Тапсырманың аты: Етсіз бір күн



жүктеу 493.34 Kb.

бет3/6
Дата11.09.2017
өлшемі493.34 Kb.
1   2   3   4   5   6

тағамның пайдасы да маңызды – таңғы астың негізінде баяу көмірсудың (астық 

тұқымдастар, жармалар, бұршақ тұқымдастары) мөлшері болуы тиіс. Түскі және 

кешкі асты тәрелкеңде үш бөлікке бөл: көмірсулар, ақуыздар және көкөністер. 

Және де жеткілікті мөлшерде су ішуді ұмытпа! 

57 

 

Тапсырманың аты: Дұрыс балама таңда 



Хаттың мазмұны: Тіптен, сен кофенің үлкен табынушысы болсаң да немесе 

Ақылсыз Қалпақ тігуші тәрізді үнемі шәй ішіп жүретін болсаң да, бұл 

әдетіңнен бір күнге бас тартуға және өзің үшін жаңа дәмдерді татып көруге 

кеңес береміз. Сергектік бойыңнан бір минутқа да жоғалмас үшін, күні бойы 

ақ немесе көк шәй ішуге тырыс – оларда кофеин жеткілікті, сый ретінде сенің 

организмің токсиндерден тазаратын болады. Дәмдендіру үшін шәйға бал, 

дәмдеуіштер және шөптер қос.  

Сенің міндетің: қара шәй мен кофеден бір күнге бас тарт. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Пакеттелген шәй және ерітілген кофе таңдаудың қажеті 

жоқ – бұл сусындардың барлығы да сапасы мен дәмі бойынша сапалы 

өнімдерден әлдеқайда артта қалады. Егер де сен «шәйға мас болу» деген 

терминді әлі естімеген болсаң, онда ғаламтордан іздеп көруге кеңес береміз! 


58 

 

Тапсырманың аты: Дұрыс тағаммен тамақтанамыз! 



Хаттың мазмұны: Баяу көмірсулар – организмдегі энергия көзі. Жылдам 

көмірсулар (қант, ақ нан, тәтті нандар) денеге тез сіңіріліп, сан еттеріне 

жинақталады да, жақын арада қарын ашқандық белгісін тудырады. Баяу 

көмірсулар тұрақты тоқтық сезімін береді және ұзақ уақыт бойы саған күш 

сыйлай отырып, біртіндеп сіңіріледі. Ас мәзірін жасағанда бүтін дәнді 

тағамдарды (паста мен нан), ұзақ уақыт пісетін ботқаларды, жасұныққа бай 

көкөністерді, бұршақ тұқымдастарды, дәнді дақылдарды, жармаларды, жидектер 

мен жемістерді таңда. 

Сенің міндетің: баяу көмірсулардың екі порциясын жеп ал. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Пайдалы тағамдарды таңда, өзіңе қатаң шектеулер қойма – 

тамақ дәмді болып қалуы тиіс, сондықтан өзіңді сүйсіндіретіндей қамқорлық 

көрсететін тағамдар мен ингредиенттерді ізде! 

60 


!

 

Тапсырманың аты: Тегіс әрі жібектей  



Хаттың мазмұны: Шаштардың ылғалдылықты қажет етуі терінің ылғалды 

қажетсінуінен кем емес. Душтан кейін кептір де, шаштарыңа май жақ. Ол 

шаштарды тегістейді, жақсы жылтырау береді және сыртқы жағымсыз 

әсерлерден қорғайды. Сонымен қатар бұл күтім шаштың ұштарын қорғауға 

мүмкіндік береді. Бір-екі тамшысын алақандарыңмен ысқылап жылыт та, шаштың 

түбіне тигізбей, саусақтарыңмен шашыңды тара. 

Сенің міндетің: шашыңа жасайтын күтіміңе майды қос.  

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін 

Қосымша ақпарат: Май шаштың ұйысып қалуымен күреседі, боялғандарын 

қорғайды және қатты шаштарды жұмсартады. Шашқа арналған арнаулы 



майларды таңда, сонымен бірге кокостың, жүзім дәнектерінің немесе аргананың 

майлары жақсы үйлеседі. 

62 

!

 



Тапсырманың аты: Шкафтағы реттілік 

Хаттың мазмұны: Қыстық киімдеріңді жинап тастайтын, ал көктемгі-жаздық 

гардеробты сөреге қаттап қоятын уақыт келген жоқ па? Біз келді деп ойлаймыз. 

Киімдеріңді түріне қарай (көйлек, жейде, шалбар) бөліп, шкафқа іліп қой; негізгі 

киімдеріңді сөрелерге қаттап, аксессуарларыңды көрінетін жерге орналастыр. 

Әр түрлі тәсілдер ойластыр. Керексіз киімдеріңді қайырымдылық қорына өткіз. 

Сенің міндетің: киім-кешегіңді ретте. 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Сенің гардеробыңда қандай киім жетіспейтініне көңіл аудар. 

Сөрелерде іздегенің қалып қалмау үшін, киім сатып алуға ертерек қамдан! 

гардеробе. Чтобы не стать жертвой витрин, подготовься к шопингу заранее! 

63 


 

Тапсырманың аты: Солға! Оңға!! 

Хаттың мазмұны: Күндіз 10 000 қадам жүру нормасын жиі орындай алып жүрсің 

бе? Көктем – осы әдетіңді нығайту үшін тамаша уақыт. Міне, саған берілетін 

кеңестер: көлік қоятын ыңғайлы орындардан аулақ бол және көлігіңді кеңсе 

немесе дүкеннің кіретін есігінен қашықтау жерге қой; уақытыңды 

балаларыңмен бірге таза ауада өткіз; жеделсатыдан бас тарт; үйге толық 

тазалау жұмыстарын жаса; кез-келген ауа-райында серуендеуге шық (бастысы 

– ауа-райына қарай дұрыс киіну!); қоғамдық көлікті пайдаланатын болсаң, 


үйіңе бір аялдама жетпей түсіп қал. Қадамдарыңды санауға телефондағы 

қосымша бағдарлама көмектеседі.  

Сенің міндетің: 10 000 қадам жүр. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Бұл әдет тұрақты түрде орындаған жағдайда мағыналы 

болады, тіптен бір күннің өзі денсаулыққа қосқан тамаша инвестиция бола 

алады. Серуендеуді ұнамды қылғың келсе, табиғатқа – саябаққа немесе қала 

сыртына шық. 

64 

 

Тапсырманың аты: Кереғарлықты басқара біл 



Хаттың мазмұны: Кереғар душ таңертең бір шыны кофе ішкеннен де күштірек 

болады. Ол зат алмасуын жандандырады, қан айналымын жақсартады, 

организмнің тазаруына ықпал жасайды, жүректің жұмысын және қан 

тамырларды күшейтеді. Жанға жайлы жылы судан бастап, біртіндеп салқын 

суға ауыс және осылайша жалғастыра бер. 

Сенің міндетің: кереғар душ қабылда. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: әсерді күшейте түсу үшін, температураны ғана емес, 

сонымен бірге судың арынын да өзгертуіңе болады, осылайша бұл рәсімді 

жеңіл массажбен толықтырасың. 

65 

 

Тапсырманың аты: Жабысқақ кішкентай парақша жүйесі 



Хаттың мазмұны: Егер де сен қолың босамайтын адам болсаң, күннің жоспарын 

ретке келтіру қандай қиын екендігі саған белгілі. Атқарылатын істер тізімінің 

қарапайым жүйесін пайдалан. Үш жабысқақ парақша ал. Біріншісіне сол күнгі 

жоспарларды жаз, егер де бірдеңелер парақшаға сыймай қалса, онда ол сол 

күннің кестесіне де сыймайтын шығар. Екінші парақшаға өзің сол күні 

таңертеңнен бастап қолға алатын және энергияңның көп бөлігі жұмсалатын 

басты істерін жаз. Үшінші парақша «Ертеңге», оны күні бойы пайдалан – күтпеген 

жоспарларды немесе ұсақ-түйек жұмыстарды есіңе түскен кезде бірден жазып 

қойған жақсы.  

Сенің міндетің: атқаратын істеріңнің тізімін жасау үшін жабысқақ парақшалар 

жүйесін пайдалан.  

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: тайм-менеджменттің тәсілдері көп, бастысы – өзіңдікін тауып 

ал! Егер де сен оңды шешім тапқан болсаң, достарыңмен бөліс, сен жасаған 

жүйе біреулерге табысты болуға көмектесуі мүмкін.  

66 


!

 

Тапсырманың аты: Идеяларды өмірде іске асырамыз! 



Хаттың мазмұны: Сенің ойыңа жиі жаңа идеялар келе ме? Перделерді ауыстыру, 

көйлекті қайта тігу, шеберлік сабағына бару, жұмыстағы мәселелерді айрықша 

тәсілдермен шешу және тағы да басқа көптеген нәрселер. Сол көптеген 

ойлардың ішінен кез-келген идея «өмір сүруі» үшін, оны жазып алу қажет. Ойыңа 

түскен идеяңды жаз және бірден оны жүзеге асырудың қысқаша жоспарын жаса. 

Бүгінгі күннің басты істері жайында ұмытып кетпеу үшін тоқтата тұр, алайда 

идеяны жүзеге асыруды жақын уақыттарға жоспарла. 

Сенің міндетің: Тамаша идея жаз және оны іске асыруды жоспарла! 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Егер сенде жаңа идеяға деген қажеттілік бар болса, жаныңа 

жайлы жағдай жасап ал да, бойыңды еркін ұстауға тырыс. Алаңдушылық немесе 

асығыстық кедергі келтірмесе, ми жылдамырақ жұмыс істейтін болады. 



67 

 

Тапсырманың аты: Өртті сөндіреміз 



Хаттың мазмұны: Бүгін өзіңе қуаты мол энергия беретін бір нәрсе жаса. 

Серуендеуге шық, массажға жазыл, өзіңе демалыс жарияла, ұйқыңды қандыр, 

дүкеннен бір нәрсе сатып ал немесе жақын адамдарыңмен кешкі ас іш.  

Сенің міндетің: өзіңе шынымен де ұнайтын нәрсе жаса.  

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: «Эмоционалдық күйіп кету» термині саған таныс па? Бұл 

жұмысқа қабілеті мен ынтасын жоғалта отырып, әбден қалжырау, көпшілік 

уақытын жұмысына арнайтындықтан, күшін қалыпқа келтіріп үлгермейтін, 

көбінесе қолы босамайтын адамдарға қатысты. Табыстылықтың деңгейін 

тұрақты түрде сақтап тұру үшін, уақыт пен ақшаны өзіңе де жұмса. 

68 

 

Тапсырманың аты: Барынша көбірек жасаймыз! 



Хаттың мазмұны: Жұмыс барысында табыстылықты сақтаудың танымал техникасы 

– үзіліс жасау. Әр сағат сайын 10 минуттық үзіліс жаса. Бұл 10 минутты 

серуендеуге немесе ыстық шәй ішуге жұмсауға болады, жай ғана қызмет түрін 

ауыстыру арқылы да табыстылықты арттыруға болады. Егер де сен жұмыста 

болсаң, әріптесіңмен маңызды мәселе жайында талқыла немесе маңызды 

қоңырауға жауап бер, егер де сен үйде жұмыс істейтін болсаң, онда кір жуатын 

машинаны іске қосу, ыдыс жуу немесе азғантай үй жинастыру саған үзіліс 

болады. 


Сенің міндетің: 10 минуттан бес рет үзіліс жаса және оны өзіңе жұмса. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 



Қосымша ақпарат: Бұл байсалды цейтнот кезеңінде барлық маңызды үрдістерге 

қолдау көрсетудің тамаша тәсілі. Бұл әдет бір рет болсын саған қажет болады! 

69 

!

 



Тапсырманың аты: Сенің күніңнің алтынға тең сағаты 

Хаттың мазмұны: Энергия деңгейі күні бойы үнемі ауысып отыратынын, тіптен ең 

табысты адамдардың өзі біледі. Өзіңнің жұмыс кестеңді қадағалап, қай сағатта 

саған жұмыс істеу бәрінен оңайға түсетініне назар аудар. Сонымен бірге, бәрінен 

де бұрын «жақсы ешнәрсе» жасағың келмейтін сәттерді де белгілеп қой. Сенің 

биологиялық сағатың калай жұмыс істейтінін түсінсең, сен соған орайластырып 

жұмыс, ұйқы кестесін жасай аласың және әрбір күні сол кестемен барынша 

жайлы өмір сүре аласың.  

Сенің міндетің: Өзіңнің биологиялық сағатыңа құлақ сал. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Осы тапсырманы бір рет жасай отырып, сен күні бойы 

атқаратын жұмыстарыңды тиімді реттей аласың. Ал егер де сен энергияңның сол 

күнге толықтай жеткенін қаласаң, онда өзіңнің барлық дағдыларыңды, 

тамақтанатын уақытыңды және жұмыс кестеңді жақсылап қайта қарауға дайын 

бол. 

70 


!

 

Тапсырманың аты: Адамдарды саналы түрде жақсы көруді үйренеміз 



Хаттың мазмұны: Сенің айналаңда сан түрлі көптеген адамдар бар, және олардың 

әрқайсысы өздерінің кішігірім әлемінде өмір сүруде. Қарым-қатынас көбірек 

жаныңа жайлылық сыйлағанын қаласаң, әрбір өзара қарым-қатынас жасар 

алдында өзіңе және әңгімелесетін адамыңа күлімсірей қара, содан кейін 

әңгімеге кірісе бер. Тіптен, біреулер сенің ашуыңды келтіретін (бұл қалыпты 


жағдай) немесе жалықтыратын болса, күлімсіреу бәрі бір де шынайы бола алауы 

мүмкін, өйткені бұл сенің көңіл-күйіңнің жақсы болуына жасалған инвестиция!  

Сенің міндетің: күні бойы күлімдеп жүр! 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Осы тапсырманы орындаған бар жоғы бір күніңіздің өзі, 

эмоцияңызды баспай-ақ кикілжіңге жол бермеуге үйретеді, сонымен қатар сен 

кей кездері айналаңдағыларға деген тілектестік қарым-қатынас – бұл да еңбек 

екендігін байқайсың, бірақ ол соған тұрарлық екендігіне, сене біл!  

71 

!

 



Тапсырманың аты: Энергияны үлестіруді үйренеміз 

Хаттың мазмұны: Бір нәрсеге басымдылық бере білу маңызды. Уақыттың әрбір 

сәтінде жұмсалатын күшіңнің мөлшерін үлестіре білу одан да маңыздырақ. 

Мысалы, егер саған бір аптадан кейін маңызды жобаны тапсыру керек болса, 

онда сен оған күніне екі сағатыңды, ал тапсырардан екі күн бұрын – төрт 

сағатыңды бөле аласың. Егер де сен жұмыс кестесінде жобамен күшейтілген 

жұмыс істеу сәттерін бір немесе екі жұлдызшамен белгілесең, өзіңнің күшіңді 

сақтау саған оңайға түседі.  

Сенің міндетің: жобалар кестесін жаса және белсенді түрде жұмыс істейтін 

сәттеріңді белгіле. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Бұл техника саған өз жағдайыңа көндігуді үйретеді және 

жұмысты орындаудың әрбір кезеңінде қызығушылығыңды бағалауға 

көмектеседі. Жобаның іске асар сәтінде барынша күш салуды азайтуға тырыс, 

сонда сен аздап босаңсыған сәтте де көптеген пайдалы нәрсе жасай алатыныңды 

түсінесің! 



72 

 

Тапсырманың аты: Миыңа тиімдірек жұмыс істеуге көмектес 



Хаттың мазмұны: Егер де сен үйдегі немесе жұмыстағы күнделікті 

қайталанатын істерден үнемі шаршап жүрсең, онда мына пайдалы дағдылар 

сенің миыңа жеткілікті көлемде оттегі алуға, ал саған атқаратын 

жұмыстарыңа қуана қайта оралуға көмектеседі. 1) Теледидар көрме. 2) Әрбір 

күні қысқа жаттығулар жаса (https://www.youtube.com/watch?v=1_-

i8Ir3osc&list=PLoMLOyWDEYfRT--oLSjnp5jIqRPzS5PsA&index=6) 3) Кітап оқы. 4) 

Ұйықтауға жат және ертерек тұр.  

Сенің міндетің: мидың жақсы жұмыс істеуі үшін кем дегенде бір кеңесті 

орында. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Жұмыссыздық тәрізді маңызды іс жайында ұмытпа! Саған 

өзің ешнәрсе істемей, бос жатқандай болып көрініп тұрғанда, сенің миың 

ақпараттарды рет-ретімен қойып, сенің сезімдеріңді ұғынбастан өңдеп 

жатады. Миыңды «қыдыруға» жібер және ол үшін алаңдама – ол саған 

сыйлықпен оралады!  

73 


 

Тапсырманың аты: Ескі-құсқылардан еш өкінбестен арыл 

Хаттың мазмұны: Әрбір үйде бір таңғажайып орын бар, ол жерге ескі-құсқылар 

сиқырлағандай жиналып қалады. Өз үйіңдегі осындай орынды тап та, үйіндіні 

ретте! Ол қай жерде болуы мүмкін? 

Балкон. 2) Төсектің асты. 3) Шкаф. 4) Ас үйдегі ең биік шкафтар. 5) Көліктегі 

бардачок пен жүк салғыш. 

Сенің міндетің: ең былыққан жерді ретте. 



Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Ескі-құсқыны жинау әдеті – жайлылық үшін ең пайдасыз және 

әдемілікті бұзатын нәрсе. Егер де жақсылап кіріскен болсаң, тоқтама. Оған қоса, 

балконда гүлдер, үстел мен кресло қойғанда, өте әдемі көрінетін болса. Демалыс 

күндері таңғы ас ішуге өте қолайлы! 

74 


!

 

Тапсырманың аты: Үйде бәріне «Ортақ жер» жасаймыз 



Хаттың мазмұны: «Әрекет ететін уақыт!» тақтайшасын жаса да, оны көрінетін 

жерге қойып қой. Оған сол сәтте кімнің уақыты бар, сол адам жасауы үшін 

жағымды және аса жағымды емес тапсырмаларды жазып қалдыр. Мысалы, жаңа 

піскен печенье салынған тәрелкенің жанындағы тақтайшаға жазылған аралас 

жазба отбасын сол сәтте-ақ дәмін татып көруге шақырады. Ал егер осы 

тақтайшаның астына тапсырған жұмысығызды орындауға шақыруды қойсаңыз, 

онда бүкіл отбасы күтпеген жағдайдың уақыты келгенін жылдам түсінеді! 

Сенің міндетің: пәтердің арлы-берлі өтетін жеріне тығыз жұмыстарға арналған 

тақтайша жаса.  

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Бұл тақтайша – тамаша біріктіруші құрал. Онда мәжбүрлеу 

жоқ, бұл мәселені шешуге немесе өздігінен бір нәрсе жасауға ықпал етеді. 

75 

 

Тапсырманың аты: Ойнай жүріп ойыңды дамыт  



Хаттың мазмұны: Ақыл-ойды дамытатын ойындар тек балаларға ғана емес, 

ересектер үшін де пайдалы. Шахматтағы фигуралар қалай жүретінін есіңе түсір, 



кроссворд немесе ми қатырғыш шеш – логикаңды дамытумен қатар – бұл сонымен 

бірге, бойыңды еркін ұстаудың тамаша тәсілі. Өзіңді қызықтыратын үстел 

ойынын таңда және онымен жарты сағат ойна. 

Сенің міндетің: жарты сағатыңды ойыңды дамытатын ойын ойнауға жұмса.  

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін тапсырма 

Қосымша ақпарат: Үстел ойындары – бұл көңілсіздіктен арылтатын құрал ғана 

емес, сонымен бірге достарыңмен кездесуге және табысты қарым-қатынас 

жасауға тамаша сылтау.  

76 

!

 



Тапсырманың аты: Жаңа нәрселерді сүйіспеншілікпен үйрен 

Хаттың мазмұны: Соңғы рет сен қашан бір нәрсені алғаш жасап көрдің? Оны 

жасап көретін уақыт жетті! Бұл кез-келген нәрсе болуы мүмкін – жаңа тамақ 

жасап көр, өзіңе күтпеген жерден қызықтыратын нәрсе тап, көрмеге бар 

немесе ешқашан жүріп көрмеген жағыңа серуендеуге шық. Мүмкін, сен 

беймәлім елге баруға билет сатып аларсың? 

Сенің міндетің: бір нәрсені алғаш рет жасап көр. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Әлем үлкен және болжап болмайсың, бастысы – соңынан 

қызықты тәжірибеңнен рахатқа бөлену үшін, оған сені таңғалдыруға 

мүмкіндік беру. Тіптен, сәтсіздіктерден де рахаттан, өйткені дәл саған не 

лайықты екендігін, сен енді нақты білесің. 

77 

 

Тапсырманың аты: Көп мәселелікпен қоштасамыз 



Хаттың мазмұны: Біз қазір осындай көп мәселелік кез-келген белсенді 

адамның ажырамас дағдысына айналған, динамикалық уақытта өмір 

сүрудеміз. Алайда, оның да өз жағымсыз жақтары бар. Жүздеген жұмысты бір 

мезгілде жасау қажеттігі ойыңның шоғырлануын төмендетеді, үрейді 

арттырады, сонымен бірге асығып жүріп аяқтаған жұмысыңнан рахаттану 

сезімін кей кездері сезіне де алмай қаласың және жақсы нәтиже шыққанына 

сенімді болу қиын. Бір маңызды істі таңда және ешнәрсеге алаңдамай, бар 

ойыңды соған тоғыстыр – енді, жұмысың қаншалықты тезірек және тиімдірек 

жүре бастағанын байқап көр! 

Сенің міндетің: Бір маңызды жұмысты таңда және онымен ешнәрсеге 

алаңдамай айналыс. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін 

Қосымша ақпарат: Бір нәрсеге ойыңның тоғысуын сақтау үшін, қысқа үзілістер 

жасауды ұмытпа. Әрбір жарты сағат сайын бес немесе әр сағат сайын – он 

минут. Бұл уақытты шәй ішуге, досыңа телефон соғуға пайдалан. Егер де сен 

үйде жұмыс істейтін болсаң, сергітетін душ қабылда немесе өзіңе ұнайтын үй 

жұмыстарын жаса. 

78 


 

Тапсырманың аты: Бетке арналған гимнастика жаса. 

Хаттың мазмұны: Егер де жаттығулар пресс, қол және басқа да бұлшықеттерді 

нығайтуға қабілетті болса, бетке арналған гимнастика немесе йога – теріңді 

тонуста ұстауға көмектеседі, бұл дегеніміз сенің жастығыңды ешқандай да 

ықпалдастық сескендіре алмайды деген сөз! Сенің әріптестерің Wellness 

жобасында сынақтан өткізген нұсқауларға құлақ сал!  

https://kz.oriflame.com/beautyedit/health-beauty/face-yoga-the-anti-ageing-

face-workout 

Сенің міндетің: бетке арналған жаттығулар жаса. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Бұл жаттығулар жүйесі жас ұлғайғанда пайда болатын 

өзгерістерді болдырмай, қай айналымды жақсартады, сонымен бірге беттің 

түсін жақсартады.  



79 

 

Тапсырманың аты: Теріні тазартамыз. 



Хаттың мазмұны: Өзіңе үйде күтім жасау – бұл тек пайдалы ғана емес, сонымен 

бірге рахатқа бөлену! Суды қайнатып, оған бір-екі тамшы эфир майын қосып 

(лаванда жақсы ұйықтау үшін, шәй ағашы қабынуларға қарсы, лимон энергия 

беру үшін), бетіңе бұлау жаса. Басыңды сүлгімен жауып, ыстық судың буына 

10-15 минут отыр.  

Барынша тереңірек тазарту үшін сұлулық салонына барудың қажеті жоқ! 

Бет терісін тазартуға арналған SkinPro арнайы аппаратын пайдалан. Тазартқыш 

құралды теріңе жақ та, жұмсақ қондырмасы бар аппаратты бетіңде айналдыра 

қозғалтып отыр, ал қалғанының бәрін ол өзі жасайды! 

Сенің міндетің: бетке арналған булы бұлау немесе теріні тереңнен тазарту 

рәсімін жаса. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Рәсімді тұрақты түрде жасау ұсақ тесіктерді тереңнен 

тазартып, қанның айналуын жақсартады, токсиндерді шығарып, шаршағандық 

белгісін жояды. Әсерін күшейту үшін сенің теріңнің типіне арналған тазартатын 

және сергітетін құрал пайдалан, ал рәсімнен кейін ылғалдандыратын немесе 

нәрлендіретін маска жақ. 

80 


!

 

Тапсырманың аты: Қабақ терісіне күтім жасау 



Хаттың мазмұны: Сен көп әрі бүкпесіз шынайы күлетін адамдарға жататын 

болсаң, онда саған «қаз табан» мен айқын көрінетін мұрын-ерін қатпарының 

пайда болу қаупі туралы белгілі болуы тиіс. Мұндай нәрселер мүлде қуанта 


қоймайды және олардың алдын алу үшін бет терісіне кешенді күтім жасау қажет, 

қабақ терісіне арналған крем оның міндетті бөлігі болып табылады, өйткені дәл 

сол қабақтың нәзік терілері ең бірінші кезекте қартаюдың алғашқы белгілеріне 

шалдығады. Кремді жағу үшін ең кіші саусағыңды (шылдыр шүмек) пайдалан (осы 

саусақпен жаққанда теріге ауыртпалық барынша азырақ түседі). Кремді нәзік 

уқалап, айналдыра қозғалта отырып жақ. 

Сенің міндетің: Қабаққа арналған кремді таңертең және кешке алдын ала 

тазартылған теріге жақ. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Ең нәзік және сезімтал тері көздің айналасында орналасқан. 

Макияжыңды сүртіп, кремді өте ұқыпты түрде жақ. Тек сапалы құралдарды 

пайдалан, алдымен самайыңның аздаған бөлігіне жағып көріп, сезімталдыққа 

сынақтан өткізу қажет. Сонымен бірге, қабақ терісіне күтім жасау – тазарту, 

белсендіргіш (сарысу) және негізгі күтімді (күндізгі және түнгі крем) қамтитын, 

теріге кешенді күтім жасау қадамдарының бірі екендігін ұмытпа. Бұл кешен 

толықтай теріні тамаша күйде ұстап тұру үшін қажет.  

81 

!

 



Тапсырманың аты: Жылдам SPA 

Хаттың мазмұны: Ваннаға уақытың жоқ па? Сен өзінің кешкі душыңды нағыз SPA-

рәсім ретінде жасай аласың. Хош иістендірілген майды таңда. Цитрусты хош 

иістер энергиямен толығуға, ал лаванда, сандал және самырсын майлары 

бойыңды босаңсытуға көмектеседі. Ыстық су құйылған ыдысты ал да, бірнеше 

тамшы маймен араластыр, сосын сүлгіні батырып алып, бөлменің ішіне хош иіс 

толуы үшін душтың жанына іліп қой.  

Сенің міндетің: бойыңды босаңсытатын душ қабылда. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Хош иіс терапиясы, мүмкін, аурудан емдемейтін шығар, бірақ 

иістер көңіл-күйге әсер ететіні сөзсіз: сергітеді, тыныштандырады, сезімталдық 

атмосферасын толтырады немесе жаттығу үшін энергия береді. Өзіңнің хош 

иістеріңді таңда және үйде пайдалан! 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал