Т. С. Тебегенов филололоия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.41 Mb.

бет1/34
Дата02.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
10601

ISSN 1728-7804 
 
 
ХАБАРШЫ 
ВЕСТНИК 
BULLETIN 
 
«
Филология ғылымдары» сериясы  
Серия «Филологические науки» 
 
Series of «Philological sciences» 
№4 (58), 2016  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 

БАС РЕДАКТОР: 
Б.Ө.СМАНОВ – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корр. мүшесі  
 
БАС РЕДАКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  
Ф.Ш. ОРАЗБАЕВА - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корр. мүшесі  
 
ҒЫЛЫМИ РЕДАКТОРЛАР: 
Т.С. Тебегенов - филололоия ғылымдарының докторы, профессор, 
 
С.Ж. Әбішева – филолология ғылымдарының докторы, профессор  
 
РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА МҮШЕЛЕРІ: 
филол.ғыл.д.,  проф.  Б.Әбдіғазиұлы,  пед.ғ.д.  С.Б.  Бегалиева,  пед.ғ.д.  Р.Ә.  Шаханова,  филол.ғ.д.,  проф.  К.И.  Мирзоев,  пед.ғ.д.,  проф. 
Ж.К.Балтабаева, проф. Барри Пол Шерр (АҚШ), филол.ғ.к., доцент Е.В. Казарцев (Ресей), филол.ғ.д., проф. Г.Л. Нефагина (Польша), 
филол.ғ.д.,  проф.  А.К.  Киклевич  (Польша),  п.ғ.д.  Н.И.  Ишекеев  (Қырғызстан),  проф.  Спендель  Джованна  (Италия),  проф.  Хатрани 
Алтынчач  (Түркия),  проф.  Мехмет  Куталмиш  (Түркия),  PhD  докторы,  проф.  И.З.  Белобровцева  (Эстония),  пед.ғ.д.  Чан  Дин  Лам 
(Вьетнам) 
 
Жауапты хатшы: 
А.Д. Ибраева - филология ғылымдарының кандидаты   
 
Қазақстан Республикасының  мәдениет және ақпарат министрлiгiнде  2009 жылы мамырдың 8-де тiркелген №10109 - Ж 
Шығару жиілігі – жылына 4 нөмір. 2000 ж. бастап шығады. 
 
 
ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР: 
Б.У.СМАНОВ  - доктор педагогических наук, профессор,  чл.-корр. НАН РК   
 
ЗАМЕСТИТЕЛЬ ГЛАВНОГО РЕДАКТОРА: 
Ф.Ш. ОРАЗБАЕВА  - доктор педагогических наук, профессор чл.-корр. НАН РК   
 
НАУЧНЫЕ РЕДАКТОРЫ
Т.С. Тебегенов - доктор филологических наук, профессор, 
С.Ж. Абишева - доктор филологических наук, профессор 
 
ЧЛЕНЫ РЕДКОЛЛЕГИИ: 
д.филол.н.,  проф.  Б.Абдигазиулы,  д.п.н.  С.Б.  Бегалиева,  д.п.н.  Р.А.  Шаханова,  д.филол.н.,  проф.  К.И.  Мирзоев,  д.п.н.,  проф. 
Ж.К.Балтабаева, проф. Барри Пол Шерр (США), к.филол.н., доцент Е.В. Казарцев (Россия), д.филол.н., проф. Г.Л. Нефагина (Польша), 
д.филол.н.,  проф.  А.К.  Киклевич  (Польша),  д.п.н.  Н.И.  Ишекеев  (Кыргызстан),  проф.  Спендель  Джованна  (Италия),  проф.  Хатрани 
Алтынчач (Турция), проф. Мехмет Куталмиш (Турция), доктор PhD, проф. И.З. Белобровцева (Эстония), д.п.н. Чан Дин Лам (Вьетнам) 
 
Ответственный секретарь: 
А.Д.Ибраева - кандидат филологических наук  
 
Зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан  8 мая 2009 г. №10109-Ж 
Периодичность – 4 номера в год. Выходит с 2000 года. 
 
 
EDITOR IN CHIEF: 
B.O.SMANOV -  doctor of pedagogical sciences, professor corresponding member  
of the Academy of the sciences of the Republic of Kazakhstan 
 
VICE OF THE CHIEF EDITOR: 
F.Sh.ORAZBAYEVA - doctor of pedagogical sciences, professor corresponding member  
of the Academy of the sciences of the Republic of Kazakhstan 
 
SCIENTIFIC EDITORS: 
Т.S.Теbegenov - doctor of philological sciences, professor 
S.Zh.Abisheva - doctor of philological sciences, professor 
 
THE EDITORIAL BOARD MEMBERS: 
doctor  of  philological sciences,  professor  B.Abdigaziuly,  doctor  of  pedagogical sciences  S.B.Begalieva,  doctor  of pedagogical sciences 
R.A.Shahanova, doctor of philological sciences,professor 
К.I. Мirzoyev, doctor of pedagogical sciences, professor Zh.K.Baltabaiyeva, Professor 
Barri Pol Sher (USA), candidate of philological sciences., docent 
Е.V.Кazartsev (Russia), doctor of philological sciences, professor G.L. Nefagina 
(Poland), doctor of philological sciences, professor 
А.К. Kiklevich (Poland), doctor of pedagogical sciences N.I. Ishekeev (Kurgyzstan), professor 
Spendel  Djovanna  (Italy),  professor  Hatrani Altynchach 
(Тurkey),  Professor  Mehmet Kutalmish  (Тurkey),  PhD  doctor,  professor 
I.Z.Belobrovtseva (Estonia), doctor of pedagogical sciences Chan Din Lam (Vietnam) 
 
Executive editor
А.D. Ibrayieva - candidate of philological sciences.  
The journal is registered by the Ministry of Culture and Information
 
Republic of Kazakhstan 8 May 2009. 
№ 10109-ZЖ 
Periodicity – 4 numbers in a year publishing from 2001 
 
© Казахский национальный педагогический университет им. Абая, 2017. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 

ТІЛ БІЛІМІ 
 
МРНТИ 16.21.55  
 
Г.Б.
 
Алмабаева 
1
, Е.О. Артыкова 
2
  
 
1
 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ., Қазақстан) 
2
 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ., Қазақстан) 
 
СӨЗ МАҒЫНАСЫНЫҢ МЕТАФОРАЛАНУЫ 
 
Аңдатпа 
Мақала метафораның метафора теориясына, оның зерттелу бағыттарына арналады. Тiл бiлiмiнде көркем әдебиет 
тiлiн зерттеу – бiрнеше ғылым түрлерiнiң басын бiрiктiретiн күрделi, ерекшелiгi мол сала. Мұнда әдебиет теориясы 
мен  поэтикасына,  тiл  ғылымының  әдеби  тiл,  стилистика  тарамдарына,  сондай-ақ  эстетика,  өнертану,  психология 
ғылымдарына қатысты мәселелер тоғысып, бiр-бiрiмен байланысып, қиысып жатады. Метафора нақты болмыстың 
сан алуан салаларына жататын объектiлерге атау бередi. Метафора арқылы тек жаңа мағына ғана жасалмайды, ол 
атап  тұpғaн  объектiсi  туралы  қосымша  көптеген  жаңа  тyciнiктep  бередi.  Метафораны  түciну  –  белгiлi  бiр  шамада 
ойша  оның  жасалу  жолын  бақылау  деген  сөз,  ал  бұл  бiр-бiрiне  сыйымсыз  мағыналарды  жеңiл  тyciнyгe  ақыл-ой 
күшiн  жене  мағыналық  үйлесiмдi-лiктiң  қалыптасуын  қажет  етедi.  Қай  ғылым  болсын,  қалыптасу,  даму  кезеңiн 
басынан  жеңiл  өткiзбейтiнi  белгiлi.  Көркем  әдебиет  тiлiн  зерттеудiң  бiраз  тәжiрибелерi  жинақталып,  айтарлықтай 
ғылыми  табыстарға  жетсе  де,  оларды  жалпылап  қорытатын  кең  көлемдегi  теориялық  тұжырымдаулар,  қарқынды 
зерттеулер қажеттiгi айқын. Соның салдарынан көркем әдебиет тiлiнiң кейбiр келелi мәселелерi зерттеу аумағынан 
сырт қалып қойды, яғни қазақ тiл бiлiмiнде көркем әдебиет тiлiн зерттеудiң қазiргi жағдайы, салғастырмалы тұpғыдa 
көркем әдебиет стилистикасының жүйелi ғылыми-теориялық тұжырымдамасын жасау қажеттiгiн дәлелдейдi.  
Түйін  сөздер:  метафора,  көркем  мәтін,  іргелестiк  ассоциация,  ұқсастық  ассоциация,  қарама-қарсылық 
ассоциация 
 
Адамдардың өз ара түсінісу, қатынас құралы тіл болса, оның лексикалық құрамының негізгі арқауы – 
сөз. Ол – қоғам мен табиғат құбылыстарының, адамның рухани өмірінің айнасы. Осы ретте тілімізде (көр-
кем әдебиет тілінде) сөздердің метафоралы қолданылуы – ерекше назар аударуды талап ететін тақырып. 
Әpбip  ұлтты,  халықты  танудың  кiлтi,  мәдениет  ескерткiші  -  өзінің  ана  тiлi.  Халықтың  тарихын, 
мәдениетiн, ұлы мұрасын тiлi арқылы зерттеу – сол этнос мәдениетінің өзгешелігін, ұлттың эстетикалық 
таным-талғамын, шаруашылық кәсібін, мiнез-құлқын т.б. тануға мүмкiндiк бередi [1;57].  
Мұның өзi әлемдi тiл арқылы танудың негiзiн құрайды. Сондықтан да тiл – осы тiлде сөйлеушi халық-
тардың  түсінicy,  пiкiр  алысу  құралы  ғана  емес,  Вильгельм  фон  Гумбольд  айтқандай,  «тiл  –  халықтың 
рухани көзiн бiрiктiрушi қуат, ол белгiлi бip дыбыстар арқылы суреттелген керемет, ол осы кейпiнде және 
өзара байланыстағы өзiндiк дыбыстар арқылы барлық сөйлеушiлерге түсінікті, әpi олардың бәpiнe бiрдей 
қуат көзiн таратушы» [2; 4]. Қоғамдағы адамдардың түсінісу, қатынас құралы тiл болса, оның лексикалық 
құрамының негiзгi тұтқacы – сөз. Сөз – қарым-қатынас аспектiсiнде әлемдiк бейненi таңбалайтын ұғым-
түсiнiктер. Тiл – қоғамдық құбылыс ретiнде адам әрекетiнiң барлық жағын қамтитын тарихи категория. 
Адам әpeкeтi кең көлемдi және әp тарапты болғандықтан, тiл қарым-қатынастың, пiкiр алысудың және 
қоғам  мүшелерiнiң  бip-бiрiмен  түсiнiсуiнiң,  ойымыздың  практикалық  көрiнiсiнiң  құралы  ретiнде  де, 
өзiнiң құрылымы жағынан да, түрлi жақтарының өзгеру сипаты жағынан да аса күрделi құбылыс болып 
табылады.  Тiлдiң  дамуы  қоғамның  дамуына  байланысты  болғандықтан,  қоғам  дамуындағы  әркелкiлiк 
тiлге  де  ортақ.  Сөз  –  қоғам  мен  табиғат  құбылыстарының,  адамның  рухани  өмiрiнiң  айнасы  [3;  158]. 
Сөздердiң мәнін ашу, қолданылу сырын сараптау, ашу, мағыналарына түсініктеме беру. Қазақ лингвисти-
касының елеулi мәселелерiнiң бiрi тiлдiң ғасырлар бойы табиғи даму процесiнде оның iшкi даму заңды-
лықтары арқылы қалыптасқан жүйелiлiгiне сүйену, сөйтiп жалпы халықтық сипат алған, өмipгe аса қажет, 
неғұрлым  айқын  сөз  үлгiлерiн  сұрыптап  алу  болып  табылады.  Оларға  мәселен,  айтылуы,  қолданылуы 
әбден  тұрақты  қалыпқа  түскен  сөздер,  фразеологизмдер,  жалғаулар  мен  сөзжасам  жүйесi,  сөздердiң 
тіркесі,  сөйлем  құрау  жүйесi,  үндестiк  заңы,  ықпал  сияқты  тұрақтанған  жүздеген  тiл  құбылыстарын 
жатқызуға болады [4; 25]. Осындай құбылыстың бiрi - әлі де жалпы тiл бiлiмiнде өз шешiмiн таппай талас 
тудырып келе жатқан метафора құбылысы.  
Метафора (гр. metaphora – ауысу) – сыртқы не iшкi белгiлерiндегi (тұлғасындағы, атқаратын қызметiн-
дегi т.б.) ұқсастығына қарап бiр зат атауының басқа бip затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының 
ауысуы. Мағына ауысуының бұл тәсiлiнiң негiзiнде ұқcaту заңдылығы жатыр [5; 88]. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 

Метафора құбылысын тану, зерттеу сан қилы ғылым зерттеушiлерiн бiрнеше ғасырлар бойы қызықты-
рып келедi. Бұл салада көптеген салиқалы еңбектер дүниеге келгенiмен, метафораның табиғаты, жасалуы, 
тiлдегi, әр турлi ғылым тiлiндегi қызметi, маңызы теориялық тұрғыдан түсiндiрiлiп бiткен жоқ. Бұл тiлдiк 
метафораның күрделi де қызықты, тiптi таңғажайып құбылыс екенiн дәлелдей түседi. 
Тiл табиғаты, сөз мағынасы – күрделi құбылыс. Тiлде сөз метафоралармен түрленiп, өңделiп отырады. 
Ауыспалы  мағыналарды  туғызу  адам  санасының  көнеден  келе  жатқан  танымдық  операциясы  болып 
табылады [6;164].  
Сөйлеу  қарым-қатынасы  кезiнде  адамдар  сөздер  мен  олардың  мағыналарымен  алмаспайды,  сөздi, 
бүтiндей тiлдi қатынас құралы ретiнде пайдалана отырып, оймен алмасады.  
Ойлау – сыртқы дүниенi мида бейнелеудiң ең жоғарғы формасы. Ойдың бастапқы формасы – ұғым. 
Ұғым – заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы жене негiзгi қасиеттерi бейнеленедi. 
Ұғымдар  арқылы  адам  танымының  ұзақ  процесiнiң  нәтижесi  қорытылады.  Ұғымда  заттардың  өзiндiк 
қасиеттерi  ғана  көрiнбейдi,  олардың  бiр-бiрiмен  байланыстары  мен  қарым-қатынастары  бейнеленiп 
отырады. Тiлдiң көмегімен адамдар өз ойларын материалдандырып бейнелейдi. Сондықтан метафораның 
жасалу  механизмiн  зерттеудi  адам  ой-санасын,  ойлау  мен  ми  қызметiн  зерттеудiң  қуатты  құралына 
айналдыруға болады.  
Метафораны түciну – белгiлi бiр шамада ойша оның жасалу жолын бақылау деген сөз, ал бұл бiр-бiрi-
не сыйымсыз мағыналарды жеңiл тyciнyгe ақыл-ой күшiн жене мағыналық үйлесiмдiлiктiң қалыптасуын 
қажет етедi.  
Метафора дүниенi көркем тану процесiнде қажеттілікке байланысты өздiгiнен туындап отырады. Ол 
адамның epкінe тәуелдi емес.  
Қабылдау  мен  ойлау  бiрдей  және  тұрақты  зат,  құбылыстардан  гөpi  өзгермелi  құбылыстарды  тез, 
жақсы  қабылдайды.  Адам  ұқсастықтарды  байқап  қана  қоймайды,  сонымен  бiрге  өзi  жасап  отырады. 
Сенсорлы  механизмдердiң  ерекшелiктерi  және  олардың  психикамен  өзара  әpeкетi  салыстыруға 
келмейтiндi  салыстыруға,  өлшейбейтінді  өлшеуге  мүмкiндiк  бередi.  Осының  нәтижесiнде  метафора 
тілдің кез-келген саласында туындап отырады. Сондықтан метафораның жасалуы да шексiз.  
Метафора құбылысы – ең алдымен адам ойлауының нәтижесi. Метафора тек ауыспалы мағына ғaнa 
емес  ол  өз  бойына  көптеген  қасиеттер  мен  қызметтердi  сыйғыза  бiлген  күрделi  процесс.  Метафора  – 
сөздердiң ауысуы мен өзгеруi ғaнa емес, ойдың бiр-бiрiмен қарым-қатынасының нәтижесi. Метафоралық 
мағынаны қолданғанда сөйлеушi әр түрлi заттар туралы eкі ойға сүйенедi. Жаңадан алынатын психоло-
гиялық объект пайда болғанда, тiлде оларды атайтын дайын сөз болмағандықтан, адам метафораны, яғни 
тiлдегi бар сөздердi (белгiлi бiр ұқсастыққа негiзделген) қолдануға мәжбүр болады. Метафораны 6айырғы 
және жаңа мағынаның қосындысынан туғaн сөз мағынасы деуге де болады. Алайда, метафораның табиғи 
болмысы бiр уақытта eкі мағынаның бiр сөзде қатар өмip cүpyiнe икемделген.  
Жалпы тiлдiк метафораның құрылымы, жасалу механизмi өте күрделi. Тiлде метафораның жасалуы-
ның арнайы ереже, тәртiбi жоқ. Метафораның туындауы ойлау процесiнiң ұқcaту, байланыстыру заңды-
лықтарына  тiкелей  байланысты.  Метафораның  жасалуын  тек  тiлдiк  заңдылықтармен  түсiндiру  мүмкiн 
емес.  Адамның  ойлау,  таным  дүниесi  қоршаған  ортадан  ұқсастық,  қapaмa-қарсылық  ассоциацияларын 
табуға бейiм. Метафора зат, құбылыс, оның белгiлерiнiң ассоциациялануы арқылы жасалады. «Ассоциа-
ция» латын сөзi, «байланыс» деген мағынаны бiлдiредi. «Бiр нәepceнi еске caқтay – оны байланыстыру» 
деген сөз. «Ес процесiнiң негiзi болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды» 
[7; 128]. 
Сөз мағынасының метафоралануында ассоциациялар үлкен орын алады. Мида ерiксiз пайда болатын 
елестеулер  осы  ассоциация  заңдары  арқылы  пайда  болып  отырады.  Ассоциация  заңдарын  ғылымға 
бiрiншi рет енгiзген ежелгi грек ойшылы – Аристотель. Ассоциациялардың Аристотель заманынан белгiлi 
үш  түpi  бар.  Олар:  iргелестiк,  ұқсастық  және  қарама-қарсылық  ассоциациялары.  Ассоциациялардың 
табиғатын былайша түciнyгe болады:  
1)  Iргелестiк  ассоциациясы  бойынша  бiр  зат  жөнiндегi  елес  сезiммен  бiрге  оғaн  қатысы  бар  екiншi 
затты қоса туғызады.  
2) Ұқсастық ассоциациясынан нәрсенiң көpiнicтер бейнелерi өздерiне ұқсас образдарды iлестiрiп, еске 
түсiредi, яғни бiр зат жөнiндегi елес сол затқа қандай болса да ұқсастығы бар екiншi затты елестетеді.  
3)  Қарама-қарсылық  ассоциациясы  заңы  қарама-қарсы  құбылыстар  арқылы  бiреуiн  қарама-қарсы 
екiншi бiр құбылысты еске бередi.  
Метафоралану процесiне көбiне ұқсастық ассоциация заңы және қарама-қарсы ассоциация заңы негiз 
болады.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 

Сонымен,  метафора  тepeңдігi  басқа  жанама  атаудың  метафоралық  сипатымен  байланысты  болады. 
Метафораға eкi жақтылық тән. Kүдік кұрты, дала ұлы, тағдыр жазуы, ғасыр nерзентi сияқты метафоралық 
қолданыстардан оның осы қасиетiн анық аңғаруға болады.  
Метафоралар  заттардың  бiз  байқамаған  қасиеттерiн  байқауға  көмектеседi.  Олар  адам  таңқаларлық 
аналогия  мен  ұқсастықтарды  көрсетедi.  Метафора  арқылы  адам  ойлау  дуниесiнде  күтпеген  батыл 
ассоциациялар жасалады. Суреткердiң жiтi көзi барлық нәрселерден ортақ ұқсастықтар табады. Кенеттен, 
күтпеген жерден мұндай салыстырулар жасау – метафораға ерекше көркемдiлiк бередi. 
Қазiргi қазақ тiлiндегi аталым тәсiлi ретiнде метафора белсендi қызмет атқарады. Аталым бiрлiктерiнiң 
уәждемесiн,  iшкi  мағыналық  құрылымының  түзiлуiн  қарастырғанда  олардың  тiлдiк  сипатымен  қоса 
танымдық  негiзi  де  назарға  iлiгедi.  Тiлде  жаңа  бiрлiктер  ең  алдымен  аталым  қажеттiлiгiн  өтеу  үшiн 
туындап  жатады.  Бiрлiктердiң  жасалуы  тiл  қолданушының  өзiн  қоршаған  әлем  нысандарының  тiлдiк 
бейнесiн  түзу  мәселелерiмен  байланыстыра  зерделеуiмiздi  талап  етедi.  Сөзқосым  бiрлiктерiнiң  аталым 
нысаны ретiнде көбiнесе заттар мен құбылыстар ұқсастығының негiзiнде жасалатыны белгiлi.  
Метафораны жасау немесе жасай алмау бұл ойлаушы, сөйлеушi адамды сипаттайтын критерийлердiң 
бiрi  ретiнде  танылады.  Зерттеушiлер  сөзiмен  айтқанда,  метафора  әлемнiң  жеке  тiлдiк  көрініciн 
бейнелейдi, себебi индивидуальдылық жеке адамның белгiлi тiлдiк құралдарды таңдауына байланысты. 
Яғни әр адамға, сөз суретшiсiне, арнайы тек соған ғана тән қасиет бар.  
Тiлдегi  метафора  құбылысы  күрделi  атаулардың  қалыптасуына  ұйытқы  болады.  Метафоралануды 
күрделi атаулардың жасалуындағы негiзгi дереккөздердiң бiрi деп атауға болады. Оның басты шарты – 
ұқсату  заңы,  оған  заттың  сан  қырлы  белгiлерi  жатады:  түс,  түр,  пiшiн,  көлем,  қасиет,  қызмет  т.б. 
Қолданыс қызметiндегi мағына да – метафораландыру нәтижесi. 
Метафоралану  үрдісі  –  күрделі  іс-әрекет.  Оның  сипатын  тілші  Е.О.  Опарина  былай  көрсетеді: 
«Метафоралану танымдық сатыдан басталады: тіл қолданушының назарына Х нысанның Р белгісі ілінеді 
және осы белгі санада У реалиінің ассоциациялы ұқсас бейнесін туғызады. Осы ұқсастық атау жасауға 
әкеледі» [8; 10]. Танымдық сатыдан басталған әрекет нәтижесінде атау түзіледі. Кез келген метафораның 
ішкі  мағыналық  құрылымында  бейне  болады.  Бұл  бейне  ассоциациялы  ойлаумен  нысандардың  бір-
бірімен қатыстылығына байланысты санада сақталады. Заттар мен құбылыстар өздерінің ерекше белгілері 
арқылы танылып, сол белгілері арқылы аталым әрекетіне қатынасады. Метафоралануда да сол белгілер 
басты  назарға  ілігіп,  өзге  заттың  немесе  құбылыстың  ассоциациялы  бейнесін  туғызады.  Бұл  белгілер 
атаужасаушының мақсатына қарай әртүрлі қабылдануы мүмкін. 
Аталымжасаудағы  метафораның  рөлі  туралы  Н.Д.Арутюнова:  «метафора  семантикалық  процеске 
серпіліс береді де, өзі өшеді, жоғалады, образдылығы бірте-бірте жойылып, оның орнына ұғым келеді» - 
деп көрсетеді [9; 16]. Ойлаудың өзі кезең-кезеңмен жүзеге асырылатынын ескерсек, метафора адам ойын 
дамытып,  байытып,  көркемдеп  отырады.  Адам  ойының  поэтикалығы  оның  тілінен  байқалады.  Жаңа 
нысандар  туралы  білімді  қалыптастыруда  бейнелік  ерекше  маңызды.  Бұл  жайында  «Поэтикалық 
(бейнелі) ойлау танымның алғашқы сатыларына тән. Өнерде бейнені жасау шығармашылық үрдіс болып 
табылады. Көркем ойлау үнемі бейнелерге қарай талпынады. Метафора – поэтикалық ойлаудың құралы 
және  жемісі»,  -  дейді  [9;  6].  Аталым  жасауда  да  адам  өзінің  бейнелі  ойлай  білу  қабілетін  кеңінен 
пайдаланады. Бейнелілік нысандарды тануда тіл қолданушыға көмекке келеді. 
Метафора  аталымда  заттардың  қасиеттерін  өзге  бір  заттар  арқылы  ашады.  Тілдік  таңбалардың 
астарында сол таңбалардың беретін білім қоры ақпараттарын аталымдық мақсатта қолдану сөз мағынасы-
ның  ауысуына  әкеледі.  Соның  негізінде  тілдік  таңбаның  мағыналық  өрісі  кеңейеді.  Қазақ  тіл  білімінде 
метафора заттар  мен құбылыстардың ұқсастығы  негізінде дайын  таңбалардың өзге  бір нысанды атауда 
қолданылатын тәсілі ретінде танылған.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Кажигалиева  Г.А.,  Тажибаева  Ш.А.  Лингвокультурное  своеобразие  метафорики  казахстанской  поэзии  // 
Вестник  Казахского  национального  педагогического  университета  имени  Абая,  серия  «Филоло-гические  науки», 
№4(54), 2015 г. – с. 56-59. 
2. Гумбольдт В. Язык и философия культуры. – М.: Прогресс, 1985. – 400 с. 
3. Аханов Т. Тіл біліміне кіріспе. – А.: Мектеп, 1965. – 158 б. 
4. Қалиев Ғ., Болғанбаев Б. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – А.: Дәуір, 2003. – 245 б. 
5. Барлыбаев Р. Қазақ тіліндегі сөз мағынасының кеңеюі мен таралуы: Фил. ғыл. канд. дис. – А., 1963. – 124 б.  
6. Zhaparova А.Zh. Functions of metaphors in Abai's poetry // Bulletin of Kazakh National Pedagogical University after 
Abai, Series of “Philological Sciences” № 3 (53), 2015, - р.163-166 
9. Жарықбаев Қ. Психология. – А.: Қазақстан, 1996. – Б. 128. 
10. Опарина и ее функции в языке. Автореф.канд.фил.наук: М.,1990, с.28  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 

11. Арутюнова Н.Д. Метафора и дискурс // Теория метафоры. М., 1996, с. 4-12. 
12. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. II т. – Алматы: Қазақтың 
мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1960. – 364 б.  
13. Ыбырайым Ә.О. Түркi тілдеріндегі сөз формасы және сөзжасам, тұлғажасам, сөзөзгерiм мәселелерi // Абай 
атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, № 2 (52), 2015 ж. – 98-104 б. 
14. Мазибаева Ж.О. Метафоралардың тілдік-танымдық мазмұны (Т.Ахметжан шығармалары негізінде) // Абай 
атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (44), 2013 ж. - 9-12 б. 
15.  Абишева  А.Б.,  Абаева  М.К.  Концептуальная  метафора  как  компонент  содержания  во  фразеологизмах-
зоонимах  (на  материале  английского  языка)  //  Вестник  Казахского  национального  педагогического  университета 
имени Абая, серия «Филологические науки», №1(51), 2015 г. – с. 11-16 
16. Арутюнова Н.Д. Метафора // Русский язык. Энциклопедия. - М.,1979. с.140-141. 
 
Резюме 
МЕТАФОРИЗАЦИЯ ЗНАЧЕНИЯ СЛОВА 
Г.Б.
 
Алмабаева 
1
, Е.О. Артыкова 
2
  
1
 КазНУ имени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан 
2
 КазНУ имени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан  
Статья посвящена теории метафоры. Метафора является инструментом мышления и познания мира, она отража-
ет фундаментальные культурные ценности, так как основана на национально-культурном мировидении. Метафора 
выступает  как  средство  создания  образности  речи  и  конструирования  новых  смыслов,  отражая  реальный  мир  в 
непривычных, неожиданных сочетаниях и связях. Языковая метафора, несмотря на исчисляющуюся тысячелетиями 
историю своего исследования, по-прежнему представляет большой интерес для языковедов, ибо она является весьма 
продуктивным  элементом  развития  и  обогащения  языка.  Таким  образом,  метафора  становится  инструментом, 
посредством которого изучаются реалии действительности, когда на уровне мышления, соответственного понятий-
ного содержания осуществляется оперирование мыслительными аналогами объектов. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал