Студенттердің ОҚУ-Əдістемелік кешені



жүктеу 0.85 Mb.

бет3/8
Дата29.03.2017
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес

қосқандығын куəландыратын жəне басқару ісіне қатысуға құқық беретін,

сондай-ақ иесіне табыс əкелетін бағалы  қағаз.

Дивидент төлеу тəсілінің айырмашылығына байланысты жай жəне

артықшылықты акцияларға бөледі. Жай акция, оның иесіне акционерлік

қоғамының табысына байланысты табыс əкеледі жəне қоғамды басқару ісіне

немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал, артықшылықты акция,

иесіне қоғамның табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді,

бірақ басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жинылысына қатысуға құқық

бермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артықшылығы - қоғам

борыштық тұрақсыздыққа ұшыраған жағдайда мүлікті жай акция иесінен

бұрын алуға мүмкіндік беруі.



20

Акциялар шығару формасына қарай да ажыратылады: құжатты

(сертификатпен) түрде жəне құжатсыз (шоттағы бухгалтерлік жазулар

арқылы).


Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын

куəландыратын жəне эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық құны)

мен пайызды қайтарып беру туралы міндетемесін растайтын бағалы  қазаз.

Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылыған қарай екі

түрге бөлінеді:

-

Купондық  облигация -  инвестор-банкке  пайыз  мөлшерлемесі

формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс əкелетін түрі;

-

Дисконттық 



облигация

- инвестор-банктің 

облигацияны

шығарушыдан  номиналдық  құнынан  төменгі  бағада  сатып  алып, оны  өзінің

құнымен қайта сату арысындағы айырма түрінде банкке табыс əкелетін түрі.

Мысалғы, облигацияның ағымдағы бағасы 100 теңге, купон мөлшерлемесі

– 10

%, онда облигацияның ағымдағы табысы төмендегідей  түрде есептеуге



болады.

Купон/баға * 100

= 10/100*100 = 10%

Егер облигация бағасы өсіп, 150 теңгені құраса, онда ағымдағы табыс:

10/150*100

= 6.66%


Мемлекеттік  бағалы  қағаздардың  эмитенттеріне ҚР  Ұлттық  банкі, Үкімет

жəне жергілікті басқару органдары жатады.

Корпоративтік  бағалы  қағаздарды  корпорациялар, акционерлік  қоғамдар,

жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктер  жəне  өзге  кəсіпорындар  мен  ұйымдар

шығарады.

Корпоративтік  бағалы  қағаздарға  мыналар  жатады:  акциялар;



облигациялар; ипотекалық  куəліктер; фьючерс  жəне  опцион; депозитарлық

қолхаттар.

Депозиттік жəне жинақ сертификаттарын банктердің өздері шығарады жəне

оған инвестиция жұмсайды.

Банктік  сертификаттар  бағалы  қағаз  болып  табылатындықтан, олар

инвесторлар  тартуға  мүмкіндік  береді. Шетел  тəжірибесінде  банктік

сертификаттар  мемлекеттің  бағалы  қағаздарынан  кейін  тұрақтылығы  мен

өтімділігі жағынан екінші орынды алады.

Ипотекалық  куəліктер – бұл  ипотекалық  несиенің  қамтамасыз  беру

барысында кепілге алынған жылжымайтын мүлік құнымен қамтамасыз етілген,

яғни базалық активі жылжымайтын мүлік туынды бағалы  қағаз.

Қазақстанда мұндай бағалы  қағаздарды Қазақстан Ипотекалық команиясы

екінші  деңгейдегі  банктермен  бірлесіп  шығарып  отыр. Банктер  мұндай

қағаздарды  сатып  алуға  ынталы, себебі  олар  өтімді  жəне  тұрақты, сондайақ

табысты бағалы  қағаздар түріне жатады.

Депозитарлық 

қолхат – депозитар 

банкте 

сақталған 



шетел

компанияларының акцияларына шығарылған туынды бағалы  қағаз.

Мұндай  бағалы  қағаз  сертификат  немес  құжатсыз  формада  айналысқа

шығарылады.

Шетел тəжірибесінде екі депозитарлық қолхат кеңінен қолданылады:


21

1. АДР – американдық  депозитарлық  қолқат, яғни  тек  америка  қор

нарығына айналысқа жіберілген.

2. ГДР - ғаламдық  депозитарлық  қолқат, онымен  Еуропа  қор  нарығында

жəне өзге елдерде операциялар жүзеге асыруға болады.

Туынды  бағалы  қағаздар –  құны базалық активтің құнына  тəуелді  болып

келетін екінші реттегі бағалы  қағаздар.

Банктердің  туынды  бағалы  қағаздармен  операцияларына  фьючерс  жəне

опционмен жасалатын операцияларды жатқызуға болады.

Фьючерс  – мəмілеге қатысушы тараптардың келісім-шарт жасаған уақытта

бекіткен  бағасы  бойынша  алдағы  уақытта  немесе  белгілі  бір  мерзімнен  кейін

биржалық  активті  сатып  алу-сату  туралы  стандартты  биржалық  контрактіні

білдіреді. Мұнда  биржалық  активке  бағалы  қағаздар, соның  ішінде  акциялар

жатады.


Опцион – сатушының  белгілеген  күнінде  немесе  одан  бұрын  базалық

активті сатып алуға (сатуға) құқық алатын немесе сыйақы төлеп қана мəміленің

орындалуынан бас тартуға құқылы, біреуі осы котрактінің иесі (немесе  сатып

алушысы) болып табылатын екі қатысушысының арасында жасалатын келісім-

шарт.

Опционның  екі  түрі  болады: опцион “колл” жəне  опцион “пут”. Опцион



“колл”  бағалы  қағазды сатып алуға құқық берсе, ал, опцион “пут” оны сатуға

құқық береді.

Бағалы  қағаздармен  жасалатын  операцияларда  делдал  ретінде  бола

отырып, банктер клиенттердің тапсырмалары бойынша оларды сату, қайта сату,

сақтау, есепке  алу, басқару  жəне  табыстарын  алу  сияқты  операцияларды

орындайды.



Ұсынылатын əдебиеттер:

Негізгі  1[9-12]; 8 [15-19]; 14 [16-25]; қосымша 18[26-45]; 19[12-20]; 25[10-

26].


Бақылау сұрақтары:

1. Бағалы  қағаздар  турлері қандай?

2. Мемлекеттік бағалы  қағаздар  қызметі қандай?

3. Акция дегеніміз не?

4. Облигация дегеніміз не?

5. Фьючерс дегеніміз не?



3-дəріс. Бағалы  қағаздар нарығы

Бағалы  қағаздар  нарығы- бұл  бағалы  қағаздарды  сату  мен  сатып  алу

жəне  инвесторлардан  эмитенттерге  берілуі  жүзеге  асатын  несие  капиталы

нарығының бөлігі. Бағалы  қағаздар нарығының көптеген түрлері бар. Алғашқы

нарық, екінші  нарық, ұйымдастырылған  нарық  (биржалық) немесе

ұйымдастырылмаған (биржадан тыс нарық) нарық болып бөлінеді.

1996 жылдың  аяқталу  кезінде  Қазақстан  бағалы  қағаздар  нарығында

өзара  бəсекелесуші  алғашқы  құралған – Орталық  Азия  жəне  Қазақстан  қор

биржаларынан  тендерде  жеңуінің  нəтижесінде  қазірде  нарыққа  бір  ғана –

Қазақстан қор биржасы қызмет көрсетуде.



22

Бағалы  қағаздар  нарығын  мемлекеттік  реттеу  қатынастарының

құрылымы мен тəртібін анықтайтын бірсыпыра заңдар қабылданды.

- 2000 жылы 18 –қаңтарда «ҚР сақтандыру қызметі туралы»

- 2003 жылы 13-мамырда «Акционерлік қоғамдар туралы»

- 2003 жылы 2-шілдеде бағалы  қағаздар нарығы туралы

- 2003 жылы 4-шілдеде «Қаржы  нарығы  мен  қаржылық  ұйымдарды

мемлекеттік реттеу жəне қадағалау туралы»

- 2004 жылы 6- шілдеде  «ҚР  кредиттік  бюролар  жəне  кредиттік

тарихты қалыптастыру туралы»

- 2004 жылы 6-шілдеде «Инвестициялық қорлар туралы»

2003 жылы 13-мамырында  қабылданған «Акционерлік  қоғам  туралы » жаңа

заңын  бұрынғы 1998 ж 10-шілдедегі «Акционерлік қоғам  туралы» қолданыста

болған өзгешеліктер енгізілді

 Қорыта  айтқанда 11 тарауы 90-бабының 1-тармағында «Осы  заң  қолданысқа

енгізгенге дейін құрылған қоғамдарОсы заң қолданысқа енгізген күннен бастап

екі  жыл  ішінде  өздерінің  құрылтай  құжаттарына  тиісті  өзгерістер  енгізуге

міндетті » жəне екінші тармағында «Осы талаптарды орындамағандар қоғамдар

белгіленген  иерзім  аяқталған  күннен  бастап 1- жылдан  кешіктірмей  қоғамды

қайта ұйымдастыруды жүргізуге немесе оны таратуға міндетті» делінген.

Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық  қатынастарға сай өзгерту тек оны

жекеменшіктендіру  арқылы  ғана  жүзеге  асады.ҚР-сында  жекеменшіктендіру

бағалы  қағаздардың бір түрі- жекеменшіктендіру чектерін (купондарын) өмірге

келтірді. Жəне  ірі, орта  кəсіпорындарды  жекеменшіктендіру  оларды

акционерлік қрғам ретінде қайта құрудан басталды.

Алғашқы  қадамда, кіші  жекешелендіру-  сауда ,тұрмыстық  қызмет

көрсету  сияқты  салалардағы  кəсіпорындарды  аукцион  арқылы  сатумен

жүргізілді.

Орта  кəсіпорындар  мен  ірі  кəсіпорындарды  акционерлік  қоғам  ретінде

қайта  құру  жаппай  жекешелендіру  сатысында  жекешелендірудің  купондық

технологиясы негізінде іске асты.

 Үшінші  сатыда  жекелеген  жобалар –басқару  құқығын  тікелей  беру

немесе жартылай беру  бағытымен жүргізілді.

Қазақстан  Республикасының  жоспарлы  экономикадан  түбегейлі  жаңа,

нарықтық  тетіктер  реттейтін  экономикаға  өтуі  елімізде  қаржы  нарығын  жəне

оның  қызметін  қамтамасыз  ететін  институттарды  құруды  талап  етті. Қаржы

нарығы  бұл  мемлекеттің  барлық  ақша  қорларының  жиынтығы. Жалпы  қаржы

нарығы  бір-бірімен  тығыз  байланысты  жəне  бір-бірін  толықтыратын,

əрқайсысы  өз  алдына  қызмет  жасайтын  нарықтардан  тұранды. Олар  ақша

нарығы, қарыз  капиталы  нарығы, бағалы  қағаздар  нарығы. Бағалы  қағаздар

нарығы  қазіргі  кезде  мемлекеттердегі  бюджет  тапшылығын  толтырудың  ақша

шығарылмай, инфляциясыз қаржыландыру тəсілі болып отыр.

Бағалы  қағаздар  нарығы – нрақытың  қатысушыларының  арасындағы

бағалы  қағаздарды  шығару, орналасаттыру  жəне  қайта  сатумен  байланысты

экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.


23

Бағалы  қағаздар нырығының құрылымына алғашқы нарық жəне қайталамы

нарық жатады. Алғашқы нарық бұл бағалы  қағаздарды алғашқы шығару жəне

орналастырумен бйаланасты шаралар жиынтығын қамтыса, ал қайталама нарық

бұл оларды қайта сату немесе əрі қрай айналдыру қатынастырын сипаттайды.

Бағалы  қағаздар нарығының құрылымы ішінара бағалы  қағаздар түрлеріне

қарай мынадай түрге бөлінеді:

- акциялар нарығы;

- облигациялар нарығы;

- опциондар нарығы;

- фьючерстер нарығы;

- депозиттік қолхаттар нарығы;

Өндіріс  процесінде  бизнес  ортасындағы  өнеркəсіптерде  тауар  тұтынуы  жəне

үлесуі жəне кейбір аймақтарда уақытша еркін қаржылы қаражат пайда болады.

Сол  кезде  басқа  кəсіпорындар  қаржылы  қаражаттары  жетіспеушілікті  бастан

кешіреді. Соның  нəтижесінде  қаржылы  нарық  пайда  болады, ол  жерде  тауар

жəне  қызметтін  қозғалуына  қарамастан  ақшалай  қозғалу  өздігінен  болып

отырады. Ақшалай қаражаттын меншік иесі бұл жерде сатушы ретінде болады,

ал мұқтаждық адам – сатып алушы ретінде.

БҚН  көптеген  жеткізушілер  капиталының  қаржылы  қаражатын

қатыстыру  мүмкіндігімен, банкты  кредитерден  ұзақ  мерзімге  үлкен

суммаларды жинаумен сипатталады, кейде шектелмеген уақытта да. Егер акция

шығаруы  туралы  сөз  болса, олай болса  БҚН қаржылы  нарықтың негізгі бөлігі

болып келеді.

Бағалы  қағаздардың  бар  болуының  қажеттілігі  тауарлы  жəне  ақшалай

қарым-қатынасымен, əр  экономикада  ережеге  сай  хатталатын, қарыз бойынша

міндеттерді  жəне  құқықты  кепілдейтін  қарызды  міндеттердің  пайда  болуымен

түсіндіріледі. Бұл  БҚ  несиелі  жəне  қаржылы  мекеме  операциялар  өсім  алушы

инструменттері болып келеді.

БҚН  немесе  олардың  экономикадағы  айналымы (шығарылуы, үндеулуі,

өтуі) нарықтық шаруашылығының жүйесін де өте маңызды роль атқарады. БҚН

байланысты көптеген тауарлар жəне қызмет өндірушілері кəдімгі ақшада қажет

болғандықтан осы ақшаны эмиссияларды жүзеге асыру жолмен жəне өздерінің

бағалы  қағаздарын  сатумен  өз  қолдарына  алады; еркін  ақшалары  бар  заңгер

жəне  кəдімгі  адамдар  қазіргі  кезге  қажет  емес  ақшаны  капиталға

айналдырулары мүмкін. БҚН мемлекеттік өндірісті жекешелендіру құралының

бірі болып қызмет көрсетеді.

ҚР қаржылы нарығы болу өте қиын шарттарда бола алады. Анықталатын

фактор, оның  дамуына  өте  маңызды  əсер  ететін  ол  құнсыздану  процесінің

жоғарғы  типтері  жəне  сонымен  бірге  несиелі  ресурстар  бағасы  болып  келеді.

Қазіргі кезде ҚР арзан қысқа мерзімді несиелер жоқ.

Функцияланатын  коммерциялық  банктер  несиелері  тек  тиімді

қамтамасызданумен  жəне  жоғарғы  пацызбен  ғана  болады. Айналмалы

қаражаттың  жетіспеушілігі  көптеген  кəсіпорындарын  осы  несиеге  əкеліп

соғады. Негізгі фондтарды құруға жəне модернизациялауға керек ұзақ мерзімді

несиелер  тек  қана  периодты  қайта  қарастырылып  отыратын  ставка  пайызы



24

бойынша несие түрінде ғана алуға болады. Сонымен бірге республикада соңғы

95 жылдары  қасқа  мерзімді  жобаларды  қаржыландыру  үшін  пайызды  жалпы

несиелі ресурстар бағытталған.

БҚН  шартты  түрде  екіге  бөлуге  болатын  көптеген  функциялары  бар:

толық  нарық  функциясы, ол  əр  кəдімгі  нарыққа  негізделген  жəне  өзіндік

функция, ол оны басқа нарықтардан ерекшелейді.

Толық нарық функциясына келесілер жатады:

1. Коммерциялық  функция  немесе  берілген  нарықтағы  операциядан

табыстарды алу функциялары.

2. Бағалы  функция  немесе  нарық  нарықтың  бағалы  қ  қосу  процесін  жəне

олардың əрқашанғы қозғалысын жəне т.б. қамтамасыз етеді.

3. Информациялы  функция  немесе  сауданың  объектілері  туралы  жəне

олардың  қатысулары  туралы  нарықтың  информацияны  өздерінің

қатысушыларына жеткізетін жəне жүргізетін нарық.

4. Реттеуші  нарық  немесе  нарық  сауда  ережесін  жəне  қатысушылар

арасындағы  мəселені  шешетін  сайысқа  сыйлықты  құрастырады,

приоритеттерді  жəне  мүше  контролін  немесе  басқаруды  да  жəне  т.б.

орнатады.

Бағалы  қағаздар  нарығындағы  өзіндік  функцияға  келесілерді  жатқызуға

болады:

· Бағалы  жəне қаржылы қауіптерді сақтандыру функциясы



· Салалар  жəне  нарықтық  қызмет  орталары  арасындағы  ақшалай

қаражат қайта бөлісуі

· Жинау  қорын  ауыстыру, біріншіден  өндірілмейтіннен  өндірілетін

форма аймағынан бастастап

· Құнсыздану  емес  негізіндегі  мемлекеттік  бюджет  дефицитін

қаржыландыру  немесе  қосымша  ақшалай  қаражаттың  үндеулуін

шығарусыз

 Бағалы  жəне  қаржылы  қауіп  сақтандыру  функциясы  немесе  хеджирлеу,

өндірісті  бағалы  қағаздар  классының, фьючерлі  жəне  акционды  контрактар

класстарының  пайда  болуымен  жүзеге  асырылды. БҚН  капиталдың  ұдайы

өндіріс процесіне қызмет көрсетеді.

  Бірінші – бағалы  қағаздардың  бірінші  шығарылуының  роналастыруын

жүзеге  асыратын  нарық. Негізгі  оның  қатысушылары  эмитенттер  жəне

инвесторлар. Эмитенттер  негізгі  жəне  айнымалы  капиталды  инвестициялау

үшін  қаржылы  ресурстарда  қажет, фондты  нарықта  бағалы  қағаздар

ұсыныстарды  анықтайды. Инвесторлар  өздерінің  капиталдарын  қолданатын

тиімді  орта  іздейді  жəне  бағалы  қағаздарға  ұсыныстарды  реттейді. Бірінші

нарықта  уақытша  еркін  қаражатының  мобилизациясы  жəне  оларды

экономикаға  инвестирлеуі  жүзеге  асырылады. Осы  жерде  еркін  ақшалай

қаражатын салалар жəне ұлттық экономика ортасымен үлестірімі болады. Еркін

ақшалай  қаражаттар  максимальды  табысты  қамтамасыз  ететін  шаруашылық

салалар  жəне  орта  кəсіп  орындарына  бағытталады, немесе  бірінші  БҚН

нарықтық экономика регуляторы  болып келеді. Ол қаладағы  инвестиция  жəне

қор  мөлшерін, ұлттық  экономиканың  типтерін, масштабтарын  жəне



25

эффективтілігін анықтайды. Сонымен бірге эмитенттер ретінде корпорациялар,

федеральды  үкімет, мунипалицистер  бола  алады. Бағалы  қағаздар  сатып

алушылары  жекеше  жəне  институциялы  инвесторлар  бола  алады. Қалалар

дамуындағы  БҚН  институциялы  инвесторлар  коммерциялы  банктарды,

зейнетақы фондтарын, сақтандыру коммерцияларын, инвестициялы фондтарды

жəне т.б. ала алады.

  Бірінші нарықта бағалы  қағаздардың орналасу 2 формада болады:

1.

Инвесторға тікелей аудару жолмен



2.

Делдал арқылы

Дамыған  қалалар  нарығының  артықшылықтары – Б.Қ. делдалдар  арқылы

орналастыруы, олардың  ролін  инвеситициялы  банктар  орындайды. Эмитент

компания  жеке  инвестициялы  банк  арасындағы  өзара  қарым-қатынас

эмиссионды  келісім  негізінде  болады. Инвестициялы  банктар  жəне

компаниялар – эмитенттер  капитал  суммасынан  бастап  жəне  мерзіммен  жəне

БҚ орналастыру мүмкіндігімен аяқтап эмиссиялы шартты анықтай алады.

БҚ орналастыру формасына байланыс емес жаңа шығарылымға дайындық

өзіне келесі этаптарды құрайды:

1. Осы үкімет мүшелеріне арналған арнайы уəкелдік шығаруды тіркеу.

2. Суыту  периоды. Осы  период  ішінде  өтініштерді  тексеру  жүргізіледі.

Оның эмитентті шығаруды маңызды бағалау үшін беретін информациялы

алдын ала эмиссия проспектер публикациясы үшін қолданылады.

Осы  проспект  арқылы  потенциалды  инвесторлар  берілген  қағаздардың

қызыққандары туралы эмитенттке хатты исібере алады.

3. Эмиссия  алдындағы  жиналыс  этабы, ол  жерде  тіркеу  туралы  өтініштер

шығарылады  жəне  ақырғы  эмиссия  проспектті  анықталады. Егер

шығаруды делдал арқылы енгізген онда соңғы контракт шартты эмитент

жəне банк арасында болды.

2.   Жаңа шығаруын іске асыру периоды.

Ұсынылатын əдебиеттер:

Негізгі 2,3,4, [5;17], 2 [4;12], [6;18].



Бақылау сұрақтары:

1. ҚР  мемлекеттік  мүлік  жекешелендіру  жəне  мемлекет  иелігіне  алу  қалай

өткізіледі?

2. Бағалы  қағаздар  нарығының  мəні  қаржыны  нарықтың  бір  бөлігі  негізі

ретінде қалай?

3. Бағалы  қағаздар  нарығының  тапсырмалары  жəне  функциялары, негізгі

түсініктер жəне мақсаттары?

4. БҚ нарығының тапсырмалары жəне функциялары?

5. Қағаздар нарығының негізгі заңдары?

4- дəріс.Бағалы  қағаздар нарығын реттеу

Бағалы  қағаздар нарығын реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-

əрекетін  жəне  олардың  арасындағы  операцияларды  тəртəпке  келтіруге

бағытталған  қоғам  өкілетінің  қызметі. Нарыққа  қатысушылардың  іс-əрекетін

екі  жақты – ішкі  жəне  сыртқы  реттеуге  болады. Ішкі  реттеу  деген  осы


26

ұйымның, оның  бөлімшелері  мен  қызметкерлерінің  өз  қызметінде  ұйымның

жарғысын, ережелерін  жəне  т.б. іс-əрекетін  айқындайтын  ішкі  номативтік

құжат  талаптарын  орындауы. Сыртқы  реттеу  деген  осы  ұйымның  өз

қызметінде  мемлекеттің, басқа  да  ұйымдардың, халықаралық  келісімдердің

нормативтік актілерін орындауы.

Кез келген бағалы  қағаздар нарығын тікелей немесе жанама түрде сауда-

саттыққа  барлық  қатысушылардың – эмитенттердің, инвесторлардың, кəсіби

делдалдардың, нарық  инфрақұрылымы  ұйымдарының  қызметін  тəртіпке

келтіретін уəкілетті органдар реттеп отырады. Реттеудің түрлері:

- мемлекеттік реттеу

- нарықтың өзін-өзі реттеуі

- қоғамдық реттеу.

Əлемдік  тəжірибеде  бағалы  қағаздар  нарығын  мемлекеттік  реттеу  екі

түрлі  жолмен  жүргізіледі: мемлекеттік  органдар  уəкілі  қатысуымен  тікелей

араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.



Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:

- бағалы  қағаздар  нарығы  мəселелері  жөнінде  заң  шығаратын  өкілетті

органдардың жұмысы;

- осы  мəселелер  бойынша  атқарушы  үкімет  органдарының  қаулылары

мен бұйрықтары;

- бағалы  қағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе

ескілерін өзгертетін басқа  да  мемлекеттік органдардың  іс-шаралары. Негізінен

бұл  бағалы  қағаздар  нарығына  қатысушыларға  лицензия  беру, бағалы

қағаздардың  кейбір  түрлерінің  айналысына  шен  қою  немесе  оны  тоқтату,

бағалы  қағаздарды тіркеу жəне с.с. жұмыстар.



Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:

- несие  үшін  процент  мөлшерін  өзгерту  арқылы  айналымдағы  ақша

массасын жəне несие көлемін мемлекеттік бақылау;

- мемлекеттің салық саясаты;

- депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;

- қарыз  капиталы  нарығына  мемлекеттің  араласуы (қазынашылық

облигацияларды, вексельдерді, орта  жəне  ұзақ  мерзімді  бағалы  қағаздарды,

мемлекеттік органдардың міндеттемелерін жəне с.с. шығару) арқылы мемлекет

пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бəсекенің тууы;

- мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы мен алтын

операцияларын, экспорт  шараларын  ынталандыру  жəне  с.с. жұмыстарды

реттеу);


- мемлекеттің  сыртқы  экономикалық (саяси  байланыстарды  ұлғайту

немесе шектеу жəне с.с.) іс-шаралары.

Бағалы  қағаздар  нарығын  реттеу  мемлекеттік  органдарға, не  арнаулы

ұйымға (бағалы  қағаздар  жөніндегі  комиссияға), не  қаржы  министрлігіне, не

мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі.

Реттеуші  органдар  инвесторлардың  қаржысын  қорғауға  бағытталған

негізінен үш қызмет атқарады.


27

Біріншіден,  нарықта  шаруашылық  субъектілері  қызмет  істейтін  барлық

бағалы  қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы  қағаздарға

тікелей  қатысы  бар  қызметтерді тіркеу.  Тіркеуден  өтетін  барлық  кандидаттар

қаржы  жөнінен  белгілі  бір  талаптарға  сай  болуы  қажет, яғни  олардың  керекті

мөлшерде (минимум) өз  капиталы  болған  жөн. Инвесторлардың  мүддесін

қорғау  мақсатында, əдетте, тіркеуші  органдар  тіркеуден  өткізбеу  құқығын

алады.

Екіншіден,  экономиканың  барлық  субъектілерін  нақты хабарлармен

қамтамасыз  ету.  Ол  əдетте, бағалы  қағаздарды  шығару  мен  оны  шығарулар

туралы  анық  та  толық  хабар  беретін  эмиссия  проспектін  шығарумен  жүзеге

асырылады. Оған  алдын  ала  белгілі  бір  адамдар ғана  біліп  жəне тек солардың

арасында  орналастыратын  жеке  бағалы  қағаздар  қосылмайды. Одан  басқа

эмитенттер  бұқаралық  ақпарат  беттерінде  үнемі  қаржы  есебін, фирманың

басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.



Үшіншіден,  институционалдық  органдар  бағалы  қағаздар  нарығын

тексеру  жəне  ондағы құқық  тəртібін  сақтау  қызметімен  де  айналысады. Бұл

органдардың  өкілі  заң  бұзушылардың  кез  келгенін  тексеріп, кінəлілірге

əкімшілік  шара  қолданып, істерін  сотқа  беруге  құқығы  бар. Ол  үшін  оларға,

мысалы, бағалы  қағаздарға  жəне  ақша  қаражатына  тыйым  салуға (арест),

құжаттарын алуға жəне с.с. үлкен өкілеттілік берілген.

Реттеу  органдары- қазіргі  кезде  бағалы  қағаздар  нарығын  реттеумен

өкілетті  орган- Қаржы  нарығы  мен  қаржылық  ұйымдарды  мемлекеттік  реттеу

жəне  қадағалау  Агенттігі  болып  табылады, өзін-өзі  реттеуші  ұйымдарға 1996

жылдан құрылған Қазақстан қор биржасы мен 1999 жылы құрылған Активтерді

басқару ассоциациясы жатады.

Бағалы  қағаздар  нарығын  реттеудің  мақсаты – бағалы  қағаздармен

келісімге  келушілердің  заңды  мүдделері  мен  құқығын  сақтауды  қамтамасыз

ету. Өзін -өзі  реттеуші  ұйымдар- ол  бағалы  қағаздар  нарығының  кəсіби

қатысушыларының  нарықтың  кейбір  іс-əрекетін  реттеу  мақсатында  ерікті

негізде  ұйымдастырылған  коммерциялық  емес  одақ  түріндк  құрылған

құрылымдар. Өзін-өзі реттеуші ұйымдар өз шығынынын өзі  өтейтін қағидамен

қызмет  көрсетеді. Оның  қаржысы  мүшелерінің  төлеген  жарнасынан, əр  түрлі

төлемдерден, мүліктерді  пайдаланғаннан  түскен  түсімнен, көрсеткен

ақпараттық, кеңес  беру  жəне  басқа  да  алған  қаражаттардан  тұрады. Əлемде

қаржы нарығында  өзін-өзі реттейтін ұйымдардың бірнеше түрлері бар;

-Халықаралық  ұйымдар (мысалы  халықаралық  қор  биржалары

ұйымдары).

-Ұлттық  ұйымдар, мемлекеттердегі  қаржы  нарығының  кəсіби

мамандарының мүддесін қорғайтын ұйымдар.

-Аймақтық ұйымдар

Өзін -өзі реттеуші  ұйымдардың негізгі қызметі;

-бағалы  қағаздармен жүргізілген операциялдардың жалпы ережелері мен

стандартын дайындау

-кəсіби қатысушылардың жəне клиенттердің мүддесін қорғау,



28

-кəсіби  қатысушылар  тиімді  қызмет  етуі  үшін  жағдай  жасау  тағы  сол

сияқтылар.

Қазақстандағы алғашқы құрылған өзін-өзі реттеуші ұйым- Қазақстан қор

биржысы. 1998 жылы өзін-өзі реттеуші ұйым ретінде тіркеушілердің Қазақстан

реестрұстаушыларының  Ассоциациясы  құрылды. Ал 1999 жылы  Активтерді

басқару ассациациясы құрылды.

Бағалы  қағаздар нарығын реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-

əрекетін  жəне  олардың  арасындағы  операцияларды  тəртəпке  келтіруге

бағытталған  қоғам  өкілетінің  қызметі. Нарыққа  қатысушылардың  іс-əрекетін

екі  жақты – ішкі  жəне  сыртқы  реттеуге  болады. Ішкі  реттеу  деген  осы

ұйымның, оның  бөлімшелері  мен  қызметкерлерінің  өз  қызметінде  ұйымның

жарғысын, ережелерін  жəне  т.б. іс-əрекетін  айқындайтын  ішкі  номативтік

құжат  талаптарын  орындауы. Сыртқы  реттеу  деген  осы  ұйымның  өз

қызметінде  мемлекеттің, басқа  да  ұйымдардың, халықаралық  келісімдердің

нормативтік актілерін орындауы.

Кез келген бағалы  қағаздар нарығын тікелей немесе жанама түрде сауда-

саттыққа  барлық  қатысушылардың – эмитенттердің, инвесторлардың, кəсіби

делдалдардың, нарық  инфрақұрылымы  ұйымдарының  қызметін  тəртіпке

келтіретін уəкілетті органдар реттеп отырады. Реттеудің түрлері:

- мемлекеттік реттеу

- нарықтың өзін-өзі реттеуі

- қоғамдық реттеу.

Əлемдік  тəжірибеде  бағалы  қағаздар  нарығын  мемлекеттік  реттеу  екі

түрлі  жолмен  жүргізіледі: мемлекеттік  органдар  уəкілі  қатысуымен  тікелей

араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.



Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:

- бағалы  қағаздар  нарығы  мəселелері  жөнінде  заң  шығаратын  өкілетті

органдардың жұмысы;

- осы  мəселелер  бойынша  атқарушы  үкімет  органдарының  қаулылары

мен бұйрықтары;

- бағалы  қағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе

ескілерін өзгертетін басқа  да  мемлекеттік органдардың  іс-шаралары. Негізінен

бұл  бағалы  қағаздар  нарығына  қатысушыларға  лицензия  беру, бағалы

қағаздардың  кейбір  түрлерінің  айналысына  шен  қою  немесе  оны  тоқтату,

бағалы  қағаздарды тіркеу жəне с.с. жұмыстар.



Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:

- несие  үшін  процент  мөлшерін  өзгерту  арқылы  айналымдағы  ақша

массасын жəне несие көлемін мемлекеттік бақылау;

- мемлекеттің салық саясаты;

- депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;

- қарыз  капиталы  нарығына  мемлекеттің  араласуы (қазынашылық

облигацияларды, вексельдерді, орта  жəне  ұзақ  мерзімді  бағалы  қағаздарды,

мемлекеттік органдардың міндеттемелерін жəне с.с. шығару) арқылы мемлекет

пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бəсекенің тууы;


29

- мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы мен алтын

операцияларын, экспорт  шараларын  ынталандыру  жəне  с.с. жұмыстарды

реттеу);


- мемлекеттің  сыртқы  экономикалық (саяси  байланыстарды  ұлғайту

немесе шектеу жəне с.с.) іс-шаралары.

Бағалы  қағаздар  нарығын  реттеу  мемлекеттік  органдарға, не  арнаулы

ұйымға (бағалы  қағаздар  жөніндегі  комиссияға), не  қаржы  министрлігіне, не

мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі.

Реттеуші  органдар  инвесторлардың  қаржысын  қорғауға  бағытталған

негізінен үш қызмет атқарады.

Біріншіден,  нарықта  шаруашылық  субъектілері  қызмет  істейтін  барлық

бағалы  қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы  қағаздарға

тікелей  қатысы  бар  қызметтерді тіркеу.  Тіркеуден  өтетін  барлық  кандидаттар

қаржы  жөнінен  белгілі  бір  талаптарға  сай  болуы  қажет, яғни  олардың  керекті

мөлшерде (минимум) өз  капиталы  болған  жөн. Инвесторлардың  мүддесін

қорғау  мақсатында, əдетте, тіркеуші  органдар  тіркеуден  өткізбеу  құқығын

алады.

Екіншіден,  экономиканың  барлық  субъектілерін  нақты хабарлармен

қамтамасыз  ету.  Ол  əдетте, бағалы  қағаздарды  шығару  мен  оны  шығарулар

туралы  анық  та  толық  хабар  беретін  эмиссия  проспектін  шығарумен  жүзеге

асырылады. Оған  алдын  ала  белгілі  бір  адамдар ғана  біліп  жəне тек солардың

арасында  орналастыратын  жеке  бағалы  қағаздар  қосылмайды. Одан  басқа

эмитенттер  бұқаралық  ақпарат  беттерінде  үнемі  қаржы  есебін, фирманың

басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.



Үшіншіден,  институционалдық  органдар  бағалы  қағаздар  нарығын

тексеру  жəне  ондағы құқық  тəртібін  сақтау  қызметімен  де  айналысады. Бұл

органдардың  өкілі  заң  бұзушылардың  кез  келгенін  тексеріп, кінəлілірге

əкімшілік  шара  қолданып, істерін  сотқа  беруге  құқығы  бар. Ол  үшін  оларға,

мысалы, бағалы  қағаздарға  жəне  ақша  қаражатына  тыйым  салуға (арест),

құжаттарын алуға жəне с.с. үлкен өкілеттілік берілген.

Реттеу  органдары- қазіргі  кезде  бағалы  қағаздар  нарығын  реттеумен

өкілетті  орган- Қаржы  нарығы  мен  қаржылық  ұйымдарды  мемлекеттік  реттеу

жəне  қадағалау  Агенттігі  болып  табылады, өзін-өзі  реттеуші  ұйымдарға 1996

жылдан құрылған Қазақстан қор биржасы мен 1999 жылы құрылған Активтерді

басқару ассоциациясы жатады.

Бағалы  қағаздар  нарығын  реттеудің  мақсаты – бағалы  қағаздармен

келісімге  келушілердің  заңды  мүдделері  мен  құқығын  сақтауды  қамтамасыз

ету. Өзін -өзі  реттеуші  ұйымдар- ол  бағалы  қағаздар  нарығының  кəсіби

қатысушыларының  нарықтың  кейбір  іс-əрекетін  реттеу  мақсатында  ерікті

негізде  ұйымдастырылған  коммерциялық  емес  одақ  түріндк  құрылған

құрылымдар. Өзін-өзі реттеуші ұйымдар өз шығынынын өзі  өтейтін қағидамен

қызмет  көрсетеді. Оның  қаржысы  мүшелерінің  төлеген  жарнасынан, əр  түрлі

төлемдерден, мүліктерді  пайдаланғаннан  түскен  түсімнен, көрсеткен

ақпараттық, кеңес  беру  жəне  басқа  да  алған  қаражаттардан  тұрады. Əлемде

қаржы нарығында  өзін-өзі реттейтін ұйымдардың бірнеше түрлері бар;


30

-Халықаралық  ұйымдар (мысалы  халықаралық  қор  биржалары

ұйымдары).

-Ұлттық  ұйымдар, мемлекеттердегі  қаржы  нарығының  кəсіби

мамандарының мүддесін қорғайтын ұйымдар.

-Аймақтық ұйымдар

Өзін -өзі реттеуші  ұйымдардың негізгі қызметі;

-бағалы  қағаздармен жүргізілген операциялдардың жалпы ережелері мен

стандартын дайындау

-кəсіби қатысушылардың жəне клиенттердің мүддесін қорғау,

-кəсіби  қатысушылар  тиімді  қызмет  етуі  үшін  жағдай  жасау  тағы  сол

сияқтылар.

Қазақстандағы алғашқы құрылған өзін-өзі реттеуші ұйым- Қазақстан қор

биржысы. 1998 жылы өзін-өзі реттеуші ұйым ретінде тіркеушілердің Қазақстан

реестрұстаушыларының  Ассоциациясы  құрылды. Ал 1999 жылы  Активтерді

басқару ассациациясы құрылды.



Ұсынылатын əдебиеттер:

Негізгі 2,3,4, [5;17], 2 [4;12], [6;18].



Бақылау сұрақтары:

1.Бағалы  қағаздар нарығының реттеу механизімінің түсінігі.

2. Бағалы  қағаздар нарығының реттеудің әдістері.

3.Бағалы  қағаздар нарығын реттеу органдары.

4.Өзін-өзі  реттейтін  ұйымдар; мәртебесі, мүдделері, негізгі  қызметі,

құқықтары, саясаты.



5- дəріс. Бағалы  қағаздары нарығындағы кəсіби қызмет

БҚН басқа  нарық сияқты  сұраныс  жəне  ұсыныс кездесетін жəне бағалар

анықталатын  сату  жəне  сатып  алу  бойынша  экономикалық  қарым-қатынас

жүйесін  өзінде  құрайды. Нарық  көлемі  эмитенттер  жəне  инвесторлар

мамандандырылған  дəрежесі  бойынша  тікелей  байланысты  немесе  бағалы

қағаздар тауарының сатып алушылары жəне сатушылары.

БҚН – Экономикалық  процестер  нарығында  болып  жатқан  көптегеннің

регуляторы. Бұл  негізінен  капиталды  инвестирлеу  процесіне  жатады. Капитал

миграциясы  оның  қажетті  қосымша  жерлеріне  ереже  ретінде  жəне  оның

артылғанына арналған жердегі капиталдың үш салаларына жылыстауы болады.

Бұл механизм қозғаласы мəлім: қандай-да бір тауарға сұраныс өссе, соған

байланысты олардың бағалары да өседі, олардың өнімінен табыс өссе, онда осы

салаларға  еркін  капиталдар  алдындағы  өндірістік  салаларынан  кемиді, ол

өнімдерге  сұраныс  төмендейді  жəне  олар  өз  эффектілігімен  экономды  бола

бастайды. Бағалы  қағаздар  осы  механизмнің  жұмысын  қамтамасыз  етуші

қаражат  болады. Олар  уақытша  еркін  капиталды  абсорбилейді (бір  нəрсені

жұту  абсорбациясы) немесе «аккумулирлейді», қайда  болмаса  да  жəне  сату –

сатып алу арқылы оны қажетті бағытта алып қоюына болады.

Қор  биржаларының  қатысушылары  сатушылар, сатып  алушылар

(тұтынушылар), делдалдар (қор финанс брокері немесе моклер, дилер).



31

Брокер – бұл  делдал, тапсырмамен  келісімге  келуші  жəне  клиент

шотынан  өз  жұмысы  үшін  комиссион  алушы, яғни  келісім  саласынан  келісім

түріндегі пайыз силық..

Бөлек жағдайларда брокер еңбек ақыны да алады. Делдал табысы сатып алушы

жəне  сатушы  бағасынан  айырмашылық  түрінде  алынған  сома  болуы  мүмкін.

Брокер клиенттерімен келісілетін келісімдер негізінде жұмыс жасайды (келісім

шарт, келісім).

Дилер – делдал (физикалық  немесе  заңгерлік  бет  өз  бетінен, өз  шот

атынан  жəне  өз  үрейіне  тəуекел  бағалы  қағаз  дарды  қайта  сатумен

шұғылданады. Дилер  табысы  сатып  алу  мен  сату  арасындағы  құндардан

жиналады.

Инвстициялық  институт – шаруашылық  субъекті  немесе  физикалық  бет,

ол бағалы  қағаз дар мен операцияларды жүзеге асырады.

Инвстициялық  институтқа  қаржы  делдалы (брокер), инвестициялық

кеңесші, инвестициялық компания, инвестициялық қор жатады.

Инвестициялық  кеңесшіден  басқа  инвестициялық  институттардың  өз

қызметіне тиісті лицензиясы болуы керек. Инвестициялық институттар ерекше

сияқты  яғни  оның  басқа  қызмет  түрлерімен  бірлесуіне  рұқсат  ететін  өз

қызметін бағалы  қағаз  базарында жүзеге асырады.

Қаржы брокері бұл – шынжыр қағаздарын немесе валютаны ал сатайн/ын

акредиттелген  агент (тіркелген, өкілеттілігі  бар). Ол  келісімді  тапсырыс

бойынша  клиенттің  есеп  шоты  арқылы  отырғызада. Брокер  ретінде

шаруашылық субъект немесе азамат бола алады.

Бағалы  қағаздар нарығының қатысушыларына маналар жатады:

- Эмитенттер;

- Инвесторлар;

- Брокерлер;

- Брокерлік конторалар;

- Дилерлер;

- Маклерлер;

- Қор биржасы;

- Мемлекеттік ұйымдар;

- Кəсіби қатысушылар.

ҚР екінші деңгейдегі банктер бағалы  қағаздар нарығында мынадай кəсіби

қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- брокер қызметі,

- дилер қызметі;

- депозитарий қызметі;

- кастодиандық қызмет;

- тізілім жүргізуші немесе тіркеуші қызметі;

-  бағалы  қағаздарды басқару.

Брокер  қызметі – кленттің  тапсырмасы  бойынша  жəне  оның  есебінен

бағалы  қағаздармен операциялар жүргізу.

Дилер  қызметі - өзінің  атынан  жəне  өзінің  есебінен  бағалы  қағаздармен

сауда-саттық операцияларын жүзеге асыру.



32

Депозитарий қызметі – бағалы  қағаздардың иелерін құқықтарын есепке алу

жəне  растауға, бағалы  қағаздармен  мəміле  жасауда  техникалық  жағынан

қамтамасыз етумен  байланысты банктердің қызметі.

Кастодиан  қызметі – бағалы  қағаздарды  сақтаумен  жəне  олармен

жасалатын мəмілеге бақылау жасаумен байланысты банктердің қызметі.

Бұл  аталған  кəсіби  қызмет  түрлерін  жүзеге  асыруға  банктердің  арнайы

лицензиясы болуы тиіс.

Қазақстанда  брокер-дилер  қызметіне  кешенді  лицензия  беріледі. Оның  екі

түрі бар:

-

1-санатты  брокер-дилер  қызметіне  арналған, яғни  номиналды



ұстаушылар ретінде клиенттердің шотын жүргізуге арналған;

-

2-санатты  брокер-дилер  қызметіне  арналған, яғни  клиенттердің



шотын жүргізуге құқық бермейтін.

 Сонымен  қатар, банктер  бағалы   қағаздармен  андеррайтинг  қызметін

жүзеге  асырады. Андеррайтинг  қызметі – эмитентпен  келесім-шарт  негізінде

жаңа шығарылған бағалы  қағаздарды орналастыруға байланысты брокер-дилер

қызметін сипаттайды

Бағалы  қағаздар  бизнесіндегі андеррайтинг – бұл  бағалы  қағаздарды

сатудан  ешқандай  да  төменгі  ақшалай  қаражаттың  келіп  түспейтіндегі  туралы

эмитентке кепілдік беруді білдіреді.



Ұсынылатын əдебиеттер:

Негізгі: [ 4. 39-48, 5 . 38-47, 6. 41-54 бет],

Қосымша: [ 5. 3-11 бет]

Бақылау сұрақтары

1.

Бағалы  қағаздар нарығы дегеніміз не



?

2.

Мемлекеттік бағалы  қағаздарға нелер жатады?



3.

Мемлекеттік емес бағалы  қағаздарға не жатады

?

4.

Бағалы  қағаздар нарығындағы кəсіби қызмет түрлеріне не жатады?



6-дəрiс.  Қор биржасының қызметі

Биржа  оның  құрылтайшылары  еркімен  және  қызмет  ету  мерзімі

шектеусіз құрылады. Биржаны құрушылардың міндеттері;

-Биржаның ішкі нормативті құжаттарын дайындау,

-биржалық сауданы ұйымдастыру үшін қажетті мүліктерді қалыптастыру,

-биржаның  ұйымдық-құқықтық  формасына  сәйкес  көлемде  жарғылық

капитал жинақтау,

-биржа мүшелерін таңдау,

-биржаны тіркеуден өткізу,

-биржалық сауданы ұйымдастыруға лицензия алу,

-биржа  мұшелерінің  жиналысын  өткізу. Биржаның  мүшелерінің  саны

шектеулі, ол  жарғалық  қордың  көлеміне  және  бір  акцияның  көрсетілген

құнына, сондай-ақ жарғы бойынша бір мүшенің қанша акция иеленуге құқығы

барлығына байланысты.

Биржаның  жоғарғы  басқару  органы-акционерлер  жиналысы, ал  биржа

жұмысын атқаружәне бақылау биржалық кеңеске жүктеледі. Қор биржасының



33

ағымдағы  қызметін  басқару- басқармаға  жүктеледі. Қаржылық-шаруашылық

қызметке  бақылауды- тексеру  комиссиясы  жүргізеді. Атқарушы  органдардың

бірі- арбитраждық комиссия- мәмілеге қатысушылар арасындағы мәселелердің

дәл шешілуін бақылайды. Листинг бөлімі акционерлік компанияларды  листинг

тізіміне енгізуге бағалы  қағаздарының сенімділігін арттыру мақсатында талдау

жұмысын жүргізеді.

Биржадан  басқа  сауданы  ұйымдастыратын, оның  үздіксіз  қызметін

қамтамасыз  етіп  отыратын  биржалық  инфрақұрылым  қажет. Оған:

депозитарийлер, тіркеушілер, клирингтік  палаталар, ақпараттық  агенттіктер

жəне биржалық қойма жатады.

Депозитарий – ол  бағалы  қағаздар  нарығының  қаржы  құралдарымен

мəмілелерді  тіркеуді, депоненттердің  қаржы  құралдары  бойынша  құқықтарын

есепке алу мен растауды, оларды сақтауды, сондай-ақ тиісті лицензиясы болған

кезде  бағалы  қағаздарды  ұстаушылар  тізімін  жүргізуді  жүщеге  асыратын

кəсіби ұатысушы құқықтық тұлға, ұйым.

Тіркеуші – бағалы  қағаздар  нарығының  бағалы  қағаздарды

ұстаушылардың  тізімін  қалыптастыруды, сақтауды  жəне  жүргізуді  жүзеге

асыратын кəсіби қатысушы.

Есеп  айырысу – клирингтік  ұйым – ол  елдің  орталық  банкі  берген

лицензиясы бойынша қор биржаларында барлық есеп айырысу операцияларын

орындайтын  заңды  тұлға. Бұлардан  басқа  ақпарттық-талдау, сауда  жəне

брокерлік, əкімшілік-қаржылық, қауыіпсіздік бөлімдері де бар.

Мəні  бойынша  қор  биржасы  рыноктағы  онын  алмастырылмайтын  қаржы

делдалы  болып  табылады. Қаржы  құралдарының  негізгі  массасы  қордағы

айналымда  болды. Ол  ресурстардың  қаржы  рыногының  бір  субъектісінен

екіншісіне қарай қозғалуына делдалдық етеді.

ҚР-ның ”Бағалы  қағаздар рыногы туралы” Заңға сəйкес қор биржасы – бұл

қызметі  өзінің  шығынын  өзі  өтеу  принципіне  негізделетін  бағалы  қағаздар

рыногының  кəсіби  қатысушыларымен  акционерлік  қоғам  нысанда  құрылатын

өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым.

Өз  қызметінде  қор  биржасы  ҚР-ның  мемлекеттік  органдарына  тəуелді

емес, ал  оның  қызметі  ерекше  жəне  қызметтің  басқа  кез  келген  түрлерімен

үйлеспейді. Ол басқа биржалардың  қызметтерін орындамайды жəне өз қызмет

лицензия  негізінде  жүзеге  асырылады. Қор  биржасы  бағалы  қағаздармен

операцияларды  жүргізуге  қызмет  көрсететін  қосымша  құрылымдық

бөлімшелер, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктер құруға құқылы.

Ұйымдастырушылық  тұрғыдан  қор  биржасы  белгілі  бір  функцияларды

орындайды:

· Бағалы  қағаздар  мен  мəмілелерді  жүзеге  асыру  үшін  өз  клиенттеріне

арнайы жабдықталған сауда-саттық алаңдарын беру;

· Бағалы  қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастыру;

· Бағалы  қағаздар катеровкасын жүзеге асыру;

· Өз  мүшелеріне  ұйымдастырушылық, ақпараттық, кеңестік  қызметтер

көрсету;


34

· Өздерінің аналитикалық зерттеулерін жүргізу;

· Құқықтық қатынас субъектілерінің арасында клиринг жүргізу;

Экономикалық  тұрғыдан  қор  биржасы  келесідей  функцияларды

орындайды:

· Баға  қалыптастырушылық-биржа  экономикалық  негізделген  бағаларды

белгілеуге мүмкіндік береді.

· Баға болжаушылық жəне ақпараттық аналитикалық-биржа қандай да бір

шекте  сұраныс  пен  ұсыныстың  дамуының  мүмкін  тенденцияларын  анықтау

жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.

· Тəуекелдерді сақтандыру - бұл тек мерзімді биржалық мəмілелерге тəн

қызметтер.

  Кез  келген  заңды  тұлға  секілді  қор  биржасы  өз  клиенттері  алдында

белгілі  бір  жауапкершілік  көтереді. Ол  бағалы  қағаздар  рыногының

субъектісінің  келтірілген  залалдың  орнын  толтыруға  міндетті, жəне  өз

қызметтерін  тиісінше орындамаған, биржалық сауда-саттықтың ережелері мен

заңдарын  бұзған  немесе  коммерциялық  құпияны  жариялағаны  үшін  жауап

береді.


ҚР-да  бүгінгі  таңда  тек  бір  ғана  қор  биржасы  бар. Ол-Евроазиаттық  қор

биржасы  федерациясының (FEAS) мүшесі  жəне  халықаралық  қор  биржасы

федерациясының  (FJBV) корреспонденттік  мүшесі  болып  табылатын

қазақстандық  қор  биржасы. Техникалық  прогеске  қор  биржасының  ұдайы

жетілдірілуіне  қарамастан  қор  биржасының, биржалық  сауда-саттықтың

жұмысын ұйымдастыру өзгеріссіз қалады.

1997 жылдың  басына  қарай  Қазақстанда 3 қор  биржасы  болды: Орталық

азиялық қор биржасы, Қазақстандық қор  биржасы,  Банкаралық  Қазақстандық

қор  биржасы, 1996 жылдың  желтоқсанында  үлгілік  қор  биржасын  таңдау

бойынша жарияланған тендерде жеңімпаз деп Қазақстанның қор биржасы мен

БҚҚБ-н біріктіріп, соңғысының қызметін тоқтату шешімі танылды.

1998 жылдың  жазында  Қазақстанның  қор  биржасы  Қазақстандағы

биржалық рыноктың баға белгілеу ұйымын құру проблемасын шешкен тікелей

баға  белгілеу  əдісі  бойынша  листингілік  емес  бағалы  қағаздармен  мəмілелер

жасауға арналған сауда жүйесін қолданысқа жіберуді жүзеге асырды.

“Бағалы  қағаздар  рыногы  туралы” ҚР  Заңына  сəйкес  қор  биржасында

орны  бар  жəне  осы  қор  биржасының  листингісіне  қосылған  бағалы

қағаздардың  сауда-саттығына  қатысатын  кəсіби  қатысушылар  ғана  қор

биржасының  мүшелері  бола  алады. Қор  биржасының  арасында  ҚР-ң  бағалы

қағаздар  рыногының  кəсіби  қатысушысы  мəртебесі  бар  шетелдік  заңды

тұлғалар да бар оннан кем емес мүшесі болуы тиіс. Биржа мүшелігіне қабылдау

туралы  шешім  биржалық  кеңеспен  қабылданады. Қазақстандық  қор

биржасының  Ережесі (KASE)  биржа  мүшелерінің  санаттарын, оларға

қойылатын  талаптар, биржа  мүшелігіне  қабылдау  тəртібі, мүшелікті  тоқтата

тұру  жəне  тоқтату, сондай-ақ  қор  мүшелерінің  құқықтары  мен  міндеттері

анықталады.



35

“С” санаты  бойынша  биржа  мүшелігіне  кіретін  мүшелерді  қоспағанда

қаржы рыноктарында кəсіби қызметті жүзеге асыру құқығына ие, ҚР-ң шегінен

тыс заңды тұлғалар ретінде тіркелген ұйымдар да қор биржасының мүшесі бола

алады.

KASE мүшелері  сауда-саттықтарын  қор  биржасының  мүшесі  қатыса



алатын  қаржы  құралдарының  түрлеріне  байланысты  келесідей  санаттарға

бөледі:




1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал