Талапкер – 2016



жүктеу 151.69 Kb.

Дата25.01.2017
өлшемі151.69 Kb.

Талапкер – 2016  

 

 



       

  

 



КазНПУ имени Абая

 

kaznpu.kz



 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 

 университетінің ректоры, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, 

профессор  

Серік Жайлауұлы ПІРӘЛИЕВ 

Институттар 

Тарих және құқық институты

 

Математика, физика және информатика институты

 

Кӛптілді білім беру институты

 

Филология инcтитуты

 

Педагогика және психология институты

 

Жаратылыстану және география институты

 

Ӛнер, мәдениет және спорт институты

 

  

 

                       ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ -ҰТЫМДЫ ТАҢДАУ 

1928 жылы құрылған Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық 

Университеті - Қазақстандағы жетекші және ірі университет, сондай-

ақ,  отандық педагогикалық ғылым мен мәдениеттің орталығы. Білім берудің 

жоғары сапасы, Республикамыздағы   үздік 10 университеттің ішіндегі 

мақтауға тұрарлық орны, педагогикалық университеттердің кӛрсеткіштері 

бойынша бірінші орында тұруы еңбек нарығында ӛз орнын табуға қабілетті

жоғары білікті мамандар дайындауда маңызды міндеттерді дұрыс қоюға және 

оны дұрыс шешуге мүмкіндік береді.Олар ертеңгі күнгі Қазақстанның әрі 

қарай дамуының стратегиясын анықтайды, оның әрі қарай тарихын жазады 

және халықаралық қауымдастықта Республикамызды паш етеді.    

Ғылыми білімнің  майталманы  ретінде ірі тарихи және мәдени мұраны 

иемдене отырып, Университет әлемдік білім беру кеңістігінде Қазақстандық 

білімнің мәртебесін нығайтуда. 

Университеттің педагогикалық және ғылыми қызметі мен білім берудегі 

жоғары деңгейін: Білім беру қызметіне берілген Мемлекеттік лицензия (2003 

ж.); Мемлекеттік аттестация (2003 ж., 2007 ж., 2010 ж.); Институтционалдық 

аккредитация (2010 ж.); ISO 9000 сапа менеджменті жүйесінің сертификаты 

(2005 ж., 2010 ж.); ЮНЕСКО халықаралық педагогикалық желіге қосылуы 

(2006 ж.); «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» ҚР-ның Президентінің 

сыйлығы (2007 ж.) растайды. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-де 11 факультет, PhD докторантура және магистратура 

институты, 10 ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттары, зертханалар мен 

64-тен астам кафедралар бар. Университетте бакалавриаттың 55 мамандығы 

бойынша, магистратураның 46 мамандығы бойынша және жаратылыстану, 

әлеуметтік ғылымдар, бизнес, гумманитарлық ғылымдар мен құқық саласы 

бойынша PhD докторантураның  16 мамандығы бойынша 11 мыңнан астам 

болашақ мамандар дайындалуда. Университетте  әскери кафедра жұмыс істейді. 

Университет факультеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарында 25 академик, 

160-тан аса ғылым докторлары мен 300 профессор, 480-нен аса ғылым 

кандидаттары мен доценттер жұмыс істейді. 

Оқытудың үш деңгейлі жүйесі (бакалавриат-магистратура, PhD докторантура) 

білім алушының жеке білім алу шеңберін анықтауға мүмкіндік беретін Болон 

конвенциясы мен кредиттік технология принциптеріне сәйкес құрылған. 

2007 жылы қол қойылған «Maqna Charta Universitatum» біздің университет 

бітірушілерінің дипломын Болон келісім шартына қол қойған барлық оқу 

орындары мойындайды және университет түлектеріне ӛздерінің білімін 

Европаның бірқатар жоғары оқу орындарында жалғастыруға мүмкіндік береді. 

Екі диплом алуға берілген мүмкіндіктер алыс және жақын шет елдердің жетекші 

жоғары оқу орындарымен келісім шартта негізделген: олар Мәскеу мемлекеттік 

педагогикалық университеті (Ресей), Ян Каменский Университеті (Братислова, 

Словакия), Миколас Ромерис Университеті (Вильнюс, Литва) және т.б. 

Университет қызметінің ажырамас бӛлігі Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 

докторанттары мен магистранттары, профессор-оқытушылар құрамы 

бірігіп ғылыми зерттеулер жасауға және ғылыми тәжірибелерден ӛтуге 

мүмкіндік беретін әлемдік білім беру кеңістігі болып табылады. 

Университет әлемнің 25 мемлекетінің 95 Университетімен: Монтана 

Университеті (АҚШ), Бэкингем университеті (Ұлыбритания), Макао 

университеті (Оңтүстік Корея), Фрайбург педагогикалық Университеті 

(ФРГ), М.В.Ломоносов атындағы ММУ (Ресей) және т.б. озық тәжірибелі 

Университеттермен байланыс орнатқан.   

Университетте білім алушыларға қолдау кӛрсететін кең әлеуметтік 

бағдарлама бар және шығармашылық, бос уақыттарын тиімді 

пайдалануға байланысты жұмыстар жүргізіледі. 

Университет барлық тілек білдірушілерді ҰБТ-ге және ТКТ-ге 

тереңдетілген дайындық курсына шақырады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ оңтүстік астананың іскер және тарихи 

орталығында орналасқан алдыңғы қатардағы білім деңгейін ұсынады. 

 

  

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі ең байырғы білім 

ошақтарының бірі Филология институты - бүгінде бакалавр-магистр-PhD докторы 

дәрежесіндегі жоғары білікті филолог мамандар даярлап отырған еліміздегі басты 

орталық саналады.  

Алғаш ашылған 1928 жылы тіл-әдебиет бӛліміне 49 студент қабылданған болса, бүгінгі 

таңда мұнда 1000 - нан аса шәкірт білім алып жүр. Оларға 120 жоғары білікті 

оқытушылар дәріс оқиды. 

Институт құрамында 7 кафедра бар. Олардың ғылыми-педагогикалық әлеуеті аса 

жоғары. Оқытушылар арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым 

академиясының 1 академигі, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым 

академиясының 4 академигі, 43 ғылым докторы, профессор, 4 ғылым кандидаты

доценттер бар. 10-нан астам профессор «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» 

атанып, мемлекеттік грантқа ие болды. 

Жыл сайын кафедралар құрамы жаңа ғылым-педагогтармен толықтырылып отырады. 

Жас оқытушылардың дені - институттың ӛз түлектері. 

Институтта қазақ тілі мен әдебиетінің, орыс тілі мен әдебиетінің білікті педагог 

мамандары даярланады. Бүгінде бакалавр дәрежесіндегі түлектер республикамыздағы 

жалпы білім беретін мектептерінде, ӛзге де мәдени мекемелерінде жемісті еңбек етіп жүр. 

 

Бүгінде филология Институтында мемлекеттік тілді оқытудың кӛп деңгейлі кешенді 

бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Дәлірек айтқанда, Институтта қазақ тілін 

оқытудың TOEFL, IELTS тәрізді халықаралық және европалық стандарттар 

талаптарына сәйкес келетін алты деңгейлі мультимедиялық кешені бойынша тілді 

түрлі деңгейде модульді технологиямен оқытатын ғылыми-әдістемелік жүйе 

қалыптасты. 

Институтта мамандық пәндері бойынша сабақтар арнайы жабдықталған лингофон 

кабинеттері мен компьютер сыныптарында, осы заманғы техникалық құралдардың 

кӛмегімен жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ӛткізіледі. 

Мамандықтар бойынша дәріс ӛткізілетін осы заманғы озық техникамен, интерактивті 

тақталармен жарақтандырылған арнайы дәрісханалар бар.  

Ақылы негізде оқитын студенттерге әртүрлі жеңілдіктер жасалады. Атап айтқанда, 

жетім, мүгедек балаларға, әлеуметтік жағдайы ауыр студенттерге оқу ақысын 

жеңілдетілген түрде тӛлеу мүмкіндіктері қарастырылады.

  

Ақылы негізде оқитын студенттер арасынан үздік оқитындарын мемлекеттік грантқа 

ауыстыру мәселесі де күн тәртібіне қойылған. Соңғы жылдардың тәжірибесі байқатып 

отырғандай, Институт бойынша жыл сайын шамамен 8-10 студент қосымша 

мемлекеттік грантқа ие болып жүр. 

Институтта шәкірттердің ғылыми-шығармашылық қабілетін қалыптастырып дамыту 

мақсатында студенттердің ғылыми үйірмесі, С.Сейфуллин атындағы әдеби бірлестік, 

«Тағылым» клубы, «Тіл» үйірмесі жұмыс істейді. Талапты студенттер мен 

магимтранттардың кӛркем шығармалары, түрлі конференциялардағы баяндамалары 

мен ғылыми мақалалары университет басылымдарында, түрлі жинақтарында жыл 

сайын жарияланып тұрады. 

 


Ұзақ жылдардан бері жемісті жұмыс атқарып келе жатқан Сәкен Сейфуллин 

атындағы әдеби бірлестік жұмысына Институтта білім алып жүрген талапкер 

ақындар мен прозашылар, жас зерттеушілер кеңінен тартылған. Бірлестік 

қабырғасынан әр жылдары қазақтың кӛптеген белгілі қаламгерлері мен ғалымдары 

ӛмірге жолдама алды. Соңғы оншақты жылдың кӛлемінде аталмыш бірлестіктен 

белгілі айтыс ақыны Оразалы Досбосынов, талантты ақындар Бақыт Беделханұлы, 

Саят Қамшыгер, Сержан Молдасанов, Дәурен Мұқанов тәрізді түлектер қанаттанып 

ұшты. 

Сондай-ақ Институт студенттерінің спортпен шұғылдануына жасалған мүмкіндіктер 

мол. Алматы қаласындағы ірі спорт ошақтарының бірі саналатын «Спартак» 

стадионы тікелей университет студенттеріне қызмет етеді. Онда ондаған спорттық 

үйірмелер жұмыс істейді. Студенттер ӛздері қалаған үйірмелеріне жазылып, ұнатқан 

спорт түрлерімен айналыса алады.  

Университеттегі әскери дайындық кафедрасы арқылы Институт студенттері әскери 

шыңдалу мектебінен ӛтеді. 

Ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс - болашақтың саналы да білімді азаматын 

қалыптастырудағы, білікті маман даярлаудағы аса маңызды шарттардың бірі. Ұстаз 

ӛзінің білімімен де, іс-әрекетімен де, сыртқы бітім-тұлғасымен де шәкіртінің бойына 

тәрбие дәнін сіңіріп отыруға тиіс. 

 


Институт тарихының әр кезеңдерінде қызмет атқарған қайраткер тұлғаларды 

айтпағанда, бүгінгі ұжымда еңбек етіп жүрген Қазақстан Республикасы Ұлттық 

ғылым академиясының корреспондент мүшелері Ф.Оразбаева, Б.Сманов, ғылым 

докторлары, профессорлар Б.Әбдіғазиұлы, С.Абишева, Р.Ә.Шаханова, 

Т.Тебегенов, Қ.Ӛ.Есенова, Г.Қажығалиева, С.Бегалиева, Т.Жұмажанова, 

Л.Қ.Жаналина, М.Р.Қондыбаева, М.Ш.Мұсатаева, Ж.Қ.Балтабаева, 

Ш.Қожакеева, Т.Ошкина, Л.Эглит, т.б. сынды ұстаздардың жеке басының үлгісі 

студенттер үшін айрықша қымбат дер едік. 

«Талапты ерге нұр жауар» дейді халқымыз. Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің әрбір 

азаматының санасы еркін, ойы азат. Қай бағытта білім аламын десе де, қай 

салада еңбек етемін десе де мүмкіндігі мол.  

Ұлы Абай есімін иеленіп отырған ұлттық педагогикалық университетіміз, 

ондағы іргелі оқу орталықтарының бірі саналатын филология Институты - 

бүгінде ӛрлеймін деген ойға ӛріс жалғайтын, жанамын деген жүрекке от беретін, 

жеті жұрттың тілін меңгеремін деген талапкерлерге тіл мен әдебиеттің, сӛз ӛнері 

мен мәдениеттің нәрін сіңіретін шынайы ұстахана болып отыр. 

 

 



Институттың мекен-жайы: 

050010, г.Алматы, проспект Достык, 13 

Телефон: 8(727)2911835 

e-mail: Fil_fak2011@mail.ru 

     

    шифр 

       

     Мамандық атауы 

 

ҰБТ, КТ бойынша        

     таңдау пәні 

 

     5В011700 

 Қазақ тілі мен әдебиеті 

  

    Қазақ әдебиеті 

    5В011800 

Орыс тілі мен әдебиеті 

  

    Орыс әдебиеті 

    5В012100 

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ 

тілі мен әдебиеті 

   Қазақ әдебиеті 

   5В012200 

Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс 

тілі мен әдебиеті 

   Орыс әдебиеті 

    5В020500 

Филология 

   Әдебиет 

  

БАКАЛАВРИАТ 

  

Мамандықтар

:

 

 



 

Оқыту түрі: 

Күндізгі бӛлім, сырттай бӛлім 

Оқу мерзімі: 

Күндізгі бӛлім - 4 жыл 

Арнайы орта білім негізінде (күндізгі және сырттай) оқу - 3 жыл 

Жоғары білім негізінде (күндізгі және сырттай) оқыту - 2 жыл 

Талапкер тапсыратын құжаттар: 

• Білімі (жалпы орта білім, арнаулы орта білім, жоғары кәсіби 

білім) туралы құжаттың түпнұсқасы 

• 3х4 кӛлеміндегі 6 фотосурет 

• № 086-V үлгісіндегі дәрігерлік анықтама 

• Мемлекеттік білім гранты берілгені туралы куәлік (бар болған 

жағдайда) 

Институт түлектері ӛз мамандықтары бойынша магистратурада 

оқуларын жалғастыра алады. 

  

 



МАГИСТРАТУРА 

Мамандықтар:

 

6M011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті 

6M011800- Орыс тілі мен әдебиеті 

6M012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті 

6M012200- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті 

6M020500 - Филология 

6M021200 - Түркітану 

6M021300 - Лингвистика 

6M021400 - Әдебиеттану 

Магистратураға тапсырушыға қойылатын талаптар:

 

• Бакалавр дипломы; 

• Түсу емтиханын тапсыру үшін шетел тілін тиісті деңгейде білу. 

Магистратураға тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі:

 

1. Ректордың атына ӛтініш (үлгі бойынша); 

2. Жеке куәлігінің кӛшірмесі; 

3. Талапкер сауалнамасы (кӛк сиямен ӛз қолымен баспа әріптерімен жазылады); 

4. Жоғары білімі туралы құжатының және қосымшасының нотариус куәландырған кӛшірмесі; 

5. Ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерінің ғалым хатшы куаландырған тізімі; 

6. 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама(флюорографиядан Алматы 0аласында5ы студенттер 

емханасынан ӛту керек); 

7. Кадр есебі жӛніндегі жеке іс парағы; 

8. Еңбек кітапшасының нотариус куәландырған кӛшірмесі; 

9. Егер бар болса шетел тілін тапсырғаны туралы сертификат (TOEFL, IELTS және т.б.); 

10. Ақылы негізде түсушілер үшін шартқа отыру және оқудың тӛлемақысын тӛлейтіндігі туралы 

кепілдеме хат; 

11. Мекен-жай туралы анықтама(ХҚКО); 

12. 3х4 кӛлеміндегі 6 фотосуреті; 

13. Құжаттарының тізімдемесі. 

 

Мақсатты даярлық аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша 

магистратураға талапкерлер бұған қоса қабылдау комиссиясына мақсатты 

даярлық орыны берілген ұйым ректоры қол қойған фирмалық бланкіге 

жазылған жолдама-хат алып келеді. 

Қабылдау емтихандары:

 

ҚР азаматтары үшін:

 

- Шетел тілінен (ағылшын, неміс, француз және қажет етілетін 

мамандықтарды араб тілі) стандартталған сауалнама технологиясы 

бойынша емтихан; 

- Мамандық пәні бойынша емтихан. 

Шетел азаматтары үшін:

 

- Қазақ немесе орыс тілін (оқу тілі); 

- Мамандық пәні бойынша емтихан. 

Құжат қабылдау:

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-де 2014 жылдың 10-30 шілдесі аралығында 

жүргізіледі. 

 

ДОКТОРАНТУРА 

Мамандықтар:

  

6D011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті 

6D011800- Орыс тілі мен әдебиеті 

6D012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті 

6D012200- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті 

6D020500 - Филология 

6D021300 - Лингвистика 

6D021400 - Әдебиеттану 

Докторантураға тапсырушыға қойылатын талаптар: 

• Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр академиялық дәрежесі болуы керек (мемлекеттік 

білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін магистратураны бітіргендегі GPA үлгірім 

кӛрсеткіші 3,33-тен (4,0 баллдық жүйе бойынша) немесе 90 пайыздан (100 пайыздың) кем болмауы 

қажет); 

• шет тілін қабылдау емтихан талаптары деңгейінде жеткілікті меңгерген болуы тиіс. 

Докторантураға тапсыру үшін қажетті құжаттардың тізімі: 

1. Ректордың атына ӛтініш (үлгі бойынша); 

2. Отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшілер келісімі бойынша (ғылыми жетекшінің қолы 

жұмыс орнының мӛрімен расталуы керек) жобаланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі 

(тақырыптың ӛзектілігі, мақсаты мен міндеттері, тақырыптың зерттелу деңгейі, зерттеу нысаны 

мен пәні, ғылыми жаңалығы, күтілетін ғылыми нәтиже, теориялық және қолданбалы маңызы және 

болжамдағы диссертациялық жұмыстың құрылымы); 

3. Жеке куәлігінің кӛшірмесі; 

4. Докторантураға құжат тапсырушының сауалнамасы; 

5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдар мен қосымшаларының 

нотариус куәландырған кӛшірмесі; 

6. Ұсыныс хат (ұйымның мӛрімен расталған); 

7. Ғылыми жарияланымдары мен оқу-әдістемелік құралдарының тізімі

8. 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама; 

9. Кадр есебі жӛніндегі жеке іс парағы; 

10. Еңбек кітапшасының кадр бӛлімі куәландырған кӛшірмесі; 

11. Егер бар болса шетел тілін тапсырғаны туралы сертификат (TOEFL және т.б.); 

12. Мекен-жайы туралы анықтама (ХҚКО); 

13. 3х4 кӛлеміндегі 6 фотосуреті; 

14. Құжаттардың тізімдемесі. 

 


Мақсатты даярлық аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша PhD 

докторантураға талапкерлер бұған қоса қабылдау комиссиясына 

мақсатты даярлық орыны берілген ұйым ректоры қол қойған 

фирмалық бланкіге жазылған жолдама-хат алып келеді. 

Қабылдау емтихандары  

ҚР азаматтары үшін:

 

• Шетел тілінен (ағылшын, неміс, француз) стандартталған 

сауалнама технологиясы бойынша емтихан; 

• Мамандық пәнінен емтихан; 

Шетел азаматтары үшін:

 

• Қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі) емтихан; 

• Мамандық пәнінен емтихан. 

Құжат қабылдау

  

2016 жылдың 10-30 шілдесі аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-

де жүргізіледі. 

 


Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 

  

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы қазақ білімінің қара шаңырағы, 1928 жылы ашылған тұңғыш 

жоғары оқу орны - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының лингвистика-педагогика 

бӛлімінен бастау алды.  

Кафедраның негізін қазақ тіл білімі мен қазақ әдебиеті саласында еңбек еткен ірі тұлғалар, кӛрнекті 

ғалымдар қалады. Алғашқы кезеңде кафедраны қазақтың біртуар азаматтары А.Байтұрсынұлы (1928-

1929жж.) мен Қ.Жұбанов (1932-1937жж.) басқарды.  

1937 жылы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кафедралары ӛз алдына жеке кафедра болып бӛлінді. Қазақ 

тілі кафедрасын Сәрсен Аманжолов (1937-1941жж., 1943-1958жж.), Дәулетияр Әлімжанов (1961-

1971жж.), Ғабдолла Қалиев (1958-1961жж., 1972-1973жж.), Жамал Болатов (1977-1978жж.), Фатима 

Мұсабекова (1979-1988жж.), Сейілбек Исаев (1988-1989жж.), Нұржамал Оралбаева (1989-1997жж.), 

Фаузия Оразбаева (1997-2014 жж.) басқарып, кафедраның тіл білімі мен әдістеме ғылымының қара 

шаңырағына айналуына атсалысты. 2014 жылдан бастап педагогика ғылымдарының докторы, доцент 

Жанат Дәулетбекова басшылық етті.  

Қазақ әдебиеті кафедрасының алғашқы меңгерушісі қызметін Мұхамеджан Қаратаев (1937 ж.) 

атқарды. Кейінгі кезеңдерде кафедраны Қажым Жұмалиев (1938-1951 ж.ж., 1957-1968 ж.ж.), Серік 

Қирабаев (1969-1989ж.ж.), Нығмет Ғабдуллин (1990-1997 ж.ж.), Балтабай Әбдіғазиұлы (1997-2008 ж.ж.), 

Темірхан Тебегенов (2008-2015 ж.ж.) басқарды.  

2015 жылы қазақ тілі теориясы мен әдістемесі және қазақ әдебиеті кафедралары қайта бірікті. Кафедра 

меңгерушісі болып педагогика ғылымдарының докторы, доцент Жанат Дәулетбекова тағайындалды. 

Казақ тілі мен әдебиеті кафедрасы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ең 

байырғы және филолог-педагог маман дайындайтын іргелі ұжымның бірі.  

 

 



Дәулетбекова Жанат Тұрарбекқызы 

Кафедра меңгерушісі 

Педагогика ғылымдарының докторы, доцент 

Достық даңғылы 13, бас оқу ғимараты 

 8701 317 28 82 

zh.dauletbekova@mail.ru 

87 жылдық бай тарихы бар кафедрада Сәкен Сейфуллин, Саттар Ерубаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Хамза 

Есенжанов, Телжан Шонанов, Ісмет Кеңесбаев, Ахмеди Ысқақов сынды ұлы тұлғалармен қатар қазақ тіл 

білімінің қабырғалы қайраткерлері Е. Исмайылов, М. Қаратаев, Б. Шалабаев, Ә. Есмәмбетов, Д.Әбілов, 

Қ.Жармағанбетов, Т.Нұртазин, М.Хасенов, Ш.Кәрібаев, А.Тоқпанов, Т.Әбдірахманов, М.Сәрсекеев, Х. Әдібаев, 

Р.Рүстембекова, М. Мырзахметов, М.Мағауин, С.Мақпырұлы, Н.Келімбетов, Ӛ.Тыныбаева, Т.Сыдықов, 

Ғ.Қалиев, М. Жолдыбаев, Ӛ.Тұрманжанов Д,Әлімжанов, А.Әбілақов, Н.Оралбаева, Қ.Қасабекова және т.б. қызмет 

атқарып, республиканың білім мен ғылым саласында білікті мамандар даярлауға ӛлшеусіз үлес қосты. Олардың 

ерен еңбектері нәтижесінде филология факультетінде білім алған түлектердің ішінен кӛптеген мемлекет және 

қоғам қайраткерлері, атақты ақын-жазушылар, әдебиетші, тілші ғалымдар шықты. 

Бүгінгі таңда кафедра ұжымы аға буын негізін қалаған ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстарды абыроймен 

жалғастырып келеді. Қазіргі кезде кафедра құрамында 11 ғылым докторы, 14 ғылым кандидаты, 1 PhD, 4 

магистр, 5 аға оқытушы еңбек етеді. Олар: тілші ғалымдар: п.ғ.д., проф. Ф.Оразбаева, ф.ғ.д., проф. Б.Қасым, п.ғ.д., 

доц. Р.Рахметова, филология ғылымдарының кандидаттары: А.Қобыланова, М.Жүнісова, С.Жиренов, 

Ж.Жұмабаева, Н.Әміржанова; педагогика ғылымдарының кандидаттары: А.Рауандина, Ж.Қоқанова; әдебиетші 

ғалымдар: ф.ғ.д., проф. Т.Рахымжанов, п.ғ.д., проф.Т.Жұмажанова, п.ғ.д., проф. Б.Сманов, ф.ғ.д., проф. 

С.Асылбекұлы, ф.ғ.д. А.Таңжарықова, филология ғылымдарының кандидаттары: М.Бекбосынов, М.Әліпхан, 

Д.Сатемирова, А.Ибраева, Г.Есіркепова, Г.Асқарова; педагогика ғылымдарының кандидаттары: 

К.Әбілқасымова, А. Тамаев; PhD докторы С.Серікова, аға оқытушылар: Р.Бақбергенова, А.Юсуп, Ж.Әшіров, 

Г.Б.Тоқшылықова, С.Қ.Сыздықов, Ж.Сәметова, Г.Мақаш және т.б. болашақ мамандарға заманауи талаптарға сай 

білім беруде.  

Кафедра «5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті», «5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен 

әдебиеті», «5В021400-әдебиеттану» мамандықтарының бакалавриат, магистратура және докторантура сатылары 

бойынша кәсіби маман даярлау бағытында республика бойынша кӛшбасшы кафедра болып саналады. Кафедра 

жұмысы үш бағытта жүргізіледі: ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік, оқу-тәрбиелік.  

Кафедра оқытушылары - ҚР БжҒМ бекіткен жалпы білім беретін орта мектептер мен арнаулы орта, жоғары оқу 

орындарына арналған білім стандарттарының, типтік оқу бағдарламалары мен оқулықтардың, оқу 

құралдарының авторлары.  

Кафедрадағы профессор-оқытушылар құрамының жетекшілігімен филология, педагогика (қазақ тілі мен 

әдебиетін оқыту әдістемесі) ғылым салалары бойынша диплом жұмыстары, магистрлік және докторлық 

диссертациялар қорғалады.  

Кафедра жанындағы «Тағылым» ғылыми-танымдық клубы, Сәкен Сейфуллин атындағы әдеби шығармашылық 

ӛнер бірлестігі, Қажым Жұмалиев атындағы ғылыми үйірме студенттердің, магистранттардың, PhD 

докторанттардың сапалы маман ретінде даярлануына, кәсіби-тұлғалық дамуына қызмет етеді.  

Кафедра ұжымы Тәуелсіз Қазақ Елінің жаңа тарихындағы оқыту мен ғылыми-зерттеу, тәлім-тәрбие 

жұмыстарының кешенді, сапалы орындалуы жолындағы жемісті еңбектерін жалғастыра береді 

 


Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы үш деңгейлі білім беру бағдарламасымен: бакалавриат - 

магистратура - докторантура, екі мамандық бойынша: «011800 - Орыс тіл » және « 012200 -Орыс тілін оқытпайтын 

мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», мамандар даярлайды. 

Кафедра тарихы 86 жылдық тарихы бар филология факультетінің даңқты дәстүрлерінен және ХХ ғасырдағы әйгілі 

Қазақстан филологтары Д.Т. Тұрсыновтың, М.С. Сильченкның, Н.С. Смирнованың, Г.С. Әміровтың және т.б. есімдерінен 

басталады. Сондай-ақ кафедрада А.Л. Жовтис және Л.А. Шеляховской сияқты профессорлардың атаулы кабинеттері 

ашылған. Қазіргі кафедра мүшелерінің кӛпшілігі сол ғалымдардың шәкірттері. 

Қазіргі таңда орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 22 адам еңбек етеді(10 ғылым доктроы мен 12 ғылым кандидаты), 

кафедра меңгерушісі абай атындағы ҚазПИ-дің түлегі ф.ғ.д., профессор С.Д. Әбішева. Орыс тілі мен әдебиеті 

кафедрасының мүшелері - Қазақстанға және одан сырт жерлерде де белгілі ғалым-филологтар. Олардың арасында - 

лингвистикалық және әдебиеттану ғылыми мектептерінің негізін салушылар, кафедраның «Қазіргі филологияның ӛзекті 

мәселелері» ғылыми зерттеуінің басты бағытына сәйкес Қазақстан Республикасындағы филология ғылымының дамуын 

анықтаушы ғалымдар бар. 1993 жылдан бастап, 2015 жыл аралығында 7-і рет ӛткізіліп отырған «Поэтика және ӛлеңтану 

мәселелері» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы, сонымен қатар «Қазақстан әдебиетінің кӛркемдік әлемі» 

тӛрт томды кітабы кафедраның бренді болып табылады. Кафедра мүшелерінің кӛбі - мектеп және ЖОО оқулықтарының, 

мемлекеттік стандарттардың білім беру және типтік бағдарламалардың авторлары. 

Бақылау - сараптама нәтижесі бойынша кафедра білім және ғылым саласындағы 3 жылдық жетістігі үшін университет 

бойынша II орынды иеленді. 

Кафедра оқытушылары ғылыми-практикалық халықаралық конференцияларға қатысу, шетелдік журналдардың 

редакциялық алқаларында және хабилитациялық комиссаларға мүшелік ету түрінде Ресейдің, АҚШ-тың, 

Ұлыбританияның, Германиянның, Польшаның, Эстонияның, Жапонияның,Түркияның, Италияның, Голландияның, 

Испанияның, Швейцарияның және т.б елдердің басты ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз халықаралық 

байланысты жүзеге асыруда. 

Кафедраның кӛптеген оқытушылары-ғылыми жобалардың жетекшілері, Қазақстан Республикасы және Алматы 

қаласындағы оқушылар олимпиадаларының және конкурстардың тұрақты алқа мүшелері болып табылады. Кафедра 

оқытушылары қала мен облыс мұғалімдері білімін жетілдіру курстарында дәрістер оқиды. Кафедра түрлі саладағы 

әлеуметтік-тәрбие жұмыстарын жүргізеді, студентер ,магистранттар және докторанттар филология институты мен 

университеттің қоғамдық ӛмірі мен ғылыми жұмыстарына белсене араласады. 

Әбішева Сәуле Жүнісқызы 

Кафедра меңгерушісі 

Филология ғылымдарының докторы, профессор 

Бас оқу ғимараты, 312 кабинет. 

 385-87-84. 8 701 407 00 55. 

lingv-lit@mail.ru 

Шаханова Розалинда Әшірбайқызы 

Кафедра меңгерушісі 

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор 

Қазыбек би,30 №1 оқу ғимараты, 517 каб. 

 291 75 82, 8 7017312097 

lindaros@mail.ru 

Кафедра туралы мәлімет 

Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы Филология институтының практикалық тілдер мен 

басқа кафедралар негізінде 2015 жылдың 1 қыркүйегінде құрылды. Оның құрамына Филология 

институтының жоғары тәжірибелі әдіскер-оқытушылар кірді. Кафедраның ашылуы филологиялық 

пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру және ӛткізілетін практиканың сапасын кӛтеруіне байланысты 

ректорат шешімімен құрылды. 

Кафедра құрылған күнінен бастап педагогика ғылымдарының докторы, проф. Р.Ә. Шаханова 

басқарады. 

Кафедра 5В012100 - қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті(бакалавр), 6M012100 

- қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (магистратура), 6D012100 - қазақ 

тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (докторантура) мамандықтар бойынша жалпы 

білім беру мектептері мен ЖОО үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту әдістемесі бойынша 

даярлайды. 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университет институттарының барлық мамандықтарында 

Қазақ тілі, Кәсіби қазақ тілі және Орыс тілі пәндерінен сабақ жүргізеді. Кафедра жұмысы тұлғаның ӛзара 

байланысты коммуникативті, әлеуметтік-мәдени және когнитивті дамуының қағидаларына құрылған, 

сонымен қатар жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік жалпы стандарттарына және оқытудың 

кредиттік технологиясы талаптарына сәйкес филологиялық пәндерді оқыту әдістемесінің қазіргі оқыту 

үлгісіне негізделеді.  

Кафедраның жалпы тақырыбы: Қазақ және орыс тілдері мен әдебиетін оқытудағы жаңа бағыттар. 

Қазақ және орыс тілдерін сапалы оқыту кафедраның басым бағыттарының бірі және кәсіби бағыттағы 

оқытудың алғы шарты болып табылады.  

Кафедра жұмысының бағыттары білім алушыларға педагогикалық практиканы дайындау, ӛткізу және 

оны оқу үрдісінің енгізілуіне үлкен мән беріледі. 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы - Қазақстанның қазіргі филологиялық ғылымына үлкен 

үлес қосқан атақты ғалым-педагогтар, әдіскерлер. Кафедра мүшелері орта мектептеріне, жоғары оқу 

орындарына, магистратура мен докторантураға арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми 

монографиялар, типтік бағдарламалар мен білім беру стандарттары жасаған. Кафедра оқытушылары 

Алматы қаласы мен ҚР мектеп оқушыларының байқаулары мен олимпиадаларында әділқазылар 

алқасының тұрақты мүшелері, ғылыми жобалардың авторлары болып табылады. 

 

Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы 

Кафедра жұмысының басым бағыттарының бірі білім алушылардың түрлі құрамы үшін 

педагогикалық практиканы дайындау және ӛткізу болып табылады. Педагогикалық практика кәсіби 

қызметтің заңдылықтары мен принциптерін іс жүзінде пайдалануға, оларды білім беру қызметінде 

жүзеге асыруға бағытталған. Педагогикалық практика барысында студенттерге оқытудың сол және 

басқа да заңдылықтарын дәлелдейтін түрлі педагогикалық жағдайлар кӛрсетіледі. Педагогикалық 

құбылыстарды талдау, салыстыру және жинақтау, оларды ұғыну болашақ мұғалімдердің 

педагогикалық ойлауының дамуына мүмкіндік береді.  

Кафедра қазақ және орыс тілдері бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, 

студенттер арасында ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарын, сонымен бірге ғылыми-педагогикалық 

кадрларды дайындауды және профессор-оқытушылар құрамы біліктілігін арттыруды жүзеге асырады. 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы - Қазақстанның қазіргі ғылымының дамуына үлкен үлес 

қосқан белгілі ғалым-ұстаздар, әдіскерлер. Кафедра мүшелерімен орта мектептерге, жоғары оқу 

орындарына, магистратура мен докторантураға арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, 

ғылыми монографиялар, типтік бағдарламалар мен білім беру стандарттары жасалған. Кафедра 

оқытушылары Алматы қаласы мен ҚР мектеп оқушыларының байқаулары мен олимпиадаларында 

әділқазылар алқасының тұрақты мүшелері, ғылыми жобалардың авторлары болып табылады.  

Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасында ғылыми-педагогикалық кадрлардың әлеуеті 

жоғары деңгейде. Институттағы барлық кафедралардың ішінде филологиялық пәндерді оқыту 

әдістемесі кафедрасы - ең үлкен кафедра. Қазіргі уақытта кафедрада 30 оқытушы жұмыс істейді: 3 

п.ғ.д., профессор (Шаханова Р.Ә., Қажығалиева Г.А., Оразахынова Н.А.), 1 ф.ғ.д., унив. проф. 

(Жұмағұлова Б.С.), 2 п.ғ.д., доцент (Рахметова Р.С., Цой А.А.), 1 ф.ғ.д., доцент (Алтыбаева С.М.), 5 

ф.ғ.к., доцент (Шахарман Г.П., Маймакова А.Д., Кадырова Г.Р., Умирзакова З.А., Айбергенова С.Т.), 4 

п.ғ.к., доцент (Қабатай Б.Т., Бекишева Р.И., Акбембетова А.Е., Нургали С.), 2 ф.ғ.к., аға оқытушы 

(Шамахова А.И., Османова З.Ж.), 4 п.ғ.к., аға оқытушы (Бораш Р.Б., Алибаева М.С., Кенжебаева Г.М., 

Рауандина А.К.), 3 магистр, аға оқытушы (Есімбек С.И., Нүптекеева Г.Б., Саметова Ж.Ш.), 2 магистр 

(Беласарова Ж., Нұрбаева А.М.), 2 аға оқытушы (Жақанова Г.І., Тохтамова Р.К.).  

Кафедрада қазақ және орыс тілдерінің әдістемелік секциясы, студенттердің «Тіл таным» ғылыми 

клубы және «Орыс тілі мен сӛйлеу мәдениеті» үйірмесі жұмыс істейді. 

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы

 

Шетелдіктерге арналған қазақ тілі! Шетелдіктерге арналған орыс тілі! 

Абай атындағы ҚазҰПУ-де 1993 жылы Шетел азаматтарына арналған филологиялық 

мамандықтар ашылды. 22 жыл уақыт аралығында университет қабырғасынан мыңнан аса 

шетел түлектері дайындық топтарында, баклавриатта, магистратурада білім алды. 

Бегалиева Сауле Баязқызы, Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар 

кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 

профессоры.  

Қазіргі уақытта кафедра ұжымы 12 оқытушыдан тұрады. Ғылым докторлары мен 

кандидаттары, доценттер мен профессорлар шетел азаматтарына қазақ және орыс тілдерін 

үйретуде. Кафедрада қабырғасынан Корей Республикасынан, Қытай Халық Республикасынан, 

Түркиядан, Монголиядан, Мысырдан, Сауд елінен, Ираннан, АҚШ-тан, Франциядан, 

Вьетнамнан келген студенттер білім алуда. Кафедра студенттері университеттің қоғамдық 

шараларына белсенді қатысады. 

Кафедра түлектері оқуларын ары қарай магистратура, аспирантурада жалғастырып 

магистерлік, докторлық диссертацияларын қорғауда, елшіліктерде аудармашы болып жұмыс 

істейді, университет пен мектептерде оқытушы қызметін атқарып жүр. 

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасында Қазақстан еліндегі 

Хорватия елшісі, Корей елінің елшісі, ОБСЕ халықаралық ұйымының ӛкілдері, Қытай ұлттық 

мұнай компанияларының қызметкерлері білім алған. 

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы ӛзінің оқу-әдістемелік, 

ғылыми-зерттеу және тәрбиелік қызметін келесі бағытар аясында жүзеге асырады:  

1. Орыс тілі мен әдебиетін шет тілді аудиторияда оқыту: теориясы мен практикасы.  

2. Орта мектепте орыс тілінін оқыту әдістемесі, жаңа буынға арналған оқулықтарды дайындау; 

3. Кӛптілді білім беру кеңістігінде тілді жақсы меңгерген тұлғаны дайындау.  

2012-2015жж. аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-ң оқытушылар, ғылыми қызметкерлер және 

оқу-ғылыми бӛлімінің Рейтингтік бағалау қорытындысы бойынша кафедра 3 жыл қатарынан 1 

орында. 

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы

 

Шетелдіктерге арналған қазақ тілі! Шетелдіктерге арналған орыс тілі! 

Абай атындағы ҚазҰПУ-де 1993 жылы Шетел азаматтарына арналған филологиялық 

мамандықтар ашылды. 22 жыл уақыт аралығында университет қабырғасынан мыңнан аса 

шетел түлектері дайындық топтарында, баклавриатта, магистратурада білім алды. 

Бегалиева Сауле Баязқызы, Шетел азаматтарына арналған филологиялық 

мамандықтар кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дің профессоры.  

Қазіргі уақытта кафедра ұжымы 12 оқытушыдан тұрады. Ғылым докторлары мен 

кандидаттары, доценттер мен профессорлар шетел азаматтарына қазақ және орыс тілдерін 

үйретуде. Кафедрада қабырғасынан Корей Республикасынан, Қытай Халық 

Республикасынан, Түркиядан, Монголиядан, Мысырдан, Сауд елінен, Ираннан, АҚШ-тан, 

Франциядан, Вьетнамнан келген студенттер білім алуда. Кафедра студенттері 

университеттің қоғамдық шараларына белсенді қатысады. 

Кафедра түлектері оқуларын ары қарай магистратура, аспирантурада жалғастырып 

магистерлік, докторлық диссертацияларын қорғауда, елшіліктерде аудармашы болып 

жұмыс істейді, университет пен мектептерде оқытушы қызметін атқарып жүр. 

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасында Қазақстан 

еліндегі Хорватия елшісі, Корей елінің елшісі, ОБСЕ халықаралық ұйымының өкілдері, 

Қытай ұлттық мұнай компанияларының қызметкерлері білім алған. 

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы өзінің оқу-

әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбиелік қызметін келесі бағытар аясында жүзеге 

асырады:  

1. Орыс тілі мен әдебиетін шет тілді аудиторияда оқыту: теориясы мен практикасы.  

2. Орта мектепте орыс тілінін оқыту әдістемесі, жаңа буынға арналған оқулықтарды 

дайындау; 

3. Көптілді білім беру кеңістігінде тілді жақсы меңгерген тұлғаны дайындау.  

2012-2015жж. аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-ң оқытушылар, ғылыми қызметкерлер 

және оқу-ғылыми бөлімінің Рейтингтік бағалау қорытындысы бойынша кафедра 3 жыл 

қатарынан 1 орында. 

 


Есенова Қалбике Ӛмірбайқызы 

Кафедра меңгерушісі 

Филология ғылымдарының докторы, профессор 

Қазыбек би кӛшесі,30 №1 корпус , каб.513 

 +7(727) 291-87 – 80 , 8 7072348915 

kalbike_65@mail.ru 

Кафедра ұжымы жалпы тіл білімінің тарихы мен жаңа бағыттары аясында 

бакалавр, магистрант, докторанттарға дәріс беріп, ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын жүргізеді. Кафедра оқытушылары - орта мектеп, жоғары оқу 

орындарына, магистранттар мен докторанттарға арналған оқулық пен оқу-

әдістемелік құралдардың, ғылыми монографиялардың, типтік бағдарлама 

мен Білім беру стандарттарының авторлары. 

Кафедраның профессорлары мен оқытушылар құрамы - жалпы тіл білімінің 

тарихын, түркітану ғылымын, шешендік ӛнер ғылымын, қазақ 

диалектологиясы ғылымын, медиалингвистика, прагмалингвистика, 

когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану ғылымдарын зерттеп жүрген 

танымал ұстаздар. Бүгінгі таңда кафедрада 4 - ғылым докторы, 3 - ғылым 

кандидаты, 2- ғылым магистрі, 1 - аға оқытушы қызмет етеді. 

 

Жалпы тіл білімі кафедрасы 



Институт ӛмірінен 

  

  

  



  

  

  

  

 

  



  

 

  



  

  

  



  

  

 



  

Фил.ғыл,докторы, профессор Хулия Касапоғлы Ченгел 

Туркия,Анкара қаласы, Гази университеті Филология институты 

ПОҚ және PhD және магистрантарға дәріс беруде 2015 жыл. 


 

 

  



КазНПУ имени Абая

 

kaznpu.kz



 

 

  



ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!!!! 

Институттың мекен-жайы: 

050010, г.Алматы, проспект Достык, 13 

Телефон: 8(727)2911835 



e-mail: Fil_fak2011@mail.ru 

                           НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАМЕТ!!!                     

                                                                                                                                                        

Дайындаған: Молдасанов.Е.М. 

Шуиншина Н.  

2016 жыл 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал