Сулейменова Алуа Бериковна Ойын элементтерін қолдану арқылы қалыптастырушы бағалауды тиімді өткізу



жүктеу 19.48 Kb.

Дата11.04.2017
өлшемі19.48 Kb.

Сулейменова Алуа Бериковна 

Ойын элементтерін қолдану арқылы қалыптастырушы 

бағалауды тиімді өткізу 

 

Семей қаласындағы  физика-математика  бағытындағы Назарбаев  Зияткерлік  мектебі 

Физика пәні мұғалімі,  Тел:  8775 401 13 19, e-mail:  Suleimenova_A@sm.nis.edu.kz 

 

 



Критериалды  бағалаудың  кіріктірілген  моделіне  сәйкес  2013-2014  оқу  жылында  оқушыны 

оқытуды  бағалауда  аздаған  өзгерістер  болды.  Яғни,  оқушылардың  оқу  мақсатына  «жетуі» 

немесе  «талпынуы»  бағаланды.  Қалыптастырушы  бағалауда  «талпынды»  алған  оқушылармен 

қосымша  сабақтар  жүргізіп,  бағалауды  бірнеше  мәрте  өткізуге  тура  келді.  «Мұғалімдердің 

барлығы  қағаздың  астында  қалды»  деп  айтсам,  қателеспеспін.  Сонымен  қатар,  оқушылармен 

жұмыстар  жүргізуге  уақыттың  жетіспеуі  үлкен  мәселе  тудырды.  Қалыптастырушы  бағалауды 

қалай  тиімді  өткізуге  болады?  Мұғалімдердің  көкейінде  жүрген  сұрақтың  шешімін  табу  үшін, 

Action  Research  жобасына қатысып, 8-сыныптар арасында зерттеу жұмысын жүргіздім.   

Зерттеу  жұмысына  алған  тақырыбым:  Физика  сабағында  ойын  элементтерін  қолдану 

арқылы  8-сыныптарда  қалыптастыршу  бағалауды  тиімді  өткізу.  Мақсатым:  қалыптастырушы 

бағалаудың  нәтижесі  бойынша  оқушылардың  90  пайызы  мақсаттарына  жетуі  керек.  Ал  осы 

мақсатқа  жету үшін  оқушылардың  ұсынысы бойынша ойын элементтерін қолдану әдісін  алдым.  

Ойын  элементтерін  жеке  жұмыста  да,  жұптық  жұмыста  да,    топтық  жұмыста  да  қолдануға 

болады.  Дегенмен,  оқушылар  топтық  жұмыс  барысында  білмегендерін  бір-бірінен  сұрап,  өз 

білімдерін  толықтыра  түседі.  Сонымен  қатар,  ойын  элементтерін  қолдану  оқушылардың  пәнге 

деген  қызығушылығын  арттыра  түседі.  Зерттеуге    8-сынып  оқушыларының  6  сабағы  алынды. 

Зерттеу сабағының өтілу  барысы:   

1) Оқушыларды  түгендеу;   

2) cабақтың мақсатын жариялау;   

3) осы сабақта  қарастырылатын оқу мақсаттарын атап өту; 

4)  ойын  аяқталғаннан  кейін  осы  ойын  төңірегінде  қарасытырлған  тақырыптар  бойынша 

қалыптастырушы  бағалау  алынатындығын ескерту;   

5) рефлексия.   

Алынған  тапсырмалар  салыстыру  жұмыстарын  жүргізу  үшін  үнемі  бірдей  деңгейде  алынып 

отырылды. Зерттеу жұмысын нәтижесін төмендегі  1-суреттен көруге  болады.  

 

 



1-сурет 

 

1-суреттен  алғашқы  3  сабақта  оқушылардың  оқу  мақсатына  жетуінің  артуын  көруге  болады. 



Содан кейін төмендеп, 5-ші  сабақта қайтадан өте жоғары нәтиже көрсетіп отыр.  

Зерттеу  жұмысының  қорытындысы бойынша сабақта ойын элементтерін  қолдану арқылы 

қалыптастырушы  бағалауды  тиімді  өткізуге  болады.    Сабақты  ойын  түрінде  жүргізу  оқушының 

қызығушылын,  сабақтың  соңында  қалыптастырушы  бағалау  алынатындығын  ескерту 

оқушының  жауапкершілігн  арттыра түседі.   

Біз  үнемі  топтық  жұмыстың  соңында  әр  топтың  жұмысын  екінші  топқа  бағалауды 

ұсынамыз.  Бірақ,  бұл  тұста  әр  оқушыны  оқыту  емес  топтағы  оқушыларды  оқыту  бағаланып 

отыр.  Ал  топтың  ішінде  деңгейі  әр  түрлі  оқушылар  отырады.  Кейбір  оқушылар  белсенді,  ал 

кейбіреулері  тіпті  жайбасар.  Топты  бағалау  сәтінде  деңгейі  төмен  оқушылар  белсенді 


оқушылардың  арқасында  жақсы  бағаланады,  бірақ  оқуды  бағалауда  қайтадан  төмен  нәтиже 

көрсетеді.  Ал  ойын  элементтерін  қолдану    көбінесе  топтық  жұмыста  орын  алады.  Сондықтан, 

топтық  жұмысты  бағалаудың  тиімді  әдісі  -  жоғарыдағы  зерттеу  сабағында  ұсынылған 

жоспармен  сабақты  өткізу.  Бұл  сабақ  қалыптастырушы  бағалауды  тиімді  өткізумен  қатар 

топтық жұмысты бағалау  әдісі  де қарастырылып отыр.   

Қалыптастырушы  бағалауды  тиімді  өткізудің  жолын  және  топтық  жұмысты  әділ 

бағалаудың жолын таба алмай жүрген  әріптестеріме  жоғарыда ұсынылған әдісті  ұсынамын.   

 

 



 

 

Қолданылған әдебиеттер: 

 

1.

 



Руководство для учителя.  АОО «Назарбаев Интеллектуальные  школы»   2012г. 

2.

 



С.  Мирсеитова,  «Оқыту  ізденіс  ретінде,  ізденіс  оқыту  ретінде»,  оқушылардың  сын 

тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері,  Қарағнады 2011 жыл. 

3.

 

Жанпейісова  М.М.  «Модульдік  оқыту  технологиясы  оқушыны  дамыту  құралы  ретінде». 



Алматы 2006 жыл. 

4.

 



Искакова  Р., Ерназарова З. «Жаңа  технологияны пайдалану әдістері».  Қызылорда, 2004 жыл. 

5.

 



Г.Қ. Нұрғалиева. Педагогиканың логикалық-құрылымдық  курсы, Алматы, 1996 жыл. 

6.

 



М. Жұмабаев, Педагогика,  -Алматы , Ана тілі,  1992 жыл. 

 

.    






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал