Тапсырманың аты: Етсіз бір күн



жүктеу 493.34 Kb.

бет1/6
Дата11.09.2017
өлшемі493.34 Kb.
  1   2   3   4   5   6

 

 



Тапсырманың аты: Етсіз бір күн  

Хаттың мазмұны: Өзіңнің рационыңнан етті бір күнге алып тастап көр. БДҰ-ның 

соңғы деректері бойынша, ет адамға аптасына үш порциядан артық қажет емес.  

Артықшылықтары көп: етсіз тамақтанған бір күн онкологиялық және жүрек-қан 

тамыры ауруларының қатерін төмендетеді, күні бойы денеңізге жеңілдік 

сыйлайды және бонус ретінде – сен экологияға айтарлықтай үлес қосасың. 

Сенің міндетің: ертең еттен бас тарт. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: тұрақты түрде орындап тұрған жағдайда пайдасы көбірек. 

Өзіңнің сезінулеріңе құлақ түр. Егер де саған жайлы болса, «Дүйсенбі етсіз 

тамақ» қозғалысына қосыл. Бір айдан кейін сен, өзіңде жеңілдік сезімі мен 

күшің артқанын байқайсың! Пол Маккартни, Гвинет Пэлтроу, Кейт Мосс, Джейми 

Оливер іске кіріскен, ал сен нені таңдайсың? 

 



Тапсырманың аты: Тәтті контрабандадан арыламыз 

Хаттың мазмұны: Қанттың екі түрі бар. Пайдалысы – бұл жемістердің және сүт 

өнімдерінің табиғи тәттісі (фруктоза). Зияндысы (оны кейін «қосылған» деп 

атайды) – бұл өнімге қосымша қосылатын қант, және де ең бір күтпеген 

өнімдерге. Зерттеулер көрсеткендей, көптеген диеталық (көбінесе 

майсыздандырылған) өнімдердің құрамына қант қосылған болады, мысалы, 

шынайы йогурттар, батончиктер мен арықтауға арналған қауыздар. Сонымен 

бірге зиянды қант барлық қайта өңделген азық-түлік өнімдерінде бар, бәрінен де 

бұрын – нанда, тұздықтар мен консервілерде. 

Сенің міндетің: Зиянды (қосылған) қант бар өнімдерден бір күнге бас тарт. 



Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін 

Қосымша ақпарат: Мұндай қанттан бас тарту – бұл әлдеқайда пайдалы тағамға 

автоматты түрде көшу. Сен өзіңнің рационыңнан барлық қайта өңделген 

өнімдерді алып тастайсың, дәрумендерге, жасұнықтарға бай табиғи және 

пайдалы өнімдермен тамақтанатын боласың, бұл организмнің хал-ахуалын 

жақсартып қана қоймай, сонымен бірге көңіл-күйіңізді де көтереді.Тип задания: 

для здорового образа жизни 

 



Тапсырманың аты: Шаштың өсуіне жағдай жасаймыз 

Хаттың мазмұны: Сен шаштарыңа қолыңнан келгенше күтім жасайтындығыңа 

сенімдіміз, ал бастың терісі ше? Шашыңды жуған кезде қарапайым рәсімді 

жасай жүр: сусабын жақ та, саусақтарыңды айналдыра қозғалта отырып, 

басыңа массаж жаса. Саусақтарыңның әрекеті сипалаушы емес, қаттырақ баса 

уқалаушы болуы тиіс. Бұл жанға жағымды ғана емес, сонымен қатар мұндай 

массаж лезде қанның ағылып келуін, шаш түйіншелерінің нәрленуін және 

шаштың өсуін туындатады. 

Сенің міндетің: басыңа массаж жасау. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін 

Қосымша ақпарат: Басыңды жуғаннан кейін міндетті түрде кондиционер 

қолдан! Оны түбіне тигізбей, шаштың ұзын бойына жақ.  

 


Тапсырманың аты: Беттің массажы 

Хаттың мазмұны: Крем немесе май жаққан кезде бетіңе массаж жаса. 

Саусақтарыңның ұшымен ақырын ұрғылай отырып, косметикалық құралды жақ 

және оны біркелкі етіп тегісте. Сырғымалы қозғалта отырып, теріге массаж 

жаса – қашан да беттің ортаңғы тұсынан бастап жоғары қарай қозғалт. Қан 

айналымын күшейту және кремнің теріге сіңуін арттыру үшін кремді 

жаққаннан кейін шекеңді, беттеріңді және иегіңді алақаныңмен қаттырақ 

бас. Мұндай массаж кез-келген жаста сенің күнделікті бьюти-рәсімдеріңе 

пайдалы қосымша бола алады! 

Сенің міндетің: бетіңе массаж жаса. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Басыңда көптеген нүктелер бар, оларды басқан кезде сен 

күшіңнің артқанын, тыныштықты немесе ұйқың келгенін сезінуің мүмкін. 

Мысалы, құлағыңды үдете уқалаған жағдайда тез сергуге болады, бас терісіне 

массаж жасау өзіңді еркін ұстауыңа көмектеседі және әлдендіреді, ал 

самайыңды уқалау тыныштандырады. 

 

Название задания: Меню для мозга 



Тапсырманың аты: Миға арналған мәзір 

Хаттың мазмұны: Өзіңнің рационыңа ми жұмысын арттыратын азық-түліктерді 

қос. Өзің жақсы көретіндерді таңдауыңа кеңес береміз. Мысалы, десертке 

арналған идея: піскен авокадоны езіп, оны ерітілген шоколадпен 

араластырсаң, өте дәмді мусс шығады. Немесе брокколимен омлет жаса – 

екеуі де мидың белсенділігіне айтарлықтай әсер береді. Сонымен қатар 

жидектер, майлы балық, жаңғақтар мен күнбағыс дәні де жақсы көмектеседі. 

Сенің міндетің: миға пайдалы азық-түлікті пайдалан.  

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін 

Қосымша ақпарат: Әсіресе миға майлар өте пайдалы – олар жүйке мен 

гормондық жүйенің жұмыстарына қатысады. Пайдалы майларды пайдалана 

отырып, сен миды қоректендіресің және күйзелістің деңгейін төмендетесің. 

Майсыздандырылған өнімдер туралы ұмыт және рационыңа майлы 

қышқылдары бар дәрумендер кешенін қос. 



 

Тапсырманың аты: 5 минут ішінде мақпал тері  



Хаттың мазмұны: үйдегі SPA-рәсімдеріңді түрлендіру үшін әртүрлілік енгіз! Егер 

сенде массаж щеткасы бар болса, онда брашинг жасап көр – бұл пилинг 

техникасы. Душ қабылдар алдында, терің қызғылт түске енгенше, құрғақ 

щеткамен бүкіл денеңді ысқылап шық. Әрине, теріні буға ұстап жұмсартып, 

сосын қырғышты пайдаланған оңайырақ сияқты, бірақ көптеген бьюти-

сарапшылардың айтуынша, дәл осы тәсіл теріні тамаша тегістейді. Сонымен 

қатар, брашинг қан айналымын күшейтіп, теріні тартады және целлюлитпен 

күреседі. 

Сенің міндетің: щеткамен құрғақ массаж жаса. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Егер ұнап қалған болса, онда бұл тәсілді құрғақ тері үшін 

аптасына бір рет, ал майлы тері үшін аптасына екі-үш рет жаса. Рәсімнің әсерін 

нығайту үшін, душтан кейін міндетті түрде денеге арналған нәрлендіргіш крем 

немесе май жақ. 

10 

!

 



Тапсырманың аты: мүсініңді қадағала 

Хаттың мазмұны: Арқаңды түзулеп ұстап көр, сонда ғана өзіңнің сымбатың 

жайында жиі ұмытып кететініңді байқайсың. Оның сыры, сенің арқа 


бұлшықеттеріңнің әлсіреуінде, ал мүсін – бұл тек қана әдемілік емес. Мүсініңіз 

жақсы болса, қан айналымы да жақсы болады, пайдалы гормондардың бөлінуіне 

жағдай туындайды және күйзеліс гормондарының деңгейі төмендейді. 

Сенің міндетің: бір күн бойы мүсініңе бақылау жасап, арқаңды түзуле. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: мүсін үшін ең бастысы – жүйелілік. Екі нәрсе көмектеседі: 

біріншіден, компьютердің алдында отырғанда беліңнің тұсына кішігірім 

жастықшаны пайдалан, екіншіден, «жатып қарлығаш болу» жаттығуын (ішіңмен 

жат та, аяқтарыңды бір-біріне қосып, қолдарыңды жоғары көтер және екі 

жағыңа қарай соз; арқа бұлшықеттерін пайдалана отырып, денеңді ақырындап 

көтер) жаса. Осы жаттығуды әрбір күні бір минуттан жаса. 

12 


 

Тапсырманың аты: бес минут ішінде үй SPA-сы 

Хаттың мазмұны: кейде оқиғаға толы күннен кейін кешке қарай 

ойыңдағыларды өшіріп, өзіңді еркін ұстау қиынға соғады, алайда бір тамаша 

тәсіл бар. Көпіршікті, тұзды немесе эфир майы қосылған ванна қабылда. 

Жағымды музыка немесе табиғат әуендерін қос, телефоныңды өшір де, 

майшам жағып қой. Бойыңды еркін ұстап, көздеріңді жұм. Ваннадан 

шыққаннан кейін бірден төсегіңе жата қалсаң, ұйқы сені көп күттірмейді.  

Сенің міндетің: бойыңды босаңсытатын ванна қабылда 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін 

Қосымша ақпарат: Бойыңды босаңсытатын ең үздік хош иістер – лаванда мен 

жалбыз, ал егер де таңертеңгі рәсімдерді ұнататын болса, онда сені цитрусты 

эфир майлары тамаша сергіте алады. 


13 

 

Тапсырманың аты: Болашаққа хат 



Хаттың мазмұны: Өзіңе өзің хат жаз. Бұл көп уақыт алмайды, сондықтан 

ыңғайланып отырып ал да, өзіңе бірнеше сұрақ қой. Өзіңді болашақта қандай 

етіп көресің? Өзіңе не тілейсің? Мүмкін, сен қазір маңызды бір нәрсемен 

айналысып жатқан боларсың, ал оның нәтижесі екі жылдан кейін ғана белгілі 

болады? Дұрыс жауаптар өзі-ақ ойыңа келе бастайды, өйткені әрқашан біз 

болашақта өзіміздің жақсы болатындығымызды көреміз – енді тек соған жету 

ғана қалды. Конвертті жауып, сенімді бір жерге қой және хатты бес жыл 

өткеннен кейін аш.  

Сенің міндетің: болашақтағы өзіңе хат жаз. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Бұл қызықты әрі шабыттандырушы тәжірибе, ол көп ойланып, 

миыңа салмақ түсірмей-ақ өзіңнің даму қозғалысыңды көруге және керексіз 

мінез-құлықтардан арылуға мүмкіндік береді. 

14 


!

 

Тапсырманың аты: Көгілдір экранға баламалы таңдау  



Хаттың мазмұны: Уақыт – ең бағалы ресурс және оны жақын адамдарыңызбен 

қарым-қатынас жасау, өздігінен даму және тынығу үшін пайдаланған дұрыс. 

Теледидардан бір күнге бас тарт. Өзіңнің сезіміңе құлақ сал және кеште саған 

нағыз сүйіспеншілік әкелетін нәрсемен айналыс. Әдеттегідей ойың бөлінеді, 

бірақ аз уақыттан кейін ұмытасың. Шынайы әлеммен рахатқа бөлен!  

Сенің міндетің: бір күніңді теледидарсыз өткіз. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 


Қосымша ақпарат: көпшілік адамдар жылдар бойы теледидарсыз өмір сүреді. Сен 

де солай жасап көр, өзіңе тұрақты түрде оны алмастыратын бір нәрсе тап, – кітап, 

музыка – кез-келген қызықтыратын әуес ісіңді таңда! 

15 


!

 

Тапсырманың аты: Қолды бүгіп жаза отырып, кеудені жерден көтеруді үйрен 



Хаттың мазмұны: Егер сен кеудені жерден көтеруді әдетке айналдырмаған 

болсаң, онда біртіндеп бастағаның жөн және бірінші аяқтарыңның ұшына емес, 

тізеңе сүйену қажет. Егер де қиындық туғызса, онда тоқтат та, бірнеше сағаттан 

кейін тағы да бір талаптанып көр – бұл жарақаттану қаупін барынша азайтады. 

Сенің міндетің: кем дегенде үш рет кеудеңді жерден көтеру жаттығуын жаса. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: егер де тұрақты түрде орындайтын болсаң, бұл жаттығу тиімді 

болады. Басында күніне үш рет жасап баста, сосын күнделікті бір-бірден қосып 

отыр. Он рет орындауға жеткізгеннен кейін, жаттығудың стандартты нұсқасына, 

яғни аяқтың ұшына тіреніп жасауға көш. Ең көп дегенде – күніне 20 рет орында. 

16 

 

Тапсырманың аты: гаджеттер үшін демалыс 



Хаттың мазмұны: Біздің санамыз экранның жарығын күн сәулесі ретінде 

таниды, бұл көзді өте талдырып жібереді, егер де ұйықтар алдында экранға 

қараған болсаңыз, бұл ұйқының сапасына айтарлықтай әсер етеді. Кешке 

айналысатын бір нәрсе ойлап тап, достарыңмен кездесуді жоспарла, 

романтикалық жүздесу ұйымдастыр немесе жәй ғана кітап оқы. Мейлі, бүкіл 

әлем күте тұрсын! 



Сенің міндетің: ұйықтардан төрт сағат бұрын гаджеттерден бас тарт. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін 

Қосымша ақпарат: Телефонға үнемі үңіліп қарап отырудың әдетке 

айналуының себебі, көбінесе үнемі байланысты болу қажеттілігінен туындаған 

алаңдаушылық болып табылады. Әріптестеріңмен және жақындарыңмен 

қоңырау шалуға ыңғайлы уақыт жайында келісіп ал, сосын гаджеттерге 

тәуелді болмау сенің табыстылығың мен көңіл-күйіңе қалай әсер ететінін 

бірден байқайсың. 

17 

 

Тапсырманың аты: Өзіңді бас аспазшы ретінде сезін 



Хаттың мазмұны: Өзіңе бір аптаға арналған пайдалы мәзір ойлап тап. Егер де 

өзгеше тұсынан қарайтын болсаң, бұл қызықтырарлық жағдай. Алдымен 

өзіңнің сүйікті тағамдарыңның тізімін жаз, сосын ол міндетті түрде қандай да 

бір тағамды жасап көруге қызықтырары даусыз. Егер қаласаң ғаламтордан 

рецепттер де тауып алуға болады, мысалы, «баялдыдан әзірленетін пайдалы 

тағамдар». Өзіңнің тамақтанатын кестеңді естен шығарма (қай кезде 

тамақтанасың, қай жерде тамақтанасың және саған не қажет: құнарлы таңғы 

ас па, жеңіл кешкі ас па, әлде жұмысқа жеңіл-желпі тамақтар ма?). Негізіне 

қарапайым нәрселерді алатын болсаң, мәзірді жасау оңайырақ болады, 

мысалы, көже үш күнге жетеді, ал дүйсенбі күні сатып алған сүзбеден 

сәрсенбі күні де таңғы асқа сырник әзірлеуге болады. Ережелері қарапайым: 

ең нашар қайта өңделген өнімдерді таңдауға тырыс және құрамында ақуыз 

бен көмірсулардың болуын қадағала. 

Сенің міндетің: бір аптаға пайдалы тамақтану мәзірін әзірле. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Негізгі міндет – жүйелі және дұрыс тамақтануды үйрену. 

Егер де сенің уақытың аз немесе сен ас әзірлей алмайтын болсаң, онда өзіңе 

оңтайлы шешім ойлап тап, мысалы, пайдалы тағамдарды жеткізу қызметін 

көрсететіндерді іздеуге немесе жұмысыңа жақын жерден жақсы бизнес-ланч 

әзірлейтін кафе табуға болады. 



18 

 

Тапсырманың аты: Үзіліс ал 



Хаттың мазмұны: Күшің таусылғанға дейін шаршағаныңды сезінуді үйрен – 

және қуаттанып ал. Мамандар табыстылық пен күшіңді сақтау үшін, әрбір екі 

сағаттық жұмыстан кейін 20 минут үзіліс жасауға кеңес береді. Өзіңе ұнайтын 

тынығу тәсіліңді тауып ал. Бәлкім, ол бір кесе ыстық шәй, қысқа жаттығу 

болар, ол мүмкін таза ауада серуендеу болар? Жауап көп, бастысы өзіңе 

ұнайтынын табу! 

Сенің міндетің: барлық істерді 20 минутқа ұмыт. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: өзіңнің көңіл-күйіңе деген сезімталдығыңды көтере 

отырып, сен өзіңді «күйіп кетуден» сақтандырасың – бұл термин жұмыс 

жасауға мүлде күшің қалмаған жағдайда қолданылады, ал өзіңді қайта 

қалыпқа келтіру үшін кем дегенде бір ай қажет. Қиын жұмыс жағдайларында 

өзіңнің шектеулі шамаңды бұзуға мүмкіндік берме, ішкі теңгеріміңді мұқият 

қорға және оны күнделікті сақтап жүр. 

19 

 

Тапсырманың аты: Даму үшін уәждеме іздейміз! 



Хаттың мазмұны: Қарбалас кезінде біз үнемі өзіміздің жаһандық мақсаттарымыз 

бен маңызды жоспарларымыз туралы ұмытып кетеміз. Қарапайымнан бастайық. 

Өзіңнің күнделікті дағдыларыңнан өзгерткің келіп отырған (спортпен айналысу? 

суды көбірек ішу? азырақ күйгелектену?) бір қарапайым, бірақ маңызды нәрсені 



таңда. Мәселені шешуге өзіңе мақсат қой. Таңдап алынған тақырып шеңберінде 

өзіңді дамыту бойынша мақалалар оқы. Күшің көбейгенін және 

шабыттанғаныңды сезін. Әбігерге түсушілік сені қайта құшағына алғысы 

келетініне дайын бол. Қарсылас. Болашағың жайында ойла. Өзің үшін күрес.  

Сенің міндетің: әрбір күні жетілдіру кеңестерін оқы.  

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Бұл жаттығу үнемі орындап жүрген кезде тиімді. Есіңде сақта, 

кез-келген мақаланы іштей сынға алу сезіміңді қоса отырып оқу қажет. Әмбебап 

шешім болмайды, сондықтан дәл өзіңе лайықтысын таңдауға тырыс. Қызықты 

авторларды ізде, өзіңе жаңа мақсаттар қой және әртүрлілікке ұмтыл! 

20 

 

 



Тапсырманың аты: Хаос немесе жұмыс орны? 

Хаттың мазмұны: Жұмыс үстеліңіздің тазалығын қадағаламасаңыз, онда оның бетінде 

миллиардтаған бактериялар жинақталып қалады. Үш қарапайым қадамды жасау үшін 40 

минут уақытыңды бөл:  

1) жұмыс үстеліңнен бəрін алып таста (мысалы, қорапқа сал), оны 

залалсыздандырғышпен немесе спиртке салынған шүберекпен сүрт. 

2) Қораптан заттарыңды шығар; керектілерін сүрт, керексіздерін лақтыр. Ескі қағаздарды 

реттеп шық, кеуіп қалған қаламсаптар мен сыртқы беті əдемі былтырғы жылғы күнделікті 

де қоқыс салғышқа таста! 

3) Өшіп тұрған (!) техниканы арнайы сулықпен сүрт, пернетақтаға айрықша назар аудар. 

Сенің міндетің: жұмыс үстеліңді ретке келтіру 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: Барынша көп нəтижеге қол жеткізгің келсе, тумбочкаңды да жина. 

Жұмыс үстеліңді жинау үшін қажеттінің барлығын соның ішінде сақта. Бұл қарапайым 

рəсім сені суық тиюден, тамақтан уланудан жəне теріңе ұсақ бөртпелер шығудан 

сақтандыруға көмектеседі. 



21 

!

 



Тапсырманың аты: гравитациямен күрес 

Хаттың мазмұны: қатарынан он рет секіру күйзеліс деңгейін төмендетуге, 

энергияңды оятып, көңіл-күйіңді көтеруге көмектесетінін, сен білесің бе? 

Осылай секіруді күн тәртібіне енгізу оңай, бірнеше нұсқалар ұсынамыз: 

Ұзаққа созылған жиналыстан кейін ширату жаттығуының орнына; 

Қиын жұмыс атқару кезінде үзіліс ретінде;  

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін көңілді би ретінде;  

Тез ояну тәсілі ретінде. 

Осы қарапайым жаттығуды орында және нәтижені бақылап отыр! 

Сенің міндетің: қатарынан 10 рет секіру. 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін. 

Қосымша ақпарат: бұл тапсырма – күйзеліске қарсы тамаша жаттығу. Егер де 

күніне екі мәрте он реттен секіріп отырсаң, міндетті түрде аяқтарың мен бөксе 

бұлшықеттеріңді шынықтырасың, сонымен қатар сан сүйектеріңді нығайтасың. 

23 

 

Тапсырманың аты: Кірді ақылмен жуамыз  



Хаттың мазмұны: Бүгін бізде саған арналған, кір жууды оңай әрі ыңғайлы 

ететін бірқатар кеңестер бар. Біріншіден, кір киімдерге бір себеттің орнына аз 

дегенде екі себет арна: ақ киімдерге және қара түсті киімдерге, ал түсті 

киімдерді бірден кір жуатын машинаға салып, бірінші кезекте жу. Жейделер 



мен көйлектер бір-біріне кедергі келтірмей қыртысталмай кебуі үшін 

киімдерді кептіретін жерге бірнеше кір ілгіш жаса.  

Сенің міндетің: үйдегі кір жуатын орынды жайластыр.  

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Бұл кеңес сенің уақытыңды үнемдейді және киімдердің 

күтіммен жуылуын қамтамасыз етеді. Үйдің бір шетін бір рет жайластыру 

арқылы, сен оны бірнеше жылға ұмытуыңа болады. Дұрыс кір жуу құралдарын 

пайдалануды ұмытпа! Кәдімгі кір жуатын ұнтақ пен шайқағыштан басқа саған 

ағартқыш пен нәзік маталарға арналған сұйық құрал қажет болады. 

24 


 

Тапсырманың аты: Бес секунд ішінде адамдарды қалай баурап алуға болады 

Хаттың мазмұны: Таныстықтың бірінші минутынан бастап адамдарды өзіңе 

тартуға мүмкіндік беретін бес кеңесті пайдалан. 1) Киіміңмен қарсы алады. 

Әдемі киім мен макияж ойлап тап. 2) Күлімдеп жүр! Шынайы жымию сенің 

және айналаңдағылардың көңіл-күйін көтереді. 3) Сыпайылық туралы да 

ұмытпа: «рахмет», «өтінемін» және «танысқаныма қуаныштымын» деген 

сөздер ешқашан артық болмайды. 4) Адамдардың атын есіңде сақтау үшін 

әңгімелесу барысында, атын атап, оған қарата  бірнеше рет сөз сөйле. 5) 

Танысу барысында сенімді, қысқа және салмақты түрде оның қолын қыс. 

Осылайша сен өзіңді тәуелсіз, бірақ достық ниеттегі әңгімелесуші ретінде 

көрсетесің.  

Сенің міндетің: сенімді түрде тілдесу үшін кем дегенде үш кеңесті пайдалан. 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Егер де саған қызмет барысында жетілу маңызды немесе 

жаңадан танысулар қызықты болса, бұл тәсіл саған қажетсіз ұялшақтықты 

жеңуге және оңайырақ жаңа қарым-қатынас табуға мүмкіндік береді! 


25 

 

Тапсырманың аты: Сауаттылық үшін күресеміз  



Хаттың мазмұны: сенің сөз қолданыстарыңда масыл-сөз бар екеніне сен көңіл 

аударған боларсың. Сол сөзді таңда және күні бойы өзіңнің сөйлеген 

сөздеріңді бақылауға тырыс. Осы сөзді әрбір айтқан сайын құтыға тиын 

(немесе қағаз ақша) салып отыр. Кешке қарай сана, қажетсіз сөзді сен неше 

рет қолданған екенсің, сірә, сен таңырқайтын боларсың. 

Сенің міндетің: масыл-сөзді тап та, одан құтыл. 

Тапсырманың түрі: стильді үлгі үшін. 

Қосымша ақпарат: Сөйлеген кезде ойланып тұрмасаң,  масыл-сөздер сөз 

арасында жиі пайда болады. Сонымен бірге олар сенімсіздік белгісі ретінде де 

көрініс береді. Сөйлеу барысында және оған дейін де тоқтауға қорықпа – бұл 

сенің сөйлеген сөздеріңді байсалды және түсінікті етеді. 

26 


 

Тапсырманың аты: Баяулат және бойыңды еркін ұста 

Хаттың мазмұны: Егер де сен тез әрі қомағайлана тамақтануға дағдыланған 

болсаң, бұл сенің тамақтану үшін үстел басына қажетті уақыттан кешірек 

келетініңді білдіреді. Асығыстықтан арылуға кеңес береміз! Тамақтануды 

қаншалықты баяулатсаң, соншалықты пайдалы болады. Дәмі де айқынырақ 

білінеді, сіңуі де жылдамырақ болады және көбірек сүйсінетін боласың. 

Сенің міндетің: асықпай тамақтан! 

Тапсырманың түрі: салауатты өмір салты үшін 

Қосымша ақпарат: Асықпай тамақтану дағдысы тамақтанудан ләззат алуға 

және қызықты әңгімелесуге мүмкіндік береді. Осылайша сен артық 


калориядан, ас қорыту жүйесінің ауруға шалдығуынан және аңызға айналған 

түскі астан кейінгі шаршаудан сақтана аласың. 

27 

 

Тапсырманың аты: Күнді күлімдеп қарсы ал  



Хаттың мазмұны: Таң – адамдардың көпшілігі үшін қарапайым уақыт емес. 

Өзіңе жемісті әрі жеңіл күнді бастауға көмектесетін жоралардың көмегімен 

күніңді көңілді етуге тырыс. Жаңа күнді жақсы көңіл-күймен қарсы ал – 

ұйқыдан оянғаннан кейін бірден айна алдындағы өзіңнің бейнеңе бір минут 

бойы күлімдеп қара. Күлкің шынайы болуы тиіс, бастысы – ұялма! 

Сенің міндетің: айна алдындағы өзіңнің бейнеңе бір минут күлімде. 

Тапсырманың түрі: өзіңе күтім жасау үшін. 

Қосымша ақпарат: Әркімнің таңғы жоралғылары әр түрлі, бірақ әмбебап 

ережелер мынадай: гаджеттердің жоқтығы, дәмді таңғы ас және ыстық сусын, 

ешқандай асығыстық жоқ. Таңды тек өзіңе арна. Дәмді таңғы ас әзірле, 

музыканы қосып, рахатқа бөлен. 

29 


!

 

Тапсырманың аты: Экологиялық және технократиялық 



Хаттың мазмұны: қап толы сынған гаджеттер біздің қайсымызда жоқ: ескі 

телефондар, істен шыққан айпадтар және басқалары? Теледидарды аласа 

шкаф ретінде, ал тоңазытқышты шкаф ретінде пайдаланатындар да бар. 

Мұндай шаң жинағыштардан құтыл да, оны экологиялық түрде жаса. Ірі 

қалаларда керексіз техникаларды тегін алып кету қызметін көрсететіндер де, 

сонымен қатар батареялардың көзін жоятын орындар да бар. Ғаламтордан 



ондай ақпараттарды іздеуге бес минут қана, ал керексіз техникаларды 

жинауға бір сағат қана уақытың кетеді, сосын табиғатқа пайда әкеле отырып, 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал