Т. С. Тебегенов филололоия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.41 Mb.

бет12/34
Дата02.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34

Ключевые  слова:  Некоторые  слова  которые  рассматривается  в  структурной  грамматике  как  наречие  меры  и 
степени, на самом деле, новый вид местоимения которое называется «Мөлшер есім» 
 
Summary 
Maralbek Ye. 
1th PhD students, elahau@mail.ru  
In this article the group of several words of structural grammar is considered not as an adverb of a measure and degree but 
as a new type of a pronoun "Molsher esim". In researches of a structural correction these words  which were considered as 
adverbs of  a  measure and degree can  have  also other degrees of  value  which  is proved on  the conclusions of a  functional 
garammar. 
If again to analyze these words in the text, then their unknown values reveal. And in compound sentences serves in a role 
of a pronoun which designates value of a measure. 
Key  words:  Some  words  which  an  adverb  of  a  measure  and  degree,  actually,  new  type  of  a  pronoun  which  is  called 
"Molsher esim" is considered in structural grammar 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
67 
МРНТИ 81'373;001.4 
 
 
А.Б. Сарбалина

 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 
Алматы қ. Қазақстан 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТІРКЕСТІ ТІЛ БІЛІМІ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ЖАСАЛУЫ 
  
Аңдатпа 
Мақалада терминология - лексиканың бір бөлігі ретінде тез дамуымен ерекшеленуі және терминдер - белгілі бір 
ғылым, техника саласында ұғым атауын білдіретін, арнайы әдебиеттер мен кәсіби қызмет шеңберінде қолданылатын 
арнайы сөздер мен сөз тіркестері қарастырылады. Оның басты ерекшелігі белгілі бір ғылым саласында атауыштық 
қызмет  етеуі,  арнайы  дефинициясы  болуы,  негізінен,  жалпы  есім  болып,  зат  есім  ретінде  көрінуі.  Терминдердің 
жасаулы  тілдегі  сөзжасамдық  заңдылықтарға  сүйенеді,  сонымен  қатар  өзіндік  тұрақталған,  әбден  орныққан  тілдік 
бірліктері немесе терминдік элементтері болады. Терминологияның саларының бірі- лингвистикалық терминология. 
Лингивистикалық  терминология  -  ұлттық  терминологияны  дамытудың  маңызды  буындарының  бірі.  Лингвистика-
лық  терминология  -  тіл  білімі  терминдерінің  ғылыми-теориялық  негіздері  мен  ғылыми  ұстанымдарын,  құрылымы 
мен семантикасын қарастыратын, арнайы зерттеу нысаны мен мақсат, міндеттері айқын тіл ғылымының күрделі бір 
саласы.  Лингвистикалық  терминдер  құрамы  жағынан  түбір  сөз,  туынды  сөз,  күрделі  сөз,  терминологиялық  тіркес 
түрінде  болады.  Жасалу  тәсілдеріне  қарай,  жалпы  алғанда,морфологиялық,  синтаксистік,  лексика-семантикалық 
түрлерінің көрсетіліп жүргенін жоғарыда атап өттік. Біздің мақсатымыз - қазақ тілі білімі терминжасамының анали-
тикалық (синтакситскі) тәсілінің, оның ішінде екі құрамды терминологиялық тіркестердің ерекшеліктерін көрсету. 
Түйін сөздер: терминология, тіл білімі, сөзжасам тәсілдері, терминжасам 
 
Терминжасам  тәсілдері  сөзжасам  тәсілдеріне,  оның  жалпы  заңдылықтарына,  жасалу  жолдарына 
негізделеді.  Қазақ  тіл  білімінде  сөзжасам  тәсілдері  дәстүрлі  түрде  лексика-семантикалық,  морфология-
лық, синтакститік болып бөлінеді. Сөзжасам тәсілдері алғаш А.Ысқақовтың жоғары оқу орнына арналған 
оқу  құралында  морфологиялық,  синтаксистік  деп  көрсетіледі  [1,108].  Бұл  оқулық  -  қазақ  тілінде  ғана 
емес,  бүкіл  түркітануда  сөздердің  морфологиялық  құрылымы,  сөз  таптары  теориясы  жөніндегі  құнды 
туынды.  1967  жылғы  «Қазақ  тілінің  грамматикасында»  (морфология  бөлімін  жазған  -  А.Ысқақов) 
сөзжасам тәсілдерінен морфо- логиялық және синтаксистік тәсілдері атап көрсетіледі.  
Грамматиканың  «Сөздің  жасалу  жолдары  мен  формалары»  деген  тақырыпта:  «Қазақ  тілінде  сөз 
тудырудың  жүйесі  үлкен  екі  саладан  құралады,  оның  біріншісі  –  морфологиялық  тәсіл  болса,  екіншісі 
синтаксистік  тәсіл  болады.  Жұрнақ  арқылы  сөз  тудыру  жолы  морфологиялық  тәсілге  жатса,  сөздердің 
бірігу, қосарлану және тіркесу арқылы жасалу жолы синтаксистік тәсілге жатады. Бұл екі тәсілдің өзді-
өздеріне тән ерекшеліктеріне қарай қолданылу шектері мен мүмкіншіліктері де бірдей болмайды» [2,16]. 
Сөзжасамдық  тәсілдердің  үш  түрі  синтетикалық  (морфологиялық),  2)  аналитикалық  (синтаксистік),  3) 
лексика-семантикалық  түрлері  ғылымда  қалыптасып,  орныққанын  1989  жылы  жарық  көрген  «Қазіргі 
қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесі»  атты  монографиядан  көруге  болады.  «Қазақ  грамматикасында»  (2002) 
сөзжасам жеке сала ретінде орын алған. 
Терминжасамда  Ө.Айтбаев  сөзжасам  тәсілдерінің  мына  түрлерін  көрсетеді:  1)  семантикалық  тәсіл,     
2)  морфологиялық  тәсіл,  3)  синтаксистік  тәсіл,  4)  калькалау  тәсіл,  5)  сөз  қысқарту  (аббревиациялау) 
тәсілі» [3,253]. Ш.Құрманбайұлы монорафиясында терминжасам тәсілдерінен: 1) синтетикалық (морфо-
логиялық)  тәсіл,  2)  аналитикалық  (синтаксистік)  тәсіл,  3)  терминдену  (лексика-семантикалық)  тәсілі,       
4) калькалау тәсілін көрсетеді [4,56]. Ш.Біләлов терминжасам тәсілдерінен сөзге қосымша, жалғаулықтар 
жалғану, сөз сөздердің бірігуі арқылы және сөз тіркестері арқылы жасалуын көрсетеді [5,24-25].  
Алайда  терминжасам  тәсілдері  туралы  бірізді  ғылыми  пікір  қалыптаспағанын  мына  пікірлерден 
аңғаруға  болады.  Мәселен,  осы  мәселе  тұрғысынан:  Тіл  білімінде  терминжасам  тәсілдері  туралы  пікір 
тұрақталған деп айтуға болмайды, бұл мәселеде пікір алалығы күшті. Кейбір ғалымдар терминжасамда 
сөзжасамдық  тәсілдердің  түрлерінің  атауы,  яғни  терминдерін  өзгертуді  де  ұсынады.  Ол  туралы 
С.В.Гриневтің  пікірін  келтіруге  болады.  С.В.Гринев  терминжасам  тәсілдерін  былай  атауды  ұсынады: 
семантикалық  терминжасам,  морфологиялық  терминжасам,  синтаксистік  терминжасам,  морфология-
синтаксистік  терминжасам,  терминологиялық  алмасым,  О.П.Фролова  терминдену,  күрделі  терминдер 
жасау,  алмасу  тәсілдерін  атаған.  Көпшілік  ғалымдар  синтетикалық  тәсіл,  аналитикалық  тәсіл,  лексика-
семантикалық  тәсіл  терминдерін  қолданып  жүр.  Қосымшалы  терминжасам  (суффиксальные  термино-
образования),  транспозиция,  словосложение,  лексикализация  терминдерін  қолданушы  ғалымдар  бар. 
Бұдан терминжасам тәсілдері мәселесінің әлі толық шешілмегенін аңғаруға болады [6,4].  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
68 
Терминология  -  лексиканың  бір  бөлігі  ретінде  тез  дамуымен  ерекшеленді.  Терминдер  -  белгілі  бір 
ғылым,  техника  саласында  ұғым  атауын  білдіретін,  арайы  әдебиеттер  мен  кәсіби  қызмет  шеңберінде 
қолданылатын  арнайы  сөздер  мен  сөз  тіркестері.  Оның  басты  ерекшелігі  белгілі  бір  ғылым  саласында 
атауыштық  қызмет  етуі,  арнайы  дефинициясы  болуы,  негізінен,  жалпы  есім  болып,  зат  есім  ретінде 
көрінуі.  Терминдердің  жасалуы  тілдегі  сөзжасамдық  заңдылықтарға  сүйенеді,  сонымен  қатар  өзіндік 
тұрақталған,  әбден  орныққан  тілдік  бірліктері  немесе  терминдік  элементтері  болады.  Осыған  орай 
А.Қоңырова термин табиғаты туралы былай дейді: адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан 
құбылыстарды  санада  қалыптастырып  қана  қоймайды,  оған  жауап  қайырады,ақпаратты  өзінше 
жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды,өңдейді,қорытады,баға 
береді,тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады [6,83]. 
Терминологияның саларының бірі- лингвистикалық терминология. Лингивистикалық терминология - 
ұлттық  терминологияны  дамытудың  маңызды  буындарының  бірі.  Лингвистикалық  терминология  -  тіл 
білімі терминдерінің ғылыми-теориялық негіздері мен ғылыми ұстанымдарын, құрылымы мен семантика-
сын  қарастыратын,  арнайы  зерттеу  нысаны  мен  мақсат,  міндеттері  айқын  тіл  ғылымының  күрделі  бір 
саласы. 
«Термин»  туралы  ғалым  Ыспандияр  Ақайұлы  мынадай  пікір  айтады:  термин-тілге  де,  ділге  де  тиек 
боларлық сөз, ал оның қайсысын аудара, тыңнан жасай алу, қайсысын аудармай, тек тілге икемдей алу 
керектігі, қазақ тілі үшін әзірге асау терминді қалай үйретіп,тұсау жайы-өз алдына бір мәселе [7,3]. 
Лингвистикалық  терминдер  құрамы  жағынан  түбір  сөз,  туынды  сөз,  күрделі  сөз,  терминологиялық 
тіркес түрінде болады. Жасалу тәсілдеріне қарай, жалпы алғанда, морфологиялық, синтаксистік, лексика-
семантикалық түрлерінің көрсетіліп жүргенін жоғарыда атап өттік. Біздің мақсатымыз - қазақ тілі білімі 
терминжасамының  аналитикалық  (синтакситскі)  тәсілінің,  оның  ішінде  екі  құрамды  терминологиялық 
тіркестердің ерекшеліктерін көрсету. 
Аналитикалық  тәсіл  –  тілімізде  көне  заманннан  келе  жатқан  тілімізді  көптеген  күрделі  сөздермен 
толықтырған өнімді тәсіл. Осылардың ішінен терминжасаудағы үлес салмағына қарағанда, аналитикалық, 
соның  ішінде,  тіркесті  күрделі  терминдердің  санының  әлдеқайда  көп  екендігін  байқауға  болады. 
Аналитикалық  тәсіл  арқылы  жасаған  терминдер  -  тілдерде  өнімді  тәсілдердің  бірі.  Ш.Құрманбайұлы 
ұлттық  қазақ  терминдерінің  ішінде  синтаксистік  жолмен  жасалған  терминдердің  мол  екендігін 
еңбектерінде атап көрсетеді. 
Ұ.Асанова терминолог ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, калька тілдің сөзжасам жүйесін,үлгісін 
байытудағы  терминдер  мен  терминдік  тіркестерді  жасайтын  бірден-бір  өнімді  тәсіл  деген  анықтаманы 
басшылыққа алады [8,31].  
Жалпы,  тілдерде  дара  терминдерден  гөрі  күрделі  терминдердің  мол  екендігі  көптеген  зерттеулерде 
дәлеледенген. Тіркестегі сыңарларының құрамдық ерекшеліктері, біртұтастығы, байланысу тәсілдері мен 
жасалу  үлгілері  (модельдері)  арнайы  зерттеуді  қажет  етеді,  яғни  терминологиялық  тіркес  табиғаты 
толыққанды анықталмады. Осыған орай Ш.Құрманбайұлы былай дейді: «Қазақ тілі білімінде теримнжа-
самның синтаксистік тәсілі бұл тәсіл арқылы жасалған терминдердің тілдік табиғаты әлі зерттеле қойма-
ған, жекелеген ғылыми еңбектер мен мақалаларда ғана сөз болып жүрген мәселердің бірі. Терминология-
лық  лексикамыздың  қомақты  бөлігін  екі,  үш  немесе  одан  да  көп  сыңарлы  терминдердің  құрайтынын 
ескерсек,  терминжасамның  бұл  тәсілін  арнайы  қарастырудың  жан-жақты  зерттеудің  мәні  зор  екендігі 
сөзсіз» [9,145]. Мұны С.Әлісжановтың философиялық терминдерді зертеуінде, олардың екі сыңарлы, үш 
сыңарлы,  төрт  сыңарлы  терминдер  болатындығын,  оны  жан-жақты  қарастыру[10,25],  Б.Ақшалованың 
макроэкономикалық  терминдерді  қарастырған  еңбегіңде  күрделі  тіркестер  мәселесін  зерттеу  қажет 
екендігін атап көрсетуі дәлелдейді [11,  17].  Сөздерді тіркестіру арқылы сөз жасау тәсілі  - ертеден келе 
жатқан тәсілдердің бірі.  
Ш.Құрманбайұлы: «Көп сыңарлы термин атауларды терминтану саласындағы еңбектерде терминоло-
гиялық сөз тіркесі деп те атайды» [9,136] дейді. Тілдерде тіркесу тәсілі арқылы жасалған терминдердің 
үлес салмағы үлкен. Жалпы алғанда, аналитизм - түркі тілдерінің ерекшеліктерінің бірі. Тіркескен күрделі 
сөз  деп  екі  не  одан  да  көп  мағыналы  сыңардан  жасалып,  біртұтас  лексикалық  мағына  беретін  сөздер 
аталады. Тіркесті термин құрамындағы сыңарлары біртұтас мағына беріп, бір ұғымдық атауды білдіреді, 
яғни  «тіркескен  зат  есімдердің  сөзжасамдық  және  мағыналық  құрылымы  бірімен-бірі  байланысты. 
Олардың мағына тұтастығы – құрылымдық тұлғасынан шығады.  
Сонымен  қатар  тіркесті  терминдердің  құрамындағы  сөздердің  бірі  тірек  сыңар,  ортақ  ұғымды 
білдіретін жинақтаушы мағына жасайтыны және ауыспалы сыңары түрлі белгілеріді нақтылап, даралап, 
бірінің екіншіден ерекшелігін анықтайды. Мәселен, түбір зат есім, түбірлес сөздер, түбір негіз, түбір тұлға 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
69 
секілді  терминдер  -  айтқанымызға  дәлел.  Алдыңғысы  тектік  жағынан  жинақтаушы  мағынаны,  ал 
ауыспалы сыңардағы, екінші орындағы сөздер бірінен-бірін даралаушы мағынаны білдіреді.  
Б.Қалиевтің  «Тіл  білімі  терминдерінің  түсіндірме  сөздігінде»  1500  шамасында  лингвистикалық 
терминдер қамтылған. Дара терминдер саны - 630, күрделі терминдер саны - 800-ден асады. Оның ішінде 
екі сыңарлы - 585, үш сыңарлы -162, төрт сыңарлы - 35, төл сыңарлы -35, бес сыңарлы – 8 қамтылған [12].  
Екі  сыңарлы  тіркесті  тілі  білімі  терминдерін  құрамына  қарай  екі  сыңарлы  (құрамды)  және  көп 
сыңарлы (құрамды) деп бөлуге болады. Сонымен қатар құрамындағы сөздердің кірме, төл сөз болуына 
қарай сыңарлары төл тіркесті терминдер (дыбыс сапасы, дыбыс созылыңқылығы, күрделі сөз), сыңарлары 
кірме  тіркесті  терминдер  (аналитикалық  форма,  диахрониялық  лингвистика,  грамматикалық  категория) 
және  сыңарлары  аралас  тіркесті  терминдер  (анафоралық  қатынас,  морфологиялық  бірлік,  синтаксистік 
байланыс) деп бөліп қарастырдық.  
Екі  сыңарлы  тіркесті  лингвистикалық  терминдерді,  негізінен,  төмендегі  Үлгі  (модельдерьге)  бөліп 
қарастырдық (шартты белгілер: К-кірме сөз, Т-төл сөз, Т.ж.- тәуелдік жалғауы, І.с.- ілік септігі):  
І Үлгі. Екі сыңары кірме сөзден жасалған. К+К:  
1-түрі.  К  (-лық/лік)  +  К:  абсолюттік  конструкция,  антропологиялық  лингвистика,  номинативтік 
типология,  нормативтік  грамматика,  нөлдік  форма,  семантикалық  архаизм,  синтаксистік  синонимдер, 
синтетикалық форма, синхрониялық лингвистика, универсал грамматикалар т.б. 
2-түрі. К+ К (Т.ж.): адаптация теориясы, моногенез теориясы, фонема варианты, фонема вариация-
сы т.б.  
ІІ Үлгі. Бірінші сыңары кірме, екінші сыңары төл сөзден жасалған. К+Т: 
1-түрі. К+Т: автомат аударма, стандарт тіл, модаль сөздер, пассив сөздер, апостериор тілдер, аппозитив 
мүше, дублет сөздер, объектілік қатынастар т.б. 
2-түрі.  К+(-ты/ті)+Т:  адъективті  тіркес,  актуалды  мүшелену,  аморфты  сөздер,  аморфты  тілдер, 
предлогті септік т.б. 
4-түрі. К (-тық/тік) +Таккузативтік құрылыс, статикалық әдіс, фузиялық тілдер, синтаксистік талдау, 
монологтік сөйлеу, морфологиялық алмасу, синтетикалық тілдер, синтаксистік мағына т.б. 
3-түрі. К+Т (Т.ж.): Лондон мектебі, латын әліпбиі, гот жазуы, акцент жүйесі, манжур жазуы, моңғол 
жазуы, фонема варианты т.б. 
ІІІ Үлгі. Бірінші сыңары төл сөз, екінші сыңары кірме.Т+К: 
1-түрі.  Т+К:  аралас  говор,  сыпайы  формалар,  тектес  морфемалар,  туыс  диалектілер,  туынды  форма, 
шағын говорлар т.б. 
2-түрі.  Т(-лық/лік)+К:  аймақтық  лексика,  әлеуметтік  диалектілер,  әлеуметтік  лингвистика,  дыбыстық 
символизм, сандық редукция, сөзжасамдық формант, сөзжасамдық тип, тілдік стиль, тілдік универсалдар 
т.б. 
3-түрі. Т+К (Т.ж): дыбыстау аппараты, сөйлеу актісі, сөйлеу ритмі, сөйлеу темпі, тілдер семьясы, тіл 
эволюциясы т.б. 
ІҮ Үлгі. Екі сыңары қазақша. Т+Т:  
1-түрі.  Т+  Т:  есім  баяндауыш,  жазба  тіл,  жай  сөйлем,  келер  шақ,  құрмалас  сөйлем,  оқшау  сөздер, 
оңашаланған мүше т.б. 
2-түрі:Т(-лы/лі)+Т:  есімді  сөйлем,  есімді  тіркестер,  кейінді  ықпал,  қатысты  мағына,  қосарлы 
айқындауыш, ілгерінді ықпал т.б. 
3-түрі:  Т(-лық/лік)+Т:  аралық  тіл,  әріптік  жазу,  жалғаулық  шылаулар,  жалпытүркілік  сөздер, 
сөзжасамдық мағына т.б. 
4-түрі. Т(І.с.)+Т: дыбыстардың тіркесімі, дыбыс ырғағы, екпіннің түрлері, есімшенің шақтары т.б. 
Сонымен  қатар  екі  сыңарлы  тілі  білімі  терминдерін  байланысу  формасына  қарай  қабыса  (еліктеу 
сөздер,  еліктеуіш  сөздер  т.б./,  матаса  (дауыссыздардың  жуандауы,  дауыстылар  үндестігі,  дыбыстардың 
тіркесімі, есімдердің септелуі т.б.) байланысатыны (бірде-екілі меңгеріле байланысатыны) анықталды. Тіл 
білімі терминдерінің жасалуында екі құрамдыларының бірінші сыңарына -лық/лік, -дық/дік, -тық/тік және 
-  лы/лі,  ды/ді,  -  ты/ті  сөзжасамдық  жұрнақтар  арқылы  жасалу  жолының  (термин  жасауға  қатысты  төл 
сөзге  де,  кірме  сөздерге  де  талғамай  жалғанады)  ерекше  рөл  атқаратындығын  атап  айтуға  болады. 
Аталған  жұрнақ  түркі  тілдерінде  өнімді  жұрнақ  саналатындығы  белгілі.  Бұл  мәселе  арнайы  сөз  етуді 
қажет етеді. Осыған орай Ж. Манкеева былай дейді: адамның жан дүниесінің мазмұны вербальды сипатта 
жинакталған білім, ассоциация, түрлі әсерлер қорынан құралып, тіл танушы танымындағы жалғастыру-
шы,  тұтастырушы  арқау  ретінде  оның  тілдік  санасында  бейнеленеді.  Мысалы,  көсем  сөзінің  бұрыннан 
түсініктілігі - алда жүруші,бастаушы деген ассоциация екі сыңардан құралатын етістік тұлғасын атайтын 
лингвистикалық көсемше терминінің қалыптасуына негіз болады [13]. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
70 
Қорыта келе, мақаламызда қазақ тілі білімі терминжасамының аналитикалық тәсілдерінен сөздердің 
тіркесі  арқылы  жасалған  екі  сыңарлы  тіркестердің  құрамдық  сипатын  анықтауға  талпындық. 
Терминжасамда  аналитикалық  тәсіл  арқылы  жасалған  терминдердің,  оның  ішінде  метатіл  ретіндегі  тіл 
білімі  терминдерінің  жасалымында  екі  сыңарлы  тіркестердің  мол  кездесетіні  айқындалды.  Оның 
құрамындағы  терминжасамға  қатысатын  екі  сыңарының  бірыңғай  төл  сөзден  немесе  бірыңғай  кірме 
сөзден, сондай-ақ аралас болып та келетіндігі анықталды, байланысу формалары көрсетілді.  
 
Пайдаланылған әдебиет: 
1 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. - Алматы, 1964. 
2 Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы: Ғылым, 1-том, 1967. 
3 Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007.  
4 Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері. – Алматы: Сөздік-Словарь, 
2005. 
5  Біләлов  Ш.  Ұлттық  ғылым  тілі  негіздерін  қалыптастыру  (математика  саласы  бойынша). 
Филол.ғыл.док.дис… авторефераты. Алматы, 1997.  
6 Қоңырова А.Т Аударма терминдердің когнитивтік-семантикалық құрылысы// хабаршы ҚазҰПУ Фил.сериясы -
2014 - №1(47), -83-88 бб. 
7 Ақайұлы Ы. Түркістан// №19 (513). 06.05.2004 ж. 
8 Асанова Ұ. Anadolu'dan BIR SES.Түркия. 2015, -31-36 бб. 
9 Құрманбайұлы Ш.Терминтанушы құрал.Сөздік-оқулық. Астана, 2009.  
10 Әлісжанов С. Қазіргі қазақ тіліндегі философиялық терминдердің қалыптасу процесі. Филол.ғыл.канд.дис… 
авторефераты. Алматы, 1996. 
11  Ақшалова  Б.  Макроэкономикалық  терминдердің  лексика-грамматикалық  сипаты.  Филол.ғыл.канд.дис… 
авторефераты. Алматы, 1998. 
12 Қалиев Б.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 2005 
13  Манкеева  Ж.  Ұлттық  тілдегі  терминдік  жүйе  мәселесі.  [интернет  ресурсы].  https://termincom.kz/makalalar 
(24.08.20016) 
 
Резюме 
ФОРМИРОВАНИЯ СОЧЕТАНИЕ ТЕРМИНОВ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКОЗНАНИЯ 
Сарбалина А.Б.
 1
 
Казахский государственный женский педагогический университет 
г.Алматы, Казахстан 
В  статье  рассматривалась  терминология  в  целом  соотносится  с  системой  научных  понятий.  Можно  дать  такое 
определение  терминологии:  совокупность  наименований,  слов  и  словосочетаний,  используемых  для  точного  и 
однозначного  обозначения  научных  понятий  в  системе  понятий  данной  науки,  отрасли  техники,  производства. 
Термины  должны  обладать  следующими  качествами:  быть  точными  и  однозначными.  Если  большинству  слов 
обычного  языка  свойственна  многозначность  (полисемия),  то  в  терминологических  системах  стремятся  к  тому, 
чтобы  одному  означающему  (слову  или  словосочетанию)  соответствовало  только  одно  означаемое  (предмет, 
понятие). Терминология находится в постоянном движении: что-то в ней отмирает, истекает цикл жизни терминов, 
понятий, дефиниций. Они выходят из употребления, устраняются вместе с отжившими свой век, устаревшими или 
оказавшимися  ненаучными  понятиями.  Такими,  например,  оказались  в  истории  науки  термины  «хрематистика», 
«политическая  экономия»  и  сотни  других.  Многие  «старые»,  давно  известные  термины,  например  «экономика», 
наполняются  совершенно  новым  научным  содержанием.  Это  изменение  в  содержании  понятия  иногда  становится 
весьма рельефным, если сопоставить этимологию слова, т.е. его буквальное значение, заложенное в слове в самом 
начале его появления в языке, с современным пониманием. 
Ключевые слова: терминология, лингвистика, методы словообразования, терминообразовани 
 
Summary 
FORMATION OF COMBINATION TERMS OF KAZAKH LINGUISTIC 
Sarbalina A.B.
 1
 
Kazakh State Women Pedagogical University 
Almaty, Kazakhstan 
Terminology characterized the development as soon as a part of the lexicon. Certain terms of science, technology refers to 
representing the name of the concept in the field of literature and professional services within the framework of applicable 
specific words and phrases. Its main feature is certain identification in the field of science, special  Definitions, mainly as a 
common  noun,  noun  look  like.  Terms  based  on  the  laws  of  language  formation,  as  well  as  the  self-stabilized,  it  is  a  well-
established language units or elements of the terminology. Linguistic terminology of national development is one of the most 
important  parts  of  the  terminology.  Linguistic  terms  of  linguistic  terminology  theoretical  basis  of  scientific  principles,  the 
structure  and  semantics,  providing  a  special  object  of  study  and  aims  clearly  a  branch  of  linguistics  major.  In  terms  of 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
71 
linguistic terms derived  from  the root  word of  the complex  words and terminology  in  the  form  of  expression. Methods of 
creation,  on  the  whole,  morphological,  syntactic,  lexical  and  semantic  types  specified  above  said.  Our  goal  is  to  Kazakh 
language education analytical method, which features a combination of the two component terminology. 
Key words: terminology, linguistics, word-formation methods, terminological 
 
МРНТИ 16.01.09 
 
А.Cерікқазықызы 

 
1
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ. Қазақстан 
 
АРМЯН ЖАЗУЛЫ ҚЫПШАҚ ЕСКЕРТКІШІ «ТӨРЕ БІТІГІНІҢ» МОРФОЛОГИЯЛЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аңдатпа 
Мақалада орта түрік жазба ескерткіштерінің ішіндегі XVI – XVII ғасырларда армян жазуымен хатқа түсіп, бүгінгі 
күнге жеткен қыпшақ тіліндегі мұралар қазіргі түркітану ғылымында  «армян-қыпшақ» ескерткіштері деген жалпы 
атаумен белгілі «Төре бітігі» ескерткішінің морфологиялық ерекшеліктері қарастырылады.  
Армян жазулы қыпшақ ескерткіші «Төре бітігі» – түркі хaлықтaрының тaрихы, мәдениeті, әдeбиетi, тілі, тұрмыс-
тіршiлігi, дiнiнің өткeнінен мәлімeт aлуғa мүмкiндік бeрeтін aсыл мұрaсы. Қaзіргі тіліміздің даму заңдылықтарына, 
өркендеу кезеңдеріне, қалыптасу жолдарына қатысты жаңа мәліметтермен қанығу үшін армян жазулы қыпшақ жазба 
ескерткіштерінің тілін жан-жaқты зерттeп, тарихи сабақтастықты анықтaу қажет. 
Мақалада  қарастырылып  отырған  ескерткіш  тілінде  зат  есімдер  әр  түрлі  сөз  таптарынан  сөз  тудыратын 
жұрнақтар  арқылы  жасалған  және  жұрнақ  пен  түбірдің  аражігі  айқын  білінеді.  Мысалдар  құрама  немесе  тіркес 
түрінде келген сөздерден бөлек. 

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал