Тақырып Қарым-қатынастың функциялары, стильдері


Әлеуметтік қарым-қатынастың функциялары



жүктеу 27.01 Kb.
бет3/4
Дата08.11.2022
өлшемі27.01 Kb.
#23543
1   2   3   4
ИС - дәріс
Әлеуметтік қарым-қатынастың функциялары:
1. қатынас жасаудағы әдептілік пен нәзіктік.
2. Қарым-қатынас кезінде информацияны ( ақпарат ) дұрыс беру.
3.қарым-қатынас кезінде оқушының көз-қарасына, қимыл-әрекетіне, мәнеріне қарап түсіну.
4. қарым-қатынас кезінде өзіңнің психикалық көңіл-күйіңді меңгере білу.
5. қарым-қатынас функцияларын жүзеге асыру.
В.Н.Панферев адамды қарым-қатынастығы субъектісі ретінде алып, қарым-қатынасты 6 функцияға бөледі:
1. Коммуникативтік функция.Қарым-қатынас барысында адамдар бір-бірі- мен өзара, топпен қоғамдық қатынаста, байланыста болады.
2. Ақпаратттық, хабарламалық функция.Практикалық тәжірибенің бары-сында бір адамнан екінші адамға ақпарат тарайды.
3. Когнитивтік функция.Қарым-қатынас барысында қабылданған заттар туралы ойлардың мәнін түсінуге, елес, ойлау, қиялдауға мүмкіндік туады, білімдер жүйесі жинақталады.
4. Эмотивтік функция – басқа адамдармен қарым-қатынас барысында эмоциялық жағдайлар туады ( бір-біріне ұнау не ұнамау ), достық – дұшпандық.Дұрыс эмоциялық қарым-қатынас тұлғаның баға жетпес құнды байлығы, өмірінің мәні болып есептеледі.
5. Конативтік функция – адамның өзінің де өзгенің де мінез-құлқын меңгеріп билей отырып, алға ұмтылуы.
6. Креативтік функция – қарым-қатынас арқылы адамның өзгеруі, эмоциялық ұқсауы, өзін-өзі сондай болуға ұмтылуы, көзін жеткізуі.
Қарым – қатынас жасау адамның даралық мінез қасиетіне де байланысты. Ол мынадай белгілерден тұрады:
1. Өзгелер мен қарым-қатынас орнатуға ниет білдіруі.
2. Қатынас жасайтын адамдарын білуге ұмтылуы.
3. Қатынас жасаушы серіктері жайында өзара тілдесіп, ұғынусудың жолын іздестіру.
4. Кімнің кім екенің білуге ұмтылуы.
Сөйтіп қарым-қатынас екі бөліктен тұрады. Оның бірі адамның ішкі дүниесіне қатысты қасиеттері: ойлауы мен саналы әрекеті. Ал келесі бөлшегі – адамның жүріс тұрысы мен өзгелермен тілдесіп, бірлесіп, әрекет жасайтын қатынас сипаты.
Қарым-қатынастың стильдері:
Қарым-қатынас стилі дегенді біз педагог пен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі дербес – психологиялық ерекшеліктері деп түсінеміз. Қарым – қатынас стилінде мынадай көріністер байқалады:
а) мұғалімнің коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшеліктері;
б) педагог пен тәрбиелеушінің өзара қарым-қатынасындағы жеткен деңгейі;
в) педагогтың творчестволы дербестігі;
г) оқушылар коллективінің ерекшеліктері.
1. Авторитарлық стиль (Директивті)
- өз қызметін ұйымдастырған мұғалім бұйрық, ескерту жасау, кінәлау, ұрсу.Бұндай стильдегі мұғалімдер балалдарда үрей тудырады, бұндай стильде істеген мұғалімнің беделі төмен болады.
Авторитарлық стильде (бұйрық, ескерту, сөгіс) жиі қолданылады.
2. Либеральдық стиль (анархиялық) – бұл стильде істейтін мұғалімдер беделге ие болмайды.Олар өз пікірлерінен гөрі, басқалардың пікірлеріне көп сүйенеді. Мұғалім де, оқушылар да белсенділік танытпайды.
3. Демократиялық стиль (алқалық) – мұғалім оқушылармен ынтымақтастық құрайды.Мұғалім оқушыларды тыңдай, сыйлай алады, қателескен жағдайда кешіре біледі.Оқушылардың жеке қабілеттерін ескеріп, инициативасын қолданып отырады.Жиі қолданатын әдістері өтініш, ақыл-кеңес.
Педагогикалық қарым-қатынас стильдері таза күйінде кездесе бермейді. Педагогикалық практикада қарым-қатынас стилдері аралас түрде кездеседі, көбінесе бір стиль басымдылықта болады. Стильдерді мұғалім жағдайға байланысты таңдап алады.
Қорыта келгенде ақылды мұғалім еш нәрсені назардан тыс қалдырмай, оқушыны білдірмей жетелейді, байқатпай бағыт-бағдар береді. Ұстаз шәкірттер үшін өмірдегі ең беделді тұлға болып табылады. Сондықтан мұғалім оқушылар алдына өрескел қылық танытып, шәкірт сенімінен шығып қалмауы керек. Егер де мұғалім өйтетін болса, сол күнге дейін оған сеніп, соған ұқсап, оны пір тұтып келген оқушылар ұстаздан күдер үзіп, білім – ғылымға деген салғырттық танытуы ықтимал.



жүктеу 27.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет