Т. С. Тебегенов филололоия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.41 Mb.

бет10/34
Дата02.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34

СУФФИКСЫ СУЩЕСТВИТЕЛЬНЫХ, ИМЕЮЩИЕ ОТНОШЕНИЯ К ТЮРКСКИМ ЯЗЫКАМ 
Касым Б
1

1
КазНПУ имени Абая
Нурбекова Г
2

2
КазНПУ имени Абая 
В языковых единицах особенно суффиксы – по функции и по значению не подвергаются изменениям и являются 
постоянной категорией. В данной статье рассмотрены некоторые вопросы образования существительных с помощью 
суффиксов в казахском языке и их схожесть с другими суффиксами в языке памятников «Қутадғу билиг», «Һибат-ул 
хақайиқ», их грамматическое значение, семантическое ядро, звуковой состав и пути применения. Суффиксы на -чы 
все являются обозначениями лиц по их деятельности в широком значении слова. Сюда входят значения: профессии, 
занятия, привычки, склонности, влечения, приверженности и т.п., а существительные на -чы соответственно назва-
ния лиц по их профессиям, занятиям, привычкам и т.д. Наиболее древним в этом перечне являются значение профес-
сия занятия, все остальные представляют собой его дальнейшее развитие. Особенности суффиксов,  которых нет  в 
казахском языке, тоже описаны на примере конкретных фактов.  
Ключевые  слова:  Словообразование,  язык  памятника,  переход  в  существительное,  происхождение  слова, 
корень слова, производное слово, древние суффиксы, значение слова, модальные слова 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
56 
Summary 
SUFFIXES OF NOUNS, HAVING ATTITUDES TOWARD TURKIC LANGUAGES 
Kasym B
1
., 
1
Kazakh National Pedagogical University named after Abai 
Nurbekova G
2

2
Kazakh National Pedagogical University named after Abai 
In language units suffixes - on a function and by are not exposed to the changes by function and value and are a permanent 
category.  In  this  article  some  questions  of  formation  of  nouns  by  means  of  suffixes  in  Kazakh  and  their  likeness  are 
considered with other suffixes in the language of monuments of "Қутадғу билиг", "Һибат-ул хақайиқ", their grammatical 
value, semantic structure, voice composition and ways of application. Suffixes on – чы all are denotations of people. Suffixes 
on -чы all are denotations of people on their activity in the wide value of word. Here values enter: professions, employments, 
habits, inclinations, appetences, to  adherence etc., and nouns  on  -чы accordingly the names  of people on their professions, 
employments,  habits  etc.  Most  ancient  in  this  list  it  is  been  value  profession  of  employment,  all  other  are  his  further 
development. The features of suffixes that is not present in Kazakh are too described on the example of certain facts. 
Keywords: Word-formation, language of monument, passing to the noun, origin of word, root of word, derivative, ancient 
suffixes, value of word, modal words 
  
МРНТИ 16.01.33 
 
А.Ж. Құрманаева

 
1
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ. Қазақстан 
 
ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ ҰҒЫМЫНЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аңдатпа 
Мақалада  терминология  саласы  үшін  өте  маңызды  болып  табылатын  мәселе  терминологиялық  жүйе  ұғым 
ерекшеліктері  қарастырылады.Сондай-ақ,  терминнің  жүйелілік  табиғаты  нақтыланып,  жүйелілік  принципі  жеке 
терминологиялық  жүйелер  ұйымдастырылуы  мен  оларды  зерттеудің  жетекші  принципі  болып  табылатыны  дәлел-
денді. Сонымен, жұмыста қазіргі қазақ терминологиясының синхронды жағдайы мен оның қалыптасуының дерек-
көздері  мен  арналары,  жеке  терминдер  мен  терминологиялық  жүйелердің  жасалу  уақыты,  әдіс-тәсілдері  оның 
қаншалықты  күрделі  және  сан  алуан  түрлі  ерекшелігін  көрсететіні  жайында  тұжырымдар  жасалып,  әрбір  ұлттық 
тілдің терминологиясы сол ұлт өкілінің танымдық және тәжірибелік іс-әрекетінің нәтижесі, қоғамның кәсіби қызме-
тінің  барлық  салаларындағы  арнаулы  ұғымдар  атауларынан  көрініс  беретіні  айқындалды.  Осы  тұрғыдан  келгенде 
жеке қарастыруды қажет ететін өзекті мәселелер қатарына кәсіби тіл атаулары да жатқызылатыны анықталды.  
Түйін  сөздер:  терминологиялық  жүйе,  терминологиялық  өріс,  жүйелілік,  кәсіби  тіл  атаулары,  ұғымдар  жүйесі 
және т.б. 
 
Жалпы терминология саласының маңызды сұрақтарының бірі термин мен тілдегі сөз сәйкестігі екенін 
атап  өткен  жөн.  ХХ  ғасырдың  30-шы  жылдарында  термин  сөздердің  ерекше  табиғаты  жайында 
Г.О.Винокур: «термин ерекше сөз емес, ерекше қызмет атқаратын сөз бірлігі» - деп көрсетеді [1, 7 б.]. Ал 
А.А.Реформатский: «Бір қарағанда, терминология саласы өзінің шектеулі параметрлерімен ерекшеленсе, 
екінші  бір  жағынан,  қарапайым  сөйлеумен  үнемі  өзара  әрекеттестікте  болады.  Әрбір  қарапайым  сөз 
арнаулы сөздікке енгізілуі арқылы термин болып, әрбір термин аталушы затпен дәл сәйкестігін жоғалту 
негізінде қайтадан күнделікті сөйлеуге оралуы да мүмкін» - деп жазады да [2, 165 б.], терминнің негізгі 
тілдік  сипаты  жүйе  ұғымымен  байланыстырылады:  «терминнің  ерекше  қызметі  сол  терминнің  кіретін 
жүйесімен анықталады, жүйеден тыс болған жағдайда ол өзінің терминдік сипатын жоғалтады» [3, 55 б.]. 
Терминологияға қатысты зерттеулердің басым көпшілігінде терминнің жүйелілік табиғаты «нақты бір 
білім  саласының  ұғымдар  жүйесін  қалыптастыру  қабілеті»,  «терминнің  терминдер  жиынтығын  құрап 
көрсету қасиеті», – деп анықталады [4, 93 б.]. Яғни, термин жүйелілігі дегеніміз – оны жалпықолданыс-
тық  тіл  лексикасынан  айрықша  етіп  көрсететін  ерекше  қасиеті  болып  саналады.  Осымен  байланысты 
ғалым В.А. Никифоров: «Терминология – жүйеге байланысты ерекше қызметі негізінде айрықша лекси-
калық топты құрайды. Терминология жүйесі жалпы тіл жүйесінің белгілі бір бөлігі ретінде ғылыми ойды 
білдірудің құралы. Терминология дегеніміз – жүйе. Терминологиядан тыс болған жағдайда сөз терминдік 
сипатын жоғалтады, бірақ аталымдық қызметін сақтап қалады, өйткені аталымдық қызмет сөз атаулының 
жалпы қасиеті» - деген тұжырым жасайды [5, 114 б.].  
Сонымен ғалым Г.О. Винокурдың пікірі бойынша, терминнің ерекше белгілеріне мыналар жатқызыла-
ды: 1) термин мағынасының арнаулылығы, семасиологиялық шеңберлерінің нақтылығы; 2) оның интел-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
57 
лектуалдық  тазалығы,  яғни  жалпықолданыстық  айтылымдарға  тән  келетін  бейнелі  және  эмоциялық 
реңктерден  шектеулігі  [1,  3  б.].  Осы  тұрғыдан  келгенде,  термин  қызметінің  өзі  жүйесі  арқылы 
анықталады.  Сондықтан  да  көптеген  тіл  зерттеушілерінің  пікірлері  бойынша,  қазіргі  таңда  термин 
мәселесін зерттеудің теориялық және практикалық  аспектілері лексиканың жүйелілік сипатымен тығыз 
байланысты.  Себебі,  жүйе  шеңберінде  ғана  оның  компоненттерінің  маңызы  толыққанды  айқындалып, 
терминологиялық кішігірім жүйелердің орны анықталады (А.А.Уфимцева, М.И.Черемисина және т.б.). 
Жүйелілік  принципі  жеке  терминологиялық  жүйелер  ұйымдастырылуы  мен  оларды  зерттеудің 
жетекші принципі болып табылады. Бұл концепцияның авторы ғалым Д.С.Лоттенің көзқарасы бойынша, 
кез келген білім саласының терминологиясы терминдер жүйесі ретінде сипатталады [6, 4 б.]. Ұйымдасты-
рылған  жеке  ғылыми  терминология  мен  сол  ғылым  саласының  ұғымдар  жүйесінің  арасындағы 
байланысты ғалым А.А.Реформатский де өз еңбектерінде ерекше атап өткен.  Өткен ғасырдың соңында 
жарық  көрген  ғылыми  әдебиеттерде  термин  жүйелілігіне  ерекше  назар  аударылады:  «Түрлі  ғылым 
терминдеріне жүйелілік пен белгілі бір терминология шеңберіндегі бірліктерге ішкі және қатаң тәуелділік 
тән  келеді.  Әрбір  термин  белгілі  бір  ғылым,  техника  саласының  жабық  жүйесінде,  терминологиялық 
өрісінде  орын  алады»  [7,  86  б.],  «Терминдер  арасындағы  байланыс  пен  бірлігі  өздері  атау  болып 
табылатын реалий мен ұғымдардың тұтастығымен айқындалады. Терминдер өз алдына жеке дара қызмет 
етпейді, олар міндетті түрде біріктіріліп ұйымдастырылады» [8, 52 б.]. 
«Жүйе» жалпы ғылыми ұғым ретінде белгілі бір нысандардың біріктірілуі мен сол нысандардың өзара 
қарым-қатынасы  дегенді  білдіреді.  Мысалы,  ғалым  В.  М.  Солнцев  жүйе  ұғымын:  «бір-бірімен  өзара 
қатынаста болатын, көптеген элементтерден тұратын біртұтас нысан» - деп түсіндіреді [9, 17 б.]. Ақиқат 
болмыс заттары мен құбылыстары ғылыми ойлау үдерісі барысында ұғым формаларында көрініс табады. 
Ұғымдардың мазмұнын сол заттар мен құбылыстардың жалпы және айырым қасиеттері құрайды, өйткені 
аталған  қасиеттерді  ақындау  таным  мақсаты  болып  табылады.  Ұғым  тілдік  формада,  яғни  терминде 
тіркеледі. Осыған орай, неғұрлым белгілі бір ғылым мен техника саласы дамыған болса, соғұрлым оның 
ұғымдық жүйесінің элементтері немесе терминологиялық жүйесіндегі терминдер саны көп болады. 
Алайда,  әрбір  ғылым  мен  техника  саласы  ғылым  дамуының  қазіргі  кезеңіне  тән  келетін  жалпыға 
белгілі, өзекті ұғымдар жүйесін, яғни негізгі ұғымдар жүйесін де айқындайды. Мұндай жүйелер тұрақты 
қасиетке ие болып келетіні сөзсіз. Бір сала мамандары біркелкі түсінетін элементтері бар жалпыға таныс, 
белгілі  ұғымдар  жүйесінің  болуы  коммуникация  үдерісіндегі  қарым-қатынастың  негізін  құрайды.  Егер 
терминологиялық  бірліктер  мазмұнына  тұрақтылық  тән  болмағанда,  онда  термнологиялық  жүйелер 
тұрақтылығы жайында айту мүмкін болмас еді, себебі ол кез келген таным үдерісінің немесе қоршаған 
орта игерілуінің тұрақты терминологиялық фундаментін айқындайды.  
Міне,  қазіргі  таңда  осындай  тұрақты  терминологиялық  жүйеге  ие  салалардың  бірі  ретінде  біздің 
еліміздегі «сұлулық индустриясын» атап өтуге болады. Жалпы қазіргі таңда кез келген ғылым мен білім, 
техника  саласының  терминдері  секілді  сұлулық  индустрия  саласындағы  қазақ  терминологиясы  да 
біріздендіруді,  жүйелеуді,  нормалау  мен  әзірлеуді  талап  ететін  терминологиялық  жүйені  құрайтыны 
сөзсіз. Алайда, қазіргі  таңда  «сұлулық индустриясы»  терминінің нақты ғылыми анықтамасы қалыптаса 
қоймағанын  атап  өткен  жөн.  Мысалы:  «Индустрия  [лат.  industria]  зат.  1.  Техника  жетістіктерімен 
жабдықталған фабрика, зауыт сияқты өнеркәсіп. 2. экон. Өндіріс құралдары және тұтыну бұйымда-
рын  өндіру  дәрежесімен  анықталатын  халықшаруашылығының  өндіргіш  күштеріне  және  қоғамның 
экономикалық  дамуына  ықпал  ететін  аса  маңызды  саласы»  [10,  278  б.].  Яғни,  «индустрия»  термині 
сөздіктегі  анықтама  бойынша,  ең  алдымен,  «өнеркәсіп»  және  «экономика»  ұғымдарымен  байланысты 
болып  келеді.  Ал,  қазіргі  БАҚ  мәліметтеріне  сүйенетін  болсақ,  «сұлулық  индустриясы»  термині 
өнеркәсіптен  гөрі,  белгілі  бір  қызмет  көрсету  саласы  ретінде  танылады.  Мұның  өзі  осы  кезге  дейін 
«сұлулық  индустриясы»  және  оның  негізінде  жатқан  объективтік  пен  әлеуметтік  қажеттіліктер  арнайы 
кешенді тілдік талдау нысаны болмағанын дәлелдейді.  
Сондықтан  да,  бұл  зерттеудің  өзектілігі  бірнеше  себептермен  айқындалады,  атап  айтқанда:  а) 
жалпыадамзат мәдениетінің бір бөлшегі ретінде адам дене бітімі мен келбеті мәдениетінің қазіргі таңда 
әлеуметтік  құндылықтар  жүйесінде  маңызды  рөлінің  артуы  мен  өзектілігі;  ә)  қоғам  дамуының  қазіргі 
кезеңінде  сұлулық  индустриясының  қарқынды  дамуы;  б)  аталған  сала  терминологиясы  мен 
терминологиялық  жүйесін  лингвистикалық  тұрғыдан  зерттеу  қажеттілігі;  в)  таңдалған  тақырыптың 
лингвистикалық ғылыми әдебиеттерде жеке қарастырылмағандығы және т.б.  
Қазіргі  қазақ  терминологиясының  синхронды  жағдайы  оның  қалыптасуының  дереккөздері  мен 
арналары,  жеке  терминдер  мен  терминологиялық  жүйелердің  жасалу  уақыты,  әдіс-тәсілдері  оның 
қаншалықты күрделі және сан алуан түрлі ерекшелігін көрсетеді.  Әрбір ұлттық тілдің терминологиясы 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
58 
сол ұлт өкілінің танымдық және тәжірибелік іс-әрекетінің нәтижесі, қоғамның кәсіби қызметінің барлық 
салаларындағы арнаулы ұғымдар атауларынан көрініс береді. Осы тұрғыдан келгенде жеке қарастыруды 
қажет ететін өзекті мәселелер қатарына кәсіби тіл атаулары жатқызылады.  
Қазіргі таңда жалпы терминологиялық жүйе теориясы тиісті дәрежеде зерттелгенімен, алайда кейбір 
арнаулы  лексика  саласындағы  терминологиялық  жүйе  қалыптасуы  мәселелері  әлі  күнге  дейін  толық 
шешімін тапқан жоқ. Себебі терминология саласындағы барлық жаңа болып саналған, мейлі ол ұлттық 
тілдің негізінен болсын немесе ұлттық тілден тыс, өзге халықтан қабылданған болсын, ең алдымен кәсіби 
лексикада, кәсіби тілдесімде көрініс табады. Өйткені арнаулы лексика үнемі толықтырып отыруды қажет 
етеді. Ал бұл өз кезегінде терминологиялық жүйе қалыптастыру амал-тәсілдері мен жаңа жолдарын үнемі 
іздестіруге алып келетіні сөзсіз. 
Жаңа  терминологиялық  жүйелердің  зерттелуі,  терминжасамның  бірқатар  өзекті  әрі  күрделі 
мәселелерін  анықтауға  септігін  тигізеді.  Олардың  қатарына  мыналар  жатқызылады:  терминжасамның 
қазіргі  таңдағы  даму  үдерісін  анықтау,  қазақ  тілінің  терминжасамындағы  өнімді,  өнімсіз  тұлғалар, 
терминжасаушы  элементтерді  (аффикстер,  күрделі  сөздердің  стандартты  бөліктері  т.б.)  нақты  бағалап, 
саралау және тілдік мәртебесін айқындау т.б. Соңғы жылдары терминологиялық жүйелерде орын алатын 
сипаттамалы  терминологиялық  бірліктер  табиғаты  ғылыми  қызығушылық  танытып  жүргені  белгілі. 
Әсіресе  бұл  құрылымдардың  ақпараттық  табиғаты,  олардың  қолданылу  уәждері  аффиксті  сөзжасам 
мүмкіндіктерінің шектеулігінен бе, әлде жоқ па деген сияқты мәселелер өз шешімін күтуде.  
Бұл ретте терминологиялық жүйенің белгілі бір даму кезеңдерінде құрама атаулар өнімді болса, кейбір 
кезеңдерде универб түріндегі терминдер өнімділік танытады. Осыған орай бұл арнаулы бірліктің міндетті 
түрдегі  уәжділік  сипатына  байланысты  ма,  әлде  ұғымдық  аппараттың  күрделенуінің  дәлелі  ме  деген 
мәселелер аса маңызды болып саналады: «Терминологияның кешенді жүйе ретінде анықталуы, оның екі 
құрамын ажыратып беруге негіз болады: терминжасам және терминнің тіркелуі. Терминнің тіркелуі білім 
қалыптасуының  соңғы  кезеңі  болып  саналады.  Ал  бұған  дейінгі  когнитивтік  процестің  кезеңдері,  яғни 
ғылыми концептілердің пайда болуы мен қалыптасуы міндетті түрде терминжасам процестерінде өтеді. 
Сондықтан  да  терминжасам  терминологиялық  бірлік  жасалымының  ең  бір  динамикалық  кезеңі  болып 
саналады. Өз кезегінде терминжасам екі аспектіде қарастырылады: концептуалдық және функционалдық. 
Концептуалдық аспектіде терминжасамның мазмұны айқындалады, яғни мәтін сипатындағы терминоло-
гиялық  бірліктің  құрастырылу  процесі  (ғылыми  білімнің  вербалдануы).  Бұл  процес  тілде  бар,  дайын 
тілдік бірліктер негізінде жүзеге асады» [11, 15 б.] 
Осы  тұрғыдан  алғанда  терминологиялық  жүйелер  қалыптасуы  үдерісін  зерттеу  мен  зерделеу  оның 
теориялық негіздерін, ғылыми-техникалық, кәсіби т.б. коммуникацияны, ондағы бастапқы уәждемелерді 
анықтап, арнаулы атаулардың пайда болуының басты белгілерін талдап, жинақтап жүйелеуді қажет етеді. 
Сондықтан  да  ең  басты  және  күрделі  айқындалмаған  мәселе  –  терминологиялық  жүйе  қалыптасуы 
үдерісі,  оның  тілдік  ерекшелігі  мен  табиғи  заңдылықтары.  Әрине  терминологиялық  жүйе  қалыптасуы 
үдерісін  тілдік  тұрғыдан  талдап,  ғылыми-теориялық  жағынан  тұжырымдау  жоғарыда  айтылған 
мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сол себепті де аталмыш тілдік жағдайлар мен зерттеу бағыты жаңа 
терминологиялық жүйенің қалыптасуы аспектісін арнайы жете зерделеуді талап етеді.  
Терминологиялық бірліктер жалпы ұлттық тілдің бірлігі бола тұра арнаулы тілдің кішігірім жүйесінің 
мүшесі  ретінде  де  көрініс  табады.  Осымен  байланысты  термин-сөздер  арнаулы  тілдік  бірлік  ретінде 
танылып, арнаулы және кәсіби ұғымды атау нәтижесінде тілдік жүйенің басқа тілдік бірліктерінің ерекше 
қызметке  ие  бола  бастайды.  Бұл  ретте  ең  маңызды  мәселе  терминологиялық  бірліктердің  аталмыш 
сипаттарға  ие  болуы  тек  белгілі  бір  терминологиялық  жүйе  шеңберінде  ғана  жүзеге  асатындығында 
болып  отыр.  Өйткені  терминологиялық  жүйеден  тыс  жерде  термин  тілдің  жалпықолданыстық  сөздер 
қатарына өтеді, яғни бейтерминдену үдерісіне түседі. 
Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  кез  келген  терминнің  терминологиялық  жүйеде  өз  орны  болады. 
Терминологиялық бірліктің бұл орны өзі белгілейтін ұғымның сол ұғымдар жүйесіндегі орнына тікелей 
байланысты. Терминологиялық жүйеден тыс қалған жағдайда термин өзінің негізгі белгілерін жоғалтып, 
жалпы  тілдік  жүйеде  өзінің  ұлттық-мәдени  сипатын  ғана  көрсетеді:  метафоралық,  экспрессивтілік, 
полисемиялық, бейнелілік, коннотаттылық, модалдылық, эмоционалдылық т.б. Сол себепті де терминдер 
мен  терминологиялардың  ең  маңызды  әрі  басты  белгілерінің  бірі  олардың  жүйелілік  сипатында  деген 
қорытынды  жасауға  болады  және  кез  келген  терминологиялық  бірліктің  зерттелуі  сол  жүйе  негізінде 
жүргізілуі терминологиялық заңдылық болып саналады. 
Сонымен, қорыта келгенде жалпы жүйе дегеніміз бір-бірімен тығыз байланыста және сабақтастықта 
болатын біртектес элементтер жиынтығының күрделі біртұтастығы болып табылады. Яғни жүйе ұғымы 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
59 
әрқашанда  құрамдас  бөліктерден  тұратын  құрылымды  көрсетеді.  Ал  құрылым  дегеніміз  құрам  және 
біртұтас нысанның ішкі ұйымдастырылуы. Жалпықолданыстық лексиканың жүйелілігі тілдік бірліктер-
дің тақырыптық топтарға бірігуімен анықталса, мәселен лексика-семантикалық жүйелер, терминология-
лық жүйелер белгілі бір арнаулы саланың тілтанымдық үлгісін белгілейді.  
Сондықтан  да  кез  келген  терминологиялық  жүйе  нақты  бір  саланың  ғылыми-техникалық  ұғымдар 
жүйесін сипаттауымен ерекшеленеді. Сайып келгенде терминологиялық жүйе дегеніміз – адам қызметі-
нің  арнаулы  саласы  ұғымдар  жүйесін  белгілейтін  ретті  терминдер  жиынтығы  болып  табылады.  Ал 
олардың  арасында  міндетті  түрде  үнемі  тұрақты  байланыс  болады,  ал  бұл  байланысты  қатынастар 
жиынтығы олардың негізгі құрылымын анықтайды. 
Осымен  байланысты  терминдердің  қисынды  жүйелілігі  мен  тілтанымдық  жүйелілігінің  аражігін 
ажырату  өте  маңызды.  Өйткені  әрбір  терминдер  жиынтығы  терминологиялық  жүйе  бола  бермейтіні 
заңдылық,  себебі  тек  терминологияның  жоғары  деңгейдегі  дамуы  терминологиялық  жүйе  жасалуына 
алып  келетінін  атап  көрсеткен  жөн.  Осы  ретте  тілтанымдық  жүйелілікке  қойылатын  талаптар  басқаша 
болады: терминологиялық жүйе компоненттерінің, элементтерінің болуы; компонеттердің арасында өзара 
байланыстың болуы; ашықтық; құрылымдық және т.б. 
 
Список использованной литературы: 
1 Винокур Г.О. О некоторых явлениях словообразования в русской технической терминологии // Труды МИФЛИ. 
Сборник статей по языкознанию. – Т. 5. – М., 1939. 
2  Реформатский  А.А.  Мысли  о  терминологии  //  Современные  проблемы  русской  терминологии.  –  М.:  Наука, 
1986. – С. 163-198. – статьи из журнала 
3 Реформатский А.А. Что такое термин и его терминология // Вопросы терминологии. – М., 1961. – С. 53-67.  
4 Лейчик В.М. О языковом субстрате термина // Вопросы языкознания. – 1986. – №5. – С. 87-97. 
5 Никифоров В.А. О системности термина // Вопросы языкознания. – 1966. – №1. – С. 111-114. 
6 Лотте Д.С. Основы построения научно-технической терминологии. (вопросы теории и методики). – М., 1961. 
– 43 с. 
7 Капанадзе Л.А. О понятиях «термин» и «терминология» // Развитие лексики современного русского языка. – 
М.: Наука, 1965. – С.75-85.-статья 
8 Даниленко В.П. Русская терминология: Опыт лингвистического описания. – М., 1977. – 246 с. 
9 Солнцев В.М. Язык как системно-структурное образование. Москва: Наука, 1978. 
10 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 7-том. – Алматы, 2011. 
11  Қ.Ж.Айдарбек,  Б.М.Сүйерқұл.  Ғылыми  дискурстағы  кәсіби  тілдік  тұлғаның  қалыптасуы  жайында  //Абай 
атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2(56), 2016. – Б.12-16. 
 
Аннотация 
НЕКОТОРЫЕ ОСОБЕННОСТИ ПОНЯТИЯ ТЕРМИНОЛОГИЧЕСКОЙ СИСТЕМЫ 
Курманаева А.Ж.
 1

1
Казахский национальный университет имени аль-Фараби 
В данной статье рассматриваются особенности понятия терминологической системы, что особенно актульно для 
терминологии. Вместе с тем, в статье конкретизируется системная природа термина, именно принцип системности 
является ведущим принципом исследования и организации отдельных терминологических систем. Таким образом, в 
работе обосновывается вывод о том, что синхронное состояние современной казахской терминологии и источники 
их  формирования,  время  образования  отдельных  терминов  и  терминологических  систем  и  их  способы  и  средства 
образования свидетельствуют о ее многогранной сложности и многочисленных особенностях, а также утверждается, 
что терминология каждого национального языка является результатом познавательной и практической деятельности 
представителя той национальности и отражается в системе специальных понятий во всех сферах профессиональной 
деятельности  общества.  В  связи  с  этим  особо  подчеркивается  актуальность  проблем  исследования  наименований 
профессионального языка. 
Ключевые  слова:  терминологическая  система,  терминологическое  поле,  системность,  ,  наименования 
профессионального языка, система понятий и др. 
 
Summary 
SOME FEATURES OF THE CONCEPT OF TERMINOLOGICAL SYSTEM 
Kurmanaeva A.Z.
 1

1
 Kazakh National University named after Al-Farabi 
This article considers the features of the concept of terminological system, which is especially important for terminology. 
At  the  same  time,  the  article  is  concretized  the  system  nature  of  the  term,  namely  the  principle  of  systems  is  the  guiding 
principle of the research and organization of individual terminological systems. Thus, in the work conclusion is justified that 
the synchronous state of the  modern Kazakh terms and sources of their formation, the formation of some of the terms and 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
60 
terminology systems and methods and means of education suggests its multifaceted complexity and numerous features and 
also  it  argues  that  the  terms  of  each  of  the  national  language  is  the  result  of  cognitive  and  practical  activities  of  the 
representative of nationality and is reflected in the system of special concepts in all areas of professional activity of society. In 
this regard, it emphasizes the actuality of problems of the study of names of professional language. 

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал