Тақырып: Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары



жүктеу 37.4 Kb.
бет6/7
Дата07.11.2022
өлшемі37.4 Kb.
#23470
1   2   3   4   5   6   7
Тақырып Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің -engime.org
ГЕОГРАФИЯ 11 кл ЕМН СОЧ КАЗ 1

Өнер түрлері


  • Қола дәуірінде өнер түрлері, оның ішінде петроглиф яғни жартасқа сурет салу өнepi дами бастады. Ерте заманның суретшілері жартастың теп-тeгic жазық бетіне аңдардың, адамдардың бейнесін немесе белгілі бip сюжеттік желіге кұрылған тұтастай композицияны шекімелеп түcipгeн. Жартастағы суреттер - нәзік те, күрделі өнер, оның кұпиясын түсініп, мән-мағынасын ашу үшін зерттеуші археология, тарих, этнография, геология, өнертану және мифология салаларынан хабардар болуы керек. Олар жартастағы суреттер арқылы айналада болып жатқан құбылыстарды, өздерінің білетін білімімен тәжірибесін, өздері жөніндегі мәліметтерді символдармен кейінгі ұрпаққа бере білген.

  • Тамғалы петроглифін Шу-Іле тауының оңтүстік-шығыс бөлігінен 1957 жылы 19-қыркүйекте Қазақстанның кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимованың басшылығымен жүргізілген археологиялық экспедиция тапты. Осы экспедиция қола дәуіріндегі Қарақұдық шатқалындағы молалар қазбасын зерттеді. Соңғы уақытта А.Г. Максимова мен А.А. Попов Тамғалы петроглифінің жеріне тұрақты зерттеу жасап, құнды композиция ретінде суретке түсірген. 1958 жылы А.Г. Максимованың аталмыш зерттеу аясындағы алғашқы «Наскальные изображения урочища Тамгалы» еңбегі жарық көреді, онда ескерткішке жүргізілген зерттеудің жарты ғасырлық тарихы берілген.

  • 1977-1978 жылдары Тамғалы ескерткішін зерттеу одан әрі А.Г. Максимованың жетекшілігімен жалғасты. Тамғалы аймағы толығымен зерттеліп, петроглифтер жиналған негізгі орындардың кестесі құрылады. Атап өтсек, б.з.б. ІІ мыңжылдықтың ортасындағы мерзімге жататын ерекше композициялар мен бейнелер болды. Оның ең белгілісі - Күнбасты құдай. А.Г. Максимова, А.С. Ермолаева, А.С. Марьяшевтың «Наскальные изображения урочища Тамгалы» кітабында Тамғалының күнбасты алыптары ежелгі антропоморфты құдайдың бейнесі болса керек деп жазылған. Қазақстан тарихында із қалдырған көптеген халықтар үшін Тамғалы шатқалы әулие жер деп саналып, салттық рәсімдер жүргізілді.

Қорытынды


  • Отан тарихында энеолит кезеңі мен қола дәуірі қазақ халқының қалыптасуының басталған кезеңі ретінде де сипаттауға болады. Көшпенді өмір салтының басталуы мен жылқының қолға үйретілуі қазақ халқының өмірінің бастауы ретінде қабылдауға әбден болады. Металлургия бағытындағы тың жаңалықтар қалыптасып келе жатқан көшпенділік өркениетіне мән-мазмұн беріп, кейінгі кезеңдегі дамуына негіз болды.

жүктеу 37.4 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет