Саяси мәдениеттің белсенділік типі дегеніміз индивидтердің саяси өмірге белсене қатысуымен ерекшеленетін саяси мәдениет болып табылады. Мұнда азаматтар сайлау арқылы өздерінің мүддесін білгірлікпен қорғайды. Мүдделер тобы, партиялар саясатты қалыптастыру процесіне ықпал етеді. Сонымен қатар олар саяси жүйеге өздерінің адалдығын, заңға мойынсұнушылығын және қабылданған шешімдерді құрметтеуін аңғартып отырады.
«Азаматтық қоғам» ұғымы
Азаматтық қоғам әлеуметтік құрылымдардың қоғам өмірінің дербес саласы ретінде мемлекеттен бөлектенуі нәтижесінде туындайды.
Мемлекет;отбасы, тайпа, ұлт, діни және басқа да қоғамдық ұғымдардан айырмашылығы «азаматтық қоғам» категориясы ХVIII- ХIХ ғғ. зерттеу пәніне айналып, Гегельдің «құқық философиясы» еңбегінде жете зерттелді.
Азаматтық қоғам- бұл әлеуметтік, мәдени, рухани салалар тіршілігінің қамтамасыз етілу жүйесі, олардың өсіп- өніп ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы, жекелеген индивидтер мен ұжымдардың мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыру, олардың дербес өсуіне жағдай жасауға арналған (дербес, мемлекеттен тәуелсіз) қоғамдық институттар мен қатынастардың жүйесі.
Азаматтық қоғамның белгілері:
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын барынша толық қамтамасыз ету;