қағаз сүлгімен 

жақсылап сүрт. Көкөністерді жіңішке тілімдермен тура. Пісіруге арналған қағаз 

төселген жайпақ қаңылтыр табаға туралған көкөністерді жайып сал. Тұз бен 



дәмдеуіштер сеуіп, май құй. 160-165 градуста шамамен 30 минуттай пісір. 

Аударып салып, тағы да 10 минутқа қой. Құрамы: қызылша 2 дана, сәбіз 2 дана, 

тұз 1 шымшым, зәйтүн майы 25 г, дәмдеуіштер: жебіршөп, майоран. 

Сенің міндетің: көкөніс қытырлақтарын әзірле. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Мұндай «картоп емес» қытырлақтар жасұныққа және баяу 

көмірсуларға бай, сондықтан әр күні жеңіл-желпі тамақтануға тамаша тарту бола 

алады. Оларды жеңіл сүзбе ірімшігімен немесе йогуртты тұздықпен толықтыр. 

135 

 

Тапсырманың аты: Пайдалы балмұздақ әзірлейміз 



Хаттың мазмұны: Вегетариандықтар диеталық тәттілерден пайда бар екенін 

біледі. Міне балмұздақтың өте қарапайым рецепті, ол тамаша пайдалы десерт 

бола алады. Піскен авокадоны біркелкі болғанша блендермен ез (немесе ас 

қасықпен жаншып ез). Блендердің ыдысына лимон шырынын, қабығын және бал 

(стевияға алмастыруға болады) қос. Оны басқа ыдысқа ауыстыр да, мұздатқышқа 

сал. Жеуге берер алдында балмұздақты аздап ерітіп ал (5-10 минут). Құрамы: 

авокадо 3 дана, бал 3 ас қасық, лимон 1 дана. 

Сенің міндетің: пайдалы балмұздақ әзірле. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Әбден піскен авокадоны таңдап ал, ал дәмді болуы үшін 

балмұздаққа аздап кокос сүтін қосуыңа болады. 


136 

!

 



Тапсырманың аты: Жылдам дайындалатын көкөніс пісірмесін әзірлейміз 

Хаттың мазмұны: Егер сен ұзақ күннен шаршаған болсаң, бұл кешкі ас саған 

көмекке келеді. Түсті қырыққабат пен брокколиді суға пісір; сәбіз бен пиязды 

зәйтүн майына жұмсарғанша қуыр; сүт пен жұмыртқаны араластырып, тұз бен 

дәмдеуіштер қос та, шанышқымен ез; пісіруге арналған жалпақ қаңылтыр 

ыдысты майлап, көкөністерді сал, сосын сүтті-жұмыртқа қоспасын үстінен құйып, 

бетіне үккіштен өткізілген ірімшік сеп. 180 градус температурада шамамен 40 

минуттай пісір. Ас дәмді болсын! Дәмдеуіштер: қара бұрыш, жебіршөп, гүлшетен, 

кориандр, жұпар жаңғақ 1 шымшым. 

Сенің міндетің: пайдалы пісірме әзірле. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Брокколи мен түсті қырыққабаттың орнына бұрыш, қызанақ, 

кәді мен брюссель қырыққабатын қолдануға болады. Әртүрлілік үшін бұршақ, 

ноқат немесе аздап бүтін дәндер пастасын қос. 

137 

!

 



Тапсырманың аты: Жеңіл көжелерге арналған дайындама жасаймыз 

Хаттың мазмұны: Көжелерге арналған әмбебап дайындаманың негізінде щи, 

борщ немесе ащы көже әзірлеуге болады. Ендеше кеттік! Сәбізді ірі үгіткіштен 

өткіз; пияз, қызанақ, бұрышты жіңішкелеп тура; аскөк пен ақжелкенді ұсақта. 

Көкөністерді араластырып, тұз қос, сосын құрғақ таза банкаларға салып, аузын 

кәдімгі қақпақпен жап. Қоспаны тоңазытқышта сақта. Құрамы: пияз, сәбіз, 



қызанақ, болгар бұрышы – әрқайсысы 500 граммнан; 200 г тұз, аскөк пен 

ақжелкен – әрқайсысы  150 граммнан.  

Сенің міндетің: көжеге арналған көкөністі қатық әзірле. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Қатық тұзды болғандықтан, сорпа тұз қосуды талап етпейді. 

Оның негізінде көкөністі тұздықтар әзірлеуге де болады.  

138 

!

 



Тапсырманың аты: Үнді асханасының күні  

Хаттың мазмұны: Қызылжидектен чатни әзірле. Бұл ащы тұздық етке тамаша 

қосымша бола алады – буда піскен төс еттен бастап жаншылған шошқа етіне 

дейін. 


Жидектерді теріп алып жу; насыбайгүлді ұсақтап тура; сарымсақтың бір басын 

және саусақтың көлеміндей зімбір тамырын тазалап, тура. Жидектерді, 

насыбайгүлді, сарымсақ пен зімбірді блендерге салып езіп, 100 мл суға 

араластыр, сосын көбігін ала отырып, 15 минут қайнат. Соңында лимон шырынын, 

қалампыр, хош иісті бұрыш, зәйтүн шөбін, даршын, ұсақ қара бұрыш (қалауың 

бойынша), қант, тұз қос. Бір сағатқа қалдыр, сосын елеуіштен өткіз. Туралған 

сарымсақтың басын қос. Чатниді залалсыздандырылған банкаларға бөліп сал. 

Сенің міндетің: қызылжидекті чатни әзірле. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Сақталған банкаларды ашқаннан кейін соңына дейін тауысып 

үлгеру үшін, кішірек банкаларға сал.  


140 

!

 



Тапсырманың аты: Дәмді ұнды таңдаймыз 

Хаттың мазмұны: Пісірмелерден бас тартудың қажеті жоқ, тек оларды пайдалы 

ету қажет. Қазіргі уақытта пайдалы ұнның жетіден астам түрі бар. Оларда 

көмірсулар азырақ, жасұнық көбірек, барлық пайдалы қасиеттері мен 

витаминдері сақталған. Сөреден полба, бүтіндәнекті, сұлы, қарабидай 

бүтіндәнекті, соя, ноқат, кендір, бадам, зығыр, күріш ұндарын ізде. Қиялыңды 

іске қос және ұнның бір немесе одан да көп түрлерін біріктіріп, айрықша бір 

нәрсе әзірле.  

Сенің міндетің: дүкеннен пайдалы ұн сатып ал. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Егер де сен мойыл ұнын тапсаң, ойланбастан сатып ал. Бұл 

мойыл жидектерінен әзірленген ұнтақ бадам дәмін және десерке күлгін түс 

береді. Бастысы – аздаған мөлшерде қос! 

141 


!

 

Тапсырманың аты: тамақтану туралы дақпырттан арыламыз 



Хаттың мазмұны: Сағат кешкі алтыдан кейін тамақ ішпеу – ең зиянды 

дақпырттардың бірі. Ұйықтардан үш сағат бұрын кешкі ас ішу қажет, әйтпесе 

тамақтану аралығы өте ұзақ болып кетеді, ұйықтаған кезде организм негізгі зат 

алмасуға қолдау көрсету үшін энергия ала алмай қалады да, сосын майды 

қорытудың орнына, жинақтай береді. Нәтижесінде – бұлшықеттің кішірейіп, май 

қабатының ұлғаюына әкеліп соқтырады. 



Сенің міндетің: ұйықтардан үш сағат бұрын тамақтан. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Сол себепті, күні бойы тамақтану аралығындағы үзіліс төрт 

сағаттан артық болмауы тиіс. 

142 

 

Тапсырманың аты: Таңдаулы көкөніс салатын әзірлейміз 



Хаттың мазмұны: Қызанақтың бас жағын кесіп, ортасындағы өзегін алып таста. 

Көкөністердің барлығын, қызанақтың қалдықтарымен бірге ұсақтап 

төртбұрыштап кес, көк шөп пен лимон шырынын, тұз бен бұрыш қосып, маймен 

араластыр. Салманы қызанақтарға бөліп салып, үстіне самырсын жаңғағын сеп. 

Татымына қарай дайын асшаяндар немесе тауық етін қосуға болады.  

Құрамы: ірі қызанақтар, сары болгар бұрышы, авокадо, татымына қарай көк шөп 

(аскөк, ақжелкен, насыбайгүл, егістік кориандр), самырсын жаңғағы, хош иісті 

күнжіт/күнбағыс майы, лимон, тұз, қара бұрыш. 

Сенің міндетің: жаңадан көкөніс салатын әзірле. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Аяшаяндар авокадомен жақсы үйлеседі және классикалық 

үйлесім болып табылады. 

143 

!

 



Тапсырманың аты: Күйзелісті дұрыс қабылда 

Хаттың мазмұны: Біз күйзеліске мойынсұна бастаған кезде, организм В6 

витаминінің – жүйке жүйесінің басты қорғаушысының көзін іздейді. Алдымен бір 

уыс самырсын немесе грек жаңғағын, аздап тауық етін немесе сиыр етін жеп ал. 

Шоколад, торт немесе тәтті нан жегің келмейтін сияқты. 


Сенің міндетің: күйзеліс кезінде В6 витаминіне бай өніммен тамақтан. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Тәттінің баламасы өте көп! В6 витамині дәнді дақыл 

өскіндерінде, грек жаңғағында және орман жаңғағында, шпинатта, картоп пен 

бататта, сәбізде, түсті және ақбас қырыққабатта, қызанақта, құлпынайда, шиеде, 

апельсин мен лимонда, авокадода бар. Сонымен қатар ол ет және сүт 

өнімдерінде, балықта, жұмыртқада, жарма мен бұршақ тұқымдастарда кездеседі. 

144 


!

 

Тапсырманың аты: Дұрыс ет таңда 



Хаттың мазмұны: Денсаулық сақтау қауымдастығының мәліметтері бойынша, 

өңделген етті тұтыну (сосиска, шұжық, қақталған ет) ішек обырының даму қаупін 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал