Т. С. Тебегенов филололоия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.41 Mb.

бет8/34
Дата02.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34

ГЕНДЕРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ В ЗАРУБЕЖНОЙ ЛИНГВИСТИКЕ 
Жанатаев К.А.
 1
, Сарсенбекова Ж.Е.
 2 
1
Международный Казахско-Турецкий Университет имени Х.А. Ясави 
2
Международный Казахско-Турецкий Университет имени Х.А. Ясави 
В статье рассматриваются изучения особенностей тендерных презентаций эмоциональных состояний с помощью 
прилагательных в англоязычных художественных и публицистических текстах. В последние десятилетия значитель-
но возросло количество исследований гендерного аспекта языка, что связано с обращением к языковой личности как 
объекту  и  цели  коммуникации.  Установление  гендерных  особенностей  презентации  эмоциональных  состояний 
приобрело особую актуальность. В настоящее время в рамках лингвистической гендерологии не уделяется должного 
внимания изучению современных художественных текстов, в частности произведений женской литературы, а также 
текстов  женской  публицистики.  Для  развития  гендерной  стилистики  необходимо  исследование  гендера  в  сфере 
эмоциональной  коммуникации,  где  этот  параметр  используется  в  качестве  специального  стилевого  приема 
конструирования художественного образа, а также способа композиционно-смысловой организации целого текста. 
При  поиске  прагматических  механизмов  в  связном  тексте  и  в  предложении  нередко  приходится  обращаться  к 
таким единицам языка, которые выражают смыслы, создающие прагматический эффект. Однако в плане прагматики 
изучены лишь отдельные группы лексики. Дефицит сведений о прагматической ориентации лексических значений 
делает актуальным исследование различных слоев лексики в этом аспекте. Особый интерес представляет изучение 
имен  прилагательных,  поскольку  именно  в  них  могут  совмещаться  семантический  и  прагматический  компоненты 
смысла: предметно-логическое и эмоционально-оценочное содержание. 
Ключевые слова: Пол, иностранная лингвистика, английское искусство, эмоциональное состояние, прагматиче-
ские и семантические механизмы, женский язык, общественное сознание 
 
Түйіндеме 
ШЕТЕЛДІК ТІЛ БІЛІМІНДЕ ГЕНДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ  
Жаңатаев Қ.А.
1
, Сәрсенбекова Ж.Е.
 2 
1
Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
2
Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
Мақалада сын есімдердің ағылшын көркем және публицистикалық мәтіндерде ерекшеліктерін гендерлік презен-
тация мен эмоциялық жай-күйінің көмегімен зерттеу тәсілдері қаралады. Соңғы онжылдықта тілдің гендерлік аспек-
тісінің  зерттеулер  саны  артып,  бұл  тілдің  тұлға  ретіндегі  нысаны  мен  коммуникация  мақсаттарының  айтарлықтай 
өсуіне алып келді. Тілдің гендерлік ерекшеліктері мен эмоционалды күйлерін таныстыру ерекше өзектілікке айнал-
ды.  Қазіргі  уақытта  лингвистикалық  гендерология  аясында  қазіргі  заманғы  көркем  мәтіндерге,  атап  айтқанда, 
әйелдер туындылары мен әдебиетіне, сондай-ақ әйелдер публицистикасына тиісті көңіл бөлінбейді. Тілдің гендерлік 
стилистикасын дамыту үшін оны эмоционалдық коммуникация саласында зерттеу қажет, онда бұл параметр арнайы 
стильдік, көркемдік бейнесін қабылдау ретінде конструкцияланады, сондай-ақ мағыналық ұйымы тұтас композиция-
лық - мәтін ретінде де пайдаланылады. 
Прагматикалық тетіктерді іздеу кезінде сөйлемде мәтінге байланысты прагматикалық әсер туғызатын бірліктерге 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
44 
жиі  жүгінуге  тура  келеді.  Алайда  прагматика  шеңберіндегі  жоспарда  тек  жекелеген  топтар  лексикасы  зерттелген. 
Прагматикалық  бағдардың  лексикалық  мағынасын  зерттеу  тапшылығы  туралы  мәліметтер  және  оның  әр  түрлі 
лексикалық топтары бұл аспектіде өзекті етеді. Ерекше қызығушылық сын есімдерді зерттеуге білділіледі, себебі тек 
сын  есімде  ғана  семантикалық  және  прагматикалық  компоненттер  мағынасы:  заттық-логикалық  және  эмоциялық-
бағалау мазмұны біріктірілуі мүмкін.  
Түйін  сөздер:  Жыныс,  шетелдік  лингвистика,  ағылшын  өнері,  эмоционалдық  жағдай,  прагматикалық  және 
семантикалық тетіктер, әйелдер, тілі және қоғамдық сана 
 
ҒТАХР 16.21.55  
 
С.А. Жиренов 
 
Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы, Қазақстан) 
 
ТІЛДЕГІ ПАРЕМЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК БОЛМЫСЫ 
 
Аңдатпа 
Қазақ  тілі  лексикалық  жүйесінің  байлығы  мен  сапасын  көрсететін,  жалпы  тілдің  құнары  мен  шұрайы  мақал-
мәтелдердің  өзегінде  жатқандығы  даусыз.  Мақал-мәтелдер  –  адамзат  баласының  тіліне  ортақ  құндылық.  Мақал-
мәтелдердің табиғаты қаншалықты ұлттық сипатқа ие болса, соншалықты халықтық әмбебаптық жалпы адамзаттық 
сипатқа  ие  тілдік  құбылыс.  Олай  дейтін  себебіміз  мақал-мәтелдердің  мазмұны  мен  мағынасы,  тағылымы  мен 
тәрбиесі, астары мен тұспалы ұлттық немесе нәсілдік жікке бөліне бермейтіндігімен, қолданыс аясының кеңдігімен 
байланыстыруға  болады.  Мақал-мәтелдер  –  тіл  поэтикасының  халықтық  сипат  алған  көрсеткіші,  көңілдегі  ойды 
көркем  сөзбен  қысқы  да  нұсқа  жеткізуші,  халықтың  заманалар  бойы  жинақтаған  ақыл-ойының  тілтанымдық 
анықтағышы  десек  әсірелегендік  болмас.  Халықтың  өмір  шындығы  мен  өмірлік  көңілге  түйгені  мен  тәжірибиесі, 
ұрпағына қалдырған рухани үлгі-өнегесі мақал-мәтелдердің болмысында сақталған.  
Кілтті сөздер: паремеологизм, лексикалық жүйе, лингвистика, когниция, этнотаным, әлем бейнесі т.б. 
 
Кіріспе. Жалпы тіл біліміндегі мақал-мәтелдер біршама зерттеліп, әралуан сала аясында қарастырыл-
ған  категория.  Мақал-мәтелдер  ауыз  әдебиетінің  бір  жанры  ретінде  әдебиеттану  ғылымының  аясында, 
сөздік  құрамның  шұрайы  ретінде  лексикология  мен  фразеологияның  құрамында  қарастырылған  тілдік 
бірлік.  Тілдегі  мақал-мәтелдердің  лексика-грамматикалық  сипаты  мен  лексика-семантикалық  болмысы, 
сандық-сапалық  көрсеткіші,  құрылымдық  ерекшелігі,  тақырыптық  мазмұны  мен  жанрлық  сипаты, 
поэтикалық болмысы мен стилистикалық бейнесі секілді көптеген ерекшеліктері мен белгілері филология 
ғылымында  біршама  зерттелген.  Алайда  бұл  мәселелер  мақал-мәтелдердің  түбегейлі  зерттеліп 
қойғандығын  білдірмейді.  Заман  озып  ғылым  дамыған  сайын,  мақал-мәтелдердің  мазмұнына  деген 
жаңаша  бір  ғылыми  көзқарастар  туындап,  мақал-мәтелдердің  болмысын  зерттеу  уақыт  ағымына  қарай 
жаңарып отыруын заңдылық деп қабылдауға болады.  
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысында лексика-семантикалық талдау, когнитивтік 
семантикалық  түсіндіру,  уәждемелік  сараптама,  сондай-ақ,  этнолингвистикалық,  ассоциативтік-
салыстырмалы,  когнитивтік,  тілдік  фактілерді  жинақтау,  тақырыптық-мағыналық  топтастыру,  жүйелеу 
сияқты лигвистикалық әдіс-тәсілдер қолданылды.  
Бүгінгі антропоцентристік бағыт аясына негізделген тіл білімінде мақал-мәтелдерді зерттейтін сала – 
паремиология  деп  аталып,  жеке  ғылым  саласы  ретінде  қалыптасты.  Жалпы  паремиология  дегеніміз  – 
гректің «paroimia» – притча, «proverbiumparabola» деген сөздерінен туындаған. Ал мұндағы «рaroimia» 
деген  «нақыл,  өсиет  әңгіме,  сөз»  деген  ұғымдарды  білдіреді.  Ғылымдағы  паремеология  саласы  осы 
жағынан  келгенде  ауқымы  кең,  зерттеу  нысаны  әртарапты  бірліктерден  тұратын  сала  екендігін  көруге 
болады. Яғни, паремиология - паремияларды зерттейтін лингвистикалық сала. Лингвистикадағы паремия 
термині  1960-70  жылдардан  бастап  ғылыми  өндіріске  түсті.  Осыған  байланысты  зерттеушілер  паремия 
терминін ауқымын кеңейтіп әмбебаптық сипатта қарастырады. Мәселен, Г.Л. Пермяков паремиялардың 
қатарына  жұмбақтар,  ырымдар  мен  әзіл  әңгімелер,  ертегілер  мен  мифтік  аңыздарды  да  кіргізсе, 
Э.Я.Кокаре  паремияларға  керісінше  шек  қойып,  оған  тек  қана  мақал-мәтелдерді,  идиомалар  мен 
фразеологизмдерді  ғана  жатқызады.  Ал  белгілі  зерттеуші  В.И.Даль  паремия  терминінің  шығуын  арыға 
апарып,  теологиямен  сабақтастырады.  Ол  турасында  ғалым  паремия  «Священные  писания»  атты  діни 
кітапта  жиі  кездесіп,  ақыл  сөз  ретінде  жиі  қолданылғандығын  айтады.  Н.Пазяк  паремиология 
паремиографияның бір бөлігі болған, кейін парамиялардың теориялық зерттелуіне байланысты өз алдына 
дербес  сала  болып  бөлінгендігін  айтады.  Демек,  паремеологияның  құрамына  мақал-мәтелдер,  қанатты 
сөздер, аңыз әңгімелер мен жұмбақтар кіретіндігін байқауға болады.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
45 
Әлемдік  паремеологияның  бөлінбес  бөлшегі  түркі  паремеологиясы.  Түркі  паремеологиясы  әлемдік 
руханияттың жауһары, қазақ паремеологиясының атасы деп тануға болады. Паремиолог-ғалымдар түркі 
мақал-мәтелдеріндегі  ортақтықты  халықтың  генетикалық  және  тілдік  жақындығы  ретінде  қарастырса, 
екінші  топ  –  тұрмыстық,  мәдени  ұқсастықпен  байланыстырса,  үшіншілері  –  тарихи  тамырластықтың 
ортақтығымен және қоғамдық қатынас сатыларындағы рухани бірліктің бірдейлігімен түсіндіреді. Ал бұл 
мәселеге қатысты академик Ә.Қайдар түркі халықтарына тән ортақ мақал-мәтелдердің де екі түрлі арна 
бойынша  қалыптасқандығын  айтады.  Оның  бір  арнасы  түркі  халықтарының  генеологиялық  шығу  тегі 
мен  тарихына,  дүниетаным,  сезім,  қабілетіне,  өмір  сүрген  ортасы  мен  тіршілік-кәсібіне,  тілінің 
жақындығына  байланысты  қалыптасқан  ортақ  халық  даналығы  болса,  екінші  арнасына  ғасырлар  бойы 
жіті араласу, өзара етене сіңісу нәтижесінде жүзеге асқан рухани ауыс-түйістер жататындығын және әрбір 
түркі тілдес халық түркі әлеміне ортақ даналығын да, өзіне ғана тән даналық ұйытқысы мақал-мәтелдерді 
де  өз  тілінің  ерекшелігіне  сәйкес  қалыптастырып,  баршасын  болмаса  да,  көпшілігін  бірдей  түсініп,  өз 
тілінде сөйлетіп келетіндігін атап өтеді [1, 98]. 
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер бұғанға дейінгі аралықта филологияның қос арнасында, яғни тіл білімі 
(лингвистика) мен әдебиеттану (фольклористика) ғылымының аясында қарастырылды. Мақал-мәтелдер-
дің мазмұны мен қалыбы филологиялық масштабқа сия бермейтіндігі өзге де ғылым салалары педагогика 
мен  психологияның,  логика  мен  философияның  нысанына  айналғандығы  олардың  әмбебап  құбылыс 
екендігін көрсетеді. 
Қазақ мақал-мәтелдерінің табиғаты жоғарыда айтқанымыздай қос арнада қарастырылғандығы белгілі. 
Осы  жағын  ескере  келе  белгілі  тілші  академик  Ә.Қайдар:  «Қазақ  мақал-мәтелдерінің  халықтың  өткен 
өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде дүниетанымдық, логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні 
өте  зор.  Себебі  дүниеде,  қоғамда,  табиғатта  қалыптасқан  құбылыстардың  бәріне  мақал-мәтелдердің 
қатысы бар. Дүние болмысының өзінде о бастан-ақ қалыптасқан реттілік бар. Ол реттілік барша заттар 
мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып 
қарағанда ғана көрінеді», – десе [1], қазақ әдебиетінің қабырғалы өкілі, академик-сыншы М.Қ.Қаратаев: 
«Мақал – нақыл сөздің бір түрі. Өмір құбылыстарын жинақтайтын, типтендіретін, бір не екі тармақтан 
құралып,  алдыңғысында  шарт  не  жалпы  пайымдау,  соңғысында  қорытынды  шығаратын,  түйінді  пікір 
айтатын,  өте  ықшам,  бейнелі  халықтық  поэтикалық  жанр.  Ғасырлар  бойы  екшелген,  қырланған,  алуан 
мазмұнды, сан тақырыпты сөз мәйегі» - дегенді айтады [2]. Бұдан шығатын қорытынды бірі – тілші, бірі – 
әдебиетші  ғалымдардың  мақал-мәтелдерге  берген  анықтамалары  бірін-бірі  толықтырып,  мақал-
мәтелдерді  тілтанымдық  тұрғыдан  зерттеуге  және  тілтанымдық  категория  ретінде  қарастыруға 
болатындығына көз жеткізуге болады.  
Мақал-мәтелдердің  тілдік  табиғаты,  жинақтау  мен  жүйелеу,  олардың  баска  тұрақты  тіркестермен 
ұқсастықтары  немесе  ерекшеліктері,  мағыналық-мазмұны,  тақырыптық  әралуандығы  мен  құрылымдық 
ерекшелігі, тәрбиелік мәні мен қолданыс аясы секілді көптеген теориялық және практикалық мәселелері 
тіл  білімі  мен  ауыз  әдебиетінің  бір  жанры  ретінде  біршама  зерттелді.  Мақал-мәтелдердің  аталған 
мәселелері  Ш.Уәлиханов,  А.Байтұрсынұлы,  Қ.Жұбанов,  С.Аманжолов,  М.  Ғабдуллин,  I.Кеңесбаев, 
Б.Адамбаев, Ә.Қайдар, М.Әлімбаев, Ө.Тұрманжанов, М.Аққозин, Б.Ақмұқанова, Ә. Диваев, П.Пантусов, 
С.Нұрышев,  Ғ.Мұсабаев,  Ғ.Тұрабаева,  P.Сәрсенбаев,  т.б.  көптеген  зерттеушілердің  назарына  ілініп 
еңбектерінде  арнайы  қарастырылды.  Ал,  мақал-мәтелдердің  жалпы  және  әлемдік  ғылымдағы 
зерттелуінде, соның ішінде орыс тіл білімінде: В.В.Виноградов, Н.Н.Амосова, М.Т.Тагаев, Н.М.Шанский, 
Г.Л.Пермяков,  Л.А.Булаховский  сынды  ғалымдармен  қатар,  батыс  еуропалық  ғалымдар:  Н.Барли, 
А.Дундэс, А.Крикман, М.Куузи, Г.Мильнер, А.Тэйлер, Г.Л.Апперсон, Линда және Роджер Флавэлдер, т.б. 
ғалымдар зерттеулерінде біршама қарастырылған.  
Паремеологизмдерді  тілтанымдық  тұрғыда  қарастыру  арқылы  этностың  дүниетанымдық  әлемі 
арқылы  қалыптасып,  өмірдегі  ақиқат  және  бейақиқат  құбылыстарды  бейнелейтін,  танымдық  әрекетінің 
нәтижесінде туындаған мақал-мәтелдердің лингвокогнитивтік сипатын ашудың мәні зор. Өйткені, мақал-
мәтелдерді  лингвокогнитивтік  аспектіде  қарастыру  арқылы  олардың  адам  санасындағы  қалыптасу 
жолдарын,  мағыналарының  халықтық  сипат  алуын,  тілдік  бейнелілігі  секілді  ерекшеліктерін  этностың 
өмірімен, дүниетанымымен тығыз байланыста қарастыру мәселесі сан-салалы ғылым салалары аясында 
(лингвистика, әдебиеттану, психология, логика, мәдениеттану, философия, т.б.) тануға мүмкіндік береді. 
Мәселен, бір жердің жынды торғайы, бір жердің пұлды торғайы деген мақалдың мазмұнына үңілсек, 
мұндағы  «торғайға»  ассоциациялық  мазмұнда,  образды  жүк  арқалаған  бірлік  ретінде  ғана  қарау  керек. 
«Торғай»  образды  бірлік  ретінде  алынғанымен,  оның  аржағында  адам,  индивид  тұр.  Яғни,  мұндағы 
«торғай» арқылы адамның сапасы, кісілік болмысы туралы түсінік тілге тиек болған. Бір жердегі көпке 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
46 
елеусіз, белгілі бір ортадағы сыйынан гөрі, сықпыты сөз болған жанның, басқа ортада сыйы басым, елге 
елеулі  болған  адамға  қарата  айтылған.  Аталған  мақалдың  астарынан  этностың  дүниенітану  мен 
суреттеуіндегі қарабайыр түсінігі, концептуалды түсінікке жетелейтіндігін көруге болады. Бұл дегеніміз 
паремеологизмдерді  лексика-семантикалық  немесе  мәдени  семантикалық  тұрғыдан  ғана  емес, 
когнитивтік  семантикалық  тұрғыдан  келу  арқылы  этнос  танымындағы  ұлттың  болмасын  бейнелейтін 
ерекше бір жарқын мәнді танымдық әрекеттерінің санадағы суретті (образды) өрнегін көруге болады.  
Қазақ және монғол тілдеріндегі поэтикалық бірліктерді дүние бейнесінің аясында қарастырып жүрген 
ғалым,  профессор  Г.Сағидолда:  «Дүниенің  паремиологиялық  бейнесінде  реалды  дүниедегі  заттар  мен 
құбылыстар да, адам қиялының туындысы іспетті ойдан шығарылған реалды емес әлемнің бейне кескін-
дері,  үзінділері  «кодтар  тоғысы»  түрінде  көрініс  береді.  «Кодтар  тоғысын»  айқындау  арқылы  тұрақты 
бейнелі оралымдардың этномәдени ішкі мазмұнын ашып, «Адам және Әлем» арасындағы күрделі қатыс-
тылықтың терең қатпарларын «індете зерттеуге» болады. Осы тұрғыдан келгенде мақал-мәтелдер бойын-
да  тоғысатын  әрқилы  кодтарды  (астральдық,  вегативтік,  зооморфтық,  антропоморфтық,  гастрономдық, 
түр-түстік, сандық т.б.) ішкі құрылымдық жүйені реттеуші тілдік тетіктер деуге де болады» - дей келе [3, 
182],  «Дүние  бейнесін  жасауда  адамның  бүкіл  болмысы,  қабылдаудан  бастап  ойлау,  саналы  түрде  өзін 
дүниенің бір бөлшегі ретінде сезінуге дейінгі күрделі когнитивтік процестердің барлығы қамтылады. Бұл 
процестен жеке адамның өмір сүріп, тіршілік ететін ортасы – тілдік ұжым және оның әлеуметтік-мәдени 
тынысы  тыс  қала  алмайды.  Сондықтан  да  адамның  шындық  болмысты  тануынан  бастап,  этномәдени 
әлеуметтік  ортадағы  жүріс-тұрысы,  білім  дағдысы,  өмір  сүру  кредосы,  тәлім-тәрбиесі  т.б.  барлығы 
түгелдей  тілдік  ұжымның  рухани-мәдени  болмысымен  астасып  келіп,  дүниенің  паремиологиялық 
бейнесінен  қайтсе  де  көрініс  табады.  Себебі  дүниенің  паремиологиялық  бейнесіндегі  басты  нысан  – 
Адам» - деген пікірінен паремеологизмдерді тек поэтикалық бірлік, бейнелі сөз деп қана қарамай, дүние 
бейнесінің  мазмұнын  түсіндіруші,  ұрпақты-ұрпаққа  жалғайтын,  дүниенің  тұтастай  бейнесін  қамтыған 
тілтанымдық категория ретінде тануға болады [3, 216].  
Когнитивтік лингвистикада бірнеше ғылымның тоғысу процестерін (филология, философия, психо-
логия,  этнология,  теология  т.б.)  қатар  қарастыру  үдерісі  қалыптасқан.  «Қазіргі  лингвистикадағы  жаңа 
бағыттар тілдік жүйе аясынан шығып, адамға тілдік қабілетті, ұлттық тілді, мәдениет және менталитетті 
физикалық  ж
ҽне  психикалық  тұрғыдан  ерекше  иеленетін  тұлға  ретінде  қарастыруға  мүмкіндік  береді. 
Бұлар тілдің негізгі сапасы мен болмысының неге негізделгенін, адам мен әлемнің, тілдердің байланысы 
мен дүниені танудағы тілдің рөлін пайымдауды ескеруді қажет етеді» [4, 78 б.]. Осы жағынан келгенде 
ұлттық  тілдің  ұлы  тініне  баланатын  мақал-мәтелдерді  антропоөзектік  бағытта  зерттеудің  маңызы  зор. 
Себебі, мақал-мәтелдер – лингвистикалық, фольклорлық, педагогикалық, философиялық, прагматикалық, 
мәдениеттанымдық, этнологиялық, когнитологиялық секілді аспектілерді бір бойына жинақтаған катего-
рия. Осыған байланысты, мақал-мәтелдерде бір мәселеден екінші мәселе бірінің артынан бірі жалғасып, 
бірінен кейін бірі туындап ұласпалы процестердің жүріп отыратындығын байқауға болады. Лингвофило-
софияның  басында  тұрған  Еуропа  тіл  білімінің  «отбасы  ана  тілін  сақтайтын  –  соңғы  қорған»  деген 
тұжырымына  сәйкес,  бірді-екілі  мақал-мәтелдердің  танымдық  астарына  зер  салу  арқылы  көз  жеткізуге 
болады. Мәселен:  
¤ Біреуге тебен тықпас бұрын, өзіңе ине тығып көр (Бұл мақал қазақ халқының астарлап сөйлеп, 
тұспалдап ой айтуының этникалық ерекшелігін көрсетеді. Бұл жердегі мақалдың мағыналық астарын тура 
және  ауыспалы  мағынада  қарастыру  қажет.  Тура  мағынасында  ғаламның  қарабайыр  бейнесінің  тілдік 
үлгісіне сәйкес қарапайым тұрғыда түсіндіруге болады. Адамға иненнің жасауындай жасаған қастығың 
ертең өзіңе тебен болып сұғылатынын астарлап жеткізіп тұр. Яғни, адамға (қасыңа) ине тығу үшін, өзіңе 
тебен  тығып  көр,  немесе  бүгінгі  тыққан  инең  ертең  тебен  болып  өзіңе  сұғыларына  дайын  бол  дегенді 
қарапайым сөз дестемен астарлы ойды жеткізіп тұр. Сонымен қатар аталған мақалды ауыспалы мағынада 
ғаламның концептуалды бейнесінің негізінде де қарастыруға болады. Мұндағы ине мен тебен салыстар-
малы бірлік ретінде бір-біріне контрасты категория болып, адам өміріндегі керағар келеңсіз құбылыстар 
кінә мен күнә, өкпе  мен  наз, қызбалық  пен қызғаншақтық секілді құбылыстарды астарлап алмастырып 
қолданып тұрғандығын байқауға болады. Адамға жасаған иненің ұшындай (көзіндей) қысастығың тебен-
нің  ұшындай  (көзіндей)  болып  тиетіндігін  өзіне  қарата  айтылғандығы  (өзіңе  тебен  тығып  көр)  аталған 
мақалдың үлкен ойды арқалап тұрғандығын көрсетеді. Жалпы мақал-мәтелдердің семантикалық мазмұ-
нын  ашу  барысында  «уды  умен  қайтаруға  болатындығы»  секілді,  мақал-мәтелдерге  мақал-мәтелдер 
арқылы  да  жауап  беріп  кетуге  болатындығы  мақал-мәтелдердің  мағыналық  өрісінің  бір  екендігін  ғана 
білдірмейді, олардың прагматикалық тұрғыдан әрбіреуінің өзіндік орнымен де айқындалып тұратынды-
ғын  байқауға  болады.  Мәселен  аталған  мақалға  «жағада  отырып  жүзуді  үйретуге  болмайды»  деп  те 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
47 
мағыналық мазмұнына жауап беруге болады. Бұл да мақал. Бірақ мақал-мәтелдердің мағыналық мазмұны 
«орынға,  жағдайға,  уақытқа»  сәйкес  әркелкі  контексте  қолданылатындығын  естен  шығармау  керек. 
Сонымен  қатар  ең  бастысы  адам  санасына  біркелкі  ойлау  тән  еместігін  ескеру  қажет.  Яғни,адамның 
мақал-мәтелдер арқылы немесе әлемді танудағы мүмкіндігі әркелкі болады). Ш.П.Қарсыбекова: «Өмірде-
гі  әр  қилы  қарым-қатынастарды  әсерлі  де  көркем  бейнелейтін  тіліміздегі  тақырыбы,  мазмұны  бай  әрі 
құнарлы  салаға  –  ММ-дер  жатады.  ММ-дер  арқылы  халықтың  ғасырлар  бойы  жинақтаған  еңбек,  өмір 
тәжірибесі небәрі бірнеше ауыз сөзбен тұжырымдалып беріледі. Олар өмір шындығын дәл де нақтылы, 
әрі  көркем  бейнелеп  көрсетеді.  ММ-дер  бір  ғасырдың  ғана  емес,  сан  ғасырдың  жемісі  болғандықтан 
мазмұны  да,  тақырыбы  да  кең,  сөз  етер  объектісі  де  сан  алуан  болып  келеді.  Сондықтан  да  оларды 
зерттеп, мән-мағынасын терең түсіну үшін жүйелеп, тақырыптық, логикалық тұрғыдан топтастыра, өзара 
салыстыра қарау қажеттігі туындайды» - деген пікірінен мақал-мәтелдердің өмірлік жағдаяттан алынып, 
стилистикалық реңкке ие болып, стилистикалық контраста қолданылу арқылы объект (әлем) болмысын 
тануға мүмкіндік беретіндігін көрсетеді [5, 59 б.].  
Зерттеу  жұмысының  ғылыми  нәтижесінде,  когнитивтік  лингвистикада  паремеологизмдерді 
құрылымдық-мағыналық  тұрпаты  мен  когнитивтік  семантикадағы  қолданысына  басымдық  беріледі. 
Жоғарыдағы  мақал-мәтелдердің  қолданысынан  олардың  тілтанымдық  мазмұны  анықталатындығын 
байқауға болады. Яғни, тілдегі мақал-мәтелдер бейнелі поэтикалық даналық сөзді арқалаған бірлік қана 
емес,  этностың  дүниетанымы  мен  индивидттің  ойлау  жүйесінің  ұшқырлығын  көрсетеді.  Мақал-
мәтелдерді адам ойы мен қиялының жеткен жеріне дейін коммуникация барысында тұтынуына болады. 
Бірақ  прагматикалық  тұрғыдан  тиянақты  орнын  тапқан  жағдайда.  Ал  бұл  дегеніміз  ұлттық  санамен 
астасқан  ұғым  ретінде  түсіну  қажет.  Адамзат  баласы  мақал-мәтелдерсіз  өмір  сүруі,  тілдік  қолданыста 
мақал-мәтелдерді пайдаланбай қалуы мүмкін емес.  
Зерттеу  жұмысына  қатысты  пікірталас  (дискуссия).  Дәл  осы  орайда  ойымызды  образды  түрде 
әлемдік ақыл ой онтологиясындағы белгілі тұлға Жан Коктоның: «Өнерсіз өмір сүру мүмкін емес, бірақ 
оның не үшін қажет екенін білмеймін» (Я знаю что искусство совершенно необходимо, только не знаю 
зачем) немесе «Тіпті сұлулықты елемейтіндердің өздеріне сұлулық әсер етеді» (Красота действует даже 
на  тех,  кто  ее  не  замечает)  –  деген  сөздерін  қарата  айтуға  болады.  Демек,  тілдің  танымдық  болмысы 
мақал-мәтелдердің табиғатында жатқандығын көруге болады.  
Сонымен қ о р ы т а келгенде, этностың тұрмыстық өмірі мен рухани өмірінің көптеген мәселелерін 
қамтитын типтік жағдаяттардың тілдік таңбасы мен поэтикалық образды сипаттамасы саналатын мақал-
мәтелдер арқылы ғаламның паремиологиялық бейнесі қалыптасады. Ғаламның паремиологиялық бейнесі 
–  «тіл  –  таным»  контексінде  қарастырылып,  этно-мәдени-танымдық  құндылықтар  биігіне  көтерілген 
тілдік  тұлғаның  жан  әлемі  мен  рухани  іс-әрекеттерінің  нәтижесі,  танымдық,  тағылымдық  және  өмірлік 
тәжірибесі халық руханиятымен астасып тілінде сақталады. Паремиологиялық әлем бейнесі – этностың 
руханияты мен менталитетінің көрсеткіші. Этностың дүниені тану мен қыбылдауындағы мәдени-таным-
дық  дәстүрлі  тәжірибесі  поэтикалық  образды  сөздер  арқылы  санада  суреттеліп  паремиялар  арқылы 
жарыққа  шығады.  Тілдегі  паремиялардың  танымдық  мағынасы  мәдени  мазмұнмен  астасып  жатады. 
Себебі,  этностың  танымы  мәдениетінен  немесе  мәдениеті  танымынан  көрінеді.  Мақал-мәтелдердің 
танымдық астарында этностың ғасырлық тарихы мен тағылымы, ескі наным-сенімі мен діни көзқарасы, 
этникалық  мәдени-танымдық  позициясы  мен  қоғамдық  құрылымының  поэтикалық  образды  бейнесі 
көрініс тауып жатады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1  Қайдаров  Ә.Т.  Халық  даналығы  (Қазақ  мақал-мәтелдерінің  түсіндірме  сөздігі  және  зерттеу).  –  Алматы: 
Толағай баспасы, 2004. – 560 б.  
2  Қаратаев  М.Қ.  Қазақ  совет  энциклопедиясы.  –  Алматы:  Қазақ  совет  энциклопедиясының  бас  редакциясы, 
1975. – 645 б.  
3 Сағидолда Г.С. Түркі – моңғол дүние бейнесінің тілдік фрагменттері. – Астана, -2010. – 250 б. 
4  Мұсатаева  М.Ш.,  Тымболова  А.О.  Ұлттық  болмысты  зерделеудегі  тілдің  рөлі  //  Абай  атындағы  Қазақ 
ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. №4 (54), 2015 ж. - 76-80 бб. 
5 Қарсыбекова Ш.П. Г.Л. Пермяковпен қазақ мақал-мәтелдерін топтастыру принциптеріндегі ұқсастық // Абай 
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. №1(47), 2014 ж. - 58-62 
бб. 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал