Тапсырма 10. Когнитивизм және когнитология. Фрейм және гештальт ұғымдары туралы. «Дүниенің жаратылу» концептісі



жүктеу 26.91 Kb.
бет3/3
Дата07.11.2022
өлшемі26.91 Kb.
#23420
1   2   3
KL-10
КЛ-6, когнлингв 8, маг-1, сөзжасам 6, 8-дәріс, ҒЗЖ 1-8
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.«Концепт» дегеніміз не?
2. Концепт түрлеріне не жатады?
3.Поэтикалық мәтіндегі автордың концептілерді қолдану шеберлігіне қарай топтастырылады?
4. Концептілердің әр түрлі ассоциативтік түсінікте танылу деңгейіне қарай түрлері.
5.Ақиқат дүниенің санада танылу ерекшелігіне қарай танылу концептілер қалай бөлінеді?
6.Контраст немесе калейдоскоптық концептілер дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аскольдов-Алексеев С. Концепт и слово // Русская словесность: Антология.– М.: Academia, 1997.

  2. Демьянков В.З. Понятие и концепт в художественной литературе и в научном языке // ВЯ; 2001, №1. – с.44-48

  3. Апресян Ю.Д. Лексическая семантика. – М., 1974. – 300 б.

  4. Вежбицкая А. Язык. Культура. Познание. – М., 1996. – 411 c.

  5. Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшеліктері. Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2006. – 125 б.

Когнитивті лингвистиканың негізгі категориялары. Когнитивтік лингвистиканың жеке ғылым саласы ретінде танылуы үшін оның негізгі ұғымдары, өзіне тән негізі категориялары мен бірліктері болуы шарт. Антропологиялық тіл білімін зерттеушілер білім, концептуалдылық, концептуалды жүйе, когниция, когнитивтік модель, вербалдылық, менталдылық, концепт, әлем бейнесі, концептілік өріс, ұлттық мәдени бірліктерді когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары ретінде қарастырады. Аталған ұғымдардың адам санасындағы әрекеттері, тілдегі көрінісі, сол арқылы әлемнің тілдік бейнесін тануға мүмкіндік жасау қабілеті туралы мәселе бүгінгі таңда жалпы лингвистер алдында негізгі де өзекті проблемалар санатында тұрғандығын кейінгі зерттеулерден айқын көруге болады. Қазіргі тіл білімінде концептуалдылық таным процесіндегі білімнің нәтижесінен көрініс табуда. Бұл атауға байланысты Е.С.Кубрякова: Концептуализация интерпретируется как некоторый сквозной для разных форм познания процесс структура знаний из неких минимальных концептуальных единиц-деген болатын (2, 93).
Қазіргі нейрохирургия мен кибернетика салаларының дамуы нәтижесінде когнитивтік моделге фрейм (М.Минский) және гешальт (Дж.Лакофф) ұғымдары енгізілді. Человек, пытаясь познать новую для себя ситуацию или поновому взглянуть на уже привычные вещи, выбирает из своей памяти некоторую структуру данных (образ), называемую нами фреймом, с таким расчетом, чтобы путем изменения в ней отделных деталей сделать ее пригодной для понимания более широкого класса явлений и процессов (38,49). М.Минский өзінің теориясында адамның ойлауы мен жасанды интеллект арасының ара-жігін ашпайды. Оның пайымдауынша, адамның ойлауы образдарды визуалды көре алатын, семантикалық фреймдер яғни, сөздердің мағынасын түсіне алатын, белгілі бір іс-қимылды қабылдай алатын (сценарийлі фрейм) т.б. ақпаратпен толыққан адам жадында сақталатын құрылымдар яғни, фреймдерге негізделген. Ал белгілі бір ойды түсіну жадында сақталған фреймнің белгілі бір жағдайға сәйкес процеске түсуімен түсіндіріледі. Ал, фреймдер арасында дәл өзіне сәйкес фрейм табылмаған жағдайда, сол ситуацияға мейлінше жақын келер фрейм таңдап алынады.
Т.А.ван Дейк пен В.Кинч гештальтты қолдана отырып белгілі бір мәтінді түсінудің танымдық моделін ұсынды (39). Гештальт термині (неміс. Gestalt фигура, форма, құрылым) психологиялық теория-гештальттық психологиядан бастау алады. Дж.Лакофф белгілі бір құрылымдар арқылы құрылған ой, эмоция, таным процесі, тілді гештальт ұғымымен байланыстырады (40) Бұл ұғымды лингвистикада С.Д.Кацнельсон тілдік механизімдерінің сана механизімдерімен, белгілі бір адамның жеке тәжірибесін құрайтын біліммен тығыз байланыста екенін айтады (41).
Конитивтік лингвистикада когниция ұғымына басты көңіл бөлінуде. Когниция-адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі деп танылады. Тіл білімінде когниция терминімен интеллектуалдылық, менталдылылық секілді атаулар балама ретінде қолданылып жүр. Когницияның бұл атаулардан негізгі айырмашылығы когниция адам миындағы аялық білім арқылы жиналған ақпараттардың терең қатпарларындағы біртұтас көрінісі, моделі болып табылады. Адам санасындағы білім әртүрлі тілдік құрылымдар негізінде көрініс табады. В.А.Маслова: елестету, схема, картина, фрейм, сценарий (скрипт), гештальт сияқты бірліктерді адам танымындағы ақпараттарды сыртқа шығаруда қолданылатын тілдік құрал деп есептеген. Когнитивтік лингвиситика тілдік білімнің табиғатын және оны қалай қолдану керектігін меңгеретін ғылым (9,85).
Когнитивті лингвистика ғылымының зерттелу барысында батыс еуропалық ғалымдардың зерттеулері көптеген жаңа ғылыми жолдарды қалыптастырды. Ал, когнитивті лингвистика ғылымының негізгі ұғымдарына тоқталсақ ең алды мен когнитивті лингвистика - ... адамзат тілін жалпы хабарды ұсынуға, оны бір күйден екінші күйге ауыстыруға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі, таным механизімі әрі құралы ретінде қарастырылатын лингвистика саласы (Когнитивті терминдердің қысқаша сөздігі) — деген анықтама берілсе, таным дегеніміз - дүниені, өмірді танып-білу қабілеттілігі (20Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 8-т.) болып шығады.
Когнитивті терминдер сөздігінде танымдық тіл ғылымына адамзат тілін жалпы хабарды ұсынуға, оны бір күйден екінші күйге ауыстыруға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі, таным механизімі әрі құралы ретінде қарастыратын лингвистика саласы деген анықтама берілген (23; 53). Бүгінгі күні бұл лингвистикалық бағыттың өзіндік ұғым-бірліктері, ұстанымдары, ғылыми-теориялық негіздері қалыптасып дамып отыр. Алғашында когнитивті деген терминнің өзі нақтыланбаған, ұғымдық бірліктері жүйеленбеген мәселе ретінде қабылданып келді, сондықтан когнитивті лингвистикаға қатысты пікірлер мен көзқарастар да біркелкі болған жоқ. Кейбір зерттеушілер танымдық аспектілердің тіл білімін жаңа деректермен толықтырғанын мойындағанмен, бұл бағыттың лингвистикаға соны үрдістер мен әдістер жүйесін әкелмегенін әрі когнитивті лингвистиканың орнықпағанын, ең алдымен, когнетивті емес лингвистиканың жоғымен түсіндіруге болатындығын ескертеді. Алайда, екінші топ ғалымдары құрылымдық тіл білімін танымдық лингвистикаға қарсы қоя отырып, когнитивті бағытты XX ғасырдың аяғында дүниеге келген көтеріліс, бетбұрыс деп түсіндірді. Нәтижесінде тілшілер когнитивті лингвистиканы пәнаралық байланыстың көрсеткіші, тілдік ілімдер тоғысы деп бағалады. Сөйтіп, жалпы ғылыми дереккөздер негізінде когнитивті ғылымды немесе когнитологияны, когнитивті психологияны, мәдениеттануды қарастырса, лингвотанымды дамытушы алғышарттарға лингвистикалық семантика, лингвистикалық типология, этнолингвистика, нейролингвистика, психолингвистика, салыстырмалы-тарихи тіл білімі мәселелерін жатқызды (24,22). Ғалымдардың айтуына қарағанда, семасология ұстанымдары мен категориялары адамзат танымының нәтижесін құрайды (Н.Д.Арутюнова, А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия), ал тілдік типология заңдылықтары тілдің универсалды құрылымын түсіндіруге мүмкіндік береді - деген теориялық байлам жасайды (25,17-19). В.В.Петров когнитивтік ғылымның түпкілікті идеясының негізін құрайтын бірліктер турасында мынадай ой айтады: Мышление представляет собой манипулирование внуренними (ментальными) репрезентациями типа фреймов, планов, сценариев, моделей и других структур знания (18, 95).
жүктеу 26.91 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет