Т. С. Тебегенов филололоия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.41 Mb.

бет5/34
Дата02.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

тарапынан рухани ұғымдар түсіндірмесі берілуі қажет» деген ұсыныс айтқан болатын. Осы ұсыныс-
тың өзектілігі артып, кезек күттірмейтін дәрежеге жетті деп білеміз. Сонымен қатар бұл үрдіске рухани 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
24 
ұғымдардың  дүниетанымдық  қырларын  тереңірек  таныту  мақсатында  дінтанушылар  қауымы  да 
белсене атсалысуы қажет. Алғашқы кезекте иман, ислам, ихсан секілді тіректік ұғымдардан бастап, құт, 
кие, қасиет, әулие, әруақ, пір, керемет, зиярат, ғұрып, дәстүр, дәуір айналдыру, ысқат, підия т.б. секілді 
ұлт  дүниетанымында  маңызды  орын  алатын  рухани  ұғымдардың  мән-мазмұны  мен  қолданыс  аясын 
кеңінен айқындау қажет. 
Ислам  дініндегі  Құран,  хадис  сияқты  қасиетті  мәтіндер  классикалық  араб  тілінде.  Мұнымен  қатар 
ислам ережелері мен қағидаларын түсіндіретін негізгі әдебиеттің бәрі араб тілінен аударылған дүниелер 
болып табылады.  
Қазақ тіліндегі Алла, құдай, ислам, Құран, тәпсір, мұсылман, қажы, мешіт, парыз, ораза, намаз, молда, 
мүфти, уәжіп, пітір, садақа, айт, дін, підия, пәтуа, сүре, аят, күрсі, арам, кафір, иман, мәкру, дәрет, ахирет, 
пайғамбар, міскін, кәлам шариф, тәубе, шүбә, пайда, қылық, есеп, жауап, бап секілді толып жатқан кірме 
сөздер дін арқылы келген бірліктер болып саналады [4;55]. 
Шәкәрімнің  қазақ  рухани  өміріндегі  жаңаша  болмысы  оның  дінге  көзқарасынан  айқын  танылады. 
Өмір  сүрген  қоғамындағы:  таным,  наным,  түсінік  ұғымдары  да  шектеулі  шеңберде.  Алайда  ақын  бас 
ұрған ақиқат, ождан, шын иман, - «адаспайтын айқын жол» - адамдық, кісілікте жатыр. Бұл күнде дұрыс 
иман жоқ, Шатақ дін нәпсі тиған жоқ, Ақылы саудың ойына Алдамшы діндер сыйған жоқ... 
Шәкәрімнің  «Үш  анық»  атты  еңбегінде  де  «жан»,  «рух»  турасында  айтқан  дәлелді  ойлары  кімді  де 
болса ойландырмай қоймайды. Сонымен қатар, «Мұсылманшылық шарттары» деген туындысында ақын 
исламның негізгі қағидаларын егжей – тегжей түсіндіріп өзінің ойын жан- жақты дәлелдеуге тырысқан. 
Онда тек Ислам дінінің негізідерін талдап қана қоймай, қалың оқырманға ой саларлық мардымды пікірін 
де білдірген.  
Ілияс Жансүгіровтің «Жолдастар» романында діни тілддік бірліктер көптеп кездеседі. Романдағы діни 
сөздерді тақырыптық жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.  
Ең бірінші топқа дінге байланысты негізгі ұғым атаулары (дінді уағыздаушы, халыққа жеткізушілердің 
аттары) жатады. Аталған топқа дін, Құран, діншіл, Інжіл, иман, имнады, имандылық, молда, Алла, Құдай, 
Жaр, ие, пайғамбар, әулие, сопы, мұсылман, т.б. сөздерін жатқызамыз. 
Діни  лексикаларға  лингвистикалық  зерттеулер  қатарында  Р.Сыздықова,  Б.Әбілқасымов  еңбектерін 
ерекше  атап  өтуге  болады.  Белгілі  бір  тілдегі  діни  терминдер  сол  тілдегі  дінге  қатысты  арнаулы 
әдебиеттің пайда болуымен тығыз байланысты. [5;89]  
Ғалым Ы.Алтынсарин қолданысындағы араб, парсы сөздерінің мол екенін айта отырып, оның уәжін: 
«Дін  туралы  әңгіме  оның  негізгі  терминдерін  сақтай  отырып  айтылуға  тиіс,  олай  болмаса  жұртқа 
нанымсыз  болып  кетер  еді.  Б.Әбілқасымов  Ы.Алтынсарин  қолданысындағы  осы  араб,  парсы  сөздерін 
үшке бөліп қарастырады: 
-  бірінші  топқа  намаз,  руза,  кафір,  иман,  мәкру,  дәрет,  аят,  уәжіб,  фарыз,  ахирет,  садақа,  фітір, 
пайғамбар, міскін, кәлам шариф сияқты қарапайым халыққа түсінікті сөздерді жатқызса,  
-  екінші  топқа  халықтың  көпшілігіне  аса  көп  таныс  емес,  бірақ  діннің  кейбір  қағидаларын  түсіндіру 
үшін қажет болған нақли, ғақли, мәсиғ, мәддат т.б.сөздерді жатқызады,  
-  үшінші  топты  күнбе-күнгі  өмірде  жиі  қолданылып  жүрген  шүбә,  пайда,  қылық,  арам,  есеп,  жауап, 
бап сияқтыі сөздерді шубаһ, файда, хылық, халал, харам, хисаб, жуаб, баб тәрізді жазба тілдегі нормаға 
сай, араб тіліндегі тұлғасын сақтай таңбаланған сөздерді жатқызады.  
Ясауидің  «Диуани  хикметінің»  тілі,  оның  генетикалық  қабаттары  туралы  іргелі  еңбектің  авторы 
академик Р.Сыздықова болып табылады. 
Ғалым  хикметтер  лексикасының  жартысына  жуығын  (44,8%)  араб  және  парсы  сөздері  құрайтынын 
анықтайды. Негізгі тақырып ислам болғаннан кейін, осы діннің бірден-бір құралы Құранның тілі – араб 
тілі белгілі рөл атқарған. Осы діни лексиканың ішінде аят, хадис, ахирәт, дұға, зікір, махшар секілді діни 
терминдермен  бірге,  шариғат,  мағрифат,  тариқат,  хақиқат  түріндегі  сопылық  ілімнің  белгілі  бір 
кезеңдерін  атайтын  терминдік  мәндегі  бірліктер  жүздеп  саналады.  Олар  тек  сан  жағынан  ғана  емес, 
қолдану жиілігі жағынан да көзге түседі. 
Қазіргі  қазақ  тіліндегі  адамның  рухани  әлеміне  қатысты  қанағат,  рақым,  сабыр,  мейірім,  адалдық, 
арам, кемелдік, адал, әділет, әділ сияқты толып жатқан дерексіз ұғым атаулары араб, парсы сөздері екені 
айтылып  жүргені  мәлім.  Мұның  себебі,  Р.Сыздықованың  пікірінше,  мынада  жатыр:  «Біздің 
байқауымызша, рухани күштің бірегейі діннің, ислам дінінің, сол дінге қызмет еткен оқу-ағарту ісі, жазба 
дүниелер сияқты құралдардың рөлі айрықша болған. 
Абай діндегі махаббат, һауас сәлим, жәліб мәнфагат дәфғы мұзарратлар, иман иғтиқат, хақиқат жолы, 
хийанат секілді толып жатқан арабша ұғымдарды түсіндіруге тырысады. Абайдың 1993 жылы басылып 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
25 
шыққан 38-қара сөзіне берілген түсініктеме саны 188, яғни Абайдың қара сөздерін баспаға дайындағандар 
188  сөз  бен  сөз  тіркесін  түсіндіріп  берген.  Мұнда  һауас  сәлим  «жақсы  сипат»,  жәліб  манфағат  «табыс, 
кіріс, пайда, қайрымды іс», кәмелат «сенім, наным», фиғыл ғазиз «ұлы сипат», мүслім «мұсылман адам», 
тәслим «берілу», хаят, басар, сәмиғ, ирада т.с.с. толып жатқан діни терминдерді Абай қолдана отырып, 
оны қазақшалап түсіндіруді мақсат еткен.  
Егер Ыбырай Алтынсарин «Шариату-л-ислам» атты еңбегін дінтану сабағына арналған оқу құралына 
деген қажеттілікті өтеу үшін жазған. 
Дінге қатысты терминдер қазақ тіліне қашан енді деген мәселеге келетін болсақ, бұл сұраққа жауапты 
Р.Сыздық зерттеулерінен табамыз. Ғалымның айтуынша, ХVIII ғасыр мен ХІХ ғасырдың І жартысында, 
орта тұсында жасаған қазақ ақын-жырауларының тілінен және ауыз әдебиеті үлгілерінен дінге қатысты 
бірқатар араб сөздерін табамыз [6;45]. 
Мысалы, Бұқар жырауда: пұсырман, қыдыр, арсы-күрсі, қыбла, сәлде, ахрет, алла, молда, иман, мешіт, 
кебе, намаз, фәни; тақырыбы діннен мүлде қашық жауынгер ақын Махамбетте фәни, құрбан, садаға, алла, 
ақы, Шернияз ақында молда, дұға, аруақ, құрбан т.б. сөздер кездеседі. Ислам дініне қатысты аят, күпірлік, 
ахирет, пәни, құбыла, тағзым, иман, хазірет бейіс, бенде, иман, аян, әруақ, тәубе, пәни, алла, молда, сопы 
секілді араб-парсы сөздер Абайға дейінгі жалпыхалықтық тілде болған, Абай оларды халық тілінен алып 
қолданған. Сол секілді ар, аброй, мейір, парыз, нәпсі, қаһар, қиял, құдырет, дәурен секілді абстракт ұғым 
атауларын да Абайдан бұрын қалыптасқан шығыс сөздері екен [7;56]. 
«Яассауи хикметтеріндегі сопылық терминдер» деген мақаласында А.Ахметбекова зікір, тәуба, талиб, 
шауқ,  тәжәлла  терминдеріне  тоқталып,  соларды  араб  тіліндегі  деректерге  сүйене  отырып  түсіндіреді. 
Солардың бірі : Тәуекел, Қиямет, Ажал, Муғжиза, Тәуба, Ризық, Ақырет, Тағдыр –  
Халыққа түсіндіру мақсатын көздейтін еңбектердің  бірі Қ.Жолдыбайұлының  авторлығымен шыққан 
«Ақиқат  шуағы»  атты  еңбек.  Автор  кітапта  тағдыр  концептісін  жан-жақты  қарастырып,  қазақ  тілі 
байлығын  пайдалана  отырып,  оқырмандарға  түсінікті  болу  жағын  да  көздеген.  Кітап  көпшілікке 
исламның негізгі ұғымдарын түсіндіруге бағытталған оқу құралын көбірек ұқсайды.  
Алла  Тағала,  ақырет,  ақырет  әлемі,  иман,  тәрбие,  рух,  қиямет  күні,  тағдыр,  тәуекел,  ризық,  ажал 
секілді жалпыхалықтық тілде бұрыннан бар араб сөздерінің діни терминдік мағынасын ашуға ұмтылады. 
- бір іске жалтақтамай, бекем кіріскендік, белді бекем буғандық.  
Діни  тілдік  бірліктердің  енді  бірқатары  қазіргі  қазақ  тіліне  жаңадан  енгендігімен  ерекшеленеді. 
Ғиддат, тәруия күні, шаут, хадасат, тәшәһһүд, муғжиза т.с.с.  
Діни тілдік бірліктерді жалпыхалықтық тілге қатысына қарай да екіге бөліп қарауға болады.  
1-
 
топты  тілімізде  бұрыннан  бар,  жалпы  халыққа  түсінікті,  ертеректе  кіріп,  тілге  сіңісті  болып 
үлгергендері құрайды. Мысалы, дін, мұсылман, ислам, құран, пейіш, намаз, ораза, намаз, мешіт, қанағат, 
зекет, берекет, михнет, зейнет, қиянат, тәубе, дәрет, сәжде секілді атаулар құрайды.  
2-тобын тілдік қорымыздан орын алмаған, ертеректе тілімізде болса да, пассив лексикада болып, қайта 
жанданған бірліктер құрайды. Оған муғжиза, ракағат, такбир, ғаурат, лауху-л- махфуз, расул, куфр Абыз, 
Азаб әл Кәбир, Азан, Азап, Аза тұту, Айқаат, Ақырет, Арбау, Ахун, Аһл ас-Сунна, Аһл ас-Суффа, Аһл әл-
Китаб, Әзәзіл, (Ібіліс), Әзірейіл,  Әулие, Бабшылдар, Бахши, бағши, Будда, Байа, Барака, Ғайып,  Ғайып 
ерен, Ғақылия, Ғибадат, ибадат, Ғибадатхана, Ғұсыл Ғұмыр, Үшір, Дәруіш, Дәріс, Дозақ, Дем, Дұға оқу, 
Жазмыш,  Жаназа,  Жәннат,  жаннат,  Жиһад,  жихад,  т.б.  толып  жатқан  терминдердерді  жатқызар  едік. 
[8;78] 
Діни  дискурсты  зерттеу  барысында  ғалымдар  (Гадомский  2008,  Кончаревич  2004)  қалыптасқан 
әртүрлі  көзқарастар  әлеуметтік  маңызы  зор  дін  аясында  адамның  сөйлеу  әрекетін  тіл  шеңберінде 
зерделейтін теолингвистика атты жаңа кешенді ғылыми пән құру идеясы ұсынылды [10;205]. 
А.А. Алдашева «Аударматану: лингвистикалық және лигвомәдени мәселелер» атты монографиясында 
діні теологиялық атауларды баламасыз лексика қатарына жатқыза отырып, былай деп жазады: «Ұлттық-
мәдени  ерекшеліктерді  білдіретін  реалийлердің  тағы  бір  тобы  –  діни  теологялық  атаулар.  Діни  наным-
сенімнің,  діни  салттың  ұқсастығына  қарай  мағыналық  көлемінде  жуықтық  болатын  діни  атаулар,  діни 
шен, санат аталымдар кездеседі; мысалы, орыс тіліндегі пост – «предписываемое церковными правилами 
воздержание  от  скромной  пищи,  а  также  период  такого  воздержания»,  қазақ  қауымдастығындағы  діни 
салт-дәстүрдің бірі ораза – «отыз күн бойы күн шыққаннан күн батқанға дейін ас-су ішуге болмайтын, 
діни бес парыздың бірі», дегендерді білдіреді; екі тілдегі діни терминді ортақтастыратын жағдай диффе-
ренциалды  семалардың  бірінің  (воздержание  от  скромной  пищи  –  ас-су  ішуге  болмайтын)  мағыналық 
жуықтығы.  
Сондай-ақ  діни  шен,  санат  атаулары  да  екі  халықтың  мәдениетінде  бар  (пірәдар,қазірет,муфти–

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
26 
поп,священник,дьякон); алайда олардың мағыналық-ұғымдық көлемінде айырмашылықтар бар, сонымен 
қатар әр тілдегі санат, шен атауларының ұлттық-мәдени белгісі өте айқын.  
Қазақ халқының діни салттарды ұстану дағдысынан тұрақталған бата беру, жеті нан пісіру және оны 
тарату,  топырақ  салу  фразалар  басқа  тілдерде  кездеспейді;  бұлар  ұлттық  мәдениетке  негізделген 
түсінік, ұғымның күрделі тұрақты атаулары.  
Қорыта айтқанда, қазіргі антропоцентристік лингвистиканың көкейтесті мәселерінің біреуі – ол тілдің 
функционалды жүйесінде діни стильдің қалыптасуы және діни теологиялық терминдердің басқа тілдерге 
аудару мәселелері. Қазіргі уақытта қоғамдағы діннің рөлінің артуына, адамның дінді тану арқылы өзін-өзі 
тануына үлкен мән беруіне байланысты философия ғылымының шеңберінен дінтану деп аталатын дербес 
пән бөлініп шығып, жеке ғылым болуға ұмтылып отыр [9;126]. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1
 
Дін  саласындағы  өзекті  мәселелер  бойынша  20  сұрақ-жауап.  8-шығарылым:  Діни-рухани  ұғымдар  /  Құраст. 
А.Әбдірәсілқызы,  М.Исахан,  М.Муслимов  және  басқалары.  –  Астана:  Дін  мәселелері  жөніндегі  ғылыми-зерттеу 
және талдау орталығы, 2016. – 62 б. 
2
 
http://mazhab.kz/kk/maqalalar/din-men-dastur/biz-din-men-dasturdi-danalyqpen-uilestire-bilgen-halyqpyz-1189/ 
Н.Исенов, 2016. 
3
 
«Құран -Кәрім» кітабы. 
4
 
Қазіргі  дәстүрлі  рухани  құндылықтар  және  ішкі  тұрақтылық  мәселелері  (Айнур  Әбдірасілқызы),  e-islam.kz, 
мақалалар жинағы, 2015. - 28 бет. 
5
 
Сыздықова Р. Ясауи «Хикметтерінің» тілі. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2004. – 552 б. 
6
 
Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. - Алматы: Арыс, 2004. - 208 б. 
7
 
Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. - Алматы: Арыс, 2004. - 616 б. 
8
 
Сыздықова Р. Тілдегі жаңалықтардың сыры неде // Ана тілі, 1991. №50. 
9
 
Алдашева А.А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 1998. – 215 б. 
10
 
Мечковская Н.Б. Язык и религия: Пособие для студентов гуман. вузов. – М.: Агенство «ФАИР», 1998. – 352 с. 
11
 
Ермекова Т.Н., Әбидін Қ.Ө,Әділбекова Л.М., Фразелогизмдер- этнолингвистика мен лингвомәдениеттанудың 
басты зерттеу нысаны. // Вестник. КазНУ. Сер.о «лингвистики» 2015, № 2.( 52) - С. 111. 
 
Резюме 
ХАРАКТЕР ЯЗЫКОВЫХ ЕДИНИЦ СУЩЕСТВУЮЩИХ РЕЛИГИОЗНЫЕ 
Бекенова А.Т.

1
Казахский Национальный Педагогический Университет имени Абая 
В статье рассматривается религиозный характер существующих языковых единиц. А так же, хочу поделиться с 
информацией  об  использовании  религиозных  языковые  единиц  в  своих  произведении  казахской  интеллигенции  и 
казахские поэты, как Ходжа Ахмед Ясави, Абая, Шакарима, Ильяс, Ыбырая и.т.д. Религия - форма общественного 
сознания, думаю,что, религиозные единицы языка нашел действующего характера в связи с изменениями происхо-
дящими  в  современном  обществе.  Большинство  религиозной  языковые  единицы  исламской  религии,  вошли  из 
арабского  и  персидского  языка.  Влияние  состояние  религиозной  ситуации  в  современном  обществе  способствует 
появлению новых религиозных языковые единицы. Религия и традиция неразделимые концепции. Благодаря соблю-
дению традиции в течение семидесяти лет, мы не забыли, что мы являемся мусульманами. На основе взаимосвязь с 
обеих религии и традиции появившийся религиозные языковые единицы применяются в современном обществе.  
Ключевые  слова:  ваххабизм,  секуляризм,  религиозный  радикализм,  религиозный  экстремизм,  религиозный 
терроризм,  джихад,  харам,  халал,  вожделение,  гуманность,  мусульман,  религиозность,  шариат,  Коран,  традиции, 
молитва и т.д. 
Summary 
THE CHARACTER OF LINGUISTIC UNITS OF EXISTING RELIGIOUS 
Bekenova A.T.

1
Abay Kazakh National Pedagogical University 
The article deals with the character of the linguistic units of existing religious. And also, I want to share with information 
about  the  use  of  religious  linguistic  units  in  their  work  of  the  Kazakh  intelligentsia  and  Kazakh  poets  like  Ahmed  Khoja 
Yasavi, Abai, Shakarim, Ilyas, Ybyraya etc. Religion - a form of social consciousness, I think that the character of linguistic 
units of existing religious found in connection with the changes taking place in modern society. Most religious linguistic units 
of the Islamic religion, entered from Arabic and Persian language. Influence of condition of the religious situation in modern 
society promotes the appearance of new religious linguistic units. Religion and tradition are indivisible concepts.With the help 
to  compliance  with  the  tradition  of  the  during  seventy  years,  we  did  not  forget  that  we  are  Muslims.  On  the  basis  of  the 
relationship on both religion and traditions appeared religious linguistic units used in today's society.  
Key words: Wahhabism, secularism, religious radicalism, religious extremism and religious terrorism, the Jihad, haram, 
halal, lust, humanity, Muslims, religiosity, Sharia law, the Quran, traditions, Mohammedan prayer, etc., etc. 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
27 
МРНТИ 16.31.61 
 
Н.К. Даурембаева
1
 
 
филология, 2-курс магистрант 
1
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ. Қазақстан 
 
ХАЛЫҚТЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЕГІНШІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ 
ТЕРМИНДЕР 
 
Аңдатпа 
Тіліміздегі көптеген терминдердің пайда болуы ғылым мен техниканың қарқындап дамуымен тікелей байланыс-
ты. Сондай-ақ, өнер, білім, оқу, ағарту, баспасөз бен баспа жұмыстарының қауырт қолға алынуы да терминология-
лық лексиканың қанат жаюына себеп бола алады. Әр салада туындап, қолданысқа еніп жататын терминдік лексика 
көбінесе  игерусіз,  өз  бетінше  өмір  кешіп  жатады.  Осындай  ғылымның  түрлі  салаларындағы  назардан  тыс  қалып 
жатқан термин сөздерді жинақтап жарыққа шығару терминолог ғалымдардың міндеті. Мақалада халықтық термино-
логияның қалыптасуы мен тұрақталуы қарастырылады. Қазіргі қазақ терминологиясының тарихи қалыптасу жолда-
ры,  халықаралық  терминдердің  теориялық  негіздері,  егіншілікке  қатысты  терминдердің  қолданылуы  мен  қазақ 
ғалымдарының  еңбектерінде  кездесуі  мақалаға  арқау  болды.  Термин  сөзіне  ғалымдардың  берген  анықтамалары, 
термин сөздерінің түрлері, терминологияның салалары анықталды. Сондай-ақ терминология ғылымының қарастыра-
тын мәселелері мен міндеттері нақтыланды. 
Түйін сөздер: терминология, халақтық терминология, термин, сөз, тұжырым, егін, егіншілік, сала, кәсіп 
 
Түрлі терминологияларда жүйелілікті орнықтыру мәселесі, ең алдымен, нақты бір ғылыми-техникалық 
білім саласына жататын ұғымдардың иерархиялық тектік-түрлік жіктемесіне байланысты. Тілімізде бар 
байырғы лексика негізінде терминологиялық қорымызды толықтыру кезінде немесе кез келген арнаулы 
саланың жаңа терминдерін жасау барысында белгілі бір үлгіні сақтау терминология үшін аса маңызды. 
Бұл негізінен терминологиядағы жүйелілікті сақтау үшін қажет. Осыған байланысты терминологиядағы 
жүйелілікті кейбір терминолог-ғалымдар терминжасамның басты принципі деп санайды [1,213]. 
Қазіргі қазақ тіліндегі қалыптаса бастаған терминді әдетте біз ең алдымен, адам қызметінің белгілі бір 
арнаулы саланың шеңберінде, негізінен кәсіби мамандар тілінде, арнаулы әдебиеттерде қолданылатын сөз 
деп ұғамыз. Ал терминтанушы мамандар арасында терминнің тілдік табиғатын танытатын әр түрлі белгі-
лері  атап  көрсетіледі.  Термин  жөнінде  сөз  қозғалғанда  "Барлық  термин-сөз.  Бірақ  сөздің  бәрі  термин 
емес" деген тұжырым жиі қайталанып жатады. Бұл тұжырымды тілдегі сөз деп танылатын тілдік бірлік-
терге  қатысты  дұрыс  айтылған  деуте  болады.  Алайда  терминнің  тілдік  бірлік  болып  табылмайтын 
құрамына сандар, графикалық таңбалар кіретін символ-сөз түрлері де болатындықтан, мұндай тұжырым-
ды  терминнің  барлық  типтеріне  қатысты  жалпы  сипат  ретінде  қабылдауға  келе  бермейді.  «Сонымен 
қатар, терминнің тек қана сөз емес, терминологияда сөз тіркесі түріндегі терминдердің мол екенін және 
кейбір тілші-терминолог ғалымдар атап көрсетіп жүргеніндей, сөйлем терминдердің де болатынын ескер-
сек,  "Барлық  термин  -  сөз.  Бірақ  сөздің  бәрі  термин  емес"  деген  пайымдаудың  термин  табиғатын  жан-
жақты ашып тұр дей алмасақ керек», - дейді терминтанушы ғалым Айтбекова [2,96]. Сондай терминнің 
тілдік табиғатын түсіндіру кезінде өте жиі қайталанатын тұжырымдардың бірі Н.Беспальконың "Термин-
дер - сөздер, тілдік ешнәрсе оларға жат емес" деген сөзі [3,56]. Ғалымның сөзін түпнұсқа тілдегі қалпына 
байланып жоғарыдағыдай сөзбе-сөз, дәлме-дәл көшірмей, автордың айтпақ ойы мен сөйлем мағынасын 
сақтай  отырып,  өз  түсінігімізге  лайықтап,  тілімізге  жатықтау  етіп  сәл  басқашалау  аударсақ,  "Термин 
деген - сөз, тілдегі сөзге тән қасиеттердің ешқайсысы да оған жат емес" деген болар едік. Термин-сөздің 
лингвистикалык  табиғатын  тану  тұрғысынан  келгенде  ғалымның  пікірі  орынды  айтылған.  Оны  соңғы 
жылдары  терминтану  саласында  жүргізілген  көптеген  лингвистикалық  зерттеулер  нәтижелері  растап 
отыр.  Бірақ  терминнің  жасалуы,  қолданылуы,  қызметі  тұрғысынан  жалпы  әдеби  тілдегі  атаулардан 
өзіндік  айырмашылықтары  бар  екендігін  атап  көрсетіп  жүрген  ғалымдар  пікірлерін  де  ескерусіз 
қалдыруға болмайды. 
Жалпы термин жөнінде накты мыналарды айтуға болады. 
1. Терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркестері болады. (кейде сөйлем түрінде де кездеседі.) 
2. Терминдер негізінен тілдік бірліктер (символ-сөз, сан, географиялық таңба түріндегі терминдер де 
бар. Бірақ терминологиядағы олардың үлес салмағы термин-сөздерге қарағанда әлдеқайда төмен.) 
3. Термин - белгілі бір терминологияның мүшесі [4,54]. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
28 
4. Термин деген - ұғым аты. 
5. Терминнің міндетті түрде дефинициясы болады. 
6. Терминдердің негізгі басым белігі жалпы есімдер, сөз табына қатысы жағынан зат есімдер болады. 
7.  Терминдер  атауыштық  қызмет  атқарып,  негізінен  ғылым  тілінде,  арнаулы  сала  шеңберінде 
қолданылады. 
Ғылым мен техниканың, өндіріс пен өнердің сан түрлі салалары болатындығы белгілі. Адам қызметі-
нің  алуан  түрлі  сондай  арнаулы  салаларындағы  деректі  және  дерексіз  үғымдардың  атаулары  мыңдап 
саналады. Сондай белгілі бір арпаулы сала атауларының жиынтығын - салалык терминология деп атайды. 
Мұндай терминдер жиынтығын география терминологиясы, физика терминологиясы, математика терми-
нологиясы,  музыка  терминологиясы  және  егіншілік  деп  өз  саласының  атымен  қосып  нақтылап  та  атай 
береді. 
Қазіргі  қазақ  тіліндегі  халықаралық  терминдер  әр  сала  негізінде  әр  түрге  бөлініп  кетеді.  Ал,  қазіргі 
қазақ тілінде оларды біріктіріп отыратынерекшелік – дұрыс, сауатты, ұғынықты жазу әрі түсіну мәселесі. 
Нақты айтсақ, терминология терминінің өзі көп мағыналы термин. Ғалымдар оның мағынадай түрлерін 
көрсетеді:  
- термин-сөздердің жиынтығы немесе жалпы көптеген саны белгісіз терминдер; 
-  қандай  да  бір  сала  терминдерінің  (ұғымдары  мен  атауларының)  жиынтығы  (медицина 
терминологиясы, егіншілік терминологиясы, география терминологиясы және т.б); 
- терминдердің жасалуы, құрамы мен қызметі туралы ілім; 
- белгілі бір тілде қолданылатын белгілі бір білім саласы терминдердің жасалуы, құрамы мен қызметі 
және олардың басқа тілдердегі баламалары (эквиваленттері) туралы ілім; 
- жалпы терминологиялық ілім. 
Ғалым  П.А.  Флоренскийдің  пікірінше:  «…сәтті  жасалған  атау  (термин)  бұл  көп  жылғы  талдау, 
тұрақты және  тығыз байланысты көптеген белгілердің сәйкестігін, қатынасын анықтау нәтижесі болып 
табылады» [5,371]. 
Тілдегі көптеген терминдердің пайда болуы, негізінен, ғылым мен техниканың өмірге дендеп енуіне 
тікелей байланысты. Сондай-ақ, өнер, білім, оқу, ағарту,баспасөз бен баспа жұмыстарының қауырт қолға 
алынуы да терминологиялық лексиканың қанат жаюына сеп. Осы тектес сан салада туындап, қолданысқа 
еніп жататын терминдік лексика көбіне-көп игерусіз, өз бетінше өмір кешіп жатады. 
«Термин» ұғымына нақты тоқталатын болсақ, әлі күнге бұл жайында бірыңғай пікір қалыптаса алмай 
келеді. В.Н.Прохорованың көзқарасы бойынша, «Термин – бұл арнаулы қолданыс саласындағы ғылыми 
немесе өндірістік-технологиялық ұғымның атауы болып табылатын және дефинициясы (тиісті ұғымның 
анықтамасы) бар сөз немесе сөздер тіркесі» [6, 40]. - делінген.  
Көптеген  пікірлер  ағынына  қарағанда,  терминология  ғылымы  шеңберінде  мынадай  мәселелер 
қарастырылып, шешім табуға тиісті: 
1)  ғылыми-техникалық  ұғымдардың  классификациясы,  ұғымдар  мен  ұғымдар  жүйесінің  арасындағы 
байланысты анықтау; 
2) ұғымдар анықтамасын құру; 
3) терминдерді талдап, іріктеп түзу; 
4) терминдер жүйесін жасау. 
Термин, ең алдымен, белгілі ғылым саласының ұғымдар жүйесінен туындайды. Ол – осы құбылысты 
таңбалау  үшін  құрастырылған  немесе  сол  жағдай  үшін  арнайы  ойлап  табылған  шартты  белгілер  емес. 
Олар тілде бұрыннан бар белгілі бір мағынаға ие сөздер мен түбірлер негізінде пайда болады. 
Термин жасау дағдысында А. Байтұрсынұлының ұстанған ең негізгі қағидасы – термин жасауда қазақ 
тілінің өз мүмкіндігін барынша сарқа пайдалану. 
Терминнің дәл болуы негіз бен қосымшаның үйлесуіне тікелей байланысты. Осы екеуі жымдаса келе 
терминдік  мәнге  көшеді.  Сондай  атауларды  жасауда  қазақ  тілінің  -шы,  -ші  қосымшалары  арқылы 
мынадай  терминжасам  моделі  қалыптаса  бастағанын  көреміз.  Бұл  қосымшалар  туынды  түбірлерге  де, 
біріккен  сөздерге  де,  тіпті  тіркесім  сөздерге  де  жалғана  береді.  О  бастан  өнімді  жұрнақтың  бірінен 
саналатын бұл қосымша тек байырғы қазақ сөздерінің түбірлеріне ғана жалғанып қоймай, көптеген кірме 
сөздерге  де  (скрипкашы,  арматуршы,  тракторшы)  жалғанып,  термин  тудырудың  аса  бір  өнімді  көзіне 
айналды.  Егіншілік  кәсібіне  байланысты  «тракторшы»  сөзі  туынды  түбір  термин  болып  есептелінеді. 
Сол секілді комбайн сөзі де туынды түбір термин бола алады. 
Қазақ  халқының  өмір  сүру  ерекшелігіне  тән  ерекше  құбылыстың  бірі  –  олардың  ежелден  жермен 
байланысты кәсіп еткені. Яғни олар түрлі шаруашылықпен (мал өсіру, егін салу, аң аулау, балық аулау 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
29 
т.б.) айналысып келген. Соның ішінде мал шаруашылығы ерекше орында тұрады. Міне, сондықтан қазақ 
тілінің  сөздік  құрамында  ауылшаруашылығына  байланысты  сөздер  бұрыннан  да  көптеп  кездеседі.  Ал 
кейіннен  қосылған  сөздер  осы  шаруашылықты  үнемі  жетілдіріп  отырумен  байланысты,  механизация, 
мелиорация  т.б.  шараларға  орай  жасалып,  пайда  болған.  Бұлардың  арасында  да  жалпы  әлемге  ортақ 
халықаралық  терминдер,  солардың  үлгісімен  жасалған  атау  сөздер  һәм  сөз  тіркесімдері  бар.  Шөп 
машинасы,  трактор,  агрегат,  молотилка,  ауыспалы  егіс  тәрізді  сөздер  қазақ  тілінің  терминологиялық 
сөздігінде кездеседі. Шаруашылық саласына байланысты терминдердің құрамы әр алуан. Республикамыз-
дың жер-жердегі жергілікті кәсіптің түріне байланысты кәсіби терминдер түгелге дерлік әдеби тілімізге 
енді.  Жер  суару,  бақша  ісіне  және  түрлі  техникалық  дақылдарға  байланысты,  балық  өндіру  кәсібі, 
аңшылыққа қатысты көптеген сөздер қалыпты қолданысқа енді. 
Халық тілін термин сөздермен байытудың тағы бір арнасы - сол халықтың өз диалектілері екені мәлім. 
Бұл жағдай, әсіресе, біз сияқты баспасөзі әлі жас, тілдік қоры хатқа түсіп болмаған ұлттар үшін ерекше 
маңыз алады. Ұлан-байтақ қазақ жерінің түрлі облыстарында тіршілік жағдайы әрқилы. Әрқайсысында 
іргелес  отырған  басқа  халықтардан  сіңген  сөздер  де  бар  екенін  былай  қойғанда,  тұрмыс  жағдайларына 
байланысты көптеген соны атаулар табылады. Мәселен, оңтүстік облыстарда егін, су, бау-бақша шаруа-
шылықтарынан,  қоныстану  тіршілігінен,  қолөнер  кәсібінен  туған  атаулар  көп.  Балық  шаруашылығына, 
теңіз өміріне байланысты атаулардың көбін Гурьев облысынан, Сырдария мен Ертіс бойларын, Арал мен 
Балқаш  жағалауларын  мекендеген  қазақтардан  табуға  болады.  Сол  сөздерді  жалпыхалықтық  тілдің 
қатарына  тезірек  қосудың,  ол  үшін  терминдердің  аудармасына  батыл  қолданудың  маңызы  айрықша. 
Қазақ елінің жартысына жуығы білетін сөз болса, оны "диалект" деп ысырып қойып, баршаға соны шет 
сөзді қолданудың қаншалық жөні бар? 
Қазіргі қазақ тілінде қолданылатын халықаралық терминдерге, соның ішінде техникалық ерекшелікте-
рі  бар  терминдердің  дамуына  назар  аударсақ,  онда  бұрынғы  социалистік  қазіргі  «жаңа  кезең»  делінген 
өміріміз  жаңалыққа  толы.  Саяси-шаруашылық  мәні  зор  көптеген  материалдар  күн  сайын  дамылсыз 
аударылып  жатады.  Солармен  бірге  толып  жатқан  соны  сөздер,  жаңа  ұғымдар,  яғни  терминдер  келеді. 
Шебер  аудармашыларымыз  оларды  халыққа  әрі  тез,  әрі  түсінікті  етіп  аударып  беруге  тиісті.  Ғалым 
Досмұхамедұлы:  «Айталық,  суландыру  жүйесін  өзгерту  туралы  үкімет  қаулысы  шыққанда  "главный 
канал", "оросительный канал", "распределительный канал" деген сияқты терминдер келді. Міне, соларды 
аудару кезінде "бас арық", "оман арық", "оқ арық", "құлақ арық", "арық", "қарық" деген сияқты егіншілік 
кәсібі  дамыған  облыстарда  болатын  атаулар  шықты.  Мақта  шаруашылығына  байланысты  "қозапая", 
"шиіт",  "көсек",  "шанақ"  деген  сияқты  сөздер  келіп  жатыр.  "Дақыл"  деп,  "егіс"  деп  -  "культура"  мен 
"посевті" айыратын болдық. "Пәлек" деп, "жапырақ" деп - "ботва" мен "листіні" сараладық. Еліміз жүгері 
дақылын жаппай өрістетуге кіріскенде, оның "сотасы", "собығы", "шашағы", "шашы" деген ұғымдар мен 
атаулар  да  өрістей  берді.  Қазір  бұршаққа  байланысты  толып  жатқан  соны  сөздер  қазақтың  тіл 
қазынасының  қалтарыстарынан  қайта  шығып,  жаңара,  жасара  бастады.  "Асбұршақ",  "жембұршақ", 
"жасымақ" "ноқат", "қара-құмық" деген сияқты сөздерді осыдан аз-ақ уақыт бұрын Қазақстанның біраз 
жерлері біле бермейтін [7,84]. 
Кейде  кейбір  аудармашылар  мен  термин  жасаушылардың  түпнұсқадан  айрылғысы  келмей  қалайда 
содан дәл шығуға тырысқанын байқаймыз. Бұған мына орысшадан аударылған термин сөздер мысал бола 
алады: "картофелеуборочный комбайн", "хлебоуборочный комбайн" дейді екен деп, біз де "картоп жинау 
комбайны", "астық жинау комбайны" деп жүрміз. Сөздіктерде де осылай алынған. "Жинайтынын" тастап, 
"картоп комбайны", "астық комбайны" десе де болар еді. 
Қазіргі  қазақ  тіліндегі  халықаралық  терминдердің  қалыптасуы  мен  дамуына  тоқталсақ,  онда  біз 
терминдердің арнаулы саласына тоқталмай өте алмаймыз. Мәселен, халықаралық терминология саласы 
бойынша, арнаулы сала атауларының жиынтығы болып табылатын терминологияны - терминологиялық 
жүйе немесе ықшамдап терминжүйе (терминосистема) деп атау дәстүрлі нәрсе. Аты айтып тұрғанындай 
терминологияға жүйелілік тән. Әр саланың ұғымдарының өзара байланысы, иерархиясы, сатылық, түрлік 
қарым-катынасы ұғымдық, логикалық тұрғыдан қалай жүйелі болса, тілдік тұрғыдан да сол ұғымдардың 
жүйесін көрсететіндей етіп таңбалау қажет болады. Сондықтан да тілдік бірліктер терминдердің ұғымдар 
жүйесінің  ерекшелігін  көрсетіп  бере  алатындай  сөзжасамдық  жүйелілікке  негізделіп  жасалып,  соның 
негізінде  терминологиядағы  жүйелілікке  қол  жеткізу  көзделеді.  Терминологиядағы  жүйелілік  ұғымдар 
жүйесінің аралық байланысын тілдік бірліктер атау сөздер аркылы да жүйелеп беру болып табылады. 
Терминнің жүйелілікке сәйкес жасалып, терминологияның жүйелі болуы қажеттігін алғаш атап көр-
сеткен ғалымдардың бірі  - А.Реформатский "Тілдегі сөздердің жалпы үрдісі  -сөзжасамдағы жүйелілік  - 
терминдерде  бұл  үрдіс  айрықша  айқын  байкалады"  деп,  жүйеліліктің  терминологияда  ерекше  анық 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
30 
көрініс табатындығын айта келіп, Терминнология белгілі бір ғылымның ұғымдар жүйесін білдіру үшін 
қажет"  деген  тұжырым  жасайды.  Бұл  -  ұғымдар  жүйесін  белгілейтін  атаулар  жиынтығының  да  өзі 
таңбалаушы болып отырған жүйенің ерекшелігін көрсете алатындай жүйелі болуы керек деген сөз. Ғалым 
терминологияның  ең  алдымен,  ұғымдар  жүйесін  көрсету  үшін  қажеттігін  оның  басты  белгісінің  бірі 
ретінде атап айтады [8,45]. 
Терминологияны  қалыптастыру  туралы  айтылғанда  терминология  стандартталған,  біріздендірілген, 
реттелген, жетілдірілген болуы қажет деген талаптар да қойылып жатады. Терминологиядағы жүйелілікке 
қол жеткізіп, аталған талаптардың орындалуы үшін мақсатты түрде үнемі жүргізіліп отыратын жұмыстар 
бар.  Оларды  терминологиялық  жұмыстар  деп  атайды.  Төменде  олардың  негізгілеріне  тоқталамыз. 
Терминологияға  қойылатын  өзге  талаптар  осы  терминологиялық  жұмыстармен  тікелей  байланысты, 
дәлірек айтқанда терминологиялық жұмыстардың барлығы сол талаптардың орындалуы үшін жүргізіледі. 
Ғалым  Ш.Құрманбайдың  пікірінше:  «Термин  шығармашылығы  стихиялы  түрде  жүзеге  асып  жататын 
жұмыс  емес.  Әр  маман  өз  бетінше  термин  жасап,  оны  қалауынша  қолданатын  болса  немесе  термин 
шығармашылығы  жалпыхалықтық,  бұқаралық  сипат  алып  термиді  жасау  ісі  үйлестірілмей,  кәсіби 
тұрғыдан  қолға  алынбай  ырқына  жіберілсе,  онда  терминқор  қалыптастыруда  жүйесіздік,  ретсіздік, 
жарыспалылық, тілдік нормадан ауытқушылық сияқты көптеген кемшіліктер орын алады. Сондықтан да 
кез  келген  тілдің  ұлттық  терминологиялық  қорын  қалыптастыру  -  кәсіби  мамандардың  белгілі  бір 
жоспарлы жұмыстарды жүргізуі арқылы жүзеге асырылады» [9,74]. 
Көп ұлтты мемлекетте терминологияны халықаралық-тандырудың, тіларалық біріздендірудің маңыз-
ды мәселе ретінде көтеріліп, оған мемлекеттік тұрғыдан үлкен мән берілуі түсінікті. Онсыз ғылым мен 
техника  саласындағы  және  басқа  да  тілдік  қатынастарда  бір  тілдің  үстемдігін  орнату  мүмкін  болмаған 
болар еді. 
Сонымен,  қорыта  айтқанда  тіліміздегі  жалпы  қолданыстағы,  сөздердің  терминденуінің  екі  түрлі 
жолын көрсетуге болады: 
Біріншісі  -  халықтың  ұғымында  бұрын  болмаған  ғылым  мен  техниканың,  өнердің  даму  барысында 
ашылған жаңа ұғымды ұлттық тілде бұрыннан бар сөзбен белгілеу. Терминденудің мұндай жағдайында 
сөздің  тек  дыбыстық  жағы  алынады  да  бір  ғана  лексема  екі  жүйеде  екі  басқа  ұғымды  білдіреді. 
Нәтижесінде бастапқы сөзбен жаңа термин омонимдік қатар түзеді. 
Екіншісі  -  халықтың  ұғымында  бұрыннан  бар  ұғымның  атауымен  қоса,  жалпы  лексикалық  өрістен 
белгілі  бір  терминологиялық  өріске  етуі.  Бұл  жағдайда  ғылым  мен  техниканың  даму  деңгейі  мен 
терминологиялық жүйенің талабына сәйкес ұғым жаңа сапалық белгілерді иеленеді. Сөздің лексикалық 
мағынасын құрайтын, белгілерінің орнын ғылыми немесе арнаулы ұғым белгілері алмастырады. 
Терминденудің екі түрінің арасында елеулі өзгешеліктер бар екендігіне қарамастан екі түрлі жолмен 
терминденген  сөз  де  бірдей  терминдік  қасиеттерді  иеленіп,  белгілі  бір  терминологиялық  өріске 
бағынышты болады. 
Әдеби  тілдегі  сөздер  қай  тәсілмен  терминденсе  де  өріс  ішінде  бірдей  қызметатқарып,  бір  деңгейде 
тұрады.  Қазақ  тілінің  аймақтық  лексикасы,  оның  өзіндік  ерекшеліктері  мен  әдеби  тілге  қатысы  тілші 
ғалымдар тарапынан едәуір зерттелген мәселелер деуге болады. Оған тіл білімінің диалектология саласын 
арнайы  зерттеген  С.А.  Аманжолов,  Ж.Д.  Досқараев,  Ш.Ш.  Сарыбаев,  Ә.Нұрмағамбетов,  С.Омарбеков, 
О.Нақысбеков,  Н.Жүнісов,  Ғ.Қалиев,  Т.Айдаров,  Ж.Болатов  сияқты  ғалымдардың  еңбектері  куә  бола 
алады. 
Сонымен қорыта келгенде, қазіргі қазақ тілінің "терминологиялық лексикасын құрайтын терминдену 
тәсілімен жасалған терминдердің елеулі бөлігі - ұлттық әдеби тілдің құрамындағы жалпы қолданыстағы 
сөздер  негізінде  жасалған.  Жалпы  қолданыстағы  сөздер  терминденудің  барлық  жолдары  арқылы 
терминдене  алады.  Оларға  бірден  көшпестен  бұрын  осы  терминдену  процесінің  қалай  жүзеге 
асатындығына назар аударып көрелік. 
Термин  пайда  болу  үшін  ең  алдымен  белгілі  бір  терминдер  жүйесіндегі  орны  нақтыланған  ұғым 
болуға тиіс. Ол ұғымның орнының нақтылануы деп біз сол ұғымды өзге ұғымдардан ажырататын оның 
өзіне  ғана  тән  айрықша  белгілері  мен  қасиеттерінің  анықталуын  айтып  отырмыз.  Яғни,  бұл  ұғымның 
қамтитын шекарасын, көлемін анықтау деген сөз. Одан әрі айқындалған ұғымның басты белгілерін көрсе-
те  отырып,  оның  мазмұнын  толық  ашатын  анықтама  беріледі.  Ондай  анықтаманың  немесе  терминнің 
дефинициясының  дәл  болуы  аса  қажет.  Егер  терминнің  дефинициясы  дәл  берілмесе,  онда  ұғымның 
мазмұны да солғын ашылады. Соған сәйкес ондай ұғымды сөзбен белгілеу кезінде де ауытқушылық кете-
ді. Терминнің дефинициясы ұғымның басты белгілерін, көлемін көрсету арқылы сол ұғымның өзі қатыс-
ты болатын арнаулы салада қаншалықты деңгейде игерілгендігінен, зерттелгендігінен хабардар етеді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
31 
Терминологиядағы жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі арқылы жасалған терминдердің енді 
бір  бөлімніцң  таңбаланушылары  да,  таңбалаушылары  да  өзінің  жасалуына  негіз  болған  сөзбен  сәйкес 
келеді. Мұндай лексикалық қабаттың әдеби тіл жүйесі мен оның терминологиялық кіші жүйесіне бірдей 
қызмет ететіндігі айтылып жүр. 
В.П.Даниленко  сөздің  әдеби  тілден  терминологияға  ауысу  барысында  өзге  ұғымды  белгіленуінің 
нәтижесінде  омоним  туындауын  сөз  алмасу  құбылысы  десе,  әдеби  тілдегі  сөздің  терминологияға  өтуі 
кезінде  омоним  пайда  болмай,  сөздің  бір  мезгілде  екі  жүйеге  бірдей  қызмет  етуін  сөздің  "екі  жақты 
қызметі" деп, ондай лексикалық қабатты алғашқыдан бөлек қарауды ұсынады. [10,36] 
Егіншілік  кәсібінде  су  жүретін  арықтар  мен  каналдар  қазу  үлкен  шеберлікті  қажет  етеді. 
Ш.Уәлихановтың  Ұлы  жүз  диқандарының  кәсібі  жөнінде  жазған  «Егіншілік  туралы»  атты  еңбегінде 
былай делінеді: «Егістікке дейін жота-қырқалар мен сай-салалардан асып жатқан арықтарды өз көзіңізбен 
көрмесеңіз, сене қою қиын болар еді. Қазақ диқанының епті қолы мен табиғи жаратылысының зеректігі 
терең шатқалдағы өзеннен суды тартып үстіртке шығарады. Арықтың бір шақырымнан соң отыз сажын 
биікке  қалай  көтерілгеніне  сүйсіне  де,  таңдана  қарамасқа  шараң  қалмайды.  Су  қандай  тереңдікте 
жатпасын,  оны  егістікке  шығару  қазақ  диқанының  қолынан  келеді».  Ғалымның  бұл  еңбегінен  біз 
егіншілікке қатысты бірнеше термин сөздерді байқаймыз.  
Тіліміздегі  терминдерді  зерттеуші  ғалым,  ұстаз  Б.Қалиевтің  «Егер  тілдегі  термин  мәдениетті  болса, 
тіліміз  де  мәдениетті»  деген  пікіріне  сүйенсек,  терминнің  табиғаты  тіл  мәдениетінің  талаптарына  сай 
болуы тиіс. Сәйкессіздік, тұрақсыздық, жүйесіздік сияқты терминге кері әсерін тигізетін шарттар термин 
жасауда жүйелілік ұғымын ескеруді қажет етеді. Сол себептен де тілімізде  жасалып жатқан жұмыстар, 
яғни терминологиялық сөздіктер белгілі бір тәртіппен, бірізділікпен жазылуы тиіс деп ойлаймын. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1 Суперанская А.В., Подольская Н.В., Васильева Н.В. Общая терминология (вопросы теории). – М., 1989. - С. 285. 
2 Айтбекова М.. Бағытты білім беруде жаңа терминдерді енгізудің жеке тұлға дамуына әсері. // Қазақ тілі мен 
Әдебиеті. №3, 2005. - 64 б. 
3 Беспалько В.Л. Как должен быть термин?. - М., 1989. – 412 б. 
4 Выготский Л.С Термин и его мотивированность. - М.: Просвещение, 1991. 
5 Лейбниц. Успехи математических наук. 1948. – С 304. 
6 Прохорова В.Н. Актуальные проблемы современной русской лексикологии. - М.: Изд- во МГУ, 1973. - С. 286. 
7 Досмұхамедұлы Х. Қазақ тіліндегі терминдердің аталу ерекшеліктері. - А., 1985 ж. 
8 Махмутов М. Организация проблемного обучения в школе. - Москва, 1977. – С. 240. 
9 Костенко Ф.Д. , А.Н. Матвеева.Теория терминологической номинации. - М., 1991 ж. – С. 263. 
10 Баймұратова Э.С., Жаутикбаева А.А. Терминдерді қазақ тіліне аударуда кезігетін қиындықтар // Хабаршы. 
ҚазҰПУ. Филология ғыл.сер. - 2015. - Т.1. №3. - 34-38 б.  
 
Резюме 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал