Т. С. Тебегенов филололоия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.41 Mb.

бет9/34
Дата02.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34

 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
48 
Резюме 
ЛИНГВОКОГНИТИВНОЕ ПРОИСХОЖДЕНИЯ ПАРЕМИОЛОГИЗМОВ В ЯЗЫКЕ 
С.А. Жиренов - ассоциированный профессор (доцент) КазНПУ им. Абая, кандидат филологических наук (Алматы, 
Казахстан) 
Казахская лексическая система показывает богатство, качества и вообщем всю красоту и остроту языка, которая 
лежит на основе пословиц и поговорок. И это бесспорно. Пословицы и поговорки – общее наследие всего человече-
ства. Пословицы и поговорки душа народа, поэтому оно показатель национальных чертей народа и универсальность 
все общей человеческого языкового явления. Пословицы и поговорки – показатель которое иммеет народный облик 
в поэтике языка, с помощью пословиц и поговорок весь смысл слова можно донести кратко, четко и красноречиво. 
Пословицы  и поговорки  багаж  народа,  которое  собиралась на  пратижения  всех веков, и оно определила  языковое 
познания. Истинная жизнь населения и жизненного опыта сохраняются в природе пословиц и поговорок, которые 
были оставлены в духовных традициях поколения. С развитием науки в жизни появились новые научные подходы в 
содержании  пословиц  и  поговорок,  и  он  может  быть  принят  в  качестве  законности  той  или  иной  обновляется  в 
зависимости от тенденции времени изучения природы пословиц и поговорок. 
Ключевые  слова:  паремеологизм,  лексический  система,  лингвистика,  когниция,  этнопознания,  картина 
мира и.т.д. 
 
Summary 
LINGUOCOGNITIVE ORIGINS OF PAREMIOLOGIZM IN LANGUAGE 
S.A. Zhirenov - associated professor KazNPU of Abay, Candidate of Philology  
(Almaty, Kazakhstan) 
The Kazakh lexical system shows wealth, qualities and generally all beauty and sharpness of language which lies on the 
basis of proverbs and sayings. And it is indisputable. Proverbs and sayings – the general heritage of all mankind. Proverbs and 
sayings of a  shower of the people,  therefore  it  indicator of  national devils of the people and universality all of the  general 
human language phenomenon. Of proverbs and sayings – an indicator which has national shape in language poetics by means 
of proverbs and sayings all sense of the word it is possible to inform briefly, accurately and eloquently. Proverbs and sayings 
baggage of the people which gathered for pratizheniye of all centuries and it defined language knowledge. The true lives of 
the population and vital experience are kept in the nature of the proverbs and sayings which had been left in spiritual traditions 
of generation. With the development of science in life there have been new scientific approaches in the content of proverbs 
and sayings and it can be accepted as legality of varying being renewed depending on the trend of time of the study of the 
nature of proverbs and sayings. 
Keywords: paremeologizm, lexical system, linguistics, kognition, ethnoknowledge, world picture 
 
МРНТИ 10.02.00 
 
Б.К. Керимкулова

 
1
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің магистранты 
(Алматы) 
 
ЗАҢ САЛАСЫ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ КӘСІБИ СӨЗДЕР 
 
Түйіндеме 
Мақалада  қазіргі  қазақ  тіл  біліміндегі  заң  саласына  қатысты  терминдердің  жасалу  жолдары  мен  қолданылу 
ерекшеліктері қарастырылған. Терминдердің зерттелу тарихынан бастап, қазақ тіліндегі заң терминдерін бірізденді-
ру, термин жасауға қойылатын талаптар айқындау мәселелері сөз болады. Заң терминдері мен кәсіби сөздердің ара 
жігі,  заңнамалық  мәтіндердің  стильдік  ерекшеліктері  баяндалады.  Термин  саналы  түрде  жасалатын  жасанды  сөз 
болғандықтан,  оның  жасалуына  негіз  болған  тілде  бұрыннан  бар  сөздің  мағынасын  тарылтуға  да,  оған  қосымша 
мағына үстеуге де, сондай-ақ сол сөздің негізінде жаңа сөз жасауға болатыны қарастырылған. Терминнің сөз ретінде-
гі басты белгілері негізге алынған. Жеке сала мәтіндерімен салыстырғанда қылмыстық құқық кодексі тілінің нақты-
лығы, дәлдігі, дәйектілігін айқындайтын нақтылы мысалдар қарастырылып, өзге тілден енген заң терминдерін қазақ 
тіліне аудару мәселелері туралы дәйектемелер берілген. 
Түйін  сөздер:  заң,  заңгер,  заң  шығару  ісі,  термин,  терминжасам,  сала,  қаулы,  қылмыс  әлемі,  кодекс,  заңнама, 
құқық 
 
Қазіргі  кезеңде  мемлекеттік  тілді  барлық  мамандық  бойынша  білім  алушыларға  үйретумен  қатар 
кәсіби  бағытта  тілді  үйрету  мәселесі  басты  өзектілікке  айналып  отырғаны  баршаға  мәлім.  Қазақ  елінің 
әлемдік  қауымдастықта  беделінің  артуы  мен  шетелдік  мамандар  арасындағы  халықаралық  байланысы-
ның нығаюы - мамандардың кәсіби тілді толық меңгеруіне жол ашуда. Мемлекеттік тілді кәсіби деңгейде 
меңгерту мәселесі – бүгінгі таңда аса өзектілікке ие болды. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
49 
Заңгер  мамандығы  тек  қана  заңдарды  білумен  шектелмейді,  ол  сондай-ақ  сөз  құрауын  сөйлеу  және 
жазу түрінде дұрыс қолданудан тұрады. Кез келген заңгер құжатсыз жұмыс істеуі мүмкін емес, ол мейлі 
сот, прокурор, тергеуші, қорғаушы, құжат құрастырушы қызметінде жүрсе де көптеген құжаттар қалып-
тастыратын жауапты тұлға болып табылады. Өз кезегінде заңгерге көп сөйлеуге тура келеді, оған түсінді-
ру, баяндау, жеткізу шеберлігі де қажет. Кеңес бергенде, түсіндіргенде, ұсыныс айтқанда заңгер көбінесе 
ауызша  сөйлескенде  де  кәсіби  тілді  қолданады.  Ал  талап  арызы,  келісім-шарт,  шағым,  өсиет,  қаулы, 
шешім,  хаттама,  айыптау  қорытындысы,  үкім,  ұйғарым,  қадағалау  хаты,  наразылық  құжаты  сияқты 
арнайы заңгерлік құжат түрлерін жасау барысында заңгер-маман арнайы тілдік стандарттарға сүйенеді. 
Тілдік стандарттар орыс тілінде жасалғанымен қазақ тілінде енді қалыптасып келеді. Парламент қабырға-
сындағы  заң  шығару  ісімен  айналысушы  депутаттар  парламенттік  жарыссөздерде,  заң  шығару  ісінде 
көптеген қиындықтарды мемлекеттік тілде дайын тілдік стандарттардың қалыптаспауынан кездестіреді. 
Баршамызға  белгілі  болғандай,  заңгерлер  тілі  бір  ғана  күнде  қалыптаспайды.  Алайда,  орыс  тілінің 
функционалдық  қызметі  әлі  де  үстем  болып  тұрған  мемлекеттік-әлеуметтік  саланың  бірі  –  заң  болады. 
Студенттердің көптеген ғылыми әдебиеті де орыс тіліндегі басылымдардан, шетелдік ғалымдардың орыс 
тіліне аударылған оқу-әдістемелік құралдарынан тұрады. Осыдан келіп, мемлекеттік тілде заң шығарудан 
бастап  іс  жүргізудегі  қиындықтар  орысша  ойлау  мәселесімен  астасып  жатады.  Мәселен,  отобрать 
лицензию,  приобщить  к  делу,  составить  протокол,  причинить  вред,  доказать  виновность,  осуществ-
лять  надзор  тіркестері  орыс  тілінде  взять  лицензию,  присоединить  к  делу,  сделать  протокол,  делать 
вред,  показать  виновность,  проводить  надзор  түрінде  қолданылмайды.  Ал,  ендеше  неге  ол  тіркестер 
қазақ тілінде әр түрлі қолданыста болуы керек? Отобрать лицензию – рұқсаттаманы (лицензияны) кері 
шақыру – алып қою; приобщить к делу – іске қоса тіркеу – іске қосымша тіркеу; доказать виновность – 
кінәсін дәлелдеу – кінәсін мойындату; осуществлять надзор – қадағалауды жүзеге асыру – қадағалауды 
іске (іс жүзіне) асыру деп қалыптаспай отырған тілдік стандарттарды көрсетеді.  
Сөйлеу  тілінде  орыс  тілінде  убить,  лишать  жизни  –  прикончить;  мошенник  –  проходимец;  лицо  – 
рожа,  морда;  кушать  –  жрать,  хавать,  слопать;  замолчать  –  заткнуться;  толкаться  –  пихаться; 
доносить  –  настучать;  влюбиться  –  втюриться;  обманывать  –  врать,  надувать;  деньги  –  бабки, 
капуста; подделка – липа, фальшивка; аферист – проходимец, жулик, прохиндей; расторжение брака-
развод; умышленно-нарочно; командировать – послать; уведомить – сообщить т.б. сөздер жарыспалы 
қолданылса  да  жазба  тілде  ресми-іскери  стильде  тек  алдыңғысы  ғана  қолданылады.  Бұл  қалыптасқан 
үрдіс.  Ал  қазақ  тіліндегі  заң  әдебиеттері  мен  заңнамаларда  тіпті  келеңсіз  қолданыстардан  көз  сүрінеді. 
Мұның өзі заң саласында лексикалық стандарттардың әлі қалыптаспағанын көрсетеді. 
Кітаби, бейтарап және сөйлеу тілі лексикасы арасында жаргондардың алар орны ерекше. Қай халық-
тың болмасын өзіндік сөз қолдану ерекшеліктеріне сәйкес жаргон сөздері болады. Студенттер де тілдік 
ортаның  белсенді  мүшесі  болғандықтан  өзіндік  жаргондарға,  олардың  қалыптасуына  үлес  қосады.  Әр 
түрлі маман иелерінің өз кәсіби сөздерімен қатар жаргондары да болады. Мәселен, оқытушы – мұғалім-
дердегі «окно» – сабақ кестесіндегі бос уақытты айтса, дәрігер – хирургтер көптеген жарақат алған 
науқасты «сложный череп» (күрделі бас қаңқасы) дейді. Мұндай жаргондар заң бұзушылар арасында жиі 
кездеседі. Мысалы, перо – пышақ, конверт – қап немесе киім-кешек салынған дорба, фара – көз, поперх-
нуться  –  ұрлығын  істеп  үлгермей  қалу,  пацан  –  түрмеде  беделге  ие  адам;  пахан  –  қылмыстық  топ 
басшысы,  бригада  –  қылмыстық  іспен  айналысушы  топ  мүшелері,  западло-түрме  ішкі  тәртібін  бұзу; 
легавый – заң орындарына айтып қоюшы; писарь – қалтаны не сумканы кесіп тонаушы; телка – қыз; 
дело – қылмыстық іс; лох – қолынан іс келмейтін бос адам; базар – әңгіме; наезжать – сөзбен тиісіп 
кірісу т.б. Заң мәтіндерінде, баспасөз бетіндегі қылмыс әлемі туралы мақалаларда бұл сөздер аудармасыз 
беріледі, олар өз бояуын аударма тілмен жеткізе алмайды. Мент, мусор, счетчик, крыша, танк, разборка, 
кинуть, беспредел, бардак, терпила сөздері де қылмыс әлемінің өзіндік жаргондары. Бұл сөздерге қоса 
заң қызметкерлері арасында қолданылатын кәсіби жаргондар да баршылық. Мысалы, износ (износилова-
ние) – әйел зорлау ісі; подснежники – қар ерігенде табылатын қысқы мәйіттер; важняк – аса қауіпті 
әрі ауыр қылмыстарды тергеу ісімен айналысушы заң қызметкері; висяк, глухарь – ашылуы қиын немесе 
мүлде ашылмайтын қылмыстық іс, громкое дело – атышулы іс, ксива – қызметтік куәлік; проходить по 
делу  –  тергеуден  өту;  пришить  дело  –  қорқыту  арқылы  істі  басқа  адамға  жабу;  замочить  –  жою; 
вещдок  –  заттай  айғақ  т.б.  Бұлардың  бірсыпырасы  орыс  тілінде  воровское  арго  деп  аталады,  қазақша 
қылмыс әлемінің сөздері, яғни кез келген адам түсіне бермейді. 
Заң мәтіндері, өз кезегінде, жоғарыда айтылған жаргондарды баспасөзден аударып беруге тырысады, 
алайда, одан оның эмоциялық бояуы бәсеңдеп, түсіндіруі тиіс көп сөзділікке барады.  
Жоғарыда  келтірілген  мысалдар  орнына  майталман,  кәнігі,  құныққан,  әдетке  айналдырған,  кәсіби, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
50 
баукеспе сөздері қолданылады. Осы сөздер арқылы заң тіліне ерекше бояулар беріледі. Өкілетті мемле-
кеттік  органдарға  заң  мекемелері,  заң  шығару  органдары,  жергілікті  өзін  өзі  басқару  органдары  мен 
жергілікті  басқару  органдары  жатады.  Ал  заңдық  күші  бар  нормативтік  актілерге:  Президент  жарлық-
тары  мен  үкімет  қаулылары  жатады.  Тәртіптік  жазалау  түрлері:  ескерту,  сөгіс,  жеке  еңбек  келісім-
шартын  бұзу  кіреді.  Қызметтік  қару  түрлеріне  шолақ  қару,  тапанша,  ұзын  дүмді  тегіс  және  кесілген 
қару; сот сараптамасына енетін түрлерге алғашқы, комиссиялық, кешенді, қосымша, қайта сараптама-
лар  кіреді.  Аталмыш  сөз  қолданыстары  мәтіндерді  мазмұндауда  жүзеге  асырылады,  іс  тоқтатылады, 
жауапқа тартылады т.б. сөз тіркестері жүйелі қолданылады. 
Соңғы  кезде  қазақ  тіліндегі  заңдардың  қоғамда  қолдануға  қолайлы,  тиімді  болуы  үшін  олардың 
бірінші кезекте сапалы жазылуы талап етіледі. Кейбір заңдардың мәтіндеріндегі ойды түсіну қарапайым 
халыққа қиын түсетіні де рас. Заң саласында орыс заңгерлері С.С.Алексеев, И. Грязин, С.А.Боголюбовтің 
еңбектерімен қатар Н.А.Власенконың «Құқық тілі»  (1997), А.С.Пиголкиннің редакциясын басқаруымен 
«Заң тілі» (1990) атты іргелі зерттеулері арнайы заң мәтіндерінің, заңнамалық актілердің тілін, қылмыс 
әлемі лексикасын қарастырды. 
Қылмыс туралы мәтіннің  тілдік қабылдану, пайымдау ерекшелігі тұрғысынан сөз ете отырып, оның 
көпшілік  қолданысына  негізделіп  жасалған  мәтін  болғандықтан,  күнделікті  құқық  саласының  өмірінде 
жиі  пайдаланатындықтан,  екіншіден,  қабылдауға  икемді,  жеткізу  жағы  сапалы  болғаны  орынды.  Бұл 
тұрғыдан  осы  қылмыстық  құқық  мәтіндері  арқылы  ойлау  мен  тіл  бірлігін  екінші  қырынан  қарастыра 
отырып, яғни, ойдың тілде берілу деңгейін оның қабылдаушы тарапынан қабылданушы деңгейін қарас-
тыра отырып дәлелдеуге болады. Тіл қандай да бір ойды жеткізу құралы екені белгілі. Бұл оның негізгі 
қызметі  болып  саналады.  Тілші-ғалым  З.М.Шаляпина  «тілдің  белгілі  қызметті  атқарып,  ойды  жеткізуі 
барысында  «мағына  мәтін»  моделдерінің  арасындағы  байланыс  қатаң  сақталады»,  –  дегені  осы  орайда 
орынды айтылған [1, 25 б.].  
Тіл  арқылы  берілген  ойды  беруге  негізделген  мәтіннің  қабылдануы  оның  түсініктілік  деңгейіне 
байланысты.  Түсініктілік  деңгейі  туралы  Г.Е.Крейдман,  А.К.Поливанова  еңбектерінде  айтылады.  «Бір 
мәтіндер жеңіл түсініледі, екінші мәтіндер қиындықпен түсіндіріледі, ал үшіншілері «түсініксіз мәтіндер-
ге» жатады», – дей келе, ішкі құрылымдық тілдік құралдардың орналасу тәртібімен байланысты екенін 
айтады [2, 191 б.]. 
Заң мәтіндері, оның ішінде, қылмыстық кодекс мәтіндері ойды беру тұрғысынан суық қабылданатын 
ерекшеліктерге  толы  келеді.  Заң  мәтіндері  жекелеген  салаларға  қатысты  құқықтар  мен  ерекшеліктерді 
анықтап берумен шектеледі. Жеке сала мәтіндермен салыстырғанда қылмыстық құқық кодексінде тікелей 
барлық қылмыс түрлерін қамти отырып, сол қылмыс түрлері жасалған жағдайда соларға қатысты қарым-
қатынасты  реттеп  беретін  болғандықтан  қылмыстық  кодекс  мәтіндерінің  тілі  барынша  суық  үдерісте 
жазылып, тыңдаушы немесе оқушы тарапынан да сол бағытта қабылданады.  
ҚР  Қылмыстық  кодексінің  56-бабының  4-тармағында:  «Қылмыс  жасауға  дайындалғаны  үшін  және 
қылмыс жасауға оңталғаны үшін өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмай-
ды», – деген бап мәтінінде болымсыздық мағынада жазылған сөйлемнің өзі суық қабылданады [3, 280 б.].  
Қамау,  оқшаулау,  мәжбүрлеу,  кісі  өлтіру,  өзін-өзі  өлтіру,  өзіне-өзі  қол  салу,  әскери  қызметтен 
жалтару, ұрып-соғу, психикалық зардап шегу, зорлау, науқасқа көмек көрсетпеу т.б. суық стильді сөздер 
мен сөз тіркестері халық арасында «жаман» ұғымын түсіндіруге бағытталады. 
Заң мәтіндері ресми мәтіндер қатарына жатады, сондықтан да лексикалық тұлғалар қайталанып келе 
береді.  Бір  мәтіннің  бойындағы  ұдайы  қайталанатын  тұлғаларды  «сериялық  қолданыстар»,  «стандарт-
тар»,  «біртектілік, штамп» деген атаулармен беруге болады [4, 23 б.]. Бұл ресми-іскери стильдің басты 
сипаты болса, заң мәтіндеріндегі міндеттеуші пайымдау да осы қайталанба сөздерді басшылыққа алады. 
Айқындау, қолдану, жүзеге асыру, шектеу, болып табылады, босатылады, құқылы, жауапқа тартыла-
ды т.б. сөздер мен сөз тіркестері заң мәтіндеріндегі «жауаптылық» пайымдауын көрсету үшін қолданыла-
ды.  Немқұрайлылық,  салғырттық  сөздерінің  заң  мәтіндерінде  қолданылуы  қазақ  тіліндегі  салақтық 
сөзінің  орнына  қолданылып,  «жауапсыздықпен  қарау»  мағынасының  прагматикалық  мәнін  аша  түседі, 
бұл небрежность, халатность сөздерінің мағынасын толыққанды түсіндіреді. 
Қылмыс - қоғам айнасы болса, адам қоғамы қылмыссыз болмайды. Жауапкер сөзінің орнына ертеде 
құныкер сөзі қолданылған. Заң мәтіндері тым қарапайым жазылуы мүмкін емес, өйткені ол ойдағы дәлдік 
пен нақтылықты басқаша түсіндіре алмайды, эмоция-экспрессиясыз жинақы жеткізу үшін де тілдегі ойды 
қабылдау ерекшелігі керек. 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
51 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1 Шаляпина З.М. К проблеме моделирования языковой компетенции и языковой деятельности человека в рамках 
общей  модели  языковой  действительности  //  Референция  и  проблема  текстообразования.  –  М.:  Наука,  1988.  –        
С. 214-232. 
2 Крейман Г.Е., Поливанова А.К. Дедуктивная правильность текста // Рефeренция и проблемы текстообразова-
ния. – М.: Наука, 1988. – С. 191-213. 
3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – ҚР заңы. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 280 б. 
4 Балақаева М., Жанпейісов Е., Томанов М. Қазақ әдеби тілінің мәселелері. – Алматы, 1961. – 131 б. 
 
Резюме 
ОСОБЕННОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ ЮРИДИЧЕСКИХ ТЕРМИНОВ И ПРОФЕССИОНАЛЬНЫХ СЛОВ 
Керимкулова Б.К.
1
 
1
Казахский государственный женский педагогический университет 
В статье рассмотрены особенности и способы образования терминов казахского языкознания в сфере действия 
закона. Рассмотривается вопрос о конкретизации требований в унификаций и образовании юридических терминов 
на  казахском  языке  начиная  с  изучения  истории  терминов.  Подробно  рассматривается  роль  словообразования  в 
процессе  обновления  лексики,  анализируются  основные  традиционные  продуктивные,  непродуктивные  и  не 
свойственные казахскому языку способы образования терминов. Соотношение профессиональных слов и юридиче-
ских  терминов  их  стилевые  особенности  излагаются  в  законодательных  текстах.В  статье  приведены  конкретные 
примеры на чёткость,точность последовательность юридических текстов по сравнению текстами с другого направле-
ния, даётся информация о переводе юридических терминов иноязычного проиcхождения. Основная цель исследова-
ния  показать  динамику  и  вариативность  использования  словообразовательных  элементов  в  процессе  обновления 
терминологии точных наук. 
Ключевые  слово:  закон,  юрист,  термин,  сфера,  постановление,  преступный  мир,  кодекс,  законадательство, 
право 
 
Summary 
THE FEATURES OF THE FORMATION OF LEGAL TERMS AND PROFESSIONAL WORDS 
Kerimkulova B.K.
1
 
1 
Kazakh state women

s teacher training university 
The article discusses the features and methods of formation of terms of the Kazakh linguistics the sсope of the law. We 
consider the specification of the requirements in harmonization and formation of legal terms in the Kazakh language, starting 
with the study of the history of terms. In this article provides specific examples for clarity, accuracy, consistency of legal texts 
compared  from  a  other  direction,  information  is  given  about  the  translation  of  legal  terms  of  the  foreign  origin.  We  are 
consider  the  role  of  word  formation  in  the  process  of  updating  the  vocabulary,  analyzes  the  basic  traditional  productive, 
unproductive and not peculiar to the Kazakh language, the ways of formation of terms.  
Key words: legislation, lawyer, legislative, term, terminology, sphere, resolution, criminal world, codex, legislature, law 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
52 
МРНТИ 16.21.45  
 
Б.Қасым 

 
1
 Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, 
Алматы қ., Қазақстан, 
 
Г.Нурбекова

 
2
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, 
Алматы қ., Қазақстан 
 
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНЕ ҚАТЫСЫ БАР ЗАТ ЕСІМ ЖАСАЙТЫН ЖҰРНАҚТАР 
 
Аңдатпа 
Тілдік бірліктердің ішінде, әсіресе, жұрнақтар – тұлғасы мен қызметі жағынан көп өзгеріске ұшырай қоймайтын 
тұрақты категория. Бұл мақалада «Қутадғу билиг» пен «Һибат-ул хақайиқ» ескерткіштері тіліндегі зат есім жасайтын 
жұрнақтар қазақ тіліндегі сол тектес жұрнақтармен салыстырыла отырып, олардың грамматикалық мағынасы, қолда-
нылу аясы, дыбыстық құрамы, құрылысы, семантикалық өрісі,  тұлғалық сипаты зерделенген.  Көптеген  жұрнақтар 
сөздердің мағынасын жалпылама атауға айналдырып отырғанын берілген мысалдардан көруге болады. Чы-жұрнағы 
адамдардың  белгілі  бір  қызметінің  атауына  меңзейтін  жалпылама  қолданыстағы  мағынаны  білдіреді.  Бұл  жерде 
кәсіп, айналысатын іс-әрекет, әдеттер, бейімділік т.б. қызметті ғана білдіріп қоймай, тұлғалардың кәсіптері, әдеттері, 
айналысатын  іс-әрекеттерінің атауы мен іс иесі  болып табылатынын көрсетеді.  Сондай-ақ  бұл  жерде  қазақ тілінде 
жоқ жұрнақтардың да ерекшеліктері нақты фактілермен сипатталған. 
Кілт сөздер: сөз жасау, ескерткіш тілі, зат есімге айналу, түбір сөз, туынды сөз, көне жұрнақтар, сөз мағынасы, 
модаль сөздер 
  
Ежелгі дәуірлерден қазірге дейін сөз жасау қабілетін жоймаған аса өнімді жұрнақтардың бірі -ЧЫ/-ЧИ 
жұрнағы. Бұл жұрнақ түркі тілдерінің барлығында да бар. «Қутадғу билиг», «Һибат-ул хақайиқ» ескерт-
кіштері тілінде зат есім мен етістіктен зат есім тудырады; Қамуғ иг тоғақа бу емчи ерүр ҚБ 313 (Барлық 
ауру -сырқауларды емші емдейді); Темүрчи етүкчи йана қырмачы ҚБ 32 (Темірші ұста, етікші және тері 
илеуші); Бодун қой саны ол беги қойчысы ҚБ 58 (Қара халық қой сияқты болса, оның басшысы қойшы 
сияқты);  Йылқычы  игдиш  үкилитсүни  ҚБ  400  (Жылқышы  мал  санын  көбейтсін);  Йулдызчылар  бирла 
қатылмақыны айур ҚБ (Жұлдызшылар сырлары туралы айтылады). Бұл сөйлемдегі емчи, етүкчи, қойчы, 
йылқычы, йулдызчы туынды сөздері ем, етүк (етік), қой, йылқы, (жылқы), йулдыз (жұлдыз) зат есімдері-
нен  жасалған.  Қай-қайсы  да  зат  есім  түбірлеріне  тікелей  жалғануымен  ерекшеленеді.  Бағырсақ  керак 
қойқа  қой  күтчиси  ҚБ  58  (Шопан  қойға  мейірбан  болу  керек);  Есизка  от  ерди  йағықа  бузғучы  ҚБ  41 
(Ақымақтарға  от  сияқты  еді,  жауларына  талқандаушы);  Йоңақчы  йақын  болса  тегрүр  йодуғ  ҚБ  166 
(Өсекшімен жақын болсаң бәлеге ұшырайсың); Қайусы басымчы өлүтчи қыруқ ҚБ 134 (Олардың қайсы 
бірі қанаушы, өлтіруші, қырушы); Ағычы битигчи йа иш тутуғчы ҚБ 136 (Қазынаны, көшіруші немесе іс 
жүргізуші); Елиг туттачымға егирса муң-а ҺХ 30 (Қол беруші қамқоршыма мұң үйірсе); Осы сөйлем-
дердегі  күтчи,  бузғучы,  йоңақчы,  басымчы,  битигчи,  туттачы  туынды  зат  есімдері  күт  (күту),  буз 
(бұзу), йоңа (өсектеу), бит (жазу), бас (басып алу), битут (тұтуетістіктерінен жасалып тұр. Алайда -чы-
чи  жұрнағы  күт  етістігінен  басқа  сөздердің  түбіріне  тікелей  жалғанбаған.  Құранды  түрінде  келеді:  -
ғу+чы, -қы+чы, -ым+чы, -иг+чи, -а+чы. Бұлардың ішінде -чы/-чи-дің алдында тұрған -қ (-ақ, -ек), -ым (-
ім),  -иг  (-ік)  формалары  етістіктен  зат  есім  жасайтын  жұрнақтар.  Қазіргі  кезде  көбіне  түбірге  сіңіскен 
күйінде  жұмсалады.  Ғу+чы,  та+чы  этимологиясы  күңгірттенген  көне  жұрнақтар.  Құранды  жұрнақтар 
кейінірек талданады. 
Зерттеп  отырған  -чы/-чи  жұрнағы  жалғанған  зат  есімдер  аталған  ескерткіштер  тілінде  төмендегідей 
бірнеше мағынада жұмсалады: 
1 Зат есімдерге қосылып, белгілі бір іспен яки кәсіппен шұғылданатын адамды білдіреді: тарығ-
чы,  етікчи, қушчы  (құс  аулаушы),  тузақчы  (тұзақ  салушы),  йылқычы  (жылқы  бағушы),  қойчы  (қой 
бағушы) т.б. 
Тарығчы  тарығда  ерик  болсуни  ҚБ  333  (Егінші  егінді  өз  қалауымен  ексін);  Темүрчи  етүкчи  йана 
қырмачы  ҚБ 321 (Темір соғушы ұста, етікші және  тері илеуші); Көрунмаз тег ол көр тузақчы сеңа Бу 
дүнийа неңи ол сачылмыш мең-а ҚБ 208 (Тұзақ құрушы, ақылға салып аңла, саған көрінбей тұрады. Бұл 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
53 
дүние  заты  да  алдау  үшін  шашылған  жем  сияқты).  Мұндай  туынды  сөздерден  кәсіп  иелерінің  немен 
шұғылданатыны айқын аңғарылады. 
2 Кейбір зат есімдерге жалғанып, қызмет, мамандық атауын білдіреді: ағытчы (қазынашы), ашчы 
(аспаз),  оқчы  (мерген),  йулдузчы  (астролог),  йүкчи  (жүк  тасушы),  йығаччы  (ағаш  ұстасы),  сырчы 
(суретші) т.б. 
Ағылыққа қылса ағытчы сени Бүтүн чын болур сән йорығыл көни ҚБ 224 (Қазынаға сені қазынашы 
етіп қойса, барынша адал бол, әділдік ет); Арығ болса ашчы арығ аш берүр ҚБ 121 (Аспаз адал болса, таза 
ас береді); Йадағ оқчы түшрүп сен өңдин йүгүр ҚБ 88 (Жаяу мергендерді қалдырып, өзің алға жүгір). 
3  Осы  жұрнақ  арқылы  белгілі  бір  іс-әрекеттерге  бейімділікті,  икемділікті,  ықылас  білдірушілікті 
аңдататын зат есімдер жасалады: борчы (маскүнем учақчы (өсекші), озунчы (жалақор, зиянкес), қарақчы 
(тонаушы), отачы (емші) т.б. 
Ким  ол  борчы  ерса  киши  йиги  ол  Кедак  ерса  йилиг  йүри  борчы  бол  ҺХ  396  (Кім  маскүнем  болса, 
кісінің  тәңірі  сол,  Тәуір  болғың  келсе,  бар,  маскүнем  бол);  Ушақчы  кишиг  қылма,  өзка  йақын  ҚБ  38 
(Өсекші кісіні өзіңе жақын ұстама), Озунчи кишига қатылма йыра ҚБ 303 (Бәлеқор кісіге қосылма, қашық 
бол). Бұл сөйлемде -чы жұрнағы арқылы пайда болған туынды зат есімдер шарапқа (бор), өсекке (ушақ), 
бәле-жәлеге (озун) жақын жүрушілерді мегзеп тұр. 
4 Осы жұрнақ үстелгенде  зат есімдердің  түбірлері адамдардың атқаратын істерін, борыштарын, мін-
деттерін білдіреді: савчы (құдайдың хабаршысы), башчы (жетекші, басшы), сақчы (күзетші, сақтаушы). 
Йалавачларда  өдүрүнтүси  улуғ  сабчысы  ҚБ  2  (Пайғамбарлардың  таңдаулысы,  құдайдың  ұлы 
хабаршысы);  Қалы  езгү  болса  бозун  башчысы  Қамуғ  езгү  болды  аның  ишчиси  ҚБ  75  (Егер  халықтың 
басшысы  ізгі  болса,  оның  қызметкерлері  де  ізгі  болады);  Қамуғ  ишка  йолчы  билиг  бар  уқуш  ҚБ  393 
(Барлық  іске  білім  мен  ақыл  жол  сілтей  алады).  «Құдайдың  хабарын  жеткізу»,  «халықты,  елді 
ұйымдастыру»,  «жол  сілтеу»  семалары  мысалға  алынған  сөйлемдерде  сав  (сөз),  баш  (бас),  йол  (жол) 
түбірлері арқылы жеткізіліп тұр. 
5 Етістік түбірлі сөздерге жалғанып, кәсіп, мамандық иелерін білдіретін туынды зат есімдер жасайды: 
қырмачы  (тері  илеуші),  йорғучы  (түс  жорушы),  басғучы  (басқарушы,  билеуші),  билдүргүчи  (хабаршы), 
оқытчы (жаршы) т.б. 
Темүрчи етүкчи йана қырмачы ҚБ 321 (Темір ұстасы, етікші және тері илеуші); Түшүг езгү йорса бу 
түш йорғучы ҚБ 314 (Түс жорушы түсті жақсыға жорыса); Қалам бирла басты ол ел басғучы ҚБ 131 (Ел 
басқарушы  елді  қаламмен  басқарады);  Мени  ыдты  елиг  оқытчы  сеңа  ҚБ  99  (Ел  билеуші  мені  саған 
хабаршы етіп жіберді). Бұл жұрнақтың грамматикалық мағыналары қаншалықты кең болғанымен, түпкі 
тегі бір. Э.В. Севортянның сөзімен тұжырымдасақ: «Суффиксы на -чы все являются обозначениями лиц 
по  их  деятельности  в  широком  значении  слова.  Сюда  входят  значения:  профессии,  занятия,  привычки, 
склонности, влечения, приверженности и т.п., а существительные на -чы соответственно названия лиц по 
их  профессиям,  занятиям,  привычкам  и  т.д.  Наиболее  древним  в  этом  перечне  являются  значение 
профессия занятия, все остальные представляют собой его дальнейшее развитие» [1,84 б.]. Қазіргі қазақ 
тілінде  «адамның  белгілі  бір  дағдыға  айналған  іс-әрекеті  мен  қабілет-қасиеттерінің  аттарын  білдіруі», 
сондай-ақ  «қоғамдық  ағымды  я  көзқарасты  (идеяны)  жақтаушының  және  белгілі  бір  ұйымға 
қатысушының атын білдіруі» аталған жұрнақтың даму мүмкіншілігі әлі де зор екендігін көрсетеді. 
Қазақ  тілі  тарихын  зерттеуші  ғалым  М.  Томанов  көне  дәуірлерде  «-шы,  -ші,  -чы,  -чі  істің  иесін,  іс-
әрекетті жасаушы субъектіні білдіретін сөздер жасаған. Есім түбірлерге немесе етістіктен есімге айналған 
түбірлерге  жалғанып,  іс  иесін  –  субъектіні,  кәсіпкерді  білдірген.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  қолданысы  да 
сондай», – деп жазады [2,171 б.]. Жоғарыдағы талдаулар осы пікірдің дұрыстығын көрсетеді. 
-чы/-чи жұрнағының тағы бір ерекшелігі етістіктен зат есім, етістіктен етістік жасайтын жұрнақтардың 
үстіне жалғана береді: бил+гү+чи (білуші, білгіш), кес+гү+чи (кесуші), буз+ғу+чы (бұзушы), қол+ғу+чы 
(сұраушы,  тіленуші),  бас+ым+чы  (басып  алушы,  қанаушы),  кес+им+чи  (бас  кесуші,  жауынгер), 
қап+уғ+чы (қақпа күзетуші), оқ+ығ+чы (шақырушы, жаршы), қон+ут+чы (қондырушы, үй жалдаушы), 
бас+ут+чы (қамқорлық жасаушы), оқ+ыт+чы (хабарлаушы, жаршы), қыр+ма+чы (тері илеуші) т.б. Бұл 
мысалдардағы  -ғу/-гү,  -ым/-им,  -уғ/-ығ,  -ут/-ыт,  -ма  жұрнақтары  етістіктен  есім  жасап  тұр.  Билдүргүчи 
(хабаршы) туынды зат есімінің құрамы күрделі: ең алдымен бил (біл) түбірінен -дүр өзгелік етіс жұрнағы 
арқылы  туынды  етістік  жасалған.  Одан  көне  -гү  жұрнағы  арқылы  билдүргү  (білдіру)  зат  есім  пайда 
болған. Ең соңында барып іс иесін білдіретін -чи жұрнағы қосылады. 
-ЛУҒ  (-ЛУҚ,  -ЛЫҒ/-ЛЫҚ,  -ЛҮГ/-ЛҮК,  -ЛИГ/-ЛИК)  жұрнағы.  Бұл  жұрнақ  көне  түркі  жазба 
ескерткіштері тілінде де, қазіргі түркі тілдерінде де ең өнімді сөз жасаушы жұрнақ болып есептеледі. -
Өнімді сөз жасаушылық қасиетінің ықпалынан да болар аталмыш жұрнақтың фонетикалық варианттары 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
54 
да  көп.  Мысалы,  азербайжан  тілінде  төрт  варианты  (-лық/-лик,  -луғ/-лүк)  болса,  қазақ  тілінде  алты 
варианты  (-лық/-лік,  -дық/-дік,  -тық/-тік)  бар.  Қырғыз  тілінде  тіпті  он  екі  түрлі  варианты  (-лық/-лік,  -
луқ/лүк,  -дық/-дік,  -дуқ/дүк,  -тық/-тік,  -туқ/-түк)  кездеседі.  XI-XII  ғасырлар  ескерткіштері  тілінде 
жоғарыда санамаланғандай сегіз түрлі варианты ұшырайды. Мысалдар: йоқлуғ (жоқтық), тоқлуғ (тоқтық), 
қонуқлық  (қонақтық),  йалңузлуқ  (жалғыздық),  йадағлығ  (жаяулық),  аталығ  (аталық),  төрүлүг  (төрелік), 
едгүлүг (ізгілік), севүглүк (сүйікті), бүтүнлүк (бүтіндік) т.б. Алайда ерін және езу үндестігіне қарай [3,10-
27 бб.]. жіктелген бұл варианттар сөз мағынасын өзгертуге ешқандай қатысы жоқтығымен ерекшеленеді. 
XI-XII  ғасырлар  ескерткіштері  тілінде  -луғ  (-луқ,  -лығ)  -лық,  -лүг/-лүк,  -лиг/-лик)  жұрнағы  арқылы 
жасалған туынды зат есімдердің түбірі негізінен сын есімдер мен зат есімдер болып келеді. Сан есімнен, 
есімдіктен,  үстеуден  жасалған  зат  есімдер  де  кездесіп  қалады.  Бірақ  бұлардың  үлес  салмағы  аз.  Түбірі 
араб, парсы сөздері болып келетін зат есімдер де ұшырайды. 
Бұл жұрнақ өздері қосылған сөздерден  «Қутадғу билиг» және  «Һибат-ул хақайиқ»  ескерткіштерінде 
мынадай грамматикалық мағыналарды тудырады. 
1 Сын есімдерден сапаны, күйді білдіретін зат есімдер жасайды: улуғлуқ (ұлықтық), тоқлуғ (тоқтық), 
толулуқ (толықтық), учузлуқ (арзандық), ачлық (аштық), егрилик (қисықтық, түзу еместік) т.б. Бұл ежелгі 
дәуірден қазірге дейін сақталған. Телим қалғу ермас тириглик күни Узун барғу ермас улуғлуғ үни ҚБ 440 
(Біле білсең тіршілік күндері ұзаққа созылмайды Ұлықтық даңқы да мәңгілік емес); Кедим бирла тап тут 
қарын тоқлуғын ҺХ 186 (Киім мен қарынның тоқтығын қанағат ет); Көнилик тонын кей қойуп егирлик 
ҺХ 167 (Қыңырлықты тастап шындықтың тонын ки). 
2  Сын  есімдерден  адамның  ерекше  қасиеттерін,  мінез-құлқын  сипаттайтын  сөздер  жасайды:  алплық 
(алыптық), авучқалық (қарылық), саранлық (сараңдық), тетиглик (сезімталдық), суқлуғ (сұқтанушылық), 
усаллық (осалдық), одуғлуқ (қырағлық) т.б. 
Увутқа болуп қорқлық алплық қылур (Ұятқа қалмас үшін қорқақ ерлік жасайды); Йигитликка өкүнүп 
авучқалықын айур ҚБ 10 (Жігіттік дәуреніне өкініп, қарттық дәуренін баян етеді); Саранлыққа ынға негү 
бар азын ҚБ 130 (Сараңдықтан төмен не нәрсе бар?); Тетиглигда кендү айаздин озуқ ҺХ 55 (Сезімталдық-
та Аяз бидің өзінен озық); Усалық била өлди ер мың түман ҚБ 43 (Бейқамдықтың салдарынан мыңдаған 
адам өлді). 
3  Нақты  мағыналы  зат  есімдерден  дерексіз  (абстракт)  мағыналы  зат  есімдер  жасайды:  кишилиг 
(адамгершілік), өгәлик (данышпандық), чығайлық (кедейлік), йигитлик (жігіттік), битиглик (сауаттылық), 
йағылық  (дұшпандық)  т.б.  Қаны  қанча  барды  кишилиг  есиз  ҺХ  386  (Адамгершіліктен  безгендер 
қаншалықты жерге дейін барды, байқадың ба); Қайуқа өгәлик тегүр өг булур ҚБ 239 (Кімге данышпандық 
жетсе, ақылды болады); Чығайлық йарынлық азуқ йоқлуқы чығайлық теп айма тавар йоқлуқын ҺХ 187 
(Кедейлік деген ертеңге тамақ жоқтығы, мал-мүліктің жоқтығын кедейлік деп айтпа); Негү тер ешитгил 
йағылығ киши йағы бирла урушу түкамиш йаши ҚБ 249 (Жауы бар кісі, жауымен күресе-күресе өмірін 
тауысқан кісі не деп айтады, тыңда). 
4 Нақты (конкретті) мағыналы зат есімдерден нақты мағыналы зат есімдер де жасай алады: йаруқлуқ 
(жарық  нұры),  кедгүлүк  (киім-кешек),  уқуғлуқ  (ақыл,  парасат),  тириглик  (өмір),  байлық  (мал-мүлік, 
қазына), мүйанлық (кедейлер түнейтін қонақ үй). Тоғар күн қамуғқа йаруқлуқ берүр ҚБ 69 (Күн шығады, 
барша әлемге жарық нұрын себеді); Бу дүнийа нениндин йегү кедгүлүк ал ҺХ 189  (Бұл дүние затынан 
керегіңше ас-тамақ, киім-кешек ал); Қоқуз қыл бу байлық мүйан ал толу ҚБ 381 (Бұл қазына – байлықты 
азайт,  оның  орнына  қайырымдылығыңды  көбейт);  Муңазты  мүйанлыкда  түшти  барып  ҚБ  46  (Ол 
мұңайды да, кедейлер түнейтін қонақ үйге барып түсті). 
5  Заттың  мекенін,  өсетін,  өнетін  орнын  білдіретін  сөздер  жасайды:  ажунлығ  (дүниелік),  тарығлық 
(егіндік), чечеклик (гүл өсетін жер) т.б.  
Ажунлығ белинка қаты қут қуры Қозы бирла қатлып йорытты бөри ҚБ 26 (Дүниелік адамдар беліне 
бақыт  белбеуін  буынды  Бөрілер  қозылармен  араласып  жүрді);  Тарығлық  теп  айды  ажунны  расул 
Тарықлықда қатлан тары едгүлүк ҺХ 191 (Пайғамбар бұл дүниені егістік деп айтты Егістікке еңбек ет те 
ізгілікті сеп); Чечәкликда санвач өтәр мың үнүн ҚБ 18 (Гүл бағында бұлбұлдар мың құбылтып сайрайды). 
6 Үстеулерден, модаль сөздерден зат есімдер жасайды: бүтүнлүк (адалдық, туралық), өкүшлүк (көптік, 
молдық), едизлик (жоғарылық), артуқлуқ (артықшылық), инчлик (тыныштық), толулуқ (толылық), барлығ 
(бай) т.б. 
Бүтүнлүк била қылды барча ишиг ҚБ 131 (Ол барлық істі адалдық көрсетіп істеді); Өкүшлүк не асғы 
өлүмдин кедин ҚБ 376 (Өлгеннен кейін молшылықтың не қажеті бар?); Муны бергүка бир күчүң йетмаса 
Не артуқлуқуң бар маңа ҚБ 220 (Мұны беруге еш күшің жетпесе Менен қандай артықшылығың бар?); 
Атым ерди Айтолды қылдым толу Ерилди толулуқ түкар өз өлу ҚБ 109 (Атым еді Айтолды толыстым. 
Енді толықтығым жұқарып өзім өлім халіне келдім). 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
55 
7  Араб,  парсы  сөздерінен  зат  есімдер  жасайды:  жанлығ  (тірі  мақлұқ),  везирлық  (уәзірлік),  әзизлик 
(ғазиздық, асылдық), ақылық (жомарттық), хадживлық (хаджиптық), зуһдлығ (құдай жолына берілгендік) 
т.б. 
Сезиксиз  өлүм  бир  күн  ахыр  келир  Тирилмиш  бу  жанлығ  жанын  алғалыр  ҚБ  116  (Күмәнсыз  өлім 
ақыры бір күн келеді Өмір сүріп жатқан тірі мақұлұқтардың жанын алады); Йалынғуқ оғланы әзизлики 
билиг уқуш бирла ердүкүн айур ҚБ 16 (Адамзат баласының ғазиздікке, ізгілікке білім мен ақыл арқылы 
жететіндігі  туралы  әңгімелейді);  Амал  қойды  алим  заһид  зуһд  варағ  ҺХ  391  (Ғалым  еңбек  етуді,  сопы 
құдайға құлшылық еткенін қойды). 
Аталмыш жұрнақ зат есім жасаумен қатар сын есім жасауға да қатысады. Мысалы, көркүлүг (көрікті), 
өглүг (ақылды), баһалығ (бағалы), арығлығ (тәртіпті), һүнарлығ (құнарлы) т.б. сын есімдер. 
Көне түркілік -луғ (-луқ, -лығ/-лық, -лүг/-лүк, -лиг/-лик) жұрнағы қазақ тілінде -лық/-лік, -дық/-дік, -
тық/-тік  болып  қалыптасқан.  Анығырақ  айтқанда,  жұрнақ  құрамындағы  еріндік  у,  ү  дауыстылары  ғ,г 
ұяңдары  қолданыстан  мүлдем  шығып  қалған.  л  үндісі  т,  д  дауыссыздарына  вариантталған.  Еріндік 
дауыстылар  оғыз,  қарлұқ-ұйғыр  тілдерінің,  олардың  қысаңданған  езулік  сыңары  қыпшақ  тілдерінің 
белгісі  болып  есептеледі  [4,84  б.].  Өзіміз  зерттеп  отырған  ескерткіштерден  айлық,  жылдық,  апталық, 
түстік сияқты мезгілдік мағынаны білдіретін, есептік сан есімдерден жасалады.[5,16б.] Бұл жұрнақ қазақ 
тілінде құралдың атын білдіретін зат есім мен адамның мекен-жайын, тұрағын, шыққан жерін білдіретін 
нақтылы мағыналы зат есімдерден бастап, жинақтық, молшылық, бір нәрсеге тәнділік, мөлшерлік тәрізді 
абстракциялы ұғымды білдіретін зат есімдер жасайды.  
 
Қолданылған әдебиеттер: 
1 Севортян Э.В. Аффиксы именного словообразования в азербайджанском языке. – М.: Наука, 1966. – 438 с. 
2 Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 264 б. 
3 Джунисбеков А. Сингормонизм в казахском языке. – Алма-ата: Наука, - 110 с. 
4 Сағындықұлы Б. Алтын  Орда жазба ескерткіштерінің (XIV  ғ.)  салыстырмалы лексикасы. – Алматы:  Қазақ 
университеті, 2006. – 111 б. 
5  Ақбердыева  Б.Қ.  Тілдегі  семантикалық  үдерістердің  психологиялық  негіздері,  Хабаршы,  Абай  ат.ҚазҰПУ, 
филология ғ. №2, 2016-16б. 
 
Белгілер мен қысқартулар: 
ҚБ 380– «Қутадғу билиг» ескерткішінің 380 - бәйітінде деген мағынаны білдіреді 
ҺХ 41 – «Һибат-ул хақайиқ» ескерткішінің 41 - бәйітінде деген мағынаны білдіреді 
ДТС 112 – «Көне түркі сөздігінің» 112 - бетінде деген мағынаны білдіреді 
 
Резюме 

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал