Т. С. Тебегенов филололоия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.41 Mb.

бет15/34
Дата02.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34

Keywords: hunting with eagles, birder, a popular treatment, method 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
81 
ӘДЕБИЕТТАНУ 
 
МРНТИ 17.82.31 
 
А.А. Ақболатов
1
, Б.Әбдіғазиұлы

 
1
Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты, Алматы қ. Қазақстан, 
2
Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, 
профессор (ғылыми кеңесші), Алматы қ. Қазақстан 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ РОМАНДАРЫНДАҒЫ АНТИУТОПИЯЛЫҚ САРЫН: ҒАЛАМНЫҢ 
САТИРАЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯ-МЕТАФОРАЛЫҚ БЕЙНЕСІ (Т.НҰРМАҒАНБЕТОВ 
«МЕШКЕЙ» РОМАНЫ НЕГІЗІНДЕ) 
 
Түйіндеме 
Мақалада ХХІ ғасыр қазақ әдебиетіндегі сатиралық роман жанрының даму тенденциясы сөз болады. Сатиралық 
романдағы «философиялық шарттылық» және «сатиралық шарттылықтың» антиутопияны жеткізудің әдісі ретіндегі 
рөліне  тоқталады.  Қаламгерлердің  кейбір  құбылыстардың  шынайылығын  жеткізуде  өз  атауымен  беруде  ашық 
айтпау, екіншіден замандас бейнесін берудің өзіндік қиындығынан астарлы мәнге ұмтылуының өзіндік мәніне тоқта-
лады.  Антиутопиялық  сарынның  құралы  сатиралық,  яғни  пародиялық  тұрғыдан  бейнелеудің  етек  алуы  кейібір 
күнгей тыныс-тіршілігімізді жеткізуде таптырмас әдіс екені Т.Нұрмағанбетов «Мешкей» романы негізінде талдана-
ды.  Прозадағы  философиялық  сатиралық,  пародиялық,  философиялық  шарттылықтың  қызметі  сипатталады. 
Жазушының  бүгінгі  қоғамның  әлеуметтік  астарын  әшкерелеп,  жемқорлық,  жебірлік  жайлаған  адами  қоғамның 
дағдарысқа түскен келбеті, жаңа заманғы дерті «мешкей» образы арқылы абсурдтық деңгейде көрсетілуі талданады. 
Ғаламның метафораланған бейнесі мешкей образы арқылы тоғышарлық пен бойкүйездік, рухани мәңгүрттік, бейопа 
жалған, жемқорлық, жебірлік жайлаған адами қоғамның дағдарысқа түскен келбетін жеткізудегі авторлық шеберлігі 
талданады.  
Тірек сөздер: сатиралық роман, философиялық, сатиралық шарттылық, мешкей образы, ғаламның метафоралан-
ған бейнесі, антиутопиялық сарын, авторлық шеберлік 
 
ХХІ  ғасыр  қазақ  романдарының  даму  тенденциясын  зерделегенде,  ең  алдымен,  жанрлық  түрлік 
ізденісті, дәстүрлі классикалық романдармен қоса, жылт екен жаңалығы бар әдеби құбыстарды саралауды 
басты  назарда  ұстағанымызды  атап  өтеміз.  Бұл  мақаламызда  ХХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХІ  ғасыр 
шеңберіндегі әдебиеттегі әдеби шарттылықтың ерекше қарқын алуы, «философиялық шарттылық» және 
«сатиралық  шарттылық»,  ең  алдымен,  антиутопиялық  сарынның  қазақ  әдебиетіндегі  даму  бағдары,  ол 
туралы тұжырымдарға, сатиралық, пародиялық, философиялық шарттылықтың антиутопияны жеткізудің 
әдісі ретіндегі рөліне тоқталамыз.  
Антиутопия  утопияға  қарама-қарсы  пайда  болған  ұғым  және  айналасына,  қоршаған  ортаға  көңілі 
толмаушылық салдарынан пайда болып, көркем әдебиет арқылы шынайы жеткізіледі.  
Ғалым  А.Таңжарықова  Д.Исабеков  прозасын  зерттей  отырып,  оның  прозасындағы  антиутопияны 
жанр  ретінде  қарастырып,  қазақ  әдебиетіндегі  аз  зерттелгенін  айта  келіп,  оның  мән-мағынасына: 
«Антиутопия  жанры  ХХ  ғасыр  әдебиетінде  кең  бастау  алды.  Бұл  әлеуметтік-саяси  катаклизм  және 
апокалиптік  көңіл-күймен  тығыз  байланысты.  Бұның  өзі  тұрмыстық  утопияның  және  антиутопияның 
моделін  құруға  негіз  болды.  Антиутопиялық  жанрдың  классикалық  шығармалары  ретінде  орыс 
жазушылары Е.Замятиннің «Мы», А.Платоновтың «Чевенгур», О.Хакслидің «Дивный новый мир», Дж. 
Оруэллдің «1984» романдарын атауға болады. Тақырыптарының әр алуан болғандығына қарамастан бұл 
шығармалар  қоғамның  саяси  және  әлеуметтік  құрылымын  сипаттауымен,  билік  табиғатын,  көсемге 
табыну,  әміршілдік-әкімшілік  жүйе  механизмін  сипаттауымен  құнды.  Бұл  аталған  шығармалардың 
барлығын адамзат тағдыры мен адамгершілік қағидалар құнына алаңдаушылық білдіру біріктіреді.  
Антиутопист – жазушылар тоталитарлық режим механизмі мен оның салдарларын, адамзат санасын 
күштеп  басқару  нәтижесінде  жеке  адамның  моральдық  құлдырауы,  рухани  жұтаңдану,  ұлттық 
тамырлардан қол үзіп қалу салдарлары сияқты мәселелерді көтерді.  
Жалпы  «антиутопия»  термині  қазіргі  күні  шартты  түрде  түсіндіріліп  келеді,  бұл  әдебиетшілер, 
философтар, әлеуметтанушылар, және тағы да басқа ғылым саласындағы ғалымдардың берген анықтама-
сынан, синонимдерінен (негативті утопия, неутопия, какатопия, дистопия және т.б.) байқауға болады.  
Антиутопия  робот-адамдарды,  мәңгүрт  ұрпақты  туғызған  гиперрациональды  қоғамдық  жүйені 
сынайды.  Осы  жүйеге  қарсылық  білдіретін  кейіпкер  шынайы  адамзаттық  құндылықтарды  іздеуге, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
82 
тоталитарлық  өмірден  өзіне  тірек  табуға  ұмтылады.  Осылайша  идеалды  саналған  қоғам  қатал  заңның 
тепкісін көрген жекелеген адамның ішкі жан-дүниесі мен санасы, сезімі арқылы күл-талқаны шығады.  
Утопия  жанрын  зерттеу  кезіндегі  өзекті  мәселелердің  бірі  –  утопия  ішіндегі  сатира  мен  гротескіні 
анықтай  білу.  Жалпы  антиутопия  социализмнің  әміршілдік-әкімшілік  моделінің  тұрақсыздығын,  саяси 
тәртіп,  тоталитарлық  режимнің  іріп-шіріген  негіздерін  әшкерелеп,  тұрмыстық  гротескінің  моделін 
жасады.  
Антиутопиялық жанр – шынайы өмірді сатиралық, яғни пародиялық тұрғыдан бейнелеудің бірден-бір 
құралы»[1,107-111],  -  деп  анықтама  береді.  Міне  жоғарыдағы  ғалымның  пікірінен  кеңестік  кезеңнің 
шынайы келбетін жеткізудегі Д.Исабеков сынды суреткерлердің жаңашылдығын сол кездегі қоғамдық-
әлеуметтік  жағдайлармен  байланыстыра  талдағанына  сүйенсек,  сол  қоғамдағы  орын  алған  жайттар 
бүгінгі  қоғамда  да  түп-тамырымен  жойылмағанын,  қоғамдық  ауысулар  (кеңестік  жүйенің  орнына, 
тәуелсіз  ел)  болса  да,  сол  қазақи  ұлттық  характеріміз,  заманға  сай  құбылған  ұлттық  мінезді  сөз  ете 
отырып, ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы мен ХХІ ғасыр тұсында келген тәуелсіздіктің қазақ қоғамына 
сөз еркіндігін, көркем ойдың тұсауланған қамытын шешуге мүмкіндік бергенімен, қазіргі өміріміздің де, 
тәуелсіздік  алған  қазақ  қоғамының  да  күнгейлі  тұстарын  шынайы  ақиқат  тыныс-тіршілігін  жеткізуде 
қазақ  қаламгерлерінің  антижанрларға,  антиқаһармандарға  иек  артуы  заңдылық  екені  сөзсіз.  Кешегі 
кеңестік кезеңдегі кейбір көркемдік әдістен арылғанымызбен, бүгінгі күнімізді суреттеуде қаламгерлердің 
кейбір құбылыстардың шынайылығын жеткізуде өз атауымен беруде ашық айтпау, екіншіден замандас 
бейнесін  берудің  өзіндік  қиындығынан  астарлы  мәнге  ұмтылуының  өзіндік  мәні  бар.  Сондықтан 
антиутопиялық  сарынның  құралы  сатиралық,  яғни  пародиялық  тұрғыдан  бейнелеудің  етек  алуы  да, 
кейбір күнгей тыныс-тіршілігімізді жеткізуде таптырмас әдіс екенін қаламгерлеріміз айқын сезінді. Міне, 
қазақ прозасында шағын жанрларда жиі көрініс берген сатираның ХХІ ғасырда күрделі роман жанрында 
бой алуы көркемдік-эстетикалық қажеттілікті жеткізудің амалынан туындаса керек.  
ХХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХІ  ғасырдың  басындағы  қазақ  әдебиетіндегі  сатираны  арнайы  зерттеген   
Г.А. Ушурова сатиралық роман турасында: «Сатиралық прозаның ең көлемді, сюжеті қат-қабат оқиғалар-
дан  тұратын  жанры  әрине,  сатиралық  роман.  Әлемдік  әдебиетте  сатиралық  роман  тарихын  тереңнен 
тартатынын  бөлім  басында  айттық.  Қазақ  әдебиетінде  сатиралық  романдар  жазылған.  Мәселен,  оған 
Садықбек  Адамбековтың  «Атылған  қыз  туралы  аңыз»,  Есенжол  Домбаевтың  «Жаман  жәутік»,  атты 
шығармаларын  әдебиеттану  ғылымында  сатиралық  роман  ретінде  қарастырып  жүр.  Әрине  бұл 
шығармалардың жанрлық табиғатына көзқарас біртекті деп айта алмасақ керек. Өйткені сатиралық роман 
жанрлық тұрғыдан аса күрделі, айтар ойы астарлы, сонымен бірге сатиралық қуат астасып жатуы керек. 
Мысалы, осы «Атылған қыз туралы аңыз» шығармасын ғалым Темірбек Қожакеев сатиралық роман емес, 
ол, роман-сатира дейді. Бұдан шығатын қорытынды, сатиралық романдағы  оқиға тұтасымен сатиралық 
желіде  жүріп  отыруы  қажет.  Оған  әлемдік  әдебиетте  мысалдар  көп.  Мәселен,  жоғарыда  аталып  өткен 
әлемдік  шедеврлер  Петронийдің  «Сатириконы»  мен  Апулейдің  «Метаморфозасы»  оған  мысал  бола 
алады. Ал, Садықбек Адамбековтың романында кәдімгі өмірдегі бар айшылықтар қатар дамып отырады. 
Онда тек сатиралық негіз ғана жүйе құрмайды, романтизм мен реализм, жағымды бейнелер мен жағым-
сыз бейнелер де көрініс тапқан. Қалай болғанда да бұл шығармалар сатиралық роман жанрын қалыптас-
тыру жолындағы ұлттық әдебиеттегі ізденістер ретінде қабылданары сөзсіз. Болашақта қазақ әдебиетінде 
жанрлық табиғаты жағынан сатиралық роман жанры талабына жауап берер шығармалардың келері сөзсіз. 
Өйткені, бүгінгі ізденістер сол көркемдік жетістіктердің қарлығаштары деп түсінгеніміз абзал»[2,80-81], - 
деп  тұжырымдайды.  Міне,  ғалымның  пікірінен  байқағанымыздай,  бүгінге  дейін  жазылған  бірді-екілі 
романдардың  сатиралық  роман  ретінде  қарастырылғанымен,  шынайы  жанрлық  түрлік  тұрғыдан  қазақ 
әдебиетінің  тарихында  роман  сатира  мен  сатиралық  романның  үлгісін  ХХІ  ғасырдың  еншісіне  тиіп 
отырғанын аңғарамыз. Оған Т. Нұрмағанбетовтың «Мешкей» (2006), Қ. Олжайдың «Атамыз Аласанбай» 
сынды  бүгінгі  өміріміздің  шынайылығын  сатиралық  және  философиялық  шарттылық  негізінде, 
абсурдттық деңгейде суреттеген сатиралық романдары куә болады.  
Қазақ  әдебиеті  тарихындағы  роман  жанрын  зерделеп  қарасақ,  сатиралық  роман  немесе  роман 
сатираның  жазылуы  жиі  байқалмайды.  Аталған  жанр  шағын  фельетон,  әңгіме,  повестерде  шағын 
жанрларда  жазылғанымен,  роман  жанрында  сатиралық  образдар,  сатиралық  кейіпкерлер  бағытында 
көрінгенімен, тұтастай романның сатиралық бағытта жазылу тенденциясы байқалмайды. Осы тұрғыдан 
келсек, Т.Нұрмағанбетовтың «Мешкей» романы ХХІ ғасырдағы роман жанрындағы ерекше құбылыс деп 
қарауға  негіз  бар.  Роман  атауының  өзі  мешкей  деген  қазақи  танымдағы  жағымсыз  сөздің  мағыналық 
астарынан  көрінгеніндей,  романның  айтар  мағынасының  тереңдігін  аңғартады.  Романдағы  абсурттық 
деңгейдегі  суреттеулер  күлкілі  жағдайдағы  трагизмді,  мениппенсия  құбылысын  көрсетеді.  Дәстүрлі 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
83 
классикалық суреттеулердегі сатирадан қаламгердің жаңа абсурдттық деңгейдегі суреттерге иек артуынан 
қаламгердің алдына қойған позициясының, авторлық ұстанымының өзгешелеу екенін аңғарамыз.  
Романның  көркемдік  жетістігі  туралы  кезінде  Т.Медетбек:  «Тұрмыстық  деңгейдегi  Алыпхан 
мешкейдiң де, елдiң игiлiгiне арсыздықпен тұмсығын тығып жiберiп, көмiр мен темiрiн қылғытып жеп, 
мұнайын  сапырып,  көл-суын  жапырып  iшiп  жатқан  тойымсыз  миллионер,  миллиардер  мешкейлер  де, 
түптiң түбiнде жарылып өледi! Автордың меңзеп, ишаралағаны да осы. 
Сондықтан  мешкейлiктiң  бүкiл  болмыс-бiтiмiн,  табиғатын,  мiнез-құлқын  жан-жақты  қарастырған, 
бүгiнгi  таңда  кемелiне  келген,  кемерiне  толған,  айтулы  сөз  шеберi  Тынымбай  Нұрмағамбетовтiң  бұл 
кiтабын – құрыштан құйылған тұтас бiр метафора кiтап деуге болады. Мешкейлiк метафорасы»[3], - деп 
әдеби  сында  бағаласа,  филология  ғылымдарының  кандиады  Ж.О.  Мәмбетов  автордың  «Мешкей» 
романының  көркемдік  ерекшелігіне  арнайы  ғылыми  талдама  жасап:  «Біріншіден,  бір  қоғамдық  форма-
циядан  екінші  қоғамдық формацияға  өту  кезеңіндегі  аласапыранда  ешқандай  себепсіз,  ғайыптан  тайып 
байып  кеткен  адамдардың  арамызда  көптеп  кездесетінін  жоққа  шығара  алмаймыз.  Осы  шығармасында 
жазушы  аталған  шындықты  тап  басып,  шынайы  суреттеп  жеткізе  алған.  Екіншіден,  жазушы  барлық 
мақсат дүние  мен ақшаға ғана негізделген қоғамда  адамгершілік пен рухани  байлықтың екінші орынға 
ысырылып қалатынын да барынша сенімді дәлелдейді. Үшіншіден, ең жексұрын әдет болып табылатын 
мешкейлік арқылы қоғамдағы жемқорлықты, тойымсыздықты сатира тілімен өлтіре сынайды. Жинақтай 
айтқанда, Т.Нұрмағамбетов «Мешкей» романында біз өмір сүріп жатқан қоғам шындығын реалистікпен 
бейнелеп,  қазіргі  замандастар  тұлғасының  көбімізге  сырттай  ғана  таныс  қырларын  суреткерлікпен 
танытқан...Жазушы өз шығармасы арқылы біз өмір сүрген 90-шы жылдардағы зорлық пен зомбылықты, 
адамдар  арасындағы  теңсіздікті,  ақша  үшін  белділер  мен  шенділерге  құл  болған  қуыс  кеуделікті, 
намыссыздықты  сынайды.  Мұның  бәрі  жазушының  аталған  романында  қол  жеткізген  табыстары»[4],  - 
деп автордың табыстарын өзінше саралап өтеді.  
Жазушының  бас  кейіпкері  мешкей  Алыпхан  Арықбаевтың  төңірегінде  өтетін  романы  ғалым 
айтқандай тек тоқсаныншы жылдардың шындығы ғана емес, бүгінгі күн ақиқатына да арналады.  
Т.Нұрмағанбетовтың  «Мешкей» романын бір оқып шыққан оқырманға жай бір  адамның ішіп-жеген 
мешкейлігін, ұсақ-түйек нәрселерді сөз қылған арзан дүние болып көрінуі мүмкін, ал шындығына келсек, 
автор қазақ ұғымындағы мешкей, мешкейлік ұғымын жаңа заманға сай қайта түлетіп, осындай болмашы 
дүниеге  назар  аудара  отырып,  қазіргі  қазақ  қоғамындағы  ең  үлкен  кесел  ашкөзділік,  жемқорлық, 
тойымсыздық  сынды  Қазақстанның  тәуелсіздік  алған  тұсынан  бері  жабысқан  дертке,  талан-таражға 
түскен  байлықтың  қазақ  қоғамындағы  сұраусыз  жағдайына,  аяқ  астынан  мемлекет  қазынасына  байып 
шыққан  бай-бағландардың  психологиясына  назар  аударып,  жемқорлық  пен  ашкөзділіктің  ұлттық 
менталитетке тигізген әсерін, яғни рухани тозған кейіпкерлер іс-әрекетін бағамдағаны сөзсіз. Автор бұл 
романында  бүгінгі  күн,  өмір  шындығынан  ауытқымайды.  Авторлық  ұстанымын  қаламгер  роман 
барысында өзінің кейіпкері туралы авторлық баяндауларында жиі байқатады. Мысалы:  
«Е, оқушым... пендесін мүсәпіршілік халге ұшыратамын десе жаратушы күшке оп-оңай-ақ екен ғой» 
[5,63].  
«...Кейбір оқушыларымыз ойда жоқта, «тамақ пен ұйқыдан басқа ісі жоқ, бұл неқылған жан» деп пыш-
пыштауы да мүмкін екен-ау. Обалы не керек, біздің отағасымыз тамаққа тойып, ұйқысы да қанған сәттер-
де үй ішіндегі қатын-қалаштың кәкүр-шүкір әңгімелеріне де араласып кететіні бар» [5,122] деген үзінді-
лерден  автор  романының  ішкі  құрылымына  енгізген  өзіндік  формалық  құбылтуы,  стильдік  ерекшелігі, 
оқырманды  алдағы  баяндалатын  оқиғаға,  оқиға  желісіне  еріксіз  тартып  отырады.  Автордың  бұндай 
өзіндік  ракурстағы  формалық  ізденісін  (дәстүрлі  эпикалық  жырлардағы  әңгімелеушіні  «әл-қисса»  деп 
басталатын мәтіндерді еске түсіреді) прозадағы күлкі табиғатын зерттеуші ғалым А.Мұсаевтың: «Қазіргі 
жаңалық деп, жаппай тәнті болып жүрген элементтердің ең бастысы – мәселенің ракурстық қойылысы 
болса керек. Ал ракурс шығарма концепциясын ғана емес, оның формасын да кейде бейнелеу құралдарын 
да көрсетеді. Туындының жазылу формасы – бір есептен оның негізгі кілті десек, онша көп қателеспей-
міз»  [6,108-109],  -  деген  пікірі  нақтылай  түседі.  Міне,  автордың  бір  сарындылықтан  арылып,  диалог, 
монолог (бас кейіпкердің өзімен өзі іштей сөйлесуі), авторлық баяндауларды алмастыра отырып, дәстүрлі 
эпикалық  жырлардағы  баяндау  үлгісін  жаңғыртуы  романның  көркемдік  құндылықтарын  арттыруға 
тырысқан.  
Роман кейіпкерлері де санаулы, мешкей Алыпхан және әйелі Бифатима мен оның бала-шағысы. Бұл 
автор таңдаған жанрлық ізденіске сай, антиутопиялық сарынның, жалпы антиутопияға тән тағы бір нәрсе 
- оқиғалар өтетін кеңістіктің шектеулілігінде жатса керек. Романың оқиғасы осы бас кейіпкердің өміріне 
лирикалық шегіністер жасай отырып және тәуелсіздік алғаннан бері қарайғы елдегі әлеуметтік-тұрмыс-

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
84 
тық  жағдайдың  өзгеруі,  ала  дорба  арқалаған  саудагерлердің  қалыптасуы,  елдің  қазынасына  қол  салған 
жемқорлықтың  дерт  болып  жайылуы  сынды  елдік  өзекті  мәселелердің  бір  ғана  мешкей  обрзазының 
басына  жинақтала  берілуі,  яғни  типтендірілуі  өте  сәтті  баяндалады.  Мешкейліктің  абсурдтық  деңгейде 
суреттелуі,  шектен  тыс  жебірлік,  араны  ашушылық,  тамақтан  басқа  түкте  ойламайтын  деңгейдегі  тоң 
мойындылық,  үндемес,  тамақ  пен  ұйқы  ғана  өмірлік  мұраты  болған  Алыпханның  құдалықта  отырып, 
қарны  жарылып  өлуі,  масқара  өлімі,  түйені  түгімен  жұтқан  жемқорлардың,  ашкөздердің  қазіргі 
қоғамдағы жаңа кейіпкерлердің астарлы бейнесі, сатиралық, пародиялық тұрғыда ащы тілмен түйреледі. 
Қаламгер  өзінің  уытты  тілі  арқылы  жоқшылық  күн  кешіп,  тамақ  ішіп  тойынудың  өзі  бір  мұң  болған, 
аңқау да бейғам Алыпханның аяқастынан байып шығуы арқылы қазақ халқының тәуелсіздігін меңзесе, 
мешкейлік  арқылы  аңқау  және  бейғамдықпен  отырған  қазақ  елінің  байлығының  талан-таражға  түсуін, 
әркімнің  ұстағанның  қолында,  тістегеннің  ауызында  кеткен  халық  қазынасын  көрсетеді.  Жазушы  жаңа 
заманның жаңа типтегі кейіпкерлерінің жиынтық образын жасауға тырысқаны мәлім.  
Романдағы  қозғалған  мәселенің  бірі  -  атеистік  қоғамда  өмір  сүріп  тәуелсіздік  жылдарынан  кейінгі 
жаппай дін мәселесіне бет бұрудың көріністері. Романның өне бойында қозғалмаса да, романның бір-екі 
жерінде  сәтті  детальдық  штрихтар  арқылы  берілуінен  аталған  мәселеге  немқұрайлы  қараған  қоғамның 
келбеті, шынайы діни сауатсыздықты түйреп өтеді. Мысалы:  
«-  Пайғамбарымыз  құрбан  айт  туралы  өте  қатты  айтыпты  ғой.  Жағдайлы  кісілер  бір  малын 
құрбандыққа шалуға қимаса, мешітке келмей-ақ қойсын... депті..»[5,70] 
«Осы құрбандық шалу деген бір-р»...дей берді де өз ойынан өзі шошып, үнсіз міңгірлеп қалды. Өзінше 
құдайдан қорқатын да әдеті бартын... «Сол кісіні көрмей-білмей осынша неге қорқамын осы...» деп осы 
әдетіне қайран қалған кездері де болды»[5,80].  
Жоғарыдағы  кейіпкерлеріміздің  сөздерінен  дінсіз  қоғамда  өмір  сүрген,  имандылыққа  бет  бұрған 
бүгінгі  замандағы  кейбір  замандастарымыздың  діндарлығы  абсурдтық  деңгейде  суреттелген.  Рухани 
азып-тозған, ұлттық құндылықтардың құлдыраған ортасынан шыққан кейіпкердің түсінігіне саяды.  
Бас  кейіпкердің  мешкейлігін  суреттеген  оқиғаның  бірі  ұлы  Шәріпханға  келін  айттырып,  құда  түсе 
барған дастархан үстіндегі мына бір үзіндіні келтіре кетсек, «Құйрық-бауыр қойдыкі екен, бәсе тайдың 
етіндей қайдан болсын» деп әуелі отағасы ол табаққа керенаулау бұрылған. Бауырға да мұрын шүйіруге 
болар-ақ еді. Бірақ аппақ болып ар жағында құйрық тұр ғой, құрығыр... 
«Құйрық-бауыр  келгенде  ауыз  ти  де,  табақты  жағалатып  жібер»,  -  деген  бәйбішесі  оңаша  бөлмеде 
күңкілдесіп, кеңесіп отырған бір сәтінде.  
Бәйбішесінің сол ақылымен бас құда бірақ асармын деп ойлаған еді.  
Тәйірі құйрықтың дәмі уылжып тұр екен. Шамасы, бір тау бөктерінде өскен марқа қозы болды-ау. Өзі 
ғана уылжып тұрса, айналайын не дерсің... Барған жерін қоса уылжытып жіберетінін қайтерсің... Тіпті бір 
салғаннан-ақ мұның аузын құйрық дәмі арбап алды ма-ау, әйтеуір, бірдеме  болды.  Ауызы  «тағы-тағы» 
деді де тұрды. Сонымен үш асады ма...әлде төрт асады ма... 
-
 
Ау бас құда, құйрық-бауырдан өзге қонақтар да ауыз тисек екен деп телміріп отыр, - деген асабаның 
дауысы шыққан кезде барып қолын тартты-ау...» [5,181-182].  
Романның өн бойында осы тәріздес, бас кейіпкеріміздің алдына келген тамақтың бәрін опырып жейтін 
жалмауыз  тәбетін  суреттейтін  тұстары  жиі-жиі  көрініс  табады.  Бұндай  сатиралық  шарттылық 
философиясының астарында, тамақ ішіп жеуден басқаны ойламайтын, сана, ұлттық болмыс, рух сынды 
дүниелерден айырылып, тобыр деңгейге жеткізудің нәтижесі осындай болмақ дегенге саятын авторлық 
ұстанымы да көрініс береді. 
Қорыта  айтсақ,  метафораланған  ғаламның  бейнесі  (мешкей  образынан)  дегенге  келсек,  тоғышарлық 
пен бойкүйездік, рухани мәңгүрттік, бейопа жалғанның, жемқорлық, жебірлік жайлаған адами қоғамның 
дағдарысқа  түскен  келбеті  өзінен-өзі  айқын  танылады.  Жазушы  бүгінгі  қоғамның  әлеуметтік  астарын 
әшкерелеп,  жаңа  заманғы  дертті  абсурдтық  деңгейге  көтереді.  Роман  соңындағы  мешкей  Алыпханның 
қарынының жарылып өлуі де шарттылық, сол арқылы автор ашкөзділік, қанағатсыздық, тойымсыздық, 
мешкейліктің  түбі  жақсылыққа  апармайтын  салмағы  ауыр  екенін,  саясат  пен  ақшаның  жаңа  заманның 
қазақи  танымына  өзгеріс  әкелгенін  (есірлік),  тасыну,  даңғазалық,  құр  мақтаншылық,  кеудемсоқтық, 
жемқорлық болып жабысқан дерттің ешбір опа таптырмасынан сақтандырып отырғандай әсерде қалдыра-
ды.  Бірақ  ақыл  айту,  жалған  мораль  жоқ,  оқырманды  жиіркенішті  деңгейдегі  сезімге  жетелейді.  Автор 
өзінің  ұлттық  деңгейдегі  авторлық  позициясын  жеткізуде  антиутопиялық  сарынға  жүгіне  отырып,  оны 
шынайы өмірді сатиралық, яғни пародиялық тұрғыдан бейнелеудің бірден-бір құралы екенін меңгергенін 
айтуымыз қажет. 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
85 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Таңжарықова А.В. Д.Исабеков прозасының көркемдік әлемі. 
10.01.02 - Қазақ әдебиеті бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындал-
ған диссертациясы. /Ғылыми жетекшілері: ф.ғ.д., проф., Б.Әбдіғазиұлы, ф.ғ.к., доц., Р.Зайкенова/. - Алматы, 2008. - 
129 бет.  
2 Ушурова Г.А. XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасыр басындағы қазақ сатирасы. 10.01.02. – қазақ әдебиеті бойын-
ша  филология  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  диссертациясы.  /Ғылыми 
жетекшіcі: филология ғылымдарының докторы, профессор Әбдіғазиұлы Балтабай/ - Алматы, 2010. - 133 бет. 
3 Медетбек Т. Мешкейлiк метафорасы. Әдеби сын /Жас Алаш №4 (15670) 17 қаңтар, сейсенбі 2012.  
4  Мәмбетов  Ж.О.  Тынымбай  Нұрмағанбетовтің  «Мешкей»  романының  көркемдік  ерекшелігі.  Қазақ  білім 
академиясының баяндамалар жинағы. 1-2/2014.  
5 Нұрмағанбетов Т. 3 томдық таңдамалы шығармалары. 2-том. «Мешкей» романы. – Алматы: «Өлке», 2006. – 
208 бет.  
6 Мұсаев А. Жанды жүйе. Оқу құралы. – Алматы, 2001, - 277 бет.  
 
Резюме 
АНТИУТОПИЧЕСКИЙ МОТИВ В СОВРЕМЕННОМ КАЗАХСКОМ РОМАНЕ: САТИРИЧЕСКИЙ И 
ФИЛОСОФСКО-МЕТАФОРНЫЙ ОБРАЗ ВСЕЛЕННОЙ (ПО МОТИВАМ РОМАНА "ЧРЕВОУГОДНИК" 
Т.НУРМАГАНБЕТОВА) 
А.А. АКБУЛАТОВ 

1
 Докторант КазНПУ имени Абая, г.Алматы. Казахстан. 
Б.АБДИГАЗИЕВИЧ 

2
 Директор филологического института КазНПУ имени Абая, доктор филологических наук, профессор (научный 
советник), г.Алматы, Казахстан. 
В  статье  анализируется  сатирический  роман  в  казахской  литературе  XXI  века  через  роман  "Чревоугодник" 
Т.Нурмаганбетова. Также речь идет о том, что "философическая условность" и "сатирическая условность" является 
методом передачи антиутопии в сатирическом романе.  
Некоторые  авторы  предпочитают  не  говорить открыто  в  передаче  истины о некоторых  явлениях,  во-вторых,  в 
передаче образа современника стремятся сосредоточиться на его желаниях. В романе Т.Нурмаганбетова "Чревоугод-
ник"  направление  антиутопии  в  сатирической  сфере,  то  есть  иллюстрация  с  пародической  точки  зрения  является 
эффективным способом описания повседневной  жизни. Характеризуется философическая сатирическая, пародиче-
ская, философская условность в прозе. Выставляются загадки социального общества сегодняшнего времени, корруп-
ция,  охватившие  все  человеческое  общество  с  лицом  кризиса,  на  уровне  современные  болезни  "чревоугодность" 
абсурдного  уровня  показанного  при  изображении  анализируемого.  Образ  метафорической  вселенной  передается 
через  образ  чревоугодника,  анализируется  авторское  мастерство  при  описании  обывательщины  и  неравдивости, 
духовного  манкуртства,  прожорливости,  где  расширяется  обжорство,  то  есть  кризис  общества,  проходящее  через 
человеческий облик. 

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал