Т. С. Тебегенов филололоия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.41 Mb.

бет3/34
Дата02.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Ключевые  слова:  компетентность,  профессиональная  компетентность,  коммуникативная  компетентность, 
методология, учебные задания, ученик, образование 
 
Summary 
SCIENTIFIC AND THEORETICAL BASES OF COMMUNICATIVE COMPETENCE 
Altynbek. M. ZH.
1

1
Kazakh National Pedagogical university by name Abai 
The article considered about methodological basis of developing communicative competence. We were take the guide an 
action,  content  of  training  activities,  the  form  of  organization,  tactics,  and  technology  et.c.  is  directly  related  to  the 
development of pupils communicative competence. During the training to create a directed task for developing thinking of 
pupils  and  to  make  a  content;  to  organize  pedagogical  action  -on  the  basis  each  pupil  individually  participate  to  the 
relationship; to increase interes of pupis, by organizing different active actions; to understanding training takes, to using, to 
guide to he educated et.c. shall be deemed one of the main methods of developing pupils communicative competence. The 
theoretical  sample  of  the  development  of  pupils  communicative  competence  motivational,  cognitive  and  considering  as  a 
unity  of  components  action,  interes  of  communicative  tasks,  communicative  cognition,  communicative  knowing  measures 
and indication on the basis theoretical sample is determined.  
Key words: competence, proffessional competence, methodology, task, teaching, pupil, pedagogy 
 
МРНТИ 16.17.43 
 
Г.Н. Асанова

 
1
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ. Қазақстан. 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ «АЛАШ» АТАУЫ ҚОЛДАНЫЛУЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢДЕРІ 
 
Аңдатпа 
Мақала  «Алаш»  тұжырымының  зерттелуіне  арналған.  Бүгінгі  қоғамда  «алаш»  сөзін  қолданып  жүргенімен,  ол 
сөздің  мағынасын,  қайдан  шыққанын,  нендей  себеппен  қолданысқа  енгенін  көбісі  біле  бермейді.  Алаш  атауының 
шығу  тарихы  жөнінде  ғалымдар  тарапынан  бірнеше  көзқарастар  болғанымен,  әлі  де  нақты  бір  ойға,  пікірге, 
қорытындыға  келе  алған  жоқ.  Осы  себепті  «алаш»  тұжырымының  қолданылу  жайын  арнайы  түрде  қарастыру, 
анықтау өзекті мәселе болып отыр.  
Автор  «Алаш»  тұжырымының  қазақ  танымындағы  ерекшеліктерін  қарастырған.  Қазіргі  таңда  да  қолданыстан 
шыға  қоймаған  бұл  сөздің  шығу  тегіне  үңіліп,  қолданылу  аясына,  мағыналық  өзгеріске  ұшырауына  байланысты 
дәуірлеген.  Сол  дәуірлеу  кезеңінде  қаншалықты  мағыналық  қарама-қайшылыққа  ұшырағандығы  көрсетілген. 
«Алаш»  атауының  қазақ  халқының  тарихымен,  дүниетанымымен,  рухани  және  дәстүрлі  тұрмыстық  мәдениетімен 
сабақтастыра  қарастыру  нәтижесінде  қорытынды  тұжырымдар  жасаған.  Мақалада  «Алаш»  тұжырымына  қатысты 
ұғымдар мен атаулар берілген. 
Кілт сөздер: Алаш, тұжырым, халық, қазақ, таным, жырау 
 
Қазіргі  кезде  тілшілер,  тарихшылар,  қоғам  қайраткерлері  сөз  сөйлегенде,  тіпті,  қазіргі  күнгі 
айтыстарда  «алаш»  ұғымын  қолданушылар  жиі  кездеседі.  Ал  бұл  ұғымды  кім  қалай  түсінеді?  «Алаш» 
ұғымын қандай мәнде жұмсайды? Алғаш «Алаш» ұғымы қандай мағынада, қай кезеңдерде қолданылған? 
Р.Сыздықова  «Сөздер  сөйлейді»  еңбегінде  «Алаш»  сөзіне  Қамбар  батыр  жырынан,  Бұқар  жырау, 
Шалкиіз,  Шернияз  жырларынан,  Махамбет  өлеңдерінен,  Абай,  Қ.Мырзалиев  шығармаларынан  мысал 
бере  отырып,  «Алаш»  ұғымының  мағынасын  былайша  түсіндірген:  «...  бұл  сөздің  екі-үш  мағынада 
жұмсалғаны  байқалады.  Бірі  –  ел,  жұрт,  байтақ  сөздерінің  синонимі  ретінде,  екіншісі  «халық,  қазақ 
қауымы»...Алаш  сөзінің  үшінші  мағынасы  –  жоғарыда  көрсетілген  мағынаға  қарама-қарсы  «жау,  жат» 
деген мәнде жұмсалуы» [1,30]. 
Хандық  дәуір  әдебиетін  қарасаңыз  «Алаш»  ұғымы  тек  Бұқар  жырауда  ғана  емес,  Шалкиіз  жырау, 
Нысанбай  жырау  Жаманқұлұлы,  М.Өтемісұлы,  Шернияз  Жарылғасұлы  т.б.  Зар  заман  ақындары: 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
12 
Шортанбай  Қанайұлы,  Шынияз  Шанайұлы  т.б.  Кердері  Әбубәкір,  Шәңгерей  ақын,  Балуан  Шолақ, 
Ергөбек Құттыбайұлы, Әсет Найманбаев т.б шығармаларында көрініс тапқан. Бұл нені білдіреді? 
Демек, «Алаш» ұғымының қолданылуы әріде жатыр. «Алашорда» құрылмай тұрып-ақ «Алаш» ұғымы 
қолданылған. Мысалы: Шалкиіз жыраудың «Алаштан байтақ озбаса» өлеңіндегі мына қатарларды: 
Алаштан байтақ озбаса, 
Арабыдан атты сайлап мінбен-ді! – [2,28]. 
Р.Сыздықова былайша түсіндіреді: бұл өлең жолдарында екі сөз көне мағынада келген: алаш – мұнда 
«жат ел, жат (жау) жұрт», байтақ – «өз елі, өз жұрты». 
Бұқар жырау Қалқаманұлы «Шүршіт келсе, сырға көш» жырында: 
Он сан алаш билігі 
Хан Абылай төріңде [2,10]. 
«Ашуланба, Абылай» жырында мынадай жолдар кездеседі: 
Жұлдызың туды-ау оңыңнан, 
Жан біткен еріп соңыңнан. 
Он сан алаш баласын 
Аузыңа Құдай қаратып, 
Жусатып және өргізіп, 
Жұмсап бір тұрсың қолыңнан [2,11]. Он сан алаш билігі деген тіркесті Р.Сыздық «он рулы ел, қауым, 
қазақ  қауымы»  деп  түсіндірген.  Сонда,  төмендегі  Нысанбай  жырау  Жаманқұлұлының  «Кенесары-
Наурызбай» дастанындағы «Үш алаш» тіркесін қалай түсіндіреміз? 
Тар жол, тайғақ кешуде 
Қолдың алдың жабдығын. 
Бір ізіңнен жүргіздің 
Үш Алаштың барлығын [3,17]. Үш алаш тіркесін «алаштың үш жүзі» деп берсе керек. А.Сейдімбектің 
«Қазақтың ауызша тарихы: шежірелік деректерді пайымдау. Зерттеу» еңбегінде «Алаштың енші бөлуі», 
«Алаштың  үш  жүзі»,  «Алаша  хан  һәм  оның  баласы  Жошы  хан  турасында  қазақ  арасында  бар  сөз», 
«Алаштың үш ұлысы»  т.б ел аузынан, қариялардан  жинаған аңыздары келтірілген. Соның бір нұсқасы 
төмендегідей: 
Алаштың  енші  бөлуі.  Қазақтың  қария  сөзінің  айтуында  Алаштан  –  Ақарыс,  Жанарыс,  Бекарыс  деп 
аталатын үш ұл болған. Иісі қазақ осы үшеуінен өрбіген [4,214]. Дастандағы «үш алаш» тіркесі аңызға 
негізделіп жазылмаса да, үш жүз (үш ұлды негізге ала отырып) қақында айтылғаны даусыз. 
Жиембет жырау «Әмірің қатты Есім хан»: 
...Арқаға қарай көшермін, 
Алашыма ұран десермін [2,41]. Мұндағы «алаш» ұғымы «халық» ұғымымен пара пар қолданылып тұр. 
Кімнің халқына ұран тастайды? Есім ханның, Жиембет жыраудың халқына... Демек, қазақ халқына. 
М.Өтемісұлы «Ұлы арман»: 
Алаштағы жақсыдан 
Батасын алып, дәм татып, 
Түлкідейін түн қатып, 
Бөрідейін жол тартып, 
Жаурынына мұз қатып, 
Жалаулы найза қолға алып, 
Жау тоқтатар күн қайда?! [2,166]. Бұл өлеңде де «алаш» ұғымы «халық» мағынасында қолданылған. 
Халықтан, халық ақсақалдарынан бата алып, жауға  қарсы шығып, жауға тойтарыс  беретін күнді арман 
еткен ұлы арманын айтқан. 
«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны»: 
Біз бір енеден бір едік, 
Бір енеден екі едік. 
Екеуіміз жүргенде 
Бір-бірімізге ес едік. 
Бір енеден үш едік, 
Үшеуіміз жүргенде, 
Толып жатқан күш едік. 
Бір енеден бес едік, 
Бесеуіміз жүргенде, 
Алашқа болман деуші едік [2,173]. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
13 
Шернияз Жарылғасұлы «Сөйлейін сөзді термелеп»: 
Шалқыған заман бар еді, 
Іздегенің табылған. 
Малдан есеп берген соң, 
Шыр айналып жүрген соң, 
Аузы ала Алашым 
Сол күндерді сағынған! [2,196]. Аузы ала Алашым 
Орынбай ақын «Ассалаумағалейкүм, батыр Ерден» 
Ассалаумағалейкүм, батыр Ерден, 
Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы керден. 
..................... 
Қазақтың қазақ иісі тұрған шақта, 
Алаштың баласына керегімсің [2,203]. 
Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 
......................... 
Аузына кәпір қаратты 
Дін мұсылман алашты [2,220]. 
Шынияз Шанайұлы «Халінен баяндайын заманымның»: 
...................... 
Сөйлейін мұнан кейін Мұса ханнан, 
Басым бос кете алмадым тұсағаннан. 
Әлеумет, құлақ салып тыңдасаңыз, 
Айтайын ертеде өткен үш анадан. 
Арғы атаң-Майқы менен Алаш еді, 
Сақаба Әнес ата баласы еді. 
Бірлік сөз осы күні қайдан болсын, 
Бұрынғы төрт имам да талас еді. 
 
Үлкені Алаш байдың Үйсін еді, 
Жақсыға жұмыла халық сүйсінеді. 
Жер кетіп, ел күмәнді болған заман, 
Мұны ойлап қара халық түйсінеді. 
 
Ортаншы Алаш байдың Арғын еді, 
Арғыннан батыр туған Тарғын еді. 
Әкімге ашуланса, қол көтерген, 
О дағы қазақ әдет бар күн еді. 
 
Кенжесі Алаш байдың Алшын еді, 
Нарынды баса қонған халқым еді. 
Байұлы он екі ата бері ауғанда, 
Жаппас пен Сырда қалған Алтын еді. 
 
Болғанда атам Алшын, Кіші жүзбіз, 
Сөйлесе, айтқан сөзге түсінерміз. 
Нарындай мекен еткен қонысты алса, 
Кенедей бірден-екі кішірерміз [2,227]. Алаш атауының шығуын Алаша (Алаш) ханмен байланыстыр-
ған өлең жолдарының төмендегі аңызбен сәйкестігін байқаймыз: 
Алаштың  үш  жүзі.  Есте  жоқ  ескі  заманда  Сыр  бойында  отыз  екі  баулы  (рулы)  елді  билеген 
Қызыларыстан  атты  хан  болса  керек.  Күндердің  бір  күнінде  Қызыларыстанның  жорықта  олжа  болған 
әйелінен ерекше бір ұл бала туады. Баланың тұла бойы алапес болса керек. Қызыларыстан хан баласының 
алапес  болып  туғанын  жаман  ырымға  балап,  Бетбақтың  шөліне  апарып  тастайды  (аңыздың  келесі  бір 
нұсқасында Сырдың суына ағызып жібереді). Тағдыр жазып алапес балаға перзенттен  зарығып жүрген 
бір пақыр тап болып, асырап алады. Бала ақылына қайраты сай жігіт болып ержетеді. Төңірегіне даңқы 
жайылып, Алаша атанады.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
14 
Алашаның даңқы Қызыларыстан ханға да жетеді. Содан, хан өзінің қараша биі Қотанмен ақылдасқан 
екен (аңыздың кейбір нұсқасында Майқы бидің де аты аталады), Қотан би: «Нағыз ер болса, елге қорған, 
жұртқа  пана  болар,  ордаға  шақырайық»,  -  деп,  Үйсін  деген  үлкен  ұлының  жанына  жүз  жігіт  қосып 
аттандырады.  Үйсін  Алашаны  іздеп  тауып,  таныс-біліс  болған  соң,  сонда  қалып  қояды.  Келесі  жолы 
Қотан би Ақжол (Болат деп те айтылады) деген баласының жанына жүз жігіт қосып аттандырған екен, 
олар да Алашаның жанында қалып қояды. Қотан би үшінші жылы Алшын деген кіші ұлының жанына 
жүз  жігіт  қосып  аттандырған  екен,  олар  да  Алашаның  жанында  қалып  қояды.  Қотан  би  үшінші  жылы 
Алшын деген кіші ұлының жанына жүз жігіт қосып аттандырса, олар да қайтпапты. 
Сөйтіп,  Алашаға  келіп  қосылған  үш  жүз  жігіт  үлкен  күшке  айналып,  төңірегіне  ықпалын  жүргізіп, 
өсіп-өнеді. Алаша хан болып, қарауындағы ел Алаш жұрты атанады. Алаш жұрты  өсіп-өне келе Үйсін 
бастаған  жүз  жігіттің  әулеттері  -  Ұлы  жүз,  Ақжол  бастаған  жүз  жігіттің  әулеттері  –  Орта  жүз,  Алшын 
бастаған  жүз  жігіттің  әулеттері  –  Кіші  жүз  болып  белгіленеді  [4,215].  Өлең  мен  аңызды  салыстырып 
қарасаңыз оқиға желісі бірдей, тіпті, есімдер де өзгеріссіз қолданылғын. 
Кердері Әбубәкір «Заманым бұлай болған соң» 
......................... 
Сөйлей көр, тіл мен көмейім, 
Бұлайша демей, не дейін. 
Көрген алаш көз салсын, 
Көлденеңдеп желейін [2,371]. 
«Өткен иманшылық заманды жоқтап» 
................... 
Кешірсе сені Рахманың, 
Дүниядағы қатаның, 
Қараңғы көрге кіреді. 
Ажал жетсе, ер өлсе, 
Періште келер сұрауға. 
Көшіп Алаш жөнелсе, 
Бір Алланың бергені, 
Мүңкір-Нәңкір сауалын, 
Біліп пенде бере алса. 
Жауабын берер тоқтамай, 
Көңілі-хақ, діні-пәк, 
Мұсылман болып жаралса? [2,378] 
Шәңгерей ақын «Таудағы тас ұядан»: 
............... 
«Менмін» деген – сол менмін, 
Жалпылама,алаш, әр заман. 
Қиямет, мақшар таң туса, 
Өзім қайта «мен» болып 
Мен болармын қайтадан [5,133]. 
Балуан Шолақ «Ғалия»: 
................. 
Ерейменнің түбінде сегіз ағаш, 
Сені маған телиді көрген алаш
Аға, жеңгең бас болып қорыса да, 
Амандасып қалушы ең таңмен талас [5,274]. 
Ергөбек Құттыбайұлы «Сәлем де туған елдерге» 
.....Жесір қатын, жетім қыз 
Көшеде жүр сандалып, 
Тіленіп өткен-кеткеннен: 
«Бар ма, -деп, - бір пұл бересі?!» 
Алты сан алаш бұзылып, 
Адамдар аштан өлесі. 
Аштан өлген мүрдені 
Адамдар болмай көмесі, 
Ит пен құсқа жем болды [3,280]. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
15 
Не манаптың денесі! Алты сан алаш тіркесі алты тайпадан құралған қауым, халық туралы айтып тұр. 
Кеген тас жазуында «алты бөріг» («алты қасқыр») деген сөздің «алты алаш» мағынасын беретіні жөнінде 
(үйсін, қаңлы, қырғыз, хақас, татаб-татар, сяньби-ғұн тайпалары) ғылыми болжамдар бар. ...Шежірелердің 
бірінде Алашқа өзбек, түркімен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, ноғай жатқызады (ҚЭС І, 246). Алаша (Алаш) 
хан – халық аңызы бойынша «Алты алашты» құраған тайпалардың түп атасы (ҚЭС І, 248).  
Р.Сыздық  «Сөздер  сөйлейді»  еңбегінде  Махамбеттің  өлеңдерінен  мысал  келтіре  отырып  алты  алаш 
тіркесін былай түсіндірген: « ... О баста алты алаш – ХІІІ ғасырдың бас кезінде, тегі, монғол шабуылына 
қарсы ұйымдасқан алты тайпадан: қыпшақ, найман, қаракесек, алшын, қоңырат, жалайыр – тайпаларынан 
құралған  одақты  білдірген.  Кейін  бұл  одақ  алты  сан  алаш  деген  атпен  Жошы  ұлысының  қарамағына 
кірген [1,34]. 
Әсет Найманбаев «Болжаусыз осы екен ғой өлім деген» өлеңіндегі  
...Алашқа атым шыққан Әсет ақын [6,287] жолдарында «алаш» ұғымы «қазақ» ұғымымен синонимдес 
қолданылған.  
Жоғарыда  келтірілген  деректерге  сүйене  отырып,  қазақ  тілінде  «Алаш»  тұжырымын  (концепт  [7,5]) 
қолданылуының кезеңдерін былайша жіктеуге болады: 

 
Ауыз әдебиетінде қолданылуы; 

 
Хандық дәуір әдебиетінде (жыраулар поэзиясы) қолданылуы; 

 
Ағартушылық кезең (Абай, Шоқан т.б.)  

 
1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс кезеңіндегі әдебиетте қолданыс табуы; 

 
1920ж кейінгі («Алашорда» құрылғаннан кейінгі) әдебиетте қолданылуы; 
Демек, «Алаш» атауы әр дәуірде әр түрлі мағынада қолданылған. Халық өмір сүру дәуіріне, ортасына 
қарай  оны  өзінше  түсініп,  өзінше  бір  мағынада  жұмсап  отырған.  Алаш  атауының  хандық  дәуір 
әдебиетінде қолданылуын, беретін мағынасын былайша көрсетуге болады: 
 
Хандық дәуір әдебиетінде «Алаш» тұжырымының қолданылуы:  Мағыналары: 
 
 
Жыраулар шығармаларындағы «Алаш» (ХV-XVIII ғғ.) 
 

 
Жат ел, жау  

 
Өз елі, өз жұрты 

 
Қазақ қауымы 

 
Алаша хан 

 
Халық 

 
Алты тайпадын құралған одақ 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1
 
Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді (Сөздердің қолданылу тарихынан), 2-басылуы. – Алматы, «Санат», 1994. 
2
 
Жеті ғасыр жырлайды: екі томдық. - Алматы: Жазушы, 2004. 2-том. – 528 б. 
3
 
Батырлар жыры, 6-том. Тарихи өлең-толғаулар, дастандар. – Алматы: Жазушы, 2008. – 288 б. 
4
 
Сейдімбек  А.  Қазақтың  ауызша  тарихы:  шежірелік  деректерді  пайымдау.  Зерттеу.  –  Астана:  Фолиант, 
2008. – 728 б. 
5
 
Жеті ғасыр жырлайды: екі томдық. - Алматы: Жазушы, 2004. 1-том. – 400 б. 
6
 
Батырлар жыры, 7-том. Тарихи өлең-толғаулар, дастандар. – Алматы: Жазушы, 2008. – 288 б. 
7
 
Абаева М.К. Концептосфера интеллектуальной деятельности (на примере соматических фразеологизмов) // 
Вестн. КазНПУ. Сер. Филологич. – 2015. – Т. 1. №4(54). - С. 5-8. 
 
Резюме 
ПЕРВЫЕ ПЕРИОДЫ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ НАЗВАНИЯ "АЛАШ" В КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ 
Асанова Г.Н.
 1

1
Казахский Национальный педагогический университет имени Абая 
В  статье  исследована  концепция  "Алаш".  В  сегодняшнем  обществе  многие  используют  слово  "Алаш",  однако 
они  не  имеют  никокого  представление о  его  появлении  и о том,  как оно вошло  в  употребление. Было множество 
мнений и иследований между учеными о появлении слова "Алаш", но все ровно нет еще одназначного мнения. По 
этим причинам, стоит вопрос об определений использовании понятия "Алаш". 
Автор рассмотривает особенности смысла "Алаш" в сознание (понятие) Казахов. Рассматривается происхожде-
ния данного слова как редко используемое слова, и распределения по периоду (этап) изменение (значимости) смысла 
"Алаш".  Описано  смысловые  противоречие  значимости  "Алаш".  Сделаны  выводы  что  значение  "Алаш"  тесно 
связано  с  историей,  познани,  духовной  и  традиционной  культурой  Казахского  народа.  В  статье  характеризуется 
название и понятия "Алаш". 
Ключевые слова: Алаш, концепт, народ, Казах, сознание, жырау 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
16 
Summary 
THE FIRST PERIOD OF USING OF THE NAME "ALASH" IN THE KAZAKH LANGUAGE 
Asanova G.N.
1

1
Kazakh National Pedagogical University named after Abay 
The article studies the concept of “Alash”. In our modern society million people use the word “Alash”, although they have 
no idea on history and on usage of this word. A lot of scientists have made researchers on it, but did not reach consensus. It is 
for these reasons that the question on definition of word “Alash” is extremely necessary. 
Author research particular  sense “Alash” consciousness (concept) of Kazakhs. We consider  the origin of the  word as a 
word rarely used, and the period of the distribution (step) change (the significance of) the meaning of "Alash". Describes the 
importance of semantic contradiction “Alash” .It is concluded that the value of “Alash” is closely connected with the history, 
consciousness, spiritual and traditional culture of the Kazakh people. The paper is characterized by the name and the concept 
of “Alash”.  
Key words: Alash, concept, people, Kazakh, consciousness, bard 
 
МРНТИ 16.21.27 
 
А.А. Баймурзина
1
 
 
1
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 
Алматы қ., Қазақстан 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨПТІЛДІЛІК ҒЫЛЫМ ПРИЗМАСЫ АРҚЫЛЫ 
 
Аңдатпа 
Мақалада  Қазақстандағы  көптілділік  ғылым  призмасы  арқылы  қарастырылады.  Кіріспе  бөлімде  көптілділіктің 
мемлекет,  жалпы  қоғам  үшін  маңызы  туралы,  ғылымда  атқаратын  қызметі  жайында  және  тілдерді  сақтау,  қолдау 
қажеттігі баяндалады. Президент Жолдауындағы Қазақстандағы тілдердің мәртебесі мен қызметі жайындағы сөздері 
келтіріліп,  әрі  қарай  оның  мәні  ашыла  түседі.  Негізгі  бөлімде  көптілділікке  қатысты  ғалымдардың  пікірі  мен 
тұжырымдары  келтіріледі.  Сонымен  қатар,  Қазақстандағы  көптілділік  ерекшеліктері  де  ғалымдар  пікіріне  сүйене 
отырып  аталып  өтеді.  Еліміздегі  көптілділіктің  тілдік  саясат  арқылы  қолдау  табуының  көрінісі  -  үштұғырлы  тіл 
идеясы турасында баяндалады. Қорытынды бөлімде көптілділіктің ғылым призмазы арқылы қарастыру қазіргі таңда 
өзекті  мәселелердің  бірі  екендігі  сөз  болып,  сонымен  қатар  қазақ  тіл  білімінің  шығар  биігінің  практикалық  та, 
теориялық та маңыздылығын арттырары сөзсіз екендігі айтылады. 
Түйін сөздер: көптілділік, үштүғырлы тіл, Президент Жолдауы, лингвистикалық зерттеулер 
 
Мемлекетіміздің  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстан  халқына  арналған  Жолдауында:  «Қазақстан 
бүкіл  әлемге  үш  тілді  пайдаланатын  жоғарғы  білімді  ел  ретінде  танылуы  тиіс.  Бұлар:  қазақ  тілі  – 
мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағы-
дай кірігу тілі» деп атап өткен болатын [1]. Осыған байланысты түрлі пікірлер айтылса да, негізгісі «тіл» 
қарым-қатынас  құралы  екені  белгілі.  Оған  қатысты  ресейлік,  шетелдік,  әрине  қазақ  тіл  біліміне  үлес 
қосқан, қазіргі таңда да көптеген зерттеулер жүргізіп жатқан ғалымдардың пікірлерінен нақты мысалдар 
келтіруге болады.  
К.Замятин,  А.Пасанен,  Я.Саарикиви  өз  еңбектерінде  атап  өткендей:  «язык  отражает  культуру  –  и 
каждый  язык  уникален,  потому  что  народы,  их  культурные  традиции,  условия  жизни  и  картины  мира 
различаются.  Требование  единого  мирового  языка  или  отбор  языков  означало  бы  нивелирование 
культурных различий между народами, отказ от культурного богатства» [2, 5]. 
Тіл арқылы халықтың мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін білесіз. Сондықтан да тілдің 
адамзат өмірінде атқаратын қызметі орасан екені даусыз. Бұған дәлел ретінде бүгінгі таңда көпұлтты, көп 
дінді  Қазақстан  Республикасының  тілдік  саяси  концепциясында  сипатталғандай  қалыптасқан  тілдік 
жағдаят  мәдени-тілдік  дамуы  жағынана  қиын  кезеңді  бастан  кешіп  отырғаны  белгілі.  Дегенмен  тілдік 
саясат идеясының өзегі болып барлық құжаттар бірнеше тілде болуы замануаи талаптардың бірі. 
Қазақстандағы көптілділікке жан-жақты талдау жасай келе, профессор Э.Д. Сүлейменова: «полиязы-
чие  Казахстана  –  вполне  очевидный  и  реальный  факт»  дейді  [3].  Сонымен  қатар,  көптеген  зерттеу 
нәтижелерін сараптай келе, келесідей тұжырым жасайды:  «чем менее диаспора сохраняет свой  этниче-
ский язык, тем меньше среди них билингвов с казахским и русским как вторыми языками, и наоборот, 
чем лучше сохраняет диаспора свой этнический язык, тем больше среди них дву- и полиязычных». Бұл 
тұжырымнан  шығатын  қорытынды  –  елдегі  көптілділік  пен  тілдердің  алуантүрлілігін  сақтағымызды 
ойласақ, этникалық тілдерді қолдап, олардың дамуына жол ашумыз қажет [3].  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
17 
Белгілі  ғалым  Г.Шухардт  тілдіердің  тарихи  дамуында  тілдік  қатынастардың  атқаратын  қызметіне 
алғаш  көңіл  бөлгені,  ғалым  Н.Я.  Марр  тілдер  байланысын  «тілдердің  тоғысуы»  деп  атап,  оны  тілдік 
эволюцияның  бірден  бір  факторы  ретінде  сипаттады.  Тағы  айтар  болсақ,  фанцз  ғалымы  А.Мартине, 
американ ғалымы У.Вайнрайх [4, 40] өз тілдерінде латынның contact сөзі негізінде «языковые контакты», 
тілдік қатынас терминін енгізді. Бұдан айтпағымыз, көп ұлт, халық, ұлыс жүрген жерде, қоғамда тілдік 
қатынас – болмай қоймайтын құбылыс. 
Тіл  қандай  болса,  сол  тілде  сөйлеуші  халықтың  да  санасы  белгілі  бір  деңгейде  сол  дәрежеде  деп 
есептеледі. “Адам өз туған тілінің призмасы арқылы ғаламды түрліше көреді” дәлелдемесі Э.Сепир мен 
Б.Уорф  ықтимал  лингвистикасы  теориясының  негізінде  жатыр.  Олар  орта  еуропалық  (батыс)  мәдениет 
пен басқа мәдени әлем (жеке алғанда, Солтүстік Америка үндістері) арасындағы айырмашылық тілдегі 
айырмашылықтарға негізделетінін дәлелдемек болды.  
Ю.Д.  Апресян  бұл  лингвистикалық  ықтимал  теориясы  туралы  “тамаша  болжамды”  дәлелдеу  қиын 
деген пікір білдіреді. Тіл әр тілдің призмасы арқылы көрінген әлем бейнесінің бейнелену формасы ғана 
емес, қабылдау, есте сақтау, қайта құру үрдісіне тікелей байланысы бар, әрі құрушы, әрі ұйымдастырушы, 
әрі дамытушы қызметі тұрғысынан санамен қатысты қаралады. Қазіргі заман тіл білімі – дамудың биік 
шыңына көтеріліп келе жатқан кең салалы, көп тармақты ілім екенін дәлелдейді. Ал мұндай ілімге қол 
жеткізуде көптілділіктің, оны зерттеудің орны ерекше. 
Ұлттық  сана-сезім  негізінде  тлдік  сана-сезім  қалыптасады,  бұл  арқылы  адам  өзінің  тілін  өзі 
анықтайды.  Адамның  өзі  тілін  анықтауы  сол  төл  тіл  атауын  білуден  басталады  да,  өзге  тілдерден 
дараланатын белгілерін танумен жалғасады. Тіл тану үдерісі, тіпті ана тілінің қыры-сырын танудың өзі 
өмір бойы, үзіліссіз жүреді. Тілдік қатынас жағдайында көптілділік – екі не одан да көп тілді қоғамның 
қажеттілігі, сол өмірлік қажеттіліктің өтемі, қоғамдық, тарихи категория. Көптілділік – адамзат қоғамына 
тән, жалпыға ортақ әлеуметтік лингвистикалық құбылыс [4, 42]. 
Мемлекетіміздің  өзге  елдермен  қарым-қатынасының  арқасында  қазіргі  таңда  жетіп  жатқан 
жетістіктері қаншама... Ал сол жетістіктерге қол жеткізу үшін өзге тілді меңгеру қажеттілігі күннен күнге 
маңыздылығы артпаса кемімесі анық. Бүгінгі таңда үш тілден, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен өзге, 
тағы да басқа тілдерді білу біздің қоғамымызға, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосары сөзсіз. 
Ең бастысы көптілділік адамның есте сақтау, ойлау қабілетін арттырып, зейінді, тапқыр болуына тигізер 
әсері зор екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. 
Көптілділік  біздің  елімізде  Елбасының  «үш  тұғырлы  тіл»  саясатынан  бастау  алған.  Осыған  орай 
бүгінгі  таңда  қоғамымыздың  қай  саласы  болмасын  көптілді  мамандардың  қажеттілігі  артуда.  Оның 
өзіндік  себептері  бар.  Мысалы,  халықаралық  байланыстың  арқасында  қаншама  жастар  өзге,  дамыған 
елдерге  барып  білім  алу  мүмкіндіктері  жылдан  жылға  өсіп  келеді.  Жоғарғы  оқу  орындарының 
студенттері  түрлі  бағдарламамен  өзге  мемлекеттерде  білім  алып,  білімін  шыңдап,  ғылымымыздың 
дамуына зор үлес қосып жатса, ол осы елбасының саясатының арқасы деп білеміз. 
Көптілділіктің, нақты айтар болсақ елбасының тіл саясатының арқасында, халықаралық жобалардың 
күн санап артуының арқасында қазақ тіл білімінің дамуының да өзіндік орны бар екені аян. 
Оған дәлел ретінде мынаны айтқымыз келеді. Өз тілімізді зерттеу барысында өзге тілдермен салысты-
ра  қарастыруға  үлкен  мүмкіндікке  ие  болу  үшін,  алдымен  ана  тілін  білу,  ана  тілінің  табиғатын  толық 
меңгеру қажеттілігі маңызды. Яғни, өзге тілдерді біле отырып, ана тілін толық меңгеру мүмкіндіктерін 
туғызары  анық.  Қазіргі  тіл  ғылымында  екі  және  одан  да  көп  тілдердің  арасындағы  ұқсастықтар  мен 
қайшылықты  тұстарын  қарастырған  зерттеулердің  күн  санап  артып  келе  жатқаны  және  тілге  қатысты 
болғандықтан  да,  міндетті  түрде  тарихы,  мәдениеті  мен  салт-дәстүрі  де  қарастырылатыны  белгілі. 
Сондықтан  да  көптілділіктің  ғылымда  атқаратын  маңыздылығы  жайында  ерте  кездегі  ғалымдардың 
тұжырымдамалары  күні  бүгінгіге  дейін  маңыздылығын  жоғалтпақ  емес,  керісінше  қазіргі  жаһандану 
заманында өзекті десек болар. 
Көрнекті ойшыл, өз замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ Әл-Фараби бабамыздың 76 
тіл білгенін айтар болсақ, ал Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев және т.б. көптеген ғұламаларымыздың 
бірнеше тіл білгендігі біз үшін мақтаныш екенін жасыра алмаспыз. Мақтанып қана қоймай, соған ұмтылу 
керек екенімізді ескерген жөн. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮІІ сессиясында: 
«Елдің  түрлі  өңірлерінде  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  оқыта  отырып,  үш  тұғырлы  тіл  саясаты 
бойынша жұмыс істеуге тиіс» - делінген болатын [5]. 
Лингвистика  ғылымы  соңғы  жылдары  көптеген  жаңа  бағыттарды  қамтып,  ғылыми-теориялық  және 
практикалық  жағынан  кең  өріс  алып,  дамып  келеді.  Мұндай  бағыттар  қазіргі  өмір  талабы  мен  уақыт 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
18 
сұранысына сәйкес пайда болып отырғаны белгілі. Бұған дейін біз бір тілге көңіл аударып келсек, қазір 
заман  талабына  сай  жаңа  салаға,  жаңа  бағытқа  -  когнитивтік  лингвистикаға  айрықша  көңіл  аударып 
келеміз. Когнитивтік лингвистика – тіл білімінің қоғамдық-әлеуметтік орны мен рөлінің күшеюіне орай, 
адамзаттың ой  мен тіл, сана  мен ойлау, таным мен  тілдік қарым-қатынас үрдістердің бірлескен әрекеті 
нәтижесінде тілші-ғалымдар алдында жаңа идея, тың ізденісті қажет ететін сала. Сонымен қатар, бұл сала 
қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  салғастыра  отырып,  бір-бірімен  салыстыра  да,  салғастыра  да  үйрету 
принципіне негізделген [6]. 
Қорыта айтпағымыз, көптілділіктің ғылым призмазы арқылы қарастыру қазіргі таңда өзекті мәселелер-
дің бірі, сонымен қатар қазақ тіл білімінің шығар биігінің практикалық та, теориялық та маңыздылығын 
арттырары сөзсіз. Өйткені қазіргі заманауи талаптардың бірі екені даусыз.  
Қазіргі таңда қоғам талабына сай көптіліктің алар орны ерекше. Кез келген кәсіпте көптілді мамандар 
аса қажет болып табылатынын жоғарыда айтып өттік. Ал ғылыми тұрғыда, әсіресе тіл білімінің зерттеу 
нысанының кеңейіп, түрлі зерттеу бағыттары, мысалы, әлеуметтік лингвистика, контрастивтік лингвисти-
ка,  когнитивтік  лингвистика  т.б.  көптеген  салаларының  зерттеу  нысанына  айналған  көптілік  көптеген 
жоғары  оқу  орындарында  өзіндік  орын  алғаны  белгілі.  Сонымен  қатар  түрлі  мамандықтардың  базалық 
пәндерінің бірі болғандықтан келешек мамандардың да қызығушылығын арттыруда. Оған қоса айтары-
мыз, мәденитаралық қарым-қатынас барысында да көптілділіктің орасан зор қызметі дәлел болары сөзсіз. 
Ғалымдардың  ғылыми  зерттеулері,  түрлі  конференциялар  мен  жиындарда  көптілділікке  қатысты 
көптеген мәселелер көтеріп жатқаны да тақырыптың өзектілігін айқындап тұр. 
  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1
 
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – Ана тілі. – 2007. 
– 2-4 бб. 
2
 
Замятин  К.,  Пасанен  А.,  Саарикиви  Я.  Как  и  зачем  сохранять  языки  России?  /  Отв.ред.  Я.Саарикиви.  – 
Хельсинки: Vammala, 2012. – 179 с.  
3
 
Сулейменова  Э.Д.  Полиязычие  и  языковой  сдвиг:  к  характеристике  языковой  ситуации  в  Казахстане  // 
Международная  конференция  «Ахановские  чтения»  по  эгидой  МАПРЯЛ:  Материалы  докладов  и  сообщений.  – 
Алматы: Қазақ университеті, 2008. – С. 52-62. 
4
 
Вайнрайх У. Одноязычие и многоязычие // Новое в лингвистике. Вып. VІ. Языкове контакты. – М.: Прогресс, 
1972. – С. 40-42.  
5
 
«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы – «Егемен 
Қазақстан» – 2012. – 5-6 бб. 
6
 
Алишариева А.Н. Қазіргі лингвистикадағы қостілділік құбылысы // ҚазҰПУ хабаршысы. «Филология ғылымда-
ры» сериясы – 2015. – №3(53). – С. 4-8. 
 
Резюме 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал