Тақырыбы: дене тəрбиесі пəнінен үлгеру бағасы жəне емтихан талаптары



жүктеу 85.37 Kb.

Дата12.09.2017
өлшемі85.37 Kb.

 

 

Тақырыбы: ДЕНЕ ТƏРБИЕСІ ПƏНІНЕН ҮЛГЕРУ БАҒАСЫ ЖƏНЕ ЕМТИХАН ТАЛАПТАРЫ 



Оқушылардың дене жағынан дамыту динамикасын бақылау үшін оқу кезеңінің барлық курсының 

басында жəне соңында тездетілген түрде дене дамуының сапасын анықтайтын бақылау 

нормативтерін тапсырады жəне жыл бойы сабаққа қатысқан, дене дамудан дайындығы бар 

оқушылар ғана жіберіледі. 

Кейбір себептерге байланысты оқушылар бақылау жаттығуларының көрсеткіштерін орындай 

алмай қалған жағдайда, дене тəрбиесі жетекшісінің шешімімен жəне дəрігерлік анықтамасының 

негізінде тұрақты түрде сабаққа қатысқан оқушы аттестациядан өткізіледі. 

Қорытынды баға дифференциалды балл ретінде сынақ кітапшасына қойылады. 

 

 

1. Президенттік сынамалар ұғымы 



 

Президенттік сынамалар - бұл бақылаулық нормативтер арқылы халықтың оқуға, еңбек 

қызметіне дене тəрбиесі даярлығының жəне жастардың əскери қызметіке даярлығының жалпы 

деңгейін айқындайтын жаттығулардың (сынақтардың) жиынтығы» 

ІІрезиденттік сынамалар Қазақстан Республикасы балаларының, жастарының жəне ересек 

халқының дене тəрбиесі даярлығына қойылар нормативтік талаптардың негізі болып табылады. 

 

2. Мақсат пен міндеттер 



 

Президенттік сынамалардың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, халықты дене 

шынықтыру жəне спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, өз денсаулығын жəне өмірдің əр 

түрлі кезеңдегі дене тəрбиесі даярлығының деңгейін айқындауда оның қажетін қанағаттандыру. 

Президенттік сынамалардың негізгі міндеттері дене тəрбиесінің жай-күйі мен дене шынықтыру 

жаттығулары əдістерімен халықтың сауығуын, жастардың оқуға,еңбек қызметі мен əскери 

қызметіне даярлығын бағалау болып табылады. 

 

3. Президенттік сынамалардың құрылымы 



Халықтың дене тəрбиесі даярлығының президенттік сынамалары күштілікті, шыдамдылықты, 

шапшаңдық пен ептілікті көрсететін сынақтың жеті түрін қамтиды. 

12-ден 23 жас шамасындағы жастар үшін сынамалар дене тəрбиесі даярлығының екі деңгейінен - 

Президенттік деңгей мен ұлттық даярлық деңгейінен тұрады. 

Президенттік деңгей жан-жақты дене тəрбиесі даярлығы бар сау адамдар үшін арналған. 

Ұлттық даярлық деңгейі оқу мен немесе жұмыс орны бойынша да, тұрғылықты жері бойынша да 

спорттық секцияларда, топтарда, командаларда дене шынықтыру жəне спортпен жүйелі түрде 

айналысатын адамдар үшін арналған. 

23 жастан асқан халық үшін адамның денсаулық деңгейін айқындайтын президенттік сынама 

ретінде адам қызметін бағалаудың неғұрлым сенімді тəсіліндей, дүниежүзілік денсаулық сақтау 

ұйымы ұсынған 1,5 мильге (2400 м) жүгіру нəтижелері бойынша сынамалар енгізеді. 

 

4. Сынақтар мен нормативтердің түрлері 



 

9, 11-сыныптардың оқушылары, 18-23 жас шамасындағы жастар үшін дене тəрбиесі 

даярлығының президенттік сынамалары сынақтары мен нормативтерінің түрлері жəне 23 жастан 

асқандар үшін 1,5 мильге (2400 м) жүгіру нəтижелері бойынша денсаулық деңгейін бағалау 

кестесі кестелерде көрсетілген . 

 

5. Президенттік сынамалар бойынша сынақтарды өткізудің тəртібі мен шарттары 



Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беретін 

мектептердің 9, 11-сыныптарында, кəсіби-техникалық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу 



 

орындарының соңғы курсының алдыңғысында өткізіледі. 

Еңбек ететін жастар үшін дене тəрбиесі - сауықтыру бағытындағы жарыстарда қолданылады. 

Президенттік сынамалар нормативтерін тапсыруға дəрігердің рұқсаты бар, спортпен ұйымдасқан 

түрде немесе өз бетінше айналысатын барлық тілек білдірушілер жіберіледі. 

Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстарды қалалық (аудандық) 

жастар ісі, туризм жəне спорт басқармалары бекіткен жаттығуларды орындау шарттары мен 

спорт түрлері бойынша жарысу ережелеріне сəйкес төрешілер алқалары өткізеді. 

 

6. Президенттік сынамалар нормативтерін тапсыруға əзірлік 



Президенттік сынамалар нормативтерін орындауға əзірлік оқушылар мен студенттер үшін оқу 

орындарындағы оқу сағаттары жəне оқудан тыс дене тəрбиесі - сауықтыру жəне спорттық 

жұмыстар процесінде, еңбек ететін жастарға - спорттық секцияларда, жалпы, дене тəрбиесі 

даярлығы топтарында дербес жүзеге асырылады. 

 

7. Президенттік сынамалар бойынша жұмысты ұйымдастыру 



 

Республикада, облыстарда, аудандар мен қалаларда президенттік сынамаларды орындау 

жөніндегі жұмысқа басшылық жəне бақылау жасау Қазақстан Республикасының тиісті жастар ісі, 

туризм жəне спорт басқармаларымен (комитеттерімен), Қазақстан Республикасының Білім 

министрлігінің дене тəрбиесі басқармаларымен жүзеге асырылады. 

Президенттік сынамар бойынша жұмысты ұйымдастырудың жауапкершілігі жалпы білім беретін 

мектептерде, кəсіби-техникалық мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындары мен 

ұйымдарда - əкімшілікке жүктеледі. 

Президенттік сынамалар бойынша практикалық жұмыстардың тікелей жауапкершілігі оқу 

орындарында - дене тəрбиесі оқытушысына (жетекшісіне), медицина қызметкерлеріне; 

ұйымдарда - мамандар мен спорт жөніндегі нұсқаушы-əдіскерлерге, жаттықтырушы-

оқытушыларға жүктеледі. 

 

8. Сынақтардың түрлерін орындау шарттары 



 

60, 100, 1000, 2000, 3000 м-ге, 1,5 мильге (2400 м) жүгіру стадионының жарыс жолында немесе 

кез келген тегіс жерде өткізіледі. 

Тұрған орыннан ұзындыққа секіру кез келген тегіс жерде өткізіледі. 

Биік кермеде тартылу бастапқы қалыпта жоғарыдан ұстай асылып, аяқты еденге (жерге) тигізбей 

орындалады. Керме мойнынан иек жоғары өткен болса, жаттығу орындалған болып есептеледі. 

Асылып тұрған қалыпта 5 секундтан артық демалуға (тоқтап қалуға) жəне шайқалып барып 

тартылуға рұқсат етілмейді. 

Шалқалап жатқан қалыпта кеудені көтеру аяқ тізеден 90° бұрышқа бүгіліп, қолдың саусақтары 

иықта ұсталып, табаннан əріптестің ұстап тұруымен орындалады. 

Ату ТОЗ-8 үлгідегі шағын оқпанды винтовкалардан таянып жатқан қалыпта, немесе қолмен 

бауын кере қолданумен NN 6-6 нысана бойынша 25 м-лік немесе NN7 нысана бойынша 50 м-лік 

қашықтықтан атумеи өткізіледі. 

ИЖ-38 үлгідегі пневматикалық винтовкадан ату - тік таянып тұрған қалыпта столға, не тіреуге 

сүйеніп NN 8 нысана (спорттық) бойынша 5 м-лік қашықтықтан атумен өткізіледі. 

Атыстар: 3 байқаулық, 5 есептелетін оқ беріледі. Ату уақыты 15 минут. 

Шаңғымен жүгіру шамалы немесе орташа бедерлі жол салынған жердегі ара қашықтықта ауа 

температурасы 15 °С төмен болмаған кезде өткізіледі. 

 Қол добын лақтыру кез келген тегіс алаңда 200 см биіктікте орналасқан көлемі 100x100 см-лік 

қалқанға лақтырумен өткізіледі. 

 

9. Марапаттау 



 

 

Президенттік сынамалар нормативтері мен талаптарын орындаған жарысқа қатысушылар 

Қазақстан Республикасы Президентінің атынан арнайы белгілермен жəне грамоталармен 

марапатталады. 

Ұлттық даярлық деңгейі сынамаларының нормативтері мен талаптарын орындаған жарысқа 

қатысушылар жас шамасы сатысына тиісті белгілермен марапатталады. 

1,5 мильге (2400 м) жүгіру жарысына қатысушыларға грамоталар тапсырылады. 

Сынамалардың барлық үш деңгейінің нормативтерін орындаған жарысқа қатысушыларды 

белгілермен, грамоталармен марапаттау жөніндегі шығыстар тиісті жастар ісі, туризм жəне спорт 

басқармалары мен жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі. 

 

 

 Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру президенттік сынамалары 



Орындау техникасы, оқыту тəсілі, тестілеуді жетілдіру деңгейі еліміздегі дене тəрбиесі жүйесінің 

тиімді көрсеткіші болып табылады. 

Сондықтан тұрғындардың дене шынықтыруы мемлекеттік маңызы бар мəселе ретінде 

мемлекеттің тұрақты бақылауында болады. 

ҚР ТДШПС - бұл тұрғындардың дене шынықтыру жүйесінде бірінші тəжірибе жəне мынадай 

нормативтері болады: 

8.1. 60 м жəне 100 м жүгіру 

Жылдамдық қасиеттерін дамытатын сынамалар 60 м жəне 100 м жүгіру стадионның жүгіру 

алаңында немесе мəре мен сөресі белгіленген тегіс жəне жүгіру қашықтығы мұқият өлшенген 

жерде өткізіледі. Төменгі сөреден шығып жүгіргенде 4-6 оқушы қатысады. Сабақ кезінде жəне 

жарыстарда сөре бұйыруы жалауша немесе сөре тапаншасы арқылы беріледі. Нəтижесі ОД сек. 

Дəлдігі бар секунд өлшеуішімен айқындалады. Дайындық жаттығулары: 

а) 

аяқты жоғары көтеріп (10-15 м) жүгіру, (2 рет қайталау); 



б) 

тұғырда тұрып, қолмен ұстап аяқты жоғары көтеріп жүгіру 5-7 сек. (барынша тез жүгіру 2 

рет қайталанады); 

в) 


тұғырда тұрып жай бастап біртіндеп, жылдамдықты үдетіп секіру - (5-10 сек.) 30-45 сек. 

(кейін 2 рет қайталанады); 

г) 

сөреден жүгіру - 15-25 м (45 сек. 1 мин. аралығында 3 рет қайталау); 



д) 

жайлап жүгіру - 15-25 м (3 рет қайталау); 

е) 

мəрені жетілдіру (біртіндеп жылдамдықпен жəне (20-25 м) 3 рет қайталанады); 



ж) 

сөрені уақытында жүгіріп өту - 1 рет; 

з) 

1-2 орындарды анықтау үшін бақылау жүргізу жəне күштілердің финалдық жүгіруі. 



Нормативтерді тапсыру кезінде сөрені барынша тез жүгіріп өту айтылады. 

 

8.2.1000 м, 2000 м, 3000 м жүгіру, 1,5 мильге (2400 м) жүгіру 



 

Шымырлық қасиетті дамытуға ықпал ететін сынамалар. 

Стадионның жүгіру алаңында немесе мəресі мен сөресі белгіленген тегіс жүгіру қашықтығы 

мұқият өлшенген жерде өткізіледі. Жоғарғы старттан шығуға бір мерзімде 10-12 адам қатыса 

алады. 

Төрешілер алқасы сөрені дұрыс жүгіріп өтуді ерекше қадағалайды. Қажет болған жылдамдықты 



үдетуге рұқсат етіледі. Бірақ оқушыларға сөрені барынша тез жүгіріп өту нұсқауы беріледі. 

Мəредегі уақыт дəлдігі 1 сек. дейінгі секунд өлшеуімен өлшенеді. Жаттығу тəсілі - үздіксіз 

жүгірудің барлық түрлерін орындау. 

Стадион жағдайында 400-600 м жүгіру 1,5-2,0 мин. аралығында екі рет қайталанады. 

Кедергілі жерде, орманда, құмда жəне басқа да жағдайлы жерлерде жүгіру. 

Сөренің жартысын жүгіру, жүгіру ырғағын өзгертіп, барлық жолды жүгіріп өту. 

«Жеңіл атлетика» оқулығында егжей-тегжейлі мəліметтер берілген. 

 

8.3. Орыннан ұзындыққа секіру 



 

Бұл сынама жылдамдық пен күштілік қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. 

Сынама тегіс жерде орындалады. Секіріп түсу үшін жұмсақ жер қыртысы қажет. Старт сызығы 

белгіленеді жəне рулетке немесе сантиметрлі лентаның көмегімен 5 жəне 10 см белгі салынады. 

Оқушылар сөре сызығынан аяқтың табаны өтіп кетпейтіндей болып тұрады. Тізерлей беріп, 

қолды алға-жоғары сермеп, аяқтармен жылдам серпіліс жасайды. Жерге екі аяқпен түседі. 

Нəтижені анықтау үшін сөре алған сызықтан бастап аяқтың өкшесі тиген аралық өлшенеді. Егер 

секіріп, түсіп бірақ қолды артқа тіресе, онда нəтиже сөре сызығынан бастап, қол тиген сызыққа 

дейінгі аралықта өлшенеді. 

Бірінен соң бірі секіру екі рет орындалады жəне жақсы көрсеткіші (см) хаттамаға жазылады. 

Нəтиже Ісм дейінгі дəлдікпен өлшенеді. 

а) 


бір орнында бір жəне екі аяқтап секіру, арасы 40-60 сек. (2-3 рет қайталау); 

б) 


жіппен секіру - 100-120 секіру (2 рет қайталау); 

в) 


алға жылжи отырып бір жəне екі аяқпен секіру (10-15 м) (2 рет қайталанады); 

г) 


жоғарыдағы тұғырдан секіру (гимнастика орындығына жəне басқа); 

д) 


жоғары тұрған тұғырға секіру; 

е) 


орнында тұрып биік тұғырдан секіру; 

ж) 


ауыр затпен ұзындыққа секіру (гантель, тас, ауыр белбеу жəне басқа); 

з) 


бір орыннан ауыр затпен секіру; 

и) 


бір орыннан ұзындыққа (көрсеткішке) секіру. 

 

8.4. 



Жақтауда тартылу 

Сынама дене тəрбиееі күшінің дамуына ықпал етеді. 

Сынама қолмен керменің астынан ұстау арқылы орындалады (аяқ жерге тимеуі керек). 

Тартылу иекті кермеге тигізумен орындалады. Кермеге 5 сек. артық тартылып тұруға, тербеліп 

тартылуға рұқсат етілмейді. Бүгілмей жəне басты артқа шалқайтып жасалған тартылулар 

техникалық жағынан дұрыс деп есептелінбейді. 

Тартылу саны есептелінеді (қанша рет тартылғаны -10,15 жəне, т.б.) Орындау тəртібі: төреші 

келесі топты орындауға шақырады. Бір кермеде бір уақытта екі адам тартыла алады. Дайындық 

ретіне қарай төреші қызмет істейді. 

Төреші-санаушылар қатысушыға қарсы қарап тұрып, тартылуын дауыстап санайды. Егер тартылу 

дұрыс орындалмаса, «саналмасын» дейді. Сынама орындалып болған соң, төреші қатысушыларға 

жəне жарыс хатшысына көрсеткіш нəтижесін айтады. 

Дайындық жаттығулары: 

а) 


батпан, ауыр заттармен жаттығу; 

б) 


О.Р.У. жаттығуларын орындау (8-10 жаттығулар); 

в) 


түрегеп тұрып тартылу; 

г) 


биік кермеде екінші адамның көмегімен - алдымен 1-3 рет өз бетінше, сонан соң 5-7 рет 

көмекпен тартылу (3 рет қайталайды); 

е) 

кермеде барынша тартылу - 1-2 рет қайталау; 



д) 

салмақпен тартылу (2-4 кг қорғасын белбеу немесе қосшоқпарлы батпанда 3-5 рет (тек 2 

рет тартылу); 

ж) 


барлық көрсеткіштің 50-70% тартылу (2 рет); 

з) 


қолды жартылай бүгіп статистикалық қалыпты ұстау (иек пен иықтың алдында тік бұрыш 

болуы керек) - 15 сек. 2 рет. 

 

8.5. 


Шалқалап жатып денені көтеру 

Сынама күш дене тəрбиесі дамуына ықпал етеді. Ол гимнастикалық орындықта шалқалап жатып 

орындалады. Аяқ тізеден 90 0 бұрышпен бүгілген. Аяқтың табанын көмекшілер ұстап тұрады, 

қолдарын иыққа қояды. 

Орындауға дайындалғаннан кейін «Дайын ба?» деген бұйыру беріледі. Содан соң «Болады» деген 

бұйыру беріледі. 

Бұйырумен бірге секунд өлшеуші де іске қосылады. 1 мин. ішінде денені барынша көтеру қажет, 


 

1 мин. өткен соң «Тоқта!» деген бұйыру беріледі. 

Дайындық жаттығулары: 

а) 


əр аяқпен 15-20 серпіліс орындау (30-45 сек. үзіліспен 2 рет қайталанады); 

б) 


бүгілген аяқ тізесін кеудеге тигенше көтеру (8-10 сек, 2 рет қайталанады); 

в) 


бұрышты 3-5 сек. ұстап тұру қажет; 

г) 


шалқалап жатып, қолды бүйірге қою. Кезекпен оң жəне сол аяқты көтеру; 

əр аяқты 15-20 реттен; 

 денені көтеру - 10-12 рет (2 рет қайталанады); 

д) 


шалқалап жатып аяқтарды айқастыру, денені көтеру, қолды иыққа қойып денені көтеру -

10-12 рет (2 рет қайталанады); 

е) 

қолды желкеде ұстап денені көтеру - 10-12 рет (2 рет қайталанады); 



ж) 

қолды əр түрлі жағдайда қойып нормативтерді орындау (қол қаншалықты жоғары 

көтерілген сайын денені көтеру соншалықты қиын) 8-10 рет (2 рет қайталанады); 

з) 


нормативтің бəрі уақытқа орындалады. 

 

8.6. 3000 м жəне 5000 м-ге шаңғы тебу 



Сынамалар адамның қайсарлық, төзімділік қасиетін дамытуға ықпал етеді. 

Жарыс аз ғана немесе орта жүрілген жерлерде, шаңғы жарысы ережелеріне сай өткізіледі. 

Жарыстар мен сабақтар -15 С төмен емес температурада өткізілу қажет. 

Қазақстан Республикасының қарсыз аудандарында, қажетті құрал-жабдықтар жоқ жерлерде, 

түсіністік ретімен, шаңғымен жүгіру 6 мин. жүгіру-жүрумен алмастырылады. 6 минутта барынша 

қашықтықты өту керек.Жүгіру-жүру спорт киімімен стадионның, саябақтың, орманның жəне, т.б. 

жерлердің жүгіру сөрелерінде өткізіледі. Дайындық тəсілі 1,2,3 км жəне 1,5 миль жүгіру 

қашықтық ережелері сияқты. 

 

8.7. 


Жүзу 

Сынама адамның күш-қуатын, дайындық сапасын дамыту жəне ерекше сулы ортадағы іс-қимыл 

шеберлігін үйренуге ықпал етеді. 

Жүзуден сынаманың сабағын өткізу бассейнде, сондай-ақ жай тоғандарда (көл, өзен), арнаулы 

жабдықталған жерде қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып өткізуге болады. 

Жүзу білмейтіндерге « Жүзу білмейтіндерге он сабақ » тəсілі бойынша сабақ өткізу қажет. 

5-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін сабақтар мен сынама тапсыру судың температурасы 20 0 

төмен болмаған, ауаның температурасы 22 ° жəне одан жоғары болған жағдайда өткізіледі. 

Табиғи су тоғандарында жүзу сөресінің тереңдегені 90-120 см жағада өтуі тиіс. 

Жүзуден сынаманы тапсырған кезде төреші - сөре беруші бұйыру немесе үзік-үзік ысқырып 

оқушыларды сөреге шақырады (сөре тұғырына, бассейн жағасына). Табиғи су тоғанында өтетін 

жағдайда су шетінде тұрып сөре беріледі. 

«Сөреге» деген төрешінің бұйыруынан кейін оқушылар «жүзуші сөре» жағдайын қабылдайды, 

«марш» немесе сөре беретін тапанша атылған соң жүзу басталады. Бассейн немесе су 

тоғандарында жүзу үшін қатысушыларсаны анықталады. Əр жолда төреші  қатысушылардың 

мəреге келуін анықтап тұрады. Уақыт дəлдігі 0,1 сек. дейін. 

Кез келген түрде жүзуге рұқсат етіледі. 

 

8.8. 



Мылтық ату 

Бұл əскери-қолданбалы сынама. Қару қолданудың алғашқы негіздеріне, ату шеберлігіне үйретеді. 

Ату арнаулы жабдықталған тирда шағын калибрл: ТОЗ-8 жəне ТОЗ-12 мылтықтарымен жатып, 

немесе бауды қолдану арқылы 25 м қашықтықтағы NN 6 нысанаға немесе 50 м қашықтықтағы 

NN7 нысанаға атуарқылы жүзеге асырылады. 

Шағын калибрлі (пневматикалық) ИЖ-38 мылтығымен түрегеп столға сүйеніп, немесе 5 м 

қашықтықта тұрып NN 8 (спорттық) нысанаға атады. Алдын ала қаруды қалай қолдану керектігі 

туралы ережелерін, сондай-ақ ату кезінде өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстырып өткізу қажет. 

Нысаналарды дайындағаннан кейін оқушылар ату алаңына келеді. 


 

Олардың əрбіріне байқап көру үшін үш оқтан беріледі. 

Ату жетекшісінің қатаң рұқсатынан кейін ғана орындалады. 

Одан кейін нысананы ауыстырады. Оқушылар ататын жерге орналасып, бес оқтан алады, сөйтіп 

есепті атулар орындайды. 

Байқап көру үшін ату, нысаналарды ауыстыру, есептік атулар жүргізуге барлығы 15 мин. 

беріледі. 

Атудың көрсеткіші оқ тиген ұпай санымен өлшенеді. Олар жарыстың хаттамасына енгізіледі. 

 

8.9. Доп лақтыру 



Бұл сынама жинақталуға, дəлдікке үйретеді жəне ату мүмкіндігі жоқ жағдайда қолданады. 

Салмағы 150 гр. допты лақтыру кез келген тегіс алаңда өткізіледі. Тигізу үшін 100x100 см, 200 см 

биіктікте ілінген көлемдегі нысана қолданылады. 

Сынаманы қабылдау үшін сөре сызығы белгіленіп, керекті қашықтыққа нысана орнатылады. 

Оқушылар алдымен орнында тұрып екі байқау, одан соң есептік лақтыруды орындайды. 

Нысанаға доптың тиюі белгіленіп отырады (бар-жоқ). 

Дайындық жаттығулары: 

а) жалпы дамытатын барлық бұлшық еттері топтарына арналған жаттығулар; 

б) 

иық буындарын айналдыратын қол қимылдары; 



в) 

оң, сол қолмен лақтыруды бейнелеу; 

г) 

ұсақ тастарды, үйеңкі жаңғақтарын (оң, сол қолдармен) қашықтыққа лақтырып, нысана 



көздеу; 

д) 


теннис добын жерге ұру. Кімнің добы биік көтеріледі (оң, сол қолдармен); 

е) 


допты қашықтыққа лақтыру (оң, сол қолдармен); 

ж) 


допты нормадан екі есе жақын қашықтыққа лақтыру (оң, сол қолдармен); 

з) 


допты нормадан 3-5 м қашығырақ нысанаға лақтыру; 

и) 


нормативтерді орындау. 

 

9. Сынамаларды тапсыруға дайындық жəне сындарды өткізу шарттары 



Мектеп, колледж оқушыларын, жоғары оқу орындарының студенттері мен курсанттарын 

сынамаларды тапсыруға дайындау сабақ оқу процесінде, дене тəрбиесі -сауықтыру жəне спорт 

жұмыстарынан тыс кезде жүзеге асады. Кəсіпорындар мен мекемелерде секция, дене тəрбиесі 

топтарында, бастауыш əскери дайындық пункттерінде, сондай-ақ өз бетінше жүзеге асырылады. 

Сынамаға дайындалу жəне орындау оқу жылы бойында жүзеге асырылады. 

Президенттік сынаманың (5 бап) ережесіне сəйкес П.С. жалпы білім беретін мектептерде сын 

түрлері бойынша жарыстар былай өткізіледі: 

5-сыныптарда; 

9-сыныптарда; 

11-сыныптарда; 

кəсіптік техникалық училищелерде, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының соңғы 

курстарында. 

Дене шынықтыру сабағының жоспарына барлық жаттығулардың түрлері енуі тиіс. 

Мысал ретінде оқу жылында материалдарды былай бөлуге кеңес береміз: 

қыркүйек-қазан - жеңіл атлетика, спорт ойындары; 

қараша-желтоқсанның жартысы - тирда сабақ өткізу, ату -Ь желтоқсан-қаңтар - 15 ақпанға дейін 

шаңғы тебу, 

ақпан-наурыз - жүзу, сəуір-мамыр - жеңіл атлетика 

Жылдамдылық, күштілік жəне табандылықты сынау жарыстары оқу жылының соңында бір күнде 

өткізіледі. 

Мысалы: 1997 жылдың 15 мамырында жастар арасында президенттік сынама жарыстары 

өткізіледі: 

топ - 60 м жүгіру; 

топ - орнынан ұзындыққа секіру; 



 

топ - кермеге тартылу. 

Мұнан соң жарыс түрлері өзгертіледі. Бұл спорт түрлері бойынша жарыстар біткеннен кейін 

барлық қатысушылар 3000 м (2000) жүгіруге жасақталады. 

Күннің екінші жартысында немесе ертеңіне қыздар үшін жарыс өтеді. Шаңғы, жүзу жəне ату 

жарыстарын оқу жоспарына сəйкес бірнеше сабақтан кейін өткізген жөн. 

ДТПС тапсыруға сабаққа тұрақты қатысып жүрген бөлімдерді өту кезінде дұрыс баға алған жəне 

дəрігердің рұқсаты бар азаматтар жіберіледі. 

 

Денені шынықтыру жүйесі 



 

Денені шынықтыру жүйесінің негізі - қоршаған ортаны, табиғи денені пайдалана білу. Бұл, 

табиғи денені пайдалана білу - ғылыми да білгірлікті талап ететін аса күрделі жүйе. Айталық, 

күнге қыздырынуды, суға түсуді, дем алуды пайдаланудың өзіндік қалыптасқан жүйесін білу 

əркімнің міндеті. 

Бұл жүйе, негізінен үш бағытта орындалады. 

Бірінші біртіндеп орындау. Мысалы, алғашқы күні суға түскенде аз ғана қыздырынуға болады. 

Күнұзақ күнге қыздырынып жатып алуға болмайды, бұл іс ағза үшін аса қауіпті. 

Екінші - қоршаған ортаны, табиғи денелерді үнемі үзбей пайдаланып отыру. Айталық, жаз 

мезгілінде суды, күнді пайдаланса, қыс мезгілінде таза ауада серуендеп, шаңғы тебуге болады. 

Үшінші - денені шынықтыру жүйесі адамды жалықтырып жіберетіндей, үнемі бір ғана 

жаттығумен шұғылданбай жан-жақты даму жүйесі қолданылады. 

 

Пайдаланылған əдебиеттер 



 

С. Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тəнтану. - Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994. 

Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. - Алматы: Қайнар, 1991. 

Б. Төтенаев. Дене тəрбиесі. - Алматы: Мектеп, 1988. 

Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларының орысша-қазақша сөздігі. - Алматы: Ана тілі, 1994. 

Бутин И.М. Лыжный спорт. - Москва: Академия, 2002. 

Е. Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы: Рауан, 1991. 

Г. Иванов, А. Қарақов. Дене тəрбиесі. - Алматы: Рауан, 1991.  , 

Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тəрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000 

Демьяненко Ю.К. Физическая подготовка. - Москва: Военное издательство, 1987. 



 Решетников Н.В., Кислицын Ю.А. Физическая культура. - Москва 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал