Т. С. Тебегенов филололоия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.41 Mb.

бет6/34
Дата02.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

ФОРМИРОВАНИЕ НАРОДНОЙ ТЕРМИНОЛОГИИ И ТЕРМИНЫ В ЗЕМЛЕДЕЛИЕ 
Даурембаева Н.К .
1
, филология, магистрант, 2-курс 
1
Казахский национальный педагогический университет имени Абая 
Многие термины в языках большие темпы роста, непосредственно связанные с развитием возникновение науки и 
техники.  А  также  терминологической лексики,  искусства, образования,  науки,  учебных,  просвещения,  и  печатных 
работ которого как руки канат в объявлению напряженный, причиной может быть. Действие, что в каждой сфере и 
самостоятельной жизни, зачастую неосвоенный, лексика терминдік вброд. Без внимания в различных областях науки 
и ученых, в совокупности выпустить в свет терминолог термин такого слова - обязанность. В статье рассматривается 
формирование и стабилизация народной  терминологии. Исторические пути формирования современной казахской 
терминологии, основы теории международных терминов, использование терминов о земледелии в трудах казахских 
ученых является  лейтмотивом статьии. Определение  ученых  к слову  термин, виды  терминов, определены отрасли 
терминологии. А также усовершенствовалось вопросы и задачи предусматривающие в науке терминологии.  
Ключевые  слова:  терминология,  народная  терминология,  термин,  слово,  вывод,  урожай,  земледелия,  отрасль, 
профессия 
 
Summary 
THE FORMATION OF THE POPULAR TERMINOLOGY AND TERMS IN AGRICULTURE 
Daurеmbaeva N.К, philology, 2 course undergraduate 
1
Kazakh National Pedagogical university by name Abai 
Many terms in languages the big growth rates which are directly connected with development emergence of science and 
technology.  And  also  terminological  lexicon,  art,  education,  science,  educational,  educations  and  which  printing  works  as 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
32 
hands  the  rope  in  the  announcement  intense,  can  be  the  cause.  Action  that  in  each  sphere  and  independent  life,  often 
undeveloped, lexicon терминдік by wading. Without attention in various fields of science and scientists, in total to publish the 
terminologist the term of such word - a duty. Stabilizing of terminology is examined in the article. Historical ways of forming 
of  modern  Kazakh  terminology,  basis  of  international  theoretical  terms,  use  of  terms  in  labours  of  the  Kazakh  scientists, 
writers  of  reasons  and  agriculture  in  regard  to  meeting.  Certificates  given  out  according  to  scientists,  Term,  term  types  of 
performances, the areas of terminology are certain. And also questions and tasks, providing for specified science terminology. 
Key words: terminology, folk terminology, term, word, conclusion, harvest, agriculture, industry, professions 
 
МРНТИ 16.21.43 
 
Г.А. Еркегалиева

 
1
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ. Қазақстан 
 
СИНТАКСИСТІК СИНТАГМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аңдатпа 
Мақалада  сөздің  когнитивтік  қызметі  мен  сөйлемнің  сөйлеу  бірлігі  ретіндегі  коммуникативтік  қызметі 
анықталады.  Синтаксистің  негізгі  зерттеу  объектісі  -  сөйлем,  мәтін  екені  айтылып,  осы  синтаксистік  бірліктердің 
коммуникативтік  қызмет  атқаруына  негіз  болатын  категория  синтаксистік  синтагма  болып  табылатыны  туралы 
талданады.  Синтагма  –  сөйленімнің(речь)  құрылуы  мен  тыңдаушыға  жетуіне  қызмет  атқаратын  сөйлеу  бірлігі, 
құрылымдық, мағыналық, интонациялық жағынан байланысқан сөздер тобы ретінде қарастырылады.  
Түйін сөздер: синтагма, сөйлеу бірлігі, сөйленім, лингвистикалық категория, коммуникативтік қызмет 
 
Сөз  –  кез  келген  тіл  иесі  халықтың  әлем,  дүние  туралы  білімдерін  жинақтаушы,  ұрпақтан-ұрпаққа 
жеткізуші бірлік, яғни сөз ең алдымен, когнитивті қызмет атқарады. Тілдің басты қызметі – коммуника-
тивтік  қызмет  десек,  сөз  жеке  қолданылып,  коммуникативтік  қызмет  атқара  алмайды,  қарым-қатынас 
құралы  бола  алмайды.  Тілді  қатынас  құралы  ретінде  жұмсаған  кезде,  хабарлау,  баяндау,  сұрау,  пікір 
білдіру т.б. коммуникативтік актілер сөйлем арқылы жүзеге асады. Тілді қарым-қатынас құралы ретінде 
қарастыратын болсақ, тілдің басты бірлігі – сөз емес, сөйлем болады. Сөйлем, мәтін - синтаксистің негізгі 
зерттеу объектісі екені белгілі. Осы синтаксистік бірліктердің коммуникативтік қызмет атқаруына арқау 
болатын категория синтаксистік синтагма болып табылады. Оның басты ерекшелігі - сөйлем құрамында-
ғы сөздер мен мәтін құрамындағы сөйлемдердің семантикалық мазмұнға ие  болуы, соның нәтижесінде 
ақпарат адамдарға жетеді.  
Синтагма  –  сөйлеу  бірлігі,  құрылымдық,  мағыналық,  интонациялық  жағынан  байланысқан  сөздер 
тобы,  сөйленімнің(речь)  құрылуы  мен  тыңдаушыға  жетуіне  қызмет  атқаратын  сөйлеудің  құрылымдық-
мағыналық фрагменті, сөйлеу тіліндегі ең шағын үзінді. Қай тілде де синтагма сөйлеу тіліндегі сөздердің 
мазмұнын, олардың бір-бірімен логикалық байланысын, сөйлеушінің ақпаратқа, айтылып тұрған хабарға 
қатынасын, оларды пайымдап, тұжырымдауы арқылы сипатталады. Әр синтагма кідіріс арқылы бөлініп, 
бәрі бірігіп сөйлемнің интонациялық контурын сызады. Ал егер сөйлемдегі сөз тіркестерінің синтаксистік 
мазмұны толық жеткілікті болмаған жағдайда, олар синтагма бола алмайды. Мысалы, Біз бүгін театрға 
барамыз. Бұл сөйлемде кідіріс жасауға келмейді. Ал егер Біз үшеуміз // бүгін кешкі жетіде // театрға 
барамыз десек, сөйлемдегі синтаксистік мазмұн ұлғайып, бірнеше жеке синтагмаға жіктеледі. Тіл бірлігі 
ретіндегі жеке тұрған кез келген сөз синтагма құрамына енген кезде сөйлеу бірлігіне айналады, жағдаятқа 
байланысты  сөз  мағынасы  нақтыланады.  Бұл  құбылысты  синтагманың  ең  басты  белгісі  деуге  болады. 
Сөйлем синтагмаларға дұрыс мүшеленбеген жағдайда сөйлемде айтылған ойды түсіну қиындыққа түседі. 
Мысалы, Сәрсен ақсақалды жоқшы ғып қалаға, ұлыққа аттандырды(М.Ә) деген сөйлемдегі ойды айқын 
түсіну үшін сөйлемді синтагмаларға дұрыс бөлудің мәні ерекше. Егер Сәрсен // ақсақалды жоқшы ғып // 
қалаға, // ұлыққа аттандырды деп синтагмаларға бөлсек, онда белгісіз бір ақсақалды қалаға аттандырған 
Сәрсен  екенін  түсінеміз.  Ал  Сәрсен  ақсақалды  //  жоқшы  ғып  //  қалаға,  //  ұлыққа  аттандырды  дейтін 
болсақ, Сәрсен ақсақалды қалаға аттандырған басқа адам екені белгілі болады. 
Академик  Л.В.  Щерба  синтагма  мәселесін  ұзақ  жылдар  зерттей  келе,  синтагма  –  сөйлеу  әрекетін 
жасаушы негізгі бірлік деп тұжырымдаған[1,488]. Ол сөйлеу процесіндегі мағыналық тұтастық пен сөзге 
түсетін  синтагмалық  екпіннің  күшеюінен  фонетикалық  шек  қалыптасатынын,  ол  негізгі  синтаксистік 
бірлік  –  синтагма  ұғымына  сәйкес  келетінін  және  сөз-синтагма,  сөз  тіркесі-синтагма,  сөз  тіркестері 
тобынан  жасалған  синтагма  болатынын  айтады.  Ол  синтагманы  синтакистік  ұғым  ретінде  қарастырып, 
оның интонациялық-әуезділік факторына назар аудару керектігін ұсынған болатын. Синтагманы сөйлеу-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
33 
ойлау процесіндегі біртұтас ритмикалық топты құрайтын сөздерден тұратын бірлік деп тұжырымдайды. 
Алайда синтагманы тек сөйлеу барысында кідіріс жасау арқылы бөлшектенетін физиологиялық құбылыс 
деп қарастыру жөн болмас еді, себебі синтагма компоненттері интонациялық-ритмикалық топ қана емес, 
мағыналық  та,  синтаксистік  те  байланыста  болады,  сол  себепті  де  синтагманың  үш  жағы  бар  деп 
есептелінеді: 1. семантикалық; 2. синтаксистік; 3. интонациялық.  
«Синтагма  қай  тілдің  болса  да  сөйлемдерінің  синтаксистік  құрылысы  мен  оның  мағынасын  терең 
зерттеп түсінуге көмектеседі. Ең шағын синтаксистік мағыналық сөз, сөз тіркесі және сөйлем синтагма 
түрінде  интонациялық  формаға  ие  болады.  Синтагмалар  үлкенді-кішілі  паузалармен  бөлінетін  тілдің 
интонациялық  мазмұндық  үзінділері  ретінде  жай  сөйлемде,  жайылма  сөйлемде,  құрмалас  сөйлемде, 
сондай-ақ бір тақырыпты күрделі синтаксистік тұтастықтарға сөзді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді қамтып, 
оларды бір интонациялық жүйеге бағындырып ұстап тұратын тәсіл» [2,107]. Олай болса, интонациялық 
синтагма  –  сөйлемнің  мағынасын  ашуға  қызмет  ететін  негізгі  элементтердің  бірі.  Сөйлеу  әрекеті 
барысында интонациялық синтагма сөйлемді шағын семантикалық бөліктерге мүшелеп, сөздің сөйлемде-
гі  басқа  сөздермен  тіркесіп,  синтагмалық  қатынас  жасаудағы  мағынасын  нақтылайды.  Өйткені  сөйлем 
құрамындағы  әрбір  сөздің  мағынасы  жеке  дара  емес,  синтагмалар  шегінде  анықталады.  Интонациялық 
синтагма - сөйлемдегі ең кіші құрылымдық-мағыналық бөлшек. Сөйлемдегі синтагмалық үзіктерді таба 
білу сөйлемді, мәтінді толық түсінуге мүмкіндік береді. Ал жазбаша сөйлемдерде синтагмалық бөлшек-
тер  көрінбейтіндіктен,  сөйлемді  оқу  барысында  оқырман  адам  жазушы  адамның  айтайын  деген  негізгі 
ойын  түсіну  үшін  синтагмалық  бөлшектерді  өзі  табуына  тура  келеді,  бұл  орайда  оқырман  жекелеген 
сөйлем емес, толық мәтінмен танысқан жағдайда ғана автордың дітін түсіне алады. Өйткені кейбір сөздің, 
синтагманың,  сөйлемнің  мәні  тек  контексте  ғана  анықталуы  мүмкін.  Осы  орайда  Г.А.Золотованың 
«сөйлем  тек  қана  сөйлеуде  қосымша  функцияларға  ие  болып,  бүтіннің  бөлшегі  ретінде  қарастырылуы 
керек» деген пікірі құнды [3,88].  
Синтагма бір ғана сөзден немесе бірнеше сөзден жасала береді. Бірақ сөздің жеке тұрғандағы мағына-
сы  мен  сөйленімдегі,  яғни  синтагма  құрамындағы  мағынасының  айырмашылықтарын  білу  қажет.  Сөз 
тілде бұрыннан бар ұғымды білдірсе, синтагма сөйлеу кезінде пайда болған ұғымды білдіреді, контексте 
мағынасы айқындалады. Синтагма сөйлемнің негізгі компоненті десек, сөйлем тілге емес, сөйлеуге тән. 
Синтагманың прагматикалық қызметі де маңызды. Жазба тілде, ойды жазбаша жеткізуде, мәтінді түсініп 
оқу үшін синтаксистік синтагманың атқаратын рөлі зор. Мәтін қандай құрылымдық-мағыналық компо-
ненттен  тұрса,  мәтінді  оқыған  кезде  сол  компоненттерді  дұрыс  ажырата  білген  жағдайда,  автордың 
айтайын  деген  ойы  түсінікті  болмақ.  Мәселен,  сөйлемдегі  сөз  тізбектерінің  біріне  акцент  түсіру  қажет 
болса, сөйлеуші сол жердегі интенсивтілікті күшейтеді. Интенсивтіліктің күшейтілгені көбіне дауыстың 
қатты  шыққанындай  боп  естіледі,  сондықтан  да  тыңдаушы  сол  акцент  түскен  сөзге  назар  аударады. 
Мысалы:  Ол  –  студент  деген  сөйлемді  алсақ,  сөйлемнің  бастауышы  (Ол)  мен  баяндауышы  (студент) 
пауза  арқылы  екіге  бөлініп,  хабарлы  сөйлемге  тән  сөйлем  соңына  қарай  төмендейтін  интонациямен 
айтылып тұр, сондықтан екі сөзден тұратын жалаң сөйлемнің әр мүшесі бір синтагмаға теңеліп тұр. Ал 
егер Ол студент // сабаққа келмей жүр деген сөйлемнің айтылу интонациясындағы ерекшелікті қарасты-
ратын  болсақ,  бұл  сөйлем  де  екі  синтагмадан  тұрады.  Бірінші  синтагмалық  үзік  ол  студентке  акцент 
беріліп, сабаққа келмеген адамды нақтылау мәнін үстеп, сондай-ақ жалпы коммуникативтік мағынасында 
кінәлаушылық  мән  бар  екенін  көрсетеді.  Сонымен,  сөйлемдегі  синтагмалық  үзік  сөйлемнің  жалпы 
мазмұнын ашуға, эмоциялық реңкін түрлендіруге қызмет атқарады. 
«Синтагма – мазмұндық-синтаксистік, интонациялық өлшем болғандықтан, әр уақытта сөз тіркесінен, 
сөйлем бөлшектерінен тұрады және бір-бірінен интонациялық меже болып табылатын паузамен бөлінеді» 
[2,135].  Алайда  сөйлем  құрамындағы  сөз  тіркестері  мен  мен  синтагманы  бір  ұғым  ретінде  қарастыруға 
болмайды. Сөйлемдегі бөліну шегіне қарағанда синтагма сөз тіркестерімен сәйкес келуі де мүмкін, ал кей 
жағдайда  бір  синтагма  бірнеше  сөз  тіркестерінен  болуы  мүмкін.  Сондай-ақ  сөз  тіркесі  сөйлем  ішінде 
қатар тұрып та, алшақ тұрып та байланысқа түссе, синтагмалар тек қатар тұрып, бір синтагмалық екпінге 
ие болып, синтагма құрайды. Мысалы, Хас сұлуды // қаралысында сынама, Хас батырды // жаралысында 
сынама. Сөйлемдердегі хас сұлу, хас батыр қатар тұрып қабыса, сұлуды сынама, батырды сынама сөз 
тіркестері  меңгеріле  байланысқан.  Ал  синтагма  компоненттері  тек  іргелес  тұрып,  бір  синтагмалық  үзік 
бола алады. Мысалы, Шеберді шебер // қолынан таниды, Батырды батыр // жонынан таниды. 
Жалпы  синтагмалық  категориялар  тілдік  бірліктердің  сөйлеу  әрекетіндегі  функционалдық  қызметін 
анықтайды.  Тілдің  функционалдық  қызметі  тікелей  коммуникативтілікпен  байланысты.  Синтагмалық 
категориялар тілдің функционалдық мүмкіндігін айқындаудың бір амалы болып табылады. Сөйлеу бірлігі 
болып саналатын әрбір сөйлем коммуникатикалық мақсатқа негізделген синтагмалық үзіктерден тұрады. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
34 
Сөйлем  мағынасы  мен  айтылар  ой  синтагма  арқылы  айқындалады.  Синтагма  теориясы  сөйлеу 
прагматикасымен тығыз байланысты. Сонымен,  
-  сөйлеу  кезінде  синтагма  сөздердің  мағыналық  және  стилистикалық  реңктерін  анықтауға  мүмкіндік 
береді; 
- синтагма да сөз секілді аяқталған ұғымды белгілейді. Бірақ сөз бұрыннан бар белгілі ұғымды атаса, 
синтагма  сөйлеу  кезінде  ғана  пайда  болады,  яғни  тілде  орныққан  синтагма  кездеспейді,  синтагма  - 
сөйлеудің не сөйленістің туындысы; 
-  синтагма  индивидуалды  сөйлеу  әрекетінің  нәтижесі,  яғни  сөйлеу  кезіндегі  жағдаятқа  байланысты 
сөйлем синтагмаға бөлініп, сөйлеушінің мақсатына қарай мазмұн иеленеді; 
- синтагманың бөлінісі тыңдаушының қабылдауына, оның түсінуіне, кейде сезімі мен білім деңгейіне 
тәуелді. Сондықтан оқылым әрекетін орындау кезінде оқырманның сөздер тобын жіктеліске түсіруі мен 
автордың синтагмалық жіктеліс арасында тепе-теңдік бола бермейді. 
- дем алыс тобы мен синтагма – әртүрлі құбылыстар, синтагманың дем алыс тобымен сәйкес келетін 
кезі де, сәйкестенбейтін жағдайы да бар [5,83]. 
Қарым-қатынастың басты құралы болып саналатын тілді оқытуда тілдің заңдылықтары мен қағидала-
рын оқытып қоймай, тіл бірліктерінің коммуникативтік қызметін танытып, сөйленім кезінде ғана көрініс 
беретін осындай ерекшеліктерін де меңгерту білім алушының дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптасты-
рып, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуына септігін тигізері анық.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1  Виноградов  В.В.  Синтаксические  взгляды  и  наблюдения  академика  В.В.  Щербы  /  Избранные  труды. 
Исследование по русской грамматике. - М.: Наука. 1975. – 516 б. 
2 Қазақ грамматикасы. - Астана, 2002. – 784 б. 
3 Золотова Г.А. Очерк функционального синтаксиса русского языка - М.: Наука. 1973. – 350 б. 
5 Момынова Б. Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар. – Алматы, - 2009. – 160 б. 
 
Резюме 
ОСОБЕННОСТИ СИНТАКСИЧЕСКОЙ СИНТАГМЫ 
Еркегалиева Г.А., 
Казахский национальный педагогический университет имен Абая 
В статье определяется когнитивная функция слова, коммуникативная роль предложения в речи и предложение 
рассмотривается  как  основная  единица  языка.  Основным  объектом  изучения  синтаксиса  считается  предложение, 
текст  и  главной  категорией  коммуникативного  функционирования  этих  синтаксических  единиц  определяется 
синтаксической синтагмой. Синтаксис рассматривается как единица речи, служащая для строения и донесения речи 
до слушателя и как группа слов связанная по смыслу, интонационно и по строению. 
Ключевые слова: синтагма, единица речи, речь, лингвистическая категория, коммуникативная функция 
 
Summary 
ESPECIALLY SINTACTIC SINTAGMA 
Yerkegaliyeva G.A, 
KazNPU named after Abai, Almaty city, Republic of Kazakhstan 
The article defines the cognitive function of speech, communicative role of sentens in speech. The main object of study is 
the syntax - sentence, the text and the main categories of the communicative function of these units is determined by syntactic 
syntactic syntagma. Syntax is viewed as a unit of speech that serves to structure reports and speech to the listener and as a 
group of words related to the meaning, intonation and structure. 
Key words: syntagma, speech unit, a speech, a linguistic category, communicative function 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
35 
ГРНТИ 16.21.07  
 
Қ.Есенова

 
1
Абай атындағы КазҰПУ ф.ғ.д., профессор 
 
АКАДЕМИК Р.СЫЗДЫҚОВА ЖӘНЕ ДИСКУРС МӘСЕЛЕСІ 
 
Түйіндеме 
Академик Р.Сыздықова өз зерттеулерінде тілдік тұлға мәселелерін дискурспен тығыз байланыста қарастырады. 
Көркем шығармаларға тілдік талдау барысында, әсіресе қайталамалардың оқырманға қаншалықты әсер ететіндігін 
мәтін  арқылы  анықтап,  оны  жазушының  прагматикалық  мақсатымен  сабақтастырады.  Сондай-ақ  прагматикалық 
функцияны бойына жинақтаған мәтін атауы да Р.Сыздықтың зерттеулерінде адресат сезіміне әсер ететін тілдік бірлік 
ретінде  қаралады.  Мақалада  функционалды  бағыттың  құрамдас  бөлігі-  прагмалингвистиканың  кейбір  мәселелері 
ғалым Р. Сыздықтың еңбектерінде кездесетіндігі сөз болады.  
Сонымен, зерттеушінің еңбектерінен прагмалингвистиканың кейбір мәселелерін көруге болады. Тіл бірліктерінің 
әсер етуші қызметін өз мақсатына сай жұмсап, тілдің мүмкіндігін ескеретін – субъект болғандықтан, тілдік тұлғаның 
көркемдік әлемін беруде ғалым Р.Сыздықова прагматиканың кейбір тұстарына интуитивті түрде өзінің көзқарасын 
беріп отырады. Енді-енді зерттеліп, қолға алына бастаған бұл бағыттың негізі – ғалым Р.Сыздықованың теориясында 
жатыр еді. 
Кілт сөздер: прагмалингвистика, дискурс, реципиент, адресант, адресат, тілдік бірлік, әдеби тіл, мәтін, тыңдар-
ман, оқырман, қатысым, интерпретация, прессуппозиция, парцеллят 
 
Прагмалингвистика – тілді қолданушы мен таңба арасындағы қатынасты зерттейтін ғылыми сала. Кез 
келген  қатысым  –  өзіндік  ұстанымы  мен  заңдылықтары  бар  күрделі  процесс.  Трансмиссор  таңбаны 
реципиентке  қандай  да  бір  ақпарат  беру  үшін  пайдаланады.  Прагматика  таңба  мен  хабар  беруші, 
қабылдаушы  арасындағы  арақатынасты  зерттегендіктен,  оның  сипаты  адресанттың  ішкі  мақсаты  және 
сөйлесім  жағдайымен  анықталады.  Мәтінді  қабылдауда  тілдік  бірліктердің  дұрыс,  жүйелі 
ұйымдастырылуы мен таңдалуы негіз болады.  
Г.Г. Матвеева: «Не только создание текста, но и его влияние на успешное восприятие в достаточной 
степени  зависят  от  того,  насколько  оптимально  осуществлен  выбор  языковых  средств.  Вопросами 
оптимального  выбора  языковых  средств  для  достижения  эффектного  воздействия  занимается 
прагмалингвистика. Знание и владение прагматикой текста является непременным условием успешной 
деятельности специалиста любой области знания», - деп аталмыш «ғылыми саланы» аспектісін көрсетеді 
[1,  7].  Прагматикада  бар  назар  адамға  немесе  субъектіге  бағытталады.  Тілдік  құбылыстарды  адресант, 
адресат сияқты прагматикалық параметрлер тұрғысынан қарастыру прагмалингвистиканың міндеттеріне 
жатады.  Бұл  тұрғыдан  анықтау  эмоцияның  тілдік  көрсеткіштері  мен  олардың  стильдік  мәнін  ашудағы 
қалыптасқан дәстүрлі түсініктерді жеке адамның субъективті позициясын немесе көзқарасын жеткізуші 
құралдар ретінде нақтылап талдауға жол ашады. Бұл пікірдің негізі В.В.Виноградовтың мына сөздерінде 
жатыр: «Ведь в литературном произведении, как в особой сфере творчества личности, и субъективно и 
объективно  языковые  формы  оказываются  осложненными  контекстами  литературы,  литературной 
школы, жанра, своеобразными приемами литературных композиций» [2, 17]. 
Ғалым  Р.Сыздықова  халықтың  рухани-эстетикалық  қажетін  өтеп  отырған  қазақтың  көркем  әдебиет 
тілін зерттеу арқылы әдеби тіл нормаларын сұрыптады, «сөз мәдениетін» көтерді. Сол арқылы жазушы 
тіліндегі  көркемдік-әсемдік  қасиетті  танытты.  Ал  оның  қыр-сырын  анықтау  барысында  ғалым  прагма-
лингвистиканың кейбір мәселелеріне де назар аударады. Әрине, оны арнайы термин ретінде ұсынбағаны-
мен, прагматикаға қатысты кейбір ойларын беріп отырады. Тілдік тұлға тіл бірліктерін таңдағанда міндет-
ті  түрде  өзінің  тыңдармандарының,  оқырмандарының  ерекшеліктерін  ескереді.  Р.Сыздықова  жазушы 
тілін  сөз  еткенде  прагматикалық  мақсатқа  жету  үшін  қолданылатын  тілдік  құралдарды  мәтін  түзуші  – 
мәтін – мәтін қабылдаушы үштігі тұрғысынан қарастыруды назардан тыс қалдырмайды. Ендеше, ғалым 
дискурс  проблемасына  да  ерекше  мән  береді.  Жазушы  тілінің  суреттеу  шеберлігі,  көркемдік  әдістері 
мәтін арқылы ашылып, эмоциялық бояуы айқындалады. Тілдік таңбалар реципиенттердің қызығушылы-
ғын оятып, оның реакциясын туғызу үшін қолданылады. Яғни, көркем мәтінде жазушы оқиғаны суреттеу 
арқылы белгілі бір түрде аудиторияны қабылдауға талпындыратын құралдардың әсер ететін мүмкіндігін 
де ескеріп отырады. Өйткені  мәтін барысында бір субъектінің әртүрлі модальдік реакциялары беріледі. 
Ол реципиенттің мүмкін болатын модальдік реакцияларымен салыстырылып отырады. Басқаша айтсақ, 
жазушы  өз  көзқарасын,  пікірін  бере  отырып,  іштей  өз  оқырманының  да  пікірі  мен  көзқарасын  есепке 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
36 
алады.  Яғни,  олардың  арасында  мәтін  бойынша  бір  жақты  сипаттағы  сұхбат  жүріп  отырады.  Жазушы 
көркем  туындылары  арқылы  өзінің  идеясын,  көзқарасын  білдіреді.  Ал  ол  идеясын  қабылдаушының 
қажетіне жарайтындай, оқырманның түсініп, сүйсініп оқитындай тілдік бірліктермен береді. Сол арқылы 
адресант пен адресаттың арасында ерекше қатынас орнап, қатысым (коммуникация) жүзеге асады. Хабар 
оны беруші мен қабылдаушы арасында жүзеге асатындықтан, коммуникаторлар қызметі трансмиссивті 
және рецептивті болып түсіну әрекетін құрайды. Тілдің прагматикалық аспектісі сөйлеуші не тыңдаушы-
ның айтылған, естіген нәрсені түсіну, ұғынумен де байланысты. Интерпретация, түсіну ұғымдары тілдік 
таңбаның  қолдануымен,  яғни  оның  прагматикалық  аспектісімен  байланысты  дискурс,  прессуппозиция, 
жасырын мән, астарлама сияқты жаңа мәселелердің шешілуіне әкеледі [3, 13]. 
Р.Сыздықова  прагматика  терминін  қолданбағанымен,  тілдік  тұлғаны  көрсетуде  оны  мәтін  түзіммен, 
мәтін қабылдаушылармен сабақтастырады. Айталық, «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» деген 
еңбегінде ақынның өз оқырмандарының қабылдау ыңғайына қарап тіл бірліктерін таңдағандығын айтады. 
Ғалымның «Абайды» «Сұлу аттың көркі – жал» деген 8 жолдық кішкене өлеңі белгілі. Мұндағы объект – 
Көжекбай  деген  көршісінің  Рақымшал  деген  тентек  баласы.  Ақын  тыңдаушы  (оқушы)  назарын  осы 
объектісіне тікелей аудару үшін ұйқасқа Рақымшал деген сөздің өзін алады да, оған жал, мал, бал, бар, ал 
(алдындағы сөздермен қоса) сөздерін ұйқастырады... Егер өлең тақырыбы әр алуан ішкі толғаныс болса, 
ақын  оқушы  назарын  қимыл-қозғалысқа  емес,  өзге  объектілерге  аудартады.  Сондықтан  да  Абайдың 
лирикалық, философиялық тақырыптағы өлеңдерінде етістік ұйқастар кемде-кем» [4, 150] деп сөз етеді. 
Өйткені көркем туындының негізгі мақсаты – реципиенттерге әсер ету, ықпал жасау. Сондықтан мақсат-
тық  (функционалдық)  стильдің  бұл  түрінде  жазушы  оқырман  мүддесі  мен  қызығушылығын  ескеріп 
отырады.  Оның  контекстегі  көрінісі  тілдік  бірліктер  арқылы  жүзеге  асады.  Ғалым  Р.Сыздықова  ықпал 
етуші осындай тілдік бірліктерді дискурспен байланыста зерттегендігін көреміз. Тыңдаушының қабылдау 
мүмкіндігін ескере отырып, мәтін түзуші өзінің ойлары мен сезімдерін, тиімді әдістерді таңдай отырып, 
қатысым  жасау  арқылы  әсер  ету  сияқты  прагматикалық  мақсат  көздейді.  Зерттеушінің  жазушы  тілінде 
кездесетін  қайталамалардың  оқырманға  қаншалықты  әсер  ететіндігін  мәтін  арқылы  анықтап,  оны 
жазушының  осындай  прагматикалық  мақсатымен  сабақтастырады.  Коммуниканттардың  іс-әрекетіне 
ықпал  ететін  құрал  ретіндегі  тілдік  бірліктер  прагмалингвистикада  қарастырылады.  Көркем  мәтіндегі 
прагматикалық аспектіні күшейтудің тілдік құралдары ретінде белсенді қызмет атқаратын мәтін элемент-
тері  –  қайталамалар  екені  белгілі.  Ғалым  Р.Сыздықова  «Сөз  құдіреті»  еңбегінде  М.Әуезов  шығармала-
рындағы қайталамалардың: «Әрине, бұл амал өте сирек ұшырасады, ол кез келген сәтте жұмсала бермей-
ді, бұған оқиғаның немесе шығармада суреттелетін жеке бір ситуацияны» оқырман сезіміне қатты әсер 
ететін, сол оқиғаны» бір бояуына (тонына) жазушы ерекше екпін түсіре кеткісі келген мақсаты себепкер 
болады. Мұндайда көбінесе ақ, қара, сары, көк, сұр сияқты түс атауларына немесе кейбір сын есімдерге, 
кейде  үстеулерге  стильдік  жүк  артылады»  [5,  27]  деп  адресанттың  әсер  ету,  ықпал  жасау  мақсатынан 
туындаған тілдік құралдар екендігін айтады. Ал ол ой прагмалингвистикаға қатысты «прагматика адам-
ның нақты жағдайда қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын қарастырады» [6, 11] деген пікірді толықтырады. 
Жоғарыда көрсетілген тіл бірліктері (қайталамалар) «прагматикалық салмаққа» ие болып, прагмалинг-
вистиканың да еншісіне тиеді. Себебі, көркем шығарма – тікелей оқырманға бағытталған қатысымның бір 
түрі болғандықтан, ол тілдің прагматикалық аспектісімен тығыз байланысты. Бұндай бағыттың негізінде 
тілдің коммуникативті қызметі мен онымен байланысты прагматикалық аспектісі туралы жалпы ғылыми 
түсінік жатыр. Көркем шығармадағы қайталаулар мәтінтүзімдік, байланыстырушылық, сипаттаушылық, 
композициялық-бейнелік  және  пікірлесімді  қалыптастырушылық  сияқты  қызмет  атқарады.  К.А.Рогова 
сөздің  қайталануы  ойды  байланыстырушы-композициялық  құрылымдық  қызметте  жұмсалатындығын 
айта келіп, оны былай деп түсіндіреді: «Известно, что текст, представляя собой коммуникативное целое 
характеризуется смысловой связностью и законченностью. Среди внешних форм выражения внутренней 
связности лексический повтор занимает одно из ведущих мест. С его помощью отмечаются смысловые 
взаимоотношения между высказываниями как единицами текста» [7, 128]. 
Ғалым  Р.Сыздықова  қарастырған  қайталамалардың  көркем  мәтіндерде  ықпал,  әсер  етудің 
стратегиялық прагматикалық межесін айқындайтын тілдік құралдар екендігін байқаймыз. 
Мәтін тақырыпты белгілі дәрежеде лингвопрагматикалық тұрғыдан ақпаратты жеткізу, оқырмандар-
дың назарын аудару, мәтінді ұйымдастыру сияқты қызмет атқарады. Сол тақырып аты арқылы да мәтін-
дегі  суреттелетін  оқиға  желісін  аңғару  қиын  емес.  Өйткені  мәтін  атауы  мәтіннің  бүкіл  мазмұнын  өзіне 
жинақтап, прагматикалық функцияға ие бола алады. Сонымен қатар адресанттың адресатты өзіне тартып, 
коммуникативтік актіге тарту сияқты адресанттың қатысым мақсаты айқындалады. Осындай прагматика-
лық функцияны бойына жинақтаған мәтін атауы да Р.Сыздықованың зерттеулерінде тыңдаушы (оқушы) 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
37 
сезіміне  әсер  ететін  тілдік  бірлік  ретінде  қаралады.  Зерттеуші:  «...  Жазушы  бұл  тәсілді  «Қаралы  сұлу» 
повесінде де пайдаланған. Шығарманың атының өзі қара түбірлі сөзбен келген, тіпті бас кейіпкердің есімі 
Қарагөзде  де  қара  сөзі  бар.  Осы  түс  атауы  және  онымен  түбірлес  қараңғы,  қараңғылық  сөздері 
шығарманың өн бойында әр алуан затты, сәтті суреттеп қайталап келіп отырады», - деп қорытады [5, 26]. 
Адресант өзінің прагматикалық мақсатына жету үшін әртүрлі коммуникативті тактикалар қолданады. 
Сол  тактикалар  жазушы  тілінде  кездесетін  көріктеу  құралдары  арқылы  көрініс  табады.  Міне,  осындай 
көріктеу құралдарының реципиенттерге қаншалықты әсер, ықпал ететінін ғалым Р.Сыздықова зерттеуле-
рінде өте дәлелді түрде тұжырымдалады. Айталық оның «М.Әуезовтің оқырманды өзіне еріксіз тартатын, 
бас алмай оқып шығуға бой алдыратын, қазақтың көркем сөзінің құдіретін көрсететін әсем де әсерлі тілі 
бірден көрінді дей аламыз... «Сыбанның моласындағы» кезінде өз ортасының «айдынды қолбасы, батыры 
болған  (Жортар)  ақсақалдың  әңгімесі  монолог  түрінде  жазылған,  мұнда  басынан  өткізген  оқиғаларды 
өткен  шақ  етістіктермен,  қысқа-қысқа  сөйлемдермен  келтіріп,  тыңдаушыны  қызықтырып  әңгімелейтін 
стиль  жақсы  берілген...  Соңғы  екі  парцеллят  осы  сөздер  беріп  тұрған  іс-қимылға  оқырман  назарын 
аударып,  ой  екпінін  түсіреді...  Бұл  жердегі  парцеллятты  бірыңғай  мүшенің  біреуі  деуге  де  болмас, 
шындығында мақтанушы еді деген парцеллят – күшті стильдік құрал болып тұр: жазушы бұл баяндау-
ышты оқшаулау арқылы Ғайша қыз портретінің бір қырын көрсетіп, оның бояуын қалыңдатып тұр. Сол 
арқылы  Ғайшаның  бұл  қылығына  оқырман  назарын  аударады  [5,  33-46]  деген  анықтамаларындағы 
стильдік құралдарды тілдесуші екі жақтың хабарды жеткізуші мен түсіну әрекетіндегі коммуникативтік 
бірліктерге  жатқызамыз.  Прагмалингвистика  тіл  бірліктерінің  әсер  етуші  әртүрлі  мақсатта  жұмсалу 
мүмкіндігін, шегін анықтауға ұмтылады. Бұл жерде жекелеген бірліктермен қатар, стильдік қолданыстар-
дың  прагматикалық  мәнін  де  айтып  кету  керек.  Стильдік  қолданыс  түрлерін  прагматикалық  мақсатта 
жұмсалуларына  қарай  топтастырып  қарастыруға  болады.  Жекелеген  сөйлем  түрлерінің  прагматикалық 
аспектісінің, лексикалық бірліктердің прагматикалық аспектісінің алғашқы нышандарының көрініс тапқа-
нын ғалымның талдауларынан байқау қиын емес. Сонымен қатар жоғарыдағы мысалдарды «Синтаксис – 
көркем  текстің  «жанды»  көрсеткіші.  Автор,  әсіресе  өз  баяндауында  сөйлемдерді  қалайша  құрды,  текст 
бөліктерін  қайтіп  бір-біріне  ұластырды,  сөйлем  мүшелерін  бір-біріне  қалайша  қатыстырды,  қыстырма 
(түсініктеме,  айқындама)  элементтерді  текске  қалайша  санамалап  енгізді  деген  сияқты  қалай,  қандай, 
қайтіп»  -  терді  айқындасақ,  жазушының  алғашқы  «сөз  құрастыру»  шеберлігін  танимыз...  Кейіпкер  – 
сынбаған  ажар,  қажымаған  қайрат,  кең  салқын  ерлік  иесі  болып  келген  бұрыңғы-соңғы  қазақ  әйелінің 
жиынтық  образы.  Сондықтан  оның  сөзі  жүйелі,  әсерлі,  бейнелі  етіп  берілген.  Бұл  –  жазушының  қас 
шеберлігі... Шығарманың «көркем» деген анықтауышының өзі айтып тұрғандай, ол әсем, әсерлі болған 
күнде ғана көркем әдебиет әлеміне кіреді. Бұл жердегі көркем сөзі тек «сұлулық, әдемілік» деген ұғымды 
ғана емес, біздіңше, ең алдымен «әсерлілік» деген ұғымды беруге тиіс. Өйткені адам (оқырман) сезіміне 
тек  жағымды  (әдемі,  әсем)  нәрселер  емес,  жағымсыз  нәрселер  де  әсер  етеді,  ғылым  тілімен  айтсақ, 
жазушы сөздердің жағымды-жағымсыз экспрессиясын пайдаланып, олардың эмоциялық күшін танытады. 
Осы реттен келгенде, көркем проза тілінде де қалам иесі теңеу, эпитет, метафора, әсерлеу сияқты көрік-
теуіш  құралдарды  жұмсайды,  мақал-мәтел,  бейнелі  фразеологизмдер  де  шығарма  тілін  әрлендіретін 
материалдар  қатарына  кіреді...  «Қыр  әңгімелері»  деп  ұсынған  екі  шығармасының  екеуі  де  «Сыбанның 
моласында»,  «Текшенің  бауырында»  кейіпкерлер  атынан  әңгімеленген  оқиға  түрінде  берілген.  Бұл  екі 
туынды  да  ауызша  әңгіме  жанрын  өте  жақсы  танытады...»  деген  үзіндімен  байланыстырар  болсақ, 
Р.Сыздықованы  жазушы  тілінің  құдіреттілігін  беруде  оны  мәтінмен  және  сол  мәтінді  қабылдайтын 
адресаттармен ұштастыра зерттеген ғалым ретінде түсінеміз. 
Мәтін мен дискурсты прагматиқалық табиғаты жағынан зерделесек, дискурс - ашық коммуникативтiк 
жүйe.  Олай  дeйтiнімiз  де  занды,  өйткeнi  дискурста  пресуппозиция,  интенция,  коммуниканттардың 
әpтүpлi стратегиясы мен тактикасы және т.б. сан алуан айтылым epeкшeлiктepi прагматикалық мақсатқа 
сай құрыла отырып, стилистикалык амал-тәсiлдep, вербальды және вербальды емес сигналдарды дiттeгeн 
мақсатқа  жету  үшiн  пайдаланылады.  Сондықтан  да  дискурс  -  күрдeлi  коммуникативтiк-пpагматикалық 
тілдік  акт.  Ал  мәтiн  -  жабық  коммуникативтiк  жүйe,  сондықтан  мәтiндe  мұндай  мүмкiндiк  шeктeулi 
болады. Алайда мәтіннің прагматикасы жоқ деп түсiну - қате ой, өйткені мәтінде автор бейнесі сан алуан 
стилистикалық амалдармен жан-жақты беріледі соған қарамастан, мәтіннің оқырманға әсер ету амалдары 
әлжуаз болады, өз кeзeгiндe дискурс тындаушыға әсер ету үшiн кез келген уақытта қосымша аргумент 
қолдана алады және адамдық интерактілік ой бөле алу мүмкiндiктepiмeн epeкшeлeнeдi.[8,41]. 
Сонымен,  зерттеушінің  еңбектерінен  прагмалингвистиканың  кейбір  мәселелерін  көруге  болады.  Тіл 
бірліктерінің  әсер  етуші  қызметін  өз  мақсатына  сай  жұмсап,  тілдің  мүмкіндігін  ескеретін  –  субъект 
болғандықтан,  тілдік  тұлғаның  көркемдік  әлемін  беруде  ғалым  Р.Сыздықова  прагматиканың  кейбір 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
38 
тұстарына интуитивті түрде өзінің көзқарасын беріп отырады. Енді-енді зерттеліп, қолға алына бастаған 
бұл бағыттың негізі – ғалым Р.Сыздықованың теориясында жатыр еді. 
 
Әдебиеттер: 
1 Матвеева Г.Г. Актуализация прагматического аспекта научного текста. Изд. Ростовского ун-та, 1984. - 
132 с. 
2 Виноградов В.В. О художественной прозе // Изб. труды о языке художественной прозы. - М., 1980. - 360 с. 
3 Ерназарова Р. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі. - А., 2001. – 49 б. 
4 Сыздықова Р.С. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. - А., 1970– 179 б. 
5 Сыздықова Р.С. «Сөз құдіреті» - А., 1997. – 224 б. 
6 Гак В.Г. Прагматика узуса и грамматика речи // Иностранные языки в школе, 1982. - №5, - 11-17 с. 
7  Рогова  К.А.  О  лексическом  повторе  в  публицистической  речи  //  Проблемы  функционирования  языка  в  его 
разновидностях. - Пермь, 1981. - 128-135 с. 
8 Кенжеқанова Қ., Момынова Б. Мәтін және дискурс ерекшеліктері // Вестник. КазНУ. Сер. о «лингвистики» 
2015, №1(51) - С. 259. 
 
Резюме 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал