Студенттердің психологиялық денсаулығының даму ерекшеліктері ниетбаева Г. Б



жүктеу 75.35 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі75.35 Kb.

http://www.enu.kz

 

 



СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Ниетбаева Г. Б. 



Абай атындағы Қаз ҰПУ  

http://www.enu.kz

 

 

Қазіргі  уақытта  мемлекеттердің  білім  беру  нормаларын  ӛзара  мақұлдау,  жоғары  білім  



сапасы  мен  құрылымындағы  бірізділікке  кӛшу  ой-пікірінің  республикадағы  жоғары  білім  беру 

жүйесіне  енгізілуі  оның  сапалық    жаңа  сатыдағы  кӛтерілу  серпілісі    және  әлемдік  білім 

кеңістігімен ықпалдасуға бет бұрысы болып табылады. 

 Еліміздің  әлемдік  білім  кеңістігіне  толығынан  кірігу  білім  беру  жүйесін  халықаралық 

деңгейге кӛтеруді талап етеді. Білімді мамандардың кӛбею Қазақстанның  дамыған елдер қатарына 

енуде  маңызды  орын  алады.  Кәсіби  білімді,  батыл,  болашаққа  сенімді  жас  маман  дайындау 

жоғарғы оқу орнының талабының бірі. 

  Университет  қабырғасында,  студенттік  кезеңде  болашақ  маман  қалыптасады,  яғни, 

студенттерді  оқытудың  негізгі  мақсаты-кәсіби  білім  беру.Оқытудың  мазмұны-мақсатталған 

педагогикалық  процесс:  студенттердің  ғылыми  және  қолданбалы  білімін  кәсіби  әрекетте  іске 

асырудағы қажетті тұлғалық қасиетін, ойлау қабілетін, шығармашылығын, белсенділігін дамытып, 

оқу-танымды әрекетін ұйымдастырып, студентті ынталандыру. Жоғарғы білім адам психикасына, 

оның  жеке  басының  дамуына  үлкен  әсер  береді.  Оқу  орнында  білім  алу  кезінде  жағымды 

жағдайлар  болғанда  студенттерде  психиканың  барлық  деңгейлерінің  дамуы  ӛтеді.  Олар  адам 

саналылығының  бағыттылығын  анықтайды,  яғни,  жеке  адамның  кәсіби  бағыттылығын 

сипаттайтын ойлау қоймасы қалыптасады. 

 Студенттердің жоғарғы оқу орнында білім алу кезеңін Б.Г. Ананьев, А.В. Дмитриев, И.С. 

Кен,  В.Т.  Лисовский,  З.Ф.  Есаревтің  еңбектерінде  талданады    В.А.  Ананьвтің  пікірінше,  оқу 

орнында үлгерімді оқу үшін жалпы интеллектуалдық дамудың, соның ішінде қабылдау, елестеу, 

ес, ойлау, зейін, эрудицияланған, танымдық қызығу-шылықтардың кең аясы, белгілі бір логикалық 

операциялардың аумағын меңгеру және тағы сол сияқтылардың жеткілікті жоғары деңгейі қажет 

/1,б.22/.Осы  деңгейдің  кейбір  тӛмендеуі  оқу  әрекетіндегі  жоғарғы  мотивация  немесе  жұмысқа 

қабілеттілік, табандылық, мұқияттылық және ұқыптылықтың компенсациясы болуы мүмкін. Бірақ 

бұндай тӛмендеудің де шегі болады, мұнда компенсаторлық механизмдер кӛмектесе алмайды да 

студенттің оқудан шығарылуы да мүмкін. Жоғарғы оқу орнына келіп түскеннен бастап болашақ 

мамандарға  әлеуметтік  қабылданған  нормаларға  жағымды  қатынас,  адамның  ӛз  мүмкіндіктерін 

шынайы  бағалау  сияқты  жеке  адамға  тән  қасиеттер  дамиды.  Міне  осындай  күрделі  де  маңызды 

үдерісте,    студенттің  кәсіби  білім  алуына,   психологиялық  денсаулықтың  ауытқусыз  дамуы  әсер 

ететіні күмәнсіз. 

 Психологиялық  денсаулық  -  адамның  белсенді  ӛмір  сүруінің  негізгі  шарты  екені  анық. 

Жалпы психологиялық денсаулық сыртқы және ішкі ықпалдардың ӛзара әрекеттесуінен дамиды. 

Адамға ықпалдардың  әсер етуі  жеке түрде ӛтеді.  Сонымен қатар сыртқы ықпалдар ғана ішкісі 

арқылы ӛтіп қоймайды, ішкі ықпалдар да сыртқы әсерлерді ӛзгерте алады /2, б.45/.                                                                       

 Психологиялық денсулыққа қатысты мәселелер әр түрлі ғылым мен тәжірибе саласындағы 

кӛптеген  зерттеушілердің  назарында.  Сондықтан  да,  студенттердің  психологиялық  саулығы  мен 


http://www.enu.kz

 

 



жалпы  денсаулығына  әсер  етуші  ықпалдарды  зерттеу  қазіргі  замандағы  ӛзекті  мәселелердің  бірі 

болып табылады. Студенттердің психологиялық денсаулығына әсер етуші ықпалдарды түбегейлі 

әрі  айқын  анықтаудағы  бүгінгі  күні  орын  алып  жатқан  еңбектер  оларды  жағымды  тұрғыда 

ӛзгертудің  неғұрлым  дұрыс  жолын  анықтауға,  ықпал  етудің  қолайлы  әдістері  мен  тиімді 

технологияларын таңдап алуға, студенттердің психологиялық денсаулығына әсер етуші ересектер 

мен  жанұялардың  алуан  түрлі  дәрежелеріне  қатысты  жеке  тұрғыдан  қарауды  қамтамасыз  етуге 

кӛмектеседі.  

  Қазіргі 

психологиялық  әдебиеттерге  талдау  жасағанда  кӛптеген  зерттеушілер 

денсаулықтың психологиялық негіздерін осыған ұқсас терминдерді қолдана отырып қарастырған: 

―психикалық  денсаулық‖  Б.С.Братусь,  ―психологиялық  денсаулық‖  И.В.Дубровина,  ―тұлғалық 

денсаулық‖ 

Л.М.Митина, 

―рухани 


денсаулық‖ 

Ю.А.Кореляков, 

―жанның 

саулығы‖ 

О.И.Даниленко/3,с.34/. 

  Мәселен,  И.В.  Дубровина  «психологиялық  денсаулық»  терминін  ғылыми  лексиконға 

алғаш  енгізіп,  оны  адамның    тiршiлiк  әрекетiнiң  процессiндегi  бағалы  жұмыс  жасау  және 

дамытуын керектi шарты деп анықтайды /4,с.98/. 

   Студенттердің  психологиялық  денсаулығын  зерттеу  ӛзектілігі  студенттік  топта  емтихан 

жағдайлары,  әлеуметтік  бейімделу  кезеңдері,  болашақ  кәсіби  ортада  тұлғалық  ӛзін-ӛзі  анықтау 

қажеттілігі және т.б. сияқты  стрессогендік факторлардың болуымен анықталады. 

  Атап айтар болсақ, Т.И. Ронгинская ӛз еңбектерінде: «... бастан кешкен стресс және оның 

салдары тұлғаның психологиялық денсаулығына шын қауіп тӛндіреді. Әсіресе бұл адам ӛміріндегі 

жастық  шақтағы  және  студенттік  кезеңге  қатысты.  Бұл  кезде  тұлғалық  қорлар  шексіз  болып 

кӛрінеді,  ал  ӛзінің  денсаулығына  қатысты  оптимизм  оған  деген  қамқорлықтан  асып  түседі.  Осы 

шақтағы  жағдайларды  уайымдауға  қатты  бағдарлану  және  жоғарғы  мотивация  студенттің 

санасынан,  ұзақ  күйзелістің    салдарынан  мүмкін  болып  қалатын  қауіп-қатерді,  ығыстырып 

тастайды»- деп кӛрсеткен \5,б.173\. 

Студенттік ӛмір кӛп жағдайларда студенттік ортамен, түрлі кӛңіл кӛтеру іс-шараларымен 

байланыстырылады.  Кӛптеген  студенттер  үшін  бұл  ӛмір  жеңіл  және  алаңсыз  болып  кӛрінеді. 

Басқа біреулері үшін бұл кезең, бейімделуді қажет ететін, ӛмірдегі кезекті бір ӛзгеріс. Студенттер 

жас  және   сондықтан да жастық шаққа  тән  түрлі мәселелерді бастан  кешеді;  алайда олар  ересек 

болуы да мүмкін, онда оларға студент жасындағы  қызықты кезеңмен рахаттануға кедергі болатын 

аса  кӛп  жауапкершілік  жатады;  оларда  сабаққа  шоғырлануға  бӛгет  жасайтын  жеке  мәселелері 

болуы  ықтимал.  Қандай  жағдай  болса  да  жоғары  оқу  орнында  білім  алу  –  кӛптеген  студенттер 

үшін күйзеліс кезеңі болып табылады .  

Алғашқы курстарда студенттік ұғым пайда болады, ақыл-ой әрекетінің ұжымдастырудың 

дағды-үйреністері  қалыптасады,  таңдалған  кәсіпке  сәйкестік  сезіледі,  тұрмыстың  бос  уақыттың 

және  еңбектің  оптималды  тәртібі  жасалынады,  жеке  адамның  кәсіби  мәнді  қасиеттеріне  ӛзіндік 

тәрбиелеу мен ӛзіндік жасалулар бойынша жұмыс жүйелі түрде орнығады. 

Г.С.Никифоровтің  «Денсаулық  психологиясы»  кітабында  «Студенттік  кезең,  ӛзінің 

денсаулығына  жанашырлықпен  қарауды  жоққа  шығаратын,  ӛмір  сүру  стилінен  кӛрініс  табатын 

эмоционалдық  күйзелістердің  алуан  түрлілігімен  сипатталады»  делінген  /6,б.23/.  Яғни,  ӛз 

денсаулығының  қамын  ойлау,  әдетте,  аға  буынға  тән  болғандықтан,  жастар  оны 

«қызықтырмайтын және жалықтыратын іс», деп бағалайды. Осы арада ӛздерінің физикалық және 

психикалық ресурстарының шексіз деп ойлағандықтан, олардың  босаңсуға және демалуға деген 

қабілеттері де шектелген. Жаңа әлеуметтік ортаға белсенді ену кезеңі, құрбы-студенттер тобында 


http://www.enu.kz

 

 



қабылданып,  жоғарғы  мәртебеге  иеленуге  бағытталған  іс-әрекеттерден  байқалады.  Бұл  жерде, 

денсаулықтың  алдын  алуға  үнемі  жатпайтын,  әр  түрлі  құралдар  да  қолданылады  (никотин, 

алкоголь,  наркотиктер).  Ӛз  құрбыларының  арасынан  ӛзінің  орнын  табу  талпыныстары  кӛбінесе 

тәуекелді  мінез-құлықпен,  қалай  болса  да  ӛз  қадірін  арттыруға  деген  ұмтылыспен    байланысты 

болады.  

Күйзеліс саласындағы кӛптеген зерттеулер, алғашқысында, оның факторларын, күйзеліске 

қайтаратын  жауаптарының  ерекшеліктерін,  оны  жеңу  стратегияларын    сипаттағанда,  ойлары  бір 

жерден  шыққан  /7,б.185/.    Денсаулық  психологиясы,  адам  аса  жоғары  талаптар  жағдайында, 

психикалық жүктемелер мен артық жүктемелер үшін тӛлейтін, «баға» анықтамасына ерекше назар 

аударады.  Күмәнсіз, студенттік  топ  мұндай  жүктемелер  мен  талаптар  барлық  алуан  түрлілігімен 

кӛрінетіндерге  жатады.  Басқа  жағынан  алғанда,  дәл  осы  кезеңде  болашақ  кәсіби  маман 

қалыптасады  және  де  оның  іс-әрекеттерінің  табыстылығы  мен  жалпы  ӛмір  стиліне  әсер  ететін  

психикалық  денсаулығының  жағдайы  осылайша  жоғары  қоғамдық  мәнге  ие  болады.  Күрделі 

әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістер кезеңінде психикалық денсаулықты сақтауға қатысты тағы да 

бір  қосымша  қауіпті  ықпал  ӛзінің  барлық  күшімен  кӛрінеді  –  қоғамдағы  болашақ  маманның 

әлеуметтік және кәсіби белгісіздігі және білімі мен біліктілігінің деңгейіне сәйкес келетін жұмыс 

орнын іздеу қажеттілігі.      

Студенттердің  психологиялық  денсаулығының  келесі  маңызды  факторы  –  ӛз  іс-

әрекеттерінің  нәтижелерімен  қанағаттану  /8,б.73/.  Табыстылық  сезімі  тұлғалық  талпыныстардың 

жоғары  субъективтік  күйзелістерімен,  сонымен  қатар  қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізуге  деген 

жоғары  мүмкіндіктермен  ұқсас  келеді.  Мақсаттарын  саналы  түрде  таңдау  және  оларға  жету 

мүмкіндіктерін  дұрыс  бағалау    ӛзін-ӛзі  реттеу  үрдістерінде  аса  маңызды  болып  табылады. 

Күйзелістік  жағдай  адамның  мінез-құлқына  да  күшті  әсер  етіп,  қалыпты  жағдайларды  ауытқуға 

ұшыратады, ол бейберекет қимыл-қозғалыстар жасайды. Адамның психикалық үрдістері қабылдау 

мен ес, зейін әдеттен тыс қателіктер жібереді. Адам ашушаң, қызба болады. Күйзелісті күйлерді 

жеңу  үшін  адам  ӛзінің  бойындағы  ерік-жігерін  шыңдап,  табандылық  пен  ұстамдылығын,  ӛмір 

тәжірибесін  молайтуға  машықтануы  қажет.  Мақсаттарды  анықтау  және  оларға  қол  жеткізу 

мүмкіндігін  сезіну  стресске  тұрақтылықтың  қалыптасуына  және  стрессті  жеңудің  құрылымдық 

стратегияларын іздеуге ықпал етеді.  

Ӛз  ісінің  тиімділігінің  тӛмендігіне  сену  жүктеме  жағдайында  когнитивтік  үрдістердің 

бұзылуына әкелуі мүмкін, мысалы, емтихан кезінде есте сақтау қабілеті мен ойлаудың тежелуі. Ӛз 

істері  тиімділігінің  перцепциясы  ойлау,  мотивациялық  және  эмоционалдық  үрдістердің  жүруіне 

әсер етеді, яғни стрессті жеңудің маңызды реттеуші механизміне айналады.   

Әр  түрлі  жағдайлардағы  ӛз  іс-әрекеттерінің  тиімділігін  бағалау,  жағдайдың  мазмұнынан 

қатты тәуелділіктің болатындығын және тұрақты тұлғалық қырлардың  болмашы әсерін кӛрсетті. 

Тұлғаның белсенділігі бір жағдайдан келесі жағдайға дейін ӛзгеріп отырады және оның тұрақты 

қасиеттерімен  аса  анықталмайды.  Ӛз  іс-әрекеттерінің  тиімділігі  тұжырымдамасын  күтулер 

теориясымен  салыстыра  келе,  ӛз  әрекеттерінің  тиімділігі  ӛз  мінез-құлқының  салдарына 

байланысты,  әсіресе  субъектінің  ӛзіне  тәуелді  емес  немесе  жартылай  тәуелді  күтулермен  үнемі 

сәйкес  келе  бермейтіндігі  туралы  болжамдарды  айқын  кӛрсеткен  жӛн  /9,б.153/.Тиімділік  пен 

күтулер  ұғымдарының  арасындағы  айырмашылықтар  келесіде:  біріншісі,  субъектінің  жағдайға 

шамасы  жететіндей  қылып  сипаттайды,  екіншісі  -    жағдайды  шешкендігі  үшін  сыйақы,  деп 

санайтын оның болжамдарын сипаттайды.         

Аталған  стратегиялардың  ішінен  әлеуметтіксүйемелдеуді  іздеу  ерекше  орынға  ие,  себебі 

ол  стресстік  жағдайдың  талдауын  жеке  деңгейден,  тұлғаның  басқа  адамдармен  ӛзара 

әрекеттестігінің  ауқымды  кӛлемін  қамтитын,  жалпы  жағдай  контекстіне  аударады.  Бұл 



http://www.enu.kz

 

 



Лазаруспен,  Фолькманмен    ұсынылған  күйзеліс  мәселелеріне  когнитивтік  кӛзқарас  тәсіліне 

толығымен  сәйкес  келеді  /10,б.87/.  Әлеуметтік  сүйемелдеуді  жалпыланған  түрде,  тұлғаға  қиын 

жағдайларда  қоршаған  ортамен  кӛрсетілетін    кез  келген  кӛмекті  анықтауға  болады.  Бұған 

алдымен,  күрделі жағдайлар,  стресстік  жағдайлар,  ауыспалы  ӛмірлік  оқиғалар  және  т.б.  жатады. 

Әлеуметтік сүйемелдеу негзгі үш элементтерден тұрады:  

1.

 



Эмоционалдық қолдау: ӛзара түсіністік, эмпатия, жағымды жәрдем. 

2.

 



Мәселелерді  шешудегі  кӛмек:  тікелей:  біреу  үшін  жұмыс  атқару;  жанама:  мәселелерді 

шешудегі  кӛмек,  мәселені  бірлесіп  талдау,  екінші  жақтың  қалауы  бойынша  және  қажет 

болған жағдайда кеңестер мен ақпарат беру. 

3.

 



Нақты  тұлғалар  тарапынан  қауіпсіздік  сезімін  кепілдік  ететін,  индивидтің  белсенділігін 

ынталандыратын,  қиын  жағдайларды  бастан  кешуден  кӛңілін  аударуға  мүмкіндік  беретін 

әлеуметтік қолдау //. 

Жақын адамдар тарапынан кӛрсетілетін әлеуметтік сүйемелдеу әр түрлі формаларда болуы 

мүмкін:  кеңес,  қажетті  ақпарат,  эмоционалдық  бірге  мазасыздану,  әңгімелесу,  бірлескен  іс-

әрекеттер.  Ұғымның  ӛз  анықтамасынан  шығатын  болсақ,  сүйемелдеу  дегеніміз  ӛзара  кӛмекті 

білдіреді,  яғни  ӛзіне  бірлескен  іс-әрекетті  қамтиды.  Сүйемелдеудің  кӛптеген  түрлері  туралы 

айтуға  болады:  ресми  және  бейресми.  Біріншісі,  студенттік  іс-әрекетті  қамтамасыз  етуге 

бағытталған,  бірқатар  шараларды  болжайды:  кітапхана,  шәкіртақысы,  тәлімгерлер  және  т.б. 

Кӛптеген батыс университеттерінде студенттерге арналып арнайы ашылған кеңес беру пунктілері 

бар. Олар студенттерге студенттік ӛмірді ұйымдастыруға байланысты мәселелерді шешуге кӛмек 

кӛрсетеді.  Стресс  және  психикалық  денсаулық  тӛңірегіндегі  мәселелер  жиынтығында  алдыңғы 

қатарға сүйемелдеудің екінші түрі шығады  – бейресми әлеуметтік сүйемелдеу. Мұнда, алдымен, 

студенттердің ӛз жағынан жасалатын, сонымен қатар оқытушылар тарапынан кӛрсетілетін қолдау 

жатады.    

Қоршаған ортасы тарапынан болатын әлеуметтік қолдауды сезінудің орташа деңгейі назар 

аудартады.  Мұны  бірінші  курс  студенттерінің  білім  ортасындағы  жаңа  іс-әрекеттерге 

бейімделуінің  бастапқы  кезеңінің  мазмұнымен  түсіндіруге  болады.  Бұл  кезеңде  студенттің  жаңа 

әлеуметтік рӛлі, ӛзін және айналысындағыларды әлеуметтік жаңа орта элементтері ретінде сезінуі 

қалыптаса  бастайды.  Ӛзінің  осы  ортаға  жататынын  мойындауының  осы  кезеңде  пайда  болуы, 

ортаға  теңесуі  оған  аса  сенімділікпен  қарауын,  болып жатқан  оқиғаға қатынасуын  немесе  ықпал 

етуін, оқиғалардың дамуы тұлға күтілімдеріне сай келеді деп сенуді қажет етеді. 

 Студенттің  әлеуметтік  –  психологиялық  бейімделу  сипаты  ерекше  назар  аудартады. 

Қоғамда  студент  ең  алдымен  әлеуметтік  жүйенің  органикалық  түйіні.  Екіншіден  студенттің 

ерекшелігі, мінезі, дүниетанымы, қоғамның мақсат талабына сай келеді.  

Студенттің    тұлғасының  ішкі  дүниесіне,  сезіміне,  уайымына  педагогтың  назар  аударуы 

психологиялық  жайлылықты  туғызады.  Білім  беру  процесінің  тұлғаға  бағытталуы,  студенттің 

бойында денсаулыққа деген түрткі мен ӛрістеуді қалыптастырады /11,б.176/. 

Студенттің  тұлғалық  ерекшеліктерін  байқап,  ескеру  негізінде  олардың  психологиялық 

денсаулығын жақсарту үшін, оқытушы, әр-бір нақты жағдайда психология-педагогикалық әсердің 

талаптарын, іріктеп қолдануы қажет. 

•  Студенттермен  әңгіме  жүргізу.  Емтихан  алдында  ӛз-ӛзіне  сенімсіздіктен,  алаңдаудан, 

мазасызданудан айрылуға бағытталған әңгіме

•  Кӛтермелеу.  Студенттердің  еңсесін  кӛтеру.  Алаңдау,  қорқыныш  сезімі  студенттің  ӛз 

мүмкіншілігін толық кӛрсетуге кедергі етеді. Ойлау қабілеті мен есте сақтау процесін бәсеңдетеді

•   Ӛзін-ӛзі бағалау деңгейі кӛтеріңкі студенттермен  әңгіме; 



http://www.enu.kz

 

 



•    Бірінші  курс  студенттеріне  білім  алудың  бастапқы  кезеңінде,  оқуға  барлық  жігерімен, 

зейінін шоғырландыруды үйрету; 

•   Енжарлы, селқосты студенттермен жұмыс

•   Сессия кезеңінде бӛгде істермен: қызығушылық пен әуестерден бас тартуға кеңес беру. 

Сонымен  қатар,  ескеретін  жайт,  студенттерді  ұдайы  бақылап  тексеру,  олардың  білім 

алуына қызығушылығын, ізденуші, белсенділік, шығармашылық қасиеттерін тӛмендетуі мүмкін. 

Сондықтан,  шығармашылық,  топтық  әрекеттер  білім  алу  процесіне  студенттерді 

қатыстырып,  олардың  бойында  сәттілік,  жетістік  сезімін  арттырады.  Ұстаз,  ӛз  әрекетімен 

психотерапевтілік элементін енгізеді. 

Студенттік  күйзелістің  себептерін  зерттеу  барысында  олардың  бірі  болып  студенттік 

ортаға  ойдағыдай  сай  болмауы,  оны  бӛтен  деп,  кейде  тіпті  жау  ретінде  қабылдауы  табылады. 

Мұны әсіресе, мектеп талаптарынан ӛзгеше, жаңа ережелерге алғаш рет тап болған, бірінші курс 

студенттерінен байқауға болады. Бірінші курс студентіне тән жасқаншақтықтыжаңа ӛмір салтына 

бейімделуі  үрдісін  басынан  ӛткізіп  жатқан,  үйі  мен  жанұясынан  алыстап  кеткен,  басқа  жақтан 

келген  студенттерден  аңғарылады.  Мұндай  жағымсыз  құбылысты  жеңуде  жоғары  оқу  орнының 

психологиялық  қызметі  оқу  үрдісін  ұйымдастыруға  жәрдем  беріп,  әр  түрлі  кеңестер  ӛткізіп, 

кӛмектеседі.  

Жоғарғы оқу орнындағы білім алу кезінде студенттерге жағымды жағдай әсер еткен кезде, 

яғни  әлеуметтік-психологиялық  бейімделуі  қалыпты  денгейде  ӛтсе,  ол  психиканың  барлық 

деңгейлерінің  одан  ары  жақсы  дамуына  жағдай  жасайтыны  анық.  Олардың  ӛзі  тұлғаның  кәсіби 

бағыттылығын сипаттайтын ойлауды қалыптастырады. Сонымен қатар адамның ӛмірін қызықпен, 

әсемдікпен  қамтамасыз  ететін  эмоционалдық  жағдай  студенттің  оқу  стилі  мен  оқу  үлгеріміне, 

курстастары,  сонымен  қатар  ұстаздарымен  ӛзара  қарым-қатынасына  мәнді  әсерін  тигізеді. 

Студенттің  оқу  орнына  оптималды  бейімділігін  қамтамасыз  ететін  тактика  мен  жоспарларды 

жасау  үшін  бірінші  курс  студенттерінің  ӛмірлік  жоспарлары  мен  қызығушылықтарын,  басым 

мотивтерінің  жүйесін,  тартымдылық  деңгейін,  ӛзін  бағалауын,  мінез-құлқын  саналы  реттеу 

қабілетін білу маңызды.  

Қорыта  айтқанда,  аталмыш  психологиялық  күйлерді  дер  кезінде  қалыпты  жағдайға 

түсірмесе  студенттер  нашақорлыққа,  маскүнемдікке,  күйзеліске  және  т.б.  жағымсыз  жағдайға 

ұшыруы мүмкін. 

Сонымен,  студенттердің  психологиялық  денсаулығының  дамуының  ерекшеліктірін 

қарастыра отырып, студенттердің кәсіби білім алуда ӛздеріне сенімді, белсенді, құзіретті болашақ 

маман болып дамуында, жоғарғы оқу орнының психологиялық қызметінің кӛмегі, сӛзсіз, маңызды 

орын алады. 

 

Әдебиет 

1.

 



Ананьев В.А. Практикум по психологии здоровья. - Санкт-Петербург. 2007 

2.

 



Ломов Б.Ф. Методологические и теоретические проблемы   психологии.-М.,1984 

3.

 



Васильева  О.С.,  Филатов  Ф.  Психическое  здоровье  как  интегративная  характеристика 

личности. Сб. Психол. Вест. Вып. 3. РГУ, 1998 

4.

 

Психическое здоровье детей и подростков / Под ред. И.В.Дубровина. М.: Акадпроект, 2000 



5.

 

Ронгинская  Т.И.  Профилактика  стресса  в  студенческой  среде//  «Ананьевские  чтения-



2001».СПб.,2001 

http://www.enu.kz

 

 



6.

 

Психология здоровья / Под ред. Г.С. Никифорова.- СПБ.,2003 



7.

 

Абдулина, O.A. Личность студента в процессе профессиональной подготовки  



// О. А. Абдулина // Высшее образование в России. — 1993. 

8.

 



Столяренко Л.Д. Основы психологии. — Р /наД.: Феникс, 1997 

9.

 



Ананьев  Б.Г.  К  психофизиологии  студенческого  возраста /  Современные  психолого-

педагогические  проблемы  высшей  школы /  Под  ред.  Б.Г. Ананьева,  Н.В. Кузьминой. — 

Вып. 2. — Л.: ЛГУ, 1974 

10.


 

Лазарус  Р.  Теория  стресса  и  психофизиологические  исследования  //  Эмоциональный  стресс: 

физиологические и психологические реакции / Под ред. Л. Леви,  

В. Н. Мясищева. Л., 1970 

11.


 

Кон И. С. Психология ранней юности. М.: Просвещение, 1989 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал