Студенттерге мемлекеттік тілдіүйретуде жаңа технологияларды пайдалану




Дата14.05.2017
өлшемі32 Kb.

УДК 494.3.

СТУДЕНТТЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҮЙРЕТУДЕ 

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  ПАЙДАЛАНУ

Саутова Т.А.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Қазақстан  Республикасының  тіл  саясатын  жүзеге  асыру  мақсатында  оқытушы 

студенттердің  тілді  меңгеруге  деген  қызығушылығын  оятады,  жан-жақты  дамыған, 

бәсекеге  қабілетті  тұлғаны  тэрбиелейді,  қазақстандық  патриотизмді  нығайтады,  өзге 

халықтардың мэдениеті мен тілін қүрметтеуге үйретеді.

Студенттерді  мемлекеттік  тілге  үйрету  жауапты  жүмыс.  Сондықтан  оқытушы  эр 

сабаққа  жауапкершілікпен  дайындалып,  қазақ  тіліне  деген  қызығушылықты  ояту  үшін 

жақсы әдіс-тәсілдерді қолданады.

Атақты  ғалым-  әдіскер  Ахмет  Байтүрсынұлы  «Қай  эдіс  жақсы?»  деген  еңбегінде: 

«Жақсы дерлік те,  жаман дерлік те  бір эдіс  жоқ.  Олақтықтың  белгісі -  бір ғана әдісті  болу. 

Шеберліктің  белгісі  -   түрлі  әдісті  болу,  керек  орында  жоқ  әдісті  табу  да  қолынан  келу. 

Мүғалім  әдісті  көп  білуге  тырысу  керек,  оларды  өзіне  сүйеніш,  қолгабыс  нәрсе  есебінде 

қолдану керек».

Мемлекеттік  тілді  үйренудің  қажеттілігін  бүгінгі  күні  егемен  Қазақстанның  кез- 

келген саналы азаматы түсінеді, толық сезінеді. Мемлекетіміз жүргізіп отырған тіл саясаты 

бойынша эрбір азаматтың мемлекеттік тілді тегін үйренуге құқығы бар.

Басқа  үлт  өкілдеріне  мемлекеттік  тілді  оқытуда  эстетикалық  талғамға  сай 

безендірілген  кабинет,  оқытудың  эртүрлі  құралдары,  кестелері,  оқулыктар,  техникалық 

құрал-жабдықтары болуы қажет.

Әрбір  сабақтың  мазмұнына  сай  әдістер  мен  тэсілдерді  дұрыс  таңдап  окытқанда  ғана 

біз  басқа  үлт  өкілдерін  қазақ  тілін  өз  ынтасымен  қызыға,  түсініп  оқуға,  қадірлеуге,  жақсы 

меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйретеміз.

Білім беру саласында оқытудың озық технологиялары қолданылып жүр.

Қоғамымыздың  қазіргі  даму  кезеңіндегі  басты  мәселелердің  бірі  -   оқытуды 

ақпараттандыру,  яғни  ақпараттық  технологияларды  пайдалану.  Жаңа  ақпараттық 

технологиялар  -  қажетті  техникалық және  бағдарламалық  жабдығы  бар  компьютер.  Білім 

беру  жүйесін  ақпараттандыру  ісі  жаңа  оқыту  технологияларын  дайындауды  талап  етеді. 

Оларға  басылымдар,  электрондық  оқулықтар,  мультимедиялық  оқу  қүралдары  мен 

электрондық жазбалар  жатады.

Сабақ  барысында  компьютерді  қолданудың  жақсы  жақтары:  эр  сабақта  сөйлеу 

әрекетінің  төрт түрі де қолданылады:  тыңдалым,  сөйлесім,  оқылым,  жазылым;  түрлі-түсті 

иллюстрациялар  есте  сақтау  процесі  үшін  пайдалы,  бірнеше  рет  тыңдау  мен  оқып-білген 

материалдарды  қайталай  алады.  Сондықтан  компьютерлік  технология  -   білім  беру  мен 

тәрбиелеудегі тиімді  ізденістер қатарына жататын технологиялардың бірі болып табылады.

Қазіргі заманның талабына сай қазақ тілі сабақтарында қолданылып жатқан жаңашыл 

әдіс-тәсілдер  көп.  Негізгі  қолданылатын  әдіс-тәсілдер:  модульдік  технология  мен  сын 

түрғысынан  ойлау.  Бүл  тәсід  тіл 

үйренушінің  ойлау  қабілетін  дамытады,  өз  ойын 

жинақтап,  суретті  түрде  бейнелеп  беруге  талпындырады,  кластер,  Венн  диаграммасы 

арқылы  жан-жақты  мағлүмат алуына бағыт береді,  жинақтаған  пікірін  ауызша да,  жазбаша 

да, бейнелеп корсету түрінде де салауатты жеткізуіне жол ашады.

Жаңа технологияның өріс  алуына орай оқыту үрдісінде  «интерактивті  әдістер»  пайда 

болды.  «Интерактивті  әдістер»  деген  үғымды  тіл  үйренушілердің  өзара  әрекет  етуіне 

жағдай  жасайтын  әдістер  деп  түсінуге  болады.  Интерактивтік  әдістердің  мэні  -  

оқытушының  басшылығымен  тіл  үйренушілердің  бір-бірімен  өзара  белсенді  байланыста 

бола отырып оқу-танымдық нәтижеге жетуі.

47


Топпен  жэне  жұппен  жұмыс  істеу  көп  көмегін  тигізеді.  Қосымша  бұқаралық 

акпараттар құралдарынан алынған  материалдармен жұмыс жүргізу де ұтымды болады.

Мемлекеттік  тілді  үйретуде  қолданылатын  интерактивтік  эдіс-тэсілдер:  рөлдік, 

іскерлік 

ойындар, 

имитация 

эдістері, 

жаттығулар, 

жобалар, 

тұжырымдамалар, 

бағдарламаларды  жасау  мен  қорғау,  ойлау  қабілетін  дамыту  жэне  іс-әрекеттің  жоғары 

зиялылық  деңгейлерін  қолданудың  басқа  амалдары  кеңінен  қолданылу  арқылы  жүзеге 

асырылуда.

Мультимедиа  кабинетінде  слайдтарды  қолдана  отырып  өткізгенген  бір  сабақтың 

үлгісін  келтірейік.  Модуль  «Қазақстан  Республикасы».  Қайталау  сабағы.  Сабақтың 

эпиграфы:  «Бізде бір ғана Отан бар.  Ол тәуелсіз Қазақстан!».

1-слайд.  Сабақтың  мақсаты:  І.Тақырып  бойынша  студенттердің  білімін  бір  жүйеге 

келтіру  жэне  казақ  тілінде  сөйлету.  2.0йлау  қабілетін  дамыту.  3.  Қазақ  тіліне  деген 

ынтасын арттыру.  4.Елін,  жерін  сүюге тэрбиелеу.  2-слайд.  Тақырыпқа қатысты лексикалық 

минимумды еске түсіру,  сөйлемдер қүрастыру.  3-слайд.  Сіз Қазақстанға келген  қонақтарды 

өз  еліңізбен  қалай  таныстырар  едіңіз?  Қазақстан  Республикасы  туралы  жалпы  мәлімет 

беріңіз.  Кластермен  жүмыс.  4-слайд.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік рәміздері.5- 

слайд.Қазақстан Республикасының Президенті. Президент жэне оның атқаратын міндеттері 

туралы  не  білесіз?  Өз  ойыңызды  ортаға  салыңыз:  Сіз  Президент  бола  аласыз  ба?  Егер  Сіз

Президент болсаңыз,..... ? 6-слайд.  Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білесіз?

Макал-мәтелдерді  пайдалана  отырып,  екеуара сұхбаттасыңыздар.  7-слайд.  Ата Заң -  алтын 

заң.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  2007  жылғы  21  мамырдағы  №  254- 

№111  Заңымен  енгізілген 

өзгертулер  мен  толықтырулар  туралы  әңгімелеп  беріңіз.  8- 

слайд.Қазақстан 

Республикасының 

саяси 


жүйесі. 

Үкімет. 


Парламент. 

9-слайд. 

Қазақстанның  болашағы  -   қазақ  тілінде.  Мемлекеттік 

тіл  -   қазақ  тілі.  «Қазақстан 

Республикасындағы  тіл  туралы»  Заңы.  Тіл  туралы  нақыл  сөздер.  10-слайд.Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтьщ  Қазақстан  халықтары  Ассамблеясының 

XII  сессиясында  сөйлеген  сөзінен.  Астана,  2006  жылғы  24  қазан.  11-слайд.  «Оқусыз  білім 

жоқ,  білімсіз  күнің  жоқ».  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесі.  Ресей 

Федерациясының  білім  беру  жүйесімен  салыстырыңыз.12-слайд.¥лттық  валюта  -   теңге. 

13-слайд.  Қазақстанның  астанасы.  Сіз  Астана  қаласында  болдыңыз  ба?  Қандай  эсер 

алдьщыз?  14-слайд.  «Жері  байдың  -   елі  бай».  Қазақстаннын  сыртқы  экономикалық 

бсйланыстары.  Сыртқы  сауда  операциялары.  Экспорттық  жеткізілімдер.  Импорттық 

тауарлар.  Негізгі  түтынушылар.  Қазақстанның  ең  ірі  жэне 

пәрменді 

шетелдік 

әріптестері.15-слайд.»Қазақстан  2030».  16-слайд.  ҚР Қарулы  Күштері.  17-слайд.  Қазақстан 



дүниежүзілік кауымдастықта.

Әдебиеттер:

1. 

І.Н.Ә.Ңазарбаев.  Қазақстан  халыктары  Ассамблеясының  XII  сессиясында  сөйлеген  сөзі. 

«Егемен  Қазакстан»,  24  казан, 2006  жыл.

2.  Букенова  Ж.  Қазақ  тілін  компьютерлік  технологиялар  аркылы  меңгерудгң  мәселелері.  «Қазак 

тілі  мен  әдебиеті»,  №6.2008 жыл.

3.  Сыдықова  М.  Акпараттық  технологиялар  аркылы  болашак  мамандарды  даярлау  мәселелері. 

«Қазақтілі  мен  эдебиеті», №12.  2006  жыл.

4.  Қурманбаева  Ш.,  Ислямова  С.  Қазақ  тілін  ересек  тіл  үйренүші  түлғаға  жеделдете  үйретүдің 

акмелингвистикалык негіздері.  «Қазак тілі мен  әдебиет»,  №3. 2008  жыл.

5.  Турлина  Б.  «Мемлекеттік  тілді  окытуда  жаңашыл  ізденістерді  қолдану  эдістері»,  №3,  2008 

жыл.

6.  Бекова  Қ.  Инновациялык  технология  -   білім  сапасын  арттыру  кепілі.  «Қазақ  тілі  мен 

әдебиеті», №3.2008  жыл.

7.  Садыкова.  Қазак эдебиеті  сабағында инновациялык тәсілдерді  жүйелі  колдану.  «Қазак тілі  мен 

әдебиеті», №3.2008  жыл.

8.  Мұратбекова А.  Іс  кағаздарын  интерактивті  эдіс  арқылы окыту.  «Қазак тілі  мен  әдебиеті»,  №2, 

2008  жыл.

9.  Қадашева  Қ  .  Жаңаша 

жаңғыртып  оқытудың  ғылыми-әдістемелік  негіздері:  өзге  тілді 

дәрісханалардагы  казак тілі:  п .г.к....  дис., А.,  2001. -  301-6.

48




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал