Студенттік өмір



жүктеу 99.17 Kb.

Дата25.04.2017
өлшемі99.17 Kb.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 

Студенттік өмір 

2014-2015 оқу жылы  

 

2014  жылдың  22  қыркүйегі  күні  Абай  атындағы  ҚазұПУ-де             

«Тіл    апталығының»  жабылу  рәсімі  ӛткізілді.  Тәрбие  жұмысы,  жастар 

саясаты  және  мемлекеттік  тілді  дамыту  басқармасы  және  Жастар  ісі 

жӛніндегі  Комитетінің  ұйымдастыруымен  «Қазақстан  халқының  тілдері 

күні»  мерекесіне  орай    «Жеті  жұрттың  тілін  біл  -  жеті  түрлі  білім  біл!» 

атты  акциясы    ӛткізілді.  Акцияға  жиналған  студенттер  мен  ұстаздарды  

«Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесімен  Абай атындағы ҚазҰПУ 

Тәрбие  ісі  жӛніндегі  проректор,  профессор    Жанатбек  Ешенқожаұлы 

Ішпекбаев  құттықтады.  Шара  барысында  елімізді  мекен  еткен  әртүрлі 

ұлттардың    дәстүрі  мен  биін  паш  ететін  «Халық    дәстүрі  -  асыл  қазына»  

атты сайыс болып ӛтті.  Шара соңында университетіміздің студент жастары 

флэш-мобпен «Қара жорға» биін орындады. 

 

 



 

 

 



 

 


  

 

 



Абай атындағы ҚазҰПУ-де 2014 жылдың  15 қыркүйегі мен 30 қазан 

күндері ӛнерпаз студенттерді анықтау мақсатында  студент-жастар арасында 

«Біз  таланттарды  іздейміз!»  атты  іріктеу  ӛткізілді.  Кастингте 

университетіміздің  институттар  мен  факультеттер  арасында  ӛткізіліп,  68 

студенттен  ӛтініш  келіп  түсті.  Олардың  арасынан  жеке  ән  орындаушылар, 

жүргізушілер,  ақындық  және  мақала  жазатын  қабілеттері  бар  және    биге 

икемі келетін студенттер іріктелініп алынды.  

 

 



 

 

 



Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай               

20  қадам»  бағдарламасының  басым  бағыттырын  насихаттау  мақсатында    



2014  жылдың  10  қазаны  күні  Жастар  ісі  жӛніндегі  комитетінің  және 

Студенттік  активтің  қатысуымен  жиналыс  болып  ӛтті.  Жиналыс барысында 

Абай    атындағы    ҚазҰПУ-нің  Тәрбие  ісі  жӛніндегі  проректоры 

Ж.Е.Ішпекбаев    университеттің  Студенттік  кәсіподағы  мен  студенттік  ӛзін-

ӛзі  басқару  органының    студенттерді  Қоғамдық  еңбекке  тарту  бойынша 

жасалған жұмыстары туралы баяндама жасады. 

 

 

 



Студент  жастарды  пайдалы  еңбекке  баулу  және  қала  кӛшелерін  қоқыс 

пен қатты қалдықтардан тазарту мақсатында  2014 жылдың 11 қазаны күні 

профессор-оқытушылар  құрамы  мен  университет  қызметкерлері  және 

студенттердің  қатысуымен  28-панфиловшы-гвардияшылар  саябағында 

сенбілік  ӛткізілді.  Сонымен  қатар  әр  институт  пен  факультет  арнайы 

бӛлінген  аумақта  тазалық  жұмыстарын  жүргізіп,  ауланың  тазаруына  ӛз 

үлестерін қосты.  

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 



 

2014  жылдың  17  қазаны  күні  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-нің  Тәрбие 

жұмысы,  жастар  саясаты  және  мемлекеттік  тілді  дамыту  басқармасы  мен 

Жастар  ісі  жӛніндегі  Комитеттің  бірлесе  ұйымдастыруымен  «Самал» 

пансионатында  «Қарттар  күніне  орай»  «Үлкенге  құрмет  –  жастарға 



міндет» атты акция ӛткізілді. Білім ордамыздың бір топ ӛнерлі студенттері 

қазыналы  қарттарымызға  арнап  кішігірім  концерттік  бағдарлама  ұсынды. 

Акция  соңында  барша  жиналған  қарттарға  мерекелерімен  құттықтап  гүл 

шоқтары мен арнайы сыйлықтар тарту етілді. 

 

 

 



 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  жылы  аясында  2014  жылдың                             

22 қазаны күні Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жастар ісі жӛніндегі комитетінің 

ұйымдастыруымен  университетіміздің  студенттік  «Бірлік»  Ассамблеясының 

ӛкілдері  мен  белсенді  студенттердің  қатысуымен  «Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы  –  бұл  тұрақтылық  пен  қоғамдық  келісімнің  сенімді  әрі 

мықты  іргетасы!»  атты  тақырыбында  диспут  сабақ    ӛткізілді.  Шара 

барысында  ұлтаралық  келісім  мен  патриоттық  тәрбие  туралы  пікірлер 

айтылды. 

 

 



 

2014  жылдың  27  қазаны  мен  5  қараша  күндері  аралығында  Абай 

атындағы  ҚазҰПУ-де  «Студент  жастар  –  білім  көшін  бастар!»  атты 

апталықтың  аясында  «Студенттік  қатарға  қабылдау»  салтанатты  рәсімі 

болып ӛтті. Шара барысында Тәрбие ісі жӛніндегі проректор Ж.Е. Ішпекбаев 

университет  табалдырығын  аттаған  1  курс  студенттерін  құттықтап,  

болашақтарынан  үлкен  үміт  күтетіндігін  және  олардың  білікті  маман 

болатынына  сенім  білдірді.  Сонымен  қатар  шара  барысында  «Студенттік 

билет»  пен  «Білім  кілті»  салтанатты  түрде  табысталды.  Мерекелік  шара 

ӛнерпаз студенттердің қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасты. 

 

   

   

 


 

Білім  жылы  аясында  Халықаралық  студенттер  күніне  орай                   



2014 жылдың 10 қарашасы күні «Студент жастар – білім көшін бастар!» 

атты  студенттік  апталықтың  ашылу  рәсімі  болып  ӛтті.  Тәрбие  ісі  жӛніндегі 

проректор  Ж.Е.Ішпекбаев  апталықты  салтанатты  түрде  ашып  берді. 

Жанатбек  Ешенқожаұлы  университетіміздің  студенттерін  17  қараша- 

Халықаралық 

студенттер 

күнімен 

құттықтап, 

студент 

жастарды 

университеттің  мәдени-қоғамдық  шараларына  белсенді  қатысып,  ӛз 

үлестерін  қосуға  шақырды.  Сонымен  қатар,  Жанатбек  Ешенқожаұлы 

студенттерді  студенттік  апталықтың  аясында  ӛткізілетін  іс-шаралардың 

кестесімен таныстырып ӛтті. 

 

    


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

       

«Студент жастар – білім  көшін бастар!» атты студенттік апталықтың 

аясында  2014  жылдың  11  қарашасы  күні  Тәрбие  ісі  жӛніндегі  проректор 



Жанатбек  Ешенқожаұлы  Ішпекбаевтың  қатысуымен  «Жастар  нұрлы 

болашақ  жолында!»  атты  университетіміздің  студенттік  клубтары  мен 

үйірмелерінің  кеңейтілген отырысы ӛткізілді. Шара барысында клубтар мен 

үйірмелерде  атқарып  жатқан  жұмыстары  туралы  мәліметтер  тыңдалып, 

студенттік ӛнерпаздықты әрі қарай дамыту жолдары талқыланды.  

 

 

       



 

          

 

 

 



2014  жылы  12  қараша  күні  студенттер  мен  ұстаздар  қауымына 

кӛтеріңкі кӛңіл-күй сыйлау  мақсатында «Студенттік сәттерім!» атты  КТК 

сайысы  болып  ӛтті.  Кӛңілді  тапқыр  клубының  ойыны  ӛте  қызықты  ӛтті. 

Командалар  ӛздерінің  ойындарын  жоғарғы  деңгейде  кӛрсете  алды.  Келген 

кӛрермендердің  кӛңілдерінен  шығып,  риза  болып  қайтты.  Сайыс 

қорытындысы  бойынша:  I  орын  «Назар  қыздары»  жаратылыстану  және 

география  институты,  II  орын  «Абайдың  немерелері»  филология 

институты,  III  орын  «Физ  Мат»  информатика,  физика  және  математика 

институты  иеленді.  «Үздік  ойыншы»  болып  ӛнер,  мәдениет  және  спорт 

институтының  2  курс  студенті  Пернебаев  Алмат  иеленді.  Жеңімпаздарға 

ректор кубогы, мақтау қағаздары және ақшалай сыйлықтар табыс етілді. 

 


  

  

 



 

 

 



2014  жылдың  13  қарашасы  күні  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-нің 

«Спартак» спорт кешенінде ректор кубогына арналған студенттер арасында 

волейболдан  университетішілік  жарыс  болып  ӛтті.  Сайысқа  6  институт  пен 

Тарих  факультетінің  командалары  қатысып  қайтты.  Сайыс  қорытындысы 

бойынша   I орынды жаратылыстану және география институты жеңіп алса,  

II орын ӛнер, мәдениет және спорт институтына бұйырып, педагогика және 

психология  институты  мен  информатика,  физика  және  математика 

институттары  III  орынға  ие  болып,  педагогика  және  психология 

институтының  4  курс  студенті  Мырзабеков  Нұрмахан  –  «Үздік  ойыншы» 

атағына  ие  болды.  Жеңімпаздарға  ректор  кубогы  мен  «Мақтау 

қағаздарымен» және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 

 


    

 

 



2014 жылдың  15 қарашасы күні «Дамудың сенімді кепілі – жастар!» 

тақырыбында  ректор  кубогына  арналған  университетішілік  пікір-сайыс 

турнирі  болып  ӛтті.  Турнирге  барлық  институт  пен  тарих  факультетінің 

пікірсайысшылары  қатысты. Турнирді Тәрбие ісі жӛніндегі проректор Ж.Е. 

Ішпекбаев ашып берді. Сайыскерлер арасынан мықтыларды анықтау үшін 3 

раундтық  ойын  ойнатылды.  Нәтижесінде,  Филология  институтының 

«Атамекен  үшін»,  тарих  факультетінің  «Самұрық»  фракциясы,  филология 

институтының  «Барыс»  фракциялары  финалға  жолдама  алды.  Турнир 

қорытындысы  бойынша    I  орынды  филология  институтының  «Атамекен 

үшін»  тобы,  ІІ  орынды  тарих  факультетінің    «Самұрық»  фракциясы,  ІІІ 

орынды  филология  институтының  «Барыс»  фракциясы  жеңіп  алды. 

Жеңімпаздарға  ректор  кубогы,  мақтау  қағаздары  және  ақшалай  сыйлықтар 

табыс етілді. 

 


  

       


 

 

2014  жылдың  17  қарашасы  күні  «Күз  ханшайымы  мен  ханзадасы» 

атты  ӛнер  сайыс  болып  ӛтті.  Сайысқа  Кӛптілді  білім  беру  институты,  ӛнер, 

мәдениет  және  спорт  институты,  филология  институты,  Жаратылыстану 

және география институты, педагогика және психология институты, физика, 

математика  және  информатика  институттары    мен  тарих  факультетінің 

атынан ӛнерпаз студенттер қатысты. Сайыскерлер арасынан үздігін  анықтау 

мақсатында  бес  кезеңнен  тұратын  конкурс  ӛткізілді.  Конкурс  барысында 

институттар  мен  факультет  атынан  қатысқан  жұптар  жеміс-жидектен  мүсін 

жасау,  ӛздерінің  актерлік  шеберлігін  кӛресетіп,  ӛз  қолдарымен    жасалған  

киім үлгісін кӛресету керек болатын. Сайыстың соңғы кезеңі мақал-мәтелдер 

жарысымен  жалғасты.  Сайыс  қорытындысы  бойынша  «Күз  ханшайымы 

мен  ханзадасы»  ӛнер,  мәдениет  және  спорт  институтының  студенттері 

Тұрсынқұл  Алия мен Құрманбеков Асет атанды. 

Студенттік апталықтың жабылу салтанаты аясында тәрбие ісі жӛніндегі 

проректор Жанатбек Ешенқожаұлы Ішпекбаев студент жастарды 17 қараша- 

Халықаралық  студенттер  күнімен  құттықтап,  университеттің  қоғамдық-

мәдени  шараларына  белсене  қатысуға  шақырды.  Сонымен  қатар  сайыс 

жеңімпаздарына    ректор    кубогы  табысталып,  апта  бойы  белсенділік 

танытқан  студенттерге  тәрбие  ісі  жӛніндегі  проректордың  «Мақтау 



грамотасы»  және  ақшалай  сыйлықтар табысталды. 

 


 

 

  



 

    


 

16  қараша  –  Толеранттық  күніне  орай  Тәрбие  басқармасы  тарих  және 

шетелдік  студенттермен  жұмыс  2014  жылдың  20  қарашасы  күні 

«Қазақстандық  жастар:  толеранттық  және  конфессияаралық  диалог 

арқылы өзара түсінік пен ынтымақтастыққа қол жеткізу» атты дӛңгелек 

үстел  ӛткізілді.  Дӛңгелек  үстел  жұмысын  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-нің  

Тәрбие ісі жӛніндегі проректор, саяси ғылымдарының кандидаты, профессор 

Жанатбек  Ешенқожаұлы    Ішпекбаев  ашып,  елімізде  бейбітшілік  пен 

достықты, 

ұлтаралық 

және 

конфессияаралық 



татулықты 

сақтау 


маңыздылығын атап ӛтті.  

 

2014 жылдың 9 желтоқсаны күні  Абай атындағы ҚазҰПУ-де Тәрбие 

жұмысы,  жастар  саясаты  және  мемлекеттік  тілді  дамыту  басқармасының  

ұйымдастыруымен 

«Нұрлы 

жолмен–Мәңгілік 

елге» 

атты 


университетішілік  жас  ақындар  мүшәйрасы  ӛткізілді.  Сайысқа  7  жас  ақын 

қатысып,  ақындық  шеберліктерін  танытты.  Мүшайра  барысында  ӛнерімен 

ерекшелінген студенттер Тәрбие ісі жӛніндегі проректор Ж.Е. Ішпекбаевтың 

атынан «Алғыс хатпен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

 

 

 



 

 


 

 

Жаңа  жыл  мерекесіне  орай  2014  жылдың  26  желтоқсаны  күні 



студенттер  мен  магистранттарға  арналған  «Қош  келдің,  Жаңа  2015  жыл!» 

атты  шоу-думан  болып  ӛтті.  Мерекелік  кешті  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-нің 

бірінші  проректоры  Мүбарак  Ермағанбетұлы  Ермағанбетов  құттықтау 

сӛзімен 


ашып, 

жыл 


бойы 

университеттіміздің 

қоғамдық-мәдени 

шараларында  белсенділігімен  ерекшеленген студенттер мен магистранттар 

ректордың  «Мақтау  грамоталарымен»  марапатталды.  Жастар  саясатын 

дамыту  ісінде  азаматтық  белсенділіктерімен  ерекшеленген  студенттерге 

Тәрбие  ісі  жӛніндегі  проректор,  профессор  Ж.Е.Ішпекбаевтың  атынан 

«Алғыс  хат»  табысталды.  Мерекелік  кеш  студенттердің  қатысуымен  бал 

биіне  ұласты.  Жаңа  жылдық  думан  Қазақстан  эстрадасы  жұлдыздары  мен 

университетіміздің 

ӛнерпаз 

студенттерінің 

қатысуымен 

концерттік 

бағдарламамен аяқталды . 

 


   

 

 



   

 

 



 

2015  жылдың  31  қаңтары  күні  сағат  10.00-де  Медеу  мұз  айдынында 

Қазақстан  Халық  Ассамблеясынын  20  жылдығына  орай  ұйымдастырылған 

флешмобқа  Алматы  қаласының  жоғарғы  оқу  орындарының  белсенді 

студенттері  қатысты.  «Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педогогикалық 

университетінің    Жастар  ісі  жӛніндегі  комитеті  мен  белсенді  студенттері 

аталмыш  іс  -  шараға  белсенді  түрде  ат  салысты.  Іс  -  шара  барысында 

студенттер  ұлттық  киімдерді  киіп  би  биледі.  Алматы  қаласының  жастар 

саясаты  дамуының  мемлекеттік  қорының  бастығы  Сеитов  Совет  Сауытұлы 

студент  жастарды  Ассамблеяның  20  жылдық  мерейтойымен  құттықтап 

жастардын ынтасын арттыру үшін іс- шара ӛткізілді.   

 


 

 

2015 жылдың 18  наурызы мен 3 сәуірі күндері аралығында Алматы 

қаласы 

Жастар 


саясаты 

мәселелері 

жӛніндегі 

басқарманың 

ұйымдастыруымен  қаламыздың  19  жоғары  оқу  орындарының  арасында 

«Студенттік  көктем-2015»  Алматы  қалалық  дарын  және  шығармашылық 

фестивалі ӛтті. Бұл байқаудың мақсаты – студент жастарға Ұлы Жеңістің 70 

жылдығын,  Қазақ  хандығының  550  жылдығын,  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының  20  жылдық  мерейтойын  дәріптеу  арқылы  патриоттық 

сезімін 

арттыру, 

отансүйгіштікке, 

толеранттылыққа 

тәрбиелеу, 

шығармашылыққа  баулу  болып  табылады.  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-дың 

ӛнерпаз жастары да, аталмыш байқауға белсенді қатысып, жүлделі орындарға 

ие болды. 

 

 

  



 

 

 

2015  жылдың    9-10  сәуірі  күндері  аралығында  Астана  қаласында  

«Тәуелсіздік  сарайында»  Елбасы,  «Нұр  Отан»  партиясының  тӛрағасы 

Нұрсұлтан  Назарбаев  Әбішұлының  қатысуымен  «Нұр  Отан»  партиясы 

жанындағы  «Жас  Отан»  Жастар  қанатының  ІІІ  Кезектен  тыс  Съезі  ӛтті. 

Аталмыш Съездің негізгі міндеттері «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге 

асырудағы  жастардың  рӛлін  талқылау,  «Жас  Отан»  ЖҚ  2020  жылға  дейінгі 

бағдарламасын  қабылдау,  Жастар  қанатының  ребрендингін  аяқтау  болып 

табылады. Съезд жұмысына еліміздің барлық аймақтарынан «Жас Отан» ЖҚ 

белсенділері,  жастар  ұйымдарының  мүшелері,  шығармашыл  жастар,  жас 

ғалымдар,  спортшылар,  мәслихат  депутаттары,  жұмысшы  және  ауыл 

жастары  қатарынан  2000  адам  қатысты.  Аталмыш  шараға  университет 

тарапынан Жастар ісі жӛніндегі комитет тӛрағасы, Нұрман Ермұқан бастаған 

бір топ белсенді студент жастар қатысты.  

 

 


 

2015  жылдың  11  сәуірі  күні  -  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 

унитверситетінің  спорт  кешенінде  Қазақстан  Республикасының  Білім  және 

ғылым  министрі  А.Сәрінжіповтің,  Қазақстан  футбол  Федерациясы 

ӛкілдерінің және Алматы қаласының жетекші оқу орындары ректорларының 

қатысуымен  «Көктем-Күз»  маусымдық  футболдан  Ұлттық  студенттік  лига 

ойындарының  салтанатты  ашылу  рәсімі  ӛтті.  Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ 

спорт  кешенінде  ӛткен  Футболдан  студенттердің  ұлттық  лигасының  ашылу 

салтанатында  ҚР  Білім  және  ғылым  министрі  А.Сәрінжіпов  қатысушылар 

мен жанкүйерлерді лиганың ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.  «Ұстаз» 

командасын  қолдау  мақсатында  ашылу  рәсіміне  университет  ректоры 

профессор  С.Ж.  Пірәлиев,  Тәрбие  ісі  жӛніндегі  проректор  Ж.Е.  Ішпекбаев 

және  сауықтыру  дене  мәдениеті  кафедрасының  профессор-оқытушылар 

құрамы қатысты. 

 

 



 

2015 жылдың 13 сәуірі күні - Республикалық Қоғамдық штаб ӛкілдері 

және  «Жас  Отан»  ЖҚ-ның  Алматы  қалалық  филиалы  ӛкілдері, 

республикалық,  қалалық  және  аудандық  Қоғамдық  Штаб  мүшелері,  ғылым 

және мәдениет қайраткерлері, жастар ұйымдарының ӛкілдерінің қатысуымен 

университет  жастарымен  кездесу  ӛткізілді.  Кездесу  барысында  Астана 

қаласында ӛткен «Жас Отан» ЖҚ-ның сьезі және Жастар форумын, форумға 

қатысушылардың  Қазақстан  жастарын  үндеуін  талқылап,  «Мәңгілік  ел» 

идеясын іске асырудағы мақсаттар мен мүмкіндіктерді айқындалды. 

 


 

 

 



 

2015  жылдың  18  сәуірі  күні  -  Орталық  стадионда  Мемлекет  басшысы 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  қатысуымен  «Алматы  көктемі»  атты 

фестиваль  ӛтті.  Аталған  шараға  университет  басшылары    бастаған 

профессор-оқытушылар  құрамы  мен    3000-  ға  жуық  студент  жастары 

қатысты.  Шара  барысында  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  жастарға  ӛзінің  жылы 

лебізі  мен  нық  сенімін  білдіріп,  болашақтың  кілті  білімді  де,  жоғарғы 

интеллектуалды  жастардың  қолында  екенін  баса  айтты.  Шара  үлкен 

театрландырылған  қойылым  мен  концерттік  бағдарламаға  ұласты.  Ӛнерпаз 

жастардың  қатарында  университетіміздің  қыздарынан  құралған  «Кәусар» 

тобы да қатысып, ӛз ӛнерлерін кӛрсетті. 

 

  

  



 

 

2015  жылдың  23  сәуірі  күні  -  Жастар  ісі  жӛніндегі  комитеттің 

ұйымдастыруымен  «Мен  алғашқы  рет  дауыс  беремін!»  атты  акция 

ұйымдастырылды.  Шараның  мақсаты  сайлауға  қатысып  дауыс  беру,  әрбір 

кәмелеттік жасқа толған жастардың азаматтық парызы екендігін насихаттай 

отырып,  елі  үшін,  ӛзі  үшін  маңызды  науқанға  атсалысуға  шақыру.  Жалпы 

акцияға  барлық  инстуттардан  18  жасқа,  яғни  кәмелеттік  жасқа  толған 

студенттер қатысты. 

 

 



 

 

 



 

 

2015  жылдың  18-30  сәуірі  күндері  аралығындағы  Тәрбие  жұмысы, 

жастар  саясаты және  мемлекеттік  тілді дамыту  басқармасы  және Жастар ісі 

жӛніндегі  комитетінің  ұйымдастыруымен  «Бейбітшілік  пен  келісім-

жастардың таңдауы» атты  Студенттік кӛктем фестивалі ӛткізілді.  

 

 

 

7  мамыр  «Отан  қорғаушылар  күні»  меркесіне  орай  Алматы  қаласы 



Жастар  саясаты  жӛніндегі    басқарманың    ұйымдастырумен  «Студенттік 

көктем  2015»  Алматы  қалалық  дарын    және    шығармашылық    фестивалінің 

жабылу  салтанаты    Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президентінің 

саябағында  ӛтті.  Университеттен  40  студент  қатысып,  қыздар  құрамасынан 

құралған «Кәусар» тобы да ӛз ӛнерлерін кӛрсетіп қайтты. Алматы қаласының 

жоғарғы  оқу  орындарының  арасында  ұйымдастырылған  «Студенттік  көктем 

2015»    фестивалінде    университетіміз  II    орынды  иеленіп  150  мың  теңге 

ақшалай  сыйақы  мен  арнайы  грамотамен  марапатталды.  Университетміздің 

жемісті де жеңісті сәттерінің кезеңдері  күн санап арта берсін. 

 

 



 

 

2015  жылдың  4  маусымы  күні  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 



рәміздері күні мерекесіне орай «Мемлекеттік рәміздер-менің мақтанышым» 

атты  акция  ӛткізілді.  Акция  барысында  университет  студент  жастарының 

арасында  «Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  рәміздері  және  олардың 

тарихы» атты викториналық ойын, «Кӛк байрағым кӛгімде желбіреген!..» атты 

сурет байқауы ұйымдастырылып, «Мемлекеттік рәміздер–менің мақтанышым» 

атты  ақпараттық-танымдық    жадынамасы  таратылды  және  флеш-моб 

ұйымдастырылды. 



 

 

 



 

 


 

Жазғы маусымда студенттерді уақытша жұмыспен қамту бағдарламасы 

бойынша  университетіміздің  «Жасыл  ел»  еңбек  жасағы  мен  Студенттік 

құрылыс  жасағы,  сонымен  қатар  Қабылдау  комиссия  мүшелері  2015 

жылдың  20  маусымынан  бастап  ӛз  жұмыстарын  бастады.  Студенттік 

құрылыс  жасақтары  штабы  құрамына  жұмысқа  үміткерлер  ӛте  кӛп  ӛтініш 

білдіргендіктен 

студенттер 

іріктеу 


негізінде 

таңдалған. 

Іріктеу 

университеттің  барлық  институттары  арасында  жүргізіліп,  нәтижесінде 

оқуда үздік, әлеуметтік жағдайы тӛмен және қоғамдық шараларға белсенді 

қатысқан  студенттер  жұмысқа  қабылданды.  Атап  айтқанда,  Қабылдау 

комиссиясына  10  студент,  Студенттік  құрылыс  жасағына  37  студент  және 

«Жасыл ел» еңбек жасағы құрамына 30 студенттер жұмысқа қабылданды. 



 

         

                 

 

 

 

 

   

 

 

 

  2015  жылдың  9  тамызы  күні  жазғы  маусымда  студенттердің  бос 

уақытын тиімді ӛткізу мақсатында Тәрбие ісі жӛніндегі проректор Жанатбек 

Ішпекбаевтың  колдауымен  және  Тәрбие  басқармасы,  Студенттер  кәсіподақ 

ұйымы    бірлесе  Қапшағай  шипажайында  орналасқан    «Ұстаз»  демалыс 

орнында  Стуенттік  құрылыс  жасағы,  «Жасыл  ел»  еңбек  жасағы,  Қабылдау 

комиссиясы  құрамында    жұмыс  жасап  жатқан  студент-жастарға  демалыс  

ұйымдастырып,  жақсы  кӛңіл  күй  сыйлады.  Демалыс  барысында  студенттер 

суға шомылып, түрлі ойындар және би кеші ұйымдастырылды.  



 

 

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал