Бүгінгі күнде техникалық прогресстің дамуында және бәсекенің күшейуінде басқарудың теориялық практикасы персоналды басқаруға жаңа жанасуды қалыптастырды
Бүгінгі күнде техникалық прогресстің дамуында және бәсекенің күшейуінде басқарудың теориялық практикасы персоналды басқаруға жаңа жанасуды қалыптастырды.
Бұл жанасу бойынша фирманың адамдық ресурстары өте бағалы ресурс ретінде қарастырылады, ал олардың потенциалын дамыту – фирманың бизнесте табысты болуындағы маңызды стратегиялық міндеті болып табылады.
Фирма персоналы корпоративтік стратегия мен инвестицияның объектісі және бәсеке күресіндегі ерекшелік факторы ретінде қарастырылады.
Адам ресурстарын басқару фирманың басқа да басқарушылық шешімдерімен тығыз байланысты.
Ұйымның қай саласын алсаңыз да, барлық басқару шешімдері адамдардың қатынасы арқылы іске асады және олардың еңбек тәртібінде көрінеді.