Т. С. Тебегенов филололоия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.41 Mb.

бет2/34
Дата02.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Ключевые слова: метафора, теория метафоры, художественный текст 
 
Summary 
METAPHORIZATION OF WORD MEANING 
G.B. Alambayeva
1
, E.O. Artykova

1
 Al-Farabi KazNU, Almaty, Kazakhstan 
2
 Al-Farabi KazNU, Almaty, Kazakhstan  
The article deals with the theory of metaphor. In language, a metaphor is defined as an indirect comparison between two 
or  more  seemingly  unrelated  subjects  that  typically  uses  “is  a”  to  join  the  subjects.  Metaphor  is  a  figure  of  speech  which 
makes  an  implicit,  implied  or  hidden  comparison  between  two  things  that  are  unrelated  but  share  some  common 
characteristics.  In  other  words,  a  resemblance  of  two  contradictory  or  different  objects  is  made  based  on  a  single  or  some 
common characteristics. Metaphor brings forth the unique human ability to create and transmit ideas through the manipulation 
of language. As the tool of showing of conceptual picture of the world, metaphor is always based on the national mentality. 
Stylistic approaches to metaphor used to take metaphor as one of the most important rhetorical figures of speech which could 
characterize a particular style.  
Key words: metaphor, theory of metaphor, literary text. 
Алмабаева Гульнур Болатовна, Артыкова Еркеш Уразахуновна Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушылары 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 

МРНТИ 14.33.09 
 
М.Ж. Алтынбек
1
  
 
1
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ. Қазақстан 
 
КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ 
 
Аңдатпа 
Мақалада  коммуникативтік  құзыреттілікті  дамытудың  әдіснамалық  негіздері  қарастырылады.  Оқушылардың 
коммуникативтік  құзыреттілігін  дамыту  оқу  іс-әрекетінің  мазмұнына,  ұйымдастыру  формасына,  әдіс-тәсілдеріне, 
технологиясына тікелей байланысты болғандықтан, іс-әрекет тұғырын басшылыққа алдық. Оқу барысында оқушы-
лардың ой-санасын дамытуға бағытталған тапсырмалар құру және мазмұнын жасау; қарым-қатынасқа әрбір баланың 
жеке  қатысуы  негізінде  педагогикалық  әрекетті  ұйымдастыру;  түрлі  белсенді  іс-әрекеттерді  ұйымдастыру  арқылы 
оқушылардың  қызығушылықтарын  арттыру;  оқу  тапсырмаларын  түсінуге,  қолдануына,  білікті  болуына  бағыттап 
құру оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытудың негізгі әдістері болып есептелінеді. Оқушылардың 
коммуникативтік  құзыреттілігін  дамытудың  теориялық  үлгісін  мотивациялық,  когнитивтік  және  іс-әрекет  компо-
ненттерінің  бірлігінде  қарастырып,  коммуникативтік тапсырмаларға  қызығуы,  коммуникативтік білім,  коммуника-
тивтік біліктілік өлшемдері мен көрсеткіштері негізінде теориялық үлгісі анықталады.  
Түйін  сөздер:  құзыреттілік,  кәсіби  құзыреттілік,  коммуникативтік  құзыреттілік,  әдістеме,  тапсырма,  оқыту, 
оқушы, педагогика 
 
Білім  мен  ғылым  саласында  біршама  өзерістер  пайда  болғандығы  бәрімізге  аян.  Оның  бірден  бір 
дәләлі  -  «Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы».  Оқу жүйесіндегі басты  талап оқу  материалдарын  оқушылардың дайындық 
деңгейлеріне  қарай  сұрыптап  ұсыну,  сабақтың  типі  мен  түрін  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  таңдау, 
мақсаттарды және күтілетін нәтижені анықтау, оқу біліктілігін жетілдіру болып табылады. 
Бұның  өзі  педагог  мамандардың  шәкіртті  оқытуда,  білім  беруде,  тәрбиелеп  өсіруде  белгілі  бір 
құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Құзіреттілік дегеніміз – кез-
келген тұлғаның алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық 
және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Қазақ тілі сабақтарында оқушылар-
дың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда қатысымдық әдістің маңызы зор. 
Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, күш-жігердің болуы. Құзыреттілік 
ең алдымен мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Құзіреттілік – оқушының алған білімі мен дағдыла-
рын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін 
қолдана алу қабілеттілігі. Оқушылар қарым-қатынас моделдерін, мәдениет образдары мен символдарын 
білулері керек. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру 
мен дамытудың маңызы зор.  
«Коммуникативтік құзыреттілік» – қажетті тілдерді, қоршаған ортамен және оқиғалармен әрекеттес-
тікте  болу  тәсілдерін  білуді,  топта  жұмыс  жасау  дағдыларын,  ұжымдағы  әр  түрлі  әлеуметтік  рөлдерді 
меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жазып, анкета толтырып, арыз жазып, мұғалімге сұрақ қойып, айналасын-
дағы  адамдармен,  сыныптастарымен  пікір  таластыра  білуі  тиіс.  Педагог  маман  өз  оқушыларының 
осындай  қабілеттерін  қадағалап,  коммуникативтік  құзыреттілігінің  ары  қарай  дамуына  барынша  үлес 
қоса  білуі  керек.  Коммуникативтік  құзыреттілік  оқушының  рухани  өсуін  қалыптастырады,  адамдарды 
түсіне білуіне көмектеседі. 
Құзыреттілікті жалпы кәсіби құзыреттілік және арнайы кәсіби құзыреттілік деп үлкен екі топқа бөліп 
қарастырамыз.  Жалпы  кәсіби  құзыреттілік  –  маманның  жалпы  кәсіптік  білімін,  қабілеті  мен  дағдысын, 
өмірлік тәжірибесін анықтап, ғылыми-зерттеушілік, ұйымдастырушылық және коммуникативтік қабілет-
терін қарастыратын болса, арнайы кәсіби құзыреттілік белгілі бір мамандық саласы бойынша өз маман-
дығына сәйкес білімге дайындығы мен оған ұмтылуы арқылы айқындалады. 
Кәсіби  құзыреттілікті  коммуникативтік  құзыреттілік,  ақпараттық  құзыреттілік,  регулятивті  және 
интелектуалды  педагогикалық  құзыреттілік  түрлеріне  бөліп  қарастыруға  болады.  Коммуникативтік 
құзыреттілік – кәсіби интегративтік қасиет болып есептелінеді. Оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық 
тұрақтылық,  экстоверсия,  тікелей  және  кері  байланысты  ұштастыру,  тыңдай  білу,  марапаттай  білу, 
сыпайылық  секілді  қабілеттерін  жатқызамыз.  Аталмыш  қабілеттерді  өз  бойына  сіңіре  білген,  оны  іс-
тәжірибеде көрсете алатын маман ғана  «құзыретті маман» болып есептелінеді. Сондай-ақ, қазіргі таңда 
оқушылардың да құзыретті болуы өте маңызды. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 

Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, өзге адамдарды түсіне 
білуіне  көмектеседі.  Сондықтан  мұғалім  алдына  мақсат  қоя  білетін,  анық  әрі  нақты  шешім  қабылдай 
алатын, дұрыс сөйлей білетін, өз ойын еркін жеткізе алатын, өмірге құштар, қызығушылығы мол тұлғаны 
өмір жолына аттандыра білуі керек. 
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда мына әрекеттерді қолданамыз: 
-
 
Сұрақ-жауап 
-
 
Диалог 
-
 
Қатысым 
-
 
Жазылым  
Бұл  әрекеттер  коммуникативтік  құзыреттілікті  дамытудың  алашқы  баспалдағы  болып  есептелінеді. 
Себебі,  бұл  әрекеттерді  мұғалім  барлық  сабақтарда  мүмкіндігінше  қолдана  алады.  Коммуникативтік 
құзыреттілікті  дамыту  мақсатында  жүргізілетін  бұл  әрекеттерден  оқушылардың  сөйлеу  тілін  дұрыс 
меңгеруге;  қатысым  және  жазылым  қарым-қатынасын  қалыптастыруға;  сонымен  қатар,  тұлғаның 
құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін байқауға болады. 
Осыған  байланысты  педагог-ғалым  Ф.Ш.  Оразбаева  қатысымдық  әдістің  өзіндік  белгілерін  көрсете 
отырып, оған мынадай анықтама береді: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей 
қарым-қатынасы  арқылы  жүзеге  асатын,  белгілі  бір  тілде  сөйлеу  мәнерін  қалыптастыратын,  тілдік 
қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын, тіл 
үйретудің  тиімді  жолдарын  тоғыстыра  келіп,  тілді  қарым-қатынас  құралы  ретінде  іс  жүзіне  асыратын 
әдістің  түрі»  [1,39].  Расында  да,  мұғалімнің  оқудағы  құзіреттілікке  мотивация  беруі  оқушылардың  ой-
қорытынды жасауына, өз ойын айта білуіне, оны күнделікті өмірде пайдалана білуіне көмегін тигізеді. 
Тұлғаның  коммуникативтік  құзыреттілігі  тыңдалым,  оқылым,  жазылым,  айтылым  секілді  сөйлесім 
әрекетінің  түрлерінен  көрінеді.  Жоғарыда  аталған  сөйлесім  әрекеттерінің  ішінде  тыңдалым  әрекеті 
коммуникативтік  құзыреттілікті  дамытуда  маңызды  рөл  атқарады.  Оқушы  тыңдау  арқылы  қажетті 
мәліметтер жинайды және алынған ақпараттарды белгілі бір әрекетте қолдана алады: шығарма жазады; 
белгілі бір тақырып бойынша монолог құрастыруы мүмкін немесе диалог жасау арқылы өзге оқушылар-
мен қарым-қатынас орната алады [2,208]. 
Ғалым  Ф.Ш.  Оразбаева  сөйлесім  әрекетінің  төрт  түрін  сараптай  келе,  сөйлесім  әрекетінің  барлық 
түрлерін  қамтитын  және  олардың  іс  жүзінде  қолданылуына  мүмкіндік  жасайтын  «тілдесім»  әрекетін 
ұсынады.  Тілдесім  –  айтылым  және  жазылымның  өзара  бірлігінен  құралып,  қандай  болмасын  ақпарат 
негізінде  адамдар  арасындағы  тілдік  қатынасты  жүзеге  асыратын  сөйлесім  әрекетінің  түрі.  Тілдесім  – 
адамдардың  қоғамдық-әлеуметтік  өмірде  бір-бірімен  тіл  арқылы  қарым-қатынасқа  түсіп,  өзара 
пікірлесуінің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсінуі және оған жауап қайтаруы. 
«Құзыреттілік»  ұғымы  педагогика  ғылымында,  соңғы  уақытта  сан  түрлі  түсіндіріліп  келеді. 
С.Е.Шишов,  И.Агаповтың  ғылыми  зерттеулерінде  «құзыреттілік  ұғымы  жеке  тұлғаның  білімі  мен 
тәжірибесі,  іс-әрекетке  даярлығы  және  жалпы  қабілеттілігі,  тұлғаның  оқу-танымдық  үдеріске  өздігімен 
қатысуы және оның еңбек әрекетінің нәтижеге бағытталуы» ретінде анықталса [3,9], А.В.Хуторскойдің 
пікірінше, құзыреттілік жеке тұлғаның өзара байланысты сапаларының үйлесімін кұрайды. В.Н.Шамов-
тың  айтуынша,  құзыреттілік  ақиқаттың  аясындағы  білім,  білік,  тәжірибе,  саналы  бағдар  жиынтығы 
[4,158]. Бірқатар еңбектерде оны кәсіби еңбек нәтижелігін анықтайтын білім мен біліктіліктің жиынтығы, 
кәсіби  және  жалпы  мәдени  көрсеткіштердің  бірлігі  тұрғысынан  қарастырған.  И.А.Зимняяның 
көрсетуінше, білім алу нәтижесінде тұрақталған, білім мен тәжірибеге негізделген жеке тұлғаның әрекет 
жасауға дайындығы және осыған орай, жалпы қабілеттері – оның құзыреттілігі [5,38]. 
Оқушылардың  коммуникативтік  құзыреттілігі  –  өзара  әрекет  пен  қарым-қатынас  тәсілдері  туралы 
білімі, білігі және дағдысының жиынтығы болып табылады. Оқу-ағарту саласындағы өзекті мәселелердің 
бірі  –  оқушыларды  нәтижелі  қарым-қатынасқа  даярлап,  тұлғаның  коммуникативтік  құзыреттілігін 
қалыптастыру. Демек, оқушылардың тілдік қарым-қатынасын дамыту арқылы қоғамға жан-жақты дамы-
ған, белсенді, өздігінен жасампаздықпен ойлай алатын және өз ойын шығармашылықпен жеткізіп, шебер 
қарым-қатынас жасай білетін, тілдік қатысымды тиімді қолданатын оқушының коммуникативтік қабілет-
терін дамыту қажет. Коммуникативтік құзыреттілік тұлғаның оқу-танымдық, кәсіби және мәдени-таным-
дық  қызметтің  өзекті  салаларында  сөйлеу  әрекетінің  барлық  түрлерін  меңгеруге  байланысты  іс-әрекет 
жасауына мүмкіндік береді. Қазіргі қоғам сөйлегенде сөзі терең, ұшқыр ойлы, әсерлі етіп сөйлей алатын, 
кез келген ортада қарым-қатынасты орната алатын құзыретті тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.  
Педагогика  ғылымында  коммуникативтік  құзыреттіліктің  әдістемелік  аспектісін  Г.С.  Трофимова 
зерттеп, дидактикалық үдерісте оқушылардың коммуникативтік іс-әрекет тәжірибесін қалыптастырудағы 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 

мүмкіндігін анықтаған [6, 62]. Зерттеушінің ойынша, коммуникативтік құзыреттілік пен коммуникативтік 
қабілеттің  бірігуі,  ондағы  қалыптасқан  тәжірибесі  коммуникативтік  құзыреттілігінің  жоғары  деңгейге 
жетуіне ықпал етеді. Тілдік қарым-қатынастың жұтаңдығын жою қарым-қатынас ортасын ұйымдастыруға 
байланысты. Ол туралы М.Р. Львов «балаларға тілдік орта құру керек. Бұл орта баланың тілін дамытады, 
оның қандай болуы, өзінің тілінің бай және алуан түрлілігіне әкеліп тірейді» – деп тұжырымдайды [7,10-
16]. Демек,  оқушының сөйлеу ортасы өзі қатысым  жасайтын  тұрағы,  мекені,  отбасы мен мектеп болып 
табылады. Оқушы тілінің даму үдерісін мақсатты, жүйелі, жүргізу, тіл байлығын молайту ортасы болып 
табылады.  
Тілді  оқыту  -  қиын  әрі  қызықты,  үлкен  жауапкершілікті  талап  ететін  жұмыс.  Қазіргі  таңда  тілді 
оқытатын  мамандарға  қойылатын  талап  жаңа  технологиялық  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып  сапалы 
және  терең  білім  беру,  олардың  ойлау,  есте  сақтау,  көру  қабілеттерін  жетілдіру,  оқушылардың 
құзыреттіліктерін қалыптастыру. 
Нәтижелі білім беру үдерісі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін, қызығушылықтарын арттырып, 
алған білімін өмірде қолдану біліктілігін қалыптастыруды көздейді. Сондықтан, білім мазмұнын меңгеру-
дің іс-әрекеттік тұрғыдан келуі негізгі білім беру әдістерінің бірі ретінде анықталады. Оқу іс-әрекетінде 
оқу  тапсырмаларын  дұрыс  қолдану  арқылы  мұғалім  оқушылардың  коммуникативтік  құзыреттілігін 
дамытуға  түрткі  болады.  Сонымен  қатар,  оқытуда  педагогикалық  жаңа  технологияларды  қолдану 
оқушылардың  ойлау-танымдық  және  сөйлесім  әрекеті  еркіндігін  қамтамасыз  етеді.  Педагогикалық 
технологиялар  көп  түрлі  болғанымен,  оның  іске  асуының  екі  ғана  жолы  бар.  Біріншісі  –  теориялық 
негізде орындалуы, екіншісі  – тәжірибе арқылы жүзеге асуы.  Жаңа технологияларды  тәжірибе жүзінде 
теориямен  байланыстырып  дұрыс  пайдалана  алған  мұғалім  «құзыретті  маман»  болып  қана  қоймай, 
оқушыларының да құзыреттілігін дамытады. 
Қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі  компьютерлік  технологияның  негізгі  құралы  болып  табылатын 
интерактивтік  тақта  -  бұл  сабақ  барысында  оқушының  ұжымдық  жұмыс  жасауына  мүмкіндік  беретін, 
бірін-бірі толықтыратын және барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ететін оқыту құралы.  
Коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда диалогтік тіл - оқу үрдісіндегі қарым - қатынаста алдыңғы 
орын алады: ол оқытудың негізгі мақсаттарының бірі және оның маңызды құралы болып есептеледі. Оқу 
бағдарламасында коммуникативтік құзыреттілік деңгейіндегі диалогқа қойылатын ең басты талап сөйлеу 
мәдениетін  игеру.  Жұптық  технологияны  пайдалана  отырып  оқушылардың  сұрақтарды,  өтінішті, 
таңдануды,  бұйыруды  қолданып,  бір-бірімен  әңгімелесе  білуге,  мәліметтерді  нақтылауды  сұрауға, 
келіспеушілік,  толықтыру,  тілдік  материал  көлемінде  өзара  пікір  алыса  білуге  дағдыланады.  Әртүрлі 
типтегі  кішігірім  диалогтар  құрастыру  арқылы  оқушы  өзінің  ойлау  қабілетінің  жоғарылауына,  тіл 
байлығы мен зияткерлік қабілетінің дамуына ықпалын тигізеді.  
Мұғалім топтық технологияны қолдана отырып, оқушылардың белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі 
үшін сыныпты бірнеше топқа бөледі. Аудиторияны топқа бөлудің де өз шарттары бар. Оқушыларды білім 
деңгейіне  байланысты  топқа  бөлу  педагог  үшін  үлкен  қателік  болып  есептелінеді.  Топ  белгілі  бір 
тапсырмалар  арқылы  немесе  кездейсоқ  құрылуы  тиіс.  Әр  топтың  аты  мен  ұраны  болуы  қажет  және 
мұғалім  топтағы  барлық  оқушының  сабаққа  толықтай  қатысуын  қадағалауы  қажет.  Топқа  бөлінген  әр 
оқушы ақылдасады, талқылайды, өз пікірлерін ортаға салып, сол ойын дәлелдеу арқылы сыни тұрғыдан 
ойлауға  дағдыланып,  бәсекеге  қабілеттілігін  арттырады.  Бұл  технология  оқушылардың  өзіндік 
ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.  
Мұғалім  әрбір  жаңа  сабақты  бастамас  бұрын  жаңа  тақырыпқа  байланысты  кіріспе  сұрақ  қоюы 
міндетті.  Сұрақ-жауап  әдісі  –  оқушылардың  ынтасын  арттырады,  қызығушылығын  оятады  және 
логикалық ойлауын қалыптастырады.  
Ойын  технологиясына  тоқталатын  болсақ,  түрлі  әдістер  мен  тәсілдерді  пайдаланып,  педагогикалық 
жұмысты ойын түрінде ұйымдастыру оқушылардың қызықтырушылығын арттыратын бірден бір құрал 
болып  табылады.  Педагог  әрбір  сабақ  барысында  қызықты  ойындар  ойнатып,  рөлдік  тапсырмаларды 
үйлестірсе оқушының пәнге деген құштарлығы арта түспек. Рөлдік ойындардың басты қызметі шынайы, 
дайындықсыз  сөйлеуге  қажетті  ахуалды  туғызу,  оқушылардың  импровизациялық  қабілетін  арттыру. 
Ойынды өткізбес бұрын оқушылардың психологиялық дайындығын қалыптастыру маңызды компонент 
болып  табылады.  Оқушылар  ситуацияны  толық  қабылдап,  өзін  еркін  сезінуі  қажет.  Мәселен,  әдебиет 
сабағында белгілі бір әңгімені оқытып, дәл сол тұста оқушыларды рөлге бөліп, әңгіменің желісі бойынша 
көрініс құрғызу арқылы, әр оқушылардың өз кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіне қалай енгеніне байла-
нысты импровизациялық біліктілігінің қай деңгейде екендігін байқай аламыз. Сонымен, рөлдік ойындар-
ды ойнату арқылы өз кейіпкерлерінің образын сомдап тұрған оқушылардың коммуникативтік құзыретті-
лігін дамытуына барынша ықпал жасаймыз.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
10 
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, 
шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеле-
нетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда 
маңызды  мәселенің  бірі.  Ғылыми  зерттеулерге  сүйенер  болсақ,  оқушы  шығармашылығын  дамытуда 
«шығармашылық  тапсырмалар»  атауы  педагогикада  белгілі  екі  құрамдас  бөліктен  тұрады.  Біріншіден, 
оқушылар  дербес,  өз  бетімен  ойдан  жаңаны  құрастырады,  екіншіден,  жағдай  тудырушы  материалдар 
даярлап,  шығармашылыққа  икемдейтін  ересек  адамның  қатысуы  арқылы  қарастырылады.  Мұнда 
педагогке  жауапкершілік  жүктеледі,  жұмыс  нәтижесі  оның  құзыреттілігіне  байланысты.  Шығармашы-
лыққа баулу оқушы бойындағы талант көзін ашып, тілін байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге, 
коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға зор әсерін тигізбек. 
С.Ж.  Берденова  еліміздегі  орыс  тілді  жалпы  білім  беретін  мектептің  5-сынып  оқушыларының  көп 
тілділігі негізінде коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруды зерттей отырып, тұлғаның адамдар-
мен  байланысқа  түсу  біліктілігімен  түсіндіреді.  Оқушылардың  көп  тіл  білуі  адамдармен  тіл  табысуда 
өзінің мінез-құлқын бақылау, басшылыққа алу, өз  көзқарасын сауатты етіп дәлелдей алуына мүмкіндік 
береді [8,86]. 
Педагогика  ғылымының  бір  ерекшелігі  –  оқушының  құзыреттілігінің  дамуына  бағытталған  жаңа 
оқыту  технологияларын  енгізуге  ұмтылуы.  Педагогикалық  технологиялар  –  бұл  білімнің  басты 
мақсаттарымен  біріктірілген  пәндер  мен  әдістемелердің:  оқу-тәрбие  процессін  ұйымдастырудың  өзара 
ортақ  тұжырымдамамен  байланысқан  міндеттерінің,  мазмұнының,  тұрпаттары  мен  әдістерінің  күрделі 
және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушы құзыреттілігінің 
дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды [9,4]. 
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқынында оқыту барысында жаңа педагогикалық техно-
логиялық әдістер кең көлемде қолданылуы заңдылық. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары-
ның  барлығы  оқушылардың  өз  бетімен  білім  алу  дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталған.  Оқыту 
технологиясы оқу мен мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдіснамалар мен 
құралдардың жиынтығы. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы негізінде қарапайымнан күрделіге 
қарай әр түрлі технологияны пайдаланып оқушылардың білім деңгейін бақылауға болады. Сол себепті де, 
педагогикалық жаңа технология білім алушылар үшін өте қажет. Жаңа технологияларды дұрыс қолдана 
білген педагог құзыретті тұлға қалыптастыруға өз үлесін қосады. 
Сонымен,  қорыта  айтқанда,  әрбір  педагог  маман  өз  шәкірттерінің  бойында  жоғарғы  дәрежелі  білім, 
біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Оқыту барысында өзіндік ой-толғамын анық 
жеткізе  алатын,  кез  келген  адаммен  тілдік  қарым-қатынасқа  еркін  түсе  алатын,  коммуникабельді,  іскер 
азамат  тәрбиелеп  шығару,  оқушылардың  өмірлік  жағдаяттарда  өздерінің  алған  білім,  білік,  дағдыны 
дұрыс қолдана алуына жағдай жасау – педагог маманның ұстаздық парызы. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1
 
Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас. Оқулық. – Алматы, 2002. – 109 б. 
2
 
Абдироманова Н.Б., Нургожина Ш.И. Формирование коммуникативной компетенции студентов на осно-
ве развития навыков аудирования в обучении иностранному языку // Вестн. КазНУ. Сер. филол – 2015. – Т. 1. 
№3. - С. 208. 
3
 
Шишов С.Е. Агапов И.Т. Компетентностный подход к образованию как необходимость // Мир образования – 
образования в мире. – 2001. – № 4. – С. 56. 
4
 
Шамов В.Н. Процесс обучения и его закономерности. – М., 1980. – С. 323. 
5
 
Зимняя И.А. Компетентностный подход в образовании. Проблемы качества образовании. – М., 2004. – С. 241. 
6
 
Трофимова Г.С. Педагогические основы обучения иностранному языку. Монография. – Ижевск: Изд.дом «Удм. 
университет», 1999. – С. 282. 
7
 
Львов М.Р. Основы теории речи. – М.: Издательский центр «Академия», 2002. – С. 147.  
8
 
Берденова  С.Ж.  Формирование  коммуникативной  компетенции  полиязычной  личности  учащихся  5  класса 
общеобразовательных школ Казахстана с русским языком обучения: дис. – Алматы, 2006. – С. 156. 
9
 
«Педагогика мәселелері» ғылыми –теориялық журнал. – Алматы, 2007. – 28 б. 
 
Резюме 
НАУЧНЫЕ И ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ КОММУНИКАТИВНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ 
Алтынбек М.Ж.
1

1
Казахский национальный педагогический университет имени Абая 
Статья будет основой развития коммуникативной компетентности. Деятельность по подготовке кадров в разви-
тии  коммуникативной  компетентности  учеников  в  содержании,  форме,  тактики  и  технологии  были  в  состоянии 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
11 
следить за развитием событий, поскольку она непосредственно связана с положением. Во время учебно-тренировоч-
ных  задач,  направленных  на  развитие  мышления  учащихся  и  создание  контента;  отношения  с  каждым  учеником 
индивидуально на основе участия в образовательной деятельности; путем организации различных мероприятий по 
повышению  интереса  учеников;  чтобы  понять  создание  руководства  по  использованию  квалифицированных 
образовательных  задач  считается  одним  из  основных  методов  развития  коммуникативной  компетенции  учеников. 
Развитие  коммуникативной  компетентности  теоретической  модели  учеников  мотивационно,  познавательное  и 
заинтересованы в рассмотрении единства действий компонентов коммуникативных задач, связи, образования, связи, 
а также на основании критериев, определенных теоретической модели.  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал