Тақырыбы: : «КƏсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы» (кейс)



жүктеу 219.86 Kb.
Дата10.11.2022
өлшемі219.86 Kb.
#23674
Кейс
Семинар Метафора, СӨЖ 3 Т.Раушан ҚТӘ 302, 19 ғ семинар 1 топ, сөздік, ФОНЕТИКА СЕМИНАР, хан СӨЖ 3 Т.Раушан ҚТӘ 202, Bibaeva, 79687, Документ Microsoft Word (3), ат бейнесі (1), Документ, Морфология. Емтихан сұрақтары (2), 6-семинар, intertekst-v-proizvedeniyah-n-erdmana, tsitata-i-ee-tipovye-raznovidnosti-k-probleme-klassifikatsii

Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: : «КƏСІБИ МАМАННЫҢ ЕРІК ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫ» (кейс)
Факультет: Химия және химиялық технология
Кафедра: Жалпы химия және бейорганика

Орындаған: Максотов.Ж
Қабылдаған: Закарьянова.Ш.Н

Алматы, 2021 ж

. КƏСІБИ МАМАННЫҢ ЕРІК ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫ


Жоспар
І.Кіріспе
Алғышарт................................................................................................................................
ІІ.Негізігі бөлім
Кəсіби даму..............................................................................................................................
Адам еркі...................................................................................................................................
Ерік кезеңдері.......................................................................................................................... ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған əдебиеттер
Кіріспе
Алғышарт Кəсіби даму – нəтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кəсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін жəне сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кəсіби маман болу мүмкін емес. Кəсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кəсіби дамуы қажет. Кəсіби даму іс- əрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дəрігер, дизайнер, əртіс жəне тағы басқа. Кəсіби даму – бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу жəне кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кəсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу. Кəсіби даму кезінде еріктің алатын орны ерекше. Ерік – адамның өз мінез- құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды əр алуан əрекеттер мен іске бағыттайтын нəрсе – мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның іс-əрекеті екі түрлі. Оның бірі – еріксіз əрекеттер. Мəселен, жөтелу, көздің жұмылып-ашылуы, шашалу, түшкіру т.б. Мұндай əрекеттерде белгілі мақсат не ниет жоқ. Екінші – ерікті əрекеттер, қозғалыстар. Мысалы, жерге түсіп кеткен затты көтеріп алу. Бұл – мақсатты қозғалыс. Адамның мақсатты қозғалыстары əрқилы кедергілер мен қиыншылықтарға ұшырап отырады. Алайда, алдына қойған белгілі мақсатын орындау үшін оны ерікті əрекетімен жеңіуге ұмтылады. Адамдар ерік арқылы өз сезімдерін басқару мен бақылауды іске асырады. Адамның барлық ісəрекетінде ерік аңғарылады. Адамның əрекеті əртүрлі талпыныстармен анықталады. Оқиғаның сипаты Кəсіби даму – нəтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кəсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін жəне сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кəсіби маман болу мүмкін емес. Кəсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кəсіби дамуы қажет. Кəсіби даму іс – əрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дəрігер, дизайнер, əртіс жəне тағы басқа. Мақсаты: кəсіби білім саласында жетілу жəне кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кəсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқару барысында ерік тұлғаның кəсіби дамуында еріктің рөлін ашу, сипаттау. Міндеттері: Кəсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуы, шығармашылық дамуы, қоғамды гуманизацияландыруда ерікті дамыту жолдары. Кəсіби даму міндеттілік немесе жалған емес, ойлаудың, пайдалы əдеттің негізі болуы керек. Қоғамдық қызығушылықтардың көзқарасы бойынша, адамның кəсіби дамуы тек кəсіби əдеп кодексінің бір пункті: өзімен жұмыстанбайтын адам, кəсіби маман деп танылмайды деп те қарау. Кəсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Əрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай əдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді.Адамның кəсіби дамуының деңгейлік жоспары мынадай бағытта болғаны жөн: Жағдаят: Адам белгілі іс-əрекетпен шұғылдана отырып, субъективтік жəне объективтік қиындықтарды да жеңеді, бастаған істі əрі қарай жалғастырып, аяқтап шығуға өзін-өзі күштеп көндіреді. Нақ осындай жағдайда, мінез-құлықты саналы түрде реттеу қажет болатын қиын шақта адамның еркі нығайып, шынығып отырады. Осыған байланысты мынаны айта кету керек. Жеке адамның ерік-жігерінің жалпы жəне өзіндік көрсеткіштері қандай? Еріктің дамуы мен адамның еріктік қасиеттерінің қалыптасуында ең маңызды орын алатын күнделікті тұрақты еңбек болып есептеледі. Еңбекте жеке адам коллективтің басқа мүшелерімен міндеттік байланыста болады: бұл міндеттерін орындау үшін ол өз мінез-құлқын коллектив алдында тұрған еңбектік міндетке бағындырып отыруға тиісті ме? Ерік - мінез-құлықтың реттегіші ретінде өмір мен іс-əрекет процесінде қалыптасады. Адам өз еркін коллектив ішінде бола отырып жəне еңбек, оқу, ойынмен шұғылдана жүріп тəрбиелейді. Іс-əрекеттің қай түрінде болсын, қызығу, көтеріңкі жағымды эмоциялық күй туғызатын элементтер болады. Бірақ еңбек, оқу жəне тіпті ойынның өзінде бірсарынды, еш қызықсыз, эмоциялық тартымдылығы жоқ, алайда маңызды, қажетті болып саналатын жайттар да аз кездеспейді. Адам өзінің ерікті əрекетінің алдымен мақсатын белгілейді, бұл тілек немесе ниет түрінде болады. Тілек — келешекте істейтін істің ойға бекуі. Жұмыс, еңбек əрекетіңізде қандай дағдылар қолданылмайды жəне неге? Кəсіби дағдылар – өз дағдыларыңызды 5 баллдық жүйеде бағалаңыз. 1. Бұл сізге қандай дағдыларыңызды жетілдіруіңізді анықтауға көмектеседі. 2. Құндылықтар – Сіздің құндылығыңыз топтың өзекті деп санайтын құндылықтарымен қаншалықты сəйкес екендігін тексеріңіз. (Бұл өз құндылықтарыңызды қайтадан қарауға көмектеседі.) 3. Оқуда – өзіңізге жаңа мəліметтерді меңгеруге қолайлы стратегияны таңдаңыз. Ерік пайда болу үшін, ең алдымен, оны тудыратын себеп, түрткілер болу керек. Бұлар адамның мұқтаждықтарынан туындайды. Кісінің күн көруі, тіршілік ету үшін оған өзінің табиғи жəне рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыру керек. Ол мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адам мұқтаждықтарын өтеу үшін пайда болып отырады. Қорыта айтқанда амал кезеңдері мынадай сатылардан өтіп отырады. Алдымен адам мақсат қойып соған жетуге ұмтылады. Мақсатқа жету барысында түрлі мүмкіншіліктерді түсіну қажет. Осыдан келіп түрлі ниет-тілектер пайда болады. Ниет-тілектер арасында өзара тартыс болып, қалау туындайды. Қалау мүмкіншіліктерін пайдалана отырып адам бір тоқтамға келіп, ақыр соңында шешім қабылдайды. Міне, сонда ғана адамның қалауы толығымен орындалып, мақсаты жүзеге асады. Алдындағы мақсаты айқындалған соң, ол əрекеттің орындалу жолын қарастырады, жоспарын сызады. Жоспар жасау — белгілі білімді, өмір тəжірибесін, ой орамдылығын қажет ететін күрделі процесс. Адамның тілегі кейіннен қалауға ауысады. Тілек пен қалау ерік-жігерді толық көрсете алмайды, өйткені бұлар бір-бірімен үйлеспеуі де мүмкін. Осындай жағдайда түрткілер күресі туындайды да, бұлардың нақты жағдайға сəйкес келетін біреуі жеңіп шығады. Содан кейін ғана адам белгілі бір тоқтамға (шешімге) келе алады. Сөйтіп, алға мақсат қою, тілек пен қалау, осы екі түрткінің өзара күресі, тоқтамға келу — бəрі-бəрі жиналып келіп, еріктік амалдың бірінші басқышы — “даярлық кезеңін” құрайды. Германия ғалымы Э. Мейманның пікірінше, еріктік əрекеттердің барлығы ақыл-ой, интеллектпен байланысып, солардың нəтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды дейді. Ал З.Фрейдпен оның шəкірттерінің тұжырымдары бойынша ерік санадан тыс, ақылдан алшақ «либидо» жыныстық құмарлықтың энергиясы деп қарастырады. Мен бұл пікірді мүлдем қолдамаймын. Себебі ерік саналы əрекеттен туындайды, адам ақыл-ой арқылы ойлап, қандай да бір əрекетті мақсат қою арқылы жүзеге асырмай ма? АНАЛИЗ Жаңа дүниеге келген сəбиде ерік болмайды. Оның əрекеті алғашқыда ырықсыз, шартты рефлекстерден тұрады. Баланың ерік сапалары біртіндеп кемелденеді. Ерік тəрбиесінің мақсаты — адам бойында жағымсыз ерік сипаттары көрініс берсе, оларды тежеп, ұнамдыларын жетілдіріп отыру. Ерікті қалыптастыруда адамның өз еркін өзі тəрбиелеу аса маңызды болмақ. Ол үшін адам өзіне-өзі үнемі есеп беріп, тиісті жерінде өзіне бұйырып, ойға алған ісін “жеті рет өлшеп, бір рет пішіп” отыруы тиіс. Жоғары адамгершілік сезімдерге отансүйгіштік, жауға жеккөрушілікпен қарау, борыш сезімі, ар-ождан сезімі жатады. Мысалы, Александр Матросовтың, Нұркен Əбдіровтың, Талғат Бигелдиновтің, Боран Нысанбаевтың, Қайырғали Смағұловтың, Мəншүк Маметованың, Əлия Молдағұлованың жəне басқалардың Ұлы Отан соғысындағы тамаша ерлік істері кейінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Сондықтан да адамдар ерік арқылы өз сезімдерін басқару мен бақылауды іске асырады. Адамның барлық іс-əрекетінде ерік аңғарылады. Адамның əрекеті əртүрлі талпыныстармен анықталады. Əрбір жеке адамның ерікті іс - əрекеттерінің өзіндік сипаты бар. Бұл сипат қоғамдық маңызды жұмыстарды орындау үшін мəні аз іс-əрекеттерді соған бағындырып, өзінің жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік – адамның қарқынды іс əрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамның мінез–құлқы мен əрқилы істерді орындауға бағытталады. Адам еркінің көрінісі оның саналы түрдегі іс-əрекетінен байқалады. Қиын – қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жүзеге асыруға қажетті құрал болып табады. Кəсіби даму - (лат. profiteor – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек əлемінде, соның ішінде жекеленген кəсіби рөлдердің, кəсіби мотивацияның, кəсіби білімдер мен дағдылардың əртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан əлеуметтену үрдісі. Кəсіби дамудың негізгі қозғаушы күші əлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде əлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның талпынысы болып табылады. Талпыныстар адамда өзінің өмір сүруін қамтамасыз етуде жəне сұраныстарын қанағаттандыруда, оның өмір сүру үрдісінде пайда болады. Адамда əртүрлі əрекетке итермелейтін көптеген талпыныстарда оның белсенділігі қаланған, белгілі бір жағдайда өмірлік міндеттер сипатына ие болатын психологиялық тұрғыдан ұмтылу, қажет ету түрінде іске асады. Адам мақсатты түрде оны шешуге ұмтылады. Қажет ету, ұмтылу, талпынудың əртүрлі түрі, демек түрткілерді əрекеттерінің, іс-əрекеттің қылығы мен түрі сипатына ие болатын жеке тұлғаның барлық талпыну күштерінің жиынтығы түрткілер саласы немесе жеке тұлғаның бағыттылығы деп аталатын адамның психикалық өмірінің ерекше мəнді саласы ұйымдасады Адамда ұйымдасқан іс-əрекетке талпынулар өзінің мəні мен психологиялық табиғаты бойынша əртүрлі сипатқа ие болады Адамның түрткілер саласында оның əртүрлі ісəрекеттерінің негізі қаланған - ерікті жəне еріксіз, саналы жəне санасыз. Түрткілер саласы адамның талпынуларының өзекті жəне мүмкіншілігі бар саласы ретінде ерекше құрылымы болады. Түрткілер саласы адамның ерікті іс-əрекетіне тікелей қатысы бар; себебі түрткілер саласында адамды ерікті іс-əрекеттерді орындауға бағыттап отыратын жəне ерікті іс-эрекетті іске асырудың сипатын, психологиялық шарттарын анықтайтын талпыну күштерінің негіздері жатыр. Түрткі- французша мотив, қазақша себеп, қозғаймын деген мағынаны білдіреді. Адамды түрлі іс-əрекетке итермелейтін себеп. Ерікті іс-əрекет психологиялық тұрғыдан мəнді ерекшеліктерімен сипатталады. Ерікті іс-əрекеттің негізгі қасиеттерінің бірі тұтас алғанда немесе жекеленген ерікті түрде іс-əрекетті іске асырудың еркіндігін түсіну - «былай істеуіме болады немесе басқаша істей аламын». Шындығында, адамның барлық əрекеті объективтік тұрғыдан белгілі себептерге байланысты. Адамның белгілі бір əрекетті неге орындағанын дəл айта аламыз. Адамның еріктік іс-əрекеті толықтай белгілі бір себептерге байланысты (детерминизм қағидасы). Əрбір əрекетті екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші - даярлық кезеңінде мақсат белгіленеді, мақсатқа жетудің жолдары мен тəсілдері анықталады жəне шешім қабылданады; екінші -орындайтын кезеңде алынған шешімді атқару іске асады. Даярлық кезеңі- бұл ойлау əрекетінің кезеңі, əртүрлі мүмкіншіліктерді ойластыру, ой елегінен өткізу. Кез-келген ерікті əрекет мақсатты əрекет ретінде əр уақытта да əрекеттің мақсатын қоюдан жəне түсінуден басталады. Бірақ жалғыз ғана мақсатты қою жеткіліксіз, əрекеттің пайда болуы үшін, мақсатқа жету үшін табанды ұмтылу қажет. Мақсаттың мəнін жете түсіну керек. Адам алдына қойған мақсатының үлкен қоғамдық мəнін түсінгенде, ол кездесетін қиыншылықтарды жеңуге қабілетті болып табылады. Алға қойған мақсатты орындауға адамның күш жігері жетпейтін болса, оның еркін əлсіретеді, бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу əдеті қалыптасады. Бірақ жеңіл-желпі орындалатын мақсаттар ерікті дамытпайды, қиындықтармен күресу, кедергілерді жеңу ептіліктерін орнықтырмайды. Іс-əрекет мақсаттары адамға түсінікті болуы керек, оған жету үшін ерекше күш-жігер қажет. Тек мақсаттар ғана шын мəнінде ерікті мінез-құлықты анықтайды. Шешім қабылдау- бұл белгілі бір мақсатқа, сол мақсатты орындауға апаратын ісəрекеттің белгілі бір тəсіліне немесе белгілі жолдарына тоқтау. Мысалы, мамандық таңдауға байланысты түрткілердің күресі нəтижесінде мектеп бітіруші университеттің қазақ тілі мен əдебиеті мамандығын таңдау туралы шешім қабылдайды. Жоспарлау- бұл алға қойған мақсатты орындауға бағытталған тиімді тəсілдер мен құралдарды іздестіруден тұратын күрделі ақыл-ой əрекеті. Жоспарлау үрдісінде барлық мүмкін болатын жəне қажетті əрекеттер, қиыншылықтар мен кедергілер ескеріледі, əрекеттің нəтижесіне алдын ала бағалау беріледі Алынған шешімді орындау- келесі негізгі кезең. Шешімнің əрекетке өтуін орындау деп атайды. Ерікті үрдісте ең негізгісі алынған шешімді орындау болып табылады. Орындауда адамның еркі аңғарылады.Өзіндік дербестіктің жағымсыз сапаларының бірі – негативизм. Негативистік көзқарастағы адамда еріктің дербестігі болмайды. Ондай адамдар басқаның кеңесіне дұрыс болса да құлақ аспайды.Барлығын жоққа шығаруға тырысып бағады, тіпті өз көзқарасы мен сенімдеріне де қарама-қарсы болады. Негативизмге қарама-қарсы, сонымен қатар еріктің жағымсыз сапаларының бірі сенгіштік. Сенгіш адам басқаның ықпалына жеңіл, тез берілгіш келеді. Басқаның берген ақылкеңесіне қате болса да сенгіш, сыни көзбен қарамайтын еріктің жағымсыз сапасын айтады. Табандылық- алға қойған мақсатты орындау жолында кездескен кедергілер мен қиыншылықтарды жеңе отырып,ұсынған шешімдерді аяғына дейін жеткізу, күш жігерді жұмсау. Ұлы Отан соғысында бүкіл кеңес халқы мен əскеріміз ерекше ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсете білді. Табанды адам алғашқы кездескен сəтсіздіктерге мойынсұнбай, керісінше оданда жігерлене түседі, бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Табандылықтан еріктің жағымсыз сапасы – қыңырлықты айыра білуіміз керек. Қыңыр адам өзінің көзқарасының қате екенін біле тұра, өз көзқарасынан таймайды, өз пікірінде қалуға тырысады. Бұл əлсіз еріктің нəтижесі болып табылады. Мақсатқа ұмтылушылық- алға қойған мақсатын қайткен күнде де орындап шығудан, бастаған істі нəтижелі етіп тындырудан көрінетін еріктің сапасы. Бұл ұстанған бағытына, бет алысына, танымы мен сеніміне қалтқысыз сене білетін адамдарда жиі кездеседі. Мақсатқа ұмтылушылық- алған беттен қайтпайтын күшті ерік-жігері бар кісінің сапасы. Адамның мақсатқа ұмтылушылық қуаты, үміт-арманы, алға қарай ілгерілеу талабы неғұрлым тартымды, əрі биік болса, оның қабілет, талабы да жоғары болады. Тоқтамға келу - адамның өз бетімен жауапты шешімдер қабылдау жəне іс-əрекетте оларды жүзеге асыруға қабілеттілігі. Əрекет белгілі бір шамада тəуекелге барумен жəне бірнеше баламаның біреуін таңдау қажеттілігімен байланысты күрделі жағдайда ерекше айқын көрінеді. Тоқтамға келу, сондай-ақ тез қабылданған шешім үшін батыл түрде жауапкершілікті өзіне алуды, іс-қимылдың дер кезінде болуын, оны тез орындай білуді білдіреді. Тоқтамға келушілік жеке тұлғаның қасиеті, еріктің жоғары деңгейде дамуын көрсетеді. Көптеген адамдарда бұл қасиеттер жетпей жатады. Ондай адамдар ұзақ ойланады, бірден шешімге келе алмайды, өз күші мен мүмкіншіліктеріне сенбейді, белгілі бір қалыптасқан ахуалдан қалай шығудың жолын таба алмай қиналады. Ұстамдылық пен өзін-өзі бақылау - жеке тұлғаның жағымды қасиеттерінің бірі, əр уақытта да өзін жəне өзінің мінез-құлқын қадағалап отыру өзін-өзі бақылай білуі. Қызбалығы мен үстірт əрекетін тежей алу оларды тəртіп ережелерімен талаптарына бағындыруы. Өте қиын жəне күрделі жағдайларда салқынқандылық таныта білуі жəне жағымсыз мінез-құлық əрекеттерін дер кезінде тежеп отыруы - ұстамды адамдарға тəн сала. Ұстамды адам өзін-өзі бақылап, əрбір іс -əрекетіне есеп беріп отырады. Ұстамдылыққа қарама-қарсы жағымсыз ерік сапасы - ұстамсыздық. Ұстамсыздық қасиеттерді мектеп шəкірттерінің бойынан жиі кездестіреміз, ондай шəкірттер өте қозғалғыш, жағымсыз іс-əрекетке бейім тұрады. Олардың тарапынан жағымсыз қылықтар да жиі байқалады. Сондықтан да ондай типтегі шəкірттер мектеп ұстаздары тарапынан ерекше назар аударуды қажет етеді. Еріктің амал кезеңдері. Ерікті əрекеттер мен амалдар — мəнісі мен құрылымы жағынан өте күрделі процесс. Бұл əрекет бірнеше кезеңдерден не сатылардан тұрады. Сол сатылардың ретін былайша көрсетуге болады: Ерікті амал кезеңдері бұл мəселенің мəнін психологиялық тұрғыдан ашып көрсетеді. Əрбір ерікті əрекетте белгілі мақсат бар. Адам қандай да болмасын белгілі бір істі орындау, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз жағдайын соған бейімдейді. Бұл- алға мақсат қойып, соған ұмтылу, яғни мақсатты əрекет немесе не себептен адам осындай қажеттілікті орындауға тиіс, ол не үшін кажет деген тілек білдіру. Содан кейін осы тілекті орындаудың жолдары мен əдіс-амалы іздестіріледі. Олардың ішінен аса қажетті жəне маңызды дегені таңдап алынады. Айталық, мамандықты өзгерту керек, не экспедицияға бару керек болады. Бұл кезеңде адам алдына қойған мақсатын тек қалап қана қоймай, оның мəнін түсінеді, ақыл-ой талқысына салады. Сөйтіп, оған қалайда жетуге əрекеттенеді. Бұл — ерікті əрекеттің интеллектуалдык кезеңі. Əрине, адам белгілі шешім қабылдап, оны жүзеге асыру жолдарын жоспарлап алғанымен, көптеген объективті, кездейсоқ т. б. қиыншылықтарға ұшырайды. Мұндай жағдайда қолайлы жағдай туғанша, адамның өзі қабылдаған шешімін қоя тұруына тура келеді. Дегенмен, осы шешімді жүзеге асыру оның көкейтесті мəселесі болып қала береді. Осы жағдайға орай адам енді барлық ерік-жігерін өзі көксеген ісін орындауға жұмылдырады. Осы кезеңде кездескен қиыншылықтарды жеңу үшін адам стресстік жағдайға ұшырауы да мүмкін. Алайда, қажеттілігін қалайда орындау үшін ол оған барлық саналы еркін бағыттайды. Күш салуда адам: а) мақсатына жете алмағанына қайғырады, уайымдайды, бұл — мінездегі ерікті əрекеттің көрінісі; ə) іштей ойланып, бойын мақсатына жетуге деген борыштық сезім билейді, ал борыштық сезімнің күшеюі — азаматтық сапа. Дегенмен, адамның уайымы жекеменшіктік сезім мен қоғамдық мақсаттың арасында ауытқу тудырады. Сөйтіп, бұл жердегі ниет күресі адамның осы екі бағыттың қай жағына қарай ауытқитындығын анықтайды. Ерік — қайратының күшеюі мен талпыну тек шешім қабылдау барысында ғана емес, оны орындау кезінде де əр түрлі ауытқу мен уайымға ұшыратуы мүмкін. Бұл ретте сыртқы кедергілерді жою қажет болады. Мысалы, талапкердің күндегі əдеті бойынша серуенге шықпай, режимін бұзып, емтиханға даярлануы. Алға қойған мақсатқа жету үшін адам өз мінезіндегі бұрыннан қалыптасқан мүддесін, сенімін, өзін-өзі бағалай білуін, ерік-қайрат қасиеттерін талдап, оларға бақылау жүргізе білуі керек. Мұндай əрекет адамның еркін білдіретін психологиялық сапа болып табылады. Еріктік əрекет азды-көпті қиналу жағдайында өтеді. Осындай жағдайда ерік күші көрініс береді. Ол мақсатты орындауға немесе одан бас тартуға жұмсалған қуат көлемімен сипатталады. Мысалы, бір оқушы үшін математикадан үйге берілген тапсырманы орындауға үлкен күш жұмсаудың керегі болмайды, ал екінші оқушыға тапсырманы орындау үшін біраз еңбектеніп,«терлеуге» тура келеді. Бірінші жəне екінші жағдайда да күш жұмсалады, бірақ олардың шама-шарқы əр түрлі. Ерік күшін жұмсаудың əр түрлі дəрежеде болуы барлық іске даярлығы да, құлқы да бірдей болмағандықтан бір адамның өзінің бойында да кездесе береді. Ерік күшін жұмсау еріктік əрекеттің мақсатты аңғару, шешім қабылдау, тəсіл таңдау жəне шешімді практика жүзінде орындау сияқты ерік актілерінің бəрінде де бар. Бірақ ол қиыншылықтарға байланысты туады. Кедергілер санада бейнелене отырып, қиындық жағдайларды туғызады, одан қиындықты жеңуден бас тарту, яғни мақсаттан бас тарту, немесе ерік күшін жұмсай отырып, практикалық əрекетпен жеңу арқылы ғана құтылуға болады. Қиындық барлық кезде де бір-біріне сай келетін толғаныс пен ерік күшін туғыза бермейді. Кейде шын "мəнісінде шағын, болмашы кедергілердің өзі көп толғануды едəуір ерік күшін жұмсауды керек етеді. Мысалы, жас бала таныс адамдардан барып керекті нəрсені сұрап алғысы келмей, тартқыншақтайды. Бұл, əрине, жай ғана əрекет. Оңай болғанымен ол алда тұрған кездесу, сөйлесу кезіндегі көңіл күйінен, «бермей қояр ма екен» деген күдіктен туатын, психологиялық кедергіні, ұялуды жеңу үшін, едəуір ерік күшін талап етеді. Сонымен, күрделі еріктік əрекетті талдау, алдыңғы екі буынның дайындық буын екенін көрсетеді. Олар үшінші буын — практикалық бөлімнің программасын жасайды. Программаны қалыптастыруда көптеген психикалық процестер қатысады, дегенмен ойлану шешуші рөл атқарады. Еріктік əрекеттің орындалу жағы іскерлікпен, дағдымен ұйымдастырушылық қабілетпен байланысты. Қиындықтармен кездескенде белсенділік рөлі тағы да ойлану үлесіне тиеді. Қиындықтарды жеңу дегеніміз, бұл ең алдымен, қай бағытта жүру проблемасын шешу. Орындау процесінде шаршағандықты немесе сыртқы кедергілерді жеңуге қажетті ерік күші көрініс береді. Күрделі еріктік əрекеттер көбінесе ұзақ мерзім ішінде жүзеге асады. Бірақ шапшаң əрекетті қажет ететін жағдайлар да аз кездеспейді. Ондай кезде ерік əрекеттерін буынға бөлу қиын. Олар тұтасып кеткендей болады. Мақсатты аңғару, шешім қабылдау, мақсатқа жету жолдарын табу практикалық əрекет төңірегінде жүзеге асады. Бір қарағанда, бүкіл ақыл-ой жұмысы дене жұмысымен қатар жүріп жатқандай болып көрінеді. Бірақ, бұл олай емес. Санамен аңғарылған еріктік əрекетте бейне, ой аз ғана болса да атқару бөлімінен бұрынырақ жүреді. Қимыл мүшелері санада бейнелендірілген, ассоциациялық жолымен ми қыртысының қимыл учаскесіне берілгендерді жүзеге асырады. Бұдан кейін қимыл (əсіресе дағдылысы) сананың мұқият бақылауынсыз-ақ жүзеге асады. Санада, қимыл мүшелеріне беріліп отыратын, жаңа ассоциациялар құрылады жаңа мазмұн туады. Бұл, программаны (мақсатты) толық жүзеге асырғанға дейін осылай бола береді. Жоғарыда, барлық кезеңі жеке адамның өзіне тəн, дараланған күрделі еріктік əрекет талдауға салынды. Алайда, күнделікті өмірде, адам басқа адамдардын ойынан шыққан істерді де жүзеге асырады. Мысалы, əскери міндетті өтеушілер мақсаты мен орындалу жолдары көрсетілген бұйрықтарды орындайды. Мұғалім сабақ үстінде оқушыларға тапсырма беріп, сол жерде оның жолы мен қалай орындалатынын көрсетеді. Заводтағы жұмысшы агрегат немесе станок жанында не істеп, не істемеу жайы айтылған қауіпсіздік сақтау техникасы нұсқауларын басшылыққа алады. Бұл жағдайлардын, бəрінде мақсат пен оған жету жолдары немесе оның əрқайсысы жеке белгіленеді. Мұндай жағдайдағы адамның өзіндік толық ерік актісі болмайды. Бұл оның еркі жоқтығын, автоматқа, үнсіз орындаушыға айналғандығын білдірмейді. Біздің қоғамымыздағы дұрыс ұйымдастырылған коллективте жеке адамның бастамасы, оның творчестволық мүмдіндіктері еш уақытта елеусіз қалмайды жəне оның тапсырма шеңберінде еріктік мінез-құлық көрсетуіне орын бар. Бұйрық, ұсыныс, кеңестерді орындай отырып, адам іштей толғаныста, демек, ерік күшін көрсететін жағдайда болады. Ұлы Отан соғысы кезінде жауға қарсы шайқасқан совет солдаты, жау самолетімен ұрысқа түскен ұшқыш, жоспарлы тапсырманы орындап жүрген жұмысшы, күрделі оқу материалын игеретін оқушы, белгілі бір адамдардың тапсырмаларын орындағанымен əрқайсысы өз еркін көрсетеді. Мұндай жағдайда ерік күші бір кезеңнен екінші кезеңге ауысады, əрекеттің жеке адам неғұрлым өзіндік бет танытатын бөлігінде шоғырланады. Бұйрық, тапсырманы орындау кезінде де ерікті реттеуді қажет ететін ішкі қиындықтар (ықыластың жоқтығы, жағымсыз эмоциялар т. б.) пайда болады. Мұның үстіне жеке адам тапсырманың орындалуына жауапкер. Ол алдағы уақытта жұмыс сапасы, оның уақытында орындалуы, басқа көрсеткіштер жөнінде есеп беруге тиісті. Бұл да іштей толғантып, ерік күшін туғызады. ҚОРЫТЫНДЫ Психологиялық зерттеулер көрсетіп отырғанындай, ерік күшінің мықтылығы, оның беріктігі көп жағдайларға байланысты болады. Ең алдымен, жеке адамның дүниетанымы, идеялық бағыты жəне оның шешетін мəселесінің қоғамдық мəні туралы айтқан жөн. Бұл элементтер ерік күшімен тікелей байланысты. Жеке адамның моральдық беріктігі маңызды фактор болып есептеледі. Мəселен, жауапкершілігі мол адамнан ерікті жұмылдырудың жоғары дəрежесін-мақсатқа жету жолында бар күші мен қуатын сарқа жұмсайтынын байқауға болады. Жауапкершілігі жоқ адам көп жағдайда іске бұлайша берілуге қабілетсіз. Ерік күшінің мықтылығы темперамент типіне де байланысты. Холерик, сангвиниктер үлкен шиеленісті жағдайда да төзе білсе, меланхоликтерде мұндай ерекшеліктер шамалы. Ерік күші қиыншылықтардың, ауыртпалықтардың пайда болуы жəне артуына қарай туып, күшейіп, отырады. Бірақ кейде адамға əрекетті бастау қиын. Ол күдіктен арыла алмайды. Мұндай жағдайда белгілі бір сигналды қолданудың пайдасы тиеді. Мəселен, спортшы жарыс бəсекесін үшке дейін санап, қолын көтеріп, өзіне өзі бұйрық бергеннен кейін бастайды. Ерік күшін реттеу іштей немесе дауыстап сөйлеп қостау көмегімен жүзеге асырылады. Адам өзіне өзі кеңес береді, бұйырады, мадақтайды, қолдайды. «Батылдау бол», «Жасқанба», «Рухың түспесін», «Тағы да аздап төзіңкіре» деген сөздер əркімге таныс. Оларды адам өзіне өзі өте қиын минуттарда, жағдай əбден шиеленіскен кезде айтады. Сонымен, тұлға - бұл шынайы жоғары интегративтік, бұзылмайтын біртұтас жүйе. Тұлғаның қалыптасуындағы орталық бөлім болып - адамның мотивациялық аймағының, яғни оның талаптарының, тілектерінің, ұмтылыстарының жəне ниеттерінің дамуы саналады. Қажеттіліктер қанағаттандырылуы керек, ал бұл оларды қанағаттандыратын амалдарды іздеуге жəне табуға бағытталған əдістер мен құралдардың пайда болуын жəне оларды жетілдіруді қажет етеді. Адамның ерік сапалары мен ерекшеліктері оның маңындағы өзге адамдар ықпалынан бөлек, өз алдына мақсат қойып, іс-əрекеттерді орындауы нəтижесінде қалыптасады. Ерікті əрекеттер үстінде адам өз еркін меңгеріп, өз бойындағы күш-қуатын қиын жұмыстарды орындауға, бастаған ісін аяқтап шығуға жұмсап, оларды қалай да жүзеге асыра алады. Сөйтіп, өз еркін шыңдап, қалыптастырады. Адамның ісі мен мінез-құлкын меңгеруі жəне оның азаматтық қасиеттері ерікті қимыл-қозғалыстарынан жəне істеген жұмыстарынан айқын байқалады. Адамның даралық қасиеттері барлык психикалық процестер ішінен еріктен анық көрінеді. Соған орай, адам өміріндегі аса маңызды кезең — өзінің іс-əрекеттерін бақылап, ерік-жігерін дамыта білу кезеңі болып табылады. Мұндай кезең — адам өміріндегі елеулі бетбұрыс. Ол оның мінез-құлқындағы ұнамды əрі жағымды сапаларды қалыптастырады. Еркін тəрбиелеу үшін адамға өз алдына ірі-ірі мақсаттар қою міндетті емес, ұсақтүйек нəрселерден-ақ бастауға болады. Мысалы, темекіні көп тартатын адам оның зиян екенін түсінеді де, тастап кетеді. Немесе студент бос уақытын қалайда пайдалы істермен шұғылдануға жұмсайды. Ерікті əрекеттерді дамыту үшін белгілі істі орындап, оған дағдылану керек.Ерікті дағдыландыру, не жаттықтыру дегеніміз — адамның өзіне қызықсыз, тартымсыз болып саналатын істерді де орындап отыруға өзін-өзі көндіре алуы. Мұндай жүйелі əрекеттерде адам жалқаулық пен енжарлықты, бытыраңқылық пен аландаушылықты жəне ұқыпсыздықты да жеңіп, өзін-өзі мықтап қолға алады. Сөйтіп, ол өзінің ақыл-ойын, саналы əрекетін ірі-ірі талаптарды жəне игі мақсаттарды орындауға бағыттайды. Соның нəтижесінде өзін-өзі билеп, өз еркіне иелік ететін дəрежеге жетеді. Адам өмірінде кездескен істердің қай-қайсысын болса да орындап отыру үшін іштей даярланып, кездесетін қиыншылықтардын бəрін де жеңіп шығуға бейімделуі қажет. Ерікті тəрбиелеу оның жеке сипаттарын дамытумен шектелмей, оларды адамның меншіктік қасиетіне, даралық сапасына айналдыру мақсаттарын көздейді. Ерік тəрбиесі адам мінезінің қасиеттерін де қалыптастыруға тікелей ықпал етеді. Еріктің ұстаздар мен тəлімгерлердің, ата-аналардың, жалпы ересектердің мінезқұлқындағы жақсы сапалары өскелең ұрпаққа қашан да үлгі-өнеге болмақ. Өмірде біз адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгіленген мақсатқа жету жолында, ұзақ уақыт талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, көптеген кедергілерден өтетінін, бойын кернеген сезімді тежеп отыратынын, шаттық пен қанағат əкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын көреміз. Мұның бəрінде де адам еркі көрініс береді. Сонымен қорыта келгенде, мен ерік деп саналы түрде алға тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалстын жан қуатының белсенділігін жəне адамның өзін меңгере алу қабілетін айтамын. Ерік бостандығы – табиғат пен қоғамның жалпыланған заңдылықтарын терістеу емес, керісінше, адамның оларды жете танып, өз əрекетін соларға сай реттестіре білуі болып табылады. Қорыта келе: Ерік əрекетінің негізгі кезеңі — қабылдаған шешімді орындау, жүзеге асыру. Өз шешімін қайткенде де іске асыратын, оны орындамай қоймайтын адамды еркі жетілген адам деп айтуға болады. Кейбіреулер алдына бұлдыр, көмескі мақсаттар қояды да, оларды орындай алмайды. Ерік сапалары мен қасиеттері адамның іс-əрекетінде қалыптасады. Əрбір адамның өзіне тəн ұнамды жəне ұнамсыз ерік сапалары бар. Еріктің ұнамды қасиеттері: дербестік, батылдық, табандылық, өзін-өзі меңгере алуы мен ұстамдылық. Мысалы, дербестік — адамның алға қойған мақсатын орындау жолында ешкімнің жетегінде кетпей, өз ойымен, сенім-қабілетімен əрекет етуі. Оның қарама-қарсы ұнамсыз түрі — өзгенің сөзіне еріп, иланғыштығы. - Батылдық — өз шешімін именбестен ашық білдіруден байқалады. - Қорқақтық — батылдыққа қарама-қарсы ұнамсыз сапа. - Табандылық — қабылдаған шешімді жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы қажымай, талмай əрекет етуден көрінетін қасиет –деген шешімге келеміз. Абай болса, ерікті қырық үшінші сөзінде жибили яғни еріксіз болатын тілек, кəсіби, яғни, еңбекпен табылған нəрсе деп түсіндірген. Ол ерікті еңбекпен, қайрат-жігермен, ақылмен байланыстыра айтады. Еріктік əрекет себептері сонымен адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынаста келуінен туындайды. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.Сəбет Бап-Баба Жалпы психология Алматы., 2003ж 2.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері Алматы., 2002ж. 3.Жалпы психология. //В.В. Богословский т.б. редакциясымен/ Арнаулы редакторы Қ. Жарықбаев / Алматы: Мектеп. 1980. 4.Жарықбаев Қ. Психология. Алматы: Білім. 1993. 5.Тəжібаев Т. Жалпы психология. Алматы: Қазақ университеті. 1993. 6.Темірбеков А., Балаубаев С. Психология. Алматы: Мектеп. 1966. 7.Аймауытұлы Жүсіпбек. Психология. Алматы: Рауан. 1995. 8.Алдамұратов Ə. Жалпы психология. Алматы: Білім. 1996.
жүктеу 219.86 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет