Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы»


ІІ Тарих пәнінде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отыра сабақ өткізу



жүктеу 0.74 Mb.
бет8/20
Дата12.02.2022
өлшемі0.74 Mb.
#17194
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
1 семинар
ІІ Тарих пәнінде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отыра сабақ өткізу.

2.1. Тарихты оқытудағы инновациялық әдістеме.

Тарих ғылым және пән ретінде білімнің аса маңызды саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған тәжірибесін баяндайды. Тарихты білу әрбір адамға қажет әрі пайдалы. Сонда ғана адам өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы орнын, істейтін қызметін дұрыс анықтайды, келешегінде болжай алады. Ғұлама ғалым Н.М Карамзин: ''Тарих-әрбір ұлтың ең басты кітабы'' – дейді. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, косымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді окып ұйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып, шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Осыған орай, орыстың ұлы педагогі К. Ушинский ''Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де жойылады'' деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық және «он-лайн» сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған. Интерактивті тақтаны тарих сабақтарында тарихи тұлғалардың суреттерін, тарихи фильмдерді көру, қазақтың күйлерін тыңдау, есте сақтау, сондай-ақ, реферат, ғылыми жоба жұмыстарының жоспарын құруда сабақтың тиімділігін арттырады.

Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы басқару – еркін сөйлеуге үйренудің тиімділігін арттырып, оқушының ойлау қызметін белсендіреді. Сондай-ақ, оқу материалдарын безендіру құралы ретінде ұсынуға мүмкіндік жасайтын, Flash технологиясының мәні өте зор. Бұл оқу құралын оқушы қолдана отырып, өз білімін толықтыра алады.

Ақпараттық құралдарды тарих сабағында пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі – «Қазақрадиосы» мен теледидардағы «Алашалыптары» , «Жиһанкез» , «Тарих толқынында» атты бағдарлама материалдарын сабақта тиімді пайдалануды ұйымдастыру арқылы, дәстүрлі мұғалім→мектеп→ оқушы жүйесінің орнына оқушы → компьютер → комьютерлік оқыту бағдарламалары → мұғалім жүйесін енгізу, оқыту үрдісін, мұғалім мен оқушы рөлінің сипатын түбегейлі өзгертеді.Компьютердің иллюстративтік және диалогтік мүмкіндіктері оқу үрдісінің уәждеме саласы мен әрекеттік құрылымына үлкен әсерін тигізеді.

Сондықтан, «Баланы бір затпен таныстырмақшы болсақ, сол зат туралы сөйлеп қана қоймай, алып келіп балаға көрсет деп» - кезінде Мағжан Жұмабаев айтқандай, интерактивті тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдалану керек. Әсіресе, жаңа сөзбен таныстырып, қолданысқа түсіруде ақпараттық–коммуникациялық технологияның атқаратын рөлі зор екендігіне көзіміз жетті.

Қазіргі уақытта сабақтарды мультимедиа арқылы модельдеу, жеке тұлғаның компьютер арқылы қатысымға түсу мүмкіншілігін туғызу арқылы тілдік қатысымға еркін түсе алатындай білікті, қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсаты қарастырылады. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолданаалатын, тарих пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Гректің ұлы ойшылы Плутарх кезінде былай депті «Көптеген табиғи талант иесі дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар алдына келгендердің табиғи қүбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есеке айналдырады,кұртып тынады».

XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатыр. Елбасымыздың ''Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан'' атты жолдаудың негізгі тірегі – әлемдегі стандарттар деңгейінде білім беру болып табылады. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу, тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың білім алуына ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі таңда оқытудың жаңа техникаларын пайдалану өмір талабы. Жалпы «ХХІ ғасыр инновация мен индустрияның заманы». Қазіргі кезеңде бурынғы дәстүрлі болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру уақыт талабы. Өйткені бүгінгі қоғамдағы өзгерістермен бірге білім беру жүйесіндеде сабақтың жүргізілу барысына – да, жаңа талап, жаңа міндет әкеледі.

Әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін – де ең басты маңызды мәселе болып отырғаны: ''XXI ғасырда нені оқыту керек және мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?''. Табалдырығын білім мен ғылымды инновациялык технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады,осындай оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай бағдар деп инновациялық технологиялык білім беру жүйесін айтумызға болады[13;6-9].

Инновация–технология терминдеріне жеке жеке тоқталатын болсақ Инновация – жаңа мазмұнды ұйымдастыру жаңалық енгізу, яғни инновациялық үрдістерді мазмунды ұйымдастыруды анықтайды. Технология – тәсілдер жұйесі деген мағынаны білдереді. Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогиқалық оқыту технологиқалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сатысын арттыру.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнін терең білгір болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық психологиялық сауаттылық, саясы экономикалық білімділік және ақпаратттық сауаттылық талап етілуде.

Ал біздің мақсатымыз – баланың сабақ үстіндегі оқу – әрекетін тиімді әрі қызықты етіп ұйымдастыру. Мұғалімнің міндеті – окушыға оның бойында жасырып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету, оқушының білім деңгейін нақты білу.



Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін пайдалану оқушы белсенділігін артыруда зор маңыздылығын айта келе, өз педагогикалық қызметімде пайдаланып жүрген білім беру технологияларына тоқталғым келеді. Қазіргі кезде ең көп қолданып жүрген – оқу мен жазу арқылы сын турғысынан ойлауді дамыту технологиясы болып табылады[14;13-15].

жүктеу 0.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет