Тақырыбы: Smart технологиялар. Smart қызметтерді пайдалану



жүктеу 21.16 Kb.
бет1/2
Дата04.11.2022
өлшемі21.16 Kb.
#23330
  1   2
Документ (1)

Тақырыбы:Smart технологиялар.Smart қызметтерді пайдалану

1.Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Smart Технологиясының негізгі ұғымдары
Smart Технологиясының артықшылықтары
Smart оқыту
Блок чейн технологиясы
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер


2.SMART технологиясы — жүзеге асатын мақсаттарды қалыптастыру
үшін заманауи тәсіл. Яғни, ақылды технология, ақылды техника,
пайдалануға ыңғайлы, мейлінше ықшам, көп функциялы
құрылғыларды атаймыз.Педагогикалық үдеріс тұрғысынан
қарастыратын болсақ, оқытудың бұл түрі электронды оқыту, мобильді
оқыту, кез келген жерде, кез келген ортада оқыту деген мағынада
жұмсалады. SMART –мақсат бойынша басқарудың белгілі әдісі.
Specific
Measurable
Relevant
Achievable
Time
Bound

3.Бүгінгі таңда кез келген мұғалім қайда жұмыс жасайтынына, қандай пәнді
жүргізетініне қарамастан, ол интерактивті технологияларды пайдалану
саласында құзыретті болуы қажет. Шынында да, интерактивті технологиялар
ақпаратты ұсыну, мұғалімнің жұмысын жеңілдететін құрал ғана емес, сондайақ кәсіби міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін бүкіл білім беру үрдісін
өзгерту құралы болып табылады. ХХІ ғасыр –технология ғасыры
болғандықтан, Қазақстан әлем бойынша ең жаңа деген оқу формаларын
зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту жасап келеді. [2]. Сонымен қатар
өкініштісі елімізде ақпараттық қоғам әлі толық қалыптаспай жатыр. Сұранысқа
орай технология даму үстінде. Бірақ соңғы жылдары SMART технологиясы
ұғымы яғни ақылды оқыту пайда болды және Smart қала, Smart фон, Smart
құрылғы, Smart қондырғы, Smart орта деген тіркестерді жиі естіп жүрміз.
Қазіргі таңда Smart технологиясын өндірушілер – АҚШ, Канада, Оңтүстік
Корея елдері. Қазір елордамызда да Smart мектептер қалыптасып келеді.
Сонымен Smart дегеніміз не? Smart ағылшын тілінен аударғанда
«ақылды» деген мағынаны білдіреді. Ал технологиялық сипатта да осы
мағынада жұмсалады. Яғни, ақылды технология, ақылды техника, пайдалануға
ыңғайлы, мейлінше ықшам, көп функциялы құрылғыларды атаймыз. Ал
педагогикалық үдеріс тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқытудың бұл түрі
электронды оқыту, мобильді оқыту, кез келген жерде, кез келген ортада оқыту
деген мағынада жұмсалады
4. Specific: Нақты. Цель по SMART бойынша мақсат нақты болу керек, бұл
оның нәтижелі болу мүмкіндігін артырады. «Нақты» түсінігі Сіз қалаған
нәтижеге жету үшін, мақсатты құру барысында нәтиженің дәл (нақты)
анықталғанын білдіреді. Нақты мақсатты келесі сұрақтар арқылы құруға болады:
Мақсатты жүзеге асыру арқылы қандай нәтижеге қол жеткізгім келеді
және не үшін?
Мақсатты жүзеге асыру үшін кім қатысады?
Мақсатқа жету үшін қандай да бір қажетті шектеулі немесе қосымша
шарттар бар ма?
Әрқашан мына ереже ірекет етеді: бір мақсат — бір нәтиже. Егер
мақсатты құру барысында нәтижесінде бірнеше нәтижеге жету керек екені
анықталса, онда мақсат бірнеше мақсаттарға бөлінуі керек
Measurable: Өлшемелі. SMART бойынша мақсат өлшемелі болуы керек.
Мақсатты құру кезеңінде оның орындалу үрдісін өлшеу (шамалау) үшін нақты
критерилер орнату керек. Өлшемелі мақсатты құру үшін келесі сұрақтар
көмектеседі:
Қай уақытта мақсат нәтижесіне жетті деп есептелінеді?
Қандай көрсеткіш мақсатқа жеткені туралы көрсетеді?
Берілген көрсеткіште мақсатқа жету үшін қандай мән болуы керек?
5. Achievable or Attainable: Қол жетімді. SMART бойынша мақсат қол жетімді болуы
керек, себебі мақсатты орындау реалистігі (шындығы) орындаушының мотивациясына
әсер етеді. Егер мақсат қол жетімді болмаса – оның жүзеге асырылу мүмкіндігі 0-ге
теңестіріледі. Мақсаттың қол жетімділігі қолда бар ресурстардың және шектеулердің
есебімен өз тәжірибесі негізінде анықталады.
Шектеулер болуы мүмкін: уақыт ресурстары, инвестициялар, жұмыс күші,
орындаушының білімі мен тәжірибесі, ақпаратқа және ресурсқа қол жетімділігі,
мақсатты орындаушыда шешім қабылдау мүмкіндігі және басқару рычагтарының бар
болуы.
Relevant: Мағыналы. Мағыналы мақсатын айқындау үшін компанияның жаһандық
стратегиялық мақсатқа жетуіне нақты мәселенінің шешімі қандай үлес енгізетінін түсіну
маңызды. Мағыналы мақсатты құру үшін келесі сұрақтар көмектеседі: қойылған
мақсаттың шешілуі компанияға қандай пайда болады? Егер мақсатты орындау
барысында компания пайда таппаса – мұндай мақсат пайдасыз және компанияның
ресурстарын бостан бос шығындау деп есептелінеді. Кейде Relevant сөзін Realictic
(шынайы) сөзіне ауыстырады.
Time bound: Уақыттың шектелуі. Цель по SMART бойынша мақсаттың уақыты
шектеулі болуы керек, яғни, асып кетуінен мақсаттың орындалмағанын көрсететін соңғы
мерзімді айқындау керек екенін білдіреді. Мерзімді және мақсаттың орындалу шегін
орнату басқару үрдісін бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, уақыт шегі белгілі
бір мерзімде мақсатқа жету мүмкіндігін ескере отырып анықталу керек.
6. Smart құрылғыларды шынайы өмірдегі жағдаяттарда қолдану
мүмкіншіліктері:
Ең алдымен, техникалық мүмкіндіктері зор: байланыс құралы, Wi-Fi,
мәліметтерді мобильді тасымалдау (GPRS, 3G, 4G) фото/бейне камера,
ақпаратты енгізу функциялары, т.т. Мұндай мүмкіндіктерді пайдалану үшін
алдымен, бағдарламалық қаматамасыз ету ортасын пайдалану қажет. Мәселен,
күнделікті өзіміз пайдаланып жүрген Google – smart технологияларды
әзірлеуші алпауыт компаниялардың бірі. Google сервисінің ауқымы өте кең,
онымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бағдарламаларының сапасы өте
жоғары. Бұл жалпы жарнама емес, шын мәніндегісі осы. Білім саласында
Google сервистері YouTube, Hangouts және Google Docs сервистерін тиімді
қолдануға болады.
Соңғы жылдары Smart TV технологиясын қолданатын кең функционалды
мүмкіндіктерге ие болатын теледидарлар да пайда болуда. Smart TV
теледидардың интернетпен тиімді байланыс орнатудың жаңа ортасын құрайды.
Басқа сөзбен айтқанда Smart TV интернетке енудің кең мүмкіндігіне ие. Соның
арқасында сол теледидар арқылы да әр қолданушы өзіне қажетті материалын
үлкен экраннан көре отырып, оны ақпарат тасуышқа сақтай алады, онлайн
көре алады, ақпарат алмаса алады.
Қазіргі таңда интернет желісіне еркін ену функциясы дамудың перспективалық
бағыттарының бірі болып отыр. Үлкен экранды теледидар арқылы бейнені таза
айқын көріп қана қоймай, интернет беттерін парақтауға арналған веббраузерлерді, әлеуметтік желі қосымшаларын, видеоларды көруге мүмкіндік
беретін RuTube немесе YouTube сервистерін т.б пайдалануға болады.

жүктеу 21.16 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет