Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі



жүктеу 1.69 Mb.
Pdf просмотр
бет50/165
Дата13.02.2022
өлшемі1.69 Mb.
#17204
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   165
249 әдіс тәсіл pdf
0 сынып, Менің сүйікті ісім
 

«Екі лагерь» 

Жүргізуші  сыныптағы  бір  оқушының  өз  қалауымен  сыртқа 

шығып  кетуін  ұсынады.  Ол  сыртқа  шыққанда  қалған  оқушылар  бір 

ұқсас  белгілеріне  қарай  екі  топқа  бөлініп,  бір-бірінен  алыс  отырады. 

Сырттағы оқушы кіріп, екі топтың қандай бір-біріне ұқсамайтын белгі 

арқылы бөлінгенін табу керек.  

Бұл  ойын  топқа  бөлгенде,  оқушылардың  ықыластылығы  мен 

зейінділігін анықтау үшін жүргізіледі. 



 «Елестету көрінісі» 

Мәтіннің  басты  мәнін  мүмкін  болса,  елестетуге  тырысу 

керек.  Егер  мүмкіндік  болса,  сурет,  сызба,  тірек  сызба  т.б  ретінде 

қағазға түсіріп, суреттерді қорғау.  



«Ең зейінді» 

 

Оқушылар  бірінің  артына  бірі  сапқа  тұрады. 

Басында тұрған  оқушы  артына  қарап  оқушылардың тұру  ретімен есте 

сақтайды  да,  дауыстап  аттарын  айтып  шығады.  Қателескен  жерінен 

тоқтатылады  да,  соңына  барып  тұрады.  Келесі  оқушы  да  дәл  осылай 

айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. 

Кім  сыныпты  түгел  жаңылыспай  тұрған  орындарының  ретімен  айтып 

шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді. 



 «Еркін жазу» 

Бұл  әдіс  «ой  толғаныс»  кезеңінде  пайдалануға  лайықты  да 

тиімді.  Мұғалім  сабақ  барысында  қарастырылған  жаңа  ақпарат 

жайында,  одан  алған  әсері,  не  үйренгені,  нені  әлі  де  біле  түсу  керек 

екені  т.б.  туралы  өз  пікірін  қағаз  бетіне  түсіруді  тапсырады.  Жазуға 

уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде, оқушылар өз жазғандарымен топ 

мүшелерін  таныстырады.  Ең  жақсы  деп  танылған  жұмысты  ұжымда 

оқуға болады. 

Оқушылардың  алған  білімдерін  қорытуға,  оған  сын  көзбен 

қарап,  ойын  түйіндеуге  үйрететін  бұл  әдісті  кез  келген  сабақта 

қолдануға болады. 


жүктеу 1.69 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   165




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет