Тақырып 4: Адамның еркі және өзін-өзі реттеу психологиясы



жүктеу 21.27 Kb.
Дата10.05.2022
өлшемі21.27 Kb.
#19577
Қабенов Қ.А. АиУ 20-2 Психология СРСП 4
ОВЗ СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ ИДЕАЛЬНЫЙ, 5 СЛ ЦСТ Триггерлар, регисторлар, задачи 1, Приложение концепция каз 2022 к вх. РМО от КГУ Молодежный ресурсный центр Карагандинской области О проведении проекта All inclusive kids(v1).docx, конспект лекция МиИИТ каз, Документ (10), математика, 5 Жазықтықтың іздері, Лекция 2 каз, ОАиП 214,216 (1), Дәріс 2 Графикалық бейнелерді алудың әдістері, матем 123, Форматтар. Масштабтар. Сызы тар Форматтар, 6 билет, 5-6

Тақырып 4: Адамның еркі және өзін-өзі реттеу психологиясы.

  1. «Тәуелсіз қоғамдағы тұлғаның ерік бостандығы» концепциясымен танысу.

  2. Концепциялардың негізгі ережелері.

Ерік – әрекет-қылықтың саналы өзіндік реттелуі, қажеттік не мүмкіндік деп субъект пайымдаған мақсатқа жету бағытында әрекет қылық белсенділігін жұмылдыру. Еріктік әрекет болашаққа бағышталады, оның эмоциядан ерекшелігі – ағымдағы жағдайларға тәуелсіз.
Ерік әлеуметтік қалыптасқан психологиялық реттеуші құбылыс ретінде танылған. Еріктік реттеу негізінде іс-әрекеттің объектив шарттары, адамның қандай да бір әрекет-қылық қажеттігін түсінуі жатыр. Барша ерік әрекеттері саналы орындалады. Еріктік әрекет барысында эмоциялар (көңіл шарпулары) басылып, адам өзіне өзі билік жүргізеді. Ал бұл биліктің деңгейі адам зердесіне, оның психикалық реттеу сапаларының жүйесіне тәуелді.
Қажетті нәтижеге жету жолында табандылық көрсету осы ерік мәнін құрайды.
Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері:
-ынталандыру (инициирующая) – объектив не субъектив кедергілерді жеңе отырып, қандай да әрекет, іс-қимылды бастауға мәжбүр ету.
-тұрақтандыру (стабилизирующая) – әрқилы ішкі не сыртқы кедергілерге қарамастан ерік күшімен белсенділікті бір қалыпта ұстау.
-тежестіру (ингибирующая) – қандай да уақыт сәтіндегі іс-әрекеттің мақсатына сай келмейтін ниеттер мен тілектерге, әрекет-қылықтың өзге де жолдарына тоқтау беру.
Ерік әрекеттері қарапайым және күрделі келеді. Қарапайым ерік әрекеттерін адам көзделген мақсатқа жету үшін ойланбастан іске кіріскенде, нені істейтіні түсінікті және қандай жолмен табысқа жететінін білсе, пайдаланады.
Күрделі ерік әрекеттерінде төменде аталған кезеңдерден өту қажет:
- мақсатты пайымдау және оған ұмтылыс;
- мақсатқа жетудің мүмкіндіктерін білу;
- мүмкіндіктерді қолдаушы не оларды жоюшы сеп-түрткілердің пайда болуы;
- сеп-түрткілер тайталасы және олардың арасынан қажеттісін таңдау;
- мүмкіндіктердің бірін шешім ретінде қабылдау;
- қабылданған шешімді іске асыру;
- қабылданған шешім мен көзделген мақсат іске аспағанша, сыртқы кедергілерді, іс-әрекеттің өзіне тән қиыншылықтарды, басқа да әрқилы кесір жәйттерді табандылықпен жеңіп беру.
Іс-әрекетті саналы реттеп беру үшін еріктің психикалық қалыптар жүйесі талап етіледі. Мұндай қалыптар жүйесінің құрамы: ынталылық, мақсат бағыттылық, сенімділік, табандылық, батылдық және т.б. Аталған ерік қалыптары іс-әрекеттің ұдайы барысында өзара ажыралмас бірлікті қатынастарымен көрінеді.
Еріктік қалыптарды іс-әрекет құрылымына сәйкес бірізділікпен қарастырайық:
- Ынталылық – бұл түсіп жатқан ақпаратты белсенділікпен қайта өңдеу, бірінші кезектегі проблемаларды анықтау, мәнді мақсаттар қойып, олардың орындалу жолдарын белгілеу қалпы.
- Батылдық – бұл мақсатты және оны іске асырудың жолдарын тез әрі дәлелді белгілеуге жұмылдыратын психикалық күй. Адамның шешімге келуі оның көңіл-күй көтеріңкілігі мен психикасының зерделі белсенділігіне байланысты.
- Тартыншақтық – жылдам шешім қабылдау қабілетінің жоқтығын білдіретін психикалық қалып.
- Мақсат бағыттылық – сананың негізгі, аса мәнді ниеттер төңіргегінде шоғырлануын қамтамасыз етуші психикалық жағдай. Мұндай қалып физиологиялық тұрғыдан адамның барша әрекетін мақсатқа жету жолына жұмылдыратын доминанта (басымдылық) құбылысының туындауымен байланысты келеді.
- Сенімділік – бұл бастау шарттарын ескерумен жоспарланған іс-әрекет нәтижесін жоғары ықтималдылықпен күте білу мүмкіндігін беретін психикалық болмыс. Іс-әрекеттің күтілген нәтижелілігін күні ілгері анықтайтын да осы сана қалпы.
- Табандылық – психикалық қалып ретінде қиыншылықтарды жеңіп шығуда, әрекетті қадағалау мен оны мақсат жолына бағдарлауда көрінетін сана қасиеті.
-Ұстамдылық – біршама ерік күшін талап ететін келеңсіз жағдайларды тежеуге қажет психикалық қалып. Бұл ерік күші мүмкін болар келеңсіз эмоцияларды басуға жұмсалады.

Тақырып 6: Жеке тұлғаның рухани негізі ретінде құндылықтар, мүдделер, нормалар.



  1. Жеке тұлға құрылымындағы құндылықтардың рөлі.

  2. Тұлғаның адамгершілік негіздері.

Адамның өміріндегі қажеттіліктері оның «құндылықтар бағдарымен» тығыз байланысты.
«Құндылықтар бағдары» адамның іс-әрекетінің, қылықтарын байланыстыратын әр түрлі жолдары мен білімдер жүйесі ретінде көрінетін буыны. Қазіргі психология мен әлеуметтану адамның қылығына реттеу жасады, «құндылықтар бағдары» ең негізгі категория болып табылады.
«Құндылықтар бағдары» көптеген пәндердің қақтығысында пайда болды – құндылықтар философиясы, оксиология – құндылықтар теориясы, философиялық және мәдени антропологияда, әлеуметтануда, әлеуметтік психологияда және жалпы психология, сонымен бірге көптеген бағыттарда, теорияларда және осы салалардағы ағымдарда қалыптасқан.
Көптеген психологтар «құндылық бағдар» түсінігіне психологиялық шешілуіне көп көңіл бөліп, индивидтің мінез – құлқын реттеу процесін қарастырады. Осындай еңбектердің бірі ретінде әлеуметтік психологияда В. Б. Ольшанскидің мақаласы жарық көрді. Ольшанский, құндылық бағдар ретінде мақсат, талпынушылық және өмірлік мұратты түсінді, оны топ санасындағы белгілі бір норма түрінде қарастырады. Ол «Топтық сананың» индивидуалды құндылық жүйесіне әсерінің болмай қоймайтындығы туралы шешімге келді: «индивидтің топ құндылығы жүйесінен индивидуалды ауытқу» мінез – құлығынан көрінеді. Бұл жағдайда топтың бақылау факторы ретінде көрінетін, оған деген коллективтегі қарым – қатынасты анықтайды. Бұл қарым – қатынас жағдайға байланысты адамның құндылық бағдарын өзгертетін детерминант ретінде де көрінуі мүмкін.
Тұлғаның адамгершілік идеалы ретінде жастардың орындалуына талпындыратын белгілі бір мақсат көрінеді. Тұлғаның даму барысында, оның идеалға қозғалысынан жаңа мақсаттар мен перспективалар болады. Сондықтан тұлғаның рухани дамуы шексіз. А.С. Макаренконың пікірінше, перспективті жолдар қызықты ерекшелікке ие, олар адам зейінін қанағаттанушылық әлі тумаса да жалпы қанағаттанушылық түріне аударады. Бұған жету жолында әр – түрлі кедергілерді жеңуге кететін, тартымды, ертеңгі жаңа жоспарлар пайда болады.
Әлеуметтік – психологиялық проблемалардың ішінде ерекше күрделісі, құндылық бағдарды сенімге айландыру болып табылады.
Сенім – тұлғаның қоғамдық сананы қабылдаушы ретіндегі тұғыры. Құндылық бағдардың сенімге айналуының критерилерінің сапасы ретінде ең алдымен шынайы мінез – құлық, тұлғаның іс - әрекеті – меңгеруімен бағдарларды аңғару дәрежесі, олардың іс - әрекет пен мінез – құлықта принципке айналуы. Егер құндылық бағдар жеке тұлға үшін маңыздылыққа айналса, терең аңғарылса және іс - әрекетке басшылыққа айналса, онда олар сенімге айналады.
Сенімнің қалыптасуы жеке тұлғаның іс - әрекеті мен үздіксіз байланыста және ең алдымен – еңбекпен байланысты.
Қандай да бір құндылықтар жүйесінің іске асуы үшін Тұлғаның қоғамдық – саяи белсенділігі қажет. А.Н. Леонтьев пікірінше, қойылған мақсатқа байланысты іс - әрекеттің алдын алуындағы әрекеттер ғана өзекті аңғарылады. Тұлғаның алған білімі іс - әрекетті орындау барысында мәнді болмақ. Мәнділік мағыналығымен туындалмайды, өмірмен туындайды. Мәнділіктің дамуы – бұл іс - әрекет мотивтерінің дамуының өнімі, іс - әрекет мотивтерінің дамуы адамның әлемге, шартталған обьективті тарихи өмір жағдайына деген қарым – қатынастың шынайы дамуымен анықталады.
Сонымен, құндылық бағдардың идеологиялық және адамгершілік мазмұны маңызды мәнге ие.
жүктеу 21.27 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет