Талғат СҮлтангереев әдептілік әдемілік



жүктеу 384.54 Kb.

бет1/3
Дата19.02.2017
өлшемі384.54 Kb.
  1   2   3

б 87(5К)  | 

С89


Талғат СҮЛТАНГЕРЕЕВ

Әдептілік  -

әдемілік

С89

Талғат С¥ЛТАНГЕРЕЕВ



ӘДЕПТІЛІК- 

ӘДЕМІЛІК

«Тараз-кітап»

2010

УДК17 

ББК 87,7( 

С 89

Пікір жазғандар:

Байсерке  Л.Ә.,  педагогика  ғылымдарының  докторы, 

профессор.

Құлбарақ  С.О.,  филология  ғылымдарының  докторы, 

профессор

Сұлтангереев  Т.  Әдептілік  -  әдемілік.  -   Тараз, 

«Тараз-кітап»  баспасы,  2010.  -  52 б.

ІЗВЫ 978-601 -278-281 -3



Қазақстан 

Республикасының 

Мәдениет 

қайраткері  Талгат  Султангереевтің  «Әдептілік

  -  


әдемілік»  атты  еңбегі  жасеспірімдерді,  жаст арды 

әдептілік  пен  инабаттылыққа,  ибадаттылық  пен 

имандылыққа  баулиды.

Кіт ап 

адам 

бойындағы 

ізгі 

қасиеттердің 

күнделікті  түрмысымыздагы  маңызы  туралы  жөне 

адамзат тың  мәдени  қарым-қатынасы 

жөнінде 

дөріс береді.

Кіт ап 

мектеп 

жасындагы 

жасеспірімдерге, 

колледждер мен жогары оқу орнының білімгерлеріне, 

мүғалімдерге жөне  кепш ілік  оқырмандарға  арналып 

шыгаоылған.

У Д К 17 

ББК 87,7

КІТАГІХАНАС



Смлтангереөв Т.,  2010 

ЧЙ<т]араз-кітап», 2010

« Төңірім тәкәппарлықты қаламайды» 

Қорқыт ата

«Әдемілігіне қарама 

Әдептілігіне қара»

Махмүд Қашқари

«Бойы булгаң,

Сезі жыпмаң

Кімді керсем мен сонан 

Бетті бастым,

Қатты састым,

Тұра қаштым жалма-жан»

Абай

«Кішіпейіп,  біпімді,  ойы зерек, 

Ибадатты боп келсін,  арсызданбай» 

Қасым Аманжолов

1

3


АДАМ ӘДЕБІМЕН КӨРІКТІ

Егемен  ел  болдық.  Еншімізді  алдық.  ¥лтымыздың 

атымен  аталатын-  Қазақстан  Республикасы  болдық. 

Еңсеміз  көтеріліп,  етек  жеңімізді  жинадық.  Құдайға 

шүкір! 

Ел 


басының, 

ел 


ағаларының, 

ел 


азаматтарының  күшімен  зор  шаруалар  тындырып 

жатырмыз.

Тарихымызды  түгендеп,  төл  мәдениетімізбен 

қайта  табыстық.  Естияр,  еңселі  елдердің  алдыңғы 

қатарынан табылсақ деген шынайы ұмтылысымыз да 

бар.  Еңсе  көтеру  дегеніміз  экономиканы,  тұрмыстық 

және  әлеуметтік жағдайды  ғана жөндеу деп  үғынсақ 

қате  болары  анық.  Әр  адам,  әр  азамат  -   ұлттың, 

қоғамның  бөлшегі.  Жақсыны  да,  жаманды  да  (қүдай 

сақтасын!)  адам  жасайды.  Мықты  ұлттың,  мықты 

қоғамның 

мемлекеті  де  мықты.  Халқымыздың 

интелектуалдық деңгейі, білімі,  мәдениеті,  рухы өскен 

сайын  мемлекетіміз  нығая  түспек.  Олай  болса,  әрбір 

азаматтың ел  болуға  қосар үлесі  сөзсіз.  Әркімнің де 

осылай ойлағаны жөн секілді.

Азамат  болған  соң  қоғамнан  тыс  бола  апмаймыз. 

Адамның  адамсыз  жерде  күн  көруін  елестетудің  өзі 

қиын.  Жақсы  адамның  жақсылығы, 

мәдениеті, 

парасаты, 

өркениеттілігі 

адамдардың 

қарым- 


қатынасынан  басталмақ.  Бүл  кітапшаның  қозғап 

отырған тақырыбының өзі -  осы.

Үйде,  жүмыста,  қонақга,  автобуста,  пойызда, 

театрда  т.с.с  қай  жерде  болсақ  та  адамдармен 

араласуға  тура  келеді.  Сондағы  біздің  сәлем- 

сауқатымыз,  іс-қимылымыз  мінез-қүлқымыз,  сөз 

саптауымыз,  әңгімелесуіміз  т.с.с  әрекеттерімізге 

қарап басқаларға өзіміз туралы  пікір тудырамыз.  «Өзі 

бір  әдепті  кісі  екен»,  немесе 

«Дөрекі  адам», 

«Тәрбиесіз 

бала 


екен» 

деген 


ойпар 

туады. 


«Әдеміпігіне қарама - әдептілігіне қара» депті Махмұд 

Қашқари.  Адам  әдебімен  көрікті.  Әсіресе  қазіргідей

4


жасампаз  заманда,  өнегелі. ортада,  барлығы  бар, 

барлығы  жетілген  ортада  әдепті  болмау  айып  болар 

еді.

Күнделікті  өмірде,  әр  қилы ортада өзін  - өзі  дұрыс 



ұстай  білу,  әдеп  пен  енеге  сақгау  әр  адамның  алған 

тәліміне,  ненің  -   жөн,  ненің  -   теріс  екенін  сезіне, 

түсіне  білу  қасиетіне  байланысты.  Үнасымды  қарым- 

қатынас  жасау  -   адамзат  баласының  әу  бастан  ез 

өмірлеріне  серік  етіп,  ұғыныса,  сыйласа,  тіршілігінде 

алға  ұстанып  келе  жатқан  әдеп-салттарының  ең 

кекейкестісі.

Өмірден  түйгені, 

кергені, 

білгені 


кеп 

қазақ 


халқының  да  қалыптасқан  әдеп-ғурыптары  орасан 

зор.  Жаотарға  үлгі  боларлық тамаша  тәрбие  мектебі 

бар.

Үлкенге  сәлем  беру,  сурағанға  жөн  айту,  әйелге 



қамқорлық  көрсету,  жасы  үлкеннің  атын  атамау, 

қонағына  құрақ  ұшу,  сезге  қонақ  беру,  ата-ананы 

құрметтеу 

секілді 


мол 

әдеп 


сабақтары 

бар 


халқымыздың  мәдениетін  қалайша  сүйсіне  айтпасқа. 

Адамзат  тарихының  ұзақ даму  жолында  әр  заманға, 

әр  халыққа  тән  әдеттер  мен  дәстүрлер  өмірге  келіп, 

соларға сай әдеп қағидалары туындады.

Елдер  мен  халықтар  арасында  үздіксіз  жүрген  әр 

қилы  байланыстардың  әсерінен  үнемі  қүбылып 

отырғанымен  де  әдептілік  қағидалары  негізінен 

адамдар 


арасындағы 

сыйластықты, 

тату 

қатынастарды діттеген.



Қазіргі  заман  адамы  өзінің  көп  уақытын  үйден 

тысқары  жерлерде  -   жұмыста  (қызметте),  оқу 

орнында,  мәдени ошақтарда, кепшілік келіктерде т.с.с 

өткізеді.  Осындай  бір-бірімен  ұласып  жатқан  өмір 

ағымындағы  іс-әрекетіміз  әдеп  ережелеріне  сай  ма? 

Осы  сұраққа жауап  іздей  отырып,  көптеген  елдердің, 

хапықтардың 

эдебиеттерінен, 

ғұламалардың 

сөздерінен,  иман  кітаптарынан,  халықтың  даналық



өсиеттерінен  жинақтап,  сабақтап  сіздерге  ұсынып 

отырмыз.


СӘЛЕМДЕСУ  0 0 3

Қарт  ұстаз  жоғарғы  оқу  орнының  ғимаратына 

жақындап қалғанда, тротуар жиегінде бір топ тәлімгер 

жастардың  бірі  жерге  түкіріп,  бірі  шылымын  сорып, 

шеңбер  құрып,  шоқшиып  отырған  болатын.  Қарт 

муғалімдеріне  сол  күйінде  отырып,  амандасқан  боп 

ауыздарын  жыбырлатты.  Қария  да  селқос  сәлем 

алды.  Олардан  әріректегі 

орындықга  сөйлесіп 

отырған екі ересек мұғалім орындарынан атып тұрып, 

қарияға  сәлемдесті.  Қария  оларға  күлімдей  қарап 

қолын  созды.  Мұғапімдер  ілтипатпен  екі  қолдарын 

беріп жатты.

Екі  әсер,  екі  бояуі  Біреуі  -   күңгірт,  біреуі  -   ашық. 

Кейбір  жастарымыз  сәлемдесуді  де  жөнді  білмегені 

ме?! 


Қынжылып  қалдық...  Халқымызда  ізетті 

жастарды 

«сәлемі  түзу  бала  екен»  деп 

айтып 


жатпаушы ма еді?

Үлтымыздың 

салт-дөстүрінде 

сәлемдесудің 

кептеген  түрлері  бар.  Мысалы:  ауызша  сәлемдесу, 

қол  алысу,  қос-қолдап  амандасу,  төс  қағыстыру,  бас 

ию, тізе бүгіп сәлем жасау (келіндер), бас киімін алып 

сәлемдесу  (шәкірттер)  т.с.с.  Дегенмен  кіммен,  қалай 

сөлемдесудің ез жені, реті болады.

«Үлкен  алдындағы  жас  парызы,  ата  алдындағы 

бала  қарызы -  әдеп  пен  сый»,- дейді  М.  Әуезов.  Қай 

ортада  болмасын  сәлемдесу  ізетін  көбіне  бірінші 

болып жасы кіші адам бастауға тиісті.

Қазақтың  салты  бойынша  ауылдас,  көршілес, 

туыстас,  жеюкат,  ересек  ер  адамдарға  жасы  кіші  ер 

адам қол беріп амандасады. Әрине дастархан үстінде 

және  табалдырықтың  екі  жағында  тұрғанда  қол 

ұсынылмайды.  Қол  алысып  амандаспайтын  кезде 

жасы  кіші  адам  бас  изеп  қана  амандасу  ишаратын 

жасайды.


6

Тұрмыстық, 

туысқандық, 

достық 

қарым- 


қатынастардан  бөлек  қоғамдық  орындарда,  көшеде, 

жұмыста  сол  секілді  басқа  да  ресми  жағдайларда 

салемдесудің 

ез 


рәсімдері 

болады: 


Еркек  әйелмен,  бағынышты  қызметкер  бастығымен, 

бала  немесе  жас  қыз  ересектермен  бірінші  боп 

ауызша  амандасады.  Ал,  қол ұсыну- әйелдің,  жасы 

үлкен  адамның,  бастықтың,  лауазымды  адамдардың 

тарапынан болмақ.

•   Қызға немесе жас келіншекке өзінен жасы үлкен 

ер адамдар қол ұсына алады.

•   Қол  апысқанда  қолды  қатты  қысу немесе  қалай 

болса солай бере салу ыңғайсыз болады.

•   Үсынылып қалған қолды алмау да -  әдепсіздік.

•  

Қол  ұсынған  кезде  ер  адамдар  қолғаптарын 



шешуі тиісті.

•   Сәлемдесу үшін  әйел  ер  адамға  қол  ұсынғанда 

қолғабын шешпесе  де болады.

•   Өзінен  үлкен  әйелмен  қол  алып  амандасарда 

жас әйел қолғабын шешеді.

•   ішке  кірген  адам  үй  ішіндегілермен  бірінші 

амандасады,  ал  кетіп  бара  жатқан  адам  қалып  бара 

жатқан адамдармен бірінші қоштасады.

•   Кіруші және  кетушінің амандасу,  қоштасу тәртібі 

ер мен  әйелге бірдей.

•  

Сәлемдескен 



кезде 

«Сәлеметсіз 

бе?!», 

«Ассалаумағалейкум»,  «Армысыз»,  «Қайырлы  таң 



(күн, түн)» сияқгы сездер қолданылады.

•  


Әрбір 

сәлемдесу 

сөзі 

анық. 


түсінікті, 

естілетіндей болуы керек.

•   Ауыздың  ұшымен  амандаса  салу  әдептілікке 

жатпайды.

•  

Театрда, 



мұражайда 

т.с.с. 


мәдениет 

ошаідарында тым жарқылдамай жай,  күлімдеп, биязы 

үнмен сәлемдескен жен болады.

•   Көшеде  немесе  кеңселерде  бегде  адамнан 

бірдеңе сұрау үшін  алдымен  амандасып алып,  сонан 

соң сурағыңды қойған жөн.



• 

Көпшілік 

орында 

(мейрамхана, 



кафе) 

танысыңызды  ұшыратып  қалсаңыз.сәл  ғана  бас  иіп 

амандасқаныңыз жөн.

•  Пойыздың  купесіне  немесе  кеңсеге  кіргенде 

іштегілермен 

амандасып 

(ауызша), 

кетерде 


қоштасқан дұрыс.

•  Такси  тоқтатқанда  да  бірінші  амандасып,  сонан 

соң  барар  жеріңді  айтқан  жөн,  келгенде  рахмет 

айтып, қоштасады.

•   Оқушы  оқу  орнында  не  дәлізінде  мұғаліммен 

ауызша, бас киімін шешіп сәлемдескені жарасымды.

•  Аудиторияға,  сыныпқа  кірген  ұстазға  оқушының, 

білімгердің  орнынан  тұрып  амандасуы  құрметтеудің 

жарасымды түрі  болып есептеледі.

Қазіргі  кезде 

сәлемдесу  рәсімінде  сүйісу 

жағдайлары да кездеседі.

Қазақ  ғұрыпында  сүйісу  өте  жақын  туыстар 

арасында  ғана  болған.  Туыстық  немесе  ерлі- 

зайыптық (ғашықтық)  қатынасы  жоқ адамдардың бір- 

бірінің  беттен,  не  еріннен 

сүйіп  амандасуы 

гигиенапық жағынан да,  әдеп  жағынан да  ерсі  екенін 

есте  сақтаңыз!  Дегенмен  салтымызға  кейін  кірген 

«қол сүю» рәсімдерін айтар болсақ:

•   Әйелдің  қолын 

ерінді  тиер-тимес  етіп, 

алақанның  сыртынан  сүйеді.  Бұл  кезде  ұсынылған 

қолды,  ақырын  ғана  саусақтарынан  ұстап,  сәл  ғана 

еңкею  керек.  Әйелдің  қолын  ез  бетіңе  дейін  көтеру 

әдепсіздікке жатады.

•  Ресми  жағдайда  және  танысу  кезінде  қолды 

сүюге болмайды.

•  Алақаннан, не білектен сүю  ұят саналады.

•  Сүйгізуге  қол  ұсынғанда,  қолды  еркектің  бетіне 

қарай жоғары кетеруге болмайды.

•  Арнайы  салтанатты  кеште  салтанат  егесінің  -  

әйелдің ғана қолын сүюгө болады.

•  Бір  топ  әйелдердің  бірінің  ғана  қолынан  сүйіп 

«алалауға»  болмайды.  Сондықтан  топталып  тұрған


әйелдермен 

сәлемдескенде 

«қол 

сүю» 


түрін 

і  қолданбаған жөн.

• Бойжеткеннің қолынан сүймейді.

•  Әйелдің қолын көшеде сүймейді.

•  Қолғаппен үсынылған қолды сүймейді.

•  Үлкендерге,  әйелдерге ізет жасап  иілгенде әуелі 

денені  тік  ұстап  түрып  ақырын  ғана  бас  пен  кеудені 

қоса  иеді.  Иілу -  сәлемдескенде,  танысқанда,  етініш 

айтқанда,  биге  шақырғанда  т.с.с.  жағдайларда 

жасалады.



Я&З 

ҚАРАТПА СӨЗ

Әдебиетіміздің  ірі  түлғаларының  бірі  Үмбетбай 

Уайдиннің ертеректе жазған бір әңгімесінен үзінді:

« - Ауру, Алманов, рентген  кабинетіне жүріңіз - деді 

медсестра қыз ауруханадағы атасындай адамға.

-  «Ауру» дейді? -  деп Апманов ақсақал  терең бір 

күрсінді  де,  медсестра  қыздың  соңынан  еріп  бара 

жатты.


-  Аурулар,  тамаққа,  -  деп  аспазшы  жас  келіншек 

сырттағы 

сырқаттарға 

аурухананың 

төртінші 

қабатынан,  төмен  қарап,  айқайлап  жатты  бір  кез...» 

Өзі  сырқат  адамға  «үкім»  шығарғандай  «ауру»  деп 

айту  қандай  өрескел  естіледі.  Әдептіліктің  әріпі  де 

жоқ! Жағымсыз естіледі екен!

«Ата, 


рентген 

бөлмесіне 

жүріңіз» 

немесе 


«емделушілер,  тамақ  ішуге  кіріңіздер»  -  десе  дұрыс 

болар еді-ау, ә!

Қазақ  ғүрпында  қаратпа  сөзге  зор  мағына  берген. 

Сыйластықгың, 

қүрметтің, 

қадірлеудің 

апғашқы 

сатысы қаратпа сөзден  басталмақ.

Халқымыздың  салтында  үлкен  кісілердің  атын  ез 

атымен  бақырайтып  айта  салу  әдепсіздік  деп 

саналады.  Мысалы,  жаңа  түскен  келікдер  күйеуінің 

I  жақын  туыстарына  жанама  аттар  қою  дәстүрі 

үлтымызға тән әдемі қүбылыстардың бір кереметі еді. 

Үлкендерге 

«Қақпаншы 

қайнаға», 

«Ақын 

аға»


9

«Сынықшы  ата»  немесе  қайныларына  «Төрежан», 

«Шырақ», 

«Молда 

жігіт», 


қайынаңілілеріне 

«Еркежан»,  «Үкілім»,  «Әсем  қыз»  деп  ат  қою 

сыпайылық  пен  құрметтеудің  әдемі  түрі  болып 

табылатын 

және 

адам 


жүрегіне 

жылы 


әсер 

қалдыратын.

Әлеуметтік  өзгерістер,  елдің  мәдениет,  білім 

дәрежесінің  өсуі  халқымыздың  әдептілік  салтының 

одан әрі кеңейе түсуіне жол ашты.

Заманымызға 

байланысты 

қазіргі 


адамдар 

уақытының  біразын  үйден  тыс  жерлерде 

кешеде, 

оқуда, 


жүмыста, 

көпшілік 

орындарда 

өткізеді. 

Осындай  ортада  әдеп  дағдылары  қандай  болмақ? 

Жасына, 


жынысына, 

қызметіне, 

лауазымына 

байланысты 

адамдарға 

қандай  қаратпа  сөздер 

пайдалануға  болады?  Бүл  жағынан  келгенде 

де 


біздің 

халықтың 

қаратпа 

сөз 


қорында 

өз 


ерекшеліктері бар.

Көшеде танымайтын  адамнан жөн сұрар болсаңыз 

жасына,  ұлтына,  жынысына  қарай  «ата»,  «апа», 

«аға»,  «әпке»,  «замандас»,  «құрбым»  «бикеш», 

«қарындас»,  «інішек»,  «балам»,  «қызым»,  т.б.с. 

қарату сөздерін  пайдалануға болады.

Таныс  адамдарға 

жақындығына,  қызметіне. 

лауазымына  байланысты  «Тәке»,  «Сәке»,  «Мәке» 

т.с.с.  немесе  «Ақылбай  Досанұлы»,  «Профессор 

мырза 

(ханым)», 



«Директор 

мырза 


(ханым)», 

«Алдияров(а) мырза (ханым)» деп қарата сөйлейді.

Біреудің  тек  қана  атын,  не  атымен  әкесінің  атын 

айтқанда 

«мырза» 

деген 


сөз 

қолданылмайды. 

Мысалы  «Ақылбай  Досанұлы  мырза»  - деген  дүрыс 

емес.  Сол  сияқты  «директор  мырза»  деудің  орнына 

«директор Назаров мырза» деген де дүрыс емес.

Егер  бірөудің  бірнеше  лауазымы  болса,  оған 

қаратпа  сөз  айтқанда  лауазымдарының  тек  біреуі 

ғана - ең жоғарғысы ғана аталады.

«Азамат»,  «азаматша»  деген  қаратпа  сөздерді 

ресми  түрде  қолданады.  Бүлайша  атауды 

көбіне

ю


полиция  қызметкерлері,  құқық  қорғау  органдарының 

қызметкерлері пайдаланады.

Қызмет  орнында  бейресми  түрде  қызметтестер 

бір-біріне  «әріптестер»  немесе  «достар» деп те айта 

береді.

Өзіңізге 



бағынышты 

адамға, 


тәлімгеріңізге, 

оқушыңызға фамилиясын ғана айтып қарата сөйлеуге 

болады.

Қоғамдық 



орындарда 

«жолаушылар», 

«оқушылар», «доістор»,  «кезекші», т.с.с. сездермен де 

назар аудартуға болады.

Танымзйтын  адамдарға  бірер  сурақ  қою  үшін 

«кешіріңіз»,  «рұқсат  болса»,  «айыпқа  бұйырмаңыз» 

деп те қаратып алуға болады.

Егде  адамдарға  сөз  арнарда  «шалдар»  немесе 

«кемпірлер»  деп  айтпайды.  Мұндайда  «(Қурметті) 

ақсақалдар», 

«(қадірменді) 

қариялар» 

немесе 

«(абзал) аналар»,  «(ғазиз) эжелер» деген дұрью.



Қаратпа  сөздерден  соң  «сен»  немесе  «сіз»  деген 

сездердің қолданысқа кіруі айдан анық.

«Сен»  деп  сейлеу  жанұя  мүшелерінің  және  басқа 

жақын  туыстардың арасында  қалыптасқан.  Дегенмен 

олардың  ішінде де үлкендер  «сен»  дегенмен  кішілер 

«сіз» деп те сөйлесетіндер болады.

Жас  балалар  бір-біріне  «сен»  деп  сөйлейді. 

Адамдар ездерінің достарымен,  бірге оқыған (оқитын) 

жолдастарымен 

«сен» 


деседі. 

Бірге 


қызмет 

істеушілер жас арасындағы  ерекшеліктері тым  алшақ 

болмаса  бір-бірімен  «сен»  десіп  кетуі  мүмкін.  Жасы 

үлкендермен  «сен»  дёп  сөйлесіп  кету  жастардың 

емес,  үлкендердің қалауында екенін ұмытпаңыз.  Егер 

басшы  сіздің  жақын  адамыңыз  болып  өмірде  «сен» 

десіп  жүргенмен  басқа  қызметкерлердің  көзінше. 

әсіресе 



қызмет 

бабындағы 

әңгімелерде, 

жиналыстарда онымен «сіз» деп сөйлескен дұрыс.

Дәрігерлер 

емделушілерге, 

журналшылар 

сұхбаттасушыларына,  бастықтар  мен  қызметкерлер 



бір-біріне жұмыс бабында «сен» деп сөйлеспейді.

11


«Сіз»  деп  сөйлесіп  жүрген  адамыңызға  ұрсып 

қалғанда  «сенге»  кешіп  кетсеңіз  әдептілігіңіздің 

әлсізділігін білдірген болар еді.

О Л  


ТАНЫСУ

Бейтаныс  адамнан  гөрі  таныс  адаммен  қарым- 

қатынас  жасау  кімге  болса  да  оңай  екені  белгілі. 

Сондықган 

болашақ 

қарым-қатынас  жасалатын 

адаммен  немесе  қарым-қатынас  жасағыңыз  келген 

адаммен  танысу  қажет-ақ.  Танысу  мен  таныстыру, 

танысушылардың  жасына,  жынысына,  танысатын 

орынға байланысты болады.

Таныстыру жағдайлары:

-  жаңа  жұмыс  орнына  келген  кезде,  жаңа 

қызметкерді ұжымға басшылар таныстырады;

-  қонаққа  барғанда  өзге  қонақгармен  сізді  үй 

егелері таныстырады;

мейрамхана, 

кафелерде 

үстел 


басында 

отырғанда  серіктеріңіздің  біреуінің 

танысы  келіп 

жандарыңызға 

отыратын  болса,  ол  кісіні  соны 

танитын серігіңіз таныстыруға тиісті;

-  үйге  қонақ  алып  келсеңіз  үйдегілерге  езіңіз 

таныстырасыз;

- көшеде не басқа кепшілік орындарда әйеліңізбен, 

не  бала-шағаңызбен  бірге  жүргенде,  кездесіп  қалған 

танысыңызға 

өз 


жақындарыңызды 

өзіңіз 


таныстырасыз.

Таныстыру кезінде жасы  кішіні үлкенге,  ер адамды 

әйелге, бағынышты адамды бастығына таныстырады. 

Жасы  үлкен  ер  адамға  қызды  немесе  жас  әйелді 

таныстырады.  Таныстырушы  алдымен  жасы  кіші 

адамның,  содан  соң  үлкеннің  есімін,  әуелі  ер 

адамның, содан соң әйелдің есімін,  әуелі бағынышты 

адамның, содан соң бастығының есімін атайды.

Таныстыру  жасы  үлкен 

адамдардың  рұқсатын 

сұрау  арқылы жүргізіледі.

12


Мысалы:  «Мадина  апай,  сізге  қызым  Алуаны 

таныстыруға  рұқсат  етіңіз?»  немесе  «Профессор 

мырза,  сізге  студент  Есжановты  таныстыруға  рұқсат 

етіңіз».


Егер  кешеде  танысыңызбен  келе  жатқанда.  екінші 

бір  танысыңыз  кездесіп  қалса,  оларды  таныстыру 

міндетті  емес.  Әрине  кездесіп  қалған  танысыңызбен 

ұзағырақ 

сейлесіп 

қалатындай 

болсаңыз, 

екі 


танысыңызды бір-бірімен таныстыруға тура келеді.

Таныстырылған  кезде  «ете жақсы»,  «танысқаныма 

қуаныштымын»  -  деген  қошемет  сөздерді  айтқан 

жағымды  болар еді.  Таныстырылған  кезде  қол  алысу 

не  алыспау  жасы  үлкен,  құрметті  адамның  немесе 

әйелдің 


еркінде. 

Дастархан 

үстінде 

қол 


ұсынылмайтыны  белгілі.  Сондықган  сыпайы,  жылы 

жүзбен  басизесуде,  иілуде  әдептілікке жатады.

Біреу  екі  адамды  таныстырғанда  әңгімені  бірінші 

болып  жасы  үлкен  адам  бастайды.  Егер  үнсіздік 

ұзарып кетсе, жасы кіші адам езі  сез бастауы мүмкін.

Таныстырушы  танысушылардың  аты-жөнін  анық, 

ұғымды, түсінікті етіп айту керек.

Арада 


таныстырушы 

болмаған 

жағдайда 

өздігіңізден  танысу  әлдеқайда  қиындау  соғады. 

Дегенмен сыпайылық сақгалған жағдайда бұл мәселе 

де шешіледі.

Егер  сіз  қоғамдық  көлікте,  өзіңіз  жумыс  жасайтын 

мекеменің  ғимаратында,  асханада,  поезд  купесінде 

біреумен  жылы  сейлесіп,  әңгімелеріңіз  жарасып 

жатқанына  көзіңіз  жетсе,  танысу  туралы  ұсыныс 

жасауға  болады.  Танысу  кезінде  адамдар  бір-бірінің 

жүзіне тіке, жылы ұшырай қарайды.

Әдепті 

адам 


кешеде, 

қоғамдық  орындарда 

кездейсоқ адамдармен таныса бермейді.

Аз уақытқа ғана кездескен адаммен таныспайды.

Көшеде 

жүріп 


келе 

жатып 


біреуді-біреуге 

таныстырмайды.  Таныстыру  үшін  арнайы  тоқтап 

барып  таныстырады,  содан  соң  ғана  жүрістерін 

жалғастырады.

13



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал