Тақырып 1 XX ғас Еуропа,Азия елдері Азиядағы дамушы елдер



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/19
Дата12.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Тақырып 1 XX ғас Еуропа ,Азия елдері 
Азиядағы дамушы елдер 
  
Азияның  жалпы  аумағы  44,6  млн  км
2
.  Солтҥстіктен  оңтҥстікке  (Ресейді 
қоспағанда)  карай  8  мың  км-ге,  батыстан  шығыска  қарай  11  мың  км-ге  созылып  жатыр. 
Оның  солтҥстігінде  Сібір,  ал  оңтҥстігінде  Ҥнді  мҧхиты  жатса,  батысын  Жерорта,  Эгей, 
Мәрмәр, Қара және Азау (Азов) теңіздері шайып жатыр. Шығысын тҥгелдей Тынық мҧхит 
және оның теңіздері жайлаған. Осындай орасан аумақта жатқан Азияның жер бедері мен 
ландшафтысы  да  әр  тҥрлі.  Мҧнда  дҥние  жҥзіндегі  ең  биік  таулар,  ойпаттар,  қҧмды 
алқаптар мен ҥстірттер, мыңдаған километрге созылған ормандар мен батпақты аймақтар, 
т.б.  орналасқан.  Сонымен  бірге  дҥние  жҥзіне  белгілі  климаттық  белдеулер  мен  табиғат 
зоналарының барлығы дерлік кездеседі. 
Азияда  бҧрынғы  ТМД  елдерін  қосқанда  ӛтпелі  экономикалы  45  ел  орналасқан. 
Мәдени  тарихи  ӛзіндік  ерекшелігі  жағынан  Еуропаны  Ежелгі  Грекия  мен  Ежелгі  Рим 
империясы  ӛркениеті  біріктірсе,  Азияның  ӛткен  тарихы  бірнеше  ӛркениеттен  қҧралған. 
Дҥние жҥзіне белгілі тӛрт "ӛзендер ӛркениетінің" ҥшеуі осы Азияда болған. Олар дамушы 
елдердің негізін қҧрайтын Ҥндістан мен Қытай, сонымен бірге Евфрат пен Тигр ӛзендері 
арасындағы  Месопотамия  ӛркениеті.  Азиядағы  мемлекеттердің  кӛпшілігінің  шекаралары 
табиғи  географиялық  нысандар  арқылы  ӛткен.  Кейде  бҧл  табиғи  шекаралар  (нысандар), 
елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың  дамуына кедергі келтіреді. 
Азияны  қҧрлықтағы  елдердің  экономикалық-географиялық  жағдайларына  қарай, 
ӛзіндік  ерекшелік  сипаттары  бар  ҥш  бӛлікке  бӛліп  қарастыруға  болады:  бірінші,  ірі  бес 
аймағын біріктіретін кӛршілестік жағдайы; екінші, мемлекеттердің басым бӛлігінің теңізге 
(мҧхитқа)  шыға  алатындығы,  яғни  дҥниежҥзілік  сауда  жолымен  байланыстығы;  ҥшінші, 
кейбір мемлекеттердің теңіздерден (мҧхиттардан) ӛте алшактығы, яғни ішкі жағдайы. (Бҧл 
жағдайда елдер дҥниежҥзілік теңіз-сауда жолына шыға алмайды.) 
Саяси  бӛлінуі  және  ішкі  айырмашылықтары.  Азияның  саяси  картасы  соңғы 
уақытта кӛп ӛзгерістерге ҧшырады. Егер Екінші дҥниежҥзілік соғыс алдында қҧрлықтағы 
халықтың  90%-ы  отарлық  және  жартылай  отарлық  колонияларда  тҧрып  келсе,  XXI 
ғасырдың  басында  аймақтағы  барлық  елдер  тәуелсіздік  алған.  Алайда  Азияның  кейбір 
аймактарында  бҥгінгі  кҥнге  дейін  аумақтық  шиеленістер  мен  таластар  толастамай  отыр. 
Қазіргі  кезде  Азия  қҧрлығы  геосаяси  аймақтык  тҧрғыдан  шартты  тҥрде  5  аймаққа 
бӛлінген. Олар: Оңтүстік-Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Шығыс 
Азия және Орталық Азия. 
Бҧл  аймақтар  ӛзіндік  ерекшеліктерімен  айқындалады.  Олар:  1)  географиялық  
жағдайы,  оның  ішінде  тарихи  тҧрғыдан  бірінен-бірі  оқшау  орналасқан  табиғи 
шекараларының  болуы;  2)  табиғи  жағдайлары  және  ресурстары;  3)  ӛзіндік  тарихы;  4) 
ерекше  әлеуметтік  мәдениетінін  болуы;  5)  экономикалық  дамуындағы  стратегиясының 
ӛзгешелігі.  
1.  Оңтүстік-Батыс  Азия  (Израиль,  Ирак,  Иордания,  Кувейт,  Ливан,  Оман,  Сауд 
Арабиясы,  Сирия,  Тҥркия,  Біріккен  Араб  Әмірлігі,  Йемен,  т.б.  елдері)  ҥш  дҥние  бӛлігі 
тҥйіскен  ыңғайлы  экономикалық  және  саяси-географиялық  жағдайда  орналасқан. 
Аймақтың батыс бӛлігін кейде "Таяу Шығыс" деп те атайды. Мҧнда дҥниежҥзілік діндер 
орталығы  —  исламдық,  христиандық,  кейіннен  иудаизм  пайда  болған.  Алып  аймаққа 

ӛзіндік  ерекше  табиғи  жағдайлар  мен  ресурстар  тӛн.  Аймақтың  жер  койнауында  дҥние 
жҥзіндегі  мҧнайдың  2/3-і  бӛлігі  жатыр.  Екінші  дҥниежҥзілік  соғыстан  кейінгі  кезеңнен 
бері  бҧл  аймақ планетамыздың ыстық  нҥктесі аталады. Әсіресе Суэц каналы мен Бағдад 
— Берлин әскери-стратегиялық темір жолының салынуына байланысты аймақтың маңызы 
ӛте-мӛте кҥшейді. Мҧндағы елдің басым бӛлігі мҧнайды экепорттайды. 
2.  Оңтүстік  –  Азия  (Ауғаныстан,  Бангладеш,  Будан,  Пәкістан,  Иран,  Ҥндістан, 
Неапль, Шри-Ланка елдері) табиғат жағдайларына биік таулы, таулы-ҥстіртті және шӛлді 
ландшафтылар  тән.  Бҧл  аймақ  ӛзен  аңғарларында  халықтың  тығыз  орналасуымен 
ерекшеленеді.  Халықтың  ӛте  кӛп  қоныстануына  қарай  (1,4  млрд  адам),  Азияның  бҧл 
аймағын  субконтинент  деп  те  атайды.  Мҧнда  буддизм  мен  индуизм  (кейіннен  ислам) 
діндері пайда болған. Аймақ халық санының кӛпшілгі жағынан ғана емес, сонымен қатар 
халықтың  "жастығымен"  де  ерекшеленеді.  Халықтың  басым  бӛлігінің  ӛмір  сҥру  деңгейі 
ӛте  тӛмен.  Миллиондаған  адамдар  аштықта  ӛмір  сҥруде.  Азияның  бҧл  аймағы  дҥние 
жҥзіндегі ең кедей және аштықтың азабын кешіп отырған аумақтардың бірі саналады. 
Оңтҥстік  Азиянын  дамушы  елдері  дҥниежҥзілік  эмиграцияның   негізгі  дәстҥрлі 
ошағы  саналады.  XX  ғасырдың   80—90-жылдарындағы  ішкі  саяси,  діни  және  этникалық 
қайшылықтар осы кҥнге дейін шешімін таппай келеді. Мысалы: Ҥндістан мен Шри-Ланка, 
Пәкстан мен Ҥндістан елдері арасындағы (Кашмир аңғары) шиеленістер. 
3.  Оңтүстік  Шывыс  Азия  (Сянган,  Сингапур,  Мьянма,  Таиланд,  Камбоджа, 
Вьетнам,  Малайзия,  Филиппин,  Шығыс  Тимор,  Бахрейн,  т.б.)  Ҥндіқытай  тҥбегін  және 
кӛптеген  аралдарды  (15  мыңнан  астам)  қамтиды.  Бҧл  аймақ  дҥниенің   қуатты  және  ірі 
ӛркениетті  екі  елі—Ҥндістанмен  Қытайдың  аралығында  орналасқан.  Олармен  кӛршілес 
орналасуы  аймаққа  буддизм,  конфуцийлік  және  даосизмнің  енуіне  жағдай  тудырады. 
Индонезия  саны  жағынан  ислам  дінін  ҧстайтын  ең  ірі  мемлекет  саналады  (исламға 
сенушілік білдіретіндер саны жағынан). Субаймақта орналасқан дамушы елдер ӛздерінің 
экономикалық-географиялық  жағдайларын  тиімді  пайдаланады.  Әсіресе  жаңа  
индустриялы  елдер  бҧл  жағдайды  ӛздеріне  қолайлы  санауда.  Оңтҥстік  Шығыс  Азиянын 
дамушы  елдерінде  халықтың  ӛмір  сҥру  деңгейі  ең  тӛмен  (Мьянма)  және  ең  жоғары 
(Сингапур) деңгейде ӛзгеруде. 
4.         
Шығыс Азия (ҚХДР, Корея, Қытай, Монғолия елдері) аймағы ӛте ҥлкен аумақты (Қытай 
елінің  аумағы  нәтижесінде)  алып  жатыр  және  табиғи  тҧрғыдан  әрқилы  болып  келеді. 
Шығыс  Азияны,  әдетте,  ерекше  "жанды"  мәдениетінің   қалыптасуына  қарай  "Қытай 
әлемі"  деп  те  атайды.  Субаймақта  даосизм  және  конфуцийлік,  буддизм  және  ламаизм, 
синтоизм  сияқты  діни  ағымдар  қатар  ӛмір  сҥреді.  Осы  кҥнге  дейін  бодандық  жартылай 
бодандықты бастан кешкен терең феодалдық тамырлар және Қытайдың ҧзақ жылдар бойы 
оқшау дамуы  байқалады. 
Бҧрынғы  КСРО-ның  азиялық  бӛлігі  және  Орта  Азия  мен  Қазақстан  ӛте  ҥлкен 
аумақты  алып  жатыр.  Олар  табиғатымен  және  халқының  ӛртҥрлілігімен  ерекше-ленеді. 
Олардың  ҥзақ  жылдар  бойы  катар  ӛмір  сҥруі  нәтижесінде  жалпыға  бірдей  әлеуметтік-
экономикальщ  даму  калыптасты.  Посткеңестік  экономикалык  мҥра,  сонымен  катар 
бӛрінің  ӛлеуметтік  мәселелеріне  бірдей  қарай  отырып,  оларды  біртҥтас  Орталық  Азия 
субаймағына біріктіруге болады. 
5.  Орталық  Азия  Еуропа  мен  Оңтҥстік  Азия,  Оңтҥстік-Батыс  Азия  және  Орал 
маңы ҥстірті аралығында жатыр. Аймаққа Қазақстан, Ӛзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, 
Тҥрікменстан  кіреді.  Бҧл  елдерге  мәдени-тарихи  дамудың  ортақ  мҥдделері  тән.  Аймақ 

арқылы Ҧлы Жібек жолы ӛткен, сондықтан ӛте ертеден-ақ аймақта сауда және ӛнеркәсіп 
орталықтары дамыған. 
Кейіннен  Орталық  Азия  аймағы  халықтарының  біртҧтас  болуына  КСРО-ның  да 
тигізген  ҥлесі  бар.  КСРО  тарағаннан  кейін  бҧрынғы  Орта  Азия  елдері  мен  Қазақстан 
аумағында жаңа геосаяси кеңістік  — Орталық Азия қҧрылды. Бҧл геоаймақ ресми тҥрде 
1993  жылы  4  қаңтарда  Қазақстан,  Қырғызстан,  Ӛзбекстан,  Тәжікстан,  Тҥрікменстан 
республикалары 
президенттерінің 
Ташкентте 
ӛткен 
саяси-экономикалық 
ынтымақтастықты  нығайту  мәселелері  жӛніндегі  басқосуында  бекітілді.  Аймақтың 
аумағы 4 млн км
2
-ден астам. Мҧнда жалпы 57 млн-дай халық  тҧрады. Орталық  Азияның 
саяси-әлеуметтік  ӛмірінде  ӛзіне  тән  ерекше  қасиет  —  ол  ислам  ӛлемінің  бір  бӛлігі 
саналады  және  христиан,  буддизм,  индуизм,  т.б.  ӛркениеттердің  тоғысуымен  де 
ерекшеленеді.  Аймақ  Шығыс  пен  Батыс  елдерін  жалғастырып  біріктіруші  "кӛпір" 
қызметін  атқарады.  Сонымен  бірге  мҧндағы  әрбір  ел  терең  мәдени-тарихи  ӛзіндік 
ерекшелігімен  ӛзгешеленеді.  Қазақстан  еуразиялық  геосаяси  кеңістікте  орналасқан 
славяндық  Солтҥстікпен,  тҥркілік  Оңтҥстікпен,  христиандық  Солтҥстік-Батыспен, 
конфуций-буддалық  Оңтҥстік-Шығыспен,  сондай-ақ  мҧсылмандық  Оңтҥстік-Батыспен 
байланыстыратын "тҥркі кӛпірі" саналады. Ӛзбекстан болса, ол Орталық Азия аймағында 
мемлекеттердің  барлығымен  шектесетін  бірден-бір  мемлекет  және  ӛзбек-тәжік 
ӛркениетінің ядросы саналады. Тәжікстан ислам әлеміне кіретін тҥркі халықтарына емес, 
ирандық  топқа  жататын  халық  Қырғызстан  тҥркілік  этнолингвистикалық  халық  тобына 
жатқанымен,  олардың  ертеректегі  ата-бабалары  Енисейдің  жоғарғы  және  орта  ағысында 
тҧрған Алтай семьясындағы монғол тобына жататын халық. 
Мемлекеттік  құрылысы.  Әрбір  елдін  мемлекеттік  қҧрылысы,  ең  алдымен, 
олардың  басқару  формасымен  сипатталады.  Мемлекеттерді  басқарудың  дҥние  жҥзіне 
белгілі  бірнеше  тҥрі  бар.  Азияда  республикалық  мемлекеттер  басым  (23).  Одан  кейінгі 
орынды  монархия  алады.  Азияда  олардың  саны  14.  Монархиялық  басқарудың  ішінде 
Азияда  корольдік,  сҧлтандық,  әтрлік  басқару  басым.  Азияның  дамушы  елдерінің  ішінде 
монархия  ӛзіндік  басқару  формаларына  байланысты  ерекшеленеді.  Соның  ішінде 
республикаға  тән  элементтері  кӛбірек  кездесетін  мемлекеттер  де  бар.  Мысалы, 
федеративтік  конституциялық  монархиялы  ел  —  Малайзияда  жоғарғы  билеушіні 
(монархты)  ӛздерінің  ортасынан  бес  жылға  сҧлтандар  сайлайды.  Басқа  Азиялық 
федеративтік  монархия  —  Біріккен  Араб  Әмірлігі  (БАӘ)  мемлекет  басшысын  оның 
қҧрамындағы  ӛмірлік  билеушілері  ішінен  бес  жылға  Әмірлердің  Жоғарғы  Кеңесі 
сайлайды. 
Азия  дамушы  елдерінің  саяси  картасында,  саяси-әкімшілік  қҧрылымы  жағынан 
федеративтік мемлекеттерге — Ҥндістан Республикасы, Малайзия Федерациясы, Мьянма 
Одағы, Біріккен Араб Әмірлігі және Пәкстан Ислам Республикасы жатады. 
 Халқы.  Халқының  саны  жағынан  Азия  дҥние  жҥзінің  басқа  аймақтарының 
ешқайсысымен  салыстыруға  келмейді.  Мҧнда  жер  бетіндегі  халықтың  60%-дан  астамы 
(3,8 млрд адам) тҧрады. Азия елдерінің басым бӛлігі демографиялық ӛтпелі кезенді бастан 
кешіруде. Яғни, XX ғасырдың  90-жылдарындағы демографиялық  саясаттың нәтижесінде 
Азияның халық саны біршама азайды. Болжам бойынша 2010 жылы Азиядағы халық саны 
4,0 млдр-қа жетуі тиіс. 
Азияның  дамушы  елдеріндегі  халықтың  орналасуы  мен  таралуының  ӛзіндік 
ерекшеліктері  бар.  Халықтың  біркелкі  қоныстануына  табиғи  және  әлеуметтік-
экономикалық факторлар әсер етеді. Халықтың басым бӛлігі Азияның бірнеше ареалында 
ғана таралған. Аймақтың бір бӛлігін (ӛте ҥлкен аумақтарды) теңіз жағалаулары мен ӛзен 

аңғарлары, жазықтар, ал екінші бӛлігін шӛлді-шӛлейтті, биік таулы ӛңірлер мен тропиктік 
ормандар алып жатыр. Бҧл ӛз кезегінде халықтың жаппай қоныстануына кедергі келтіреді. 
Ганг  ойпатындағы  халықтың  тығыздығы  1  км
2
-ге  шаққанда  1000  адамнан  келеді.  Оның 
кейбір  аумақтарында  2000  адамға  дейін  жетеді  (Бангладеш  елінде).  Азияның   орта 
тҧсында  орналасқан,  дҥние  жҥзі  бойынша  халық  ӛте  сирек  қоныстанған  Монғолияда  1 
км
2
-ге 1,5 адамнан ғана келеді. 
Аймақтағы  халықтың  коныстануына  халықаралық  кӛші-қон  да  ӛз  әсерін  тигізбей 
қоймайды.  Бҧл,  негізінен,  Азияның  мҧнайлы  аймағына  (Оңтҥстік-Батыс  Азия)  тән 
қҧбылыс.  Мҧнда  еңбек  ресурсын  кӛп  қажет  ететін  Парсы  шығанағында  халық  біршама 
тығыз коныстанған. Аймаққа Оңтҥстік және Оңтҥстік-Шығыс Азия елдерінен жҧмыс кҥші 
кӛптеп  тартылады.  Шығанақ  елдерінің  ішінде  Сауд  Арабиясы  мен  Кувейттегі 
иммигранттардың  саны  XXI  ғасырдың  басында  1,0  млн-нан  асып  кетті.  Егер  Сауд 
Арабиясы  мен  Кувейттегі  мҧнай  ӛнеркәсібі,  қҧрылыс,  кӛлік  және  қызмет  кӛрсету 
шеңберіндегі  жҧмысқа  тартылғандардың  60%-ы  шеттен  ауып  келгендер  болса,  Біріккен 
Араб Әмірлігінде олардың ҥлес салмағы 85%-дан асады. 
Жалпы,  Азияның  дамушы  елдеріндегі  халықтың  1  км
2
-ге  шаққандағы  орташа 
тығыздығы 75 адам. Әсіресе халықтың орташа тығыздығы Сянганда ӛте жоғары. Азияның 
дамушы елдерінің кейбіреулерінде (Сауд Арабиясы, Қазақстан, Тҥрікменстан, т.б.) халық 
ӛте сирек орналасқан. 
Этникалық  және  діни  құрамы.  Урбандалуы.  Азия  халқының  этникалық 
 қҧрамын  тек  Африкамен  ғана  салыстыруға  болады.  Мҧнда  ӛте  кӛп  ҧлттар  мен  ҧлыстар 
тҧрады.  Олар  9  тілдік  топты  қҧрайды.  Бҧл  топтағылар  600-ден  аса  тілге  бӛлінеді.  Саны 
жӛнінен ең кӛп ҧлттарға кытайлар, хиндилер, бенгалдар, бихарлар, т.б. жатады. 
Азия елдерінің діни қҧрамы ӛте кҥрделі. Оған негізгі себеп, дҥние жҥзіне белгілі ірі 
6  діннің  тӛртеуі  осы  Азияда  шыққан.  Оңтҥстік-Батыс  Азиядан  шыққан  индузим  мен 
христиан діндері дҥние жҥзіне тараған. Ислам діні VI—VII ғасырларда Арабия тҥбегінде 
қалыптасты. Қазір I дҥние жҥзінің барлық жеріне тараған. Олардың жалпы саны 1,2 млрд 
адамды  қҧрайды.  Ислам  дінін  ҧстанатын  елдер  Африканың  батысынан  (Мароккодан) 
Азияның  Қиыр 
шығысына  дейінгі  (Индонезия,  Шығыс  Тимор)  аралықта  созылып  жатыр.  Азиядағы  17 
елде ислам негізгі дін болып саналады және басым бӛлігі сунниттік ағымды ҧстанады. 
Азияда  урбандалу  процесі  дҥние  жҥзінің  басқа  қҧрлықтарымен  салыстырғанда 
әлдеқайда  тӛмен.  Сондықтан  Азияны  кейде  "Дҥниежҥзілік  ауыл"  деп  те  атайды.  Соған 
қарамастан  дҥние  жҥзіндегі  қала  халқының  50%-ға  жуығы  Азияда  орналасқан. 
Қҧрлықтағы қала тҧрғындарының ҥлес салмағы бар жоғы 30% ғана. Қала тҧрғындарының 
ең тӛменгі мӛлшері Бутан (15%) мен Непалда (9%) тіркелген. Урбандалу тӛмен болса да, 
XXI  ғасырдың  басында  дҥние  жҥзіндегі  ең  ірі  23  қаланың  12-сі  Азияда  орналасты. 
Азиялық  алып  қалалардың  ерекшелігі,  оларда  халық  мӛлшерден  тыс  кӛп  тҧрады. 
Қоныстану  тығыздығының  абсолютті  рекордшысы  болып  Сянган  (Гонконг)  қаласы 
саналады. Мҧнда 1 км
2
-ге 90 мың адамнан келеді. 
Азия қалаларына тән тағы бір ерекшелік — олардың жасының ҧзақтығында. Мҧнда 
б. з. б. XXII—XX ғасырларда дҥние жҥзіндегі ең ежелгі қалалар пайда болған.  Олардың 
ішіндегі ең әйгілісі Вавилон (Бабилон б. з. б. VII ғасыр). 
 

Тақырып №2 Бірінші дүниежүзілік соғыс 
 
Бірінші дүниежізілік соғыстың шығу себептері және оның сипаты 
Империалистік дәуірде
 жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші 
дҥниежҥзілік соғыс
 болды. 
XX ғасырдың
 басында халықаралық жағдай кҥрт шиеленісіп, 
ірі 
мемлекеттер
 арасындағы бақталастық 
кҥрес
 кҥшейді. 
Англия
 дҥниежҥзілік шеберхана 
атанған дәрежесінен ӛнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын 
біріктіру арқасында және 
Француз
–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк 
контрибуция алған 
Германия
 ӛз экономикасын жедел дамыту мҥмкіндігіне жетіп, 
ӛнеркәсіп ӛнімдерін шығаруда Англияны ҥшінші орынға ығыстырып, дҥиие жҥзінде 
АҚШ
-тан кейінгі екінші орынға шықты. 
1912
 жылы мысалы, 
Германияда
 17,6 миллион 
тонна шойын қорытылса, 
Англияда
 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық 
қуатыныц шапшаң ӛсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық 
аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бӛлісуге, еуропалық континентте билік 
жҥргізуге тырысты. 
 
Германияның кҥшеюі 
Еуропадағы
 басқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе 
отарлап алған жері жеткілікті әрі ӛнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік 
елдерді ― Франция мен 
Ресейді
 қатты алаңдатты. Оның ҥстіне герман–австриялық одақ 
шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің 
Еуропадағы
 салмағын кҥшейтті. Осы қҧрылған ҥштік одаққа жауап ретінде 
орыс-француз 
одағы
 пайда болды. Бҧл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бӛліп, екі жақты 
шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті. 
Алайда, британиялык басқарушы топтар осы екі тогопистік одаққа деген қарым 
катынасын бірден айқын ҧстаған жоқ. Ӛйткені, ағылшын империалистерінің француз және 
ресейлік империалис-теріне карағанда карама кайшылықтары кҥрделі еді. Тіпті 
Англия
 
алғашқы империалистерінің Еуропадағы ықпалының ӛзінің орыс және француз 
бақталастарын әлсіз деп ессптеді. Ресейді әлсірету мақсатымен британиялық басшылар 
1902 жылы ағылшын-жапон одақ шартын жасады. 
Жапония
 мҧны ӛзінің Ресейге қарсы 
соғысында шебер пайдаланды. 

 
Дегенмен, германдық сауданың ӛсуі, оның жаңа нарықтарды иемденіп, одан ағылшын 
бҧйымдарын ығыстыра бастауы Англия мен Германия арасындағы қатынасты қиындата 
тҥсті. 
Германияның қуатты әскери-теңіз флот қҧру ҥшін бағдарлама жасауы Англияның 
сыртқы саясатына кҥрт ӛзгерістер енгізді. 1904 жылы бҧл елде Франциямен жақындасу 
ҥшін ірі қадамдар жасалды. Бҧл Англия мен Ресей арасындағы қарым-катынастардың 
жақсаруына алғы шарт жасадьі. Патша ӛкіметі Антантаға тәуелді еді. 1908 жылы оның 
шет елдерге борышы 8 миллиард сомға тең болды. Оның ҥстіне Ресей Англия меи 
Францияның кӛмегі арқасында бҧғаздарды пайдалануға ҥміт етті. Ал 
Антанта
 
Германиямен ҥлкен соғыс бола қалған жағдайда Ресейдің ірі -әскери кҥшін пайдаланбақ 
еді. Бірақ ағылшын-орыс қатынастарын жақсарту ісі қиындыққа тҥсті. Ең алдымен олар 
ӛздерінің 
Иран

Ауғанстан

Тибеттегі
 бақталасты істерін реттеді. Ақырында орыс-француз 
одағы мен ағылшын–француз 
Антантасы
 бірігіп, ҥштік келісімге айналды. 
Бір-біріне қарама-қарсы Ҥштік Одақ пен Ҥштік келісімнің қҧрылуы басты 
империалистік мемлекеттер арасындағы кҥресті одан әрі ҥдетті. Алайда, одақ қҥрамына 
кірген мемлекеттер арасындағы ӛзара қайшылықтар жойылған жоқ. Мәселен, 
Италия
 мен 
Австрия

Венгрия
 монополистерінің ӛзара қақтығыстарының ӛршуі нәтижесінде Италия 
ӛзі кірген Ҥштік Одақтан 1909 жылдан бастап іргесін аулақ сала бастады. Ал, Австрия–
Венгрия ақырында Герман империялистерінің жандайшабына айналды. 
Ҥштік келісімдегі жағдай да осындай еді. Ӛзара қырқыс тоқталмаганымен, кҥш алып 
келе жатқан жас герман империализмі алдында біршама жҧптарын сақтай білді. Мысалы, 
Мароккадағы імпериалистік билік ҥшін таластың арты 1911 жылы герман-француз 
соғысына айналу қаупі туған кезде Англия батыл тҥрде Францияны қолдады. Германия 
шегінуге мәжбҥр болды, оның солтҥстік Африкада отарларға ие болу ойы іске асқаң жоқ. 
Антанта Ҥштік Одаққа жік салу арқылы әлсіретуге тырысты. Оған 1911 жылғы 
Тҥрік

Италия
 соғысын пайдаланды, Антанта Италияны қолдады. Ал Германия Тҥркияға кӛмек 
кӛрсете алмады. Себебі Австрия–Венгрия, Италия және Германия одақтастар еді. 
Соғыстың нәтижесінде Италия Ливияны билеу қҧкына ие болды. 

 
Екі империалистік блоктардың арасындағы кҥрес 1912–1913 жылдары Балқан 
соғыстарында жалғасып ақырында бірінші дҥниежҥзілік соғыстың басталуын тездетті. 
Бірінші Балқан соғысы
 (9.Х.1912—30.V.1913) Балқан одағы мен Тҥркия арасында болды. 
Балқан одағының қҧрамына 
Болгария

Сербия
, Грекия және Черногория кірді. Оның 
қҧрылуына Ресей мен Антанта белсене қатысты. Осы Одақ арқылы олар Германияның 
Оңтҥстік және Оңтҥстік-Шығыс Еуропадағы ықпалын әлсіретуге тырысты. Алайда, бҧл 
бағытта Англия екіҧшты саясат жҥргізді. Ол бҧл ауданда Германияны әлсіреткісі 
келгенімен, Ресейдің ықпалының ӛсуін қаламады да, Тҥркиядан біржола қол ҥзгісі келмеді 
және Ресейдің бҧғаздарды пайдалану ниетіне онша қолдау жасамады. Ірі мемлекеттерден 
қолдау таппаған Тҥркия жеңілді. Лондон бітімі бойынша Тҥркия 
Стамбул
 мен Шығыс 
Франциядағы шағын жерден басқа барлық еуропалық аймағынан айырылды. Германия 
тағы да батылсыздық кӛрсетті. Соғыстан Балкан одағы нығайып шықты. Болгарияның 
шоқтығы биіктеді. Балкан тҥбегінде Антанта бағыты кҥшейді. 
Әйтсе дс Балкан одағының мемлекеттері ӛз жеңістерінің нәтижелерін бӛлісе алмады. 
Оны Герман-Австрия топтары пайдаланып, болгар-серб одағын кҧлатудын бар амалын 
істеді. Олар Болгарияны қолдады. Ал Сербия мея Грекия оған қарсы жасырын келісімге 
келді. Екінші Балкан соғысына әкеп соқты (29.VI—10.VIII.1913). Онда Грекия, Сербия 
және Черногория Болгарияға қарсы соғысты. Оларға Румыния мен Тҥркия қосылды. 
Соғыс Болгарияның женілуімен аяқталды. 
Бухарест бітімі бойынша Болгария 
Румынияға
 Оңтҥстік 
Македония
 және Батыс 
Фракеяның
 бір бӛлігін, Сербияға Солтҥстік Македонияны тҧтас дерлік берді. Балкан 
соғыстары жалықтарға қайғы-қасірет әкелді. Онда 
Черногория
 11,9 мың, Грекия 68 мың, 
Сербия 71 мың, Болгария 156 мың, Тҥркия 156 мың адамынан айырылды. 
 

Бҧл соғыстың қорытындысында герман дипломатиясы жетістіктерге жетті. Балкан Одағы 
жойылды. Болгария Антанта ықпалынан кетті. Оның есесіне Румыния Австрия 
ықпалынан кетіп, Ресеймен жақындасты. Сӛйтіп, Балкан тҥбегіндегі бірінші топ – Сербия, 
Черногория, 
Грекия
 және Румыния Антантадан қолдау тапты, екінші топ Болгария мен 
Тҥркия Германиямен бірікті.Осы жагдайда 23 маусымда Сараевода австрия тағының 
мҧрагері принц Франц Фердинанд ӛлтірілді. Венада қатты абыржушылық байқалды. 
Австрия ҥкіметі бір айға жуық ҥн-тҥнсіз жатып алды. Тек қана Германияның 
желпінтуінен ғана шілде айында Сербияға қарсы ҥзілді-кесілді талап қойылды. Ол 
қойылған он шарттың тоғызын қабылдайтынын мәлімдеді. Тек тергеу ісін жҥргізу ҥшін 
австриялықтарды ӛз жерлеріне жіберуге қарсы болды да, барлық даулы мәселелердің 
тӛрелігін Гааглық трибунал шешсін деп сауал салды. Алайда Австрия–Венгрия 28 шілдеде 
Сербияға соғыс жариялады. Оған жауап ретінде Ресей мобилизацияға кірісті. Германия 
1914 жылдың 1-ші тамызында Ресейге, тамызда Францияға соғыс жариялады. 5-ші 
тамызда Англия ресми тҥрде соғысқа кірісті. Осы жағдайда АҚШ бейтараптық сақтады. 
Ал Тҥркия мен Болгария австро-германдық блок жағына шықты. 
Бірінші дҥниежҥзілік согыстың басталуына Германия мен Англия арасындағы 
антогонизм шешуші роль атқарды. Осы басты қайшылықпен қатар Германия мен 
Францияның 
Эльзас
 және 
Лотарингия
 ҥшін, Германия мен Ресейдің 
Константинополь
 
және бҧғаздар ҥшін, Ресей мен Тҥркияның 
Армения
 және Константинополь ҥшін, Австрия 
мен Ресейдің Балкан ҥшін, Австрия мен 
Италияның
 
Албания
 ҥшін талас-тартыстары себеп 
болды. 
 
Бірінші дҥниежҥзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік 
соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жҥргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің 
империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ҧсақ елдерді қайта бӛлісу ҥшін 
ҧрыс дала ҧрыс даласына шықты. Бҧл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тҧрды. Бірі 
Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы ҥш ірі мемлекет 
бірінші дҥниежҥзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары 
еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп қҧрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 
мемлекет кірді. Тӛрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, 
Тҥркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — 
Англия

Ресей

Франция

Бельгия

АҚШ

Португалия
, (бәрінің де отарлары бар) 
Сербия

Жапония

Румыния

Грекия

Черногория
 
және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион 
адам шақырылды. Оның ішінде 
Германия
 – 13,2 миллион, 
Австрия-Венгрия
 – 9 миллион, 
Тҥркия
 – 1,8 миллион, 
Болгария
 – 1 миллион, 
Ресей
 – 19 миллион, 
Англия
 – 9,4 миллион, 
Франция
 – 8,1 миллион, 
Италия
 – 5,6 миллион, 
АҚШ
 – 3,9 миллион, 
Румыния
 – 1 миллион 
және тағы басқалар.s
[1][2]
 
 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал