Тапсырманың аты: Етсіз бір күн



жүктеу 493.34 Kb.

бет2/6
Дата11.09.2017
өлшемі493.34 Kb.
1   2   3   4   5   6

үйді кеңейткен бос орындардан шексіз рахаттану қамтамасыз етіледі! 

Сенің міндетің: ескі техникалардан арыл. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Біз барлығымыз, тіптен бұл жарты жылдан, бір жылдан 

немесе бес жылдан кейін болса да, түбі бір керек болып қалады деген оймен, 

қандай да бір нәрселерден арылудан қорқамыз. Қандай да бір нәрсені 

тастауға қимай тұрсаң,  жақсылап құшақта, сосын шынайы алғысыңды білдір 

де, қоштас. 

30 

 

Тапсырманың аты: Аз-аздан пайдалы нәрсе жасаймыз 



Хаттың мазмұны: Егер де сенің жұмысың көп болса және жалпы алғанда 

уақытың жеткілікті болса да, сен бәрін соңғы сәтте жасауға тәуекел етесің. 

Ертең жаңа механиканы жасап көруді ұсынамыз. Әрбір істі 10 минуттан жаса. 

Тек 10 минут қана және бітті! Кітап оқу, хат жазу, қоңырау шалу, үлкен 

жұмысты орындау – тапсырманың көптігі маңызды емес. Маңыздысы, осы 10 

минутта сен ойыңды барынша бір жерге жинақтайсың және нәтижеге 

байланып қалмайсың. Жұмысты аздаған бөліктерге бөліп-бөліп орындай 

отырып, сен оларды тез, уақытылы және жанға жағымды түрде орындап 

тастайсың.   

Сенің міндетің: Әрбір істі 10 минуттан жаса, сосын басқа нәрсемен айналыс. 

Тапсырманың түрі: Салауатты өмір салты үшін тапсырма 

Қосымша ақпарат: Тіптен сен кейінге қалдыруды әдетке айналдырған болсаң, 

сенің күшің таусылып қалса немесе ойыңды шоғырлануда қиындық туындаса, 

мұндай кеңестер пайдалы болады. Оның сыры өте қарапайым – бір нәрсені 

жасауды бастасаң, сен қызыға бастайсың, уақыт өте келе ынта пайда болады 

да, қызығушылық бастаған ісіңді жалғастырады.  

стекает, появляется мотивация и интерес продолжить начатое!  


32 

!

 



Тапсырманың аты: Жетістік формуласы 

Хаттың мазмұны: Кез-келген өршіл адам кәсіби өсу барысында жұмыс 

қиындығымен және белгісіздікпен бетпе-бет келеді. Фрустрацияны болдырмау 

үшін табыстылықты арттырудың төрт кеңесін пайдалан:   

1) Ашық қабылдауды сақта. Осылайша сенде көбірек қызықты қарым-қатынастар, 

айқын идеялар мен кенеттен қабылданған шешімдер болады. 

2) Жетіл. Үнемі шабыттандыратын нәрселер ізде, мақалалар оқы, қоршаған 

ортаңды бақыла.  

3) Жетістікке қол жеткізген әріптестеріңмен қарым-қатынаста бол. Араласатын 

ортасы адамдарды көп тұсынан анықтайды, сондықтан өзіңнің араласатын 

ортаңды кеңейт және сұрақ қоюдан ұялма. 

4) қолыңдағы барыңды қанағат тұтпа, бұл тек аралық кезең ғана болсын. Қашан 

да өсуге ұмтыл! 

Сенің міндетің: табыстылығыңды арттыру үшін осы төрт тәсілдің ең болмағанда 

біреуін пайдалан. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: жетістіктер тек жеңіл шешімдермен ғана байланысты емес 

екендігін ұмытпа, ол күш, уақыт және тұрақты дамуды талап етеді. Дамуға 

жұмсаған инвестицияң мен өзіңе деген қамқорлығыңның арасындағы теңгерімді 

сақта, бұл тұрақты нәтижемен қамтамасыз етеді. 

33 

!

 



Тапсырманың аты: Қағаз үйіндіден арыламыз 

Хаттың мазмұны: Сенің үйіңде қажетсіз қағаздардың айтарлықтай көлемі 

сақталып тұрған шығар. Оларды топтай отырып, ретте: қажетті қағаздар, 

сақталуы тиіс ақпарат, қоқыс. Бірінші және үшінші топтамамен не істеу керектігі 



түсінікті, ал маңызды ақпараты бар екінші топтаманы сканерден өткізіп, 

компьютерде сақта да, қағаздардан құтыл!  

Сенің міндетің: қағаздарды ретте, сканерден өткіз де, керексізін таста. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: егер де сен қажетсіз қағаздарды қайта өңдеу орталықтарына 

өткізетін болсаң, онда табиғатқа деген қамқорлыққа маңызды үлес қосасың. Ал 

егер де кеңседегі керексіз қағаздарды экологиялық жинақтауды ұйымдастыра 

алсаң, онда бүкіл бір орманды сақтап қаласың! 

зовать экологичную сборку бумаги в офисе, то спасешь целый лес! 

34 


!

 

Тапсырманың аты: Қызығушылықты, дағдыны және қажеттілікті анықтау 



Хаттың мазмұны: Біз тек бір ғана мамандық үшін, бір ғана жұмыс үшін, бір ғана 

әуестік үшін жаратылғанбыз деп санау, үлкен қателік. Қазіргі уақытта қолыңнан 

не келетінін және болашаққа сенімді қадам басу үшін нені үйрену керектігін біл. 

Төрт бағанадан тұратын кесте құр: жұмыс, әуестік, мансап, қабілеттілік. 

Олардың арасына өзіңнің барлық айналысатын нәрселеріңді орналастыр да, 

жалпы сипатына үңіл. Осылайша сен өзіңнің қалауыңды түсіне аласың және 

жетілу жолын таба аласың. 

Сенің міндетің: өзің айналысатын барлық нәрселердің тізімін жаса. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: бұл жаттығудың негізгі мақсаты – мансапқа қол жеткізу 

немесе бос уақытты қалай пайдалану жолында жұмыс істеу емес, өз қалауыңды 

түсіну және оларды жүзеге асыру тәсілдері. Өз өміріңнен дәл қазір ләззат ал, 

сонда өсу үшін мүмкіндіктер табу әлдеқайда оңайырақ болады! 

35 


 

Тапсырманың аты: Ұйқыға арналған тыныс алу тәжірибесі 

Хаттың мазмұны: Сәби тәрізді алаңсыз ұйқыға кету үшін, қарапайым тыныс алу 

тәжірибесін жасап көр. Егер де сен біраз уақытқа дейін ұйықтай алмай жататын 

болсаң, сен үшін ауыр күн болғанда немесе ұйықтар алдында рефлекстеу әдетке 

айналған болса, онда саған осы тәжірибе көмектеседі. Жаттығу «4-7-8» деп 

аталады. Асықпай мұрын арқылы төрт рет тыныс ал. Тыныс алуды тоқтатып, 

жетіге дейін сана. Енді сегізге дейін санай отырып, аузың арқылы деміңді сыртқа 

шығар. 10 рет қайтала.  

Сенің міндетің: ұйықтар алдында тыныс алу тәжріибесін жаса. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін 

Қосымша ақпарат: Осы тәжірибе жүйке жүйесін, жүрек соғысын тыныштандырады 

және өкпені оттегімен қанықтырады. Жақсы әсер болуы үшін ұйықтар алдында 

жатын бөлмеңді желдетіп ал. 

37 


 

 

Тапсырманың аты: Маңызды істер тізімі  



Хаттың мазмұны: Егер де сен өз істеріңнің тізімін жасауды әдетке айналдырған 

болсаң, онда жоспарланғандардың барлығын орындау қандай қиын екендігі 

саған белгілі. Қарбаластық сенің сенімді жолдасыңа айналмас үшін, барлығын аз 

аздан (әсіресе мәнін түсінуді талап ететін қиын тапсырмаларды) жаса. 

Сенің міндетің: атқаруың қажет істердің тізімін жаса және барлығымен жарты 

сағаттан айналыс.  

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: үнемі бір істен екінші іске ауысу фокусты жаттықтырады және 

сенің тонуста болуыңды сақтайды – істің ешқайсысы сені сағындырмайды! 


38 

 

Тапсырманың аты: Барлығын ұсақ-түйегіне дейін мұқият ойластыр! 



Хаттың мазмұны: Таңертеңнен бастап сүйіспеншілікпен киін. Киіну барысында 

творчестволық түрде қадам жаса: сүйікті киімің мен керек-жарақтарыңды 

таңда. Өзіңе ұнамайтын киімдерден еш өкінішсіз бас тарт. 

Сенің міндетің: таңертеңнен бастап жасанып шық. 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Киім киуде ең бастысы – сүйсіну. Алайда таңертеңнен 

бастап оған ұйқышылдық пен асығыстық кедергі келтіреді. Асықпай, 

қарбаластырмай киінуді әдетке айналдыруға тырыс және келесі күні киетін 

киіміңді бір күн бұрын кешке таңдап қой. 

39 


 

Тапсырманың аты: Спортпен айналысқаннан кейін теріге күтім жасау 

Хаттың мазмұны: Орифлэйм сарапшылары сен үшін түрлі жаттығулардан кейін 

теріге қалай күтім жасау керектігі жайында бірнеше кеңестер жинақтады: 

https://kz.oriflame.com/beautyedit/health-beauty/treating-your-skin-after-the-

gym 


Сенің міндетің: жаттығудан кейін теріге күтім жасау тәсілдерінің өзіңе 

лайықтысын таңда және тәжірибе жүзінде қолданып көр. 

Қосымша ақпарат: Барлық қажетті косметикалық құралдарың салынған, 

жолда алып жүретін құтышаларды спорттық киімдерің салынған сөмкеңе 

салып қой, бұл сенің жүгіңді айтарлықтай жеңілдетеді. 


40 

 

Тапсырманың аты: Жақсы ұйқы рецепті  



Хаттың мазмұны: Ертеңге бізде өте қарапайым тапсырма – ұйқыңды қандыр. 

Міне, сенің ұйқыңды терең әрі жайлы етудің бірнеше ережесі. Ұйықтардан үш 

сағат бұрын жеңіл желпі кешкі ас ішіп, ұйықтардан екі сағат бұрын барлық 

гаджеттерді ысырып қой да, теледидарды сөндір, жақындарыңмен хабарлас, 

әуес ісіңе немесе оқуға көңіл бөл. Жатын бөлмені желдетіп ал және таза 

төсек-орын тысын төсе. Ұйықтар алдында жылы ванна қабылдап, жеңіл-желпі 

ширығу жаса.  

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Ұйқыға әдеттегіден екі сағат ерте жатып көр. Таңсәріні 

қарсы алатының шындық бола қоймас, бірақ сенің күннің әдемі батуын 

көруіңе күшің жететіні сөзсіз!  

42 


 

Тапсырманың аты: Суды экологияға зиян келтірмей ішеміз 

Хаттың мазмұны: Суды көбірек ішу қажеттігін сен жақсы білесің. Алайда, оны 

әр түрлі жасауға болады, және біз экологиялық нәтижені талап етеміз. Күніне 

бір пластикалық бөтелкеден тастамау үшін, көп реттік қолданыстағы 

бөтелкені пайдалан. Ол сөмкеңе де оңай сыйып кетеді, экологияға күтім 



жасайды, және ең бастысы – сенің қолыңда қашан да ішетін ауыз су бар 

болады! 


Сенің міндетің: пластик бөтелкелерден бас тарт  

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін 

Қосымша ақпарат: Сапалы суды таңдауға тырыс. Өзіңді сапалы әрі дәмді (иә-

иә, су да дәмді болады!) сумен қамтамасыз етудің ең үздік тәсілі, бұл суды 

үйіңізге жеткізіп беруге тапсырыс беру. Мұндай тәсіл шүмектен ағызып 

алынып, қайнатқан судан да пайдалы және пластик бөтелкедегі суды сатып 

алғанға қарағанда әлдеқайда үнемдірек. 

43 


 

Тапсырманың аты: «Сәлемдесуші аласа шкаф» 

Хаттың мазмұны: Кіреберіске ұсақ-түйектерге арналған аласа шкаф 

орналастыр, ол ыбырсудың алдын алуға көмектеседі. Аласа шкафта кілттерді, 

әмиянды, сағат пен мобильді телефонды қоюға арналған орын болуы тиіс, 

сонымен бірге хаттарға арналған жәшік пен сөмкеге арналған бірнеше 

ілгектер қажет болады. Осылайша сен жинақылықты сақтайсың, ешнәрсені 

жоғалтпайсың және үйден шығар алдында ешнәрсеңді ұмыт қалдырмайсың. 

Сенің міндетің: кіреберіске аласа шкаф қой.  

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Бір рет уақытыңды жұмсай отырып, сен ыбырсудан біраз 

уақытқа құтыласың. Аласа шкафқа аяқ киім мен киімдерге күтім жасауға 

арналған құралдарды сақтайтын жәшікті қос.  

  

  



44 

 

Тапсырманың аты: Өз уақытыңды бағала 



Хаттың мазмұны: Уақыт – біздің ең басты ресурсымыз және инвестициямыз.Тіпті 

ұсақ-түйектерде де! Уақытыңды қайда жұмсайтыныңды және осылардың қайсысы 

сенің назарыңды аударуға тұрарлық екендігін күні бойы бақыла. Әр сағат сайын 

үзіліс жаса да, уақытыңды не нәрсеге жұмсағаныңды жаз. Күннің соңында 

қорытынды жаса – сен әлдеқайда табысты болған кезде сені не алаңдататынын, 

немен айналысу саған көбірек сүйіспеншілік әкелетінін білетін боласың.   

Сенің міндетің: Сен уақытыңды қайда жұмсайтыныңды қадағала және керексіз 

нәрселерден бас тарт. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: босқа кеткен уақыттың негізгі себептері: әдет (чаттар, 

әлеуметтік желілер, сериалдар) және саналы түрде ойланудың жетіспеушілігі 

(дәл қазіргі сәтте нені қалайтыныңды түсіну қиын). Автоматты түрде 

орындалатын қимылдарды болдырмауға тырыс және жаттыққаныңызға бір күн 

өткеннен кейін бұл тәжірибе жақсы әдетке айнала алады! 

45 

!

 



Тапсырманың аты: Дене бітіміміздің тілін игереміз 

Хаттың мазмұны: Дене бітіміміздің тілін түсінумен жұмыс істеу, ауызша қарым-

қатынас жасау дағдылары тәрізді маңызды. Мұның барлығы сенің 

айналаңдағыларға беретін әсеріңді білдіреді. Сенің барлық дене қимылдарың: 

сенің қалай жүретінің, отырысың, сөйлегенің немесе тамақ жегенің, сен туралы 

айтып тұрады. Міне негізгі ұсыныстар: жүріс кезінде дене бітіміңнің түзу болуын 

қадағала, иықтарыңды тік ұста, бүкірейме, отырған кезде бойыңды еркін ұстауға 

тырыс, әңгімелесу барысында көзбе-көз түйісулерді орнат.  

Сенің міндетің: өз қозғалысыңды бақыла. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 



Қосымша ақпарат: Бұлшықеттің айқын қысылулары жоқ адамдар ең жақсы әсер 

қалдырады, дене бітімі тонуста, алайда сонымен қатар еркін болады. Мұндай 

нәтижеге қол жеткізу үшін йогамен, бимен немесе суға жүзумен айналысуға 

болады. 


46 

!

 



Тапсырманың аты: Болғанын қалау зиян емес 

Хаттың мазмұны: Болғанын қалау, керісінше, пайдалы. Дәл сол біздің қалауымыз 

бізге өмірдегі мақсатымызды айқындауға, серіктестерімізді, достарымызды, 

айналысатын ісімізді және жұмыс табуға көмектеседі. Алайда бұл сынамалар мен 

қателіктер жолы. Сенің өміріңде бар нәрселердің барлығының тізімін жаса және 

соның ішінен өзіңнің шынайы қалауыңды белгіле. Егер тізімде сен орындап 

қойған бөгде адамның тілектері бар болса (мысалы, сенің скрипкада 

ойнағаныңды анаң қаласа), оларды да белгіле және нәтижесіне көз жүгірт. Осы 

тапсырмадан кейін сен өзіңнің шынайы қалауыңды көресің және өмірде не 

нәрсеге күшің мен уақытыңды жұмсауың, неден бас тартуың керектігін түсінесің.  

Сенің міндетің: өз өміріңнің картасын және ең маңызды қалауларыңды жаз. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: бұл тапсырма өзіңнің қалауларыңды көріп қана қоймай, 

сонымен бірге шынымен де бір нәрсені қалаған кезде өзіңнің қандай 

мүмкіндіктерің барын түсінуге көмектеседі. Бұл саған кез-келген жаңа 

арманыңды жүзеге асыруда күш және батылдық береді! 

47 

 

Тапсырманың аты: Өлшемнің де мәні бар 



Хаттың мазмұны: Сөмке барлық қажетті заттарды сақтау үшін ыңғайлы құрал 

болуы тиіс, алайда сөмкенің ішіне қоқыс толып қалатыны барлығына белгілі. 

Өз сөмкеңнің ішіне үнемі тексеру жүргіз. 1) Барлық қалталарынан бүкіл 

чектерді, ескі қағаздар мен жазбаларды алып таста, әмияныңды тексер. 2) 

Сөмкеңнің ұстағышы мен түбін заласыздандырғышпен сүрт. 3) Сөмкеңнің 

ішіндегілердің барлығын алып шық та, олардың ішінен қайсысы нақты қажет 

екендігін тексер. 4) Сөмкеңді төңкер де, шаңын кетіру үшін сілкіле. 

Сенің міндетің: сөмкеңнің ішін ретте. 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Бұл рәсімді айына бір рет орында, осылайша заттар ұқыпты 

сақталатын, ал сөмкеңіз ұзақ уақыт ұстауға жарамды болады. 

48 


 

Тапсырманың аты: Протеинді күн  

Хаттың мазмұны: Бүгін біз рационымызға көбірек ақуыз енгізіп көрейік. Бұл 

бұлшықеттердің мығым болуына мүмкіндік береді, және барлық істердің 

орындалуы үшін қажетті тонус береді. Ет, балық және сүт өнімдерінен басқа да 

құрамында ақуыз болатын азық-түліктер бар: бұршақ тұқымдастар, дәнді 

дақылдар, жаңғақтар мен шемішке, киноа, қарақұмық пен тофу, брокколи мен 

шпинат. Бұл рационға әртүрлілік береді және жаттығуларға (сен жаттығу жасап 

жүрсің ғой?) тамаша қосымша бола алады. Барынша көп амин қышқылдарын алу 

үшін малдың және өсімдіктің ақуыздарын пайдалан!  

Сенің міндетің: рационыңда ақуызды пайдалануды арттыр  

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Өсімдік ақуыздары, ол құрамында болатын өнімдер сонымен 

бірге жасұнық пен баяу көмірсу қорын беретіндігімен ерекшеленеді. 



49 

!

 



Тапсырманың аты: Ұйқы режимін өзгертеміз 

Хаттың мазмұны: Көптеген дәрігерлер ұйқыны қандырудың үздік тәсілі – 

ұйықтауға жататын күнің, ол оянуың қажет күн емес болуы керектігіне сенімді 

(басқаша айтқанда, ұйқыға түн ортасына дейін жату керек). Ең қыңыр 

«жапалақтың» өзі, кейде бұл ең жақсы тәсіл екендігін растайды. Осы кеңесті 

пайдалан, сонда сен әдеттегі уақытта оянған кезіңде өзіңді қаншалықты жақсы 

сезінетініңді байқап, таңырқайтын боласың. 

Сенің міндетің: 00:00-ге дейін ұйықтауға жат. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: егер сенде ұйықтап кетуден қиындық бар болса, онда ұйқыға 

кірісуге лаванданың хош иісті майы, ыстық ванна және гаджеттің орнына кітап 

оқу оңай көмектеседі. 

50 

!

 



Тапсырманың аты: Күнді маңызды нәрседен баста  

Хаттың мазмұны: Ұзақ ұйқыдан кейін біздің организм аздап сусызданып, 

құрғайды, ал оның үрдістері баяулайды. Күнді бастаудың ең дұрыс тәсілі – бір 

стакан жылы су ішу. Су организмге оянуға көмектеседі, зат алмасуды жеңіл іске 

қосып, таңғы ас алдында асқазанды оятады.  

Сенің міндетің: ашқарынға бір стакан жылы су іш. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: егер де таңертең таңғы ас ішу қиын болса, міндетті түрде 

ашқарынға су іш. Су қарыныңды аштырады, сосын сен таңғы ас іше алатын 

боласың, сөйтіп түскі асқа дейін жететін күш жинайсың. Ең бастысы – су мен 

тамақтанудың арасында кем дегенде 20 минут өтуі тиіс! 


51 

!

 



Тапсырманың аты: Мұз тәрізді суық  

Хаттың мазмұны: Мұздай сумен жуыну – оянудың үздік тәсілі, ал егер оны 

шөптердің емдік күшімен біріктіретін болсаң, бұл оймен ешнәрсе де бәсекелесе 

алмайды. Құрғақ тері үшін түймедағыны, қалыпты тері үшін қырмызыгүлді және 

майлы тері үшін мыңжапырақты пайдалан. Шөптерді ыстық сумен демдеп, біраз 

уақыт қойып қой, сосын қатыруға арналған қалыптарға құйып, тоңазытқышқа 

сал. Егер де сенің терің аллергияға бейім болса, онда білектің кішкентай жеріне 

мұзды тигізіп, тексеріп ал. 

Сенің міндетің: бетке арналған косметикалық мұз жаса. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: жуыну жорасын қосымша рәсім ретінде бастауға болады: 

кесеге ыстық су құйып, оған таза сүлгіні батырып ал, сүлгіні салқындату үшін 

15-20 секундқа қойып қой, сосын нәзік қимылмен бетіңді сүрт. Ең дұрысы 

тапсырманы тұрақты орындау, мұндай рәсім микрожарақаттарды емдейді, теріге 

тонус пен тегістік береді, ал қан айналымының ынталануы терідегі зат алмасуды 

жақсартады. 

52 

!

 



Тапсырманың аты: Қоқыстарды шығарамыз  

Хаттың мазмұны: Өзіңнің рационыңа кебектерді енгіз. Кебектерді организм 

сіңірмейді, алайда олар өте маңызды функцияны орындайды – ас қорыту үрдісіне 

жағдай жасайды. Біз барлығымыз өте көп қайта өңделген тағамдарды 

пайдаланамыз, содан организмге қалдықтарды шығаратын және зат алмасуды 


жылдамдататын ірі жасұнық жетіспейді. Кебектердің мөлшері күніне 30 граммнан 

аспауын қадағала, өйткені кебектің артық мөлшері кері әсер туындатуы мүмкін, 

ал асқазандағы ауырлық сезімі ешкімді алаңсыз қалдырған емес. 

Сенің міндетің: өзіңнің рационыңа кебектерді қос. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: кебектердің дәмі жоқ, сондықтан оларды аз-аздан кез-келген 

тағамға қосуға болады, ең дұрысы – таңғы ботқаға, смузиге немесе сорпа-

езбеге. 


53 

!

 



Тапсырманың аты: Ерінге арналған үй SPA-сы  

Хаттың мазмұны: Еріндеріңнің терісі мұқият күтім жасауды талап етеді, алайда ол 

қымбат болуы міндетті емес. Сез өзің-ақ қырғыш әзірлей аласың: қоңыр қантты 

зәйтүн майымен араластырып, бал (егер де оған аллергияң жоқ болса) мен 

даршын қос. Бұл қоспа еріндеріңнің терісін ылғалдандырып, қатайған бөліктерін 

жояды, ал даршынның қыздыратын әсері еріндеріңе көлем береді. 

Сенің міндетің: ерінге арналған қырғыш әзірле. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: осы жылдам жасалатын рәсімді тұрақты түрде гигиеналық 

далап пайдаланумен қатар қолдан. Егер сен асығыс болсаң, қырғышты кәдімгі тіс 

щеткасы алмастырады – тістеріңді тазалағаннан кейін оны жақсылап жуып, 

еріндеріңді ысқыла. 

54 

!

 



Тапсырманың аты: Чемпионның таңғы асы 

Хаттың мазмұны: Сен әлі тоя таңғы ас ішуге дағдыланбадың ба? Онда бізбен бірге 

бол, бізде бүгін ботқа! Ереже мынадай: ботқаны суда, қантсыз әзірлейміз, дәм 

беру үшін жаңа піскен жемістер, бал, жаңғақтар, күнбағыс дәнін немесе 

кептірілген жемістер қосамыз. Түскі асқа дейін қанша күшің болатындығына 

көңіл бөл! 

Сенің міндетің: таңғы асқа ботқамен тамақтан. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Сұлы жармасын әзірлеу міндетті емес, жүгері, күріш немесе 

тары ботқасын әзірлеп көр. Пайдалы қоспа ретінде жержаңғақ пастасын, урбеч, 

қантсыз тосап және тіптен ащы шоколад та пайдалануға болады! Өзіңнің дәміңді 

ізде, сонда ботқа ешқандай да көңілсіз болмайды.  

55  


 

 

Хаттың мазмұны: Үй SPA-сы сабақтарын жалғастырамыз. Бүгін кешкі қырғыш 



әзірлейміз. Теңіз тұзын, кокос майын, лаванданың эфир майын (немесе 

тыныштандыратын хош иісі бар кез-келген басқасы) араластыр. Ыстық душ 

қабылда және теріңе қырғыш жақ, сосын жылдам қимылмен уқала. Тұз теріні 

тегіс етсе, кокос майы ылғалдандырады, ал лаванда денеңді хош иіспен баурап 

алады да, жастыққа басың тиісімен ұйықтап кетесің. Ұйқың тәтті болсын! 

Сенің міндетің: денеге арналған қырғыш әзірле. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Үй жағдайындағы қырғыштар аз уақыт қана сақталады, 

сондықтан оларды бірден пайдаланып таста. 

Күнделікті күтім жасау үшін Орифлэймнің Swedish SPA сериясын пайдалан.  

56 

!

 



Тапсырманың аты: Дәмді кесте 

Хаттың мазмұны: Бүгін уақытылы тамақтану дағдысын қалыптастырамыз. 

Диетологтар, ең дұрыс тамақтану режимі – бұл бес рет тамақтану екендігін 

айтады: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және екі рет жеңіл-желпі тамақтану. 

Тамақтанудың аралығы үш сағаттан артық болмауы тиіс, ал кешкі асты 

ұйықтардан үш сағат бұрын ішу керек. Осындай тамақтану кестесі организмді 

тұрақты қоректендіріп отыруға, зат алмасуды тарқатуға, аздаған мөлшердегі 

тағаммен тояттауға және ешқашан ашығуды сезінбеуге мүмкіндік береді!  

Сенің міндетің: күні бойы диетологтардың кеңесі бойынша тамақтан. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Тамақтану кестесі ғана маңызды емес, сонымен бірге 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал