Тапсырманың аты: Етсіз бір күн



жүктеу 493.34 Kb.

бет4/6
Дата11.09.2017
өлшемі493.34 Kb.
1   2   3   4   5   6

используй дома! 



82 

 

Тапсырманың аты: Планканы төмендетпейміз! 



Хаттың мазмұны: Планка – әлемдегі пресске арналған ең танымал және тиімді 

жаттығулардың бірі. Бұл жаттығу дененің барлық бұлшықеттерін тонусқа 

келтіреді, лезде сергітеді және миыңнан барлық қажетсіз ойларды шығарады.   

● 

Еденге ішіңді жерге қаратып жат. Қолдарыңды шынтақтарыңның тұсынан 



90 градусқа бүгіп, жатып тіренуге ауыс. Денең басыңнан өкшеңе дейін түп-түзу 

сызықтың бойында тұрғандай болуы қажет. 

● 

Жіліншік пен аяқ бармақтарының ұшына сүйен. Шынтағың тура 



иықтарыңның астында тұрсын.   

● 

Денеңді барынша түзу ұста, қарын бұлшықеттерін ширықтыр және босатпа.  



Жамбасыңды төмен түсірмеуге тырыс. 

Сенің міндетің: Планкада бір минут тұр. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Планканы үнемі жасап тұруға тырыс және уақыт өлшемін 

көбейте түс – сонда сен бөксең мен пресстің қалай тартылғанын байқайсың, ал 

қолдарыңда әдемі бедер пайда болады. 

83 

!

 



Тапсырманың аты: Қамықпа, қытырлат! 

Хаттың мазмұны: Витаминдермен қамданатын кез келді. Сенде өзіңнің ұнататын 

көкөністерің бар шығар: қызанақ, баялды, балдыкөк, брокколи, қайсысын 

болсын таңда. Организм таза витаминдердің, көптеген пайдалы жасұнықтардың 

энергиясын алады, денеңдегі жеңілдік сезімі күнді табысты өткізуге мүмкіндік 

береді. Көкөністерді буда пісірген, шикідей күйінде жеген дұрыс. Сүйікті 



дәмдеуіштеріңді пайдалан, зәйтүн майын аяма, салаттарды йогурт тұздығымен 

немесе бальзамикпен араластырып, рахатқа бөлен! 

Сенің міндетің: көкөністермен тамақтанатын күн жаса.  

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Ең жоғары пилотаж – нағыз детокс-смузи. Детокс-тағам тек 

жасыл көкөністерден тұрады. Салат жапырағын, жалбыз және қиярды 

араластырып, бір тамшы лимон шырынын қос. Бұл өте дәмді. 

84 


 

Тапсырманың аты: Жылы орамал жамылған ханым 

Хаттың мазмұны: Көктем бізге құбылмалы ауа-райымен қуаныш сыйлап тұрған 

сәтте, бейімделу қажет. Өз бейнең үшін мойынорағыш-жылы орамал немесе 

жамылғы пайдалан. Жамылғыны мойынорағыш ретінде, кардиган немесе үстеме 

жамылғы қолдан. Сонымен бірге сен оны белбеудің орнына да қолдана аласың, 

ал егер де жамылғы үлкен және тығыз болса, онда оған белдемше тәрізді оранып 

алуға да болады!  

Сенің міндетің: жаңа бейне жасауда жамылғыны пайдалан. 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Егер де жүйені алдағың келсе, үлкен жаулықтан сәнді 

африкалық шалма жасап ал. Сен еш жерде елеусіз қалмайсың!  

86 

!

 



Тапсырманың аты: Толық иллюминация 

Хаттың мазмұны: Күнді ұзарт! Күндіз перделерді кеңірек қылып аш, ал кешке 

көбірек жарық жағып қой, ұйқы сені уақытынан бұрын баурап алмасын. Түрлі 

деңгейдегі жарық көздері бәрінен де жақсы сергітеді, сондықтан аспашамды 

ғана емес, сәнсәулені де, шамды да, тіптен гирляндыны да жағып қой! 

Сенің міндетің: әр бөлмеге көбірек жарық қос. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: лампаларды экологиялық жою табиғатты қорғайтынын 

есіңде сақта. Күйіп кеткен лампаларды жеке қорапқа жинақтап, мүмкіндігінше 

оларды жоятын орталықтарға өткіз. 

87 


 

Тапсырманың аты: Жаныңа жағымды бальзам 

Хаттың мазмұны: Еріннің терісі жел мен суықтан зардап шегеді. Гигиеналық 

далапты үнемі пайдалан, сен ғимараттың ішінде жүрсең де, әр сағат сайын 

ерініңе жағып отыруға тырыс. Егер де сен жарқын болып көрінгің келсе, онда 

алдымен еріндеріңді ылғалдандыр, сосын артығын майлықпен сүртіп, түсті далап 

жақ. 

Сенің міндетің: күні бойы әр сағат сайын ерінге арналған бальзамды пайдалан. 



Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Егер де сен далаппен еріндеріңді жиі бояйтын болсаң, онда 

оның негізіне назар аудар. Олар өте нәрлі, ал оның формуласы түстің ерінде 

жақсы сақталуына мүмкіндік береді. Тамаша үйлестік! 

89 

 

Тапсырманың аты: Екпінді жайғастырамыз  



Хаттың мазмұны: Түске түс сай келтіре киіну – қазір қызықсыз, олай тек 

ағылшын ханшайымы ғана жасайды (бірақ оған үйлесімді!). Бір түсті көйлек 

пен киімнің байсалды үйлесімін ашық түсті керек-жарақтармен араластыр. 

Қара-қайшылықтан қорықпа және өзіңнің дербес шешіміңді ізде! 

Сенің міндетің: ашық түсті керек-жарақтар таңда. 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Айтпақшы, «туфли мен сөмке бір түсті» ережесі өлшеусіз 

ескерді. Киім үлгіңдегі бейберекетсіздік қаншалықты көп болса, соншалықты 

жақсы. Ең сәндісі – сен асығып жүріп, қолыңа бірінші ілінген киімді кие 

салғандай болып көріну және күтпеген жағдай! Өте тамаша! 

адела первое, что попалось под руку и вуаля! Получилось классно! 

90 


!

 

Тапсырманың аты: Мұз бен от  



Хаттың мазмұны: Қазіргі уақытта киімде жылы және суық реңктерді қиыстыру 

өте сәнді. Суық түстер сенімді және сабырлы әсер қалдырса, жылы түстер 

жігерлілік пен ойнақылықты білдіреді. Осыларды бір бейнеде тоғыстыра отырып, 

сен өз сипатыңның бүкіл қарама-қайшылығын көрсетесің! 

Сенің міндетің: суық және жылы түстерді үйлестір. 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Тотықұс тәрізді көрінбеу үшін, киіміңді бір түспен 

араластырып көр, сосын оның басымдылығын бақыла. Кез-келген түс үйлеседі, 

ал әсіресе ашық түстерді ақ немесе қара фонда ұсынған дұрыс.  

91 


 

 

Тапсырманың аты: Құймақтар дәл әжемдікі тәрізді! 



Хаттың мазмұны: Пайдалы құймақ әзірле. Сұлы жармасының ұнын (кофе 

ұнтақтағышта сұлу жармасын ұнтақта), қанттың орнына бал немесе стевия, ал 

тұздық ретінде жаңа піскен жидектер қосылған табиғи йогурт аламыз. Барлығын 

қосып, біркелкі болғанша араластырамыз да, тефлонды табада пісіреміз. 

Құрамы: 

40 г сұлы ұны, бір жұмыртқаның ақуызы, 30-40 г айран, стевия, қопсытқыш, 

ванилин, тұз. 

Сенің міндетің: құймақпен таңғы ас іш. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Іс жүзінде кез-келген рецептте құрамындағы қосындыларын 

әлдеқайда пайдалыларына ауыстыруға болады. Бастысы – әр түрлісін, дәмді етіп 

жасап жеу, және де дұрыс тамақтанған жағдайда сен ешқашан, ешқашан да аш 

болмауың қажет екендігін ұмытпа! 

92 


 

Тапсырманың аты: Ауа-райына байланысты макияж 

Хаттың мазмұны: Жылдың әр мезгілі үшін макияждың да өз құпия сыры 

болатынын білесің бе? Қыста және аралық суық кезеңдерде макияж жасағанда 

гельді және кремді текстурадан бас тарту қажет. Қастарға арналған түсті гельді 

лайықты реңктегі қабақ бояуларымен алмастыр, үгілмелі қабақ бояуларын таңда, 

үйден шығардан кем дегенде 40 минут бұрын бетіңе сұйық тональды крем жағып, 

оны опамен тұрақтандыра бекіт. Осылай жасалған макияж барынша көбірек уақыт 

сақталатын болады! 

Сенің міндетің: құрғақ текстурамен макияж жаса 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Құрғақ ауаның салдарынан сенің терің де құрғақ бола 

бастайды, сондықтан сұйық текстура нашар жағылады. Ал құрғақ өнімдер мұндай 

жағдайда жақсы сақталады. Ештеңе етпейді, аз ғана уақыттан кейін жаз да келіп, 

бәрі керісінше болады! 


93 

!

 



Тапсырманың аты: қоян-бауырыма арналған жеңіл таңғы ас 

Хаттың мазмұны: Ертең сені тамаша таңғы ас күтіп тұр – сәбізден жасалған 

маффин! Олар сені айқын дәмді хош иіспен қуантады, ал оны әзірлеуге бар-жоғы 

15 минут қана жұмсайсыз, онымен қоса дәл сол тостағанның ішінде әзірленеді! 

Бадам мен сұлы ұны (кофе ұнтақтағыш + сұлы жармасы + жаңғақтар), жұмыртқа, 

үккіштен өткізілген сәбіз, қопсытқыш, стевия, дәмдеуіштер мен зәйтүн майын 

араластырамыз. Алынған қамырды тостағанға салып, қысқа толқынды пешке 

саламыз.  

Құрамы: 45 г бадам ұны, 25 г сұлы ұны, 2 жұмыртқа, кішірек сәбіз, бір шымшым 

қопсытқыш, даршын, ванилин, стевия, дәміне сәйкес тұз, 1,5 қасық зәйтүн майы. 

Сенің міндетің: сәбізден жасалған маффинмен таңғы ас іш. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Сәбіздің орнына кәді пайдалануға болады, кәді маффины үшін 

дәмдеуіштерді гүлшетен мен жебіршөпке алмастыр, дайын болғаннан кейін 

ыстық маффиннің үстіне ірімшік тілімін қой. 

95 


 

Тапсырманың аты: Сенің меншікті жаттығу жиынтығың 

Хаттың мазмұны: Қандай жаттығулар саған ұнайды? Сен белсенді немесе 

байсалды спорт түрлерін ұнатасың ба? Жаттығуларға қанша уақытыңды бөлуге 

әзірсің? Олардың көмегімен қандай мәселелерді шешкенді қалайсың? Осы 

сұрақтарға жауап беріп, өзіңнің жеке меншік таңғы бағдарламаңды жаса. 

Ширату мен тоқтату туралы да ұмытпа! Міне, саған бізден кеңес: https://

kz.oriflame.com/beautyedit/health-beauty/how-to-get-the-most-out-of-your-

exercise-routine 


Сенің міндетің: өзіңнің таңғы жаттығуыңды ойлап тап. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Ынта-жігеріңді үркітіп алмау үшін, ұқыпты түрде бастау 

керектігін ұмытпа. Сонымен қатар, таңертең организм бірден ояна қоймайды, 

сондықтан денеңді қыздырып алмай тұрып жасаған кез-келген оқыс қимыл 

созылуларға әкеліп соқтырады. Спорт төзімділерді ұнатады! 

96 

!

 



Тапсырманың аты: Терінің шаршауымен күресеміз! 

Хаттың мазмұны: Бұл маска шаршаңқы теріге өте лайықты болады. Жидектер 

антиоксиданттарға бай, бал теріні жақсы түлетеді және ылғалдандырады, лимон 

жаңартады, ал йогурт теріге сап-сау түр береді. Рецепт: ¼ шыны кез-келген 

жидек, 2 ас қасық кәдімгі йогурт, 2 ас қасық бал, 1 ас қасық лимон шырыны. 

Барлығын қосып араластырып, бетіңе жақ та, 15 минутқа қалдыр, сосын алдымен 

жылы сумен, содан кейін ұсақ тесіктерді жабу үшін салқын сумен жуын. 

Сенің міндетің: витаминді маска жаса. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: «тоңазытқыштан» алынған маскалар теріні нәрлендіруге 

қабілетті, бірақ аллергендерге абай бол. Бал, құлпынай, цитрустар – олардың 

ішіндегі ең көп таралғандары. Егер де сенің терің құрғақ болса, жуынғаннан 

кейін теріңді зәйтүн майына шыланған мақта дискісімен сүрт. 

97 


!

 

Тапсырманың аты: Өзіңе гүл сыйла! 



Хаттың мазмұны: Көктемде көбірек балғындықты қалайсың. Гүл өсір – мүмкін, ол 

сенің топтамаңдағы алғашқысы болмас, алайда қуаныш сыйлары сөзсіз. Жақын 

жердегі гүл сататын дүкенге барып, өзіңе нағыз гүл бұтасын сатып ал. Ол 

гүлдегеннен кейін, оны тастаудың қажеті жоқ болады – оған су құй, сосын 

біршама уақыттан кейін ол тағы да әдемі гүлдерін ашатын болады.  

Сенің міндетің: өзің гүл өсір. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Егер де бұл сенің бірінші гүлің болса, онда күтім жасауға 

дағдылану оңайға түсу үшін, сатушыдан саған ең бір күй талғамайтын түрін 

көрсетуін сұра.  

 тебе самые неприхотливые виды, чтобы было проще привыкать ухаживать. 

98 


!

 

Тапсырманың аты: Осы көктемде түстерді көбірек таңдаймыз  



Хаттың мазмұны: Белсенді және селқос түстер болады. Қызыл және сары тәрізді 

белсенді түстер жасыл және көк тәрізді селқос түстерден басым болып тұрады. 

Сонымен қатар, бұл толымнан қызыл немесе сары түсті алып тастайтын болсақ, 

онда көк және жасыл түстер толықтай тәуелсіз бола алады және айқын болып 

көрінеді. Үйлесім өрескел болып көрінбеуі үшін, түрлі реңктерді үйлестір және 

түрлі қарқындылықтағы түстерді қиыстырып қос.  

Сенің міндетің: айқын киімдер ки! 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Саған қандай түстер бәрінен де жақсы үйлесетінін білетін 

болсаң, оларды айрықша үйлесімде қолданып көр. Мысалы, қызыл свитердің 

астына ашық түсті белдемше ки немесе өзің ұнататын жасыл түсті етігіңе 

көптеген киімдер іріктеп таңда. 



99 

!

 



Тапсырманың аты: Билейтін уақыт! 

Хаттың мазмұны: Мынадай қанатты сөз бар: «Билесең, ешкім көріп тұрмағандай 

биле, ән салсаң, ешкім естіп тұрмағандай ән сал». Міне, біз де саған ессіз 

билеумен жаттыға бастауға кеңес береміз. Сүйікті музыкаңды қос және рахаттана 

билеуді баста. Өзіңнің сезімдеріңе көңіл аудар: сен билеу үрдісіне толықтай 

кіріп кетесің бе немесе сыртыңнан біреу қарап тұрғандай ұяласың ба? Егер де 

қызығына кіріп кетсең – құлағанша жалғастыр, ал егер де ешқандай да билеп 

кете алмасаң – өзіңді өзің жеңгенше берілме. 

Сенің міндетің: сүйікті музыкаңа биле. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Жаныңа жайлыны пайдалы нәрсемен қатар қолдан, биіңді 

тоқтатпастан үй жинауға кірісіп көр. 

101 

 

 



Тапсырманың аты: Жасартатын макияж 

Хаттың мазмұны: Макияждың ғажайып нәрсе жасауға мүмкіндігі бар! Макияждың 

көмегімен шаршағандықты қалай жасыруға және теріңе жарқырауды қалай 

қайтаруға болатындығын біл. 

https://ru.oriflame.com/beautyedit/how-to/step-by-step-using-makeup-to-look-

younger Сенің міндетің: жасартатын макияжды жасап көр. 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 


Қосымша ақпарат: Теріңнің ылғалданғандығына мұқият көңіл бөл және теріңнің 

өзгерісін косметика айқын білдіріп тұрмау үшін, текстураны дұрыс таңда. 

102 

 

 



Тапсырманың аты: Макияждың көмегімен бет сүйегіңді айқындай түс 

Хаттың мазмұны: Көктемде макияжбен батыл түрде тәжірибе жасай беруге 

болады. Пішінді айқындау элементтері бар мына макияжды жасап көр. 

https://www.youtube.com/watch?

v=dxOllB71vxU&list=PLoMLOyWDEYfTU6AMCLwWf0FqbrPzjtqS4&index=5 

Сенің міндетің: жеңіл пішіндеу жаса. 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: мұндай макияжда бастысы – бет сүйегіне айқын екпін беру 

екендігін ұмытпа. Опа тегіс болып жағылуы және аздап қарайып тұруы үшін, тон 

толықтай сіңіп кетуін міндетті түрде күт, ал қылқаламға қошқыл опаны алған 

кезде, артығын үрлеп, түсіріп таста. 

103 


 

 

Тапсырманың аты: қастың мінсіз макияжы 



Хаттың мазмұны: Қастар – бұл жас ерекшелігіне тәуелсіз, әйелдердің визит 

карточкасы. Бетті әдемі жиектей отырып, олар бейнені толықтырып тұрады. Егер 

де сен ауыр мейк жасап көрмеген болсаң, бірақ күтім жасап жүргендей болып 

көрінгің келсе, онда мына сабақ арнайы сен үшін!  

https://ru.oriflame.com/beautyedit/how-to/step-by-step-how-to-shape-your-eye-

brows 


Сенің міндетің: мінсіз қас жасау. 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 



Қосымша ақпарат: Жеңіл макияж жасау үшін бар-жоғы бес минут қана керек. 

Ылғалдандырылған теріге тон жақ, қасыңмен жұмыс істе, аздап бет далабын қос, 

ал аздап жарқырату үшін бет сүйектеріңе хайлайтер жақ. 

105 


 

 

Тапсырманың аты: Тамашала! 



Хаттың мазмұны: Бес минут бойы жасыл түсті бір нәрсеге қара (мысалы, 

өсімдікке). Бұл түс тыныштандырады және оптимизммен толықтырады. Сонымен 

қатар, жасыл түс көздеріңнің тынығуына көмектеседі. Егер де айналаңызда 

қалалық пейзаж болса, онда YouTube-тан джунгли немесе орман туралы әдемі 

бейнеролик қара. 

Сенің міндетің: табиғатты тамашала. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Психологтар, адамға табиғатпен жақын болу қажет екендігін 

растайды. Бұл лезде энергиямен толықтырады және шабыт береді. 

106 


 

 

Тапсырманың аты: Еріндерге екпін бере отырып макияж жасау 



Хаттың мазмұны: Егер де сен еріндеріңе екпін бергің келсе, Орифлэймнің 

сарапшылары, оларға қалай көлем беруге болатындығын айтып береді. Мұндай 

тәсіл күндізгі де, түнгі де макияжбен өте жақсы орындалады. 

https://ru.oriflame.com/beautyedit/video-tutorials/how-to-make-your-lips-look-

fuller 

Сенің міндетің: еріндердің мінсіз макияжын жаса! 



Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Ашық түстерді пайдалануға қорықпа. Басқаларда сүйген 

еріндер әсерін қалдыру үшін айқын пішін беруге арналған қарындаштармен, 


немесе ондай қарындаштарсыз, сондай-ақ далапты контурдың бойымен 

саусақпен ұқыпты түрде жағып шығу арқылы көлемді еріндерді жасауға болады. 

107 

 

 



Тапсырманың аты: Классикалық голливуд макияжы 

Хаттың мазмұны: Егер де сені салтанатты кеш күтіп тұрса немесе жай өз бейнеңе 

жылтырлық қосқың келсе, Орифлэйм сарапшыларының голливуд макияжы мінсіз 

шешім бола алады. Бұл нұсқа күндізгі макияжға да, түнгі макияжға да 

үйлесетіндігімен ерекшеленеді. https://www.youtube.com/watch?v=64D-

gexnS34&index=32&list=PLoMLOyWDEYfTU6AMCLwWf0FqbrPzjtqS4 

Сенің міндетің: голливуд макияжын жаса. 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Әрине, жұлдыздардың макияжы қазіргі уақытта әр түрлі, бірақ 

бұл бейне – нағыз классика. Мұндай макияжды Мерилин Монро, Одри Хепберн 

және Натали Портманнан көруге болады. 

108 


 

 

Тапсырманың аты: Кері француз маникюрі 



Хаттың мазмұны: Орифлэйм сарапшылары, айрықша француз маникюрын үй 

жағдайында қалай жасауға болатындығын айтып береді. 

https://kz.oriflame.com/beautyedit/how-to/step-by-step-the-reversed-french-

manicure  

Сенің міндетің: «төңкерілген» френч жаса. 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 



Қосымша ақпарат: Айтпақшы, маникюр жасау бойынша берілетін бейне сабақтар 

өте босаңсытып жіберетіндігін, білесің бе? YouTube-тан іріктеп алынған 

топтамаларды көр және өзің үшін жаңа қызықты шешімдер тап! 

109 


 

 

Тапсырманың аты: макияждың өзекті техникасын меңгер 



Хаттың мазмұны: Дені сау тері ішінен жарқырап тұрады. Алайда мұндай әсерге 

макияждың көмегімен де қол жеткізуге болады. Біздің визажистеріміз, 

жылтылдаған түйіршіктері бар опаның көмегімен стробинг техникасында қалай 

сәнді макияж жасауға болатынын айтып береді. https://kz.oriflame.com/

beautyedit/how-to/step-by-step-the-strobing-technique  

Сенің міндетің: «стробинг» макияжының техникасын пайдаланып көр. 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Хайлайтерлер опалы ғана емес, сонымен қатар кремді де 

болады. Шынайы болып көріну үшін, хайлайтердің орнына бетке арналған 

майдың бір тамшысын қолдан – бұл нұсқа жылдың жылы мезгілінде ерекше 

жақсы. 

110 


 

 

Тапсырманың аты: Графикалық маникюр 



Хаттың мазмұны: Орифлэйм сарапшыларымен маникюрдың қызықты техникасын 

меңгеруді жалғастырамыз. Үшбұрышты жиектер кез-келген жастағы әйелдерге 

және кез-келген іс-шараға үйлесімді, бастысы – лайықты түстерді таңдау. Біз 

классикалық монохромды нұсқаны жасап көреміз. https://kz.oriflame.com/

beautyedit/how-to/step-by-step-the-triangle-tips 

Сенің міндетің: «үшбұрышты жиектер» маникюрін жаса. 



Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Мұндай маникюрде бастысы – тырнақ пішінінің тікбұрышты 

болуы. Жиектері домалақ тырнақтарда мұндай маникюр сондайлық ұтымды болып 

көрінбейді. 

111 

 

 



Тапсырманың аты: Айқын макияж сабағы 

Хаттың мазмұны: Достармен өтетін көңілді кешке арналған біздің айқын 

макияжымыз сені мерекенің нағыз жұлдызына айналдырады. Жазға Орифлэйм 

сарапшыларымен бірге дайындал! https://kz.oriflame.com/beautyedit/how-to/

step-by-step-bold-summer-party-makeup 

Сенің міндетің: көңілді кешке арналған айқын макияжды жаса 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Бұл макияж кез-келген жасқа лайықты, ал түсті өзіңнің 

қалауың бойынша өзгертуге болады. Жасап көр! 

112 


 

 

Тапсырманың аты: Маникюрдегі геометрия 



Хаттың мазмұны: Маникюрде геометрия жасау – толығымен рахатқа бөлену. 

Орифлэйм сарапшылары осы бейнесабақта лактың бар-жоғы бір ғана реңкінің 

көмегімен футуристикалық маникюр жасауға болатынын айтып береді. https://

kz.oriflame.com/beautyedit/how-to/step-by-step-negative-space-nails 

Сенің міндетің: футуристикалық маникюр жасау. 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Мұндай маникюрды кез-келген қанық түспен жасауға болады. 

Біз көк түсті немесе фуксия түсті лакпен жасап көруге кеңес береміз. 



113 

 

 



Тапсырманың аты: Айрықша макияж сабағы 

Хаттың мазмұны: Смоки айз міне бірнеше жыл бойы хит болып келеді. Орифлэйм 

сарапшылары сені санаулы минуттарда алтын түстес әсері бар смоки жасауға 

үйретеді. Бұл тамаша көңілді кешке арналған макияж салтанатты іс-шараларға 

арналған. 

https://kz.oriflame.com/beautyedit/how-to/step-by-step-the-spotlight-eyes 

Сенің міндетің: сәнді смоки жаса! 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Мейлінше нәзік әсер қалдыру үшін қара түсті қабақ бояуларын 

қоңыр түске алмастырып көр. Алтын түстес реңкпен ол нәзік әрі жылырақ болып 

көрінеді. Егер де сенің тері асты түсің суық болса, онда мынадай үйлестіруді 

жасап көр: графитті қабақ бояулары және қабақтың орта тұсында күміс түстес 

екпін. 

114 


 

 

Тапсырманың аты: Макияждың кәсіби тәсілдері 



Хаттың мазмұны: Сүрмеден түсініктірек не болуы мүмкін? Алайда, олардың да өз 

сыры бар, Орифлэйм сарапшылары сол сырларды саған ашып беруге дайын! 

https://kz.oriflame.com/beautyedit/how-to/step-by-step-mascara-dos-and-donts 

Сенің міндетің: кірпіктеріңді дұрыс бояп үйрен 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Ұзақ сақталатын құралдарды пайдалану кезінде макияжды 

сүртуге арналған сапалы сұйықтықтарға көңіл аудар. Ол көздің айналасындағы 

нәзік теріге қамқорлық жасай отырып, сүрмені еш қиындықсыз кетіреді. 





1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал