Тағдыр қанатында армандар орындалады



жүктеу 40.92 Kb.

Дата24.01.2017
өлшемі40.92 Kb.

Тағдыр қанатында армандар орындалады... 

   Қымбатты  достар  міне  біз  үшін  көптен  күткен  күн  мерекесі  ең  ұзақ    

мереке  – күн сәулелі жаз мерекесі келді! Бұл қуанышты үлкен мерекенің әр 

күні түрлі түсті қызықты кітаптің жаңа бетіндей ашылып отырады. Ол кітап 

ішінде  әндер  ,суреттер,  ойындар  және    ертегілер  мен  жорықтар  қызықты 

оқиғалар  !  Жазғы  күнтізбенің  әр  күні  –  ол  қуаныш  ,  демалыс  ,  мереке!  Ең 

бастысы – төбемізде бейбіт аспан.  

    Балалар  сұлулық,  ойын,  ертегі,  музыка,  сурет,  қиял,  шығармашылық 

әлемінде  өмір  сүрулері  керек.  Біз өмір  сүріп   жатқан  әлемде үнемі  қарым  – 

қатынас жасап , қарым – қатынас құруға тура келеді , солай әрқайсымыз өмір 

процесінде  қалыптастырған  белгілі  мақсаттарға  жетеміз.  Көптеген  елдер 

балалар  құқығын  қорғау  проблемасына  ұлы  педагог  туғанға  дейін  көңіл 

аударған.  Сөйтіп    ХХ  ғасырда  әлемде  бірден  кішкентай  балаларға  арналған 

екі  мереке  пайда  болды:  Дүниежүзілік  балалар  күні  және  халықаралық 

балалар қорғау күні. 

    1 маусым мерекесі – бұл планетадағы барлық адамдарға балалардың өмірі   

және бақытты балалық шағы құқықтары туралы ұмытпауға жасалған үндеу. 

Біздің  балаларымыз  қорғалуды  қажет  етеді,  онсыз    мейірімді,  әділ, 

жауапкершілікті және ізгілікті қоғам қалыптастыру мүмкін емес.   

    2016  жылы      29  мамыр  күні  оқуда,өнерде  маңызды  нәтижелерге    жеткен 

Қазақстанның  бір  топ  балалары  Халықаралық    Балалар    қоры 

Ассоциациясының  президенті,  Ресей  Балалар  қорының  төрағасы,  жазушы, 

Ресей  білім  Академиясының  академигі  А.А.Лихановтың  шақыруымен 

Мәскеу  қаласына  жүріп  кетті.    Шақыру  хат  біздің  мемлекетіміздің 

бейбітсүйгіш  саясатына  құрмет,  мемлекеттер  арасындағы  достығымызға 

ілтипат  белгісі  ретінде  Елбасы,  Қазақсан  Республикасының  президенті 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  атына  жіберілген  еді.  Барлық  ұлы 

адамдар  олардың  таланттары  қай  салада  көрінсе  де  ғылымда,  техникада, 

әдебиетте,  өнерде  ме  олардың  бәрі  де  кезінде  бала  болған.  Қалай  қашан 

оладың  таланттары  алғаш  рет  байқалды  бұл  басқа  мәселе.  Ал  біз 

Отанымыздың болашақ жұлдызшаларымен бүгін танысамыз. 

   Лоскутов  Владисав  –  Шығыс  Қазақстан  Облысы    «Үміт»  балалар  үйінің 

тәрбиеленушісі.  Республикалық  «Таң  Шолпан»  байқауының  Бас  жүлдесінің 

иегері. (2010ж ) Халықаралық « Салют талантов » байқауының   II дәрежелі 

лауреаты  .(2012  Франция)  «  Евразия»    I    арнасының  «Лучший  город    КZ  » 

жобасының қатысушысы ( Москва 2014) « Салют талантов » байқауының  I 



дәрежелі  лауреаты  (2014  Испания  )  «У  самого  черного  моря»  таланттар 

байқауының    Бас  жүлде  иегері    (2015  ж  Ресей  )  Республикалық  «Таң 

Шолпан» байқауының Бас жүлдесі ( 2015 ) 

     Сарафутдинов  Владимир  –  Батыс  Қазақсан  Облысы  балалар  үйінің 

тәрбиеленушісі.  Ән  салуды  жақсы  көреді.  Қалалық  ,  облыстық, 

Республикалық және Халықаралық деңгейдегі вокал байқауының жеңімпазы.  

Режиссер, продюсер болуды армандайды.  

      Моисеева  Татьяна  –  Қостанай  облысы  Рудненск  балалар  үйінің 

тәрбиеленушісі,  «Детство  без  границ»  байқауының  қатысушысы,  облыстық, 

Республикалық « Таң  Шолпан» балалар байқауының лауреаты, жүлдегері. 

     Нагорная Лаура – Ақмола облысы Степногорск каласы № 4 « Жетім және 

ата-анасының    қамқорлығынан  айырылған    балаларға  арналған  балалар 

үйінің» тәрбиеленушісі. «СДД – ТВ» балалар студиясының дикторы. 

     Кольчугина Ангелина – жетім және ата-анасың қамқорлығынан  айрылған 

балаларға  арналған  Айыртау  мектеп-  интернатының  тәрбиеленушісі.                 

(Саумалқөл  ауылы,  Айыртау  ауданы  Солтүстік  Қазақстан  облысы).  Оқу 

озаты. 2014 ж Абай аудандық оқуларының  жеңімпазы. Республикалық «Таң 

Шолпан»  вокалдық  шеберлік  байқауының,  «  Северное  сияние»  ,  «Жас 

жұлдыздар» , облыстық шығармашылық байқауларының лауреаты.  

   Амангелді  Аружан  –  Алматы    қаласының  №  2  балалар  үйінің 

тәрбиеленушісі. «Ғұмырдария» , «Күншуақ» Республикалық фестевалдардың 

жүлдегері. 

   Якупова  Гульнар  –  Астана  қаласы  балалар  үйінің  тәрбиеленушісі. 

Республикалық  «Таң    Шолпан»  байқауының    Бас    жүлде  иегері.(  2013ж.) 

«Дети  SMART  Астана»  қалалық  байқауында    I  орын  (2014).Қазақсандағы              

«  Astana  kids  fashion  show»  Халықаралық  мода  көрсетілуінің 

қатысушысының    сертификаты,  «Менің  Отаным  Қазақстан»  Республикалық 

байқауының  II    дәрежелі  дипломы  (  2015ж).  «Грация»  халықаралық 

фестиваль- шығармашылық байқауы. I дәрежелі диплом  (2015) 

  Нысанова    Жеңісгүл  –  «Облыстық  С.Қазыбаев  атындағы  балалар  үйі» 

КММ-  тәрбиеленушісі.    «  Подари  улыбку  детям»  II  бүкілресейлік 

фестивалінің жеңімпазы. (2015ж) Астрахань қаласы. 

  Отешов Бекнар – Ақтөбе облысы «Темір отбасы үлгісіндегі балалар үйінің» 

тәрбиеленушісі.  «Екі  жұлдыз»  аудандық  байқауының  I  орын  иегері.(2015ж)  

«Таң Шолпан» байқауы I орын. 


    Плещакова    Гаухар  –  «  Маңғыстау  облыстық  отбасы  үлгісіндегі  балалар 

ауылы»  ММ  тәрбиеленушісі.  «Таң  Шолпан»  Республикалық  байқауының 

жеңімпазы (2014 ж. 2015ж ). 

   Барлық  балалар  талантты.  Біреулері  өз  қабілеттерін  математикадан, 

екіншілері  техникада,  спортта  көрсетіп  жатады.  Үшіншілері  -  тамаша  ән 

салады, мәнерлеп оқиды. 

    Бәрі де өзі тұрған үйде басталады. Талант күтпеген жерде көрінуі мүмкін. 

Тек сол сәтті жіберіп алмай балаға көмектесіп,  жанына жақын қызықты істі 

тауып беріп, оның алғашқы қадамдарын қолдап, азғана жетістігі үшін мақтау 

керек. Немесе біздің жағдаймыздағыдай әлемді көруге мүмкіндік беру.  

    Біздің    Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев.  Бұл  есімді  жас 

баладан еңкейген қартқа дейін біледі. Халық оған сеніммен, үлкен үмітпен өз 

қамқорлықтарын,  өз  жан-жаралары,  өз  қуаныштарымен  келеді.  Ол 

мемлекетіміздің туылуының қазақстандық – халықтың туылыуының басында 

болды.  Мемлекеттің  қамқорлығында    тұрып,  өсіп  жатқан  Қазақстанның 

кішкентай  таланттары,    біз  тәуелсіз  еркін  елде  тұрамыз  деп,  мақтанышпен 

айтады.    Адамға      болашаққа    көз  жүгіртіп  ,  оның  көрінісін  тануға  ұмтылу 

өзіне  тән  қасиет.  Біздің  Президентіміз  болашақты  көре  алады.  Балалардың 

Мәскеуге  баруы  соған  дәлел.  Әлем  елдері  арасындағы  балалар  достығының 

көпірі қалануда, ынтымақтастық көлемінде шек жоқ.  

   Сапардың  басы  сәттілікпен  басталды.  Балалар  Астана  қаласының 

әуежайында Ресей актері Дмитрий  Марьяновпен танысып,  актер мамандығы 

туралы  шағын  әңгіме  тыңдады.  Ресей    астанасының  қонақжай  қақпасы 

әлемнің 11 мың баласына ашылды. Ол Қазақстан,  Абхазия, Оңтүстік Осетия, 

Молдова,  Беларуссия,  Луганск  ,  Финляндия,  Қырғызстан,  Саха  (  Якутия), 

Армения,  Тюмень,  Башкирия,  Алтай  –  елдерінің  делегациясы.  Әр  бала 

ерекше және қызықты.  

  Балалардың    жүректері  сұлулықты  және  мерекені  қалады  ол  жүзеге  асты: 

тарихи,  мәдени  назар  аударарлық    жерлерді  көріп  керемет  әсер  алды. 

Мысалы  «Московский  Кремль»  мұражай    қорығына,  белгісіз  жауынгер 

зиратына,  Александров  саябағына,  Космонавтика  мұражайына  ,  ең  үлкен 

хайуанаттар    паркі-  2016,  Ұлы  Отан  Соғысының    Орталық  мұражайына  , 

Царицыно  мұражай  –  қорығына  ,  Толмачтағы    Әулие  Николай  Храмына  , 

Третьеков  галереясына  экскурсиялар  жасалып,  теплоходпен  үш  сағат 

саяхаттаумен аяқталды.   


  1  маусым-  Халықаралық  балалар  қорғау    күні    Мәскеу  театр  алаңында 

тойланды.  Бұл  мерекенің  мәртебесі  биік.  Осы  керемет  мерекеге  жүрек 

жылуымен жасалған шақыру өз тосын сыйларын сыйлады.  

  Матвеенко  Валентина  Ивановна  –  Ресей  мемлекет  қайраткері,  саясаткер, 

дипломат,  Ресей  Федерация  Кеңесінің  төрайымы  балаларды  жылы  қарсы 

алды.  Әр  баланың  өз    елі  туралы  ,  Отанының  қызықтары  туралы  айтып, 

ескерткіш  сыйлық  тапсыру  мүмкіндігі  болды.  Ресейдің  мемлекеттік 

академиялық 

үлкен 

театрында 



Мәскеу 

мемлекетік 

хореография 

Академиясының  түлектерінің  қатысуымен  өткен  қайырымдылық  концерті  

Балалар  қорғау күнін әртүрлі елдерден келген балалармен бірге тойлаудың 

маңызын ашты. 

  Әртүрлі елдің балаларының арасындағы достықты қандай да бір қаулымен, 

жарлықпен жариялауға болмайды  ол олардың жүректерінде. .. 

 Барлық  елдер  еркін  гүлденуі  үшін  әлемде  бейбітшілік  және  халықтар 

арасында бірлік болуы қажет. Біздің Қазақстанды барлық елдер жақсы көріп 

қалды.  Балалар  барлықтарымен  достасып  кетті,    тіпті  үлкендерде  оларға 

қызығатындай.  Танысу  кешінде  тәрбиеленушілер  өз  елдерінің  өкілі  болып 

бір-бірінің    ұлттық  салт-дәстүрін    құрметтей    отырып  қоғамда    абыройлы 

өмір құрып жатқандары  туралы айтты. Экскурсияға барған кезде автобусқа 

кірерде Қазақстан балалары  әртүрлі тілде  ән орындауларымен жақсы көңіл-

күй  орнатып  отырды,  кез-келген  әуенді  тыңдап  қаншалықты  шын  жүректен 

шыққанын  ұғуға  болады  екен.  Теплоходпен  серуендеу  кезінде  би  билеуден 

шаршамады. Қандай керемет болды!  

   Мемлекет  қарамағында  бола  тұра,  тағдырына  қарамастан  олар  өз  елінің 

абыройын  биік  ұстай  білді.  Осы  күндері  біз  бәріміз  бірге  жүрдік,  өте  тату 

болдық сондықтан да болар коштасу бізге ауыр болды. Абхазия балалары да, 

үлкендері  де  құшақтасып,  «Лезгинка»  билерін  билеп,  Беларуссия  балалары  

әдемі тілектер айтып, Луганск балалары көздеріне жас алып, үмітпен бізбен 

қоштасты. Азғана мерзім ішінде  балалар қатты достасып, бірігіп кетті. Бір-

біріне  сыйлықтар  сыйлап  әркім  өз  үйлеріне  достықтың,  арманның  бір 

бөлшегін  ала  кетті.  Міне  нағыз,  сенімді  достық  осылай  дүниеге  келеді, 

сақталады, бұзылмайды.  Енді біз үйге келгенде барлық балалардың атынан 

осындай  тамаша  демалыс    және  мереке  үшін    __________    алғыс 

білдіреміз!!!».    Мемлекет  жұлдызшалары    Мәскеудің  көруге  тұрарлық  

жерлерінен  ғана  емес,  сондай-ақ,    ғажайып  табиғатынан    Мәскеу  қаласы  « 

Балалар оңалту орталығындағы» тамаша жасалған жағдайлардан да мол әсер 

алды.     






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал