Суретті түсірген Есімхан Орынбаев Мерей Қайнарұлы Дарын Нұрсапаров Қырық бес жыл техниканы тізгіндеп келеді Іссапар Жұ



жүктеу 0.6 Mb.

бет1/6
Дата18.02.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ДИДАР

Суретті түсірген Есімхан Орынбаев

Мерей Қайнарұлы

Дарын Нұрсапаров

Қырық бес жыл техниканы тізгіндеп келеді

Іссапар

Жұ

М

ыспе

Н

 Қ

а

М

ту-2020

Мұра

Жұмыс 


сапарының 

бірінші 


күнінде  ол  Өскемендегі  облыстық 

төтенше  жағдайлар  департаментінің 

спорттық  кешенінде  болып,  жас 

құтқарушылардың  біліктілігін  байқа-

ды. 

–  Жас  құтқарушылар  мектебінің 



жұмысын  ары  қарай  дамыта  түсуіміз 

қажет.  Бұл  балар  үшін  өте    қызықты. 

Ең  алдымен,    олар  өзін-өзі  спорттық 

жағынан  дамытады,  бір  жағынан 

патриоттық  тәрбие,  сонымен  бірге, 

адам  өмірін  сақтап  қалуға  деген 

жауапкершілікті 

сезінетін 

болады. 

Біздің  тарапымыздан  мұндай  мектеп-

терге  кәсіби  көмек  жасала  береді,  – 

деді Владимир Божко.

Ал  журналистер  тарапынан  ми-

нистрдің  орынбасарына  түннің  бір 

уағында  ұйқыны  бұзатын  ақпараттық 

sms хабарламар туралы уәж айтылды

– Бізде бір жақсы дүние жасалса, ол 

міндетті  түрде  біреуге  кедергі  келтіріп 

тұрады.  Жіберілген  ақпараттардың 

арқасында қаншама адам өз өмірлерін 

сақтап қалды. Егер жүйкеңіз жұқа бол-

са,  түнде  телефоныңызды  сөндіріп 

қойыңыз, – деді В.Божко.

Бақытжан  Абақанұлы  бағдарлама 

аясында  арнайы  оқыту  курсынан  өтіп, 

ғаламтордан  кәсіпкерлікті  қолдауға 

бағытталған  бизнес-жоспар  құруды 

үйренген. Бизнеске бет бұрған ол алған 

несиесін  тауық  пен  қажетті  құрал-

жабдықтарға  жұмсаған.  Тауықтарды 

Черемшанка ауылынан әкелген. Шағын 

фермасы  барлық  талаптарға  сай 

жабдықталған. Кәсіпкер 1000 тауықты 

ерекше  күтімге  алып,  қажетті  жемшөп 

қоспалармен  азықтандыруға  аса  мән 

береді.  Нәтижесінде  күніне  500-ге 

жуық  жұмыртқа  алып  отыр.  Жиналған 

жұмыртқалар арнайы зертханадан өтіп, 

ветеринарлық  талаптарға  сай  негізде 

дүкендер  мен  тиісті  сату  орындарына 

қойылады. 

Табиғи таза өнімнің бағасы да тиім-

ді.  Бірақ  Бақытжан  Өмірбаев  жемшөп 

бағасының  қамбаттығына  наразы.  Де-

сек те, ол кәсіп ашуда қолдау көрсеткен 

жергілікті  әкімдік  қызметкерлеріне 

алғысын білдірді. 

Глубокое ауданы.

Ұлы  Абайдың  шөбересі  Азат 

Әрхамұлы  Ысқақов  №2  қазақ  орта 

мектебінде 

(қазіргі 

Д.Бабатайұлы 

атындағы)  40  жылдай  ұстаз  болған. 

Ол  1987  жылы  осы  мектеп  ішінен 

Абай  мен  Мұхтарға  арнап  мұражай 

ашқан-ды.  Мұражай  жұмысын  1995 

жылдан  бері  ардагер  ұстаз  Таңсық 

Исабаева    жалғастырып,  қолда  бар 

жәдігерлерді  көздің  қарашығындай 

сақтап,  молайтуға зор үлес қосқан бо-

латын.  Десе  де,  Таңсық  Орнақашқызы 

өзінің  зейнеткерлікке  шығуына  байла-

нысты    жәдігерлерді  аудандық  мұра-

жайға  тапсырып,  табыстап  кетуді 

жөн  санапты.  Сөйтіп,  барлық  жәдігер- 

лерді аудандық мұражай филиалының 

меңгерушісі  Аңсаған  Мұқаметқали-

қызына  өз  қолымен  әкеліп  тапсырды. 

Жәдігерлер қатарында ұлы Абай, Уәйіс 

Шондыбайұлы тұсындағы қазақы дом-

быра,  тоғыз  құмалақ,  ағаш  тостаған, 

ХІХ  ғасырдағы  кіржамбал,  көне  фото- 

шежірелер,  портреттер,  фото-альбом-

дар, тағы басқа дүниелер бар.



Шығыс-Ақпарат

Жас 

құтқарушылардың 

дайындығына 

көңілі толды

Шағын құс 

фермасын ашты

Құнды 

жәдігерлермен 

толықты

Өңірімізге екі күндік жұмыс сапарымен еліміздің Ішкі істер министрінің 

орынбасары Владимир Божко келіп кетті.

«Жұмыспен  қамту-2020»  бағдарламасы  аясында  Ушанов  ауылының 

тұрғыны Бақытжан Өміртаев құс шаруашылығын қолға алған. Ол үш жылға 

үш миллион теңге несие алып, шағын құс фермасын ашты. 

Аягөз – қашаннан да ақындар мен батырлардың мекені. Өткен жылдың 

басында осынау киелі өңірде тарихи-өлкетану мұражайы ашылған бола-

тын. Таяуда  осы мұражай құнды жәдігерлермен толықты.

 еңбек аДаМы

ИННовацИялыҚ ДаМу

ШЫғЫС қАзАқСТАН ОБлЫСТЫқ гАзЕТІ



1931 ЖылДың 24-ҚазаНыНаН шығаДы 

сәрсеНбІ

28 Қаңтар

№11 (17100)

2015 Жыл

www.media-vko.kz 

облыс әкІМІ: Іссапар, бағыт-бағДар

ЖұМыспеН ҚаМту-2020

Елу сегіз адам 

еңбекпен қамтылды

серік әбілқасымұлы

Гендерлік  саясаттың  Жарма  ауданын-

да    жүйелі  түрде  жүргізіліп  жатқанын  Пе-

ризат  Оралбаеваның  Үшбиік  ауылдық 

округін іскерлікпен басқарып отырғанынан 

да  көруге  болады.  Ол  басқаратын  елді 

мекеннің  тұрғындары  мемлекеттің  ауыл 

тұрғындарына  жасап  отырған  қамқорлы-

ғының игілігін көруде.

қазіргі таңда округте 49 шаруа қожалығы, 

екі  асыл  тұқымды  қой  зауыты  тіркелген. 

Олардың  иелігіне  жалға  137  718  гектар  жер 

берілсе,  оның  520  гектары  –  егістік  жер. 

Үшбиіктіктер көгілдір көктемнің лебі сезілісімен 

осы жерге көпжылдық шөп, бидай, арпа егуге 

бел  буып отыр.

Былтыр  Абай  ауданының  қарауыл  ауы-

лында  өткен  республикалық  «Шыңғыстау» 

жәрмеңкесіне  қатысқан  үшбиіктіктер    еліміз-

дің  басқа  өңірлерінен  өздеріне  болашақ 

әріптестер тапқан еді. Округтегі «Мүсілім» ша-

руа  қожалығы  негізінен  асыл  тұқымды  зеңгі 

баба  тұқымын  өсірумен  айналысады.  2014 

жылы  аталған  ұжым  өз  еңбектерінің  жемісін 

көріп,  51  бас  асыл  тұқымды  бұқа  және  тоғыз 

бас ұрғашы тайыншаны сатты. Бұдан бөлек екі 

шаруа қожалығы өткен жылы мал басын асыл-

дандыру  бағытында  өздеріне    алты    бас  асыл 

тұқымды  бұқа  сатып  алған-ды.  «Мүсілім», 

«қарАдыр»  және  үш  шаруа  қожалығы  асыл 

тұқымды қойға субсидия алу үшін құжаттарын 

тапсырды.  Мұның  барлығын  Үкіметтің  ауыл 

шаруашылығына  көрсетіп  отырған    қолдауы 

мен көмегі деуге болады.

Бұрынғы кеңестік дәуірден қалған ескі тех- 

никаларды  инвестициялық  лизинг  негізінде 

жаңғырту – уақыт талабы. Осы үрдістен үшбиік-

тіктер  де  тысқары  қалып  отырған  жоқ.  Бүгінгі 

күні  округ  бойынша  алты  ауылшаруашылық 

тракторы, үш кун, екі пресс сатылып алынған.

Тағы  да  бір  кун  мен  бір  пресс  алуға 

құжаттар  өткізіліп,  алғашқы  жарнасы  төленді. 

Биыл «Сейілхан» шаруа қожалығының мал сою 

алаңына 943000 теңгеге су құбыры тартылды.

– «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы-

ның  екінші  бағыты  аясында  2011-2014  жыл-

дар  арасында  34  адам  кәсіпкерлікті  дамыту 

негіздері  бойынша  даярлықтан  өтіп,  72  мил-

лион  700  мың  теңгенің  шағын  несиелеріне 

қол жеткізді. Өткен жылы төрт адам 7 миллион 

500 мың теңге көлемінде  шағын несие алып, 

өздерін жұмыспен қамтыды, – дейді ауыл әкімі 

Перизат Ерболатқызы.

«Өрлеу» бағдарламасы шеңберінде ауылда 

8 адам әлеуметтік салада жұмыспен қамтылып, 

жаңа  жұмыс  орындары  ашылған.  Өткен 

жылдың қорытындысы бойынша ауылдағы 58 

адам еңбекпен қамтылып отыр. 



Жарма ауданы.

серік әбілхан

Кеше облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ жұмыс сапарымен Бородулиха ауданында болып, шаруа қожалықтарының тыныс-тіршілігімен 

танысты. Ел Президенті ерекше қадағалайтын асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту тапсырмасының жергілікті жерде жемісті іске 

асырылып жатқанына куә болды.

2

стр.



Құдықтарының амандығын 

Құдайдан тілеп жүр  



3

-

бет

Апаттан аман қалған қыздың 

анасы «Дидарға» сұхбат берді

5

-

бет

Риддерлік шаңғышы 

алтыннан алқа тағынды 

6

-

бет

Әжелер 


мектебі ашылды

6

-

бет

Бұл  өңірде  жас  мамандар-

ды  жұмысқа  тарту,  баспанамен 

қамту мәселелері де мықтап қолға 

алынғаны  көрініп  тұр.  Михаили-

ченко тірек елді мекенінде «Новая 

заря» шаруа қожалығы» ЖШС-нің 

тапсырысы бойынша мемлекеттік-

жекеменшік  әріптестік  аясында 

салынып жатқан қос пәтерлі жаңа 

тұрғын  үйлер  соның  нақты  мыса-

лы  деуге  болады.  Ауыл  әкімінің 

айтуынша, жергілікті шаруашылық 

құрылымдар өздеріне қажетті ма-

мандарды  тарту  үшін  лайықты 

еңбекақысы  бар  тұрақты  жұмыс 

орнын ұсынумен қатар баспанамен 

қамтуды  да  естен  шығармапты. 

Бүгінде  жоспарланған  он  пәтерлі 

бес үйдің екеуінің құрылысы толық 

аяқталған.  Алдағы  жазға  дейін 

қалғандары  қатарға  қосылмақ. 

Ол  үйлерге  дәрігер,  ветеринар 

сияқты  ауылдық  жерде  жоғары 

сұраныстағы  өзге  де  мамандық 

иелері орналаспақ. Жаңа үйлердің 

ішін  аралап  көріп  шықан  облыс 

әкімі  жастардың  ауылға  қарай 

ағылуына мұндай бастамалардың 

берері мол екенін айтты.



Сүт өндірісіне 

сүбелі үлес қоспақ 

Іскер  азамат  Ахмет  Матаев 

жетекшілік  ететін  «Новая  заря» 

серіктестігі  негізінен  етті-сүтті  ірі 

қара малын өсірумен, өсімдік ша- 

руашылығымен 

айналысады. 

қожалықта  етті  бағыттағы  қазақ-

тың  ақбас  сиырлары,  сүтті  бағыт-

тағы симменталь тұқымды ірі қара 

малы  бағылуда.  Болашақта  600 

басқа  арналған  тауарлы-сүт  фер-

масын  құру  қанатқақты  жобасы 

жүзеге асырылмақ. 



(Соңы 2-бетте)

Кеше

Өткен 


жылы 

облыста 


«Жұмыспен 

қамтудың 

жол 

картасы-2020»  бағдарламасы 



бойынша 

ауылдық 


жерде 

бизнесті  дамыту  үшін 



4,5

 

миллиард теңге қаржы бөлінді.



Бүгін

қазақ 


хандығының 

550 


жылдық  мерейтойына  орай 

«қазақ елі» атты 



10

 бөлімнен 

тұратын  телесериал  түсіріледі. 

қазіргі  уақытта  телесериалдың 

сценарийі жазылуда.

Ертең

Облыста  геологиялық  бар-

лау  жұмыстарын  жүргізу  үшін 

«қазцинк»  ЖШС  тарапынан 

алдағы бес жыл көлемінде 

15 

миллиард теңге бөлінетін бола-

ды. 

Қадырбек кәкімұлы

Тілеш  Құсайынов  жастайынан  еңбекке  араласқан. 

Шөп  итеруші  бола  жүріп,  механизатор  мамандығын 

алған ол 45 жыл осы салада жұмыс істеді. 

Нөмірдің дерегі

Механизатор  –  мехнаты  ауыр 

мамандық.  Тілеш  –  сарышұнақ  аяз-

да  да,  аптап  ыстықта  да  бел  шеш-

пей  жұмыс  істеп,  еңбек  майданында 

шыңдалған  жан.  Трактор  –  жұмысы 

өнгенімен,  жылдамдығы  өнбейтін 

техника,  ақырын  жүріп-ақ  ауылдың 

ондаған  мың  тонна  жүгін  тасыды. 

Ауылдың  қысқы  мал  азығы,  сүдігер 

жырту  –  тракторшының  мойнында. 

қазіргідей емес, ол уақыттың ауыр тех-

никасы  әлсіз  болғандықтан,  көлемді 

жүк тасу қолайсыз болатын. Сондықтан 

амалсыздан  бірнеше  тіркеме  жасап, 

айшылық  алыс  жолдарға  сапар  шекті. 

Басқасын  былай  қойғанда,  ауыр  тех-

никамен  жақын  шет  елдерге  жүк 

тасыған кездері болыпты. Ол қашан да 

еңбек  етуді  мақсат  тұтқан  жан.  Нарық 

басталғанда жерді жалға алып, қолдағы 

малдың  басын  құрап,  шаруашылыққа 

айналдырды.  Соған  қарамастан,  жас-

тайынан үйренген кәсібін тастаған жоқ. 

Ауылдағы  техникалық  шеберхана  да 

Тілештің өз қолымен жабдықталған. 

халық театрының іргетасын қалаған да 

Тілеш болатын. құсайыновтар жанұясы 

–  Ойшілік ауылының Мәдениет үйіндегі 

«Ақ ниет» әжелер ансамблі мен драма 

үйірмелерінің  белді  мүшелері.    Бала-

лары да өмірден өз орындарын тапқан  

бақытты жандар.

Тарбағатай ауданы.

Мал тұҚыМын аСылдандыруға 

Маңыз бЕріп отыр

Қытай мен Малайзияның 

тәжірибесін пайдаланамыз

есімжан Нақтыбайұлы

Үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму-

дың  жаңа  бесжылдығы  облысымызда  жаңа 

басымдықтар бедерінде жүруі тиіс. Бұл туралы об-

лыс  әкімі  Даниал  АХМЕТОВТІҢ  қатысуымен  өткен 

кәсіпкерлік  және  индустриялық-инновациялық 

даму    басқармасының  2014  жылғы  жұмысының 

қорытынды мәжілісінде айтылды.  

Басқарма  басшысы  Шәкәрім  Бұқтұғұтовтың  ай-

туынша,  біздің  өңір  «Бизнестің  жол  картасы-2020», 

«Экспорттаушы-2020»,  «Өндіріс-2020»  сынды  бірнеше 

бағдарламаны  жүзеге  асыру  көрсеткіштері  бойынша 

республика көлемінде алдыңғы орынға шыққан. Деген-

мен,    2014  жылы  28  миллион  тонна    кен  өндірілуі  тиіс 

болғанымен,  меже  екі  мың  тоннаға  кем  орындалған. 

Бұған  кейбір  қазбаларға  деген  сұраныстың  азаюы,  кісі 

өліміне әкелген апаттар, өзге де өндірістік қиындықтар  

себеп  болған.  Осының  әсерінен  жекелеген  бағдар-

ламалар  бойынша  алдыңғы  орынға  шыққанымызбен, 

жалпы  өнеркәсіп  өнімінің  көлемі  бойынша  жетінші  

орында  қалған  екенбіз.  Бұл  жағдай  жер  қойнауынан 

қосымша  кен  орындарын  іздестіруді  талап  етіп  отыр. 

Өткен жылы ғана 30-ға жуық түрлі кен орны анықталғаны 

–  соның  айғағы.  Барлау  істеріне  «қазцинк»  ЖШС  де 

үлкен мән беруде. Кәсіпорын алдағы бес жылда осы іске 

15 миллиард теңге шығындауға бел буып отыр.

Бүгінде облыс аумағында 154 жер қойнауын игеруші 

компания тіркелсе, соның отыздан астамына  жүктелген 

міндеттемені  кестеге  сай  орындамағаны  үшін  қатаң 

ескерту  жасалған.  Ал  ескертуге  құлақ  аспаған  тоғыз 

компаниямен келісімшарт бұзылған. 

Индустрияландыру  картасына  о  баста  61  жоба 

енгізілгенімен, жыл аяғына дейін олардың қатары тағы 

15 жобамен толыққан. Олардың 22-сін шетел инвести-

циясы, 36-сын меншікті бюджет, 42-сін несие институт-

тары қаржыландырған.  

Индустриялық  жобаларға  инвесторларды  көптеп 

тарту мақсатында «Ертіс» ӘКК базасында қызмет көрсету 

орталығын  ашып,  инвесторлар  жөніндегі  заңнамаға 

қосымша салық жеңілдіктерін ұсыну бойынша өзгерістер 

енгізу жобасы қарастырылуда.

Аталмыш картаға енген жобалардың ішінде теміржол 

құрамының тежеуіш қалыбын өндіру, автокөлік шинала-

рын қайта өңдеу, етті терең өңдеу, машина құрастыру, 

қағаз  өндіру,  ағаш  өңдеу,  тау-кен  техникаларын 

құрастыру сынды жобалардың болашағына үлкен сенім 

артылып отыр. 

Өткен  жылдың  тауар  айналымы  бойынша  облысы-

мыз  Астана,  Алматы  қалалары  мен  қарағанды  облы-

сынан кейінгі төртінші орынға жайғасқан. Алайда баға 

тұрақтылығын  сақтау  бойынша  Семей  және  Өскемен 

қалаларының  кәсіпкерлерімен  жасалған  меморандум-

дар толық орындалмаған. 



(Соңы 2-бетте)

Бұл 


әулетте 

қол қусырып, бос 

отыратын 

жан 


жоқ,  жеңгеміз  үй 

ішінен шағын нау- 

байхана 

ашып, 


ауыл  тұрғында-

рын  арзан,  қол- 

жетімді  нан-то-

қаш  өнімдерімен 

қамтамасыз  етіп, 

өз  ісін  дөңгелетіп 

отыр.  Бизнестің 

әлеуметтік 

жа-

уапкершілігін  де 



жете  түсінетін  Ті- 

леш  құсайынұлы  ауылдағы  кембағал-

дар  мен  тұрмысы  төмен  отбасылары-

на  қайырымдылық  көмек  көрсетуде 

өзгелерге  үлгі  болуда.  Ол  ауылдың 

қоғамдық  жұмыстарына  араласады. 

қолы  ауыр  жұмыстан  қалт  еткенде,  

әуелетіп  ән  салады.  Үйдегі  Бақти  апа-

мызбен  қосылып  ән  салып,  облыс-

та  жүлде  алды.  Аудандағы  алғашқы 



0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

Қоғам


2

№11 (17100)

28 қаңтар

ДИДАР


Көрме

ҚайырымдылыҚ

Елбасы Жолдауымен 

етене танысты

Барлық  кітапхана  бөлімшелерінде  оқырмандар 

арасында  Елбасы  Жолдауын  түсіндіріп,  насихаттау 

мақсатында  көпшілік-мәдени  шаралар  ұйымдас-

тырылуда. 

  Таяуда  Шығыс  кентіндегі  кітапхана  бөлімшесінде 

«Жолдау жаңа жетістіктерге жетелейді», қалалық орталық 

кітапхана мен балалар және жасөспірімдер кітапханасында 

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол», Мирный кентіндегі 

кітапхана бөлімшесінде «Президенттің Жолдауы – еліміздің 

маңызды  құжаты»  атты  дәрістер  өтсе,  №12  кітапхана 

бөлімшесінде  «Болашақ  кепілі  –  «Нұрлы  жол»  атты  кітап 

көрмесінің тұсауы кесілді.

 Сондай-ақ, аталған кітапханаларда Қазақ хандығының 

550  жылдығы,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  20 

жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы секілді мерейтойларға 

орай ауқымды мәдени-шаралар жоспарланып, басталып та 

кетті.


Н.Тұрсынова,

орталықтандырылған кітапхана 

жүйесінің әдіскері 

Өскемен.

Облыстық мешіт у ішіп 

өлмек болған әйелдің 

несиесін төлеп берді

Газетіміздің биылғы 9-қаңтардағы санында Шемо-

найха ауданының тұрғыны банк алдындағы несиесін 

қайтара алмауы себепті өз-өзіне қол жұмсауға дейін 

барғанын жазғанбыз. Бұл хабар жария болысымен-ақ, 

Шығыс Қазақстан облыстық мешіті сіркесу қышқылын 

ішіп өлгісі келген жанның қарызын өтеп берді.

Облыстық  мешіттің  бас  имамы  Нұрлан  қажы 

Байжігітұлының  айтуынша,  әйелдің  у  ішкендігі  туралы 

жаңалықты  ақпарат  құралдарынан  оқыған  сәтте  қатты 

қапаланған. Дереу Шемонайха аудандық ішкі істер бөліміне 

хабарласып, ауруханаға түскен науқастың жағдайын сұрап, 

білген. Оның өзі ауырып жатқан соң, күйеуімен тілдескен. 

Әңгіме барысында күйеуі мен әйелі екеуінің атында жалпы 

сомасы 400 мың теңгеге жуық несие бары белгілі болады. 

–  Бұл  жағдайды  біле  сала,  қарап  отыра  алмадық, 

бірден  көмек  қолын  созуға  тырыстық.  Пайғамбарымыз 

дүниеге келген қасиетті Мәуліт айында қайырымды іс жа-

сау – үлкен сауап. Алла елшісі де қайырымдылық жасауды 

өте жақсы көрген және мұны өзгелерге өсиет еткен. Несие-

ге бола балалардың анасынан айырылып қала жаздағаны 

жанымызға  батты.  Сондықтан  біз  ақылдаса  келе,  ауыр 

жағдайға душар болған отбасының қарызын төлеп беруді 

ұйғардық, – деп түсіндірген Нұрлан қажы Байжігітұлы жал-

пы  қайырымдылық  жасау  діни  басқарманың  алға  қойған 

басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Шемонайха аудандық ішкі істер 

бөлімі қаңтар айының басында банк алдындағы борышын 

өтей  алмаған  әйелдің  бір  бөтелке  сірке  қышқылын  ішіп, 

ауруханаға түскендігі туралы хабар таратқан-ды. Кейіннен 

жарық өмірмен қоштасқысы келген әйел екі баланың ана-

сы екені, әлеуметтік жағдайына байланысты қарызды өтей 

алмағандығы анықталды. 

Шығыс-Ақпарат

Инновац

И

ялы

Қ

 даму

о

блыс ә

Кімі: іссапар, бағыт-бағдар

Мал тұқымын асылдандыруға Маңыз беріп отыр

Кездесу

Қалаға қоныс 

аударғандармен жүздесті

Курчатов  қаласының  әкімі  Нұрбол  Нұрғалиев 

Елбасымыздың 

Қазақстан 

халқына 

Жолдауын 

шаһар  жұртшылығына  түсіндіру  және  жергілікті 

атқарушы  органдар  жұмысымен  танысу  мақсатында 

қаладағы  кәсіпорындар,  мекемелер  мен  ұйымдар 

жұмыстарымен танысып, олардың қызметкерлерімен 

бірнеше кездесу өткізді.

Қала әкімі білім беру мекемелері басшыларымен кеңес 

өткізіп,  танысудан  алған  әсерлерімен  бөлісті,  нақты  тап-

сырмалар  берді.  Әр  білім  беру  мекемесінің  даму  жоспа-

рын  және  материалдық-техникалық  базасын  жақсарту 

бағдарламасын  әзірлеуді,  оқушыларды  ұлттық  бірыңғай 

тестілеуге  дайындау  жұмыстарын  күшейтуді  тапсырды.

 

Дін  өкілдерімен  және  үкіметтік  емес  ұйымдар  басшыла-

рымен  кездесуде  олардың  келісімді  сақтаудағы  орны, 

қоғамдық  өмірге  қосқан  үлесі  және  Елбасының  «Нұрлы 

жол  –  болашаққа  бастар  жол»  Жолдауында  берілген 

тапсырмалардың орындалуы туралы әңгіме өрбіді.

Жастар  орталығы  қызметкерлерімен  кездесуде  қала 

әкімі  жастар  топтарымен  жұмыс  істеу  қажеттігін  атап 

көрсетті.  Қолдау  жеке  түрде  жүргізілуі  қажет,  жастар 

орталық  қызметкерлерін  мемлекеттік  органдардағы  өз 

өкілдері ретінде қабылдауы, оларға сенім білдіруі тиіс.

«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша келген 75 отан-

дасымыз  қала  әкімінің  шақыруын  қабыл  алды.  Кездесу-

де  Нұрбол  Нұрғалиев  қаланың  даму  болашағына,  жұмыс 

орындарының құрылып жатқанына тоқталып, «Нұрлы жол 

– болашаққа бастар жол» Жолдауының жүзеге асырылу ба-

рысы туралы әңгімеледі.

Шығыс-Ақпарат

(Соңы. Басы 1-бетте)

Аймақ  басшысы  салалық  бағдар-

ламалардың ішінде «Бизнестің жол картасы-

2020»  бағдарламасы  негізінен  шағын  және 

орта  бизнес  нысандарына  бағытталуы 

керектігін ескертіп, аталмыш қолдау ірі биз-

нес нысандарынан гөрі шағын кәсіпкерлерге 

көрсетілсе,  нәтиже  де  жоғары  болатынын 

түсіндірді.

Бұдан кейін үдемелі индустриялық-инно-

вациялық дамуды қамтамасыз етуге жауапты 

бірнеше мекеменің есебі тыңдалды. 

«Даму»  кәсіпкерлікті  қолдау  қорының 

өңірлік  филиалының    директоры  Бақыт 

Мұсаев  қор  жұмысын  бастағалы  бері  об-

лыс  бойынша  бес  мыңнан  астам  жоба-

ны  қаржыландырғандарын  айтты.  Барлық 

аудандар  аталмыш  қордың  көмегіне  жү-

гінген.  Тек  моноқалалар  қажетті  деңгейде 

белсенділік танытпаған. 

Ал Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректо-

ры  Нұрлан  Темірбеков  білім  ордасында  ин- 

новацияны  дамытуға  бағытталған  шара-

лардың  нәтижесіне  тоқталды.  Металлур-

гия  мен  машина  жасау  саласын  магистрлік 

деңгейде  оқытуды  қолға  алған  оқу  ор-

нында  бірнеше  меншікті  инновациялық 

жоба  жемісін  бере  бастаған.  Мал  азығына 

құнарлы  қоспа  әзірлеу,  биогаз  өңдеу,  ди-

одты  шамдар  құрастыру,  ядролық  отын 

байыту  сынды  жобалар  сәтті  жүзеге  асқан.  

Болашақта  жапондық  Акита,  Киото  уни-

верситеттерімен  бірлесіп,  торий  техно-

логиялық  кластерін  құру  көзделіп  отырса 

керек.  Өңірдің  туристік  картографиясын 

қалыптастыру, ұшқышсыз аппарат құрастыру 

жобалары 

да 


аталмыш 

халықаралық 

университеттердің  көмегімен  жүзеге  аспақ. 

Облыс  басшысы  аталған  жобалардың 

ішінде  мал  азығына  құнарлы  қоспа  әзірлеу 

жобасының  тартымды  да  тиімді  екенін  ата-

ды.

Облыстағы 



металлургия 

алпауытта-

ры  да  өткен  жылғы  жетістіктерін  саралап, 

ағымдағы  жылға  деген  жоспарларымен 

бөлісті.  Мәселен,  ТМК  кәсіпорны  авиа-

космос  индустриясын  бағындыруға  бел 

шеше  кіріспек.  Өткен  жылы  металға  деген 

сұраныстың азайғанына қарамастан, бағаны 

тұрақты  сақтап  қалған.  Осының  арқасында 

әлеуметтік 

жауапкершілікті 

ойдағыдай 

орындап,  аурухана  кешенін  құру  жобасын 

бастап  отыр.  Өңір  басшысы  бұл  кешеннің 

кімдерге қызмет көрсететінін егжей-тегжейлі 

сұрады.  Кәсіпорын  президенті  Әсем  Ма-

мытова  Шаяхметов  атындағы  бұл  медици-

налық нысанның есігі Согра және Радужный 

кенттерінің  тұрғындарына  да  ашық  бола-

тынын  жеткізді.  Болашақта  кешен  жаны-

нан  педиатриялық  қызмет  орталығын  ашу 

көзделуде. 

  Ал  «Қазцинкмаш»  ЖШС  директоры  

Александр 

Анчугин 

General 


Electric, 

Omega  сынды  әлемдік  компаниялар-

мен  келісімшартқа  қол  жеткізгенін,  өнім- 

деріне  ресейлік  металлургтер  тапсырыс 

бергенін  баяндады.  Облыс  әкімі  кәсіпорын 

басшысына  «Қазақстан  темір  жолы»  ұлттық 

компаниясымен байланысты нығайтуды тап-

сырды.


–  Бүгінде  «ҚТЖ»  ұлттық  компания-

сы  теміржол  құрамына  қажет  көптеген 

бөлшектерді  Ресей  мен  Украинадан  алуға 

мәжбүр.  Осы  сұранысты  өздеріңізге  бұрып 

алу  қажет.  Түптеп  келгенде,  біздегі  ме-

талл  құю  индустриясы  экономикалық  одақ 

көлемінде  теңдессіз  болуға  қауқарлы.  Осы 

мүмкіндікті  пайдалана  білу  қажет,  –  деді 

аймақ басшысы.

«Технологиялық  даму  жөніндегі  ұлттық 

агенттік»  АҚ  басқарма  төрағасының  орын-

басары  Асланбек  Амрин  шығысқазақстан- 

дық  инноваторлардың  жобалары  неліктен 

қолдау  таппай  қалғанын  түсіндірді.  Оның 

айтуынша,  бөлінген  технологиялық  грант-

тарды  Астанаға  жақын  орналасқан  об-

лыстар  іліп  әкететін  көрінеді.  Шығыстан 

ұсынылған жобалардың көбі  үлкен қаржыға 

негізделгендіктен, 

оны 


қаржыландыру 

агенттік жарғысына сай келмеген. 



Жаңа 

бесжылдыққа – жаңа 

басымдықтар

Жиынды  қорытындылаған  облыс  әкімі 

Даниал  АХМЕТОВ  үдемелі  индустриялық-

инновациялық  дамудың  алдағы  бесжыл-

дығында  қай  салаға  басымдық  беру 

керектігін жіліктеп берді.

Бірінші кезекте, ғылымның нақты салала-

рына қолдау көрсету қажет. 

–  Облыс  аумағында  танталдан  бастап 

барлық  сирек  металдардың  қоры  бар. 

Бүгінгідей дағдарыс кезінде осы металдарды 

өңдеу, жаңа ошақтарды анықтау ісіне күш са-

лынуы керек. Бұл салаға ғалымдарымыздың 

үлес  қосып  жатқаны  шамалы.    Дәл  қазір 

ғалымның ұсынысымен зерттеу жүргізгеннен 

гөрі,  оларға  өндіріске  қажет  зерттеулерді 

өзіміз  ұсынғанымыз  тиімді.    Бүгінде  ғарыш 

саласы  мен  компьютерлік  технологияның 

барлығы  осы  сирек  металдарға  тәуелді. 

Сондықтан инновациялық жобаның барлығы 

сирек  металдардың  төңірегіне  топтасуы 

қажет, – деді өңір басшысы.

Екінші  кезекте,  жергілікті  әкімдер  сүйекті 

жобалардың 

жүзеге 

асуына 


белсенді 

түрде  атсалысуы  қажет.  Әсіресе  өндіріске 

қажет  инфрақұрылым  тартуға  мемлекеттік 

бағдарлама көзінен қаржы бөлгізу, жобаның 

әлеуметтік  қажеттіліктерін  ескеру  жергілікті 

әкімдіктердің міндетіне айналуы тиіс. 

–  Өткенде  Согра  кентіндегі  толық 

циклді  автомобиль  құрастыру  зауытының 

құрылысымен 

таныстық. 

Сол 

кез-


де  байқағаным,  құрылысқа  қажет  ме-

талл  құрандылар  мен  сендвич-панельдер 

өзімізде  бола  тұра  Ресейден  әкелінген.    Бұл 

мәселе Сол жағалаудағы спорт кешендеріне 

де  қатысты.  Мұндай  келеңсіз  көрініс  бол-

мауы үшін жергілікті құрылыс комбинаттары 

өзгелер  бас  тарта  алмайтындай  ұсыныстар 

бере білуі қажет. 

Қандай да бір зауыт немесе цех салына-

тыны  белгілі  болса,  жергілікті  әкім  ондағы 

жұмысшыларды  баспанамен,  балабақша-

мен,  мектеппен,  ауруханамен  қамту  мәсе-

лесіне  бас  ауыртуы  керек.    Жобаларды 

таңдау  кезінде  өзімен  бірге  шағын  және 

орта  бизнесті  қоса  дамытатын  өндірістерге 

басымдық  берілсін,  –  деген  өңір  басшы-

сы  инфрақұрылым  тартуға  қаржы  бөлу 

ісінде  тиянақтылық  қажет  екенін  ескертті. 

Инженерлік  инфрақұрылым  тартылғаннан 

кейін, өндіріске деп бөлінген жерлердің сау-

даланып  кетпеуін  де  әкімдер  қадағалауы 

тиіс.


Үшінші  кезекте,  ішкі  сұраныстың  артуы-

на  ықпал  ету  тетіктерін  ойлап  табу  қажет. 

Бұл  тұрғыда  2007-2008  жылдардағы 

дағдарыстан 

сәтті 

шыққан 


елдердің 

тәжірибесі негізгі алынбақ.

–  Тағы  да  сол  «Азия  Авто»  кәсіпорнын 

мысалға 


алайық. 

Халықты 


отандық 

автокөліктерді жаппай сатып алуға ынталан-

дырудың  тетіктерін  ойластыру  қажет.  Бұл 

жерде Қытай мен Малайзияның тәжірибесін 

пайдалануға  болады,  –  деді  облыс  басшы-

сы.


Төртінші  кезекте,  аудан  және  қала  әкім-

дері  қаңырап  тұрған  өндіріс  ошақтарының 

есебін  жүргізіп,  оларды  іске  қосатын  инвес-

торлар табу керек. 

–  Өскемендегі  жібек  маталар  ком-

бинаты,  Семейдегі  ұн  комбинаты  сынды 

кәсіпорындар  қаңтарылған  күйі  қалмауы 

керек.  Ол  үшін  Түркияға,  Қытайға  барып, 

анықталған  ошақтардың  әлеуетін,  тарихын 

баяндап, инвестиция құюға көндіруге бола-

ды. Алдағы уақытта барлық әкімдер осындай 

кәсіпорындарды  анықтап,  нақты  ұсыныстар 

берсін, – деді аймақ басшысы. 

Аймақтағы 

үдемелі 

индустриялық-

инновациялық  даму  бағдарламалары  өз 

деңгейінде  жүзеге  асып  жатқанын  атаған 

облыс  әкімі  атқарылған  шаруаны  әсірелеп 

көрсетуді  доғарып,  нақты  нәтижеге  жұмыс 

істеуді тапсырды.  

Қытай мен Малайзияның тәЖірибЕсін пайдаланамыз



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал