Табиғи өнім күш қуаттың кепілі



жүктеу 1.06 Mb.

бет1/10
Дата03.02.2017
өлшемі1.06 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

11-бет.

 10-бет.

Табиғи өнім – күш-

қуаттың кепілі

Қазыбек Абай еліне 

бармақшы

Түркі әлеміне танымал 

Жұмахан

 

„



Спортшылар мен 

жолаушылардың құнарлы 

азығы Тараз қаласында 

өндірілуде.      

 

„

Еліміздің бірқатар 



өңірлерін велосипедпен 

аралаған жас саяхатшы 

кітапша жазбақ. 

 

„



Сахнаға деген сағыныш, 

өнерге деген құштарлық 

оны аяғына тұрғызады деп 

үміттенеміз.      

 

5-бет.

 

9-бет.



 №13 (1301)  30 наурыз 

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 

„



Кітап – қай ғасырда, қай заманда болмасын өз құнын жоймайтын таңғажайып тәрбие 

құралы. Баланың арман-қиялына  қанат бітіріп, ақ пен қараны ажыратуда, таным көкжиегін 

кеңейтуде  адал һәм  айнымас досы. Уақыт белдеуінде сапар шегіп, әлемнің көгінде 

әуелеуге,  өмірді өзгертіп, жарқын болашақты өз қолыңмен  жасауға үйрететін мәңгілік 

ұстаз. 2 сәуір – Халықаралық  балаларға арналған кітап күні және әлемдегі барлық 

кітапқұмар өскелең ұрпақтың ортақ мерекесі.

Қаһарман жүрек қашанда қатерін елдің жеңеді,

Жеңісі барлық ұрпақтың мәңгі демеуі.

Елім деп өлген ерлерім үшін ойланбай,

Жүректен жұлып жанымды бергім келеді.

                                         Тұрдалы Шералин

 

7-бет.



Ғазиз Байтасов 

45 жаста

ҚиялҒа Қанат 

ҚаҚтырҒан

Мақсат - халықты баспанамен қамтамасыз ету.  

 Суретті түсірген автор



 

„

Өңірде егін және мал шаруашылығын дамыту саласында  жемісті жұмыстар атқарылып, көңіл 



қуантарлық көрсеткіштер көбейсе де, құс саны 13,3%-ға, ал өндірілген жұмыртқа саны былтырғы жылмен 

салыстырғанда 34,5%-ға азайып кеткен.

Нұрлы жол

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №13 (1301),  30 наурыз 2016 Жыл  //

2

 

„

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру басталғаннан бері өңірде 12 

көп пәтерлі үй пайдалануға берілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар 

қызметінің мәжіліс залында өткен брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс 

жинақ банкі» аҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Евгений Шарыгин 

мәлімдеді. 

БЕкітілгЕн 

БаҒа ӨзгЕріссіз Қалды

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Жалпы аталған бағдарлама негізінде «Жас 

отбасыға арналған үй» бағыты бойынша ау-

даны 23,7 мың шаршы метрді құрайтын 390 

пәтерлі 5 үй, «Халықтың барлық санатына 

арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ау-

даны 31,6 мың шаршы метрді құрайтын 399 

пәтерлі 7 тұрғын үй пайдалануға берілген.  

Мұнан  өзге  осы  жылы  «Өңірлерді  дамы-

ту- 2020»  бағдарламасы аясында «Арай» 

иінінде  орналасқан  жалпы  ауданы  6,179 

мың шаршы метрді құрайтын  80 пәтерлі 

үйдің  құрылысын  аяқтау  жоспарланып 

отыр екен. Пулға қатысу үшін өтініш беру 

ағымдағы жылдың 3 тамызынан басталып, 

3 қазанға дейін жалғасын таппақ. Сонымен 

қатар тұрғын үйдің бағасы өзгеріссіз қалып, 

1 шаршы метр үшін құны 116 мың теңгені 

құрап отыр. 

Банк жүзеге асыратын Тұрғын үй құрылыс 

жинақ  жүйесі  елімізде  2003  жылдан  бері 

жұмыс  жасап  келеді  екен.  Осы  уақыт 

аралығында  100  мың  отбасыны    баспа-

намен  қамтамасыз  етуге  үлкен  септігін 

тигізген. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев  

ҚТЖ  жүйесінің  тиімділігін  ерекше  айта 

келе, ағымдағы жылы «Бәйтерек» Ұлттық 

Басқарушы  Холдингі  арқылы  кредиттік 



Қант қызылшасының көлемі артады

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімдігінің 

ауыл  шаруашылығы  басқармасының  басшысы  Нұржан 

Нұржігітов  жергілікті  БАҚ  өкілдерімен  бас  қосып,  егіс 

алқаптарындағы  көктемгі суаруға дайындық  жұмыстарын 

саралап өтті. Әңгіме барысында басқарма басшысы өңірдегі 

аграрлық ахуалға да жіті тоқталды. Расында, басқарма тара-

пынан 2016 жылдың I-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар 

нәтижесіз  емес  екен.    Елбасы  Нұрсұлтан    Назарбаевтың 

Қазақстан  халқына  Жолдауындағы:  «Ауыл  шаруашылығы 

өніміне  жаһандық  сұраныс  ұдайы  өсіп  отырған  жағдайда 

еліміздің ауыл шаруашылығы саласын да ауқымды жаңғырту 

қажет» деп баса айтқан тапсырманы тілге тиек еткен Нұржан 

Молдиярұлы нақты нәтижелермен бөлісті. Мәселен,  биылғы 

жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға барлығы 6,5 млрд. 

теңге бөлінсе, оның I-ші тоқсанға жоспарланған 1936,9 милли-

оны толық игерілген. Және биылғы жылы егін шаруашылығын 

субсидиялауға  2236,4  млн.,  мал  шаруашылығын  қолдау 

бағдарламалары бойынша 1798,0 млн. және басқа да салалар 

бойынша 2465,6 млн. теңге қарастырылып отыр екен.  Жыл 

басынан бері жалпы өнім көлемі 17,7 млрд.  теңгені құраса, 

оның ішінде егін шаруашылығы өнімінің көлемі 115,0 млн., 

мал шаруашылығы өнімінің көлемі 17,6 млрд. теңгені құрапты. 

Ал  былтыр 587,9 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары  

себілсе, биыл 593,2 мың гектарға дақыл егу жоспарланыпты. 

Ал нақты уақытта 144579 га жер жыртылып, 249433 га жер 

дайындалған.  Сонымен қатар,  110408 га жаздық масақты 

дақылдар, 11026 га майлы дақылдар, 9035 га көкөніс, 95 га 

картоп, 17917 га көп жылдық шөп себіліпті. 

- Көктемгі дала жұмыстарына 2768 трактор, 748 соқа, 659 

дән сепкіш, 4032 тырма, 205 қопсытқыш, 56 сыдырғыш, 15 

тегістеуіш техникалары жұмылдырылды. Одан бөлек, биылғы 

жылы қант қызылшасының көлемін 6,0 мың гектарға жеткізу 

жоспарлануда. Үстіміздегі жылы қант қызылшасы дақылына 

қажетті тұқымды сатып алу мақсатында облыстық бюджеттен 

220,0 млн. теңге бөлінді. Тұқым Франциянікі,-деп басқарма 

басшысы  қант  қызылшасы  дақылының  агротехникалық 

жұмыстарын атқаратын техникалардың жағдайын да атап өтті. 

Қант қызылшасын өндіруде  өңірде барлығы 244 техника 

бар екен. Аталған техника саны қант қызылшасына қатысты 

жұмыстарды  оңтайлы мерзімде  атқаруға жетіспейтіндіктен,  

жаңа  техникаларды  сатып  алу  мақсатында  облыстық  бюд-

жеттен 200 000,0 мың теңге қаржы бөлініпті. Сонымен қатар, 

қант зауыттары және Ауыл шаруашылығы министрлігімен 

қант қызылшасының сатып алу бағасына берілетін субсидия-

лау көлемін арттыру туралы келісім жұмыстары жүргізілуде. 

Және  2016  жылдың  өнімі  үшін  егілетін  дақылдарға  Ауыл 

шаруашылығы  министрлігі  тарапынан  Жамбыл  облысына  

көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қажетті 14 мың тонна ди-

зель отыны бөлініпті. «Бұл ауыл шаруашылығы дақылдарын егу-

ге байланысты көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге толықтай 

жетеді» - дейді басқарма басшысы.

- Облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлының Беларусь Республика-

сына жұмыс сапары барысында қол жеткізген ынтымақтастық 

туралы келісімдер бойынша Шу қаласындағы «Шу локоматив 

жөндеу зауыты» базасында беларусьтық «Лида-1300» астық ору 

комбайнын құрастырып жинау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Жамбыл облысы әкімдігі мен «Қамқор Локомотив» ЖШС-і 

арасында меморандум жасалып, қол қойылды. «Лидагропром-

маш» ААҚ-ы басшылары «Шу локоматив жөндеу зауытында» 

және «Қамқор Локомотив» ЖШС-інде болып келісімдерге қол 

жеткізілді. Нәтижесінде  биылғы жылы 100 бірлік «Лида-1300» 

астық ору комбайндарын құрастырып шығару жоспарлануда. Об-

лыс әкімінің тапсырмасына  сәйкес, бұл техникалар аудандарға 

бөлініп берілетін болады,- дейді басқарма басшысы. 

Осы  секілді  бірқатар  жағымды  жаңалықтармен  бөліскен 

Нұржан    Молдиярұлы  жиын  соңында  БАҚ  өкілдерінің 

сұрақтарына жауап берді. Мәселен, қалалық «Жамбыл-Тараз» 

газетінің тілшісі өңірде былтырғы жылмен салыстырғанда күрт 

азайып кеткен құс саны мен жұмыртқа өнімдерінің жағдайын 

сұрады. Н. Нұржігітов құс санының кему себебін  облыстағы 

құстың 80%-ға жуығы жеке қожалықтарда шоғырланғандығымен 

байланыстырды.  Ал жұмыртқа өнімдерінің жағдайы нақты 

уақытта нарыққа байланысты екен. Тікелей жұмыртқа өндірумен 

айналысатын шаруа қожалықтар да күрт азайған. Ал «24kz» 

телеарнасының тілшілерін субсидиялау мәселесі  мен 80% 

Қырғызстаннан  келетін судың жайы қызықтырды. Субсидия 

мәселесіне қатысты өзгертулерді атап өткен басқарма басшы-

сы өңірде 11 мың гектардан астам жерге тамшылатып суару 

жүйелері орнатылғанын және егіс алқаптарын толық қамтамасыз 

етуге жеткілікті су қоймаларын алға тартты. Ал облыстық «Ақ 

жол» газетінің тілшісі өз өңірімізде өндірілетін бидай өнімінің 

көлемі ауқымды бола тұра, нан өндіруде солтүстік өңірлердің 

бидайына  мұқтаж  болып  отырғандығымыздың  себебін 

сұрады.  Нұржан  Молдиярұлының  айтуынша,  біздің  өңірде 

өндірілетін бидай нанды өндіретін талаптарға сай емес екен. 

Тек солтүстіктің бидайымен араластырып қана нан өндіруге 

жаратуға болатынын баса айтты. 

тұрғын  үй  құрылысына  149  млрд.  теңге 

қосымша  қаржы  бөлуді  Тұрғын  үй 

құрылысы жинақ банкіне тапсырған бола-

тын. Оның 22 млрд. теңгесі банк салымшы-

ларына кредит беруге бағытталса, қалған 

127 млрд. теңгесі әлеуметтік тұрғын үйдің 

құрылысына «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы 

Холдингіне бағытталмақ. Бұл қаражат екі 

бағыт бойынша 67 млрд. теңгесі жергілікті 

атқарушы органдар арқылы және 60 млрд. 

теңгесі «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы 

жұмсалатын  болады.  Тұтастай  алғанда 

Мемлекет  басшысының  тапсырмасымен 

бөлінген қаражатқа 2 жылдың ішінде 14 мың 

пәтер қатарын құрайтын 814 мың шаршы 

метр тұрғын үй салынады. 

- Бұдан былай, болашақ тұрғын үйлерді 

жобалау кезеңінде Қазақстанның Тұрғын 

үй  құрылыс  жинақ  банкінің  және  оның 

клиенттерінің  ұсыныстары  ескеріліп,  әр 

шаршы метрдің құны мемлекеттік сарап-

тамадан  өткеннен  кейін  белгілі  болады. 

Сондай-ақ  «Бәйтерек  девелопмент»  АҚ 

желісі  бойынша  әр  шаршы  метр  үшін 

баға 180 000 теңгеден аспайтын болса, ал 

жергілікті  атқарушы  органдар  желісімен 

бекітілген  бір  шаршы  метрдің  бағасы 

өңірлерде 140 000 теңге болады,-дейді фи-

лиал басшысы Евгений Шарыгин.

«Өз  үйім»  бағдарламасы  тұрғын  үй 

құрылысын дамытуға және қалың бұқара 

топтарына баспананың қолжетімді болуын 

арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған 

дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру 

аясында банктің ЖАО-мен, ЕДБ-мен және 

дербес құрылыс салушылармен әрекеттестігі 

кезінде  жасалынып  шығарылған.  Бұл 

бағдарлама  арқылы  баспана  алу  үшін 

таңдалған  пәтер  сомасының  50  пайызын 

жинақтау қажет. Жеке меншік баспанасы 

бар  салымшылар  да  осы  бағдарламаның 

қатысушысы атана алады. 

Банк 2016 жылдың 8 ақпанынан бастап 

Тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының 

жалпы  талаптарына  қо сылу  және 

өтемақы  төлеу  туралы  келісімдерге  қол 

қоюды  бастаған.  Қосымша  келісімдерді 

қабылдау  осы  жылдың  31  мамырында 

аяқталатындықтан,  клиенттеріне қосымша 

келісімдерге  қол  қою  қажет  екендігі 

ескеріліп отыр. 

Өткен жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ 

жүйесін таңдап, Қазақстанның Тұрғын үй 

құрылыс  жинақ  банкінде  депозит  ашқан 

салымшылардың  саны  224  703  адамды 

құраған.  Қазіргі  таңда  банкте  601  423 

адамның қолданыстағы  депозиттері бар. 

Банктің осы күні салымшыларының жинақ 

көлемі 462,5  млрд. теңгені құрап отыр.  


Қала-Қарбалас

3

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №13 (1301), 30 наурыз 2016 Жыл  //



арулар Бар аҚылына кӨркі сай

 

„

 «Баласағұн» мәдениет сарайында «асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық 



бірлестігінің ұйымдастыруымен «инабатты ару – 2016» байқауы өтті. 

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.  

 Суретті түсірген В.Алсуфьев

 

„

«талаптыға нұр жауар» дейді халқымыз. Әсіресе, киелі 



сахнаға балауса өнерлі өрендердің көптеп шығуы көз 

қуантады. Қалалық мәдениет үйінде осымен 50-ші  рет  

ұйымдастырылған Жас музыканттардың  байқауында 

дарынды балалардың беталысы көңіл қуантты.

Өнерлі өрендер тамсандырды

Индира БАЙҚОНЫС

Жамбыл  облысы  әкімдігінің  білім 

басқармасының ұйымдастыруымен өткен 

байқауда Қордай, Жамбыл, Байзақ, Талас ау-

дандары мен Тараз қаласының өнерпаздары 

өз бақтарын сынады. 

Жас  музыканттар байқауында алғы сөз 

алған облыс әкімдігінің білім басқармасы 

басшысының  орынбасары  Дамеш                            

Ускумбаева  дарынды  балалардың  өнері 

қала яки облыс шеңберінде шектелмей, бұл 

өнерпаздар республикамыздың үлкен сах-

наларында   өнерлерін паш етіп жүргендерін 

айтты.      

– Жалпы, адамзат сыршыл әуен арқылы 

сезімін жеткізіп, сұлулыққа тіл бітіреді. Қазақ 

халқының және әлем композиторларының 

өшпес мол мұраларының ұрпақ тәрбиесінде 

алатын  орны  айрықша.  Сіздер  де  ұлт 

өнеріне сүбелі үлес қосатын атпал азамат 

болыңыздар,-деді Дамеш Шайхықызы. 

Киелі  сахнаға  жүрек  толқыныстарын 

жасыра алмай шыққан өнерпаздарға  залда 

отырған көрермен қошеметтерін аямай, де-

мей түсті. Балғын балалар да бойларындағы 

өнерлерін іркіп қалмай, ән салып, би биледі, 

түрлі музыкалық аспаптарда шебер ойна-

ды. Байқауға қатысушы күміс көмей, жез 

таңдай  әншілер  халық,  эстрада  әндерін 

нақышына келтіріп шырқаса, классикалық 

шығармаларды да шабыттана орындады.  

Көпшілік  қауым  жас    өнерпаздарға  де-

ген алғыс сезімдерін ду қол шапалақпен 

жеткізіп жатты.

«Қазылар  алқасы  үшін  де  байқаудың 

жүзден  жүйріктерін  таңдау  оңайға 

соқпады»,- деді қазылар алқасының мүшесі, 

Абай  атындағы  Жамбыл  гуманитарлық 

колледжінің  музыка  бөлімінің  ұстазы               

Екатерина Юнусова. 

- Жалпы, бүгінгі таңда облыс және қала 

бойынша 23 музыкалық өнер мектептері 

жұмыс  істейді.  Бұл  оқу  орындарында 

7200-ге тарта бала өз білімдерін жетілдіріп, 

өнерлерін шыңдауда. Жас музыканттардың  

облыстық  байқауында  осындай  білім 

ошақтарының  оқушылары  тамаша 

өнерлерін көрсетті,-деді ол. 

Десе  де,  бірнеше  сағатқа  созылған 

байқаудың үздіктері де анықталды. Үздік 

хор орындаушылары номинациясын Қордай 

ауданының М.Төлебаев өнер мектебінің 

ұжымы  жеңіп  алса,  Байзақ  ауданының 

кішкентай пианисі Ахмет Бекарысқа ешкім 

тең  келмеді.  Ал  пианистер  арасындағы 

орта  топта    11  жасар  тараздық  талант 

Тимур Әбдірахманов топ жарды. Байқау 

жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісінше 

марапатталды.  

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Сән-салтанаты жарасқан нәзік жандылардың сымбаты мен 

ақыл-өрісіне баға берер қазылар алқасының  төрағасы ҚР 

Халық әртісі, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 

әртісі Мәкен Рахымжанова болса, құрамында ТарМПИ 

«Қазақ  филологиясы»    кафедрасының  доценті,  ф.ғ.к. 

Сейсекүл  Исматова,  Жамбыл  облыстық  Іскер  әйелдер  

қауымдастығының мүшесі,  дизайнер Бақытгүл Тоқтыбаева  

және «Мәдениет майталманы» медалінің иегері, осы шараны 

ұйымдастырушы  Ринат Нұрақбаев болды.

Байқау  ережесі  бойынша  бірінші  бөлім    «Сымбатты 

жанның айнасы» айдарында үміткерлер өзін-өзі таныстыр-

ды. «Анадан тәлім алған қыз» атты екінші бөлімде арулар 

өз қолымен жасаған бұйымдарына көрермендерді көзайым 

етті. Ал үшінші «Шаңырақтың шамшырағы» кезеңінде 

жанұя мүшелерінің қатысуымен  өз отбасындағы тәрбие 

ерекшелігінен көрініс қойды. Қазақ қызына тән иба-инабаты 

тал бойына жарасып, ақылына көркі сай  сайысқа қатысушы 

тоғыз қыздың ой-өрісі сынға түскен кеште балғын арулар еш 

мүдірмеді. Бірі мың бұрала би билеп, ән шырқаса, енді бірі 

мәнерлеп өлең оқудан алдына жан салмады. Ал қыздардың 

қолынан шыққан көзтартар қолөнер бұйымдары талайларды 

таң қалдырды. Өңірдегі орта мектептердің жоғары сынып-

тарында білім алып жүрген оқушы қыздардың жеңімпазын 

ТарМПИ-дің  100  пайыздық  жеңілдік  оқу  гранты  күтіп 

тұрды. 


Кеш соңында белгілі болғандай  қатарынан оза шауып,   

бас жүлдені Шу ауданы, «Жібек жолы» мектеп-лицейінің 

10-сынып  оқушысы Әлия Төлеуханқызы  иемденді.  1-орын 

Тараз  қаласындағы  Қ.Сарымолдаев  атындағы  балалар 

үйінің  тәрбиеленушісі  Сымбат  Жұлдызбайға  бұйырса, 

2-орынды  Жуалы  ауданы,  Тастандиев  атындағы  орта 

мектептің  10-сынып оқушысы Дана Айтуғанова алды. Ал 

үшінші орынды Меркі ауданы, №15 орта мектептің 9-сы-

нып оқушысы Аяулым Мұхтанова мен Жамбыл ауданы, 

Б.Тайшапұлы атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы 

Диана Дүйсенбай өзара бөлісті. 

 

„

«нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының 



қоғамдық қабылдау бөлмесінде дәл осындай атаумен 

өткен республикалық акциясы аясында облыстық Әділет 

департаменті  басқармасының өкілдері жұртшылыққа 

құқықтық және заң баптары бойынша кеңес беріп, арыз-

шағымдарын тыңдады. 

«Әділет кеңес береді»

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Аталған акция барысында қала тұрғындары 

нотариалдық, адвокаттық,  ХҚКО-ның және 

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің 

жұмысы және тағы басқа да сұрақтар бойынша 

кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Қоғамдық 

қабылдауда басқарманың өкілдері жеке және 

заңды  тұлғалардың  өкілдеріне  толықтай 

кеңестер  беріп,  толғандырып  жүрген  түрлі 

сауалдарына нақты жауаптар берді. 

Қабылдауға  келген  қала  тұрғыны  Нэлли 

Фатерер өткен жылы «Стройинвест» ЖШС-де 

жұмыс жасайтын екі бірдей ұлының өндіріс 

орнында қаза тапқандығын айта келіпті. Со-

дан бері аталған өндіріс орнының өкілдері 

балаларынан айырылған анаға ешқандай көмек 

көрсетпеген екен. Орын алған оқыс оқиға  бой-

ынша сот ісі жүргізіліп, балаларының бойынан 

ешқандай ішімдік немесе есірткі заттарының 

белгілері табылмаған. Яғни, қаза жұмыс бары-

сында болған. Қайғылы оқиғадан кейін Нэлли 

Александровна жеке сот орындаушыларына 

арызданып, кәсіпорыннан жәрдемақы талап 

еткісі келген. Алайда жеке сот орындаушылар 

істі қозғаудан бас тартқан. Қара жамылған ана 

ендігі  жерде  кәсіпорын  тарапынан  жәрдем 

көрсетілсе деген ниетте. Баласынан айырылған 

ананың мұң-мұқтажы мен тілегін тыңдаған 

басқарманың  өкілдері  оған  облыстық  ад-

вокаттар  ұжымына  жазбаша  өтініш  беру 

керектігін  айтып,  істің  оң  шешілетіндігін 

жеткізді. Қылмыстық жазадан ақпан айында 

ғана босап шыққан Нұркен Какенов басында 

баспанасы жоқтығынан еш жерге тұрғылықты 

тіркеуге тұра алмай жүргенін айта келген. Бірақ 

жергілікті  полиция  өкілдері  оның  міндетті 

түрде тұрғылықты тіркеуде тұруын талап етуде 

екен. Осы орайда ол жеке баспанасы жоқтарға 

тіркеуге тұрудың жолдарын сұрай келген. Бұл 

азаматтың сұрағына қабылдаушылар кез келген 

ХҚКО-ның бөлімшесіндегі Көші-қон полици-

ясы өкілдігіне арыз жазуы керектігін ескертті. 

Өткен жылы партияның қоғамдық қабылдау 

бөлмелері  мен  Әділет  министрлігінің 

бірлескен қабылдауларына 12 мыңнан астам 

азамат  қатысқан.  Олар  кәсіби  заңгерлер 

мен  адвокаттардың,  заң  кеңесшілерінің 

тегін кеңестерін алып, мұрагерлік мәселесі 

жөнінде, жылжымайтын мүліктерін өз атта-

рына заңдастыру туралы, жеке бас куәліктерін 

қайта алу мен аты-жөніне өзгеріс енгізу, бала 

асырап алу, жер мәселесі мен жеке кәсіпкерлік 

ашуға және тағы басқа заң талаптарына  орай 

ақпараттар алған екен.    



4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №13 (1301), 30 наурыз 2016 Жыл  //

Мәңгілік ел

 

„

Қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ағымдағы 



жылдың қаңтар, ақпан айларында жастар мен жасөспірімдердің 

бос уақыттарын тиімді пайдалануына және рухани-мәдени 

шығармашылықтарын дамытуына ықпал етіп, олардың өнерге деген 

сүйіспеншілігін арттыру мақсатында  55 іс-шара  өткізіп, 18100 жастарды 

қамтыды.

Жастар мәдени шаралардың ортасында

Атап  айтқанда,  21  қаңтар  күні  шалғайда  орналасқан 

«Шөлдала» шағын ауданының №55 орта мектебінің акт за-

лында  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігіне  25  жыл  то-

луына орай  «Тәуелсіздік - мақтанышым» атты тұрғындарға 

арналған мерекелік концерт ұсынды. Ал 3 ақпан күні қалалық 

мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республика-

сы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Асыл аналар» 

әжелер  ансамблі  мен  «Красная  гвоздика»  хор  ұжымының 

«Ардагерлер  тәуелсіздікті  жырлайды!»  атты    концерттік 

бағдарламасы өтті. Көрермен ретінде жоғарғы және арнаулы 

оқу орындарының студенттері тартылды. 10 ақпан күні қалалық 

мәдениет үйінде қаланың жас өнерпаздарының қатысуымен 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, 

композитор  Кеңес  Дүйсекеевтің  70  жылдық  мерейтойына 

арналған «Кеңестің керемет әндері» атты музыкалық кеші 

өтсе, 15 ақпан күні қалалық мәдениет үйінде қаланың жас 

өнерпаздарының қатысуымен   Кеңес әскерлерінің Ауғанстан 

жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай концерттік 

бағдарлама ұйымдастырылды. Сондай-ақ, осы күні «Ой-сана» 

қалалық байқауы өткізіліп, байқау жеңімпазы Төле би атындағы 

№8 гимназия оқушысы К.Қалыш облыстық байқаудан І орын-

ды иеленді. Сонымен қатар, еліміздің Тәуелсіздік даңғылына 

аяқ басқанына 25 жыл толуына орай 17 ақпан күні қалалық 

мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Тұғыры биік тәуелсіз 

елім!» атты әдеби-музыкалық кеш, 18 ақпан күні Халықаралық 

ана тілі күні мерекесіне арналған «Ана тілі-айбыным!» атты тіл 

фестивалі, 18-19 ақпан күндері  № 1,2 қарттар үйінде концерттік 

бағдарлама, 23 ақпан күні №6 қалалық  кітапханамен бірігіп 

№32 мектептің жоғары сынып  оқушыларының қатысуымен 

Ж.Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған  «Ғасырға 

тең ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш, 26 ақпан күні «Кішкентай 

ханшайым»  байқаулары өтіп, 29 ақпанда Алғыс айту күніне 

арналған «Жерұйық» атты көркем фильм көрсетілді. 

Қалалық  «Оралхан  Бөкей  атындағы  көркемсөз  оқу 

шеберлері» байқауының жеңімпазы  Әшімжан Жәнібек15 наурыз 

күні Қордай ауданында өткізілген облыстық байқауға қатысып, 

бас жүлдені иеленді. 

Алдағы уақытта бөлім тарапынан халық арасынан талапты, 

талантты жастарға қолдау көрсету  мақсатында өткізілетін  іс-

шаралар өз жалғасын табады. 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал