Тақырып №1 Кіріспе. Пәннің мақсат, міндеті мен зерттеу объектісі



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/14
Дата09.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Тақырып №1 Кіріспе. Пәннің мақсат, міндеті мен зерттеу объектісі 
«Қоғам»  деген  ұғым  әлеуметтану  ғылымының  басты  категориясы  болып 
табылады.  
Күнделікті  ӛмірде  бұл  ұғым  кең  түрде  және  әр  түрлі  мағынада  қолданылады. 
Мәселен, 1) тандаулы адамдарың қоғамы, 2) театр ӛнерін сүюшілер қоғамы; 3) 
Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. 
Әлеуметтану  ғылымы  осы  аталғандардың  ішіндегі  үшінші  топтағы  «қоғам» 
ұғымын зерттейді.  
Кӛп  уақытқа  деін  «мемлекет»  және  «қоғам»  ұғымдарын  мазмұн  және 
терминологиялық  жағынан  айырып  кӛрсету  болмады.  Бұл  ұғымдардың 
мазмұнын  айыруда  алғаш  қадам  жасаған  итальяндық  ғалым  Н.  Макиавели 
болды.  Осы  мемлекет  ұғымын  «қоғам»  ұғымынан  айырып  қарау  үшін  «stato» 
деген ернайы термин енгізді.  
Бұл  аталған  ұғымдардың  айырмашылығын  немістің  ұлы  философы  гегель 
теориялық жағынан негіздеп, дәлелдеді.  
«Мемлекет»,  «қоғам»,  «ел»  деген  ұғымдарды  синоним  ретінде  түсіну  әлі  де 
кездеседі. Әрине, бұл атаулардың жақындық болғанымен, оларда айырмашылық 
бар.  Егер  біз  оларға  жеке  тоқталсақ,  қоғам  –  бір-бірімен  ӛзара  байланыста, 
қарым-қатынас  болатын  адамдардың  үлкен  қоғамдасуы;  мемлекет  –  со 
қоғамдағы  басқаратын  билік  органы;  ел  -  әлгі  аталған  қоғам  қалыптасып, 
мекендейтін белгілі бір территория.  
Ғылыми 
әдебиеттерде 
«қоғамның» 
мәнін 
түсіндіруге 
бағытталған 
анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген 
ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ 
сипатты белгілер бар.  
Мәселен,  әлеуметтанудың  негізін  қалаушы  француз  ғалымы  Огюст  Конт 
қоғамды  белгілі  бір  қызмет  атқаратын,  ынтымақтастық  пен  қоғамдық  еңбек 
бӛлінісіне  негізделген  жүйе  деп  тұжырымдай  келе  қоғамның  негізін  отбасы, 
таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.  
Француз  әлеуметтанушысы  Эмиль  Дюркгейм  қоғамды  коллективтік  санаға 
негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастанқылық сипаты бар рухани 
нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, 
жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.  
Кӛрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам – адамдардың бір-біріне ықпал, әсер 
етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.  

Американдық 
әлеуметтанушы 
Парсонстың 
пікірінше, 
қоғам-адамдар 
арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым-қатынастардың негізі – 
ережелер (нормалар) менқұндылықтар болып табылады деген.  
Ал,  К.  Маркс  қоғамды  адамдардың  бірлесіп  қызмет  етулерінің  нәтижесінде 
пайда  болып,  тарихи  дамып  отратын  қатынастардың  жиынтығы  ретінде 
түсіндіреді.  
Бұл  анықтамалардың  бәріне  тән  ортақ  сипатты  белгі  –  қоғамды  ӛзара  тығыз 
байланыста  болатын  элементтердің  тұтас  жүйесі  ретінде  қарастыру  тән.  Бұл  – 
қоғам ӛміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.  
Қоғамға  жүйелік  тұрғыдан  қараудың  негізгі  принциптеріне  кӛшпес  бұрын, 
алдымен жүйе (система) дегенге анықтама бере керек. Жүйе - ӛзара байланыста 
болып,  белгілі  бір  тәртіпке  келтірілген  элементтерден  тұратын,  ӛздігінен 
дамитын  және  ӛзін  ӛзі  реттеп  отыратын  күрделі  тұтастық.  Кез  келген  тұтас 
жүйенің  ішкі  табиғатын,  мазмұнын  оны  құрайтын  элементтердің  құрамы 
анықтайды.  Қоғам  -  әлеуметтік  жүйе.  Ал,  әлеуметтік  жүйе  деп,  негізгі 
элементтері  адамдар  арасындағы  ӛзара  байланыстар  мен  қарым-қатынастардан 
тұратын , ӛзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.  
Жекелеген  адамдар  және  адам  топтарының  арасында  болатын  байланыстар, 
қарым-қатынастар және ӛзара ықпалдасу тұрақты сипатта болады және тарихи 
дамып, бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа ауысып отырады.  
Әлеуметтік  байланыстар  –  фактілердің  жиынтығы.  Ол  белгілі  бір  адамдар 
немесе  адамдар  тобының  арасында  нақты  бір  уақытта  бірлесе  қызмет  ету 
нәтижесінде  пайда  болады.  Ол  байланыстар  объективтік  қажеттіліктен 
туындайды және белгілі бір мақсатты кӛздейді.  
Әлеуметтік ӛзара ықпалдасу – бұл да жеке адамдар мен адам топтарының бір-
біріне  әсер  немесе  ықпал  етулерінің  нәтижесіде  пайда  болатын  процестер. 
Күнделікті ӛмірде адамдар ӛздерінің іс-әрекеттері арқылы басқаларға әсер етеді. 
Соның  нәтижесінде  шағын  топтарда  немесе  тұтас  қоғамда  ӛзгерістер  болып 
отырады.  
Әлеуметтік  қарым-қатынастар  –  адамдар  және  топтар  арасында  болатын 
салыстырмалы  түрдегі  біршама  тұрақты  байланыстар.  Кез  келген  адам  ӛз 
ӛмірінде  сан  қилы  қатынастраға  түседі.  Мәселен,  ӛзінің  отбасымен,  туған-
туысқандарымен  –  туыстық  қарым-қатынаста  болса,  құрбылармен  –  достық, 
жолдастық  қатынаста;  ӛндірісте  –  еңбек  қатынасында;  билік  орындарымен  – 
саяси қатынас орнатады.  
Сонымен,  қоғамның  тұтастығын  осы  жоғарыда  айтылған  әлеуметтік  мәні  бар 
байланыстар,  қарым-қатынастар  және  адамдардың  ӛзара  әсерлесуі  қамтамасыз 
етеді. Бұлар жеке тұлғалардан жоғары тұрады. Ӛйткені қоғамның әрбір адамға 
қарағанда  бастапқылық  сипаты  бар.  Адам  ӛз  ӛмірін  бастағанда  әлгі  айтылған 

әлеуметтік  қарым-қатынастар  мен  байланыстарға  тап  болады.  Ӛзінің 
әлеуметтенуінің барысында адам оларға араласады.  
Әлеуметтік  жүйедегі  элементтердің  (адамдардың)  орналасуында  белгілі  бір 
тәртіп  болады.  Басқаша  айтқанда,  әлеуметтік  жүйе  элементтердің 
координациясы мен субординациясынан тұрады.  
Кооридинация – жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы 
белгілі  бір  келісім.  Яғни,  қоғам  мүшелері  бір-бірімен  ӛзара  келісімде  ӛмір 
сүрулері қажет.  
Субординация  –  тұтас  жүйедегі  элементтердің  тең  емес,  әркелкі  маңызынан 
туындайтын билеу және тәуелді болу қатынастары. Бұл – қоғамда иерархия бар 
деген  сӛз.  Ал,  қоғамның  қалыптасып,  дамуында  биліктің  маңызы  орын 
алатындығы баршамызға мәлім.  
Әлеуметтануда  қоғамға  жүйе  тұрғысынан  қарау  детерминистік  кӛзқараспен 
толықтырылады.  Бұл  теория  марксизмде  айқын  кӛрініс  тапқан.  Маркстік  ілім 
бойынша,  қоғамның  ӛзі  экономикалық,  саяси,  әлеуметтік  және  идеологиялық 
деген жүйелерге жіктеледі. Олардың арақатынасы себеп-салдарлық байланысқа 
негізделген.  Яғни,  әр  жүйе  ӛз  алдына  жеке  дара  емес,  керісінше,  басқалармен 
ӛзара  тығыз  байланыста  болады.  Марксизм  бұл  жүйелердің  ішінде 
экономикалық  жүйеге  басты  орын  береді.  ӛйткені  экономикалық  жүйенің 
негізінде  материалдық  игіліктер  ӛндірісі  қоғам  мүшелерін  ӛмір  сүруге  қажетті 
алғышарттармен  қамтамасыз  етеді.  Бұл  аталған  жүйе  қоғамның  негізі  болып 
саналады  және  әлеуметтік,  саяси,  идеологиялық  салалармен  ӛзара  тығыз 
байланыста болады 
Тақырып №2 Философия қоғамның барлық саласын зерттейтін ғылым 
 «Біздің заманда  физиктер философия проблемаларын бұрынғы физиктерден қарағанда 
аса үлкен дәрежеде қарастырады. Бұған оларды ӛз мамандықтарының қиындықтары 
мәжбүрлейді» 
А. Эйнштейн. 
Кіріспе 
Ғылым да сарқырап ағып жатқан ӛзен тәрізді,ӛзен ӛз сағасын  кеңіне жайып, күш жинаған 
кезінде жақсы кӛрінеді,  бірақ оған  бірнеше  кіші ӛзен салалары келіп құйады, және ең 
басты саласын бірден ажырату  мүмкін емес. Біреулер  ғылымның   дамуын  ата-
бабамыздың тұрмыс- тіршілігін дамуынан пайда болды десе, келесілері сонау тас 
дәуіріндегі  адам әлем туралы білімін жинап, таратуынан деседі. Енді  біреулер бірінші 
орынға ежелгі Грециядағы біздің дәуірімізге дейінгі ғасардың бірінші жартысында 
философиядғы  дәлелденген білімнің пайда болуымен ұштастырады. 
Ғылым сағасының кӛзге кӛрінер анық кезін ХІХ—ХХІ ғасырыда десек , алғашқы 
ӛзекшелерін  бастауын Ежелгі Грекциядан ақ  кӛреміз:  Платонның сезімге тәуелсіз  
тәжірбиелік білім эпистемасы, Аристотоельдің танымдық және логикалық теориясы және 

т.т. жатқызамыз.Одан әрі  дамыған философиядан онтологи және гнесиология ретінде 
қарстырылып, метофизика саласын бӛліп шығарды . Метафизиканы Аристотель ең бағалы 
ғылым ретінде және адам жетістігінің мақсаты деп кӛрсетеді.  Даму барысында ғылымдар 
әр түрлі салалаға бӛлініп кетті. Біздің заманымыздағы ғылымның әр түрлі салары ӛз 
бетінше дамығанымен олар бір бірінсіз маңызы жоқ және ажырамас заңдылықтарме 
байланысқан. Бұл салалардың барлығы кӛзге кӛрінбегенме олар ажырамаған, олардың 
барлығының мақсат мүдделері бір заман ағымында,  бір ізденіс бағытында даму үстінде. 
Ғылымдардың барлығы философиялық кӛзқарастың, ізденістің жемісі оның салдары. Біз 
оларды ажыратып қарастырсақ та оның маңыздылығы тұтастығында, яғни ғылымдар 
философиядан бастау алады және оны  дамытады. 
Негізгі бөлім 
Философия біздің ӛмірлік тәжірибеміздің бір бӛлігі  болып табылады.Біз мұны 
мойындасақ та, теріске шығарсақ та философиялық ой-толғаулар біздің күнделікті 
ӛмірімізді толықтырып, адамзат дамуының бүкіл ұзақ жолы ілесіп келеді. Философия 
б.з.д. VІ-V  ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адазат әлемі туралы, ондағы ӛзнің 
орны мен тағдыры туралы рационалды кӛзқарас қалыптастыра бастады. Философиялық 
рефлексияның пайда болуы күрделі үдеріс болыптабылды.адазат ойының дамуы 
архайкалық, фантастикалық, илюзиялық кӛзқарас қалыптастан оның рационалдық-
танымдық формаларына дейін ұзақ жолдан ӛтті. Әлемнің  рационалды түсіндірулеріне  ең 
алғаш қадам жасағандар  дүние құрылымы туралы ерекше ілімдерді тудырған мысырлық, 
вавилондық, үнді және қытай ойшылдары болды. Мысалы, ертедегі вавилондық 
матеметиктер мен астрономдар әлемнің глеоцентристік  картинасын қалыптастырып, 
алгебра, геометрияның негізін қаладығквадраттық және кубтық  түбірден шығару 
тәсілдерін меңгерді. Ежелгі үнді астрономдары 
Жердің шар тәрізді екендігін, оның  ӛз ӛсінен айналу туралы ойларын айтты, 
матиматиктері он мәнді жүйесін, цифрларды  белгілеуді ойлап тауып , тригонометрия 
негіздерін қалыптастырды. 
Ғылым философиясы—ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы  
білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылымда білімді  философияның 
гносеологиялық және методологиялық  тұрғыдан зертеудің   аздаған тарихы болғанымен, 
Ғылым философиясы –соңғы кезде  20 ғасыр  кеңінен тарй бастады. Ең алғашқы бұл 
термин логикалық позитивтер деп аталатын  философтардың еңбектерінде   қолданылып, 
ғылым тілін философиялық тұрғыдан  зерттеулер тек ғана формальдық (математикалық) 
логика шеңберінде болуы керек. Ал ғылыми ғымдарды  эмпирикалық, тәжірибе, байқау 
арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді. Ғылым, бұл концепция бойынша— адамның 
ең жоғарғы ісі, ал  ғылым философияның бір ғана функциясы осы жеке ғылымдарда, 
логикалық, методологиялық  тұрғыдан қамтамассыз етілуі. Бері келе ғылым философиясы  
біржақты екендігі байқалғаннан кейін оның проблематикасына  ӛзгерістер енгізілді. 
Қазіргі кезде ғылым философиясы  ғылымның құрылымы мен қатар, оның тарихын 
зерттеуге бет бұрып отыр. 
Ғылымдардың топқа жіктелуі—ғылымдардың ӛзара байланысы, олардың ғылыми 
білімдер жүйесәндегі,ең алдымен, әртүрлі ғылымдардың зертелеттін белгілі  бір 
принциптерге байланысты туындайтын ӛзара орналасу тәртібі, сондай-ақ олардың зерттеу 
әдісі. Ғылымдардың топңа жіктелуі формальды (үйлестіру принципіне негізделген) немесе 
диалектикалық  мазмұны (субординация принципіне негізделген) болады. Энгельс  « 
Табиғат диалектикасында» бұрынғы топқа жіктеудің (Сен-Симонның, Канттың және 
Гегельдің) бір жақтылығынан арылған ғылымдардың топңа жіктелуін жасады. Энгельс 

ғылымдардың топңа жіктелуін жекеленген ғылымдар зерттейтін материя 
қозғалысыныңформаларының ӛзінің және оолардың материалдық негіздернің 
(материалды дискретті түрлерінің) байланысы мен алмасуының бейнесі деп түсінеді. Ол 
бірқатар ғылымдарды механиканы , физиканы,химияны биологияны анықтады.Кейінен 
(биологиядан) Энгельс жасаған антропогенездің еңбек теориясы арқылы табиғаттан 
адамға тарихқа, жаратылыстанудан қоғамдық ғылымдарға және ойлау туралы  
ғылымдарға ойысы ашылды. Механикадан математикаға кӛшу жүзеге асырылды. Энгельс 
жекелеген ғылымдардың арасындағы ( қозғалыс формалары арсындағы (қозғалыс 
формалары арасындағы ) ойысуға баса назар назар аударды, бұл орайда қозғалыстың  
неғұрлым жоғары формасының мәні  бұл формалардан оның тӛменгі формаларымен 
байланысын тану тану арқылы ашылатыны басшылықа алынды, ол генетика жағынан 
туындайды және олар бағынышты формаларретінде кӛрінеді. Ғылымдарда бұдан былайғы 
саралау олардың барған сайын  күшейе түскен интеграциялануын,  бұрынғы бытырынқы 
ғылымдар мен қалған  арқау болып  тартылып жатқан неғұрлым жалпы сипаттағы 
ғылымдардың арасындағы ӛтпелі (аралық) ғылымдардың туу  жолымен біртұтас болып 
бірігуіне жағдай жасады. Жаратылыстану мен әлеуметтік ғылымдардың арасында 
техникалық ғылымдардың  арасында техникалық ғылымдар, ал жаратылыстану мен  тұр. 
Психологияның негізгі  салалары: зоопсихология мен жоғары нерв қызмет туралы ілім 
арқылы жаратылыстанумен, тіл білімі, педагогика, әлеуметтік  психология т.т.  арқылы 
қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Басқа ғылымдарға терең тамыр тартып 
жатқан және матиматикалық бӛлімнің  ӛкілі болып табылатын  кибернетиканың алатын 
орны ерекше. Жүйелі  талдау моделдеу және басқалар сияқты  ғылыми әдістер онымен 
ӛзара байланысты. Ғылымның қазіргі дамуы Энгельстің ғылымдардың топқа жіктелуінің 
алғашқы схемасына түбегейлі ӛзгерістер енгізді: Микродүние туралы жаңа ғылым 
(ядролық—субатомдық физика, кванттық механика,) аралық  ғылымдар пайда болды 
(биохимия, биофизика, геохимия ) барлық жерде ғылымдардың ӛзінің ерекше 
маткериалдық  қолданушысы бар неғұрлым ортақ абстрактілі және нақты ғылымдарға 
бӛліне отырып, күрделі тарамдану іске асады. Барлық жеке ғылымдар жалпы ғылым 
ретінде диалектикалық- материалистік философияда қамтылды. 
Философия-  ғылым  әлде ӛнер ме?Жоғарыда атап ӛткеніміздей, Дүниеге деген діни 
кӛзқарасқа қанағаттанбаушылық сонау кӛне заманның ӛзінде ақ пайда болып, аса ұлы 
тұлғалардың дүние  мен адам қарым -қатынасы жӛніндегі ақыл-ойға  негізделген 
сұрақтар мен жауаптарының дүниеге  келуіне себеп болды.Осы тұрғыдан алғанда« 
Философия—ақыл –оймен қаланған тарихи дәуір» деген  Гегельдің берген 
анықтамасында терең сыр жатса керек. 
Әрине, дін де философия сияқты сияқты шынайы ең биік рухани құндылықтардың, 
адамның ӛмір жолының адалдығын уағыздайды, бірақ олардың қайнар кӛзін «о 
Дүниеден»табады . Философияны алсақ, Кӛне Грециядағы алғашқы пайда болған « Милет 
мектктебі» ӛкілдерінің қойған: «Дүниенің негізі не жатыр?» —деген сұрағынан бастап, ос 
күнгі ойшылдардың: «Адамзаттың болашағы барма, ия болмаса ол ӛз-ӛз экологиялық 
апатқа, дүниежүзілік ядролық соғысға әкеліп ӛлтіреді ме?»—деген сұрағына дейін, 
бұлардың бәрі де ақыл –ой таразысына салынып, парсат шеңберінде талданады. 
Ғылыми таным өзгешелегі Кейде ғылыми білім ӛзге біліми салаларымен салыстырғанда 
ӛзінің жоғарғы дәлдігімен ерекшелеледі деп айтылады. Бұл рас болғанымен шешуші рӛл 
атқармайды. Бүгінгі күні техникада ғана емес, қоғамдық басқар жүйесінде де 
матиматкалық есептеулер,статистикалық мәліметтер, бүге-шүгесіне дейін дәл есептелген 
оспарлар мен бағдарламалар қолданылады. Дәлділік нақтылыққа қатынастың белгілі бір 
тәсілі ретінде күделікті ӛмірге де енді: темір жол және авиация кестелері дәл болып 
табылады, ол мемлекет қызметкерлеріне де, станоктағы жұмысшыға да, бухгалтер мен 

дәрігерге де қажет. Ғылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, кӛркемдік 
таным нақтылы тірі адамды бейнелі, кӛрнекілік тұрғыдан қарастырады деген пікір 
қалыптасқан. Бұл тұжырым белгілі мӛлшерде әділ болғаныменен, ол да ғылыми танным 
ерекшелігін кӛрсете алмайды. Бір жағынан, күрделі ғылыми абстракциялар құрастыру мен 
айналысатын ғылымға кӛрнекі бейнелерге,  аналогия мен метафораларға жиі жүгінуге 
тура келсе, екінші жағынан, суретшілер ( сұңғатшылар, мүсіншілер, жазушылар, сазгерлер 
және т.б.) ӛз шығармашылқтарында  дәл, логикаық, кіршіксіз ұғымдарға, пікірлермен 
әдістерге сүйеніп  отрады. Мұны, мысалы, Шостаковичтің бірқатар симвониялары 
бағдарламаларын музыклық мәтінмен салыстырғанда айқын аңғаруға болады. Дәл, 
ұғымдарға бейнеленген білімдер  кӛптеген ірі жазушылардың шығармашылығының 
негізін құрайды( Пушкин, Толстой, Чехов). Бұл ұғымдық және бейнелік  танымдар  бірін-
бірі теріске шығармайтындығын кӛрсетеді. Олар әр түрлі «дозаларда» ғыыми 
шығармашылықта да , кӛркемдік шығармашылықта да  кездеседі. Бұл тұрғыда философ-
неопозитивистердің ғылыми білім ерекшелігін  эмперикалығы, яғни білімнің бүкіл 
мазмұны бақылаулура мен эксперименттерді сипаттау арқылы ғана анықтайтын пікірмен 
келісуге болмайды. Білім формасы түріндегі және және оның ӛзге формалардан  
артықшылығы, ғылымның теориялық  білімдер жүйесі түрінде ӛмір сүруінде. Ғылыми 
білімнің ең жетілге формасы теория болып табылады. 
Теория – бұл тәжірибенің , практиканың  немесе бақылаудың қортындылануы деп жиі 
айтылады. Кез –келген қортынды жекелеген заттармен, жағдайлармен  және үдерістермен 
бірқатар бақылаулар , эксперименттер мазмұнын құрайтын ортақ жлпылықты ерекшелеп 
бекітеді. 
Бірақ барлық қортынды ғылыми ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық бола 
алмайды.Біз обьективті  әлем заңдары мен ғылым заңдары арсындаы маңызды 
айырмашылық пен  тәуелділікті анықтай аламыз 
Бастапқы кӛптеген заңдар ғылым заңдары гипотеза (гекше hipothesis—негіз, жорамал) 
формасында кӛрінеді. Гипотезалар—бұл толығыменен бекітілмеген, дәлелденбеген , 
белгілі мӛлшерде ғана негізделген  болжамдар, жорамалдар. Екі топқа бӛлінеді: айғақты 
және  теориялық гипотезалар. Алғашқысы жекеленген заттар, жағдайлар мен үдерістер 
туралы болжамдар мен жорамалдар.  Мысалы, оған Ай беткейінің құрлысын зерттегендегі 
болжамдарды тексеріп , нақтылы тәжірибелік  зерттеуден алынып, теріс тұжырымдар 
фальсификацияланады.  Теориялық гипотезаларға   Мендельеевтің химиялық элементтер 
қасиеттері ӛзгеріп және мерзімді  түрде  қйталанып отырады деген бастапқы болжамын 
жатқызуға болады. Осы жорамал негізінде жаңа химиалық элементтер мен олардың 
қаситттері боланды. Бұл болжамдар дәлелденгеннен кейін гипотезаны ұсыныс ретінде  
емес, берік, ғылыми дәлелденген заң ретінде қарастыра бастады. Теориялық гипотезалар 
бастапқыда қызық әрі фантстикалық болып кӛрінуі мүмкін. Ф.Энгельс гипотезаны 
«жратылыстаным дамуының формасы» деп атайды.    
Ғылыми танымның артықшылығы  адамның кезкелген әрекеті қандай да міндеттерді және 
мәселелерді  шешуді білдірді. 
Оның бірі – ӛндірістік міндеттер—материалдық игіліктерді игеруге бағытталған. 
Келесілері—саяси міндеттер—саяси мақсаттарға жетуге бағытталған.Қазіргі ғылым 
қалыптасқанға дейін танымдық міндеттер ӛте жай және ұзақ уақытта шешілетін еді. Ал 
бүгінгі күнгі  техникалық дамудың ӛте жедел қарқыны күннен-күнге ашылп жатқан 
ғылыми жаңалықтардың үдемелі жылдамдықпен ӛндіріске еніп жатумен де сипатталады. 
Танымның жалпы ғылыми әдістері 

Жюль Верннің  атақты «Капитан Гранттың балалары» романы кейіпкерінің бірі геоеграф 
Жак Паганель бірде  ӛзінің серіктестеріне құс жұмыртқасын дайындауың жүзге жақын 
тәсіл  болатынын айтқан еді. Әрине, бір ғана нәтижеге бірнеше, тіпті жүздеген 
тәсілдермен жетуге болады. Күнделікті ӛмірде болсын, ӛнеркәсіп ӛндірісінде немесе 
ғылыми эксперимнтте , бір ғана міндетті әр түрлі  жолмен, әрекетермен, операциялармен, 
рәсімдермен, шешетн жағдайлар жиі  ұшырасады.Оның ішінде жақсы таңдау кейде 
экономикалық тиімділігімен, ейде техникалық мүмкіндігімен, ал кейде мәндетті түрде аз 
уқытта шешу қажеттіліктерімен байланысты болды. Бұл жағдайлардың барлығында 
мамандар не дайын, жинақталғантәжірибеге сүйенеді, не болмаса берілген міндет пен 
оның шешілу шартына неғұрлым сәикес әрекет тәсілін ойлап табады. Бұл шешімнің 
барысында, мысалы, берілген  бӛлшекті  үлгіге салу әдісі немесе металды кесу  тәсілі 
арқылы даярлау, руда ӛндіріуді ашық немесе жабық тәсілмен  жүргізу және т.б. 
жағдайларда мамандарға  терең философиялық танымға,  методология  мен гнесологияға  
жүгінудің  қажеті шамалы. Бұл мақсат үшін нақтылы техникалық білім, тәжірибе 
жеткілікті. Алайда, ӛзінің табиғаты   жағынан әмбебап әдістерді қажет ететін және жалпы 
танымның терең негіздерімен, кӛбіне ғылыми таныммен байланысты міндеттерде 
кездеседі.  Мұндай жағдайда сәйкес міндеттерге философиялық және гнесеологиялық 
талдау жасамауға  болмайды, ӛйткені таңдалған әдістің танымдық   міндеттерді шешуге 
жарамдылығы алынған білімнің шынайылығына, жалп ғылыми талаптарға  сәйкестігімен 
тікелей сипатталады. 
Әр түрлі  ғылымдар ӛздерінің арнайы міндеттерін шешуүшін қолданылатын сан-алуан 
тәсілдермен ӛзге ғылыми білімнің  ӛзін даярлайтын және құрылымын реттейтін  барлыұ 
ғылымдарға ортақ кейбір ішіндегі ең маңыздыларын қарастырайық. 
1.
 
Абстракциялықтан нақтылыққа көшу әдісі. Әрбір  теорияның негігі 
тұжырымдары, яғни оның пастулуаттары,  принциптері мен аксиомалары  
осылардан туындайтын  бүкіл білімнің іргетасын құрайды. Сондықтан да  бұл 
тұжырымдарға  енген абстракциаларды фундаментальды (іргелі) деп атайды. Әрбір 
ғылыми теорияның абыройы түпкі фундаментальдық абстрциялар қаншалықты 
дұрыс қалыптасқанына, олардың зерттелетін обьектілір арасындағы терең ішкі 
байланыстарын  қаншалыұты дұрыс бейнелейтініне байланысты. «Абстрактылы» 
және «нақтылы» деген қарама- қарсы  категориалардың терең  диалектикалық 
бірлігін анықтай отырып,  К. Маркс былай деп жазады: «Нақтылық – кӛптеген 
анықтамалардың  синтезі болғандықтан, «алуантүрлілік тұтастығының» жалғасы 
болғандықтан ғана нақтылық». 
Зертеудің тарихы және логикалық әдістері неокантшыл  философтар Риктер мен 
Виндельбанд және сыншыл роционализм  кӛсемі Поппер  айтқандай бірін -бірі 
теріске шығармайды, керіснеше, бірін -бірі  толықтырады. Осылайша дамушы және 
қызмет етуші жүйелердіі зертеудегі  тұтастықты бекіту үшін және жүйелерді  
функционалдық,  тарихи-генетиалық кӛзқарас  тұрғысынан сипаттайтын  
теорияларды  келісімге келтіру үшін негіз қалптасады.  
2.
 
Үлгіліеу әдісі және жүйелік прнципіҚандай да бір себептер мен тікелей зертеуге 
кӛнбейтін әйтеуір бір обьекті зерттеу  қажет деп алайық , сонда үлгілеу үдерісі 
қолданылады . Мұндай үлгілер кӛбіне математикалық үлгі болып табылады және 
ӛзіне арнайы  бағдарламалар мен қазіргі кезде тез қимылдайтын ЭЕМ –ын 
қолдануды қажет етеді. Жүйелілік басқарудың басты міндеті  күрделі прототипті  
дұрыс қарапайымдандыру мен зерттеуге оңай үлгінің  қарапайым түрін құрастыру 
екендігін  кӛрсетеді.  Ол зерттеу барысында ешқандай ақпарат жоғалтпайтындай, 
оның күрделі жүйелік прототипке қайта ӛту мүмкіндігінің    міндетті түрде сақталу 
шартын қанағаттандыруы тиіс. Үлгілеу әдістері үлгі типтері сияқты қазәргә 
ғылымда ӛте алуан түрлі. Мұнда жалпы философиялық және методологиялық  

мәселе әр түрлі материалдық, белгілік жүйелердің ӛ зара байланысын терең 
түсінуге жетуде.Бұл түсініктің негізі қарама қайшылықтың ӛзара байланысы  мен 
тұтастығы  алуан түрліліктің  бірлігі философиялық принциптері болып   
табылатыны анық.  


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал